Сандар



Кіріспе. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Негізгі бөлім. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. 1. Сандардың шығу тарихы. ... ... ... ... ... ... ... ...5
1. 2. 7 саны . қасиетті сан. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1. 3. 7 санына байланысты қазақ аспаптары. ... ... ..11
Қорытынды. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Бұл жоба қазақ халқының бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Әр санның өзіндік қасиеті шариғатқа қатысты, тәрбиелік мәні, саналы орны болған.
Ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр Әл-Фараби бұдан мың жылдан аса уақыт бұрын «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы», - деген қағидасын ұстанамын.

Ал Пифогор болса: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену-сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз иеленетін жоққа шығара алмаспыз.
Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Тіршілік ете бастаған алғашқы кезеңде адам баласы жазу-сызудан бұрын-ақ санауды үйренгені хақ. Сен сандарды жалықтыратын нәрсе деп ойлайсың ба? Тағы да ойланып көр. Адамдар қалай санай бастаған? Адамдар санай бастаған кезде, сірә, санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болар. Барлық адамдарда он саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі заманда санаудағы ондық жүйесі осылай туындаған. Адамзат баласы сандардың атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға көмектескен. Сен бірдеңе санау кезінде саусақтарыңды пайдалансаң, ешқашан да жаңылыспайсың. Саусақтарыңа қарап–ақ, сандарды атамастан оларды көз алдыңа елестете аласың. Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз “сан” сөзін пайдаланамыз. Ол “саусақ” деген ұғымды білдіреді. Міне біздің зерттеу тақырыбымызға арқау болып отырған да осы сандар арасындағы 7саны және оның қасиеті.

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.

Кіріспе
Математика –ғылымдардың ішінде ең ерте шыққаны, оның тарихы ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезде басталған. Адамзат тағылығының даму дәуірінің табалдырығын аттап басқан заманда «артық», «кем», «үлкен», «кіші» ұғымдары туған. Бұлар кейін «тең» ұғымының шығуына негіз болған. Күн көріс қамы тіршілік үшін жүргізілген күрес ерте заманның адамдарын айналасындағы заттарды санауға, нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға, жыл мезгілдерін айыруға мәжбүр еткен. Заттарды санаудан 1, 2 , 3, 4, 5, … т. с. с. натурал сандар ұғымы қалыптасқан. «Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар натурал сандар деп аталады. » Кез келген натурал санды он цифр 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 арқылы жазып көрсетуге болады. Сандарды осылайша жазу тәсілі ондық тәсіл деп аталады.
Ең алғашқы сандар, яғни цифрлар б. з. д. 2 мыңжылдықта болған деседі. Тарихқа жүгінсек, дерек көздері сандардың ежелгі Вавилонда қолданылғанын айғақтайды. Ол кезде сандар
1 мен 0-ден ғана тұрған секілді. Бірлік, ондық, жүздікті құрайтын санақ жүйесі болған. Кейіннен атақты ойшыл Пифагор сандарды 1-ден 9-ға дейін қысқартқан. Бірнеше бірліктерге бөлген. Ол өз шәкірттеріне сандар әлемді билейді деп үйреткен.
Әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Сол идеяның мән-мағынасын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым - нумерологияны ашқан. Нумерология арқылы әр санның шығу төркінін, мән-мағынасын, оның адам өміріне деген әсерін ұғынуға болады. Нумерологияшыл ғалымдардың ойынша әр адамның жаны өзінің нумерологиялық кодымен тікелей байланысты. Ол кодты шеше білген адам өз тағдырының толық иесі бола алады.
1. Бәрі де сандар туралы, Алматыкітап 2008жыл
2. Қазақ энциклопедиясы 3-том, Алматы 2011
3. Жеті қазына, Сейіт Кенжеахметұлы, 1 кітап
4. Интернет материалдарынан

Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Негізгі бөлім. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. 1. Сандардың шығу тарихы. ... ... ... ... ... ... ... ...5
1. 2. 7 саны - қасиетті сан. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1. 3. 7 санына байланысты қазақ аспаптары. ... ... ..11
Қорытынды. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 17

Аннотация
Бұл жоба қазақ халқының бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Әр санның өзіндік қасиеті шариғатқа қатысты, тәрбиелік мәні, саналы орны болған.
Ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр Әл-Фараби бұдан мың жылдан аса уақыт бұрын адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы, - деген қағидасын ұстанамын.

Ал Пифогор болса: Әр сан өзіндік ерекшелікке ие деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену-сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз иеленетін жоққа шығара алмаспыз.
Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Тіршілік ете бастаған алғашқы кезеңде адам баласы жазу-сызудан бұрын-ақ санауды үйренгені хақ. Сен сандарды жалықтыратын нәрсе деп ойлайсың ба? Тағы да ойланып көр. Адамдар қалай санай бастаған? Адамдар санай бастаған кезде, сірә, санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болар. Барлық адамдарда он саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі заманда санаудағы ондық жүйесі осылай туындаған. Адамзат баласы сандардың атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға көмектескен. Сен бірдеңе санау кезінде саусақтарыңды пайдалансаң, ешқашан да жаңылыспайсың. Саусақтарыңа қарап - ақ, сандарды атамастан оларды көз алдыңа елестете аласың. Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз "сан" сөзін пайдаланамыз. Ол "саусақ" деген ұғымды білдіреді. Міне біздің зерттеу тақырыбымызға арқау болып отырған да осы сандар арасындағы 7саны және оның қасиеті.

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.

Кіріспе
Математика - ғылымдардың ішінде ең ерте шыққаны, оның тарихы ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезде басталған. Адамзат тағылығының даму дәуірінің табалдырығын аттап басқан заманда артық, кем, үлкен, кіші ұғымдары туған. Бұлар кейін тең ұғымының шығуына негіз болған. Күн көріс қамы тіршілік үшін жүргізілген күрес ерте заманның адамдарын айналасындағы заттарды санауға, нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға, жыл мезгілдерін айыруға мәжбүр еткен. Заттарды санаудан 1, 2 , 3, 4, 5, ... т. с. с. натурал сандар ұғымы қалыптасқан. Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар натурал сандар деп аталады. Кез келген натурал санды он цифр 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 арқылы жазып көрсетуге болады. Сандарды осылайша жазу тәсілі ондық тәсіл деп аталады.
Ең алғашқы сандар, яғни цифрлар б. з. д. 2 мыңжылдықта болған деседі. Тарихқа жүгінсек, дерек көздері сандардың ежелгі Вавилонда қолданылғанын айғақтайды. Ол кезде сандар
1 мен 0-ден ғана тұрған секілді. Бірлік, ондық, жүздікті құрайтын санақ жүйесі болған. Кейіннен атақты ойшыл Пифагор сандарды 1-ден 9-ға дейін қысқартқан. Бірнеше бірліктерге бөлген. Ол өз шәкірттеріне сандар әлемді билейді деп үйреткен.
Әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Сол идеяның мән-мағынасын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым - нумерологияны ашқан. Нумерология арқылы әр санның шығу төркінін, мән-мағынасын, оның адам өміріне деген әсерін ұғынуға болады. Нумерологияшыл ғалымдардың ойынша әр адамның жаны өзінің нумерологиялық кодымен тікелей байланысты. Ол кодты шеше білген адам өз тағдырының толық иесі бола алады.

Қарап отырсақ, әркімнің өзі сенетін бақытты және бақытсыз сандары болады. Біреудің бақытты саны - 13 , бақытсыз саны - 9 делік. Мұндайға шын көңілімен сенетіндер айдың 13-і күні кез келген тірлігін сенімділікпен іске асырады. Ал 9-ы күні әр қадамын абайлап басып, тіпті үйден шықпай, төрт қабырғаның ішінде күн ұзаққа қамалып отырып алатындар да бар. Cөйтіп, ол 13 саны байқалған жерде ба-тыл жүрсе, 9-дан үнемі сақтанады. Жеке адамды қойшы, мұндай құбылыстарға жаппай халық боп сенетініміз де бар емес пе? Өзіміздегі жеті қазына, ер кезегі үшке дейін, сәрсенбінің сәтті күні ұғымдары, тұрақты көршіміз - орыстардың қасиетті үштігі, америкалықтардың естігенде жандары түршігетін, күні бойы үреймен өткізетін айдың 13-дегі жұмасы тағы басқа түсініктер жоғарыда айтқанымызға дәлел бола алады.

Сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын төрт, жеті, тоғыз, қырық сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады.

Зерттеудің мақсаты:
Жобадағы мақсат: қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көріну. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар туралы ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау. Көптеген шешілмеген проблемаларды атап көрсету.

Жобаның міндеттері:
- Қасиетті сандармен танысу.
- Қасиетті сандардың өмірде алатын орнын түсіндіру.
- Киелі 7 санының сандар қатарында орнын көрсету.

Мәселе: Білім беруде және тәрбие саласында қасиетті сандардың алатын орнын зерттеу.
Зерттелетін зат: Халықтық педагогика элементтерін кеңінен пайдалану, ұрпақ бойында адамгершілік қасиетін дамытуда пайдасы бар екенін зерттеу.

Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі - Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады.
Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата. Бұл - қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы - туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие.
Ол - этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата-бабаларымыз: Жеті атасын білмеген: жетесіз, Ата - тегін айтқанның айыбы жоқ деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты Жеті пұсты деп те атайды.
Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.
Қазақтар жеті қазынаны жеті ырыс деп танып, оған мыналарды жатқызған: 1. Адамның ақыл-ойы, санасы. 2. Денсаулық. 3. Ақ жаулық (ердің жары). 4. Бала (өмір жалғасы). 5. Көңіл (көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ, береке орнайды). 6. Жер (Жерсіз - ел тұл, ерсіз - жер тұл). 7. Ит.

Жігіттің жеті қазынасы
Жүрдек аты - жігіт қаны, қанаты
Қыран бүркіт - қарым күші, қуаты.
Құмай тазы - бастан берік сенімі,
Ақ мылтығы - сөнбес оты, серігі
Алмас кездік - жігіт сусы, һәм мысы
Ау жылымы - амал, айла, әдісі
Қара қақпан серті себі тірліктің
Осы жеті қазынасы жігіттің.

Ал, Ислам аңызы бойынша, жеті қазынаға мыналар жатады:
1. Қыдыр (қызыр). Қыдыр дарыған адам бай болады.
2. Бақ. Ол ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады.
3. Ақыл (Байлық пен бақыттың тірегі).
4. Денсаулық.
5. Ақ жаулық.
6. Тұз (Ол - Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені).
7. Ит. (Адам Ата мен Хауа Ананың алғашқы серігі).
Қазақтардан басқа халықтарда да жеті қазына туралы өзіндік таным, түсінік бар. Мысалы, грек аңыз - әңгімелерінде жеті қазынаға мыналар жатады: 1. Көк аспан. 2. Күн (барлық зат оның шуағынан нәр алады). 3. Ай (түнгі тіршілік нәрі). 4. От (От - Күннің жердегі сүлдесі. Оны пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады). 5. Су. (сусыз тіршілік жоқ). 6. Жер (тіршілік анасы). 7. Ит.
Жеті қат көк. Ол - аспан әлемі туралы мифологиялық түсінік. Оның үш мағыналық сипаты бар. Біріншісі: Аллаһ Тағала аспанды жеті қабатты етіп жаратқан. Алланың жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқанын көрмедіңдер ме? (Құран Кәрім, 72 сүре, 14 аят). Екіншісі: жеті жұлдызға байланысты атау. Олар: Ай, Мер- курий (Ғұтрад), Шолпан (Зуһ-ра), Күн, Марс (Миррих немесе Қызыл жұлдыз), Юпитер (Мүштари), Сатурн (Зұхал). Үшіншісі: ежелгі түркілік мифологиялық түсінік негізіндегі мағына. Ол мұсылмандық ұғыммен сіңісіп, ұмытылып кеткен.
Жеті қат жер. Ежелгі наным-сенім бойынша олар мынандай: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жай сандар теориясының қолданылуы
Жай сандар ұғымы
Жай сандар саны
«Таңғажайып сандар сыры» тақырыбындағы ғылыми жұмыс
Теріс Сандар арифмет
Екі теріс санның қосындысы теріс сан
РАЦИОНАЛ САНДАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА АМАЛДАР ҚОЛДАНУ
Бүтін сандарда теңдеулерді шешудің әдістері
Бүтін сандар жиынында теңдеулерді шешу
Нақты сандарға қолданылатын амалдар
Пәндер