Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің қалыптасу кезеңдері және дамуы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Қаржы және есеп кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Қаржы және есеп кафедрасының

меңгерушісі, э. ғ. к. Адиетова Э. М.

«» 20жыл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің қалыптасу кезеңдері және дамуы»

Қаржы пәні

Орындаған: Қыдырова Г. М.

5В050900-Қаржы мамандығының 3-курс 311-топ студенті

Ғылыми жетекші: э. ғ. магистрі,

аға оқытушы Дарискалиева М. С.

Атырау, 2016

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 2

І БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ, ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ . . . 5

  1. Бюджет жүйесінің әлеуметтік-экономикалық мазмұны . . . 5
  2. Бюджет жүйесінің принциптері, оның ішінде жаңа принциптерінің

Рөлі . . . 10

  1. Бюджет түсімдері мен шығыстарын жіктеу және бюджетаралық қатынастар . . . 13

ΙΙ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ . . . 17

2. 1 Қазақстан Республикасының бюджеттік жағдайы және Атырау облыстық бюджетін талдау . . . 17

2. 2 Қазақстан Республикасының 2013-2015 жылдарға арналған бюджетін талдау . . . 22

2. 3 Мемлекеттік қаржылық бақылау . . . 25

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 35

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Биылғы Қазақстан Республикасының Президентінің Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан Халқына Жолдауында: «Бюджеттің нәтижелілігін арттыру. Тұрғындардың әлеумттік әл-ауқатын арттыруға арналмаған барлық шығындарды қысқарту қажет.

Орталықта нәтижелілікке бағытталған бюджетті өмірге енгізу жөніндегі жұмыс қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыстың жергілікті жердегі деңгейде дамыту қамқорлығын сезінуі тиіс. Жаңа әлеуметтік нысандар: медициналық мекемелер, мектептер, спорт ғимараттары тұрғындарға сапалы, озық және ең бастысы, бұқаралық қызмет көрсету орталығына айналуға тиіс» - деп баяндағандай, егер мемлекеттің бюджеттік жүйесі нәтижелі болатын болса, мемлекеттің халқының әл-ауқаты да жақсы әрі оң жағдайда болады.

Мемлекеттік бюджет - ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің негізгі құралы. Мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 30%, жалпы ішкі өнімнің 20%, жалпы қоғамдық өнімнің 10% бөлінеді және қайта бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.

Экономика категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.

Мемлекеттік бюджет жүйесі қаражаттарын қайта бөлуді экономикалық өсімнің сапасы мен нәтижесі арқылы анықтайды. Бюджет Қазақстанның жалпы шаруашылық байланыстар жүйесіне толық кіріуіне, қазіргі таңдағы өтпелі кезеңді жеңіп шығуына мүмкіндік туғызуы керек.

Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынасының даму тәжірбиелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет. Елімізде нарықтық экономика жағдайында тиімді мемлекеттік бюджет пен салық жүйесінің қалыптасуының ерекше мәні бар.

Бүгінгі таңда Қазақстан өз дамуында сапалық жағынан жаңа сатыға аяқ басты. Республикамыздың әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан орын алуы және отыз корпоративтік көшбасшыларынан қалыптастыруы, экономиканың жаңаруы мен өсуінің жаңа бір бастамасы деп қарауға болады. Нарықтық экономиканың даму жолын таңдаған кез келген мемлекеттің шынайы тәуелсіздігі мен егемендігі үшін мықты әрі тұрақты қаржылық негіздің болуы міндетті. Ал, салықтар мемлекет бюджетінің кіріс бөлігінің қайнар көзі болып қана қоймай, материалдық, экономикалық және құқықтық категория ретінде қарама-қайшылығы мол, күрделі құбылыс, әрі тауар өндірісінің барысына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады.

Отандық өнеркәсіптердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату, экономиканың нақты секторларының өнімдерін өсіру, республикадағы экономикалық тенденцияның негізгі сипаттамасы болып табылады. Экономикалық өсу әлі берік емес. Қазақстанның Ұлттық экономикасы қазіргі әр түрлі өзгерістерге сезімтал. Осы жағдайда мемлекеттің экономикалық дамуы азды-көпті дәрежеде салық салудың ілімі және тәжірбиесін жетілдіру және оны басқару мәселелерін шешумен байланысты. Бірінші кезекте бұған салынған бүркелген резервтерді іздеу жатады, сонымен бірге салық төлеушілері үшін аз залалмен максималды тиімділікке жету оның әлеуеттік мүмкіндіктерін іздеу керек. Салық салу өзінің экономикалық табиғатында ұдайы өндрісті ынталандыру болып табылады.

Зерттеу пәні - мемлекеттік бюджет пен оның даму мәселелері және бюджеттік жүйенің жетілдіру жолдарындағы пайда болатын бюджетаралық қатынастар.

Зерттеу объектілері - мемлекеттік бюджетпен айналысатын мемлекеттік органдар, министрліктер, ведомствалар, Атырау облысы Жылыой ауданы бойынша Статистика басқармасы болып табылады.

Зерттеу тақырыбының мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - мемлекеттік бюджеттің қалыптасуы мен дамытуын теориялық және әдістемелік жағынан зерттеу, оны басқару үшін ғылыми негізделген ұсыныстар жасау болып табылады.

Қойылған мақсаттарға сәйкес төмендегі міндеттерді шешу көзделеді:

  • Мемлекеттік бюджеттің қызмет ету жүйесінің негізгі принциптерін зерттеу;
  • Республикалық және жергілікті бюджеттердің дамуын талдау;
  • Мемлекеттің кіріс базасының масштабын және бюджетпен қамтамасыз етілуінің дәрежесін анықтау, жалпы мемлекеттің экономикалық дамуына салық жүйесінің әсерін бағалау;
  • Салықтық ынталандыруларды жетілдіру бойынша мемлекеттік бюджеттің дамуына болжам жасай отырып, жақсарту жолдарына ұсыныстар жасау.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Берілген зерттеудің теориялық негізі - нарықтық экономика жағдайындағы мемлекеттік бюджет мәселелрі қарастырылған, экономиканы тұрақтандырудағы бюджет роліне әр түрлі тәсілдерді және салық жүйесін жетілдіру бағыттарын бейнелейтін әлеуметтік-экономикалық даму облысындағы классиктер еңбектерін, отандық және қазақстандық ғалымдар жұмыстарынан тұрады.

Зерттеу үрдісінде эмпирикалық және теориялық әдістер қолданылған, соның ішінде: бақылау, өлшеу, салыстыру мен саралау, анализ және синтез, индукция мен дедукция, сонымен қатар, бюджет жүйесінің тиімділігін бағалау, қаржылық талдау, бюджеттік жүйе қызметін қарастыру әдістері, жалпы ғылымдық жүйелі талдау, статистика тәсілдері пайдаланылған.

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқада макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынасының даму тәжірбиелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы - бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта құруын мәжбүр етті. Сол реформалаудың логикалық жалғасы - ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы сәуір айының 24 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді.

Жаңа Бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық қарым-қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатынасушылардың барлық іс - әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан-жағынан жазылып дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатта мемлекеттің міндеттемелері мен функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды жұмсау процестері толығымен анықталған.

Экономика бағыты бойынша болашақ білікті мамандар дайындаудың негізгі мақсаты - оларды қазіргі уақыттың маңызды біліміне оқыту, оның ішінде: бюджетті жоспарлау, қалыптастыру және атқару аумағындағы білімге.

Зерттеудің құрылымы. Бұл зерттеу тақырыбы 2 бөлімге біріккен 6 тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс мазмұны компьютерлік теру мәтіннің 35 бетінде баяндалған 6 кестеден тұрады.

Зерттеу тақырыбының көлемі - 35 бет.

І Бюджет жүйесінің мәні, мазмұны, принциптері және түрлері

1. 1 Бюджет жүйесінің әлеуметтік-экономикалық мазмұны

Бюджет - ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір - бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым - қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым - қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым - қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым - қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.

Бюджет әр мемлекетте өзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттік болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шағын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатыр.

Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбесі болғандықтан, ол сол қаржының барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде «қаржы» жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда «бюджет» өз алдына ақша қарым-қатынас жүйесін құрады, яғни бюджеттік қорды қалыптастыру және пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық қажеттілік шығындарды (әлеуметтік, қорғаныс, т. б. ) қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде «бюджет» термині әр түрлі ұғымда пайдаланады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет - ол қаржылық жоспар; бюджет - ол басқарушылық жоспар; бюджет - ол заңнамалық құжат; бюджет - ол коммуникация құралы; бюджет - ол бюджеттік салық саясатты дәлелдейтін құжат деген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері, бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді.

«Бюджет» деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:

  • Ол өз алдында жеке бір экономикалық категория;
  • Ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
  • Ол экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттік механизм арқылы) ;
  • Ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
  • Ол барлық бюджеттікиқарым- қатынасқа қатысушылар міндетті түрде орындайтын заң.

Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.

1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылды және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрады. Одатық бюджетке 1970-1991 жылдары мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болады. [6. 347 бет] .

Бюджеттік жүйе - мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын - бюджеттік - қалыптасу мен пайдалану бойынша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлық қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол қатынастарды басқару органдарымен танысты. Басқаша айтқанда, барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар қосындысын бюджеттік жүйе деп түсіндіріледі. [3. 25 бет]

Бюджет жүйесінің жұмыс істеу бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі. [6. 347 бет]

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларының орындалуы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде өңірлердің шаруашылығын әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. [6. 343 бет]

Бюджеттік кодекс бойынша бюджет қалыптасу негізі болып Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық орта мерзімді даму жоспары мен Республика Президентінің Қазақстан халқына арналған жылсайынғы Жолдауының есебімен құрастырылған аумақтардың даму бағдарламалары болып табылады. Бюджеттік кодексте көрсетілген басқа бір маңызды жағдай - ол бюджеттік процесті ұйымдастыруын қоса отырып, қаржы ресурстарын регламенттеуі. Бұл функциялары келесілер арқылы көрінеді:

мемлекеттің экономикалық және қаржылық мақсаттарының әрекеттесуінде;

әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара және экономика секторларымен әрекеттесуінде;

салықты-фискалдық құралдарды жетілдіруде;

бюджеттен тыс арнайы қорларға бөлектеулердің көлемі мен қайнар көздерін анықтауда;

бюджеттердің кірістері мен шығыстарының көлемі мен құрылымын тағайындағанда;

республикалық бюжет тапшылығының көлемін анықтағанда;

жергілікті бюджеттердің теңгерушілігінде;

Мемлекеттік борыштың қаржы операцияларға әсері мен өтеуінің есебімен оның динамикасы мен ахуалын бағалауда. [3. 38-39 беттер]

Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттай түрде болады: бюджеттік қатынастар мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында - бюджеттік қорда затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) үрдістер мемлекеттің жұмылдыртын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор - бұл құнық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандару үшін мемлекетке түсетін қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігі қозғалысының объективті түрде шарттасылған, экономикалық нысан. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану құнды бөлумен байланысты оның (құнның) қозғалысы үрдістерін білдіреді.

Мемлекетік бюджет экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үрдістеріне мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақшалай қатынастарды білдірді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функцияларын орындайды. Бұл функцияларының іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджеттік қатынастардың қаралған айрықшалығымен айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізу субъектілер арасында бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мелекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосылқы функцияларды, атап айтқанда: орналастыру (ресурстарды), қайта бөлгіштік, тұрақтандару сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджеттік қорларды бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттеліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.

Мемлекетік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарау керек. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдық барлық экономикалық үрдістер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлкеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттің қарыздары және т. б басқа өзінің шоғырланған көрінісін табандықдықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

Мемлекеттік бюджет - ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандыруың, өндіріс тиімділігн арттырудың маңызды құралы болып табылады. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін ретеу, бюджеттің атқарылу үдерісінде қаржы ресурстарын қайт бөлу жолымен жүзеге асырылады.

Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң) . Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн (1 сызбаны қараңыз) .

1 сызба. Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы

Қоғамдық ұдайы өндірісте мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 30%, жалпы ішкі өнімнің 20%, жалпы қоғамдық өнімнің 10% бөлінетіндігімен және қайта бөлінетіндігімен анықталады. Ол ақша қаражаттарын ұлттық шаруашылықтың әр түрлі салалары, өндіріс секторлары, қоғамдық қызметтің сфералаы, елдің экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөледі.

Нарықтық қатынастар жағдайы мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын айта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдамаларды қаржыладыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбасыларын) қолдау, сандай-ақ денсулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.

Қаржылық жоспарлау үрдісінде бюджет ұлттық шаруашыықтың салаларына және материалдық емес сфкераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің аша қорын жасау мен пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық шарашылық жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен етене байланысқан. [6. 340-343беттер]

1. 2 Бюджет жүйесінің принциптері, оның ішінде жаңа принциптерінің рөлі

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі, дәйектілігі, жариялылығы, траспаренттілігі, басымдық және жауапкершілігі прициптерге негізделеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасы салық жүйесі
Бюджеттік процесс: оның кезеңдері
Салық жүйесiнің экономикалық мазмұны
Салық жүйесінің экономикалық мәні мен маңызы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті – қаржы жүйесінің категориясы ретінде
Жергілікті бюджетті жоспарлауды ұйымдастыру
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Салық салу туралы
Бюджеттік жүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz