Қазақстан Республикасындағы өндіріс пен тұтыну қалдықтары айналымы мен басқарудың құқықтық және процессуалдық ерекшеліктері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«КАЗГЮУ Университеті» АҚ
Қазақстан Республикасындағы өндіріс пен тұтыну қалдықтары айналымы мен басқарудың құқықтық және процессуалдық ерекшеліктері
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАСЫ
мамандығы - «»
Астана, 2016
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«КАЗГЮУ Университеті» АҚ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
«__» 20__ ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы өндіріс пен тұтыну қалдықтары айналымы мен басқарудың құқықтық және процессуалдық ерекшеліктері»
мамандығы - «»
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:
Астана, 2016
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
«__» 20__ ж.
Диплом жобасын дайындаудың күнтізбелік жоспары
Студенттің (студенттердің)
қолы
Диплом жұмысының ғылыми жетекшісі
(Аты-жөні, лауазымы мен қолы)
Жоспарды орындауға:
қабылдадым (Аты-жөні, лауазымы мен қолы)
Мазмұны
Кіріспе7
І бөлім. Әдебиеттерге шолу10
II бөлім. Өндірістегі қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері11
2. 1 Өндірістік қызметтің зиянды әрекетінен қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың дамуының сатылары мен үрдістері11
2. 2 Өндірістік қызметтен зиянды әрекеттен қоршаған ортаны қорғаудың түсінігі мен принциптері16
2. 3 Заманауи экологиялық құқық жүйесіндегі өндірістік қызметтің зиянды әрекетінен қорғау туралы нормалардың орны17
А тұжырымы23
III бөлім. ҚР-сындағы өндіріс қалдықтарын тұтыну, пайдалану мен басқару және оның құқықтық және процессуалдық ерекшеліктері25
3. 1 Өндіріс қалдықтарын жинау, тұтыну, залалсыздандыру, сақтау25
3. 2 Құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу36
3. 3 Өндіріс қалдықтарымен жұмыс істеудің құқықтық негіздері45
Б тұжырымы54
Қорытынды56
Қолданылған әдебиеттер тізімі59
Қысқартулар тізімі
- ҚР - Қазақстан Республикасы
- ТОЛ - тұрақты органикалық ластағыштар
- ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
- ЖШС - Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік
- ЖБШК - Жол берілген шекті концентрация
- ӨЖ - өлшеу жүйесі
- МҰ - мұнай өнімі
- ҚОӘБ - Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі күні экологиялық дағдарыс пен қоршаған ортаның ластануынан болған зардаптардан адамдардың құқықтарын өзекті мәселелерге айналып отыр. Табиғаттың дағдарыстық жағдайы қазірдің өзінде көптеген адамдардың өміріне, денсаулығына және мүлігіне қатер туғызады, оның әрі қарай тереңдей түсуі орын толмас экологиялық және биологиялық салдарға алып келуі мүмкін. Табиғатты қорғау - өмірдегі мәні бар қажеттіліктердің бірі, тіпті адам баласының тағдарын шешетін ең басты мәселеге айналды деп айтуға себеп бар.
Елімізде қолайлы қоршаған ортаға құқық адам мен азаматқа тиесілі табиғи және ажырамас құқықтардың бірі ретінде қабылданған. Заң шығарушылығының дәрежесінде бұл құқықты қабылдау оның іске асырылуын қамтамасыздандырушы заңдық қорғау құралдары мен амалдары жүйесін бекітуді қажетсінеді. Жағымды қоршаған ортаға құқығын қамтамасыз ету үшін дамыған экологиялық заңнамамен қоса, барлық құқық қорғау және мемлекеттік жүйелердің тиімді қызметі, сонымен бірге жеке азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерінің белсенділігі керек.
30 тамыз 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 31 бабында «Қазақстан Республикасының үкіметі адамның өмір сүруі мен денсаулығына жағымды айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» деп айтылған. Жоғарғы деңгейдегі индустриалдық қоғам пайда болғаннан бастап адамның қоршаған ортаға әсері басып болып, ол әр алуандығымен сипатталып бүгінгі күні адамзат баласы үшін әлемдік деңгейде қауіп-қатер ретінде төніп отыр. Табиғатты өнеркәсіптік өндіріс ластап жатқаны бәріне аян. Ауаның ластануы су мен топырақтың жағдайына әсер ететін қышқыл жаңбырлардың пайда болуына әкеліп соғатыны белгілі. Табиғаттың мұнай және оның өнімдерімен ластану дәрежесі гидросфера және атмосфера арасындағы газ бен су алмасуының айтарлықтай ірі өзгерістеріне алып келеді.
Негізінен ластау қасиетіне ие барлық дерлік аталған факторлар биосфераның ішінде өтіп жататын процестерге ірі әсерін тигізері анық.
Еліміздің табиғатының ластану дәрежесі мен қазіргі ахуалы оның дәлелі. 2003 жылдың желтоқсан айының 3 жұлдызындағы №1241 «2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында» Республикамыздағы көптеген жылдар бойы табиғатқа төтенше жоғарғы техногенді салмақ түсіругі, қоршаған ортаның ресурстарын қолданудың көбінесе шикізат жүйесі орнағандығы туралы айтылған. Сол себепті экологиялық ахуалдың оңалуы болмаса және ол биосфераның тұрақсыздануына, қоғамның тіршілігіне қажетті қоршаған ортаның сапасын қалыпты деңгейде қамтамасыз ету қасиетінен айыруға әкелетін табиғи жүйелердің нашарлауымен сипатталады. Өнеркәсіптік өндіру қоршаған табиғи ортаның барлық құрауыштарына теріс әсер етеді.
Көріп отырғанымыздай, өнеркәсіп өндірісінен келетін қауіп өте көлемді. Өнеркәсіптік өндіріс пен ғаламдық индустриализацияның өсуімен бірге пайда болған ластануларды азайтуға жол беруге болатын шекті концентрациялар мен оның туындыларының нормативтеріне негізделген қоршаған ортаны қорғау шаралары жеткіліксіз болып жатыр. Бұл зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігін сипаттайды.
Зepттey жұмыcының пәнi. Қазақстан Pecпyбликаcының заңнамасындағы өндіріс қалдықтарын тұтыну, пайдалану мен басқарудың құқықтық және процессуалдық ерекшеліктерін зерттеу.
Зepттey жұмыcының ныcаны: Өндіріс қалдықтарын тұтыну, пайдалану, басқарудың құқықтық негіздері.
Зepттeyдiң жұмыcының мақcаты. Бүгінгі күндегі еліміздегі өндірістік ластануға баға бере отырып, өндіріс қалдықтарын тұтынудың, пайдаланудың, басқарудың құқықтық негіздерін талдау.
Οcы мақcатқа қοл жeткiзy үшiн мынадай мiндeттepдi шeшy кepeк:
- Өндірістегі қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздерін қарастыру;
- Өндірістік қызметтің зиянды әрекетінен қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың дамуының сатылары мен үрдістерін талдау;
- Өндірістік қызметтен зиянды әрекеттен қоршаған ортаны қорғаудың түсінігі мен принциптерін айқындау;
- Заманауи экологиялық құқық жүйесіндегі өндірістік қызметтің зиянды әрекетінен қорғау туралы нормалардың орнын қарастыру;
- Еліміздегі өндіріс қалдықтарын тұтыну, пайдалану мен басқару және оның құқықтық және процессуалдық ерекшеліктерін зерттеу.
Зepттey жұмыcының тeοpиялық құндылығы. Зepттey жұмыcының баpыcында өндіріс қалдықтарын қолданудың құқықтық және процессуалдық ерекшеліктері cалаcының үлкeн аpнаcы ашылып, өзiнiң epeкшe зepттey ныcаны, ғылыми ұcтанымдаpы, түpлepi мeн үлгiлepi анықталды. Зepттeyдiң нәтижeлepi құқық cалаcында қοлданyдың epeкшeлiктepiнe нақты үлec қοcады. Зepттey баpыcында жаcалынған тұжыpымдамалаp мeн нәтижeлep өндіріс қалдықтарының қолданылуының құқықтық ерекшеліктерінің дамyына, қалыптаcyына ceптiгiн тигiзeдi.
Зepттey жұмыcының пpактикалық құндылығы. Алынған мәлiмeттep экологиялық құқық бοйынша зepттey жұмыcтаpы үшiн қοлданыла алынады, кypcтық, диплοмдық, диccepтациялық жұмыcтаpды жазy үшiн дe қοлданыла алады. Cοндай-ақ бұл зepттey жұмыcы заң мамандығына зepттeyдe, пpактикалық cабақтаpда, дәpicтepдe қοлданыла алады.
Жұмыcтың құpылымы зepттeyдiң мақcаты мeн мiндeтi аpқылы анықталады. Жұмыc кipicпeдeн, екі бөлiмнeн, қοpытындыдан, қοлданылған әдeбиeттepдeн тұpады.
І бөлім. Әдебиеттерге шолуБұл дипломдық жобамда Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының N 212 Экологиялық Кодексін қолдандық, себебі «Қазақстан Республикасындағы өндіріс пен тұтыну қалдықтары айналымы мен басқарудың құқықтық және процессуалдық ерекшеліктері» атты тақырыпты ашу үшін Экологиялық Кодекстің нормаларын басшылыққа алуымыз керек.
Сонымен қатар, жоба тақырыбын ашу үшін басқа да құқықтық-нормативтік актілерге жүгіндік. Соның ішінде: 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолдандық.
Жобаны дайындауға нормативтік-құқықтық актілерден басқа, оқулықтар, ғылыми еңбектер мен мақалалар қолданылды. Мысалы, Д. Л. Байдельдиновтың, С. Д. Бекишеваның «Экологическое право Республики Казахстан», Э. Н. Жевлаковтың «Экологические правонарушения и ответственность» оқулығы, «Как защитить ваши экологические права: руководство для граждан и неправительственных организаций» оқулығы, О. Ш. Кикаваның «Строительные материалы из отходов производства» оқулығы, П. П. Палъгуновтың, М. В. Сумароковтың «Утилизация промышленных отходов» оқулығы, Д. Л. Байдельдиновтың «Экология и судебная практика» мақаласы, М. М. Бринчуктың «Обеспечение экологической безопасности как правовая категория» мақаласы, Е. А. Дюсеновтың «Административная ответственность за экологические правонарушения» мақаласы және тағы басқа дерек көздерін теориялық тұрғыны қарастыру үшін қолданылды.
Жобаны жазуда қолданылған дерек көздер теориялық аспектілерді қамтуда қолданылды, көбісі өзінің жаңашылдығын жоғалтқанымен, сол уақыттағы көзқарастарымен танысуға мүмкіндік берді.
II бөлім. Өндірістегі қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері 2. 1 Өндірістік қызметтің зиянды әрекетінен қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың дамуының сатылары мен үрдістеріӨндіріс саласында қоршаған ортаны қорғау заңнамасының құқықтық реттелу тарихы 3 кезеңге бөлінеді: төңкеріс алды, кеңестік, Егеменді Қазақстанның даму кезеңі.
Төңкеріс алды кезеңі өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру мен табиғи ресурстарды пайдалануға бағытталуымен ерекшеленеді. Табиғат қорғау нормалары енді ғана пайда бола бастаған кезі. Өнеркәсіп жерлеріне меншік құқығы, оларды пайдаланғаны үшін төлем туралы нормалар жеткілікті түрде дамыды. Аталған нормалар Ресей империясының заңнамасы шеңберінде қалыптасты, бірақ та олардың заңдық күші белгілі уақыттарда Қазақстан аумағында таралып отырған.
Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің дамуы кеш басталды, өйткені қазақтар көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы-егіншілік түрде өмір сүргендіктен, өндіріс бастауларын ұлттық қолөнер деңгейінде ғана байқауға болатын еді. Ал негізінде өнеркәсіптік өндірістің дамуы 18 ғасырда басталып, 19 ғасырда қарқынды дамыды, әсіресе тау-кен өнеркәсіп орындары сол кездегі Қазақстан аумағында кеңінен таралған болатын. 1
Бұл кезең қарастырылып жатқан қатынастарды тікелей қорғауға бағытталған нормалардың жоқтығымен сипатталады.
2-ші Кеңестік кезең Ұлы Октябрь революциясынан - 1917 жылдан басталады және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ыдырауы мен соның негізінде жаңа мемлекеттер құрылғанға дейін жалғасты.
Өнеркәсіптік өндіру облысындағы табиғатты қорғау туралы заңнама үш негізгі бағытпен дамып отырды: а) ауаның ластануына қорғауды қамтамасыз ету; б) жер қойнауындағы байлықтарды қорғаумен қамтамасыз ету; в) суды қорғау. Бұл тәртіпте өндіріс саласындағы қоршаған ортаны қорғау нормалары жануарлар дүниесі мен орман туралы заңнамамен аз қамтылған болатын. Өнеркәсіп жерлерін құқықтық қорғау да тиісті деңгейде қалыптаспаған кезі еді.
Кеңестік кезең заңнаманы экологиялизациялау процесінің басталуымен сипатталады. Өндіріс саласында қоршаған ортаны қорғау заңнамасы жартылай қалыптасты. Оның негізгі бағыттары өнеркәсіптік кәсіпорындардың зиянды әсерінен жер қойнауын, суларды және атмосфералық ауаны қорғау болды.
Үшінші кезең - Егеменді Қазақстан кезеңі - өнеркәсіп саласындағы қоршаған ортаны қорғаудың нормативтік қамтамасыз етілуінің жасақталған тәжірибесімен ерекшеленеді. Жер, Орман, Су кодекстері, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңдары көп немесе аз дәрежеде болса да өндіріс саласында қоршаған ортаны қорғау туралы нормалармен қамтылған болатын. Бірақ Егеменді Қазақстан кезеңінің алғашқы кезеңнен айырмашылығы осы уақыттағы аталған нормалар 15 маусым 1997 жылғы «Қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР Заңы, 9 қаңтар 2007 жылғы ҚР Экологиялық кодексі сияқты қоршаған ортаны қорғау бойынша кешенді нормативтік актілерде пайда болуымен сипатталады.
Сонымен қатар, аталған кезеңде өнеркәсіптегі қауіпсіздікті жасау саласында дербес заңнамалық ережелер құрыла бастады. Бүгінгі күні өндірістегі табиғи ортаны қорғауға қатысы бар жалғыз нормативтік актіге 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жатқыза аламыз. Бұл Заң қауіпті өндірістік объектілеріндегі апаттардың алдын алуға, жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға және мемлекеттік апаттар салдарынан келтірілген шығындардың орнын кепілді толтыруға бағытталған. 2
Қазақстан Республикасында 2009 жылы маусым кезінде өндіріс мөлшері 7, 2 процентке жоғарылады, соның ішінде маусым айында мамырмен салыстырғанда кен қазу саласындағы өндірісі - 6, 3 процентке, өңдейтін өнеркәсібіндегі өндірісі 9, 9 процентке өсті. Сондай-ақ маусымда шикі мұнай өнімдерін, металдарды өндіру, машиналарды құрастыру, металлургиялық өнеркәсіп өнімдері жоғарылаған».
Сол себепті экологиялық жағдайдың біршама оңалуы болмады және халықтың өмір сүруіне қолайлы, био ортаның тұрақсыздануына, оның табиғи орта сапасын қалыпты деңгейде қамтамасыздандыру қасиетінен айыруға әкелу жолындағы табиғи жүйелердің азаюынан көрініс табады.
Өнеркәсіп өндірісі бізді қоршаған табиғи ортаның барлық бөліктеріне зиянды әсер етеді. 3
Бірінші кезекте атмосфералық ауаға деп айта аламыз. Ауаның басты ластану көзі келесідей өнеркәсіптердің қызметімен байланысты: түстi металлургия, жылу энергетикасы, қара металлургия, мұнай-газ кешенi кәсiпорындары мен көлiк шығарындылары. Ауаның ластануы қаупі қоғам денсаулығының күрт өзгеріп, нашарлауына және табиғаттың тозуына өз әсерін тигізеді.
Аса ластанған қалаларға еліміздің 10 қаласын жатқызуымызға болады, оның iшiнде 8 қала - атмосферасы жоғары деңгейде ластанған қалаға жатқызылады. Қалалардағы ауаның зиянды заттармен ластануының дәрежесінің жоғары болу себебі - өндiрiсте ескiрген технологиялармен, пайда болмайтын тазартқыш құрылыстарды қолданумен, қолданылатын отынның сапасының төмен болуымен, қуаттың жаңғыртылатын және дәстүрлi емес көздерiнiң аз пайдаланылуымен байланысты. Халықтың көп бөлiгi зиянды шығарындылардың әсерi жоғарғы деңгейдегі аймақта тұрып жатыр, өйткені кәсiпорындардың 20%-дан астамының нормативтiк санитарлық-қорғау аймағы жоқ. Атмосфераның ластануы көмiрсутегi шикiзатының бұрынғы кен орындарын дамытуына және жаңа кен орындарын игеруіне тәуелді, бұл атмосфераның күкiртсутегiмен, меркаптандармен ластану дәрежесін арттыра түседі. Алауда iлеспе газдың жағылуы қызған газдың, күкiрт пен азот оксидінiң едәуiр көлемiн атмосфераға шығарумен бірге жүредi, кен орындарының төңiрегiнде жоғары жылу аясы қалыптасады.
1993 - 2000 жылдардың аралығында зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы негiзiнен өндiрiс құлдырауының себебінен 5, 1 млн. тоннадан 3, 2 млн. тоннаға дейiн азайғаны мәлім. 2007 жылы ауа қабатына 185 000 тонна зиянды заттар шығарылды, оның 15 000 стационарлық көздерден, ал қалған 170 000 автокөлік көздерінен болды.
Өндірістегі келесі зиянды әсер ету нысанына су ресурстары жатады. Еліміз су қоры аз болып келетін мемлекеттердің қатарына енеді. Бүгінгі күні тау-кен өндiрісі мен металлургия және химия өнеркәсiбi, қалалардағы коммуналдық қызметтер су нысандарын қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық апатқа әкелуі мүмкін. Iле өзендерi, Ертiс, Балқаш көлi, Сырдария, Нұра барынша ластанған. Бүгінгі күні мемлекетімізді ауыз сумет қамтамасыздандырушы жер асты суларының да халі нашар, яғни олар да ластанған. 4
«2015 жылы еліміздің Каспийдің төңірегінен өндіретін мұнай 100 000 000 тоннаға жетті. Алдыңғы қатарлы технологиялардың көздерімен өндірілген мұнайдың өнімдерінің 0, 1 % Каспий теңізіне төгілуі қауіп тудырады, себебі жылына 10 000 тонна мұнай теңізге құйылады».
Қазақстандық салада көмірсутегі шикізатын жаппай меңгеру мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін. Өнеркәсіптің өндіріс қалдықтары көп аспектілі зиян әкелуде. Радиоактивтi ластану еліміздің экологиялық қауiпсiздiгiне айтарлықтай нақты қауіп төндiредi, олардың қайнар көздерi келесідей негізгі топтарға бөлінеді:
- уақытша жұмысы тоқтап қалған уран өндіруші және оны өңдеуші өнеркәсібінің қалдықтары;
- ядролық қаруларды сынау кезінде ластанған аймақтар;
- мұнай және оның өнімдерін өндiру өнеркәсiбi мен мұнаймен жұмыс істеу құрылғыларының қалдықтары;
- иондаушы сәулеленудiң пайдаланудан шыққан көздерi болып келетін ядролық реакторлардың жұмыс iстеуi барысында пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнiм.
Елімізде табиғи радиобелсенділіктің жоғары деңгейiн беретiн уран берушi алты iрi геологиялық өңiр, көптеген кішкене кен орындары мен уран байқалатын кенiштер, уран өндiрушi кәсiпорындар мен ядролық жарылыстар жасалған жерлерде шоғырланған қалдықтар бар. 5
Біздің мемлекетіміздің ауданының 30 пайыздық үлесінде қоғам мен мемлекеттің мүшелеріне айтарлықтай үлкен зиян келтіруші радиоактивті газ - радонның көп деңгейде бөліну мүмкіндігі байқалған. Осындай радионуклидтермен залалданған ішетін суды қандай да бір адамның қажеттіліктеріне пайдалану зиянын келтірері анық. Республикамыздың кәсiпорындарында иондаушы сәулелердiң пайдалану нәтижесінде 50 000 артық қалған көздер мен радиациялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған радионуклидтердің 16-сы адамның өмірі мен денсаулығына аса қатты қауіп төндіреді, сондықтан олардың 700-ден астам бақылаудан тыс қалған көздері анықтала отырып, жойылуға ұшырады.
Қазіргі кезде химиялық ластағыштардың ішіндегі ерекше қауіптісі ретінде тұрақты органикалық ластағыштарды (кейіннен - ТОЛ) айта аламыз, осыған орай еліміздің үкіметінің қолданып отырған саясатына сәйкес, 2001 жылдың мамырында ТОЛ туралы Стокгольм конвенциясына қол қойған болатын.
Тұрақты органикалық ластағыштар деп - улы қасиеттері болатын, күрделі ыдырайтын, негізінен ыдырауға тұрақтылық танытушы, биожинақтағыштығымен сипатталатын химиялық заттардың түрлi тобын айта аламыз. Осы топтың химиялық құрамы мен қоспалары ауамен, сумен, топырақ арқылы трансшекаралық жолмен таралады, сонымен бірге құрлықтың экологиялық жүйелерімен және су экологиялық жүйелерін сақталады, өздерiнiң шығарынды көздерiнен алыс қашықтықта шөгедi. Адамның қандай да дене ағзасын ластаушы химиялық улармен салыстырғанда бұл өнімдер іштегі реттеуші жүйенің қызмет етуін құртады. ТОЛ мөлшері аз болғанның өзінде ол биологиялық қызметтердің бұзылуына, гендік жолмен беріле отыруға бейім және адамның өмірі мен денсаулығына және табиғаттың тіршілік етуіне кері әсерін тигізеді.
Пестицидтер еліміздегі ТОЛ-дың біршама бөлігін құрайды. Өсімдік ортасын сақтаушы және қорғаушы жаңа технологиялардың жылдан-жылға дамып келуіне қарамастан, бүгінгі күнге дейін талдау жұмыстарын жасаудың үлгілерінде осыдан елу-алпыс жыл бұрынғы пестицидтердің көздері табылған болатын.
Өндіріс орындарының тұрақты органикалық ластағыштары энергетика мен мұнай және оның өнімдерін өңдеу, химияның басқа салаларының жұмыс істеу нәтижесінде жинақталынады және пайдалынылады. 6
Қазатомөнеркәсібінің мәліметтеріне сәйкес, әр жылы 5 % дүние жүзілік өндірістегі өңделетін өнімдердің 25 тоннасы уран өндірісіне тиесілі, ал 2009 жылы уранды өндіру 10 %-ға артты. Алайда оларды құрту немесе көму өндіруден 10 есе қымбатқа түседі, біздің еліміздің ауданында өндіріс қалдықтарының 20 млрд. тоннадан артығы жинақталған, оның 6, 7 млрд. тоннасы улы заттарға тиесілі, сонымен бірге ендігі кезекте олардың санының артып келуі байқалуда. Қазіргі кездері компаниялар өндіруінің қуат көзі нашар болса да, жобаларды іске асырумен айналысып, ауадағы лас химиялық қалдықтардың мөлшерін бірнеше есе арттырып отыр.
Бұл проблема қазіргі кезде маңызды ғылыми жетістіктерді талап етеді және оны шешу үшін қоршаған ортаны және адамның денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған тиімді шараларды қолданған артық етпес.
2. 2 Өндірістік қызметтен зиянды әрекеттен қоршаған ортаны қорғаудың түсінігі мен принциптеріӨндіріс саласында қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын тікелей субъектілерге өнеркәсіптік кәсіпорындар жатады. Сонымен қатар, өнеркәсіптегі қоршаған ортаны қорғау субъектілеріне осы саладағы экологиялық бақылауды жүзеге асыратын субъектілерді де жатқызуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz