Парақорлық қарсы күрестің қылмыстық құқықтық қырлары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
Парақорлық қарсы күрестің қылмыстық құқықтық қырлары атты диплом жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қарастырылып отырған диплом жобасында ҚР парақорлықпен күресу, сыбайлас жемқорлық саласындағы заңнамалары бойынша мәселелерді қамтиды.
Қазақстан Республикасындағы парақорлықпен қарсы қарсы күресу туралы заңнаманың пайда болу тарихы, парақорлықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы мен басқа ұқсас қылмыстардан ерекшеліктері дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде талданған.
Екінші тәжірибелік бөлімінде парақорлық қылмысның құрамдары, соның ішінде пара алу мен пара беру, парақорлыққа делдал болу қылмысының құрамы жете зерттеліне отырып, қазіргі кезде еліміздегі мемлекеттік қызмет өкілдерінің арасында кездесетін сыбайлас жемқорлықпен күресу шараларын жетілдірудің жолдары ұсынылған.
Жалпы, диплом жобасының тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жемқорлықпен күресу туралы облыстың көлемінде толығымен ашылды.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«КАЗГЮУ Университеті» АҚ
Парақорлық қарсы күрестің қылмыстық құқықтық қырлары
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАСЫ
мамандығы - «»
Астана, 2016
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«КАЗГЮУ Университеті» АҚ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
«__» 20__ ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: «Парақорлық қарсы күрестің қылмыстық құқықтық қырлары»
мамандығы - «»
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:
Астана, 2016
Мазмұны
Кіріспе5
I Парақорлық туралы Қазақстандағы заңнаманың қалыптасуының теориялық негіздері9
1. 1 Қазақстан Республикасының парақорлық туралы заңнамасының даму тарихы мен парақорлықпен күрестің қазіргі қазіргі жағдайы9
1. 2 Парақорлықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы мен басқа ұқсас қылмыстардан ерекшеліктері14
II Парақорлық қылмыстарының құрамдары25
2. 1 Пара алу кылмысының құрамы26
2. 2 Пара беру қылмысының құрамы36
2. 3 Парақорлыққа делдал болу қылмысының құрамы39
Қорытынды52
Қолданылған әдебиеттер тізімі58
Қысқартылған сөздердің тізімі
ЭКОСОС - Экономикалық және әлеуметтік кеңес
РКФСР - Ресей Кеңестік Федеративті Социалистік Республикасы
ҚК - Қылмыстық Кодекс
ҚР - Қазақстан Республикасы
КСРО - Кеңес Социалистік Республикалар Одағы
т. с. с. - тағы сол сияқты
КіріспеБүгінгі күнде еліміз өзінің тәуелсіздігінің нығайғандығының арқасында саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан жаңа сатыға көтеріліп, әлемдік аренада өз орнын алуға ұмтылуда. Еліміз егемендігін алғаннан бастап көптеген өзгерістердің өмірге әкелуіне қол жеткізді. Осындай қысқа мерзімнің ішінде еліміз түрлі кодекстер - қылмыстық, азаматтық, процестік, қылмыстық атқарушылық, азаматтық істі жүргізу, әкімшілік және т. б. қабылдап үлгерді. Бұл заң жобаларының қабылдануы еліміздегі қылмыстық әлеммен күресуге құқықтық негіз жасады. Республикамызда жүріп жатқан жағымды өзгерістермен қоса, еліміздің дамуына тосқауыл болып жатқан кедергілердің бірі - қылмыстылық екендігін атап өтуімізге болады. Қылмыстылықтың деңгейі жыл санап артып келуде. Онымен күресу жолында еліміз көптеген ұйымдастырушылық шараларын жүзеге асыруда.
Республикамыздағы саясатты, экономиканы, еліміздегі тұрақтылық пен бейбіт өмірді бір қалпында сақтау үшін, құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту үшін мемлекеттік қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың атқаратын рөлі зор. Елбасымыздың «Қазақстан-2030» атты халыққа үндеуінде мемлекетіміздің стратегиялық міндетінің бірі ретінде мемлекеттік қызметшілердің жұмысына ерекше мән беру, олардың отанын сүю, өз қызметіне кәсіби біліктілігін көрсету, әділетті қызмет ету сынды талаптарының орындалуы қажет деп көрсеткен болатын. Республикамызда қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдар осы мемлекеттік қызметшілердің өз жұмысын атқаруда халыққа адалдығын сипаттаушы негізгі көрсеткіш болып табылады. Қылмыстылық деңгейімен салыстырғанда тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының өзінше көрсеткіші онша орасан көп емес. Бірақ та бұл тұрғыдағы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі оның латенттігіне байланысты, яғни мұндай - қылмыстардың ашылуы, ресми тіркелуі көп қиындықтарды туғызады.
Жалпы сыбайлас жемқорлық және жеке алғанда парақорлық біздің қоғамға көптен белгілі. Экономикадағы, басқару жүйесіндегі әлеуметтік саладағы, идеологиялық қатынастардағы өзгерістерге байланысты парақорлықта өзін қылмыстық құқықтық тұрғыдан алғанда теориялық жағынан бір жақты қарауға мүмкіндік бермейтін көптеген сапалық өзгерістерге ұшырады.
Парақорлық мәселесі қылмыстық құқық теориясында көптен бері зерттелініп келе жатыр. Парақорлықтың ұғымы, белгілері, түрлері, олардың ұқсас қылмыстардан айырмашылығы, парақорлық қылмыстарының басқа қылмыстармен жиынтығы, парақорлық құрамдарының ауырлататын, өте ауырлататын белгілерін ашу сияқты мәселелерді арнайы, жан-жақты зерттеу объектісі болмаған.
Бұл мәселелерге арналған бірлі жарым ғылыми мақалалардан басқа Республика көлемінде осы проблеманың табиғатын айқындайтын, оның ішінде мемлекеттік тілде жазылған, зерттелген арнайы теориялық, сүбелі, іргелі еңбектер жоқ. Жоғарыдағы тұжырымдамадан туындайтыны қылмыстық құқық саласында ауыр қылмыстардың бірі болып табылатын парақорлық мәселесі ерекше маңызға ие. Заман өзгерген сайын, заңда, қылмыстық парақорлықтың құрылымы де өзгереді. Оларға жаңа баға беруді, саралауды өмір талап етеді. Осыған байданысты зерттеліп отырған таұырып теориялық және практикалық жағынан өте өзекті болып табылады. Өйткені парақорлық құрамының құрылысының ерекшеліктерді, олардың түрлерінің жекелеген белгілерін талдау, парақорлық қылмысын саралаудың қылмыстық құқықтық ерекшеліктерді, парақорлық қылмыстар үшін тағайындалатын жаза түрлерінің ерекшелігін зерттеу тақырыптың өте өзекті екендігін көрсетеді.
Зерттеу объектісі. Парақорлық ұғымы, оның белгілері, оның негізгі сараланатын түрлеріне талдау жасау, парақорлықты оған ұқсас қылмыстардан ажырату мәселелері болып табылады.
Зерттеу пәні. Парақорлық үшін қылмыстық жауаптылықты қарастыратын қылмыстық кодекске байланысты қатынастарды зерттеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Дипломдық жұмыстың басты мақсаты парақорлық үшін қылмыстық жауаптылықтың теориялық проблемасын кешенді түрде зерттеу, парақорлыққа байланысты қылмысық заңдарды жетілдіру бағытында ұсыныстар жасау, зерттеліп отырылған проблемаға байланысты қылмыстық заңды теориялық және практикалық тұрғыда қолданудың бірегей жолына іздестіріп, оны дамытуға мүмкін болатын жағдайларды көрсету болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Парақорлық туралы Қазақстандағы заңнаманың қалыптасуының теориялық негіздерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасының парақорлық туралы заңнамасының даму тарихы мен парақорлықпен күрестің қазіргі қазіргі жағдайын зерттеу;
- Парақорлықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы мен басқа ұқсас қылмыстардан ерекшеліктерін айқындау;
- Пара алу мен беру кылмысының құрамын зерттеу;
- Парақорлыққа делдал болу қылмысының құрамын анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диплом Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық заңы қабылданғаннан кейінгі теориялық және іс-тәжірибелік материалдарға негізделіп жазылған зерттеу жұмысы болып табылады.
Еңбектің теориялық және практикалық маңызы дипломда келтірілген қорытындылар мен ережелерді, заң нормаларды жетілдіру процесінде қолдану мүмкіндігімен ұштасады. Зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясының қағидаларына, қолданыстағы қылмыстық кодекспен халықаралық нормативтік актілердің нормаларына және парақорлық проблемаларына байланысты нормативтік-статистикалық материалдар мен ғылыми заң әдебиеттеріне негізделген. Парақорлық қылмысының құрамдары, парақорлыққа делдал болу қылмысының құрамы анықталды.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Дипломдық жұмыстың теориялық базасын бұрын және кейінгі жылдарында жарық көрген криминалист ғалымдардың ғылыми еңбектері құрады. Зерттеудің деректік негізі мен тұжырымдары Қазақстан Республикасының Конституциясына, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына, Республикалық Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларына негізделеді.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы мен теориялық маңыздылығы. Зерттеу қорытындысы Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді күрес жүргізуге мүмкіндік беретін қылмыстық заңдарды жетілдіруге, осы салада сот практикасы қызметін жаңа сатыға көтеруге мүмкіндік береді. Дипломда терең зерттелген кейбір дау туғызған анықтамалар мен түсініктерге берілген сипаттамалар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына осы мәселеге байланысты нормативтік құқықтық қаулысын әзірлеуге септігін тигізеді. Теориялық зерттеу негізінде көрініс тапқан ғылыми ұсыныстарды сот практикасында кеңінен қолдануға болады. Сонымен қатар дипломдық жұмыстың материалдарын жоғарғы оқу орындарының заң факультеттерінде қылмыстық құқық және криминология пәнінен лекция және семинар сабақтарын өткізгенде, ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асырғанда пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.
20 ғасырдың аяғы сыбайлас жемқорлыққа байланысты, осы тұрғыдағы құбылыстармен пәрменді күрес жүргізуге арналған сан қырлы ғылыми ізденістерің өсуімен де ерекшеленеді. Өйткені бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық Қазақстанның қауіпсіздігіне, елдің экономикалық дамуына керағар бизнес дамып, мемлекеттік қазынаға түсетін елеулі қаражат кіріске кірмейді. Еліміздегі алғашқы сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы заңнама 1998 жылдың 2 шілдесінде қабылданған болса, ал 2015 жылдың 18 қарашасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» туралы заң қолданысқа енгізілді. Бұл заңдылық нормалар парақорлықпен күреске арналған құқықтық нормалардың алғышарттарының бір көрінісі болып табылады. 1
Сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекеттік қызметшінің немесе мемлекеттік қызметтерді атқаруға міндетті тұлғаның, лауазымды адамның қызмет бабын қолдана отырып, жеке басына немесе басқа тұлғаларға немесе ұйымдарға залал келтіру үшін қызмет мақсаттарын кері қолданудың нәтижесінде жеке тұлғаның заңды құқықтары мен мүдделеріне, мемлекеттің заңды түрде қорғалатын мүдделеріне біршама зиян келтіруге әкелген іс-әрекеттерді жатқызамыз. Байқағанымыздай, бұл түсініктеме осы құбылыстың нақты көрінісін сипаттап отыр. Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық табиғаты жайлы қылмыстық және құқықтық теорияда түрлі ойлар болғаны мәлім. Осылайша, сыбайлас жемқорлық сипатының қылмыстық-құқықтық объектісін тек қана парақорлықпен байланыстыру дұрыс емес. Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық объектілеріне мемлекеттік билікке қарсы, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне қарсы қылмыстарды лауазым иелерінің, басқа да кез-келген лауазым иесіне теңестірілген немесе лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабына пайдакүнемдік немесе басқа да мүдделілікті пайдаланылып жасалған қылмыстарын жатқызамыз. 2
Сыбайлас жемқорлықпен күресте қылмыстық заңнаманы одан әрі жетілдіру маңызды. Бұл жерде қылмыстық жазаны орны ерекше.
Бөлінбейтін қылмыстық одақты сыбайлас жемқорлықпен ұйымдасқан қылмыс құрайды. Ұйымдасқан қылмыспен күресуде кешенді бағдарлама жасау мен өз өкілеттіктерін ұйымдасқан қылмыстың мақсатында қолданылған мемлекеттік қызметшілерге жауапкершілік деңгейін арттыру қажет.
Қазіргі кезде азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлық түсінігі әбден орнығып, құлаққа сіңімді болып кетсе де, ал басқа жағынан алғанда ҚР қауіпсіздігіне, еліміздің экономикалық деңгейінің дамуына кері әсер етуші фактор болып табылады. Елімізде, статистикалық мәліметтерге сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың салдарынан көлеңкелі бизнес өркендеп, жылына мемлекеттік қазына қорына түсетін 540 миллион доллар кіріске кірмейді, яғни ішкі табыс көзінің 27 пайызы түсініксіз жерге кетуде.
Халықаралық «Транспотенса пен интернешнл» деректеріне сәйкес, еліміз дүние жүзі бойынша сыбайлас жемқорлықтан 2000 жылы 65 орынға ие болса, ал 2001 жылы 71 орынға түсті, кейін 2003 жылы 100 орынды иемденді. Осы көрсеткіштерге сәйкес, осы сыбаслас жемқорлық елімізде жылдан-жылға әр түрлі мемлекеттік шаралардың арқасында азайғанын білдіреді, бірақ әлі де болса ол бұл мәселеге терең мән беруді талап етеді.
Республикамыздың Бас прокуратурасының құқықтық статистика деректеріне сүйенетін болсақ, 2003 жылы Республика бойынша 807 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелсе, бұл көрсеткіш оның алдындағы 2002 жылмен салыстырмалы түрде қарағанда 60 процентке төмендегенін білдіреді. 3
Осы көрсеткіштің азаюына негізгі себеп - 2003 жылдың 25 қыркүйегінде қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша бірқатар заңдылық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Қазақстан Республикасының заңы болды. Сыбайлас жемқорлыққа кіретін қылмыстардың құрамы қылмыстық кодексте белгіленген.
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлем мемлекеттерін алаңдатып отырған кесел тәріздес, 1989 жылы БҰҰ басшылығымен мемлекеттік қару саласындағы жемқорлық мәселесі бойынша Гаагада (Нидерланды) халықаралық семинар болып, оның нәтижелері БҰҰ Сегізінші конгресінде осы мәселені қараудың алғышарты болды. Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС) мынадай ұсыныстар жасады: Мемлекеттік лауазым иелері арасындағы сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттік бағдарламалардың барлық түрлерінің тиімділігін жоққа шығаруына, дамытуды қиындатуына байланысты және кейбір адамдар мен топтарға қауіп туғызуына орай, барлық мемлекеттердің:
А) Сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне оны тежеуге сәйкес келетін қылмыстық заңдардың санкциясын жетілдіру;
Б) Сыбайлас жемқорлықты өкімет билігіне қызмет жасаудан сақтандыруды реттейтін механизмдерді дайындау;
В) Сыбайлас жемқорлықпен құныққан лауазымды тұлғаларды анықтаудың, тергеудің және соттаудың тетіктерін қабылдау;
Г) Сыбайлас жемқорлық арұылы алынған мүліктер мен құралдарды тәркілеудің құқықтық ережесін белгілеу;
Д) Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар кәсіпорындарға экономикалық санкция қолдану өте маңызды.
Кеңес өкіметінің алғашқы декреттерінің бірі парақорлықпен күреске арналды. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1918 жылы 8 мамырдағы «Парақорлық туралы» және 1921 жылы 16 тамыздағы «Парақорлықпен күрес туралы» декреттеру жарияланды.
Осы аталған екі декретте 1922 жылғы РКФСР қылмыстық кодексінің «лауазымдық қылмыстар» деген тарауын дайындау негізі болды. 1922 жылғы қылмыстық кодекстің 105-бабының ескертуінде тұңғыш рет лауазымды тұлғаның түсінігі берілді. Осы түсінік 1918 жылғы 8 мамырдағы парақорлық жөніндегі декретте айтылған лауазымдық тұлғаның түсінігін одан әрі жетілдірді. Атап айтқанда лауазымды адамдары болып тұрақты немесе тиісті органдарда уақытша қызмет атқаратын адамдар да танылды. Лауазым адамдарына тән функциялардың мәні де аталып көрсетілді. 1922 жылғы қылмыстық кодекс пара алумен бірге, пара беру, парақорлыққа делдалдық және парақорлықты жасырғаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіледі. 1922 жылғы РКФСР ҚК-тің 15-бабында парақорлыққа арандатқаны үшін өте қатаң қылмыстық жауаптылық белгіленді. Парақорлыққа арандату деп лауазым адамын әшкерелеу үшін оған жалған түрде пара ұсыну, соған байланысты жағдай және мүмкіндіктер туғызу танылды. Соған коммунизмі саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшіруге байланысты. Бүкілодақтық орталық атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Советі 1922 жылы 9 қазанда «Қылмыстық кодекстің 114 бабының мәтінін өзгерту туралы» декрет қабылдайды. Осы декрет парақорлық үшін қылмыстық жауаптылықты едәуір күшейтті. 4
РКФСР-дың 1926 жылғы Қылмыстық кодексі парақорлық үшін жауаптылықты біраз жеңілдетті. Пара бергені, оған делдал болғаны, парақорлыққа арандатқаны үшін өлім жазасын қолдану мүмкіндігі алынып тасталды, 1927 жылы Қылмыстық кодекс енгізілген өзгерістерге байланысы пара алғаны үшін де жоғарыда аталған жаза түрлері қолданылмайтын болды. Бас бостандығынан айыру мерзімі де едәуір жеңілдетілді. 1926 жылғы РКФСР қылмыстық кодексінің 1922 жылғы ҚК-нің ерекшелігі пара алудың субъектісі тек лауазым адамдары болады деп атап көрсетті. Бірақ та адамның түсінігі 1922 жылғы қылмыстық кодекстегідей өзгеріссіз қалды.
Пара алудың объективтік жағына да елеулі өзгеріс енді. Бұрынғы кодекс бойынша пара алуда, кінәлінің жүзеге асыратын іс-әрекеті оның қызмет өкілділігінің шеңберінде жүзеге асыралытынын болса деп айтылып келсе, соңғы 1926 жылғы кодексте іс-әрекетті лауазыи адамы өзінің қызметтік жағдайына байланысты жүзеге асыруға мүмкін немесе тиіс болса деп белгіленеді, яғни кінәлі адам өзінің қызметтік өкілділігі шеңберінде, одан тыс лауазымдық жағдайын пайдаланып пара берушінің немесе оның өкілінің пайдасына белгілі бір іс-әрекетті істейді немесе істемейді.
РКФСР-дың 1926 жылғы Қылмыстық кодексінің тағы бір ерекшелігі пара алған адам қандай жағдайда болмасын, қылмыстық жауаптылықтан босталымайтын болып заңдастырылды. Қылмыстық жауаптылықтан тек пара берген немесе параға делдал болғандарды ғана, егер олардан пара қорқытып талап етілсе және олардың пара бергеі туралы ерікті түрде, дер кезінде тиісті органдарға хабарласа босатылатын болып белгіленді.
Қазақстанда тұғыш рет Қылмыстық кодекс 1959 жылы 22 шілдеде қабылданып, 1960 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Қазақ ССР қылмыстық кодексінде көрсетілген лауазымдық қылмыстар жүйесі негізінен кеңестік жүйеде қабылданған заңдарға негізделді. Бірақ Қазақ ССР Қылмыстық кодексіндегі лауазымдық қылмыстар тарауында РКФСР Қылмыстық кодексіне қарағанда елеулі айырмашылықтар болды. Қазақ ССР 143 бабында лауазымды адамдар туралы басқаша, жаңаша түсінік берілді. Барлық мемлекеттік немесе қоғамдық кәсіпорындарда, ұйымдарда немесе мекемелерде істейтін қызметшілерді атұаратын функциясына байланыссыз лауазымды адамдары болып саналды. 1982 жылғы 19 сәуірдегі және 29 желтоқсандағы осы 143 бапқа өзгеріс енгізіліп лауазымды адамдардың түсінігі басқаша берілді. Оны лауазымды адамдар болып өкімет өкілдерді немесе мемлекеттік, қоғамдық органдарда ұйымдастыру - басқару немесе әкімшілік - шаруашылық қызметтерді орындауға байланысты қызметпен шұғылданатын немесе осындай міндеттерді арнайы өкілеттік бойынща орындайтындар танылды. Осы атаған адамдар пара алу құрамының да субъектісі болды. Қазақ ССР ҚК-нің 146 бабында пара алу құрамы үшін жауаптылық толық көрсетілді. 5
1962 жылы 20 ақпандағы КСРО Жоғарғы Советі Президиумының «Парақорлық үшін қылмыстық жауаптылықты күшейту» туралы жарлығына сәйкес осы қылмыс құрамы үшін жаза мөлшері едәуір ұлғайтылды. Ауырлататын жағдайда пара алғаны үшін он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырып, мүлкі тәркілеуге жазаланатын болды, ауырлататын жағдайда пара алғаны үшін мүлкі тәркіленіп бес жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал аса ауырлайтын жағдайда осы қылмысты істегенде өлім жазасына кесіліп, мүлкі тәркіленеді. Бірақ заң пара алудың аса ауырлайтын түрінің түсінігін ашып көрсетпеді. Қылмыстық құқық ғылымы пара алудың аса ауырлататын түріне осы іс-әрекетті үнемі жасауды, жауапты қызметтегі лауазымды адамдардың пара алуын, аса ірі мөлшерде не ұйымдасқан топтың пара алуын жатқызды. Бірақ қылмыстың заңда бұл түсініктерге тиісінше заңдылық анықтама берілмеді, мұның өзі сот, тергеу тәжірибесінде іс-әркетті дұрыс саралауға кері әсерін тигізді. Қазақ ССР-нің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде пара алуға арандатушылық үшін және парақорлыққа делдал болғаны үшін жауаптылықты белгілейтін арнайы баптары болған жоқ. Парақорлыққа делдалдық үшін жауаптылық 1962 жылы 13-маусымдағы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Жарлығы мен белгіленіп, Қылмыстық кодекске толықтыру енгізілді. Парақорлыққа делдал болғаны үшін жауаптылықты белгілейтін 146-1 бап арнайы көрсетілді, бірақ заңда парақорлыққа делдал болғандарды қылмыстық жауаптылықтан босату шарттары көрсетілмеді. 6
Мұндай норма тек пара беруші үшін ғана көрсетілді. Егер пара берген адам қорқыту салдарынан мәжбүр болып пара берсе немесе бұл адам пара бергеннен кейін осы жайынжа ерікті түрде мәлімдесе, ол қылмыстық жауапқа тартыдудан босатылатын болып заңдастырылды. Еліміз егемендік алуына, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуына байланысты 1991 жылдан бастап Республикамызда әлеуметтік-экономикалық, саяси ұйымдастырушылық зор өзгерістер болды, жаңа мемлекет, жаңа қоғамдық құрылысқа бұрынғы заңдар, оның ішінде Қылмыстық заңдар да сәйкес келмеді. Қолданылып жүрген Қылмыстық кодекске 1997 жылға дейін 160-тан астам өзгертулер, толықтырулар енгізілді. Осыған орай елімізде жаңа Қылмыстық кодекс қабылдану қажеттілігі туындады. 1994 жылы Қылмыстық кодекстің жобасын әзірлеу қолға алынды. 1997 жылы 16 маусымда Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі болып қабылданды, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді. Жаңа қылмыстық кодекс парақорлық үшін жауаптылықты белгілейтін қылмыс құрамдарын жаңаша жетілдірілген дәрежеде белгіледі. Бұрынғы заңдармен салыстырғанда парақорлыққа қарсы бағытталған қылмыстық заңдылықтың жетістіктерін атап өтуімен бірге, бұл нормалардың осал тұстарын, одан әрі жетілдіру түсетін тұстары да жетерлік еді.
Сонымен, сыбайлас жемқорлық сипатының қылмыстық-құқықтық объектісін тек қана парақорлықпен байланыстыру дұрыс емес. Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық объектілеріне мемлекеттік билікке қарсы, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне қарсы қылмыстарды лауазым иелерінің, басқа да кез-келген лауазым иесіне теңестірілген немесе лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабына пайдакүнемдік немесе басқа да мүдделілікті пайдаланылып жасалған қылмыстарын жатқызамыз.
1. 2 Парақорлықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы мен басқа ұқсас қылмыстардан ерекшеліктеріҚазіргі нарықтық қатынастардың, еркін кәсіпкерліктің дамуына және қоғамдық қауіпті іс-әрекеттердің жаға түрлерінің пайда болуына байланысты қылмыстың белгілері мен құрамы одан әрі жіті зерттелуі тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz