Білім беруді қамтамасыз етудің қаржылық тетігі және оны дамыту


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Қаржы және есеп кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Қаржы және есеп кафедрасының

меңгерушісі, э. ғ. к. Адиетова Э. М.

«» 20жыл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Білім беруді қамтамасыз етудің қаржылық тетігі және оны дамыту»

Қаржы пәні

Орындаған: Нұрлан А. Н.

5В050900-Қаржы мамандығының 3-курс 311-топ студенті

Ғылыми жетекші: э. ғ. магистрі,

аға оқытушы Дарискалиева М. С.

Атырау, 2016

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

Ι ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК . . . 6

1. 1 Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы. Білім беру мекемелерінің типтері мен түрлері . . . 6

1. 2 Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері . . . 9

1. 3 Кадрларды кәсіби дайындау және жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа қадамы . . . 12

ΙΙ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ . . . 14

2. 1 Білім беру мекемелерін ұстауға байланысты бюджет ақшасының есептік көрсеткіштері мен жоспарлау тәртібі . . . 14

2. 2 Білім беру мекемелеріндегі қызметкерлерге еңбекақы төлеу ерекшеліктері. 12 жылдық білім беру жүйесі . . . 16

2. 3 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы . . . 18

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасынжетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбиемен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

Білім беру жүйесінің басты міндеттері - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады. Оқу-ағарту жұмысы Қазақстанда ерте заманнан басталған. Әсіресе, отырықшы аудандарда орта ғасырлардың өзінде-ақ (7 - 8 ғ-лар) көптеген мектептер мен медреселер (мұсылмандық бастауыш оқу орындары), діни білім беретін жоғары оқу орындары жұмыс істеген. Атақты Әбу Наср әл-Фараби Отырар медресесінде, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмед Иүгінеки, Қожа Ахмет Иасауи, т. б. ұлы ойшылдар діни медреселерде оқып, білім алған. 18 - 19 ғ-ларда мұндай медреселер Қазақстанның барлық аймағында ашыла бастады. 19 ғ-дың 2-жартысында Білім беру ісі үш түрлі бағытта дамыды:

1) қадим мектептері - мұсылмандық дәстүрлі діни мектептер;

2) орыс-қазақ мектептері;

3) жәдит мектептері - әр түрлі ғылым салаларын оқытатын жаңашыл бағыттағы мұсылмандық мектептер.

Қазақстанда 19 ғ-дың 50 - 60-жылдарында діни білім беретін 84 оқу орны болды. Бұл оқу орындары ислам дінін уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерінің молдаларын, қазиларды, сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауазымды діни қызметкерлерді даярлады. Сондай-ақ, халыққа әдебиет, мәдениет, оқу-ағарту мәселелерінен де дәріс беретін мәдени-насихат орталығы рөлін атқарды. Мұндағы мұғалімдердің көпшілігі Мысыр, Бағдад, Стамбұл және Қазан, Орынбор, Уфақалаларында оқып, тәрбие алған молдалар болған. Медреселерде оқу мерзімі 4 жыл болып, оған балаларды 7 жастан бастап қабылдаған. Ауылдық жерлердегі мектептер қазақтың көшпелі өміріне бейімделіп, оқу күз, қыс айларында жүргізілді.

Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен тұрды: 1 кезең - жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар) ; 2 кезең - жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998 жылдар) ; 3 кезең - білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар) ; 4 кезең - жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең) .

Зерттеу пәні - Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі, оның даму мәселелері және мемлекеттік бағдарламалар.

Зерттеу объектілері - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі.

Зерттеу тақырыбының мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың мақсаты - білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамытуын теориялық және әдістемелік жағынан зерттеу, оны басқару үшін негізделген ұсыныстар жасау болып табылады. Қойылған мақсаттарға сәйкес төмендегі міндеттерді шешу көзделеді:

  • Білім беру жүйесі қызмет етуінің негізгі принциптерін зерттеу;
  • Білім беруге қатысты мемлекеттік бағдарламаларды талдау.

Қазақ жерінде орыс-қазақ мектептерін ұйымдастырушы миссионерлердің түпкі мақсаты Ресей үкіметіне қызмет ететін кеңсе қызметкерлерін даярлау болатын. Бұл мектептер Ресей үкіметінің шығыс халықтарын орыстандыру саясатының құралы болды. Патша үкіметі Қазақстанда 19 ғ-дың 2-жартысында ашыла бастаған орыс-қазақ мектептерінің алдына “бұратана” халықты ана тілінен, дінінен айыру міндетін қойды. Ресей миссионерлері болса, үкіметтен қазақ арасындағы татар молдаларын Білім беру ісінен алшақтатуды талап етті. Сондай-ақ, олар “ислам дінінің ықпалынан мектеп оқулықтарын қорғау”, араб әліпбиін орыс графикасына ауыстыру, т. б. мәселелермен айналысты. Мысалы, Қазан қаласындағы Діни академияның (1842) “Аудармашылар комитеті” (1847) православие шіркеуінің 307 діни кітабын шығыс халықтарының тіліне аударып, бастырып шығарды (қ. Миссионерлік) . Қазақстандағы Б. б. жүйесінің жолға қойылуына, жалпыға бірдей Білім беру саласының дамуына Ы. Алтынсарин зор еңбек сіңірді. Ол мектептердің бірыңғай жүйесін жасап, оны халықтық принциптің негізінде құрды (қ. Алтынсарин мектептері) . Бұл жүйе Білім беру саласына 19 ғ-дың 80-жылдарынан бастап енгізілді. Алтынсариннің орыс-қазақ мектептерінің миссионерлік саясаттан тысқары болуы жөніндегі талабы үкімет орындары тарапынан ескерілмеді. Оның басшылығымен 1889 ж. Орынборда қазақ мұғалімдер мектебі ашылып, ол орыс-қазақ мектептеріне мұғалімдер даярлайтын орталыққа айналды (қ. Орынбор мұғалімдер семинариясы) . Мұғалімдер семинариясы 1903 ж. Семейде, 1913 ж. Ақтөбе, Верный, Орал қалаларында да құрылды. 19 ғ-дың аяғында Қазақстандағы Білім беру саласында жәдит мектептері маңызды рөл атқарды. Онда дінді, оның тарихын ғана оқытып қоймай, тарих, логика, шешендік өнер негіздері, география, философия, математика, астрономия, медицина, т. б. пәндер оқытылды. Оқу мерзімі әрбір шәкірттің алғырлығына, үлгерім қабілетіне байланысты өзгеріп отырды. Оқуды бітірген шәкірттерге ресми құжат табыс етілді. Жәдитшілдік бағытындағы ағартушылар өз кезіндегі Білім беру ісіне елеулі еңбек сіңірді.

Қамқорлық жөніндегі Кеңестің негізгі міндеттері - қамқорлыққа алынған территория тұрғындарының саяси, экон. және әлеум. прогресіне, оның білім беру саласында ілгерілеуіне, оның өзін-өзі басқаруға немесе тәуелсіздікке жету бағытында прогрессивті дамуына жәрдемдесу (БҰҰ Жарғысы, 76-бап) болып табылады.

Халықаралық Сот мемл-тер арасындағы даулы мәселелерді шешетін, сондай-ақ БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған мекемелерінің құқық мәселелері бойынша консультативті ұйғарым шығаратын ең басты халықар. ұйым болып саналады.

Хатшылық БҰҰ-ның органы міндетін атқарады. Оған Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынбасы бойынша, Бас Ассамблея 5 жыл мерзімге тағайындайтын БҰҰ-ның Бас Хатшысы басшылық жасайды. БҰҰ құрамында үш: әлеуметтік, экономикалық және гуманитарлық сала бойынша мамандандырылған 16 арнаулы мекеме (ЮНЕСКО, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Өнеркәсіпті дамыту жөніндегі мекемесі (ЮНИДО), т. б. ), сондай-ақ Халықар. құқық комиссиясы, Халықар. сауда құқығы жөніндегі комиссия бар. Қазақстан БҰҰ-на (1992) және оның бірнеше мамандандырылған мекемелеріне мүше болды.

Зерттеудің құрылымы. Бұл зерттеу тақырыбы 2 бөлімге біріккен 6 тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс мазмұны компьютерлік теру мәтіннің 32 бетінде баяндалған 6 кестеден тұрады.

Зерттеу тақырыбының көлемі - 32 бет.
Ι Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі туралы жалпы түсінік

1. 1 Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы. Білім беру мекемлерінің типтері мен түрлері

Азаматтардың білім алу құқы Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілденген және 1999 жылы маусым айының 7 жұлдызында қабылданған Білім беру туралы Заңмен реттеледі. Осы құқықты мемлекет тиісті әлеуметті-экономикалық шарттар жасап, білім беру жүйесін дамыту арқылы арқылы қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекет ақысыз жалпы орта мен алғашқы кәсіби білім және мемлекеттік тапсырысқа сәйкес конкурстық негізде ақысыз орта кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды кепілдейді, егерде азамат осы әрбір деңгей бойы білімді алғашқы рет алып отырса.

Оқитындарға білім алудың ақысыздығы мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттік қаржыландыру немесе білім беру мекемелерінен білім беру қызметтерін сатып алуды бюджеттен төлеу немесе мемлекеттік гранттар беру арқылы іске асырылады.

Білім беру аумағындағы заңнамалар мемлекеттік саясаттың принциптерін анықтайды, азаматтардың білім алу құқын қамтамасыз етеді, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өтемақыларын шектейді, білім беру процесінің субектілері арасындағы қатынастарды реттейді, олардың құқықтарын, міндеттерін, уәкілеттерін және жауапкершіліктерін белгілейді.

Білім беру аумағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері болып келесілер табылады:

  • Барлық азаматтардың білім алу құқықтарының теңдігі;
  • Әрбір азаматқа білім алудың барлық деңгейлерінің мүмкінділігі;
  • Білім берудің діннен тыс сипаты;
  • Тұлғаның білімділігін ынталандыру және дарындылықты дамыту;
  • Білім беру процесінің үздіксізділігі, оқыту мен тәрбиелеудің бірлестілігі;
  • Білім беру мекемелерінің меншік формалары, оқыту мен тәрбиелеу формалары және білім беру бағыттары бойынша әр түрлілігі;
  • Білім беру, ғылым және өндірістің шоғырлануы;
  • Оқитындарды кәсіптік бағдарлау;
  • Білім беру жүйесін ақпараттандыру.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі маңына бір-бірімен арақатынаста болатын меншік форма, тип және түрлерінен тәуелсіз білім беру мекемелері, әр түрлі білім беру деңгейлеріне арналған білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары және білім беру бағдарламаларды іске асыру мен білім беру жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін білім беруді басқаратын органдар көрсетіледі.

Білім беру жүйесінің негізгі міндеті - ол ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар мен ғылым және тәжірбие жетістіктеріне негізделіп, тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби жаралуына бағытталған білім алу үшін қажетті шарттар жасау. Оның басымды мақсаттары болып келесілер табылады:

  • Білім беру бағдарламаларды игеру үшін шарттар жасау;
  • Тұлғаның творчествалық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, өнегелілік пен аман тұрыс нұсқасының мығым негізін қалыптастыру;
  • Азаматтық пен отаншылдықты, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді, халық дәстүрлерін қадірлеуді, конституция мен қоғамға қай-қайсы қарсылықтарға төзімсіздікті тәрбиелеу;
  • Тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне сезімді қатынасын және республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдениеттік өміріне қатынасуының қажеттілігін қалыптастыру;
  • Әлем және отан мәдениетінің жетістіктеріне қатыстыру, қазақ және республиканың басқа халықтарының тарих пен салт-дәстүрлерін оқу, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін игеру;
  • Білім беру мекемелерінің дербестігін ұлғайту мен басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру;
  • Оқытудың жаңа технологияларын енгізу мен білім беруді ақпараттандыру;
  • Еңбек нарығындағы бәсекелікке қабілеті бар білікті жұмысшылар мен мамандарды дайындау, олардың біліктілігін жоғарылату және қайта дайындау;
  • Әр түрлі және көпфункционалды білім беру мекемелердің тиімді дамуына жәрдем беру.

Білім беру бағдарламалар білім берудің тиісті деңгейлері мен олардың сатыларының мазмұнын анықтайды. Республикада тікелей білім беру бағдарламалардың сипатына байланысты олардың екі түрі - жалпы білім беру (негізгі және қосымша) және кәсіби (негізгі және қосымша) бағдарламалар іске асырылып жатыр.

Жалпы білім беру бағдарламалары тұлғаның жалпы мәдениеті және оның өмір мен қоғамға икемделуі жөніндегі мақсаттарды шешуге, кәсіп мен мамандықты сезімді таңдау мен игерудің негізін жасауға бағытталған. Кәсіби бағдарламалар кәсіп пен біліктіліктерге сәйкес жұмыскерлер мен мамандарды дайындауға және оқитындардың жалпы білімдерді мен кәсіби деңгейлерін тізбекті жоғарылатуға бағытталған.

Жалпы білім берудің мазмұны оның әрбір сатысы бойынша тиісті жалпы білім беру бағдарламамен анықталады және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мен орта білім беруден қалыптасады. Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы отра білім беру - үш сатыны көздейтін 12 жылдық оқытудан құрасады: 1-саты - жалпы бастауыш білім беру; 2-саты - негізгі жалпы білім беру; 3-саты - жалпы орта білім беру.

Бұл бағдарламада кәсіптік бастауыш білім беру мен техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша кәсіпік орта білімнің бөлігі орта білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын және технологиялар мен еңбек нарығы талаптарының деңгейіндегі тиімді кәсіптік қызметке даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруге өзгертілетіні туралы да мәлімденген. Сонымен қатар, бұл арада кәсіптік орта білім берудің жекелеген бағдарламаларын іске асырудың өзі орта білімнен кейінгі білім беру арқылы жаңа деңгейге көтерліеді.

Орта білімнен кейінгі кәсіптік білі беру тек қана жалпы орта білім беру базасында қамтамасыз етіледі және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін кәсіптік білім беру мен кадрларды даярлаудың бөлігі ретінде экономика, құқық, экология, медицина, ақпараттық технологиялар және инновациялық менеджмент салаларында қызмет көрсету мен басқару еңбегін атқаратын орта буын мамандарын басымдылықпен даярлайды.

Жоғары кәсіптік білім беру республикада тиісті жоғары білім беру бағдарламалар негізінде университет, академия, институт және осыларға теңестірілген оқу орындары бойынша іске асырылады. Сонымен қоса, жоғары оқу орындары тиісті лицензиялары болған жағдайда орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндіктері бар.

Жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінде Мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес оқу процесін ұйымдастыру технологиясының дәстүрлі жүйесінің орнына оқытудың кредиттік жүйесі енгізіледі. Бұл жүйе, дамыған елдердің тәжірбиесі көрсеткендей, оқитындардың өз бетінше белсенді жұмыс істеуін ынталандырады, жеке білім бағытын таңдаудың болуын қамтамасыз етеді, білім туралы құжаттардың әлемдік білім беру кеңістігіне таңдалуына әсер етеді.

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жоғары кәсіптік білім беру негізінде екі деңгейден қалыптасады - жоғары білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Жоғары білім еру - ол жоғары базалық білім беретін бакалавриат болады. Бакалавриаттың бірінші екі курсында жалпы білім беру құрамдас бөлігінің мазмұны біріздендірілген болады, ал келесі курстарында оқыту базалық пәндер бойынша жүзеге асырылады. Барлық мамандықтар бойынша (медицина және ветеринар мамандықтарынан басқа) бакалавриатта оқытудың мерзімі 4 жылды құрайды. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасын игеру белгілі бір саладағы бакалаврдың жоғары оқу онынан кейінгі білім беру орындарында, яғни магистратурада өз білімін жалғастыруға мүмкіндігі бар.

Магистратура дайындық 1-2 жылдық мерзімде және екі бағытта жүргізіледі - ол тереңдетілген және ғылыми-педагогикалық даярлық. Магистратурада білім беру бағдарламалардың негізгі мақсаты болып оқитындарға іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу даярлығы мен ғылымның бір бағыты бойынша пәндерді тереңдетіп оқыту табылады. Магистратураны бітіргендерге магистр атты академиялық дәрежесі беріліп, олар докторантурада оқуын жалғастырып немесе ғылыми-педагогикалық және өзге де еңбек қызметімен айналысуға құқығы бар.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ең жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлаудың аяқтаушы білім беру деңгейі болып докторантура есептеледі. Докторлық білім беру бағдарламалар бойынша оқу мерзімі кемінде 3 жылды құрайды. Бұл бағдарламаларды игерген және докторлық диссертация қорғаған азаматтарға философия докторы (Ph. D) академиялық дәрежесі, ал бейіндік докторантураны игерген кезде - бейіні бойынша доктор дәрежесі беріледі.

Республика азаматтарының ақысыз жалпы орта мен техникалық және кәсіптік білім алуына мемлекеттік кепіл негізі болып мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттік қаржыландыру, ал жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудың - мемлекеттік білім беру гранттары табылады. Білім беру саласына, оның басымдылығын есептей отырып, мемлекет жыл сайын бюджеттік құралдар бөлуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік білім беру мекемелерін қаржыландыру білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыміндетті стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес республикалық және жергілікті бюджет құралдары арқылы іске асырылады.

1. 2 Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері

Білім беруге арналған шығыстар құрамы бюджеттік жіктелу бойынша арнайы функционалдық топқа сәйкес қалыптасады. Республикалық бюджетте бұл топтың үлесі жыл сайын ұлғаюда және келешекте олардың деңгейі жалпы ішкі өнімнің 4 пайызына жетуі ұйғарылуда.

Бұл функционалдық топ құрамында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш және орта білім беру, арнайы орта білім беру, кәсіптік білім беру, жоғары білім беруге мемлекеттік тапсырыс және білім беру аумағындағы басқа да қызметтер көрсетілген. Осы келтірілген білім беру мекемелерінің типтері мен түрлері бойынша бюджет құралдарымен қаржыландыру іске асырцылады.

Қаржыландыру көздері болып республикалық пен жергілікті бюджеттер және бюджеттен тыс құралдар табылады. Білім беру мекемелердің іс-әрекетін қаржыландыратын бір немесе бірнеше құрылтайшылар болғандықтан, мұндай білім беру мекемесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ережелеріне сәйкес коммерциялық емес ұйым деп есептеледі. Ал мемлекеттік білім беру мекемелерінің жекеменшік ретінде мемлекет атынан орталық және жергілікті басқару органдары болғандықтан, олар осы мекемелердің мемлекеттік орталық және жергілікті қаржыландырудың мемлекеттік кепіл берушісі болады.

Білім беру саласын бюджеттік қаржыландырудың қажеттілігі ең алдымен білім беру қызметтің қоғамдық тауар ретіндегі қасиеттері мен елдің әлеуметті-экономикалық дамуындағы олардың рөлімен серттеседі. Ал бюджеттен бөлінетін құралдар көлемі практиканың талаптарына сәйкес анықталуы мүмкін емес. Себебі, мемлекеттік реттеудің қай-қайсысы өз алды бюджеттік қамтамасыз етуге жататын мемлекеттік тапсырыс және натуралды немесе ақшалай түрдегі әлеуметті нормативтер тағайындауды талап етеді. Мысалы, заңнамаларда білім беру жүйесі үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындар контингентінің саны, мемлекеттік білім беру стандарты, бюджеттік қаржыландыру нормативі сияқты параметрлер болуы тиіс екені анықталған.

Қазіргі кезеңде білім беру мекемелерін ұстау үшін әрекеттегі қаржылық ағымдар бюджет деңгейлері бойынша жіктелінеді. Орталық республикалық деңгей бойынша бюджеттік құралдармен қамтамасыз ету үш бағытқа бөлінеді, яғни орталық республикалық бағыныштағы мекемелерді ұстауға, республикалық білім беру бағдарламаларды іске асыруға және қаржылық жәрдемге мұқтажды аймақтарға трансферттер ретінде білім беру субвенцияларға. Аймақтық және жергілікті деңгей республикалық деңгейге ұқсас, мұнда жергілікті бағыныштағы білім беру мекемелерді ұстау мен тиісті білім беру мекемелерді ұстау мен тиісті білім беру бағдарламаларды іске асыруға қажетті бюджеттік құралдар қарастырылады.

Білім беру саласын басқару стратегиясының негізгі бөлігі - ол қаржылық қамтамасыз ету. Бұл мәселені жетілдіру барысында бірнеше мақсаттарды шешу қажеттігі пайда болады, олар - дамудың басымды бағыттарын таңдау, қаржыландырудың жаңа көздерін анықтау және пайдалану, қолда бар ресурстарды тиімді пайдаланудың ұйымдық және экономикалық механизмдерін жарату, бюджет құралдарын билеу жөніндегі өкілеттілікті дәйекті үлестіру. Республикалық деңгей бойы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету қажетті білім беру дамуының басымды бағыттарын таңдау мақсаты ең алдымен білім берудің әр түрлі деңгейлері бойынша шығындардың арақатынасын анықтауға байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
Бюджеттің қорғанысқа жұмсалатын шығындарын жоспарлау және қаржыландыру
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ
Мемлекеттік реттеудің экономикалық әдістері
Бюджеттік қатынастарды басқару және реттеу
Математиканы оқытуда жаңа технологияларды қолдану мәселелері
Мемлекеттік органдардың е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру және дамыту
Білім беруді бағалау тарихы
Қазақстанның 2010 жылға дейiнгi дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz