Өндірістік желдету
1 Глоссарий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Дәріс тақырыптары және олардың қысқаша мазмұны ... ... ... ... ... ... .
3 Практикалық сабақтар тақырыптары және олардың қысқаша мазмұны
4 Студенттердің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ... ...

Өндіріс процесі кезінде бөлменің ауасы әрдайым әр түрлі зиянды заттармен ластанады, адамдардың денсаулығына, кейде шығарылып жатқан өнімге кері әсерін тигізеді. Сондай зиянды заттарға әртүрлі түрдегі шаң, бу, газ, сонымен бірге артық жылу мен ылғал, химиялық бу, жалпы уытты заттектер немесе тітіркенгіштік әсері, улы және сусыз шаң, зиянды радиоактивті факторлар жатады.
Қоршаған ауаның ластануы жалпы жылудың бөлінуі, ылғалдылық пен көмірқышқыл газы, жылу мен ылғалдың бөліну мөлшеріне байланысты физикалық дәрежесі адамға артық жүктеме және қоршаған ортаның температурасына қатысты болады.
Қазіргі заман талабына сай адам өміріне жасанды құрал тиімділігі ауа ортасына қажет.
Техникалық желдету ауадан зиянды заттарды жою жолымен күресу және соңғы таза өтемақы жүйесін пайдаға асыру мақсатымен қызмет етеді.
Желдету жүйесі ұстаным әсеріне қарай: табиғи және механикалық болып бөлінеді. Табиғи желдету жүйесі сирек кездеседі, оның ерекшелігі жалпы ауа алмасу, яғни бөлмені барлық ауамен алмасуды қамсыздандыру.
Механикалық желдету жүйесі жалпы ауа алмасуда, жергілікті де бола алады. Жергілікті жүйеде құрылғы арқылы зиянның бөлінуіне қарсы әртүрлі қорғаныс түрін жасайды, ауа жергілікті ауа шығару нұсқауымен, яғни ауа өтемақысы, жергілікті ауа шығаруды жою, бөлме ішіне жаңа таза ауаның берілуімен жойылады.
Бидай өңдеу зауыттары мен нан шығару кәсіпорындарында негізінен сорғыш желдеткіш қондырғылары қолданылады. Ауаны сору кезінде машинаның қаптамасында вакуум пайда болады, ол шаңның бөлмеге таралмауын қамтамасыз етеді. Сору қондырғыларын көбіне аспирациялық деп атайды.

4.1.1. Ерёмкин А.И. Тепловой режим зданий. М.: Стройиздат, 1988.
4.1.2. Внутренние санитарно-технические устройства. Ч.З. Вентиляция и кондиционирование воздуха. Кн. 1,2 / Богословский В.Н., Пирумов А.И., Посохин В.Н. и др. /Под ред. Павлова Н.Н. и Шиллера Ю.И., - 4-е изд.; перераб. И доп. – М.: Стройиздат, 1992.
4.1.3. Волков О.Д. Проектирование вентиляции промышленного здания. – Харьков: Высшая школа, 1989.

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ӨНДІРІСТІК ЖЕЛДЕТУ
5В072400 - Технологиялық машиналар мен жабдықтар
мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2013
Мазмұны
1 Глоссарий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Дәріс тақырыптары және олардың қысқаша
мазмұны ... ... ... ... ... ... .
3 Практикалық сабақтар тақырыптары және олардың қысқаша мазмұны
4 Студенттердің өзіндік жұмысы үшін
тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ... ...
1. ГЛОССАРИЙ
Аспирациялық қондырғылар – өндірістік бөлмеге шаң шығуына кедергi
келтiретiн машиналар қаптамасында вакуум тудыратын соратын қондырғылар.
Аэрация - ұйымдастырылған табиғи желдету.
Аэрогель - технологиялық жабдықтың бетіне шаңның қонуы.
Аэрозоль - ауада өлшенген күйде болатын шаң.
Барометр - атмосфералық қысымды өлшейтін құрал.
Вакуумды қысым (вакуум) - атмосфералық және абсолюттiк қысым аралығында
атмосфералық айырмаға дейiнгі қысымның жетіспеушілігі.
Желдеткiш - газды (ауалы) ортаның қысым ағынын тудыратын
аэродинамикалық машина.
Дефлектор - жел түтiгiнде күштiң әсерiнен сиретiлу құрастыратын
құрылғы.
Дифференциалды манометр - екi кез келген нүктелердегi қысымның
айырмасын өлшейтін құрал.
Инфильтрация - ұйымдаспаған табиғи желдету.
Артықша қысым (манометрлік) - атмосфералық қысымның артықшылығы, яғни
абсолюттi және атмосфералық қысымның аралығында айырым.
Манометр - артықша қысымды өлшейтін құрал.
Желдеткiш қуаты - желдеткiш тұтынатын қуат.
Желдеткiштiң ағыны - желдеткiштен шығатын және кiретін меншіктi
энергиялар айырымасы.
Желдеткiштiң номиналды режимі - техникалық көрсеткiшті қамтамасыз
ететiн желдеткiштiң жұмыс тәртiбi.
Желдеткiштiң көлемдiлігi - уақыт бiрлiгiне берiлетiн желдеткiштің
газдық (ауалы) ортасының көлемі.
Желдеткiштiң оңтайлы режимі - пайдалы әсер коэффициентiнiң мәнi ең
үлкен күйiндегі сораптың жұмыс тәртiбi.
Желдеткiштiң пайдалы қуаты - газдық (ауаға) ортаға берiлетiн
желдеткiштің қуаты.
Ауаағардың сипаттамасы - шығыннан құбырдағы күштiң жиынтық жоғалтуының
тәуелдiлiк графигi.
Желдеткiштің сипаттамасы - беруден желдеткiштiң артық қысымын
графикалық түрiндегі тәуелдiлiгі.
2. Дәріс тақырыптары және олардың қысқаша мазмұны
Дәріс 1. Бөлмелердегі ауа алмасу.
Дәріс жоспары.
1. Өндірістегі желдету жүйелерінің түрлері.
2. Сору қондырғылары.
3. Негізгі есептеулер.
Өндіріс процесі кезінде бөлменің ауасы әрдайым әр түрлі зиянды
заттармен ластанады, адамдардың денсаулығына, кейде шығарылып жатқан өнімге
кері әсерін тигізеді. Сондай зиянды заттарға әртүрлі түрдегі шаң, бу, газ,
сонымен бірге артық жылу мен ылғал, химиялық бу, жалпы уытты
заттектер немесе тітіркенгіштік әсері, улы және сусыз шаң, зиянды
радиоактивті факторлар жатады.
Қоршаған ауаның ластануы жалпы жылудың бөлінуі, ылғалдылық пен
көмірқышқыл газы, жылу мен ылғалдың бөліну мөлшеріне байланысты физикалық
дәрежесі адамға артық жүктеме және қоршаған ортаның температурасына қатысты
болады.
Қазіргі заман талабына сай адам өміріне жасанды құрал тиімділігі ауа
ортасына қажет.
Техникалық желдету ауадан зиянды заттарды жою жолымен күресу және
соңғы таза өтемақы жүйесін пайдаға асыру мақсатымен қызмет етеді.
Желдету жүйесі ұстаным әсеріне қарай: табиғи және механикалық болып
бөлінеді. Табиғи желдету жүйесі сирек кездеседі, оның ерекшелігі жалпы ауа
алмасу, яғни бөлмені барлық ауамен алмасуды қамсыздандыру.
Механикалық желдету жүйесі жалпы ауа алмасуда, жергілікті де бола
алады. Жергілікті жүйеде құрылғы арқылы зиянның бөлінуіне қарсы әртүрлі
қорғаныс түрін жасайды, ауа жергілікті ауа шығару нұсқауымен, яғни ауа
өтемақысы, жергілікті ауа шығаруды жою, бөлме ішіне жаңа таза ауаның
берілуімен жойылады.
Бидай өңдеу зауыттары мен нан шығару кәсіпорындарында негізінен сорғыш
желдеткіш қондырғылары қолданылады. Ауаны сору кезінде машинаның
қаптамасында вакуум пайда болады, ол шаңның бөлмеге таралмауын қамтамасыз
етеді. Сору қондырғыларын көбіне аспирациялық деп атайды.
Алдымен ағынды ауаның көлемдік шығынын анықтайды (Vв.в.) м3 сағ:
(1)
Q – жылу шығыны, кДжсағ;
ρВ.В. – енгізілетін ауаның тығыздығы, кгм3
tуд. – шығарылатын ауаның температурасы, 0С
tВ.В. - енгізілетін ауаның температурасы, 0С
Механикалық сору желдеткішінің қозғаушы күші сыртқы және ішкі ауалар
айырмасына тең болады (Δр):
Δр = g·h· (ρн - ρв)
(2)
h – төменгі және жоғарғы тесіктер ортасындағы биіктік, м;
ρн – сыртқы ауа тығыздығы, кгм3;
ρв– ішкі ауа тығыздығы, кгм3.
Осы қысымдар айырмасы жергілікті кедергіні жоюға жұмсалады:
(3)
ξпр. – жергілікті кедергі коэффициенті, ξпр. = 1,0;
w - ауа қозғаласының орташа жылдамдығы, мс.
(2) және (3) теңдіктерден ауа қозғаласының орташа жылдамдығын
анықтаймыз (w):
(4)
Қажетті қима ауданы (F):
(5)
μ – ауа шығынының коэффициенті.
Табиғи желдету жүйесі бөлмеде болатын әртүрлі көлемі көп мөлшердегі
сыртқы салқын ауа мен жылу, ауа алмасуымен жүзеге асады, сонымен бірге жел
әсерінен де болуы мүмкін. Ал механикалық желдету жүйесіндегі ауа алмасу тек
желдеткіш жұмысы арқылы жүзеге асады.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.
1. Өндірістегі зиянды заттарға нелер жатады? 2. Ауадан зиянды заттарды
жоюдың қандай жолдары бар? 3. Желдету жүйесінің негізгі ұстанымдары қандай?
4. Сорғыш желдеткіш қондырғылары қандай кәсіпорындарда қолданылады? 5.
Желдеткіштер үшін ауа қозғаласының орташа жылдамдығының жалпы теңдеуі
қалай жазылады?
Ұсынылатын әдебиет:
4.1.1. Ерёмкин А.И. Тепловой режим зданий. М.: Стройиздат, 1988.
4.1.2. Внутренние санитарно-технические устройства. Ч.З. Вентиляция и
кондиционирование воздуха. Кн. 1,2 Богословский В.Н., Пирумов А.И.,
Посохин В.Н. и др. Под ред. Павлова Н.Н. и Шиллера Ю.И., - 4-е изд.;
перераб. И доп. – М.: Стройиздат, 1992.
4.1.3. Волков О.Д. Проектирование вентиляции промышленного здания. –
Харьков: Высшая школа, 1989.
Дәріс 2. Желдету қондырғыларын есептеу.
Дәріс жоспары.
1. Желдету қондырғыларының өндiрiстегі негiзгi жұмысы
2. Желдетудiң жұмысының түрлері.
3. Желдету желiлерi негізгі түрлері.
4. Аспирациялық және желдеткіш қондырғылардың тиімділігін бағалау.
Желдету қондырғыларының өндiрiстегі негiзгi жұмысы - машиналарды,
механизмдерді және өндiрiстiк бөлмелердi шаңнан тазарту. Астықты қабылдау,
орын ауыстыру, тазарту және өңдеу процестері кезінде шаң пайда болады.
Астықты өңдеу кезінде көп мөлшерде жылу мен ылғал бөлінеді, бұл шаңмен
бірге зеңнiң және микроорганизмдардың пайда болуына әкеліп соғады. Желдету
желiлерiнiң дұрыс жұмыс істемеуі немесе оның болмауынан өнiм желімденіп
қалады. Станоктардағы біліктердің бұдыр беттері мен елеуiштердiң тесіктері
бітеліп, соның салдарынан өнiмнiң ұнтақталуы нашарлайды, сүзетiн бетi
азаяды. Бұл технологиялық процестің дұрыс жүруіне кедергі келтіріп,
кәсiпорынның өнiмдiлiгiн азайтады және өнiм сапасын нашарлатады.
Желдетудiң жұмысы келесiдей:
1. Сақталатын астықтың үйiндiсiндегi белгілі бір температураны ұстап тұру.
2. Астықты қоспалар мен шаңнан тазарту.
3. Машиналардың беттерi мен жұмыс органдарын, сонымен ұнтақталатын
өнiмдердi суыту.
4. Машиналар, механизмдер, елеуіштердiң iшкi беттерiне ылғалды
конденсациялауды болдырмау.
5. Жұмысшылар мен өндiрiстiк процесс үшiн ауаның оңтайлы параметрлерін
құру.
6. Өрттер және жарылыстарды болдырмау үшiн машиналардың сыртқы беттерiн
шаңнан тазарту.
Тамақ өндірісінде желдету желiлерiн жергiлiктi және орталық деп
жіктейді. Жергiлiктi желдету желiсi бір машинаны ғана шаңнан тазартады. Ал
орталық желдету желiсi бiрнеше машиналарды шаңнан тазартады.
Ауа беру тәсіліне байланысты шаң ажыратқышты сықайтын және соратын
желдету қондырғыларына бөледі.
Сықаушы желдету желiсi - бұл тозаңды ауа шаң ажыратқышқа желдеткiш
арқылы толтырылатын желi. Блок-схемасы:
Шаң тазартқыш машина - ауа құбыры - желдеткiш - ауа құбыры- шаң ажыратқыш.
Сықаушы желiлерде тозаңды ауа желдеткiш арқылы өтедi.
Соратын желдету желiсi - бұл шаң ажыратқыш арқылы желдеткiшпен
тозаңды ауаны сорып алу желiсі. Блок-схемасы:
Шаң тазартқыш машина - ауа құбыры - шаң ажыратқыш- ауаөткiзгiш - желдеткiш.
Соратын желiде желдеткiш арқылы тазаланған ауа өтеді.
Желдету желiлерi шаң басу, шаңнан тазарту және бөлме ауасының
шарттарына байланысты жартылай рециркуляцияланған ауаны бiр сатылы немесе
екi сатылық тазартуды жүзеге асырады.
Тозаңды ауа жабдықтан сорылып және тазартудан кейiн сыртқы
шығарылады. Қысқы мерзiмде тазаланған жылы ауаның сыртқа шығарылуы және
суық ауаның кіруі бөлменің жылулық тепе-теңдiгін бұзады. Жылулық тепе-
теңдiкті ұстап тұру үшін суық ауаны калориферлерде жылыту керек. Ең
пайдалысы тазаланған ауаның рециркуляциясын, сонымен қатар цехтарда
орналасқан жұмыс iстейтiн машиналардың жылуын қолдану болып табылады.
Аспирациялық және желдеткіш қондырғылардың тиімділігін бағалау
Өнеркәсіптік өндірісті еңбек гигиенасына қатысты дамытудың қазіргі
заманғы кезеңінде өндірістік желдеткіштер елеулі рөл атқарады. Оның
маңыздылығы өндірістік бөлмелер ауасына қоршаған орта факторлары мен еңбек
процесінің адам организміне әсер етуін азайтатын немесе болдырмайтын
өлшемдерді тән ететін неғұрлым тиімді іс-шаралардың бірі болып
табылатындығымен айқындалады. Шамалары елеулі дәрежеде желдеткіштің
тиімділігі және ұтымдылығымен айқындалатын факторлар: зиянды химиялық
заттар, өндірістік шаң, ауаның температурасы, ылғалдылығы мен қозғалысының
жылдамдығы. Сондай-ақ кәсіпорындардың еңбекті қорғауға бөлетін қаражатының
негізгі бөлігі желдеткіш жабдықтарды сатып алу мен пайдалануға жұмсалатынын
атап айтқан жөн. Сонымен бірге, еңбекті қорғау саласындағы практика
көрсеткендей, жекелеген жағдайларда желдеткіш жабдықтар дұрыс
орнатылмағандықтан немесе дұрыс пайдаланылмағандықтан, оларды сатып алу мен
пайдалануға жұмсалатын қаражат өзін өзі ақтамайды.
Кәсіпорын аумағында таза ауаны сақтау - жабдықтарды цехтарды желдету
үшін қолдану және жұмыс орындарында қолайлы жағдай жасау үшін пайдаланудың
негізгі шарты.
Шығарылатын ауаны қоспалардан тазарту дәрежесінің коэффициентін
айқындау (зиянды заттар концентрациясы мен тазартқанға дейінгі,
тазартқаннан кейінгі зиянды заттар концентрациясының процентпен көрсетілген
арақатынасы) ауаны тазарту қондырғыларының жұмыс істеуінің негізгі
техникалық сипаттамалары болып табылады.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.
1. Желдету қондырғыларының өндiрiстегі негiзгi жұмысы қандай? 2. Тамақ
өндірісінде желдету желiлерiнің қалай жіктеледі? 3. Сықаушы желдету
желiсiнің блок-схемасы? 4. Соратын желдету желiсiнің блок-схемасы? 5.
Желдеткіштің тиімділігі мен ұтымдылығын айқындайтын қандай факторлар бар?

Дәріс 3. Шаң және шаң аралас ауалы қоспалар
Дәріс жоспары.
1. Шаң. Шаң бөлшектері.
2. Шаңның негізгі түрлері.
3. Өрттер және жарылыстарды болдырмау шарттары.
Шаң - ауада болатын қатты заттардың (аэрозоль) майдалы бөлшектерiнiң
жиынтығы. Тозаңды ауа дисперсиялық жүйенi құрайды. Ол қоршаған
(дисперсиялық орта) ауада (дисперсиялық орта) таралған майда қатты
бөлшектерден тұрады.
Тозаңдарды қатты дисперстiк фазасы бар тозаңдар (шаң және түтiн)
және сұйық фазалы тозаңдардан (тұман ) деп бөледі.
Тұну жылдамдығы төмен шаң бөлшектер белгiсiз уақыт ішінде өлшенген
күйде бола алады. Тозаң тәрiздi бөлшектердiң қасиеттерi бастапқы
ұнтақталмалған заттың қасиеттерiне қарағанда айырмашылығы болады. Бұл
айырмашылықтар негізінен бөлшектенген заттың жиынтық бетiнiң үлкеюiне
байланысты.
Шаң бөлшектерi келесі қасиеттерге ие: жанудағы жоғары химия
белсендiлiгi; ғимараттарды конструкциялау және жабдықтар бетiндегi үлкен
электростатикалық зарядтарды жинау және көтеру қабiлеттiлiгі; сулы булар
мен газдардың көп мөлшерлерін сiңiру.
Өндiрiсте сусымалы материалдарды ұсақтау, тасымалдау, тазарту және
iрiктеу кезінде шаң пайда болады. Шаңды негізінен органикалық,
бейорганикалық және аралас деп бөледі. Органикалық шаң ұнда, қантта,
мақтада және тағы басқаларда болады. Шаңды дисперсиялық, тығыздық,
бөлшектердiң формасы, тұтанғыштық, сорғыштық және тағы басқа физика-
химиялық қасиеттері бойынша жіктейді.
Өнеркәсiптiк шаң көбінесе полидисперсиялы болады. Бөлшектердiң
өлшемдерi микрон үлесіне жүздiк микронға дейін болады. Iрiсi: d= 250-50
мкм, орташа: d= 50-10 мкм; майда: d= 10 мкм аз.
Шаң адамның ағзасы үшiн зиянды. Оның әсер ету дәрежесi бөлшектердiң
өлшемдері мен химиялық құрамына байланысты болады. Өлшемі 5 мкм төмен майда
шаңдар өте қауiпті болып табылады. Шаңдарды улы және улы емес шаңдар деп
ажыратады. Шаңның механикалық, химиялық, биологиялық әсерінен адам ағзасына
зиян келтiріледі. Тiптi улы емес шаңның өзі әртүрлi қауiптi аурулардың
пайда болуына себепшi бола алады. Астықтың өңдеу бойынша нан қабылдау
кәсiпорындары және зауыттарындағы барлық операциялар шаң тудырады. Қалыпты
жұмыс iстейтiн желдеткіштер өндiрiстiк бөлмеге шаңның таралуына жол
бермейді. Өндiрiстiк бөлмелердегі шаңды тазалау үшiн стационарлы
пневматикалық қондырғыларды және басқа жабдықтарды қолданады.
Көп кәсiпорындардағы өнеркәсiптiк шаң өрт және жарылғыш тудырады.
Жарылғыш қаупi бойынша шаңды үш класқа бөледі. Ұн шаңын жарылысты тез
тудыратын және оңай тұтанатындықтан бiрiншi класқа жатқызады. Оны тұтату
үшiн жағылған сiрiңке жылуы да жеткiлiктi. Астық дақылының шаңы да оңай
тұтанады, бiрақ жоғары температуралы жылу көзін талап етедi. Шаңның
жарылысы тұтану көзінен және ауадағы шаңның нақты концентрациясынан болуы
мүмкiн. Жоғары температураның көзi статикалық электр разрядтары бола алады.
Жарылыс қаупi концентрациясының төменгi шегі элеватордан шығатын шаң үшiн
40-90 гм3; диiрменнен (ұннан жасалған) 10-50 гм3; ұн құрама жем үшiн 7-25
гм3 аралығында болады. Жану кезінде жалынның орташа жылдамдығы 5-10 мс;
ал жарылыста 500 мс жетедi.
Тозаңды беттердiң кенеттен соғулар немесе сiлкiндiрулер кезінде
жарылысты концентрациялы аэрогелдiң тозаңға айналуы салдарынан жарылыс
пайда болуы мүмкін. Сондықтан ауадағы шаң ғана емес, сонымен бірге
жабдықтағы, қабырғалардағы, төбедегі және ғимараттың құрылыс
құрылымдарындағы шаңдар қауiптi.
Өрттер және жарылыстарды болдырмау шарттары:
1. Барлық жерлерде санитарлық талаптардан аспайтын ауаның шаңдануына жол
бермеу.
2. Жабдықтар мен қабырғалардан шаңды жүйелi және мұқият тазалап отыруды
қадағалау.
3. Қабырғалар және төбелердiң өңдеуi тегiс емес болуы керек.
4. Ұшқын мен жылу көздерін тудыратын заттарға толық мүмкiндiк бермеу.
Сонымен қатар жалпы өртке қарсы нормалардағы талаптарды қатаң орындау
керек.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.
1. Шаң дегеніміз не? 2. Шаң бөлшектерінің негізгі қасиеттері қандай?
3. Өнеркәсiптiк шаң бөлшектерінің қандай өлшемдері бар? 4. Шаңның адам
ағзасына тигізер қандай зияны бар? 5. Өрттер және жарылыстарды болдырмаудың
қандай шарттары бар?

Дәріс 4, 5. Шаң ажыратқыштар. Циклондар.
Дәріс жоспары.
1. Тазартудың негiзгi әдiстерi.
2. Циклондар. Олардың негізгі есептеулері.
3. Өнеркәсiптiк циклондардың жіктелуі.
Желдету қондырғылары атмосфераға ластанған ауаны шығарады, ол
тіршілік қауіпсіздігінің талаптары бойынша ұннан және астық дақыл мен
ластанулардан тазартады.
Көптеген шаң ажыратқыштарда бiр уақытта ауаны тазартудың бiрнеше
тәсілдерін қолданады. Тазартудың негiзгi әдiстерi:
1. шаң тұндыратын камералардағы (гравитациялық шаң ажыратқыштар) ауырлық
күшінiң әсерiнен тұну.
2. ортадан тепкiш күштер әсерінен тұну (циклондар ).
3. маталы, жеңді және тағы басқа сүзгiлерде шаңдарды бөліп алу.
4. электр әдiсiмен жоғары дисперсиялы шаңдарды бөлу алу.
Шаң ажыратқыштың жұмысы ауаны тазарту коэффициентімен сипатталады η0
(%)
(1)
С1; С2 - тазартуға дейінгі және тазартудан кейiнгі ауадағы шаңның
концентрациясы, гм3.
Екi рет тазартудан кейінгі ауаны тазартудың жалпы коэффициенті η0
ηо = η1+η2 – η1·η2
(2)
Кеңінен таралған ол циклондарда шаңның бөлінуі. Шаң ажыратқыштың
тиімділігі шамаға пропорционал.
Рц = m·w2 R
(3)
Сондықтан, тазарту тиiмдiлiгі ауаның қозғалыс жылдамдығы (w) мен
циклонның радиусына (R) тәуелдi болады. Циклонның осы түрі үшiн
жылдамдықтың оңтайлы мәнiнен асып кетуi оның жұмысының тиiмдiлiгiн
азайтады, сонымен бiрге ағымдардың кері әсерi және атмосфераға газ
шығаратын тотық құбыр арқылы шаң бөлшектердiң шығарылуы күшейеді.
Ауаны шаңнан құрғақ тазартудың кеңінен таралған шаң ажыратқыштар
циклондар болып табылады. Олардың құрылымы қарапайым, сенiмдi және үнемдi.
Тазарту коэффициенті η0 = 97-98%; кейбір құрылымдар үшін η0=99%. Сонымен
бiрге майда бөлшектенген және жеңiл шаңдармен жұмыс iстегенде циклондардың
көптеген түрлерi тиiмдiлiгi санитарлық-гигиеналық талаптарды
қанағаттандырмайды.
Өнеркәсiптiк циклондарды келесi белгiлер бойынша жіктейді:
1. Ауаны енгiзу әдiсі бойынша. Бұрандалы, жазық спиральді, спиральді-
бұрандалы.
2. Ауа ағынының айналу бағыты бойынша. Оң және сол.
3. Формасы бойынша. Цилиндрлiк Нц Нк; конустық Нк Нц.
4. Биiктiгі бойынша. Биік Но Dн 2 ; төмен Но Dн 2.
Астық дақылының шаңынан ауаны орташа тазарту үшiн циклонға ауаның
жылдамдығы w = 14 -16 мс және жергілікті кедергісі ξ= 4 болатын цилиндрлiк
түрдегі циклондарды пайдаланады. Газ шығаратын тотық құбырдағы қысым
шығындары Δр 100 Па кезінде циклон конусына шлюзді тығын орнатады.
Цилиндрлі бөлігінің диаметрі 960 -1928 мм болатын циклондардың шаң
ұстау коэффициенті 92 % жоғары болмайды. Ауаны толық тазаламау себебінен
мұндай циклондарды өндірістен тысқары орындарға оналастырады. Циклондардың
өнімділігі жоғары болады, олардың өнімділігі машинаның көлеміндей жұмыс
істейді, сондықтан оларды әрбір машинаға жекелей орнатады.
Диаметрі кішірек (D=450–650 мм) циклондар жоғары шаң ұстау
коэффициентін көрсетеді (96 %-ға дейін), сондықтан оларды өндіріс аумағына
орналастыруға болады. Ауаны өткізу қабілеті аз болғандықтан циклондарды әр
машинаға 4–6-дан орнатады, сондықтан оларды топты циклондар деп атайды.
Ауаны бұдан да жоғары сапалы тазарту үшін диаметрі 200–350 мм циклондар
қолданылады, олардың шаң ұстау коэффициенті 98–99 % құрайды. Бұл
циклондардың өнімділігі аз болғандықтан оларды әрбір машинаға 6–12 данадан
орнатады, сондықтан оларды батареялы немесе мультициклондар деп атайды.
Циклондардың кемшілігі талшықты шаңдар ортасында жұмыс істеу мүмкіндігінің
шектелуі болып табылады.
Көлденең циклонның шаң ұстау коэффициенті көп емес (90–95 % ке дейін),
циклон ауаны жеңіл араласпалардан үлкен бөліктерді алдын ала тазарту үшін
арналған. Ауаны жоғары дәрежеде тазарту үшін, көлденең циклондардан шығатын
ауаға батареялы циклондарды орналастырады.
Құрғақ шаңды ауаны тазартқанда циклонның қабырғасында статикалық тоқ
жиналуы мүмкін, сондықтан олардың қаптамасы міндетті түрде жермен
байланыстырылуы керек.
Циклондарды желдеткіш желілерінен келетін ауа шығынының
қосындыларынан таңдап алады. Циклонның қысым шығыны (Δр в Па):
(4)
Циклонның кiретiн түтiгiнiң диаметрi (D, м):
(5)
D мәнi бойынша кестеден циклонның стандартты маркаларын алады.
Циклонға Dст бойынша ауа ағынының кiру жылдамдығын (wД, мс) есептейдi
(6)
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.
1. Ауаны шаңнан тазартудың қандай тәсілдері қолданылады? 2. Шаң
ажыратқыштың жұмысы қандай және немен сипатталады? 3. Ауаны шаңнан құрғақ
тазартудың кеңінен таралған қандай түрлері бар? 4. Өнеркәсiптiк циклондар
қандай белгiлер бойынша жіктеледі? 5. Циклондардың негізгі есептеулері?

Дәріс 6. Инерциялық шаң ажыратқыштар. Маталы жеңді сүзгiлер.
Дәріс жоспары.
1. Инерциялық шаң ажыратқыштардың түрлері.
2. Маталы жеңді сүзгiлер.
3. Сүзгілердің негізгі есептеулері.
Инерциялық шаң ажыратқыштарды, эжекторлы шаң жинағышты, бұрыштық
инерциялы бөлгiштi, сақиналы инерциялық бөлгiштердi қолданылады.
Инерциялық шаң ажыратқыш негiзінің диаметрi бiртiндеп кiшiрейтiн
конусты сақиналардан тұрады. Конустылық бұрышы 600. Бiр өстегі сақиналар
адымы 12-16 мм. Ауа конус негiзiне тесіктер арқылы кіріп, сақиналар
арасындағы саңылау арқылы сыртқа шығады (90-94%). Ауадағы шаң ағын
қозғалысының күрт өзгеруінен инерция күштерінiң әсерiнен бөлiнедi. Шаң
бөлшектерi конустық сақиналардың көлбеу беттерiне соғылып, шағылысып шаң
ажыратқыш өсіне қарай қозғалады, онда ол ауа ағыны арқылы шаң ажыратқыш
саңылауына орын алмастырады да циклонға келіп түседі.
Эжекторлы шаң жинағышта тура осы принцип бойынша жұмыс iстейдi,
айырмашылығы шаң бөлшектері екi сатылы шағылысудан өтеді.
Екi шаң ажыратқышта тиiмдi, шағын, аз габариттi. Артықшылықтары:
материалдың үздiксiздігі мен тұрақты кедергiсі, өндiрiстiк аудандарды талап
етпейдi, өйткенi оларды аспирациялық ауақұбырларында тiкелей орнатады.
Маталы жеңді сүзгiлер. Осы сүзгiлер ауаны тазартуда (99% және одан да
көп) жоғарғы тиiмдiлiктi болып табылады. Бұдан басқа, мұндай сүзгiлер нақты
тығыздықтағы сүзу маталарын таңдап алуда тазалау дәрежесiн, сонымен бiрге
тазаланған ауада (10 мгм3-тен аспайтын) шаңның шоғырлануын реттеу
мүмкiндiгімен ерекшеленеді.
Сүзу маталарда тозаңды ауаның кiретін жағында бiржақты түгi болады.
МЕСТ 7715-70 бойынша лавсанды матаны қолданады. Синтетикалық маталар
статикке қарсы өңделеді.
Сiңіру сүзгiсінiң сүзу матасына берiлетiн меншiктi жүктеме 90-150
м3м2·сағ. құрайды.
Сүзгiнiң кедергiсiн (қысым шығынын) график бойынша анықтайды.
Сору (ФВ) сүзгiлерінiң кемшiлiктерi: матаның бiтелiп қалуында қысым
шығындарының жоғарлауы, циклондармен салыстырғанда пайдаланудағы
ыңғайсыздығы.
Сору (ФВ) сүзгiлерінiң металды шкафты төрт өлшемдi түрлерiн ФВ-30, ФВ-
45, ФВ-60, ФВ-90 қолданады.
Пневмокөлiк қондырғылары үшiн жоғары вакуумды ФВВ-45, ФВВ-60, ФВВ-90
жеңді сүзгiлердi қолданады. Бұл сүзгiлер тұрығының берiктiлігiмен және
тығыз бекiтiлгендігімен ерекшеленеді. Сору сүзгiсінiң сүзу матасына түсетін
меншiктi жүктеме 90 м3 м2·сағ.
Сүзгiні ауа шығынының қосындысы VФ (м3сағ) мен меншiктi жүктеме VУ
(м3м2·сағ) бойынша таңдап алады. Ауа шығынының қосындысы бойынша сүзгi
бетiнiң ауданын Fф, м2 есептейді:
Fф = VФ VУ
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.
1. Инерциялық шаң ажыратқыштардың қандай түрлерін білесің? 2. Қандай
шаң ажыратқыш тиімді болып табылады? 3. Маталы жеңді сүзгiлердің жіктелуі?
4. Сору (ФВ) сүзгiлерінiң қандай негізгі кемшiлiктерi бар? 5. Сүзу бетiнiң
ауданы қалай есептеледі?

Дәріс 8. Ауаны екiншiлік тазартуға арналған шаң ажыратқыштар
Дәріс жоспары.
1. Ауа алмасудың санитарлы-гигиеналық нормалары.
2. Циркуляциялы және ауа тазартуы бар желдету қондырғылары.
3. Ауаны екiншiлік тазартуға арналған шаң ажыратқыштардың түрлері.
Нан қабылдау кәсiпорындары мен астық өңдеу зауыттарында бөлмелердегі
ауа алмасу желдету қондырғылары арқылы бөлме ішіндегі ауа сорылу бекітілген
нормадан біршама ауытқуы байқалады.
Жұмыс бөлмелерiндегi ауа алмасу санитарлы-гигиеналық нормалар
деңгейінде ауа ылғалдылығы мен температурасын, сонымен бiрге технологиялық
процестің шарттарын қолдануға мүмкiндiк бермейдi. Әсiресе қысқы мерзiмде
жоғарғы ауа алмасулар кәсiпорындардың жұмыстарында кездеседі: еңбек
жағдайлары нашарлайды, жұмысшылардың сырқаттануы жоғарлайды, өрт
қауiпсiздiгiнiң орындалуы қиындайды, жылыту тиiмсiздеу болады.
Циркуляциялы және ауа тазартуы бар желдету қондырғыларын жылдың барлық
мезгілдерінде қолдана отырып, өндiрiстiк бөлмелердегi жоғарғы ауа алмасу
мен вакуумды жояды. Cанитарлық нормалардың орындалуы жоғарғы дәрежелі
тазартуды, сонымен бiрге өрт - және жарылыс қауiпсiздiгін қамтамасыз ететiн
ауаны екiншiлік тазартуға арналған шаң ажыратқыштарды таңдаумен байланысты.
Ауаны екiншiлік тазартуға арналған шаң ажыратқыштарды құрғақ және ылғалды
деп бөледі.
Жуу-сүзу камераларын, гидродинамикалық шаң ұстағыштарды, өздiгiнен
тазаратын сүзгiлерді, циклонды сүзгiлерді, ауалы салқындатқыштарды
қолданады.
Гидродинамикалық шаң ұстағыштарды ауаны шаңнан екiншiлік тазарту үшiн
қолданады. Оның тозаңды ауаны өткiзу қабiлеттiлігі 10000 м3сағ.
Ауалы салқындатқыштарды бiр үлгiдегi секциялардан жинап жасайды.
Кемшiлiктері: өлшемдері үлкен, пайдалануда сенiмсiздiгі, су шығыны, құнының
жоғары болуы.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.
1. Жұмыс бөлмелерiндегi ауа алмасудың санитарлы-гигиеналық нормалары
қандай? 2. Ауаны екiншiлік тазартуға арналған шаң ажыратқыштардың қандай
түрлерін білесің? 3. Гидродинамикалық шаң ұстағыштар қандай қондырғыларда
қолданылады? 4. Салқындатқыштардың кемшіліктері туралы не білесің?

Дәріс 9, 10. Желдеткiштер
Дәріс жоспары.
1. Желдеткiштер. Олардың жіктелуі.
2. Жлдеткіштердің негізгі түрлері мен есептеулері.
Желдеткiштер – ауа мен газдардың орын ауыстыруына арналған
аэродинамикалық машиналар. Желдеткiштердiң жұмысшы органы – қалақтары бар
ортадан тепкiш дөңгелектер. Желдеткiштерге 15 КП-дан аспайтын қысымды ауа
үрлегiш машиналар жатады.
Артықша қысымы бойынша желдеткiштер келесідей жіктеледі:
1. төмен қысымдағы желдеткiштер (1000 Па-ға дейiн).
2. орташа қысымдағы желдеткiштер (3000 Па-ға дейiн)
3. жоғарғы қысымдағы желдеткiштер (3000 Па-дан астам).
Желдеткiштiң аэродинамикалық қасиеттерi жылдам айналу критериімен
және қысым коэффициенттерiмен сипатталады. Жылдам айналу критериі меншiктi
айналу жиiлiгiмен өрнектеледi: (nу):
мұнда n – жұмысшы дөңгелектің айналу жиiлiгi, айнмин;
Vс – ауаның көлемдiк шығыны, м3с;
Δр – желдеткiштiң қысымы, Па.
Жылдам айналу критериі осы топтаманың барлық нөмiрлерiнде тұрақты,
өлшемдерде әртүрлi, бiрақ геометриялық ұқсас және осы желдеткiштердiң
аэродинамикалық қасиеттерiн сипаттайды.
Қысым коэффициентi КР:
мұнда u - қабырғалардағы айналу жылдамдығы, мс.
Ортадан тепкiш желдеткiштер үшiн КР = 0,4 – 1,5.
Өстік желдеткiштер үшiн КР = 0,05 – 0,2.
Әртүрлi күйдегі қаптамасы бар ортадан тепкiш желдеткiштерді дайындайды
және сыртқы тесігінің бағытына қарай келесідей белгiлейді: В - жоғары; Н -
төмен; П - оңға; Л – солға. Бұдан басқа, 450 жағдайында ВЛ, ВП, НЛ, НП деп
белгіленеді.
Сонымен қатар желдеткiштердi оңға айналатын және солға айналатын деп
бөледі.
МЕСТ 10616-63 сәйкес желдеткiштер өлшемінiң сипаттамасы үшiн олардың
әрқайсысына нөмiрлер тағайындайды, яғни № 5 - D=500 мм; № 6,3 - D=630 мм.
Ц - ортадан тепкiш. ЦП - шаңды ортадан тепкiш. Әрiптiң жанындағы цифр
- 10• Кр.
Мысалы, Ц4-70 №6 маркалы желдеткiш, 1 орындау, оң: ЦВ Кр=0,4;
меншiктi жылдам айналуы nу = 70; D=600 мм; 1 сұлба бойынша орындалған, оңға
айналатын.
МЕСТ сәйкес жаңадан шыққан желдеткiштерде ПӘК= 0,6 – 0,7 болуы керек.
Төмен қысымды ЦВ-ға ВРН № 2,5, орташа қысымды ЭВР, Ц9-57, Ц9-55, ВРС
жатады. Сонымен бiрге арнайы шаңды ЦВ шығарады: олар максималды қысымды
ВЦП, ЦП6-46, ЦП7-40.
Шаңды желдеткiштердiң 6-8 қалақтары болады. 45-50 мс желдеткiштiң
шеңберлік жылдамдықтарында ЦП6-46 желдеткіші 2000-2500 Па қысымды тудырады.
ЦП7-40 желдеткіші 69 мсқа дейiн шеңберлік жылдамдық кезінде 4000 Па-ға
дейiн қысым тудырады, сондықтан оны қалдықтар тасымалдау үшiн қолдануға
болады. Ц 10-28 желдеткiші 1000-нан 7500 дейінгі аралықтағы қысымды
тудырады. Жұмысшы дөңгелегі 48 қалақты екi жазық дискілерден тұрады.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.
1. Желдеткіштер дегеніміз не? 2. Артықша қысымы бойынша желдеткiштер
қалай жіктеледі? 3. Желдеткiштiң аэродинамикалық қасиеттерi қандай
коэффициенттермен сипатталады? 4. Қысым коэффициентiнің жалпы теңдеуі қалай
жазылады?

Дәріс 11. Желдеткіш желілерін есептеу
Дәріс жоспары.
1. Желдеткіш желілерінің негізгі есептелуі.
2. Желдету торабын есептеу.
Желдеткіш желілерін есептеуді гидравликалық желiлер есептеуi негiзiнде
жүргізеді.
Есептеуге қажетті бастапқы мәндер:
1. Желiнiң әрбiр шектi нүктесiндегі ауаның шығыны; Vсi (м3с).
2. Жабдықтың аэродинамикалық кедергiсiнiң шамасы (әрбiр жабдықтағы қысым
шығыны); Δpi (Па).
3. Ауа ағынының қозғалыс жылдамдығы wi (мс).
4. Бөлiмшелер ұзындықтары көрсетілген желiдегi ауа өткізгіштердің орналасу
сұлбасы.
Есептеуде желдеткiштің артықша қысымының шамаларын Δpо (Па) және ауа
өткізгіштердің көлденең қимасының өлшемдерiн анықтайды.
Δро = ΣΔрi + ΣΔрмi
Δрi - желiнiң i - бөлiміндегі қысым шығыны, Па;
Δрмi - аспирациялайтын машинадағы i - бөлiміндегі қысым шығыны, Па.
Астық және ұн құрама жем өнеркәсiбiндегі желдету торабын есептеу
кезінде ауа ағынын тасымалдаудың номиналды қозғалыс жылдамдығы w=12-15 мс
құрайды.
Тiк құбырөткізгіштер аз жылдамдықты, ал көлденең құбырөткізгіштер
жоғарғы жылдамдықты болады.
1. Желiлерді нөмiрленген бөлiмшелерге бөледi. Бөлiмшелер ұзындығын және
бөлшектер сипаттамаларын аспирациялық желiнiң сызбалары бойынша орнатады.
2. Әрбiр бөлiмше жеке-жеке есептейді.
3. Жеке бөлiмшелердегi қысым шығындары бойынша тармақтардағы магистралдiк
бағыттарды анықтайды.
4. Шаң ажыратқыштарды таңдап, ондағы қысым шығындарын анықтайды.
5. Магистраль бойынша бөлiмшелердегi қысым шығындарын жинақтап,
тармақтардағы қысым шығындарын есепке алмай желiдегi толық қысым шығындарын
анықтайды.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.
1. Желдеткіш желілерін есептеуге қажетті бастапқы мәндер қандай? 2.
Есептеуде қандай шамаларды анықтайды? 3. Тiк құбырөткізгіштер қандай
жылдамдықта болады? 4. Көлденең құбырөткізгіштер қандай жылдамдықта болады?

Дәріс 12, 13. Цехтағы жылуды есептеу
Дәріс жоспары.
1. Жылу есептеудің жіктелуі.
2. Олардың түрлері мен негізгі есептеулері.
1. Күн радиациясынан Qтп1, Вт:
Qтп1 = Fост·q·А
мұндағы: Fост – шыны беті, м2;
q – 1м2 шыны беттегі радиация, q = 138 Втм2;
А – шыны сипаттамасының коэффициенті. Екі еселенген шынылауда (таза шыны)
А = 1,15; ластануда А = 0,80.
2. Өндірістік пештерден Qтп2 , Вт:
Qтп2 = 1000·Nуст· q0 · η
Nуст – пештің бекітілген номиналды қуаты, кВт;
q0 – пештің бекітілген номиналды қуатынан цехқа жылу бөліну, %;
электрпештері үшін q0 = 70%; қалған пештер үшін q0 = 40 - 60%.
η - барлық пештердің бір уақытта жұмыс істеу коэффициенті; η=0,8-1,0.
3. Құбырөткізгіштер мен аппараттардың ыстық беттерінен Qтп3 , Вт:
Qтп3 = α·F·(tпов. – tв)
α – изоляцияланған беттерден конвекция және сәуле шашумен жылу беру
коэффициенті, Втм2·град
α = 9,3 + 0,047·(tпов. – tв) + 7·v0,5
v – ауа ағының жылдамдығы, мс; жабдық бетінен ауаның еркін конвекциясы
кезінде v = 0,2 -0,4 мс.
4. Суытылатын өнімдерден (материалдардан) Qтп4
Qтп4 = Gс·с·(tн. – tк)
Gс – ауада суытылған өнімнің массалық секундтық шығыны, кгс.
с – өнімнің орташа меншікті жылусиымдылығы; Джкг·град.
5. Механикалық энергияның жылулыққа өтуінен Qтп5 (электрқозғалтқыштар,
станоктар) в Вт:
Qтп5 = 1000·Nуст· ам
Nуст – электрқозғалтқыштардың номиналды бекітілген қуаты, кВт.
ам – ауаның жылумен араласуының интегралдық коэффициенті; а= 0,15- 0,70.
Тамақ өнеркәсібі үшін а= 0,20.
6. Электр жарықтарынан Qтп6 , Вт.
Qтп6 = 1000·Nэо· аэо
Nэо- жарықтандыру құралдарының тағайындалған қуаты, кВт;
аэо – электршамдары түрлерінің коэффициенті.
Кесте аэо коэффициентінің мәні.
Электршамдарының Ашық Күңгiрт шынылы Ашық қыздыру Жабық күңгірт
түрлері люминесценттi жабық шамдары қалпақты
люминесценттi қыздыру шамдары
аэо мәні 0,9 0,6 1,0 0,7
7. Ыстық су бетінен Qтп7 , Вт.
Qтп7 = (5,7 + 4,1v)·(tву – tауа)
v – су бетіндегі ауаның қозғалыс жылдамдығы, v = 0,15 мс;
tводы. - су температурасы, 0С;
tвозд - ауа температурасы, 0С.
8. Жұмыс істейтін адамдардан Qтп8 в Вт.
Qтп8 = q·n
q – бір адам бөлетін жылу шығыны, Вт.
n - цехтағы жұмысшылар саны.
Кесте
Жылулық Бөлмедегі ауа температурасы, 0С
көрсеткіштер,
Вт
10 15 20 25 30 35
Жеңіл жұмыс
кезінде 151 122 99 64 41 6
Орташа жұмыс
кезінде 173 134 105 70 41 6
Ауыр жұмыс
кезінде 198 163 128 93 53 12
9. Жалпы жылулық жүктеме, Qотп , Вт.
Qотп = Qтп1+ Qтп2 + Qтп3 + Qтп4 + Qтп5 + Qтп6 + Qтп7 + Qтп8
10. Қысқы мерзiмде сорғыш желдеткіш арқылы сорылатын ауаның көлемдiк
шығыны,Vс м3:
11. Жазғы мерзiмде сорғыш желдеткіш арқылы сорылатын ауаның көлемдiк
шығыны,Vс м3:
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.
1. Цехтағы жылудың күн радиациясынан есептелуінің қандай негізгі
теңдеулері бар? 2. Жылудың өндірістік пештерде қалай есептеуге болады? 3.
Жылудың құбырөткізгіштер мен аппараттардың ыстық беттерінде қалай
есептейді? 4. аэо коэффициентінің мәні қандай? 5. Қандай жылулық
көрсеткіштерді білесің?

Дәріс 14. Желдеткішті есептеу
Дәріс жоспары.
1. Желдеткіштерді есептеу.
2. Желдеткіштердің негізгі тендеуі. Желдеткiш өнiмдiлiгiн есептеу.
3. Ауаағарлар. Олардың түрлері.
Жоба бойынша МЕСТ 14918-80 қалыңдығы 0,5...0,7 мм болатын жұқа
мырыштан жасалған ауаағарларды дайындауға арналған тартылу желдеткіштері
қарастырылады.
Жобада қарастырылған жабдық пен материалдардың ҚР өрт пен гигиеналық
сертификаттары бар.
Желдеткіш микроклимат талаптарына сәйкес көрсеткiштердiң мүмкiндік
шамаларын қамтамасыз етедi.
Құйылу желдеткіші келесілерді қамтамасыз етедi:
- қысқы мерзiмде +18 +20 дейiнгі ауаның жылытуын;
- жазғы мерзiмде +12 +14 дейiнгі ауаның сууын.
Құйылу желдеткішінің ауасы механикалық қоспалардан тазартылады.
Желдеткiштiң өнiмдiлiгi келесі формула бойынша анықталады:
мұнда бөлменің көлемі,
К – ауаалмастырғыштың мерзімі.
3.2.1 Сығындыға желдеткiштiң өнiмдiлiгiн анықтау
3.2.2 Құйылуға желдеткiштiң өнiмдiлiгiн анықтау
3 сурет – Тартылу желдеткішінің сұлбасы
3.2.3 Тартылу ауаағарындағы жергiлiктi кедергiлер коэффициенттерiнiң
жиынтығы анықталады
мұнда тартылу ауаағарындағы торлар саны
4 сурет – Құйылу желдеткішінің сұлбасы
3.2.4 Құйылу ауаағарындағы жергiлiктi кедергiлер коэффициенттерiнiң
жиынтығы анықталады
мұнда құйылу ауаағарындағы торлар саны
3.2.5 Ауаөткізгіштердегі қысым шығынын келесі формуламен анықтаймыз.
мұнда ауаөткізгіш ұзындығы, м
үйкеліс кедергісінің келтірілген коэффициенті,
динамикалық қысым.
3.2.6 Құйылу ауаағарларындағы қысым шығыны келесідей анықталады:
3.2.7 Тартылу ауаағарларындағы қысым шығыны келесідей анықталады:
Каталог бойынша құйылу ауаағарына электрқозғалтқыш қуаты 4,5 кВт,
П.Ә.К.=0,4 болатын Ц4-76 маркалы желдеткіш таңдалынып алынады. Ал тартылу
ауаағарына электрқозғалтқыш қуаты 3,2 кВт, П.Ә.К.=0,7 болатын Ц4-70
маркалы желдеткіш таңдалынып алынады.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.
1. Желдеткіштерді қалай есептейді? 2. Құйылу желдеткіші қандай
факторларды қамтамасыз етеді? 3. Желдеткiштiң өнiмдiлiгiн қалай анықтаймыз?
4. Сығындыға желдеткiштiң өнiмдiлiгiн қалай анықтаймыз? 5. Құйылуға
желдеткiштiң өнiмдiлiгiн қалай анықталады? 6. Ауаағарлардың негізгі
теңдеулері қалай есептеледі?

Дәріс 15,16. Желдеткіштік және технологиялық қоқыстарды санитарлық
тазалау
Дәріс жоспары.
1. Қоқыстарды санитарлық тазалау.
2. Өндірістік калорифердің жіктелуі.
3. Жылу беру коэффициентінің негізгі теңдеуі.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда цехтар мен бөлімдерге келетін ауа ғана
емес, сонымен қатар олардан шығатын ауада, өнеркәсіп аймағындағы және оған
жақын жатқан тұрғын кварталдарға ауа ластануын болдырмау мақсатында
тазаланады.
Өнеркәсіптік бөлімдердің жалпы ауа алмасу желдеткіштерінен және
жергілікті ауа соры жүйесінен атмосфераға шығарылатын ауа, өнеркәсіптік
кәсіпорындарды жобалаудың санитарлық нормасына сәйкес СНиП2.03.05-86,
тазалануы және атмосфераға жайылуы керек.
Ауаны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz