Ағылшын тіліндегі диалект сөздердің жіктелуі


Ағылшын тіліндегі диалект сөздердің жіктелуі
Мазмұны
Кіріспе3
1 Ағылшын тілінің тілдік нұсқалары мен диалектілері6
1. 1 Ағылшын тілінің қалыптасу тарихы6
1. 2 Тілдік нұсқалар мен диалект сөздердің пайда болуы және олардың мәні12
1. 3 Диалект сөздердің әдеби стандарттан негізгі айырмашылықтары15
1. 4 Диалект сөздердің қолданылу аясы19
2 Ағылшын тіліндегі территориялық және әлеуметтік диалектілер32
2. 1 Диалектілердің негізгі түрлері және қоғамдағы маңызы32
2. 2 Территориялық және әлеуметтік диалектілердегі фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктер35
2. 3 Эссек аудандық диалектісінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық бірліктерінің ұлттық-мәдени тұрғыда қызмет етуі47
2. 4 Қазақстандағы шет елдер елшіліктерінің тілдерін зертеу, елшілік қызметкерлерімен сұхбаттасу және анализ жасау50
2. 5 Қазақстандағы шет ел азаматтарымен сұхбат53
2. 6 Қазақ пен ағылшын тілдеріндегі диалект сөздерге тән ортақ қасиеттер61
Қорытынды67
Қолданылған әдебиеттер тізімі70
КіріспеБүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру - бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» - деп айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді.
Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемелекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі зор. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарында шет тілін кәсіби деңгейде оқыту басты орында тұр.
Мәдениетті, жан-жақты, ұлтжанды, рухани дүниесі бай жастар тәрбиелеп шығару университеттің басты мақсаты. Жаһанданған заман елімізді барлық елдермен бәсекелесе дамуға итермелейді. Тілдің қажеті артқан сайын, сұраныс артқан сайын осы қажетті қамтамасыз ету үшін арнайы шараларда жиі ұйымдастырылып тұрады. Бәсекелестікте тек мықтылар ғана жеңіп шығады, ал бәсекеге шыдай алмайтындар жеңіліске ұшырайды. Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған еліміздің даму стратегиясында қазақ тілін өркендету мен шет тілдерді оқыту мәселесіне айрықша мән берілген. Шет тілін білу сән емес, заман талабы екені белгілі.
Ағылшын тілі (ағылш. English) - Үнді-Еуропалық тілдер жанұясының батыс герман тобына жататын тілі.
Герман тобына ағылшын тілінен басқа неміс, норуег, швед, недерланд т. б. тілдері жатады. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англо-Саксондардың тілі, бірақ жауланған келттердіңтілдері әсерін тигізген.
Ағылшын тілі - халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия, Канада және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.
Канадалық және шотландиялық диалектілерді зерттеу арқылы біз тілдің түпсіз терең тарихына үңіле отырып, оның пайда болу ерекшеліктерін, әдеби нормаларын, әр түрлі әлеуметтік және кәсіби сөйлеу тілдерін меңгереміз. Диалектикалық мәліметтерді есепке алудың өзі сөйлеу жүзіндегі және грамматикадағы ауытқуларды анықтатып қана қоймайды, сондай-ақ осы диалектілер сөздердің әр түрлі мағыналарын зерттеудің негізіне айналады.
Соңғы жылдары тіл мамандары диалектологияға аса мән беріп келуде. Диалектілерге қызығушылықтың түсуі жайдан-жай емес. Диалектілер бұрынғы жазба ескерткіштермен бірге, тілдің даму тарихының көрсеткіші болып табылады. Қандай да бір тарихи оқиға әсер еткен белгілі бір жағдайлардың әсерінен диалектілер әдеби тілде жоғалып кеткен сөйлеу ерекшеліктерін сақтап қалуы мүмкін. Кейде, керісінше, сөйлеу тілінде әдеби тілмен салыстырғанда дыбыстық дамудың деңгейі байқалады.
Диалектіні анықтау әдеби тілге оны қарсы қоюмен байланысты. Диалектика даму процесі туралы жан-жақты әрі терең мазмұнды ғылым ретінде негізгі заңдармен бірге категориялар жүйесін де қамтиды. Категориялар заттардың, құбылыстар мен процестердің жалпы әрі маңызды жақтарын, байланыстары мен қатынастарын көрсететін ғылымның негізгі түсініктері болып табылады.
Ағылшын тіліндегі диалектілердің саны өте көп. Тіпті, ағылшын тілінің әдеби нормасының өзі бірнеше нұсқалардан тұрады, біріншісі Британдық, екіншісі Американдық, сонымен қатар Канадалық пен Австралиялық, олардың әрқайсысында өздерінің диалектілерін бөліп көрсетуге болады.
Ағылшын тілінің диалектілерін екі деңгейге бөліп қарастыруға болады: біріншісі дәстүрлі түрде белгілі аудандарда, Лондон, Бирмингем, Нью-Йорк немесе Бостон сынды ірі қалаларда пайда болған диалектілер, екінші жағынан, ағылшын диалектілерінің біразы басқа тілдермен байланысқа түсу жағдайында пайда болды. Бұл деңгейге Ұлыбританияның ауданындағы шотландиялық, уэльстік және ирландиялық диалектілерді, бұрынғы британия колонияларының - мысалы, Индия, Сингапур, сондай-ақ АҚШ әртүрлі этномәдениеттер мен иммигранттардың диалектілерін - мысалы, афро-американдық ағылшын диалектілерін жатқызуға болады.
Осы орайда, зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазіргі кездегі ағылшын тілінің диалектілерін зерттей отырып, олардың қолданылу ерекшеліктерін салыстыру.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Бұл жұмыста ағылшын тіліндегі территориялық және әлеуметтік диалектілердің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктері қарастырыла отырып, эссек аудандық диалектісінің ұлттық-мәдени жағынан алғандағы ерекшеліктері зерттелінеді.
Зерттеу жұмысының жұмысының мақсаты: Ағылшын тілінің диалектілерінің пайда болуымен танысып, олардың тарихи, әдеби жағынан дамуын зерттеу, ағылшын тілінің диалектілерінің жасалу жолдарын қарастыру.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Ағылшын тілінің тілдік нұсқалары мен диалектілерін қарастыру;
- Диалект сөздердің әдеби стандарттан негізгі айырмашылықтарын зерттеу;
- Диалект сөздердің қолданылу аясын айқындау;
- Ағылшын тіліндегі территориялық және әлеуметтік диалектілерді салыстыру;
- Диалектілердің негізгі түрлері және қоғамдағы маңызын қарастыру;
- Территориялық және әлеуметтік диалектілердегі фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін зерттеу;
- Эссек аудандық диалектісінің фонетикалық, лекс икалық, грамматикалық бірліктерінің ұлттық-мәдени тұрғыда қызмет етуін зерттеу;
- Қазақстандағы шет елдер елшіліктерінің тілдерін зертеу, елшілік қызметкерлерімен сұхбаттасу және анализ жасау;
- Қазақстандағы шет ел азаматтарымен сұхбат жүргізу;
- Қазақ пен ағылшын тілдеріндегі диалект сөздерге тән ортақ қасиеттерін зерттеу.
Зерттеу нысаны ағылшын тілінің диалектілері болып табылады.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: ағылшын тілінің диалектілерінің ерекшеліктерін зерттеуде нақты материал, жан-жақты зерттеулер ұсынылады, ол кейін жалпы білім беретін мектептерде оқытудың кіші, ортаңғы және жоғарғы сатыларында қолданыла алады.
Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы: мұнда көрсетілген бақылаулар мен тұжырымдар ағылшын тіліне оқыту сабақтарында, жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тіліне үйретуде, ағылшын тілі мамандарын дайындауда қолданыла алады.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік басылымдардағы мақалалар қолданылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Ағылшын тілінің тілдік нұсқалары мен диалектілері 1. 1 Ағылшын тілінің қалыптасу тарихыГерман тілдері - Үндіеуропалық тілдер шоғырының бір тармағын құрайтын өзара туыстас тілдер тобы. Осы тілдердің ортақ «ата-тілі» - б. з. б. 1-ші мыңжылдықтың орта бөлігінде солтүстік Еуропада қолданыста болған протогерман тілі. Протогерман тілі мен одан өрбіп шыққан тілдердің барлығына бірегей тілдік ерекшеліктер тән, солардың ішіндегі ең танымалы - Гримм заңы деген атпен белгілі дауыссыздардың өзгерісі. Солтүстік Еуропаны мекендеген герман тайпалары ІІ-ші ғасырдан бастап римдіктермен шекаралас аймақтарда қоныстана бастаған кезден бері герман тілдерінің ең алғашқы түрлері де тарихқа енді.
Ағылшын тілі - халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады. Ағылшын тілі - БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі - дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үндіеуропа тілдерінің батыс герман тобына жатады. А. т. құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі [1, б. 36] .
Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да 20-ғ-дың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атынд. Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынпастар және әлем тілдері ун-тінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында Ағылшын тілі оқытылып мамандар дайындалды. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді. А. т-нің түп-төркіні 5-6 ғ-да құрлықтан Британ аралына қоныс аударған англ, сакс, ют тайпалары мен аралдағы байырғы кельт (бриттер) тайпаларының тілі болып саналады. А. т-нің даму тарихы ежелгі ағылшындық (7-11 ғ. ), орта (12-15 ғ. ) және жаңа (15 ғ-дан бері) дәуір болып үш кезеңге бөлінеді. А. т-дегі жазба ескерткіштер 7-8 ғ-дан белгілі. Ол уақытта ағылшындар руна жазуын пайдаланып, тасқа, ағашқа, сүйекке ойып жазған. 6-7 ғ-да ағылшындар арасында христиан дінінің таралуына байланысты руна жазуы қолданыстан шығып, латын әліпбиі қолданыла бастады. Ағылшындар латын әліпбиін ілгері дамытып, оған У, Ж және В әріптерін қосты.
1066 ж. Англияны нормандар басып алды да, мемл. тіл - француз тілі болып, Ағылшын тілі қарапайым халықтың сөйлеу тілі есебінде сақталды. 1476 ж. Англияда ағылшын тілінде кітап басып шығару басталды. Бұл жағдай Лондон диалектісі негізінде ағылшынның жазба әдеби тілін қалыптастырды. Ағылшын тілі британдық және американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық Ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге жіктеледі. 7-11 ғ-да англо-саксон тілінде 4 диалект болған: нартумбриялық, мерсиялық, уэссек және кент. Ағылшын тілінің басты ерекшеліктері:
а) фонетика жүйесінде дыбыстарының көпшілігі біресе созылыңқы, біресе қысқа айтылады. Осыған орай, Ағылшын тілінде сөз мағынасы бірсыдырғы өзгеріске түсуі мүмкін;
б) морфол. саласындағы өзгешелік: сын есім мен сан есімнің барлық жалғаулары, яғни септіктері, сондай-ақ, зат есім мен етістік аффикстерінің көбі бұл күнде тарихи өзгерістерге түскен. Соған орай, Ағылшын тілінде сөз бен сөзді байланыстыратын предлогтар, артикльдер, сондай-ақ көмекші етістік сияқты жаңа тұлғалар, формалар (морфемалар) пайда болған. Ағылшын тілінің жазу ережелері мен сөздердің айтылуында айырмашылықтар бар. Орфографиялық ережелер бойынша бұрынғы және қазіргі ағылшын тіліндегі дыбыстардың өзгерістері жазуда қатаң сақталады.
Ағылшын және неміс тілдері ең көп тараған герман тілдері болып табылады, оларда ана тілі ретінде сөйлейтіндердің саны тиісінше шамамен 400 және 100 миллион адамды құрайды. Бұл топқа басқа да ірі тілдер жатады: сөйлеушілер саны 23 миллион голланд тілі, 16 миллион адам сөйлейтін африкаанс тілі, ал солтүстік герман тілдеріне жататын төрт тіл: норвег, швед, исланд және фарер тілдерінде сөйлеушілердің жалпы саны - 20 миллион адам. SIL ұйымы құрастыратын Ethnologue тізімінде 53 түрлі герман тілдері келтірілген [2, б. 23] .
Герман тілдеріне төмендегі бірқатар қасиеттер тән:
1. Үнді-Еуропалық шақ және аспектжүйесінің қарапайымданып, осы шақ және өткен шақ (кейде ол претерит деп аталады) болып өзгеруі.
2. Етістіктердің үлкен тобының өткен шағы жалғау (/d/ немесе /t/) жалғануы арқылы жасалады. Бұндай етістіктерді герман әлсіз етістіктері деп аталады. Қалған етістіктердің өткен шағы оның негізіндегі дауысты дыбысты өзгерту арқылы жасалады. Олар герман күшті етістіктері деп аталады.
3. Күшті және әлсіз сын есім дегендерді қолдануы. Яғни зат есімнің анықтылығына байланысты сын есімдердің жалғауларының өзгеріп отыруы.
4. «Гримм заңы» деген атпен белгілі дауыссыздардың өзгеру құбылысы (Жоғары неміс тіліндегі дауыссыздар одан әрі өзгерді, бірақ оның себебі басқа, Жоғарғы неміс дауыссыздарының өзгеруі) .
5. Шығу тегін басқа Үнді-Еуропа тілдеріндегі сөздермен байланыстыру қиын, бірақ герман тілдерінің ішінде кең тараған бірқатар сөздердің болуы. Герман субстраты туралы жорамал дегенді де қараңыз.
6. Сөздердің екпінінің түбірге түсуі, одан кейін сөздің бірінші буынына түсуі.
Герман тілдерінің арасындағы айырмашылықтар басқа тіл шоғырларындағы, мысалы роман немесе славян тілдерінің ішіндегі тілдердің арасындағы айырмашылықтардан әлдеқайда көп. Тілдерде жалпы байқалатын аналитизмге деген үрдіс бойынша герман тілдерін де екі топқа бөлуге болады. Неміс, голланд, әсіресе исланд тілдеріндегі аналитизм деңгейі әлсіз, ал ағылшын, швед және африкаанс сияқты тілдерде аналитизм мейлінше күшті дамыған.
Герман филологиясы (Герман тілдерінің тарихы)
- Англия тілдері
- Батыс герман тілдері
- Ингвеон тілі
- Солтүстік-батыс герман тілдері
- Солтүстік герман тілдері
- Шығыс герман тілдері
Қайтадан қалпына келтірілген тілдер: Протогерман тілі
Өлі тілдер:
- Бургунд тілі
- Вандал тілі
- Гот тілі
- Көне ағылшын тілі
- Көне голланд тілі
- Көне гутни тілі
- Көне жоғарғы неміс тілі
- Көне норвег тілі
- Көне фриз тілі
- Қырым гот тілі
- Ломбард тілі
- Норн тілі
- Орта ағылшын тілі
- Орта голланд тілі
- Орта жоғарғы неміс тілі
- Орта төменгі неміс тілі
- Протонорвег тілі
Қазіргі тілдер:
-Ағылшын тілі
- Африкаанс тілі
- Голланд тілі
- Даниялық тілі
- Идиш тілі
- Исланд тілі
- Неміс тілі
- Норвег тілі
- Фарер тілі
- Фриз тілі
- Швед тілі
- Шотланд тілі
Диахроникалық ерекшеліктері:
-Вернер заңы
- Герман a-өзгеруі
- Герман субстраты туралы жорамал
- Герман умлауты
- Герман ызыңды заңы
- Гримм заңы
- Дауыстылардың ұлы өзгерісі
- Жоғары неміс дауыссыздарының өзгеруі
- Ингвеон назалдық спирант заңы
- һольцман заңы
Синхроникалық ерекшеліктері:
-Герман әлсіз етістіктері
- Герман етістігі
- Герман күшті етістіктері
- Грамматикалық тек өзгерісі
- Претеритті-презентті етістік
- Үнді-еуропалық аблаут
Тілдердің тарихтары:
- Ағылшын тілінің тарихы
- Ағылшын тілінің фонологиялық тарихы
- Голланд тілінің тарихы
- Дания тілінің тарихы
- Исланд тілінің тарихы
- Неміс тілінің тарихы
- Төменгі неміс тілінің тарихы
- Швед тілінің тарихы
- Шотланд тілінің тарихы
Көне фриз тілі - 4-ші - 5-ші ғасырларда Райн және Ельба өзендерінің арасында және Солтүстік теңіздің жағалауында қоныстанған халықтың 8-ші - 16-шы ғасыр аралығында сөйлеген тілі. Олардың бастапқы қонысы қазіргі солтүстік Алмания және Дания жерлерінде орналасқан. Ал сол аймақтың солардан бұрын бұрынғы тұрғындарының, яғни Тацитустың суреттеп жазған фризиялықтардың тілінің көне фриз тіліне қатысы анық емес. Көне фриз тілі даму барысында 16-19-шы ғасырларда қолданылған орта фриз тіліне айналды [3, б. 69] .
Бүкіл Орта ғасырлар кезеңінде Фрисландия қазіргі Белгияның жеріндегі Брюгге қаласынан солтүстік Алманиядағы Везер өзеніне дейін созылып жатты. Ол кездері фриз тілі Солтүстік теңіздің бүкіл оңтүстік жағалауында кең жайылған болатын. Қазіргі кезде ол аймақ Үлкен Фризия деп аталып, оның тұрғындары фриз мәдениетінің қалдықтарын сақтап келеді, бірақ көп жерлерде фриз тілі сақталмаған.
Солтүстік Алмания мен Данияның 4-ші ғасырдан бастап Англияда қоныстанған тұрғындары Фрисландияда қоныстанған халыққа мәдениет жағынан өте жақын болып, тілдері бірдей болды. Сондықтан көне фриз тілі мен көне ағылшын тілінің арасындағы ұқсастық ерекше байқалады. Орта ғасырлардың соңғы бөлігінде орын алған фонетикалық өзгерістер фриз және ағылшын тілдеріне әсер етті, бірақ көне саксон тіліне аз әсер етті, ал басқа батыс герман тілдеріне мүлдем әсер етпеді, сондықтан ағылшын және фриз тілдерінің өзара ұқсастығы арта түсті.
Фонологиясы және грамматикасы
Сол сияқты, кейбір дауысты дыбыстардың алдында тұрған /k/ дауыссызы /tʃ/-ға айналды. Мысалы, фриз тіліндегі tsiis («ірімшік») және tsjerke («шіркеу») сөздері дәл сол мағына беретін ағылшын тіліндегі cheese және church сөздері бір-біріне голланд тіліндегі kaas және kerk сөздеріне қарағанда әлдеқайда ұқсас. Англия мен Фрисландияда кең тараған мына бір мәтел екі тілдің арасындағы ерекше ұқсастықты одан әрі көрсетеді: «Bread, butter, and green cheese is good English and good Fries» - «Brea, bûter, en griene tsiis is goed Ingelsk en goed Frysk».
Көне фриз тілінде (ш. 1150-1550 жж. ) грамматикалық септіктер болған. Осы кезеңнен сақталып қалған құжаттардың кейбіреулері 12-13-ші ғасырларға жатады, бірақ көбі 14-15-ші ғасырларға жатады. Негізінен алғанда бұл заңгерлік құжаттар. Фриз тіліндегі ең алғашқы құжаттар 9-шы ғасырда жазылған; бірақ сол аймақта одан бұрынғы кезде жазылған руналық жазбалар да бар, олардың тілі де фриз тілі болып шығуы әбден ықтимал, бірақ олар көбінесе бірнеше сөзден тұратын сөйлемдер ғана.
Көне фриз мәтіндер жинағы
Латын тілінде жазылған кейбір құжаттарда жазылып алынған көне фриз адам есімдері және кейбір руникалық жазбалар сақталған. Тұтас мәтіндер 13-шы ғасырдан белгілі, әсіресе ресми құжаттар және заңдар. Олардың тілі стандартталғаны көрініп тұр [4, б. 64] .
Германистика.
Германистика (лат. germanus «германдық») немесе герман филологиясы - бұл герман тілдері мен әдебиетін, сонымен қатар фольклор мен Ескі мен Жаңа герман халқының мәдениетін зерттеп оқитын үндіеуропалық филологиясының облысы. Германистика - герман тілдер тобына жататын, соның ішінде неміс тілінің барлық көрінісінде танып білу, халықтардың тілдері мен мәдениетін зерттеп оқитын тілтанудың тағы бір бөлінісі. Қазіргі замандағы германистика герман тілдер тобына жататын ағылшын тілін танып білуде едәуір көңіл бөліп отыр.
Тарихы.
Романистика сияқты германистика да Орта ғасырда көбінесе гуманитарлық пән ретінде пайда болды. Бірақ, біраз уақыт бойы Еуропа тілтанушыларының назары романистикаға шынжырланған еді. Романистика - классикалық латын және романдық тiлдердiң арасындағы қатынастарды түсiндiретiн ғылым. Романистикаға деген қызығушылық XII-XIII ғасырлар аралығында өсті, әсіресе өмірге трубадурлар поэзиясы келгеннен бастап. Германистика ғылым ретінде тек қана XVI-XVII ғасырларда пайда болды. Бұл герман халықтарының бір-біріне деген қызығушылықтан және Еуропаның саяси-экономикалық орталығы Жерорта теңізінен солтүстіккке ауысқанынан басталды.
Германистика романистикаға қарағанда біршама өзгеше пәнді ұсынады, себебі герман тілдері роман тілдеріне қарағанда айқын жазып алынған ортақ арғы тегі болмаған еді. Өйткені, латынмен салыстырсақ, арғы герман тілі ауызша таралып еді. Бұл тұрғыдан қарайтын болсақ, германистика славистикамен(славян тілдерді зерттейтін ғылым) ұқсас еді.
Бұл салада көп еңбек сіңірген белгілі германисттер: Расмус Кристиан Раск және Якоб Гримм.
Расмус Кристиан Раск
Расмус Кристиан Раск (Расмус Христиан Раск немесе даттық Rasmus Christian Rask; 1787-1832) - даттық тілтанушы және ориенталист, үндіеуропалық және салыстырмалы-тарихи тілтанудың негізін салушылардың бірі болып табылады. Ол германистика, балтистика, иранистика, африканистика, ассириология тұрғысынан еңбектер жазды. Сонымен қатар үндіеуропалық және германдық қатаң дауыссыздарында аралық жүйелік сәйкестіктердің бар болуын ашты. 1826 жылы Авеста тілінің көне екеінін және Санскритпен жақын туыстас екенін дәлелдеді. Сына жазуының бірқатар мәтіндерінің шифрын анықтады [5, б. 31] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz