Ағылшын тіліндегі неологизмдердің аудармада берілуі (техникалық лексиканың негізінде)


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«КАЗГЮУ Университеті» АҚ

Ағылшын тіліндегі неологизмдердің аудармада берілуі (техникалық лексиканың негізінде)

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАСЫ

мамандығы - «»

Астана, 2016

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«КАЗГЮУ Университеті» АҚ

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

«__» 20__ ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: «Ағылшын тіліндегі неологизмдердің аудармада берілуі (техникалық лексиканың негізінде) »

мамандығы - «»

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

Астана, 2016

Мазмұны

Кіріспе4

1 Қазіргі ағылшын тіліндегі «неологизм» түсінігі6

1. 1 Тіл бірлігі ретіндегі неологизмнің ерекшеліктері6

1. 2 Неологизмдердің жасалу жолдары10

1. 3 Неологизмдердің жіктелуі мен функциялары20

Қорытынды А24

2 Ағылшын тіліндегі техникалық лексикалы неологизмдердің қазақ тіліне аударылуының ерекшеліктері25

2. 1 Техникалық негізді неологизмдердің қазақ тіліне аударылу мәселелерін талдау25

2. 2 Техникалық неологизмдердің аударылу негіздерін зерттеу28

Қорытынды Б41

Қорытынды43

Қолданылған әдебиеттер тізімі46

Кіріспе

Неологизмдер - бұл қазіргі тарихи кезеңге тән түгелімен жаңа лексикалық бірлік.

Неологизмдердің пайда болуының себебі қоғамдық және ғылыми-техникалық прогресс болып табылады:

- әлеуметтік-экономикалық жаңа сөздердің пайда болуы;

- ғылым мен техниканың қарқынды дамуы мен жаңалықтары;

- мәдениет саласындағы жетістіктер.

Неологизмнің ең басты белгісі көптеген тілдердегі сөздердің жаңа түрі. Сөздер неологизмдік қасиетін көп уақыт сақтай алмайды. Жаңа сөзіміз белсенді қолданысқа түсе бастағаннан өзінің жаңа қасиетінен айрыла бастайды, яғни бірте-бірте жаңалық кейпін жойып, жалпы тілдік сөз ретінде лексика жүйесіне енеді. Қазіргі уақытта ай бетіндегі жүруші, космодром, радар, ракета-тасушы, бағдарламалау сияқты сөздерді неологизмдер деуге болмайды. Өйткені бұл сөздер өзінің тарихи кезеңінде жаңа сөз деген атқа ие болғанымен, қазіргі уақытта тіл қолданысына еніп, қарапайым сөздер қатарына ауысқан. Көптеген ағылшын лексикографтары қазіргі уақытта «окказиональды» деп аталатын неологизмдерді қолданып жүр, яғни олардың мағынасы өзгеше немесе аяқ астынан айтылған немесе қолданылған сөздер дегенді білдіреді.

Неологизмдер мен жаңа сөздердің жасалуына қатысты уақытша белгілерді объективті түрде анықтауға болмайды, сондықтан да жоғарыда айтылғандардан ұғатынымыз - неологизм түсінігі уақытқа байланысты өзгергіш, сөздер қашан өзінің жаңалық кейпін жоғалтпайынша неологизм сөздер болып қала береді.

Қазіргі ағылшын тілінде жаңа сөздердің пайда болуының көптеген әдістері бар, олардың қатарына жаңа сөз өнімділігі, сөз құрау, конверсиялық (өзгерту), қысқарту, адьективизациялық, субстиантивтік (бір есімнің екінші есімге айналуы), кері сөз құрылымы, лексико-семантикалық тәсіл, дыбыстардың кезектесуі және сөздегі екпіннің ауыстырылуы (фонологиялық тәсіл) және т. б. Бірақ, аталған тәсілдердің барлығы да бірдей қолданыла бермейді және әрқайсысының өзіндік сөзқұрылым процесіндегі салмақтары бірдей емес. Жаңа сөз өнімділігі мен сөз құрылым сияқты тәсілдер жаңа сөз құраудың негізгісі болып табылады.

Нағыз неологизмдер өте сирек кездеседі, олардың 99% - дәлелденген. Авторлық неологизмдерді авторлар мен ғалымдар жасайды.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: қазіргі кездегі ағылшын тіліндегі неологизмдердің пайда болу тәсілдерін анықтай отырып, техникалық негіздегі неологизмдердің ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының мақсаты: жалпы неологизмдердің ерекшеліктерін ескере отырып, ағылшын тіліндегі техникалық неологизмдердің пайда болу тәсілдерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- тіл бірлігі ретіндегі неологизмнің ерекшеліктерін қарастыру;

- неологизмдердің жасалу жолдары мен жіктелуі, функцияларын зерттеу;

- ағылшын тіліндегі техникалық лексикалы неологизмдердің қазақ тіліне аударылуының ерекшеліктерін талдау.

Зерттеу жұмысының нысаны: ағылшын тіліндегі техникалық неологизмдерді зерттеу.

Зерттеу жұмысының пәні: ағылшын тіліндегі техникалық неологизмдердің пайда болу тәсілдерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі ретінде келесі авторлардың еңбектері қолданылды: Арбекова Т. И., Арнольд И. В., Ворно Е. Ф. (Кащеева М. А., Малишевская Е. В., Потапова И. А), Волков С. С. (Сенько Е. В. ), Заботкина О. А., Котелова Н. З., Мешков О. Д. (Москалева И. Н. ), Хидекель С. С. (Гинзбург Р. З., Князева Г. Ю., Санкин А. А. ) .

Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы. Зерттеудің нәтижелері ағылшын тіл білімінде аталым теориясын дамытады, уәжтану, термин жасам мен сөз жасам теориясына нақты үлес қосады. Зерттеу барысында жасалынған тұжырымдамалар мен нәтижелер неологизм мәселелерінің дамуына, қалыптасуына септігін тигізеді.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы. Зерттеудің нәтижелері неологизмдер жөнінде жаңа пайымдаулар жасауға мүмкіндік береді. Дипломдық жұмыстың негізгі материалдары мен теориялық тұжырымдарын жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқыту салаласынан оқулықтар мен оқу құралдарын жасауда, арнайы семинар мен арнайы курстық, аудиториялық дәріс оқуда пайдалануға болады. Сонымен, өз шешімін күтіп тұрған басқа да ұқсас құбылыстардың ара жігін ашуда септігін тигізіп, неологизмдік терминология салаларына қатысты болашақ зерттеулерге жол ашады. Ең бастысы, зерттеу барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдардың бірқатары неологизмдік аталым үдерісінің ғылыми принциптерін белгілеуге негіз болады.

Берілген жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қазіргі ағылшын тіліндегі «неологизм» түсінігі 1. 1 Тіл бірлігі ретіндегі неологизмнің ерекшеліктері

Қоғамдық қатынастар, ғылым мен техника, мәдениет пен шаруашылықтың дамуымен байланысты тілде пайда болған жаңа сөздер мен сөз тіркестері неологизмдер деп аталады. Неологизмдер тілге сіңісіп, жалпыхалықтық сипат ала қоймаған жаңа сөздер деген ұғымды біддіреді. Халыққа әбден танылып болмаған, белгілі бір саладағы тар көлемде қолданылып жүрген жаңа сөздердің бәрі де неологизмдердің тобына кіреді.

Сөздің мұндай туындылары лексеманың қасиетіне ие емес, сөздік қордың бірлігін құрамайды, олардың саны шексіз, теориялық шексіз. Сөздіктер оларды бекітпейді және бекіте алмайды.

Тілдің толықтыру процесін жай ғана тілдегі жаңа сөздердің санына келтіре алмаймыз. Экстралингвистикалық факторлармен қатар, адамның жеке тілдік қызметі жаңа сөздердің пайда болуына ықпал етеді.

Жаңа туынды сөздерді неологизмдерден ажырата білу керек. Лексикологияның тағы бір мәселесі - жаңа сөздердің пайда болу процесі неге негізделеді. 1

Ирина Владиимировна Арнольдтың ойынша, жаңа түсінікті немесе құбылысты білдіретін жаңа сөз бе, әлде тілдегі бар сөз бе дегеніне қарай неологизмдер лексикалық және семантикалық болып бөлінеді. Негізінен бар тілдердің базасында басқа тілдерден енген сөздер ретінде лексикалық неологизмдер танылады. Семантикалықтар нақты бір стилистикалық мақсаттарда қызмет етеді. Өзінің неологизмдер туралы түсініктемесін айта отырып, ол былай дейді: «Жаңа сөздер» термині жаңа туындылардың, кірме сөздердің әр түрлерін біріктіреді. Бұл тек қана әдеби тілдің жаңа туынды сөздері ғана емес, сондай-ақ шет тілдерінен енген, қайта қалыптасқан, жеке авторлық сөздер». 2

Орыс лингвисті Заботкина Вера Ивановна жаңа сөздерді мынадай топтарға бөледі:

1) нағыз неологизмдер (формасының жаңалығы мазмұнының жаңалығы болып саналады) : audiotyping аудиобасылым; bio-computer тірі ағзалардың жүйке жүйесін келтіретін компьютер; thought-processor логикалық реттелетін және идеяларды дамытушы компьютер;

2) трансформациялар, алдында басқа формамен берілген сөздің жаңалығының формасын мағынасымен үйлестіретін сөздер: sudser құнсыз опера; big С (мед. ) рак; Af, houtie негр . 3

Пайда болуының көзқарасымен алғанда, В. И. Заботкина, Загидуллин Р. З., Королева Н. Н. неологизмдерді фонологиялық, кірме, семантикалық және синтаксистік деп бөледі. 4

Осылайша, берілген жіктелу бізге бұл жаңа сөздердің басқа тармақшалар бойынша таралуының мәселесін шешеді. Бірақ берілген мәселені шешу үшін белгілі бір жіктелімдегі әр неологизмнің түріне нақты анықтама беру керек.

Жеке дыбыстардың фонологиялық неологизмдері. Мұндай сөздерді кейде «жасанды» немесе «ойлап табылған» деп атайды. Дыбыстардың жаңа конфигурациялары кейде латындық немесе гректік пайда болудағы морфемалармен сәйкес келеді: perfol пластикалық таспа, acryl, perlon (синтетикалық материалдар) . 5

Салыстыру үшін to zap ату', тісті тісіне тигізу (тура және ауыспалы мағынасында) (алғашында zap комиктерде одағай ретінде ғарыштық қарудың графикалық дыбысының формасын жеткізу үшін қолданылған) ;

to whee (американдық сленг) толқыту (whee дегеннен шыққан - одағай, қуанышты білдіретін сөз ретінде қолданылады) .

to diddy-bop (американдық сленг) жеңіл, қарқынды, билік жүріспен жүру, qwerty баспа машинасындағы батырмалардың ресми емес атауы (стандартты машинаның жоғарғы қатарындағы бірінші q, w, e, r, t, у әріптері бойынша) .

Осы топқа шартты түрде жаңа неологизмдерді де жатқызуға болады: yech [jek] немесе yuck (американдық сленгпен қолданысқа шектелген) - қатты жек көруді білдіретін одағай (берілген одағайдан көбінесе балалардың қолданылатын yucky/yukky жек көрушілік сын есімі пайда болған) .

Берілген неологизмдер жаңалық коннотациясының ең жоғарғы деңгейіне ие және «күшті неологизмдердің» қатарына жатқызыла алады. Олардың жоғарғы жаңалық дәрежесі олардың формасының жаңалғы мен ерекшелігімен түсіндіріледі.

Бүгінгі күндегі лингвистика бойынша сөздіктер мен ғылыми еңбектерде келтірілген неологиялық түсініктемелерді қарастырайық. Неология саласында ғана мамандар болып табылмайтын лингвистердің арасында тілдегі барлық инновацияларды жалпы неологизм терминімен біріктіру болып табылады. Алайда тілдің табиғаты көп қырлы және әр түрлі болғандықтан, барлық салалардағы жаңалықтарды бір терминге келтіру мүмкін емес болып табылады. Сондықтан да жаңаның әр түрлі аспектілерімен айналысатын ғалымдар неологизмдердің санаттарын белгілейтін жаңа терминдердің жасауына мәжбүр болады. Мұнымен неологизм түсінігінде пайда болған әр қилылықтар, сондай-ақ терминдердің көптеген анықтамалары анықталады. 6

«Неологизм» термині алдында адамдарға белгісіз болған, тілдегі бар жаңа сөз жасаушы модельдерге сәйкестендіріліп жасалады. Мысалы: reactor - ядролық реактор, biocide - биологиялық соғыс. Кейде ол тілдегі қолданыстағы сөздерді жаңарту үшін де қолданылады, мысалы, boffin (көбінесе әскери мақсаттарда құпия жұмыспен айналысатын ғалым) сөзі scientist сөзіне жақын сөз болып келеді, бірақ өзгеше семантикалық боямаға ие. Сонымен қатар, бұл лексикалық инновациялардың біркелкі емес құрамы өзінің пайда болу себептері, тілдегі тұрақтылығы, қолданылу жиілігі, әрі қарайғы тағдыры, яғни біреулері тілде берік орнығып кететіндей, екіншілері тез қолданыстан шығып кететіндей ерекшеленеді.

Сурет 1 - «Жаңа туынды» сөздің даму бағыттары

Неологизмдердің пайда болу себептері - қоғамдық және ғылыми-техникалық прогресс болып табылады: жаңа әлеуметтік-экономикалық шынайылықтардың, ғылым мен техника саласындағы жаңа ашылулар, мәдениеттегі жетістіктер. Неологизмнің белгісі - сол тілде сөйлеушілер үшін мүлде жаңа ұғым болып саналуы. Сөз неологизм болып ұзақ уақыт сақталмайды. Сөз белсенді қолданыла бастағаннан, ол өзінің жаңалық белгісін жоғалтып, көпшілікпен қолданылатын сөзге айналады. Қазіргі кезде computer, cell-phone, cosmonaut сөздері неологизм болып саналмайды. Олар өздерінің тарихи кезеңіне дейін неологизм болған, ал қазір ол барлық тілдерге еніп, жаңа сөз ретінде қабылданбайды. 7

Жаңа сөзді жасаушы адам (originator) индивидуализм мен оригиналдылыққа ұмтылады. Кейін сөз әлеуметтену (қоғамда қабылдануы) мен лексикологияланудың (тілдік жүйеде бекітілуі) бірнеше сатысынан өтеді. Сөзді таратушылармен (purveyors) ол сөз қабылданады. Әдетте ол университеттің мұғалімдері, мектептің мұғалімдері, журналисттер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері. Сөз басылымдарда бекітіледі. Әлеуметтенудің тағы бір сатысы - сөзді кең қоғам мүшелерінің барлығымен қабылдануы. Кейін лексикализация процесі, ал одан кейін - тілді ұстанушылардың арасында коммуникативті-прагматикалық құзыреттілігінің алынуы жүреді.

Сөздің әлеуметтену мен лексикализация үрдістері арасындағы таратушылардың әсерімен жүреді.

Ағылшын тілі басқа да тілдер сияқты үнемі өзгеріс пен қозғалыста. Тілдің ең қозғалмалы қабаты ретіндегі лексика әлеуметтік, мәдени ортадағы барлық жаңалықтарға әсер етеді.

Ағылшын тілінде сөйлеушілерде компьютерлену өмірдің әр түрлі саласында, соның ішінде тұрмыста да жүріп жатыр. тұрмыста компьютерді қолданумен байланысты көптеген неологизмдер tele- қысқартылған формасының жалғануы арқылы жасалады, мысалы: telepost - "үйдегі компьютер тұратын орын", telework, to telecommute - "өндіріске компьютерлік байланысқа ие болып, үйде жұмыс істеу", telebanking - "теледидар немесе үй компьютері арқылы клиентке банктік операцияларды орындауға мүмкіндік беретін қаржылық қызметтің түрі ", teleshopping - "телефон арқылы сауда жасау". Лексикалық бірліктердің басқа түрлері де қолданылады:dial-a-taxi - "телефон арқылы такси шақыру", dial-meal - "телефон арқылы тамаққа тапсырыс беру". 8

Компьютеризация ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында қолданылады, бұл көптеген терминологиялық неологизмдердің пайда болуына алып келеді. Мысалы, лингвистика саласында: translation - "машиналық аударма", interlingual- "бірнеше тілдерге аударуға арналған машиналық аударманың жасанды түрі", electronic -translator - "ЭВМ-аудармашы"; биометрияда: biometric security - "биометрикалық қорғаныс", biometric systems- "биометрикалық қорғаныс құралы", biometric locks - "биометрикалық құлыптар", computerized card -"есікті, сейфті ашуға арналған биометрикалық құрылғысы бар карточкалар", finger-print-scanner - "қол саусақтарын тануға арналған биометрикалық құрылғы ", biometric eye-scanner - "көздің қарашығын анықтауға арналған биометрикалық құрылғы", медицинада: telemonitory systemsunit - "дәрігерге ауруларды алыс арақашықтықтан емдеуге мүмкіндік беруші құрылғы ". 9

Қоғамның дамуымен адамның қызметінің әр түрлі салаларында жаңа түсініктер, жаңа заттар пайда болады, олар жаңа атаулармен аталуды талап етеді, демек неологизмдер немесе жаңа сөздер пайда болады.

Әлі күнге дейін шешімін таппаған мәселе бар: неологизм түсінігін қалай бекітеміз, қандай да бір сөздік бірлікті неологизмге жатқызудағы қандай критерийлер қойылады.

1. 2 Неологизмдердің жасалу жолдары

Неологизмдер адамның қызметінің әр түрлі салаларынан пайда болады: тұрмыстан, ғылымнан, техникадан, қоғамдық-саяси өмірден. Сондықтан неологизмдер барлық функциялық-тілдік стильдерде, сондай-ақ қазіргі заманғы әдебиеттің тілінде кездеседі.

Жаңа сөздер БАҚ, радио мен телевидения, сондай-ақ жастардың ауыз екі тілінде көрініс табады, олар жаңа сөздерді кеңінен қолданады.

Жаңа лексикалық бірліктердің жасалуы сол тілде тарихи қалыптасқан белгілі бір сөз тудырушы үлгілер арқылы жүзеге асырылады. Бұл кезде сөздің жасалуының негізгі проблемаларының бірі үлгінің өнімділігі немесе сөздің жасалуының әдісі болып табылады.

Қазіргі кезде деривациялық қарым-қатынастардың белгілері болып формасы бойынша өнімділігі мен мазмұны бойынша дәлелденуі болып табылады.

Қазіргі заманғы ағылшын тілі жаңа сөздердің жасалуының көптеген әдістеріне ие, оларға сөз тудырушылық, сөз біріктіру, конверсиялау, қысқарту, адъективтену, субстантивизациялау, кері сөз жасау, лексикалық-семантикалық әдіс, дыбыстардың алмасуы, сөздегі екпіннің ауысуы және т. б. жатады. Алайда аталған әдістердің бәрі бірдей дәрежеде қолданылмайды, олардың сөздерді жасаудағы ролі әр түрлі. Сөз тудыру мен сөзді біріктіру әдістері жаңа сөздердің жасалуының негізгі бөлігін құрайды. 10

Зерттеушілердің мәліметтеріне сүйенсек, олардың көмегімен 88 % жаңа сөздер жасалады. Басқа әдістері, мысалы конверсия, лексикалық-семантикалық әдістер аз көлемде ғана жаңа сөздерді жасайды, ал үшіншілері олардың қатарына дыбыстардың алмастырылуын және екпіннің алмастырылуын жатқызуға болады, өте аз қолданылады, тіпті қазіргі кезде қолданылмай, тарихта жаңа сөздердің жасалу жолдарына өтіп кеткен.

Тілде американдық болмыстағы неологизмдер бар, сондай-ақ ағылшындық және американдық техникалық, әсіресе периодты әдебиеттерде кездесетін неологизмдер бар. Оларға өздеріне тән жаргондық немесе ауыз екі сөйлеу тілінің белгілері тән. Бұл әдетте жаргондық және ауыз екі сөздер, аз таралған терминдер мен фирмалық атаулар. 11

Оларға, бірінші кезекте, әр түрлі зауыттар мен цехтарда пайда болатын неологизмдер жатады, яғни тек шектелген салада ғана қолданылатын терминдер - кейде бір цехтің, зауыттың, фирманың шеңберінде. Бұл сөздер негізгі мағынасында терминдер болып табылмайды, олардың болуын ағылшын және американдық техникалық әдебиеттің жағымсыз белгілеріне жатқызуға болады, өйткені олар аудару кезінде біршама қиындықтарды туындатады.

Қазіргі заманғы ағылшын тіліндегі неологизмдердің жасалуының келесідей әдістерін қарастырайық.

1) аффиксация (ол жұрнақ арқылы және сөз алдындағы қосымша арқылы жасалынатын сөздер болып бөлінеді)

2) конверсия

3) сөзді біріктіру

4) қысқарту

Аффиксация

Қосымшалық бірліктер, Кэннонның мәліметтері бойынша, барлық жаңа сөздердің жасалуының 24% құрайды және күрделі сөздерден біршама ғана қалып барады. Алайда ешқашан ағылшын тілінің тарихында аффикстер мен олардың дистрибуциясының саны қазіргі кезге қарағанда бай, әрі әр алуан болған емес.

Оларды былай бөлуге болады:

Аз өнімділікті аффикстер

Өнімділікті аффикстер

Өнімділік әр түрлі тілдік бірліктердің ең басты сипаттамаларының бірі болып табылады. Сөз жасаушы модельдерді сипаттаудағы өнімділік жаңа сөздерді жасауда орталық механизмі болып келеді. 12

«Өнімділік» сөзі аффикстерге, яғни сөз жасаушы элементтерге, сөздің жасалу жолдарына әсер ететін болғандықтан, «өнімділік» сөзінің семантикасы өте кең. Сондықтан болар, оның жеке аспектілері, тіпті оның негізгі сипаттамалары бойынша зерттеушілердің бір ойы жоқ.

Айта кететін жайт, сөзді жасаудың теориясында «өнімділік» сөзінің «сөз жасаушы белсенділігі» деген синонимдес термині бар, ол қандай да бір сөз жасамның, мысалы, сөз жасаушы элементтің жаңа сөздерді жасау қабілеттілігін білдіреді. Модель, аффикс, негіз жаңа сөздерді жасауда белсенді болуы мүмкін және керісінше, пассивті де болуы мүмкін, яғни олардың көмегімен тек санаулы ғана сөздер жасала алады немесе мүлдем жасалмайды. Бұл екі терминдердің қолданылу аясы мынадай:

Өнімділікті модельмен немесе сөздің жасалу жолының арасындағы қатынасын белгілеуге болады (сөзді біріктіру, конверсия және т. б. ) ;

Сөз жасаушы белсенділік - аффикстермен, жартылай аффикстермен, негіздермен - тілдің сөз жасаушы элементтерімен.

Осылайша, өнімділік деп тілдің берілген даму сатысында жаңа сөздер жасалатын модельдерді түсінеміз. 13

Сөзге жұрнақтың жалғануы

XX ғасырдың басы мен XXI соңына жататын, неологизмдердің сөздіктерінде кездесетін 52% жаңа жұрнақ арқылы жасалған сөздердің жасалуы мына сызбаға сәйкес келеді: {n} + Suf - N, бұл ағылшындық қосымша арқылы жасалған сөз тудырушылардың ішіндегі ең өнімдісі болып табылады (барлық жұрнақ арқылы жасалған неологизмдердің 40%) . Есімдерден жасалған зат есімдерді өндіруге қабілетті авторлар ағылшын тіліндегі 50 дейін жұрнақтарды атап көрсетеді, алайда олардың бәрі белсенді емес: қарастырылатын кезеңде сөз жасауға 26 жұрнақтар мүлдем қатыспаған: -асу, -ade, -age, -ana, -ance, -ant, -ase, -aster, -ate, -ule, -een, -eme, -en, -enne, -ifer, -fat, -ice, -i. -ina, -is, -kin, -ling, -ment, -ock, -urе, -us.

-ide жұрнағы күрделі байланысқан шет тілдік компоненттержен жасалған негіздермен сәйкес келеді. Оның туындылары химиялық заттардың атауларын білдіреді, мысалы: macrolide «макролид (антибиотик) »; rnethysergide «метисергид (дәрі) »; polyimide «полиимид (химиялық зат) ».

Ғылыми-техникалық терминология саласындағы барынша өнімді жұрнақтар келесілер болып табылады: -ium-, -osis-, -ite, -ize, -ist, -ee, -ism, -er, -or, -ant, -ing.

Көп жағдайда (15%) {N) + Suf = N сызбасы бойынша жасалған сөздері мына жұрнақтан жасалады -ist. Ол күрделі негіздің бірінші компонентінде бірінші көрсетілген, нақты ғылымдарды білдіретін басым түрде -ology зат есімдерімен үйлеседі. 14

Осы негіздердің туындылары осы саладағы мамандардың атауларын білдіреді: astrochronology «астрохронология, жұлдыздар немесе галактикалардың жасын анықтау» > iastrochronologist «астрохронолог. Жұлдыздардың жасын анықтайтын маман»; ethnomusicology - музыкалық фольклортану, халық музыкалық шығармасын зерттеу (басым. Еуропалық емес халықтардың) > ethnomusicologist музыкалық фольклортану бойынша маман, fetology «эмбриология» > fetologist - «эмбриолог»: futurology, ufology «танылмаған ұшып жүрген объектілерді зерттеу» > ufologist - «танылмаған ұшып жүрген объектілерді бақылаушы»

Танымал саяси қызметкерлердің аттарымен үйлескен -ist жұрнағы, белгілі болғандай, «осы қызметкермен өткізілетін білімнің немесе саясаттың жақтаушысы» мағынасындағы туындыларды жасайды. Сонымен қатар, осындай жұрнақтардың туындылары «негіз деп аталатынның жақтаушысы, сол саладағы қызметкер» мағынасына ие: assemblage «ассамблаж» (металдан, ағаштан, қағаздан және т. б. жасалған абстрактілі композиция}» > assemblagist «ассамблажист». 15

Cybemetist «кибернетик» зат есімі cybernetics «кибернетика» сөзінен -ics жұрнағын -ist жұрнағына алмастыру арқылы жасалған. Кейде -ist жұрнағы есімді негізге басқа жұрнақтармен бірге cybemetist-cybernetician синонимдерін жасау арқылы жалғанады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік неологизмдер
Ағышын тіліндегі неологизмдердің ерекшеліктері
Неологизмдердің жасалуы және оның аудару жолдары
Неологизмдер және оларды аударудың теориялық негіздері
Американдық газет мәтіні ұлттық-мәдени ақпарат көзі ретінде және оны аудару ерекшеліктері
Ғылыми-техникалық әдебиет пен неологизмдер
Қазіргі ағылшын тілі терминологиялық жүйесін толықтырудағы неологизимдердің рөлі
Неологизмдердің пайда болуы мен қалыптасу жолдары
Аударма теориясы және аударма түрлері
Табу мен эвфемизмдер- кез келген халықтың тілінен орын алған ауқымы кең этнографиялық лексика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz