Атқарушы биліктің нормашығармашылық қызметінің құқықтық негіздері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«КАЗГЮУ Университеті» АҚ
Атқарушы биліктің нормашығармашылық қызметінің құқықтық негіздері
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАСЫ
мамандығы - «»
Астана 2016
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«КАЗГЮУ Университеті» АҚ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
«__» 20__ ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы : «Атқарушы биліктің нормашығармашылық қызметінің құқықтық негіздері»
мамандығы - «»
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:
Астана 2016
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
«__» 20__ ж.
Диплом жобасын дайындаудың күнтізбелік жоспары
Студенттің (студенттердің)
қолы
Диплом жұмысының ғылыми жетекшісі
(Аты-жөні, лауазымы мен қолы)
Жоспарды орындауға:
қабылдадым (Аты-жөні, лауазымы мен қолы)
Мазмұны
Кіріспе6
1 Қазақстан Республикасының нормашығармашылық қызметіндегі атқарушы биліктің орны мен рөлі8
1. 1 Атқарушы биліктің ұйымдастырушылық құрылымы мен құзыреттілігі8
1. 2 Нормашығармашылық қызмет жүйесінің қалыптасуының тарихы мен атқарушы биліктің басқа Қазақстан Республикасының органдарымен өзара әрекеттесуі15
А тұжырымы19
2 Қазақстан Республикасының республикалық және жергілікті деңгейдегі атқарушы биліктің нормашығармашылық қызметінің негіздері21
2. 1 Атқарушы биліктің республикалық деңгейдегі нормашығармашылық қызметі21
2. 2 Атқарушы биліктің жергілікті деңгейдегі нормашығармашылық қызметі28
Б тұжырымы34
3 Атқарушы биліктің нормашығармашылық қызметінде туындайтын мәселелер мен оны шешудің жолдары36
3. 1 Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің қызметінің ерекшелігі мен оны шет елдердің тәжірибесімен салыстыру36
В тұжырымы53
Қорытынды55
Қолданылған әдебиеттер тізімі59
КіріспеЗерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен өзгеруде, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуірі, күн өткен сайын күш алып барады. Соған сәйкес жаңа яғни бұрын сирек кездесетін қылмыстар орын алуда. Бірақ қылмыстың аты-қылмыс болғандықтан, бұл жерде қоғамға қауіптілік немесе құқыққа қайшылық бар. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, әлемде орнын нақтылауда. Қазақстан құқықтық мемлекет құру жолында.
Атқарушы билік органдары - мемлекеттік биліктің осы тармағын жүзеге асыратын негізгі субьект. Онсыз мемлекеттік - басқарушылық қызметті іс жүзінде жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік-құқыктық мәртебесі көпшілігінде нақ осындай мемлекеттік органдардың қызмет аясында шындыққа айналады. Атқарушы органдардың қызметінің түрлері өмірге нормашығармашылық қызмет арқылы жүзеге асырылады.
Атқарушы биліктің міндеттемесіне белгілі бір саладағы нормативті реттеуді өмірге келтіру кіреді. Атқарушы биліктің қызметін ұйымдастырудың мақсатында органның жетекшісі қолдануға міндетті және заңнамаға сәйкес келетін бұйрықтарды шығаруға, нормативті-құқықтық актілерді бекітуге, олардың өмірге келтірілуін ұйымдастыруға және бақылауға құқылы.
Сонымен бірге, жетекші заңнамаға қайшы келетін лауазымды тұлғалардың қаулыларын жоя алады. Атқарушы билік өзінің міндеттемелері мен құқықтарын жүзеге асыра отырып, атқарушы биліктің басқа органдарымен әрекеттеседі. Атқарушы биліктің орталық органы заңнамалық актінің жобасын дайындауға және белгілі салада дайындыққа қатысуға құқылы.
Ағылшын саксондық құқықтық мемлекеттерде министрлер делегирленген нақты парламенттің міндеттемелерінің негізінде барлық азаматтарға қатысты нормативтік актілерді шығарады.
Континенталдық құқық жүйесінің мемлекеттерінде мұндай актілер регламенттелген биліктің негізінде шығарылады. Олар парламентке хабарлануы қажет. Постсоциалисттік мемлекеттерде министрліктер мен ведомствалардың нормативтік актілері Әділет Министрлігіне тіркелуі үшін ұсынылуы қажет.
Атқарушы биліктің жағдайына сәйкес, осы органдар тек олармен ұсынылған құқықтармен ғана нормативтік актілерді шығарып қоймай, сонымен бірге олардың құзыреттілігіне кіретін қызметтерді жүзеге асыру үшін шығарады. Атқарушы биліктің нормашығармашылық құзыреттілігі олардың қызметінің бағыттарымен, міндеттерімен, ұйымдастырылуымен сәйкес келеді. Атқарушы биліктің нормашығармашылық қызметі жалпы құзыреттілігіне сәйкес келеді деп айтуға болады. Зерттеу жұмысы табырыбын осы аталған жағдайлар өзекті ете түседі.
Ал дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің нормашығармашылық қызметінің ерекшеліктерін зерттеу, құқықтық негізделуін талдау.
Аталған мaқcaтқa табысты қοл жeткiзy үшiн келесі мiндeттepдi шeшy кepeк:
- Қазақстан Республикасының нормашығармашылық қызметіндегі атқарушы биліктің орны мен рөлін зерттеу;
- Атқарушы биліктің ұйымдастырушылық құрылымы мен құзыреттілігін айқындау;
- Нормашығармашылық қызмет жүйесінің қалыптасуының тарихы мен атқарушы биліктің басқа Қазақстан Республикасының органдарымен өзара әрекеттесуін зерттеу;
- Қазақстан Республикасының республикалық және жергілікті деңгейдегі атқарушы биліктің нормашығармашылық қызметінің құқықтық негіздерін талдау;
- Атқарушы биліктің республикалық деңгейдегі нормашығармашылық қызметін қарастыру;
- Атқарушы биліктің жергілікті деңгейдегі нормашығармашылық қызметін зерттеу;
- Атқарушы биліктің нормашығармашылық қызметінде туындайтын мәселелер мен оны шешудің жолдарын қарастыру;
- Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің қызметінің ерекшелігі мен оны шет елдердің тәжірибесімен салыстыру.
Зepттey жұмыcының пәнi. Атқарушы биліктің нормашығармашылық қызметінің құқықтық негізделуі.
Жұмыcтың құpылымы зepттeyдiң мaқcaты мeн мiндeтi apқылы aнықтaлaды. Жұмыc кipicпeдeн, үш бөлiмнeн, қοpытындыдaн, қοлдaнылғaн әдeбиeттepдeн тұpaды.
1 Қазақстан Республикасының нормашығармашылық қызметіндегі атқарушы биліктің орны мен рөлі 1. 1 Атқарушы биліктің ұйымдастырушылық құрылымы мен құзыреттілігіАтқарушы билік органы деп билікті бөлу принципіне сәйкес мемлекеттің тапсыруымен қоғамның шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік саяси өмірінің әр түрлі салаларында атқарушы өкім етуші қызметті нақты жүзеге асыратын мемлекеттік биліктік механизм буыны деп түсіндіріледі. 1
Атқарушы билік органдарының жүйесіне орталықтандыру қағидаты, яғни төмендегі тұрған органдардың жоғарғы тұрған органдарға бағыныштылығы тән. Ол атқарушы биліктің әрбір органының өкілеттіктерінің көлемін заңнамалармен айқындап белгілеген кезде осы жүйенің тұтастығынан туындайды. 2
Қазіргі кезде атқарушы билік органдарының жүйесі мыналардан тұрады: ҚР Үкіметі, ҚР министрліктері, ҚР агенттіктері, ҚР министрліктерінің комитеттері, әкімдіктер, өзге органдар.
ҚР Үкіметі ҚР-ның мемлекеттік билігінің жоғарғы атқарушы органы, оның құқықтық жағдайы ҚР Конституциясымен (64-70 баптар) ; «ҚР Үкімет туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңмен белгіленген. 3 ҚР Үкіметі ҚР-да атқарушы биліктің біртұтас жүйесін басқаратын алқалы орган. ҚР Премьер-Кеңесінің басшысы Үкімет мүшелері болып табылады, Президент Конституцияда қаралған тәртіппен Премьер-Министрді тағайындайды. Премьер-Министр өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгізеді. Үкіметтің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.
ҚР Үкіметі атқарушы билік органдарының қызметіне басшылық жасайды және олардың жұмысына бақылау жасауды жүзеге асырады. Республика деңгейіндегі атқарушы билік органдары Үкіметке бағынышты және оның алдында жауап береді. Үкімет өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстарды талдау жасау үшін Үкімет жанындағы комиссиялар, кеңестер мен консультативтік кеңесші органдар құруға және таратуға құқылы. ҚР Үкіметінің өкілеттіктері елімідің әлеуметтік-экономикалық өмірінің әртүрлі аяларында неғұрлым айқын көрініс табады. Мысалы, Үкіметтің экономика аясында, бюджет, қаржы, несие, ақша саясатында, әлеуметтік, ғылым, білім және мәдениетте, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда, заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қылмыспен күресті қамтамасыз етуде сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар аясында өкілеттіктері бар.
ҚР министрліктері тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, заңдармен негізделген салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады. Қазіргі кезеңде Қазақстанда он үш министрлік бар. Олар: Ішкі істер министрлігі, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, сыртқы істер министрлігі, мәдениет және спорт министрлігі, ұлттық экономика министрлігі, қорғаныс министрлігі, білім және ғылым министрлігі, мемлекеттік қызмет министрлігі, инвестиция және даму министрлігі, ауыл шаруашылығы министрлігі, қаржы министрлігі, энергетика министрлігі, әділет министрлігі.
Министрлік және оның органдары мен ведомствалық бағыныстағы кәсіпорындары, мекемелері және өзге де ұйымдары министрліктің біріңғай жүйесін құрайды. Министрлікті ҚР Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Премьер-Министр басқарады. Министрдің ұсынуы бойнша ҚР Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. Премьер-Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді. Министрліктің күрделі мәселелерін қарау мақсатында оларда ғылыми-техникалық кеңестер құрылуы мүмкін. 4
Атқарушы билік органдарының жүйесі деп біріне-бірі бағынышты органдардың өз араларында құзыретін бөлу негізінде олардың арасындағы тік байланыс түсіндіріледі. Қазіргі кезде атқарушы билік органдарының жүйесі мыналардан тұрады: ҚР Үкіметі, ҚР министрліктері, ҚР агенттіктері, ҚР министрліктерінің комитеттері, әкімдіктер, өзге органдар.
Н. М. Кониннің ойынша, нормашығармашылық - бұл басқару формасы - ереже, норматив, регламенттер қарастыратында көрінетін әрекеттер және ол мемлекеттік аппараттың сәйкес буындарымен орнатылған тәртіпте бекітіледі, соның нәтижесінде құқықтық нормалар, ережелер, талаптарға айналады.
Н. М. Конин құқықшығармашылық пен мемлекеттік басқару формасын біріктірді де, оны нормашығармашылық деп атады, бұл ретте нормашығармашылық үшін тағы бір белгіні бөліп көрсетті - ол мемлекеттік басқару әдісі.
Н. М. Кониннің ойынша, ұйымдастырушылық заңды әрекеттің құқықты формаларының бірі ретінде нормашығармашылық мемлекеттік аппараттың атқарушы билігінің басқарудың нормативті актілерін, бір тарапты билеуші еркін әрекеттерді қабылдау мен шығаруды білдіреді, ол басқару функцияларын орындау нәтижесінде жасалынады және құқықтық нормалардың, мінез-құлықтың, нормалардың анықталуына бағытталған, ол белгісіз бір кең субъектілерінің шеңберіне қатысты қолданылады және көп ретті қолданысқа есептелген. 5
А. П. Кореневтің ойынша, нормашығармашылық - бұл құқықтық форма, ол басқару органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік-билеуші өкілеттіліктерінің әдістеріне негізделеді, құқықшығармашылық құқықтық нормалардың жасалуына, олардың жетілдірілуіне, өзгертілуіне, болдырмауына, басқарудың нормативті актілерінің шығарылуына бекітіледі. Құқықшығармашылық әрекеттердің күрделі жүйесінен тұрады: басқарудың нормативті актісінің жобасын жасаудың қажеттілігі туралы органның шешімі, жобаның мәтінін дайындау, оның алдын ала сәйкес органмен талқылануы, жобаның құқықшығармашылық жобаға енгізілуі. А. П. Кореневтің құқықшығармашылықты кеңінен түсінуі атқарушы биліктің қай органы құқықшығармашылыққа ие болғандығы түсініксіз дегенге алып келеді. Автор мемлекеттік орган мен оның лауазымды тұлғалары құқықшығармашылықтың әдістеріне ие болғандығын негіздейді, олар мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлғаның міндеттемелерінің деңгейінде жүзеге асырылады.
Л. Л. Бачило нормашығармашылықты әкімшілік құқық пен мемлекеттік басқарудағы форма мен әдіс ретінде анықтайды. Нормашығармашылық - бұл құқықтық реттеуді талап ететін объективті құбылыстарды зерттеудің, танымның, игерудің әдісі және құқық құралдарымен қатынастарды реттейтін заңшығарушының, субъектінің еркінділігін көрсету әдісі. Форма мақсатты білдірудің әдісі, ережесі ретінде көрінеді, соның ішінде белгілі бір құқықты актіде.
Нормашығармашылық қызмет құқықшығармашылықтың бөлігі ретінде көп аспектілі деңгей және көптеген түрлі белгілерден тұрады. Нормашығармашылық қызметтің белгілері жіктеуге арналған негіз болып табылады. Нормашығармашылық қызмет заңшығармашылыққа, ведомствалық нормашығармашылыққа жіктеледі. 6
Заңшығармашылық қызмет - бұл мемлекеттік заңдарды және өзін-өзі басқару органдарының заңдарын жасау мен қабылдау бойынша заңнамалық органдардың, өкілетті органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңды қызмет етуінің түрі.
Ведомтстволық нормашығармашылық - нормашығармашылықтың туыстық түсінігі болып табылады және нормативтік құқықтық актілерді жасау бойынша атқарушы билік органдарының лауазымды тұлғаларының қызметі ретінде көрінеді, олардың мақсаты мемлекеттік министрліктердің, қызметтердің, агенттіктердің жүйесі мен құрылымының шегінен шықпайтын қызметтік қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады.
Заң шығару қызметін құқықтық институт ретінде, ғылым ретінде және оқу тәртібі ретінде қарастырамыз. Құқықтық институт құқық саласының бір бөлігін құрайды. Тиісінше заң шығару қызметі - ол конституциялық құқықтың бір институты болып табылады. Сондықтан ол конституциялық құқықпен байланысты. Оның байланысына келсек, конституциялық құқық өзге қатынастармен бірге Парламенттің, Президенттің және референдум арқылы халықтың заң шығару қызметін қарастырады. Демек, бір қарағанда екеуінің реттеу, зерттеу пәні бір дерлік.
Конституциялық құқық саласы мен Заң шығару қызметі институтының өзара байланысымен қатар бірнеше ерекшеліктері де бар.
1. Заң шығару қызметі - бұл конституциялық құқықтың заң шығармашылығына қатысты маңызды бөлігі. Ол Парламенттің, өкілеттік беру жағдайында Республика Президентінің және республикалық референдумға заң жобасы шығарылған жағдайда Республика халқының заң шығармашылығын, оның процедуралық жағын - сатыларын реттейді, өзгешеліктерін бекітеді.
2. Конституциялық құқық Қазақстанда заң шығару қызметінің ұйымдастырылуы мен қызметін фундаменталдық деңгейде қарастырады, тиісті мәселе бойынша басты, фундаменталдық қатынастарды ғана реттейді. Ал «Заң шығару қызметі» институты оларды басқа деңгейде, яғни түбегейлі, нақты деңгейде қарастырады. «Заң шығару қызметі» институты конституциялық құқық бекіткен басты, фундаменттік негіздерді басшылыққа ала отырып, оның негізінде тиісті қатынастарды нақты, бүге-шігесіне дейін реттеп, бекітеді.
Тиісінше, «Заң шығару қызметі» институттың реттеу пәні болып ҚР Парламенттің, Президентінің, Республика халқының заң шығару қызметін жүзеге асыруына байланысты заң шығару процесіне, оның сатыларына, заң шығармашылығына әсер ететін түрлі факторларға, заң шығармашылығының тиімділігіне, заң шығару техникасына байланысты қатынастар жиынтығы табылады. Демек, «заң шығару қызметі» институты дегеніміз - ҚР Парламентінің, өкілеттік беру жағдайында Республика Президентінің, өкілеттік беру жағдайында Республика Президентінің және Республика халқының заңдар шығару қызметінің ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуына байланысты қатынастарды реттеп, бекітетін нормалар жиынтығын білдіретін конституциялық құқықтың бір институты. 7
«Заң шығару қызметі» институтының қайнар көзі болып заң шығару қызметінің ұйымдастырылуы мен жүзеге асыруына байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік актілер табылады. Қазақстанда заң шығару қызметін, оның сатыларын ҚР Конституциясы, «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заң, Парламенттің және оның палаталарының регламенттері, «ҚР Президенті туралы», «Республикалық референдум туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңдар, т. б. актілер анықтайды.
«Заң шығару қызметі» ғылымының келесі бір қайнар көзі - отандық, сондай-ақ шетелдік ғалымдардың еңбектері. Заң шығару қызметін реттейтін құқықтық нормалар, олардың жүзеге асырылу практикасы, заң шығару қызметіне байланысты жалпы қоғамдық қатынастар әркезде де ғылымның назарына алынып ғалымдардың еңбектерінде көрініс тауып жатады. Олай болса, «заң шығару қызметі» институтының нормаларын, олардың тиімділігімен жүзеге асырылу дәрежесін және олармен реттелетін қоғамдық қатынастарды зерттеуге тікелей және жанамалай қатысты ғылыми еңбектер «заң шығару қызметі» ғылымының келесі қайнар көзін құрайды.
«Заң шығару қызметі» ғылымының үшінші бір қайнар көзі практика, яғни заңдар шығару қызметін реттейтін нормалардың әрекет етуі негізінде өмірде болып жатқан процестер. 8
Заң ғылымдары, заңи білімдер жүйесінде «заң шығару қызметі» оқу курсы маңызды орындалады. Ол қоғамдық қатынастарды реттеу тетігі ретінде заңдар жүйесінің мәнін, функцияларды орындау қызметінің, яғни заң шығару қызметінің маңызын сипаттайды. Заң шығару қызметін оқып, саралау арқылы құқықтанушы маман негізгі нормативтік-құқықтық актінің заңдар жүйесін реттейді. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарды, конституциялық заңдар мен жай заңдарды даярлау мен шығаруға байланысты қызмет түрінде заң шығармашылығына тікелей және жанама түрде халық қатысады. Сондықтан заңдарды әзірлеу мен оларды қабылдауға байланысты мәселелерді тек заңгер мамандар ғана емес, халықтың кең көлемінің білгені Заң шығармашылығының тиімділігін көтеру, заң шығармашылығына кәсіби түрде қатысу үшін қажет. Қысқасы, заң шығару қызметіне байланысты білімдерді игеру бүкіл қоғам үшін маңызды.
Заң шығару қызметін оқу барысында келесідей мәселелер зерттеліп, сараланады:
- заң шығару қызметінің түсінігі, негізгі қағидалары;
- заң шығарудың жолдары;
- заңдардың түрлері;
- заң шығару процесі, оның сатылары;
- заң шығармашылығына әсер ететін факторлар;
- заң шығару техникасы;
- заңның тілі, құрылымы;
- заң шығарушының құқықтық мәдениеті;
- заң шығармашылығының тиімділігі. 9
Заң шығармашылығы ол неғұрлым маңызды қоғамдық қатынастар мен процестерді мемлекеттік-құқықтық реттеудің ішкі келісілген, біртұтас және жеткілікті түрде тиімді жүйесін тиісті деңгейде құру мен қолдауды білдіреді. Ол - білгірлік пен төзімділікті, белсенділік пен кәсіпқойлықты талап ететін күрделі шығармашылық қызмет. Заң шығару қызметі заң актілерінің әр түрлі баламаларының болуы мен олардың бәрін терең талдауды да қажет етеді. Заң актілерін дайындау мен қабылдаудың тиімді, жетік тетіктерін жасау және практикаға енгізу елімізде демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың маңызды шарттарының бірі. Заң шығармашылығы барысында, яғни заң актілерін жасау процедурасының барлық кезеңдерінде шынайы демократизм қалыптасып, сақталуы керек. Тек осы кезде ғана заң шығармашылығының шынайы демократиялық негіздері қабылданатын заңдылық шешімдерінің дұрыстығы мен негізділігінің шынайы кепілдіктерін қамтамасыз ету жайлы айтуға және демократизм қалыптасқан заң шығару процесі Қазақстанның демократиялық, құқықтық мемлекеттілігінің маңызды көрсеткіші болып табылатындығын көрсетуге болады.
Мемлекеттің кез-келген қызметі секілді заң шығармашылығы да белгілі бір қағидалармен сәйкестілікте жүзеге асады. Оларды нақты атап айтсақ:
- заң шығармашылығының демократиялығы;
- заң шығармашылығының жариялығы;
- заң шығармашылығының ғылыми негізділігі;
- заң шығармашылығының заңдылығы;
- заң шығармашылығының құқық қолдану практикасымен байланыстылығы. 10
Қазақстан халқының референдум арқылы заң шығармашылығы - Қазақстан Республикасының демократиялығының жоғары көрсеткіші. Қазақстанның заң шығармашылығының мәнінің өзі халықтың еркі референдум тәртібімен және мемлекеттік органдардың құқық нормаларын белгілеу, өзгерту немесе жою жөніндегі қызметімен заңға, жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережесіне айналуында. Қазақстан халқы мемлекеттің заң шығармашылығына тек референдум жолымен заң шығару арқылы ғана қатыспайды, сондай-ақ заң жобаларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың талқылауы, заң шығармашылығы қызметінің жүзеге асырылуының жариялылығы - мұның бәрі заң шығармашылығындағы бұқара халықтың атқарар қызметін көрсетеді. Демек, Қазақстанның заң шығармашылығының демократиялық деңгейін байқатады.
1. 2 Нормашығармашылық қызмет жүйесінің қалыптасуының тарихы мен атқарушы биліктің басқа Қазақстан Республикасының органдарымен өзара әрекеттесуіНормашығармашылық құқықтық реттеу жүйесінде негізгі бір орталық орынды алады. Ол қоғам өміріне қажет нормаларды өмірге әкеліп, кемшілік-кемістігі барларын өзгертіп, уақыты жеткенін жаңарта отырып, барлық қоғамдық, мемлекеттік институттардың құқықтық негізін жасайды. Мұның өзі ғылым алдында нормашығармашылығымен байланысты мәселелерді терең, жан-жақты зерттеу қажеттігін белгілейді11
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz