Түс мағынасын білдіретін фразеологиялық бірліктердің ерекшеліктері


Түс мағынасын білдіретін фразеологиялық бірліктердің ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе4
1 Түс мағынасын білдіретін фразеологиялық бірліктердің даму тарихы мен теориялық негіздері7
1. 1 Түс концептісіне жүгінудің мәні7
1. 2 Түс мағынасын білдіретін ағылшын және қазақ мәдениеттеріндегі фразеологиялық бірліктердің мағынасы19
1. 3 Түс мағынасын білдіретін фразеологиялық бірліктердің сипаттамасы және олардың ауызекі тілде қолданылуы24
Бірінші бөлімге қорытынды41
2 Түс мағынасын білдіретін фразеологиялық бірліктердің ағылшын мәдениетінді қолданылу ерекшеліктері42
2. 1 Түс мағынасының элементі семантикасында болатын ағылшындық фразеологиялық бірліктердің қазақ тіліне аударылу әдістері42
2. 2 Түс мағынасын білдіретін ағылшын тіліндегі фразеологиялық бірліктердің көркем шығармаларда қолданылуы51
2. 3 Шекспир шығармаларындағы түс мағынасын білдіретін фразеолгиялық бірліктердің жіктелуі55
Екінші бөлімге қорытынды62
Қорытынды64
Қолданылған әдебиеттер тізімі67
КіріспеЗерттеу тақырыбының өзектілігі: Бүгінгі таңда адамзат тарихының шексіз өрлеп, кемелденген заманында мәдениет пен өнер, саясат пен тіл салаларында халықаралық қатынастың дамып, жанданған уакытында салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімі ең өзекті де көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. Олай дейтініміз, тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеу әр тілдің өрнек бояуын, ұлттық ерекшелігін, қайталанбас қасиетін танып білуге жол ашады. Салғастырмалы тіл білімі мәдениетаралық қатынастың төрінен орын алып, халықтардың бір-бірімен түсінісу барысын жүзеге асыруға кеңінен ат салысады.
Еліміздің өркениетті, экономикасы жоғары дамыған елдер қатарына косылуының бір кепілі - ана тіл тағдырына камқорлық.
Қазақ тілін басқа да шетел тілдерімен салғастыра карастыруды дамыту - ана тіліміздің қолданылу аясының кеңейіп, мемлекеттік тіл ретіндегі статусы мерейінің үстем болуына үлкен әсер ететіні сөзсіз.
Тақырыптың өзектілігі тілдегі түс мағынасын білдіретін фразеологиялық бірліктердің көптеген сұрақтардың өңделмей қалуына негізделген. Берілген мәселені жетілдіру фразеологизмдердегі этникалылықты зерттеу, ағылшын, қазақ тілдеріндегі әлем тілдерінің ерекшеліктерін, механизмдерін анықтау үшін табысты болып келеді. Түс мағынасын білдіретін фразеологиялық бірліктерді салыстырудың теңдесі жоқ әдісін ойлап табудың қажеттілігі туындауда.
Қазірде лингвистиканың құрылымдық, яғни тілді өз жүйесі ішінде ғана зерттеу парадигмасының антропоцентристік қағида негізінде - сол тілдің иесі болып табылатын адаммен, оның функционалды қолданыс табатын әлеуметтік орта, тарих, мәдениет пен танымдық процестермен байланыстыра зерттеу үрдісінің нәтижесі болып табылар соңғы он жыл көлемінде тіл мен мәдениеттің өзара байланыс механизмдері мен жалпы ұлттық дүниетаным, ұлттық мәдениеттің тілдегі көрінісін зерттейтін лингвомәдениеттану ғылымы пайда болды.
Тілдік мәселелерді басқа ғылым салаларымен байланыстыра қарастыру ауқымы кең зерттеулерге жол ашып, ғылыми нәтижелерге қол жеткізді. Осындай интегративті пәнаралық бағыттың бірі - XX ғасырдың екінші жартысында пайда болған лингвомәдениеттану ғылымы.
Жалпы тіл мен мәдениеттің арақатынасы туралы мәселелер түрлі деңгейде философтардың Платон, И. Гердер, Э. Кант т. б. еңбектерінде қарастырылған. Бертін келе, В. фон Гумбольдт, Э. Сепир, Б. Уорф, Кассирер, Л. Вайсгербер зерттеулерінде ғылыми ізденіс дәрежесінде көрініс тапты. Кеңестік орыс ғалымдары: А. Потебня, Н. Топоров, В. В. Иванов, А. Толстой еңбектерінде, қазақстандық Ә. Қайдаров, Р. Сыздық, Е. Жанұзақов, Ж. Манкеева т. б. ғылыми еңбектерінде этнолингвистикалық бағытта зерделенеді.
Концептілер - ұлттық танымның бір көрінісі сондықтан да ғалымның лингвокогнитивтік моделі болып саналады.
Концепт қандайда бір ауқымды идеяның сан алуан күрделі ұғым түсініктердің суретті сипаттамалары. Оның мазмұндық құрлымы тіл мен бейнелі ойлау заңдылықтарының сабақтастығынан туындайды.
Концептілік мәнге ие тілдік бірліктердің, концептілердің ішкі құрылымын мәдени танымдық ақпараттар көзі деуге де болады. Себебі онда мәдениет қалдыратын «іздер» - мифтер, архетиптер, салт-дәстүрлер, тарихи оқиғалар мен материалдық мәдениеттің элементтері көрініс табады.
Белгілі бір концептілердің ұлттық танымдық мәдени ақпараттық ішкі құрылымының мазмұнын ой елегінен өткізу «зат пен құбылысқа атау берудің тілден тыс себептерін ашып көртсетуді, атауға негіз болған заттың (құбылыстың) негізгі белгі қасиетін анықтауды басты міндет ететін», лингвистика ғылымындағы номинация теориясымен өзара сабақтастықта қарастырылады.
Дегенмен де ой-санада жинақталған білімнің уақыт талабының еншісі мен ақпарат құрылымының дамуына байланысты когнитивтік бірлік-концептіні ұғымнан ажырату, оны бір тұжырымға келтіру зерттеуді талап етеді. «Концепт» туралы пікір әр жақты. Олай дейтініміз, жарық көрген материалдарда концепт туралы бір-біріне жуық, бірақ өзіндік ерекшеліктерімен бірнеше көзқарастар, ережелер кездеседі.
Түс феномені - негізгі ғылымдардың зерттеу пәні мен көптеген өнер түрлерінің құрам бөлігі. Алайда түс әлі күнге дейін қандай да бір ғылымның немесе толық бір бағыттың шеңберінде жалпы концепциясына ие бола қойған жоқ. Түс қоғамның өмірінде үлкен мәнге ие.
Жұмыстың мақсаты: түс мағынасын білдіретін фразеологиялық бірліктердің ағылшын мәдениетінде қолданылу ерекшеліктерін зерттеп, осы мәдениеттердегі түстің мәндерін ашу.
Қойылған мақсатқа келесі міндеттерді орындағаннан кейін ғана жетуге әбден болады:
- Түс мағынасын білдіретін фразеологиялық бірліктердің даму тарихы мен теориялық негіздерін зерттеу;
- Түс концептісіне жүгінудің мәнін ашу;
- Түс мағынасын білдіретін фразеологиялық бірліктердің сипаттамасы және олардың ауызекі тілде қолданылуын қарастыру;
- Түс мағынасын білдіретін ағылшын және қазақ мәдениеттеріндегі фразеологиялық бірліктердің ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу объектісі: ағылшын және қазақ мәдениеттеріндегі түс мағынасын білдіретін фразеологиялық бірліктердің қолданылу ерекшеліктерін талдау.
Зерттеу пәні: ағылшын және қазақ мәдениеттеріндегі түс мағынасын білдіретін фразеологиялық бірліктер.
Берілген зерттеу жұмысы әр түрлі типтегі сөздіктерді талдау, түс мағынасын білдіретін фразеологиялық бірліктердің мәндеріне салыстырмалы түрде талдау жасау, көркем шығармалардағы осы сөздердің қолданылуын зерттеу әдістеріне негізделген.
Жұмыстың теориялық құндылығы: мұнда көрсетілген бақылаулар мен тұжырымдар ағылшын, қазақ фразеологизмдері туралы мәліметтерді күнделікті қолданысқа енгізуге мүмкіндік береді. Бұл «Тілдегі адам факторы», «Тіл мен мәдениет», «Тіл мен менталитет» мәселелерімен жұмыс істейтін лексикологтар, лексикографтар тілдің, мәдениеттің теоритиктері үшін маңызды болып келеді.
Жұмыстың практикалық құндылығы мынаған негізделген: зерттеудің нәтижелері идеографикалық сөздік жасау кезінде, ағылшын, қазақ лексикалық, практикалық курстарында, жалпы тіл білу бойынша саласында, мәдениеттануда, паремиология туралы арнайы курстар мен арнайы семинарларда, дипломдық, курстық жұмыстарда қолданыла алады.
Бұл жұмыстың теориялық мәні зор, алайда оның нәтижелері қазақ тілі мен ағылшын тілін оқыту сабақтарында қолданыла алады.
Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.
1 Түс мағынасын білдіретін фразеологиялық бірліктердің даму тарихы мен теориялық негіздері 1. 1 Түс концептісіне жүгінудің мәніТүс феномені - көптеген негізгі ғылымдардың және өнердің зерттеу нысаны болып табылады. Алайда әлі күнге дейін түс қандай да бір ғылымның немесе бір бағыттың шегіндегі жалпы концепциясы жоқ.
Психологияның көзқарасымен алғанда, түстік сезінулер - бұл мидың және көздің түстік жиілік тербелістерге өзіндік реакциясы болып табылады: «Әлем түссіз, түстер табиғатта жоқ, қандай да бір шындық туралы әсер бар. Осының нәтижесінде түстік қатардың шынайылығы елес болып көрінеді».
Бас миының оң және сол жартышарларымен жасалатын түстік модельдер сәйкес келмейді - бас миының жартышарлары әр түрлі спектрлерді дұрыс санайды және принципиалды т. һүрде әр түрлі түстерлі береді:
1) бас миының оң жартышары табиғатынан спектрдің ұзақ толқынды бөлігіне бағытталған (қызыл) және сезімдік қабылдаумен байланысты түстік картинаны береді;
2) бас миының сол жартышары спектрдің ортатолқындық бөлігіне бағытталған (көк) және түсіндірмелік кешенмен байланысты түстік картинаны береді.
Түстің парадоксы мынада: түс әлемді танудың логикалық және сезімдік-бейнелік амалдарын біріктіреді. Түстің бұл сипаттамасы философия үшін маңызды, өйткені түсті бұл жағдайда вербалды еместің (ойлаудың сезімдік-бейнелілігі) вербалдылыққа аудармасы ретінде қарастырады [1, 78] .
Сонымен қатар, психологтар түсті адамның эмоцияларымен байланыстырады: әр эмоцияның түстік кеңістікте өзінің алатын орны бар, яғни әр эмоция белгілі бір түске сәйкес келеді, ал әр түс қатаң бір белгілі эмоцияларды шақырады.
Упорова С. Атап өткендей, лингвистикада түсті білдіруші лексикаға жүйелік әдіс әлі ойлап табылмаған. Келесілер маңызды болып келеді:
1) түсті білдіретін сөз алғашқыдан бастап эмоциялық боялған, ол жай ғана түсті білдірмейді, ол сонымен қатар біздің оған деген қатынасымызды білдіруге тырысады;
2) түс эксплицитті (түсі бойынша түсті немесе белгіні тура атау) және имплицитті (дәстүрдің деңгейінде тұрмыста немесе мәдениетте түстік белгісі бекітілген затты атау жолымен) беріле алады.
Түс мәдениеттің константаларының бірі немесе мәдениеттің принциптерінің бірі, ол тек қана жалпы емес, сондай-ақ ұлттық боялған мәдени мағыналардың концептілердің мәдени санадағы дамудың, қалыптасудың, бекітілудің өзіндік моделі болып табылады. Мәдениеттің көптеген құбылыстары түстің мәнін есептеусіз түсіндіріле алмайды.
Түс қоршаған ортаның колориттері, халықтың тарихи жолы, этникалық мәдениеттердің өзгешелігі, әлемнің көркем көріністерінің ерекшеліктері туралы теңдесі жоқ мәліметтерді бекітетін мәдениеттің негізгі категорияларының бірі болып табылады. Түс мәдениеттің компоненті болғандықтан, ол жүйелік ассоциациямен қоршалған, мағыналық мәндерден, түсініктемелерден түс әр түрлі адамгершілік-эстетикалық құндылықтардың көрінісіне айналады.
Түс мәдениетте ерекше рөл атқарады. Түс әр түрлі ассоциациялармен байытылған, тілдік және әлеуметтік мәдени тәжірибеде бекітілген, эмоционалдылық ретінде көріне алады. Түсте адамның қоршаған орта құбылыстарына қарым-қатынасы көрінеді. Түс мәдениеттің мазмұндық элементі ретінде қызмет етеді, орың көмегімен заттарды, әлеуметтік қондырмаларды, адамгершілік-эстетикалық түсініктерді сипаттауға, жүйелеуге болады.
Концептіні ұжымдық санадағы белгілі бір тілдік мәдениетте көрінуші ментальдық-мағыналық әлеуметтік-психологиялық туынды ретінде қарастырамыз, ал берілген жұмыста біз лингвомәдени ұстаным жағынан әр түрлі мәдениеттердегі түс концептісінің қалыптасуын анықтауға тырысамыз, соның ішінде ағылшын және қазақ мәдениетіндегі, сондай-ақ қазақ және ағылшын этномәдениеттеріндегі лексикалық түсті білдіруші сөздердің дамуын анықтауға тырысамыз. Бізді берілген халықтар түстерді қалай ажырататыны қызықтырады. Белгілі болғандай, әр халықтың өзіндік ойлау жүйесі бар. Алайда барлық халықтарға бірдей құндылықтар бар (мысалы, өмір, үй, отбасы) . Осы құндылықтардың бәрі ұлттық бейнені немесе әлемнің моделін жасайды.
Түсті қабылдаудың тілдік жүйесі ғылымидан өзінің антропоцентрлік күші бойынша ерекшеленеді: біз объектілердің түсін қалайша сипаттауымызға қабылдаудың физикалық және психологиялық заңдары, әлем туралы танымдар, қабылданатын объектілердің функционалдық қолдануы туралы ережелер әсер етеді [2, 103] .
Әр халықтың ерте заманнан бастап түс әлемді ойлаудың ең негізгі құралдарының бірі болып табылады. Ол табиғаттағы маңызды және адамдағы құнды белгі ретінде қызмет етті. Бірақ уақыт өте келе түстік бейнелер танымдық мәнін жоғалтты және эстетикалық, рухани мәнге ие болды, ал түстің өзі адамның ішкі әлемін көрсететін болды.
Уақыт өте келе, символдық мағынада түсті қолданудың аясы кеңейді. Түстер кеңістікті, уақытты сипаттау үшін қолданыла бастады, белгілі әлеуметтік топтардың белгісіне айналды.
Түс концептісін толықтай түсіну үшін берілген категория туралы білімдердің құрылымы мен жиынтығын көрсетуші модельді құрастыру керек. Бұл үшін когнитивтік немесе ойлау моделін жасайық. Е. Г. Белявскаяның ойынша, когнитивті модель адамның ойлауының терең құрылымына жатады, ол тілді ұстанушылармен қабылданбайды, тілдік интуицияның негізі болып табылады. Когнитивті модельдің үш деңгейі бар:
- гештальды репрезентацияның деңгейі, яғни түс концептісі қалай ойланады. Берілген деңгейде «түс» концептісін зерттеуде әлемнің мифопэтикалық моделін көрсетуші концептуалды сызбаларды анықтау керек.
- концептуалды өріс деңгейі. Концептінің бейнелік моделі ұлттық әлемді қабылдауда қалыптасқан білім мен түсініктерді анықтауға ықпал етеді. Білім мен түсініктердің негізінде концептуалды өріс жасалады, оның құрамына келесідей параметрлер кіреді:
- Түс кеңістіктік ориентир тәріздес (жоғары-төмен)
- Түс уақыттың параметрі тәріздес
- Түс сезімнің объектісі тәріздес (жақсы-жаман)
- Түс таным мен ойлаудың объектісі тәріздес
- Түс әлеуметтік параметр тәріздес.
- семантикалық жалпылаулардың деңгейі. Берілген деңгейде қандай да бір тілге тән семантикалық жалпылануларды анықтау керек.
Осылайша, концептіні модельдеу түсті білдірудің метафорикалық қолдануларын шақырушы семантикалық механизмдерді анықтауға көмектеседі [3, 52] .
Түр-түске қатысты сөздер «сапалық сын есім» деп аталатын категорияда қамтылды. Қазақ тілінде бұған қатысты мәселелер І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов, М. Балақаев, С. Аманжолов, Ғ. Мұсабаев, т. б. қазақ тілі мамандарының еңбектерінде талданды. Күрделі сөздер тақырыбында түске қатысты күрделі аталым А. Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алып, 30-жылдардың ішінде Қ. Жұбанов, Н. Т. Сауранбаев, К. Аханов, А. Ысқақов, А. Ермеков, Г. Жаркешева, Ж. Шәкенов еңбектерінде күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар жайындағы мәселелер жан-жақты қарастырылған. Профессор Н. Оралбаева күрделі ұғымды білдіретін біртұтас лексикалық мағына деген ұғымды күрделі сөздің табиғатын айқындайтын, қасиетін ашатын негізгі ұстаным деп көрсетеді. Күрделі аталымның лингвистикада көкейкесті мәселелердің бірі болып, өз деңгейінде шешімін таппай келе жатқандығын профессор Б. Қасым атап өтіп, күрделі атаудың 1) бір заттың атауы (аталым қызметі), 2) біртұтас мағынаны білдіруі, сөзжасамдық мағына қызметі, 3) сөйлемдегі қызметі тұрғысында үш қағиданың тоғысуынан заттық ұғым атауы қалыптасатынын көрсетті [4, 100] .
Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілінің тілдік материалдары түр-түс атауларының негізгі доминант (атауыш) мағынасынан басқа да семантикалық ерекшеліктері мен олардың халық дүниетанымына, тіршілігіне қатысты әр түрлі символдық мән-мағыналары да өз алдына зерттеу нысаны бола алатынын көрсетеді. Алайда, түркологияда, қазақ тіл білімінде түр-түс проблемасын жан-жақты, түркі тілдерінің фактілері негізінде тұлғалық-мағыналық ерекшеліктерін аша отырып зерттеген еңбектер көп емес. Түр-түс атауларының семантикалық ерекшеліктеріне алғаш рет көңіл бөліп зерттеген академик А. Н. Кононов болды. Ғалымның осы мәселеге қатысты «Семантика цветообозначений в тюркских языках», «Способы и термины определения стран цвета у тюркских народов», «О семантике слов «ақ» и «қара» в тюркской географической терминологии» атты ғылыми зерттеулері жарық көрді. Қазақ тіл білімінде түр-түс атауларын бұрынғы зерттеулерден мүлдем басқа тұрғыда қарастырып, олардың табиғатына тән ерекшеліктерді халқымыздың тыныс-тіршілігімен, салт-санасымен, эстетикалық талғамымен байланыстыра зерттеп, түр-түстер табиғатын басқа қырынан танытқан ғалым - академик Ә. Т. Қайдар [5, 45] .
Қазақ тілінің табиғатына тән бір ерекшелік: көптеген түр-түс атауларының шығу төркіні бүгінде белгісіз. Олардың кейбіреуін этимологиялық жолмен анықтауға болса да, кейбіреулерінің құпия сырын ашу мүмкін емес. Мәселен, ақ, боз, сұр, көк, кер, ала тәрізді бір буынды түр-түс атауларын талдап, анықтап жатудың қажеті де жоқ сияқты көрінеді. Өйткені бұлар одан әрі жіктеуге, морфемаларға бөлшектеуге келмейді. Бұл атауларды көне түркі заманынан бері келе жатқан байырғы ілкі түбірлер санатына жатқызуға болады. Көптеген түркі тілдерінде кездесетін бұл сөздердің түстік мағынасы да көне болса керек. Мысалы: ақ сөзі түркі тілдерінде ақ//ах//ағ//а:қ формасында қолданылып, бір-біріне жақын үш топ мағынаны аңғартады: 1) «ақ» деген негізгі түстік мағына («белый») ; оның төңірегіне: ақшыл, көздің ағы, жұмыртқаның ағы, т. б. мағыналар туған; 2) «ақ» сөзінің ауыс мағыналары: кіршіксіз таза, кінәсіз, ақжүрек, адал; 3) керемет, тамаша, ғажайып. Ақ сөзінің этимологиясы жөнінде, оның заттық не түстік негізі жайында ХХ ғасырдың өзінде-ақ түркологтар арасында әртүрлі пікірлер қалыптасты.
Тарихшы ғалым Х. Көктәнді «ақ» сөзінің ежелгі нұсқасы ретінде «су» сөзіне де үлкен мән береді: «Су - ақ деген сөз. Судың ақ деген мағынаны білдіретінін көптеген деректер айғақтайды. Жапондарда да су дыбысталуы ақ мағынасын білдіреді екен. «Ақ сунбу - ақ-ақ биік» болып аударылады. Сырдария өзенінің «Авеста» кітабындағы атауы - Ардвисур. Бұл өзеннің ежелгі аты - «таза ақ құндар өзені» деген мағына берген. «Су» сөзінің «ақ» мәнін білдіретіндігіне тағы бір мысал: Сурманақ - жалайыр тайпасының Шыңғыс хан заманындағы бір тармағы, екінші тармағы - Шуманақ. Жалайырлар үлкен екі тармаққа бөлінген. Алғашқы тұлғалық атауы Су-ман, кейін Суман (мәні ақ деген мағынада), түсініксіз болған соң, алғашқы мағынасын калькалық тәсілмен көшіре аударып ақ сөзін қосқан, содан кейін Сурманақ болып шыққан. Шуманақ тармағы атауы да осындай тарихқа ие. Тұнғыс-манчьжур тілінде «су» сөзі «чуу» дыбысталуында сақталып, «өте» мағынасын берген.
Енді бірқатар ғалымдар Қ. Ғабитханұлы, Т. Жанұзақов «ақ» сөзінің шығу төркінін «ай» космонимімен сабақтастырып, оның фонетикалық өзгерісінің схемасы ајаs>аја>ај болуы мүмкін деп болжайды. Мұның дәлелі ретінде түркі тілдерінде үнемі қолданылатын «ай йузлүк» тіркесінің мағынасына тоқталады. «Ай» атауын «ақ» сын есімімен байланысты қарауының негізі бар. Сөздердің тілдегі қолданысы мен оның беретін мағынасына қарасақ, расында да «ай» атауы о баста заттың сын-сипатын білдіретін сөз болғанға ұқсайды [6, 32] .
Тіліміздегі ал қызыл, ал қара, ал сары т. б. тіркестер құрамындағы «ал» сөзі көне түбірлердің бірі болып табылады. Бұл сөздің төркіні туралы да біржақты пікір жоқ. Кейбір авторлар «ал» сөзі монғол тіліндегі «гал» («от») сөзімен байланысты деп қараса, енді бір тобы түркі тіліндегі жалын, ялкун, йалун сөзінің түбірі жал//ял//һал деп қарайды. Сөз басындағы дауыссыз дыбыстардың (г//ж//й//һ) түсіп қалу заңдылығын ескерсек, «ал» сөзінің бастапқы заттық негізі «от», «оттың жалыны» болуы мүмкін.
Қазақ және басқа түркі тілдеріндегі қызыл мен жасыл сөздерінің түбірі «қыз» бен «жас» деген пікір көптен бері айтылып келеді. Сондағы ғалымдардың дәлелі: бұлардың екеуі де - ыл - іл моделі негізінде бүгінде жеке-дара қолданылмаса да, бөліп алып қарауға болатындығы. Ал белгілі топономист Е. Қойшыбаев қызыл сөзін тіліміздегі қысыл (тар, қысылу) етістігімен байланыстырады. Ғалымның мұндағы сүйенетін дерегі - Жоңғар және Іле Алатауларындағы шатқал аты - Қызылауыз («узкие ворота» мағынасында) . Бірақ та көптеген ғалымдардың пікіріне сүйенсек, жоғарыдағыдай, қызыл сөзінің түбірі - қыз: бірде етістік («краснеть», «пламенеть»), бірде сын есім мағынасында («красный», «багровый») екіұдай қолданылған екен.
Көк сөзінің көкшіл, көгірек деген түстік мағыналарына орнығуы адам танымы арқылы танылған зат пен құбылыстардың танымдық құрылымы арқылы берілетін бейненің ортақ сипатымен байланысты. Аспанды көк деп атап, көк тәңірге табынған, көк бөрінің ұрпағы саналған түркі тектес халықтардың танымында аспанның түсі барлық осы түстес белгілерге атау ретінде берілген. Неге аспан деп аталынбаған деген сұраққа «аспан» сөзінің өзі таза түркілік емес, әрі қолдану уақыты да кейін енген деуге болады. Көк сөзі - түркі тектес халықтарға ортақ сөз. Заттық мәндегі көк (аспан) пен түр-түс атауы көкті синкретикалық түбір деп қарастырып жүр [7, 58] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz