Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарын ҚР еңбек заңнамаларында имплементациялау


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарын ҚР еңбек заңнамаларында имплементациялау

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

мамандығы - «»

Астана, 2016

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

«__» 20__ ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарын ҚР еңбек заңнамаларында имплементациялау»

мамандығы - «»

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

. . . доцент

Астана, 2016

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

факультеті

мамандығы

кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

«__» 20__ ж.

Дипломдық жұмысты орындауға

ТАПСЫРМА

студенті

Аты-жөні

Курсы, тобы, мамандығы, оқу түрі

1. Дипломдық жұмыстың тақырыбы

«__» 20__ ж. ректордың бұйрығымен бекітілген

2. Аяқталған жұмысты студенттің тапсыру мерзімі «__» 20__ ж.

3. Жұмысқа алғашқы мәліметтер (заңдар, әдеби көздер, зертханалық-өндірістік мәліметтер)

4. Дипломдық жұмыста өңдеуге тиісті мәселелердің тізімі

5. Графикалық мәліметтердің тізімі (суреттер, кестелер, диаграммалар мен т. б. )

6. Негізгі ұсынылатын мәліметтердің тізімі

7. Жұмыс бойынша кеңестер (жұмыс бөлімдеріне тиісті көрсетілумен)

Нөмір, бөлімнің, тараудың атауы
Ғылыми жетекшісі, кеңесшісі
Тапсырманы алу мерзімі
Тапсырманы берген (қолы)
Тапсырманы қабылданған (қолы)
Нөмір, бөлімнің, тараудың атауы:
Ғылыми жетекшісі, кеңесшісі:
Тапсырманы алу мерзімі:
Тапсырманы берген (қолы):
Тапсырманы қабылданған (қолы):
Нөмір, бөлімнің, тараудың атауы:
Ғылыми жетекшісі, кеңесшісі:
Тапсырманы алу мерзімі:
Тапсырманы берген (қолы):
Тапсырманы қабылданған (қолы):
Нөмір, бөлімнің, тараудың атауы:
Ғылыми жетекшісі, кеңесшісі:
Тапсырманы алу мерзімі:
Тапсырманы берген (қолы):
Тапсырманы қабылданған (қолы):
Нөмір, бөлімнің, тараудың атауы:
Ғылыми жетекшісі, кеңесшісі:
Тапсырманы алу мерзімі:
Тапсырманы берген (қолы):
Тапсырманы қабылданған (қолы):
Нөмір, бөлімнің, тараудың атауы:
Ғылыми жетекшісі, кеңесшісі:
Тапсырманы алу мерзімі:
Тапсырманы берген (қолы):
Тапсырманы қабылданған (қолы):
Нөмір, бөлімнің, тараудың атауы:
Ғылыми жетекшісі, кеңесшісі:
Тапсырманы алу мерзімі:
Тапсырманы берген (қолы):
Тапсырманы қабылданған (қолы):
Нөмір, бөлімнің, тараудың атауы:
Ғылыми жетекшісі, кеңесшісі:
Тапсырманы алу мерзімі:
Тапсырманы берген (қолы):
Тапсырманы қабылданған (қолы):

8. Дипломдық жұмысты орындау тәртібі

Жұмыстың сатылары
Жұмыстың сатыларын орындау кезеңдері
Ескертулер
№: 1
Жұмыстың сатылары:
Жұмыстың сатыларын орындау кезеңдері:
Ескертулер:
№: 2
Жұмыстың сатылары:
Жұмыстың сатыларын орындау кезеңдері:
Ескертулер:
№: 3
Жұмыстың сатылары:
Жұмыстың сатыларын орындау кезеңдері:
Ескертулер:
№: 4
Жұмыстың сатылары:
Жұмыстың сатыларын орындау кезеңдері:
Ескертулер:
№: 5
Жұмыстың сатылары:
Жұмыстың сатыларын орындау кезеңдері:
Ескертулер:
№: 6
Жұмыстың сатылары:
Жұмыстың сатыларын орындау кезеңдері:
Ескертулер:
№: 7
Жұмыстың сатылары:
Жұмыстың сатыларын орындау кезеңдері:
Ескертулер:
№: 8
Жұмыстың сатылары:
Жұмыстың сатыларын орындау кезеңдері:
Ескертулер:

Тапсырманы беру уақыты «__» 20__ ж.

Ғылыми жетекшісі

Тапсырманы қабылдаған: студент

Мазмұны

Кіріспе3

1 Еңбек қатынастарын халықаралық құқықтық реттеу6

1. 1 Еңбек қатынастарын халықаралық құқықтық реттеудің түсінігі, субъектілері, негізгі қағидалары6

1. 2 Халықаралық еңбек ұйымының еңбекті құқықтық реттеуі11

1. 3 Еуропалық Одақтағы еңбек қатынастарын реттеудің құқықтық анализі19

2 Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарын имплементациялау32

2. 1 Қазақстан Республикасы және Халықаралық еңбек ұйымы арасындағы қарым-қатынастың дамуы32

2. 2 Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарын реттейтін заңнаманы талдау42

2. 3 Халықаралық еңбек ұйымының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында имплементацияланған және имплементациялау көзделген стандарттары53

Қорытынды58

Қолданылған әдебиеттер тізімі61

Кіріспе

«Еңбектік қатынастарды халықаралық құқықтық реттеу» түсінігінен «халықаралық еңбектік қатынастарды құқықтық реттеу» түсінігі ерекшеленеді. Еңбектік қатынастарды халықаралық құқықтық реттеу дегеннің мәнін толық ашуға тырысайық. Халықаралық Еңбек Ұйымының алдыңғы қатарлы сарапшысы, В. Савиновтың ойынша, еңбекті халықаралық құқықтық реттеу - еңбекті реттеу бойынша халықаралық келісімдермен бекітілген стандарттардың жүйесі, олардың мемлекеттер сәйкес халықаралы келісімге қосылғаннан кейін ұлттық еңбек заңнамасында қолданады. Бұл анықтама зерттелінетін құбылыстың болмысын толықтай ашады және оны қоғамдық-құқықтық тәртіпте көрсетеді. Сонымен бірге, осындай көзқарасты құқық бойынша келесідей ғалымдар қолдайды: К. Н. Гусов, В. Н. Толкунова, А. М. Куренной, Л. П. Ануфриева, И. В. Гетьман-Павлова.

Халықаралық құқықтың теориясына сүйене отырып, халықаралық еңбек құқығы халықаралық жеке құқықтың зерттелу субъектісі болып табылады деген ойға келуге болады, алайда, кез-келген демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекеттің еңбектік қатынастарын реттеудің заманауи конвенциялық сипатын ескере отырып, халықаралық еңбек құқығы қоғамдық сипатқа иеленеді. Бұл бір жағынан еңбектік қатынастарды реттеудің мемлекет аралық, ұйым аралық сипатында көрінсе, екінші жағынан, қоғамдылық азаматтардың өздерінің еңбек құқықтарын міндетті қатысуында көрінеді.

Халықаралық еңбек қатынастарын құқықтық реттеу түсінігін талдап өтейік. Халықаралық құқық теориясы мен халықаралық еңбек құқығы түсінігінде халықаралық еңбек қатынастары түсінігіне анықтама берілмейді екендігін атап өтуді жөн көрдік. Біздің ойымызша мұндай түсініктеменің астарында «шет елдік элементі бар құқықтық қатынастар» халықаралық еңбек құқығының түсінігі түсіндіріледі. Осылайша, берілген түсінікте мыналар негізделетін - ҚР шет елдік азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлалардың еңбектік қызметі, сыртқы еңбектік миграциясы, еңбек етуші-мигранттардың құқықтарын қорғау бойынша халықаралық нормалар мен еңбек дауларын реттеудің коллизиялық әдістері (Қазақстан Республикасының азаматтық және еңбектік заңнамасы коллизиялық нормалардан тұрмайды) .

Алайда біздің ойымызша, халықаралық еңбектік қатынастар ретінд халықаралық құқық жүйесіндегі жеке құқықтық және қоғамдық-құқықтық аспектілерге ие еңбектік қатынастар түсіндіріледі. Еңбектік қатынастардың саласындағы ұлттық заңнамада имплементациялық процестерді зерттеудің шекті қажеттілік пен өзектілік жағдайында біз өзіміздің зерттеу жұмысымызда халықаралық қоғамдық құқық жүйесіндегі еңбектік қатынастарды зерттеуге бағыттауды жөн көрдік.

Жоғарыда айтқандарға орай, зерттеу жұмысының нысаны ішкі заңнамамен реттелетін еңбектік қатынастар болып табылады, ол заманауи халықаралық құқықтың жағдайында халықаралық нормаларға сәйкес реттеледі. Демек, зерттеу жұмысының пәні еңбектік қатынастарды реттеуші ұлттық заңнама мен халықаралық-құқықтық нормалар болып табылады.

Зерттеу жұмысының өзектілігін осы мәселенің Қазақстан Республикасында жеткіліксіз зерттелуі негіздейді. Сонымен бірге халықаралық құқықтың заманауи даму сатысында және Қазақстанның өзінің даму сатысында халықаралық құқықтың субъектісі ретінде ұлттық заңнамадағы халықаралық құқықтың қағидалары мен нормаларын әрі қарайғы ендірілуі туралы мәселесі өте маңызды болып келеді. Осы нормалар мен қағидалардың әрекет етуінің бір саласы - бұл әлеуметтік-еңбектік қатынастардың саласы болып табылады. Әр мемлекет пен әлемдік қауымдастық халықаралық стандарттары мен нормаларын қабылдау мен реттеудің көмегімен еңбектік қатынастарды тиімді құқықтық реттеуді және оның әрі қарайғы міндетті имплементациялауын өзінің алдына міндет етіп қояды.

Зерттеу жұмысының зерттелу деңгейі: «Еңбектік қатынастарды халықаралық құқықтық реттеу» бұл отандық заң ғылымындағы ең зерттелмеген және аз зерттелген бағыттарының бірі болып табылады. Сонымен бірге әлеуметтік саланың, соның ішінде еңбектік қатынастардың халықаралық құқықтық реттелуінің мәселелері алыс шет елдердің, ресейдің ғалымдарының еңбектерінде қолданылды, соның ішінде Бенинг В. Р., Р. Бланпэн, Бернар К., Ширу Р., Ланфранч М. П. сынды шет ел ғалымдары мен Хамзин А. Ш., Хамзина. Ж. А, Хамзина Л. А., Уваров В. Н., Абайдельдинов Е. М., Абайдельдинов Т. М., Ахметов А., Ахметова Г., Сафонова О. Н., Шайбеков К. А., Нургалиева Е. Н. сынды ресейлік және қазақстандық ғалымдар бар.

Халықаралық еңбек құқығы мен еңбек құқығының теориясы бойынша ғалым-мамандардың еңбектері талданған: Бекяшев Д. К., Киселев И. Я., Ануфриева Л. П., Гусов К. Н., Толкунова В. Н., Шиян В. И, Энтин Л. М., Созонтова А. В., Кашкин Ю. С., Орловский Ю. П., Дмитриева С. А., Марочкин С. Ю., Кантари Е. А.

Зерттеудің эмпирикалық негізін Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық құқықтық актілер құрады: ХЕҰ Конвенциялары мен ұсыныстары, 1948 ж. адам құқығының жалпы декларациясы, 1966 ж. азаматтық құқықтар туралы Халықаралық пакт, 1966 ж. экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакт, 1998 ж. еңбек саласындағы негізін қалаушы принциптер мен құқықтар туралы Декларация, 1995 ж. ҚР Конституциясы, 2007 ж. ҚР Еңбек Кодексі, Еуропалық Кеңестік Директивалары, ТМД шеңберіндегі серіктестік туралы келісімдер.

Зерттеу жұмысының өзектілігі отандық заң ғылымында еңбектік қатынастарды халықаралық құқықтық реттеудің жалпы талдануының болмауына негізделген, халықаралық құқықтық реттеудің жеке бағыттары бойынша зерттеулер фрагментарлы сипатқа ие.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Берілген жұмыстың мақсаты қазақстандық заңнамаға халықаралық еңбектік стандарттарды трансформациялау мен имплементациялау процесін зерттеу, берілген процестің теориялық және практикалық мәселелерін анықтау болып табылады.

Берілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей зерттеу міндеттері анықталды:

- Еңбек қатынастарын халықаралық құқықтық реттеудің түсінігін, субъектілерін, негізгі қағидаларын қарастыру;

- Халықаралық еңбек ұйымының еңбекті құқықтық реттеуі н талдау;

- Еуропалық Одақтағы еңбек қатынастарын реттеудің құқықтық анализін зерттеу;

- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарын имплементациялау ын анықтау;

- Қазақстан Республикасы және Халықаралық еңбек ұйымы арасындағы қарым-қатынастың дамуын зерттеу;

- Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарын реттейтін заңнаманы талдау;

- Халықаралық еңбек ұйымының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында имплементацияланған және имплементациялау көзделген стандарттарын қарастыру.

Зерттеу әдістері. Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі өзара толықтырушы құқықтық, философиялық, ғылыми және арнайы әдістердің жүйесі болып табылады, олар кешенді, жүйелік, құрылымдық-функционалдық амалдың ұстанымымен алғанда толық, объективті және келешегі бар нәтижелерді алуға бағытталған.

Алынған нәтижелердің теориялық және практикалық мәнділігі дипломдық жұмыстың нәтижелері еңбектік құқықтың халықаралық және ішкі мемлекеттік жаңа мүмкіндіктерін ашуға негізделеді.

Олар көптеген ғылыми мәселелердің негізінде қолданыола алынады. Осы жұмыстың жағдайлары қолданыстағы мәселелерді жоюға мүмкіндік береді. Дипломдық жұмыстың нәтижелерінің мәнділігі мәселенің қойылуының жаңалығымен, көптеген қорытындылардың болжамдық сипатымен, ғылыми-зерттеу жұмысындағы негізгі жағдайларды негізделеді. Дипломда келтірілген қорытындылар мен ұсыныстар практикалық қызмет үшін маңызды

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы зерттелінетін мәліметтердің көлеміне қарай кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен құралады.

1 Еңбек қатынастарын халықаралық құқықтық реттеу 1. 1 Еңбек қатынастарын халықаралық құқықтық реттеудің түсінігі, субъектілері, негізгі қағидалары

Әдебиетте еңбектік қатынастарды халықаралық-құқықтық реттеудің бірнеше анықтамалары бар. Осылайша, Д. В. Черняевтың айтуынша, әлеуметтік-еңбектік саланы халықаралық-құқықтық реттеу кешенді сипатқа ие негізінен құқықтың екі саласының - еңбектік жіне халықаралық қауымдық, бір уақытта саласының бірі болып табылады, оның міндетіне қандай да бір халықаралық қауымдастықтың шеңберіндегі әлеуметтік-еңбектік мәселелерді құқықтық реттеге үлгілік әдістерді орнату мен іске асыру кіреді.

Өз кезегінде Ю. П. Орловский еңбекті халықаралық-құқықтық реттеу деп еңбекті қолданумен, оның жағдайларын жақсартумен, еңбекті қорғаумен, жұмысшылардың жеке және ұжымдық мүдделерін қорғаумен байланысты мәселелермен мемлекеттерді халықаралық келісімдерінің көмегімен регламенттеуді түсінеді.

Кейбір ғалымдар еңбекті халықаралық-құқықтық реттеуді заманауи толық және өзара байланысты әлемнің әлеуметтік шынайылығын сипаттаушы маңызды факторы деп атайды. Басқалары еңбекті реттеу бойынша стандарттарды халықаралық актілермен орнатылған жүйесі ретінде анықтайды, оларды сәйкес халықаралық келісімге қосылған мемлекеттер ұлттық еңбектік заңнамада қолданады [1, б. 32] .

Жоғарыда аталған көзқарастан мынадай қорытынды шығаруға болады: еңбектік құқық ғылымында еңбекті халықаралық-құқықтық реттеу деп жалпы мағынасында халықаралық келісімдердің көмегімен жұмысшылардың еңбек шарттары мен заңды құқықтарын қорғау түсіндіріледі. Ол сонымен бірге адам құқықтарын қорғаудың бір түрі ретінде қарастырылады, оның институты қазіргі кезде заманауи еңбектік құқықта табысты бекітілді.

Көптеген ғалымдар атап көрсеткендей, ұлттық және халықаралық еңбектік құқықтың пәні сәйкес келеді: бұл еңбектік және онымен тікелей байланысты қатыснастар. Осылайша оларға дәстүрлі түрде жұмысбастылық пен жұмысқа орнату көмектесу бойынша қатынастарды, жұмысшылардың жұмыс берушімен және кәсіподақтың жұмыс берушімен қатынастарды ұйымдастырушылық-басқару қатынастарын, әлеуметтік-серіктестік қатынастарды, еңбек заңнамасын бақылау мен қадағалау бойынша қатынастарды, жұмысшылардың кәсіби дайындығы мен қайта біліктілігін алу бойынша қатынастарды, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің материалдық жауапкершілігі бойынша қатынастарды, сонымен бірге еңбек дауларын шешу бойынша қатынастарды жатқызады.

Алайда тағы да айта кететін жайт, саланың халықаралық-құқықтық сипаты реттеу пәніне біршама өз орнын қалдырады. Осылайша, менің ойымша, халыралық қауымның шеңберіндегі әлеуметтік-еңбектік мәселелерді құқықтық реттеудің түрлік амалдарын орнату мен қолдану бойынша қоғамдық қатынастар ретіндегі халықаралық еңбектік құқығының пәнін барынша нақты анықтау болып табылады, ол өз кезегінде, әлеуметтік тыныштыққа қол жеткізу, адам өмірлерінің сапасын жоғарылату, лайықты жалақыны және жағымды еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, сонымен бірге әлемнің әр мемлекетіндегі әлеуметтік мемлекеттік қалыптастыру сынды өзекті мәселелерінің шешілуіне бағытталған.

Осы мәселелерді шешудің маңызды элементі, негізінен, өндірістік процестерді ұйымдастыру мен басқарудың заманауи әдістерін тарату, үйлесімді жұмыс ортасын қалыптастыру, адамның жұмысы мен жеке өмірінің балансын қамтамасыз ету, кедейлікпен, теңсіздікпен жұмысшылардың және тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған қабаттарының құқықтарының бұзылуымен күресу және т. б. .

Құқықтың кез-келген саласы әдісінің мәні құқық субъектілеріне мемлекеттік әсер ету әдістері мен амалдарының ерекшелігіне, олардың қатынастарын реттеу мақсатында бекітіледі. Халықаралық еңбектік құқықтың мәнінің өзгешелігі өзіне халықаралық және еңбектік құқықтың әдістерін енгізеді. Осылайша, еңбектік құқық, екі жақты жеке-қоғамдық сипатын негіздеді. Мұндай сипат халықаралық еңбектік құқықтың әдісінің басты ерекшелігін қалыптастырды: келісімдік және заңнамалық реттеудің өзгеше үйлесімі (немесе диспозитивті және императивті) .

Алайда құқықтық берілген саласының қоғамдық-құқықтық сипаты туралы ұмытпаған жөн, ол Д. В. Черняевтың айтуынша, оның әдістерінің іске асырылуы билік пен бағынудың есебінен толық жүруінен көрінеді, ол оның субъектілерінің арасында оларды біріктіруші, оған кірістірілген мәселелер бойынша оның барлық қатысушыларының еркін үйлестіру жағдайында бекітілетін, халықаралық қауымның біріктірілуі туралы халықаралық келісімнің негізінде орнатылған [2, б. 34] .

Жоғарыда аталғанның бәрі халықаралық-құқықтық еңбекті реттеудің және әсіресе еңбектің халықаралық нормаларының мәнін түсінуге мүмкіндік береді.

Құқықтың кез-келген саласының қағидасы негізгі идеялар мен амалдар болып саналады, олардың негізінде нақты саланың нормативті мазмұны қалыптасады. Сондықтан олардың мазмұны әрдайым зерттеуге қызықты және бір уақытта даулы мәселе болып табылады.

Еңбек құқығының ғылымында қағидалардың мазмұны мен жіктелуіне қатысты көптеген көзқарастар болады. алайда еңбекті құқықтық реттеудің негізгі халықаралық қағидаларының тізімі 1998 жылдың 18 маусымында Халықаралық еңбек ұйымымен қабылданған «Еңбек саласындағы негізін салушы қағидалар мен құқықтар туралы» Декларациясында өзінің бекітілуін тапты. Берілген актіні қабылдаудың қажеттілігі көптеген мемлекеттер - Халықаралық еңбек ұйымының мемлекет-мүшелері негізгі конвенцияларын ратификацияламауымен айтып жазылды.

Халықаралық еңбек ұйымының барлық міндетті қатысушы мемлекеттерінің негізгі қағидаларының бір ретінде мыналар аталды: а) бірлестіктердің еркіндігі мен ұжымдық келіссөздерді жүргізуге құқықты шынайы мойындау («әлеуметтік диалог» қағидасы) ; б) мәжбүрлі немесе міндетті еңбектің барлық түрлерінің қысқартылуы; в) бала еңбегіне нақты тыйым салу; г) еңбек пен сабақтар саласындағы кемсітуге жол бермеу [3, б. 45] .

Ұжымдық келіссөздерді жүргізуге біріктіру еркіндігі мен нақты құқықтың қабылдануы еңбек саласындағы негізін қалаушы қағидаларының ішінде бірінші орынға шығаруға Халықаралық еңбек ұйымымен жайдан-жай қойылмаған. Осылайша Аленина А. В. осыған орай мынаны атап айтады: бұл қағиданы жүзеге асыру бір уақытта мақсат пен құралды көрсетеді, егер жұмысшылар толыққанды кәсіподақтарды біріктіру мен ұжымдық келіссөздерді жүргізуге құқығын жүзеге асыра алатын болса, олар келісімдік тәртіпте кез-келген әлеуметтік құқықты алуы мүмкін. Алайда, атап өтетін жайт, бірлестіктің шынайы еркіндігін қамтамасыз ету үшін заңнамадағы қандай да бір құқықтардың жай бекітілуі жеткіліксіз, бұл қоғамның өзінде жұмыс берушінің азаматтық қоғамының институты ретіндегі тәуелсіз кәсіподақтар мен бірлестіктердің қуатты жүйесінің пайда болуы үшін қажет.

Мәжбүрлі еңбекпен байланысты мәселелер, ең біріншілері болып табылады, олар еңбекті халықаралық-құқықтық реттеуде шешілді. Шестерякова И. В. атап өткендей, 1815 жылдан бастап әлемде құлдық пен мәжбүрлі еңбекке тыйым салуға бағытталған үш жүзден астам халықаралық актілер бекітілді. Мәжбүрлі еңбекке тыйым салуға мемлекетті мәжбүрлі және міндетті еңбекті оның барлық формалары мен көріністерінде қолдануды қысқартуға мемлекетті міндеттеуші, және қылмыстық құқық бұзылуы ретіндегі мәжбүрлі еңбектің қолданылуын бағалауды ұсынушы, Халықаралық еңбек ұйымының екі конвенциясы мен екі ұсыныстары арналған. Қазақстандық еңбек құқығында мәжбүрлі еңбекке тыйым салу қағидасының нақты мазмұны ҚР ЕК ашылған.

Бала еңбегінің мәселесімен Халықаралық еңбек ұйымы Халықаралық еңбек конференциясының бірінші сессиясынан бастап айналысты, ол 1919 жылы өтті, ол бойынша өндіріске балаларды жұмысқа қабылдау үшін минималды жасы туралы 1919 ж. Конвенция мен өндірістегі жасөспірімдердің кешкі еңбегі туралы Конвенция қабылданды. Балалар мен жасөспірімдердің еңбегі мәселесі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде, Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының «ҚР баланың құқықтары туралы» Заңда көрсетілген, 18 жасқа дейінгі жұмысшылардың еңбегін құқықтық реттеуге қатысты [4, б. 94] .

Кемсітуге тыйым салу қағидасы әділеттілік сынды жалпы құқықтық қағиданың көрінісі болып табылады. Бұл ретте кемсіту деп А. В. Аленинамен берілген анықтамаға сәйкес, жынысы, ділі, терісінің түрі, ұлты, тілі, жасы, тұрғылықты мекен-жайы, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылық, дін мен жұмысшының іскерлік қасиеттерімен байланысты емес басқа жағдайларға қатысты белгілері бойынша кез-келген айырмашылық, рұқсат етпеушілік, жоққа шығару немесе артық көру ретінде түсінуге болады. Халықаралық еңбек құқығы тең еңбек төлемін 1919 ж. өзінің Жарғысында, кейін 1944 ж. Филадельфиялық декларацияда бекітті. Әділетті ғаламданудың мақсатында, ы 2008 ж. әлеуметтік әділеттілік туралы Халықаралық еңбек ұйымының Декларациясында мынаны атап көрсетуге болады: лайықты еңбек бағдарламасын жүзеге асыру үшін стратегиялық мақсаттардың бірі тендерлік теңділікті және кемсітуге тыйым салуды қамтамасыз етудің стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады.

Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеу қағидаларының қатарына жұмысшылардың негізгі құқықтарын жатқызуға болады, олар өзінің бекітілуін адам құқығының Жалпы декларациясында (1948 ж. ), азаматтық және саяси құқықтары туралы Халықаралық пактіде (1966 ж. ), экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактіде (1973 ж. ) тапты. Олардың басым бөлігі бүгінгі күні ҚР ЕК көрініс тапты.

Өз алдына, Б. С. Рощинмен аталған факт жағымды болып табылады: қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Халықаралық еңбек ұйымының 8 барлық Конвенцияларын ратификациялады, онда төрт негізгі қағида нормативтік дамуына ие болды, ол «Еңбек саласындағы негізін қалаушы қағидалар мен құқықтар туралы» Халықаралық еңбек ұйымында жарияланған. Алайда, айта кететін жайт, берілген қағидалар тек ұлттық заңнамада ғана дамып қоймай, сонымен бірге құқықты қолдану қызметінің негізі болуы қажет.

Халықаралық еңбек құқығының субъектілері - бұл еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің қатысушылары, олар халықаралық құқықтар мен міндеттемелерге ие, оларды субъектілер халықаралық құқықтық актінің негізінде жүзеге асырады.

Оларды екі топқа бөлуге болады: халықаралық ұйымлар мен трансұлттық корпорациялар. Өз кезегінде, халықаралық ұйымдар халықаралық үкіметтік және халықаралық үкіметтік емес ұйымдар болып бөлінеді. Мұндай жіктелу Н. Л. Лютовпен және П. Е. Морозовпен ұсынылған және халықаралық қоғамдық құқықтың теориясында кеңінен таралған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әйел құқығын қорғау
Әйел мәселесінің қоғамның барлық салаларындағы шешілу жолдары
Әйел құқығын қорғаудың жалпы сипаттамасы
Мүгедектік ұғымы және оның ерекшеліктері
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
Халықаралық шарттар нормаларын қолданудың халықаралық құқықтық негіздері
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, ең төменгі еңбекақыны талдау
Бақылау комитетінің басшылығы, қызметін ұйымдастыру, миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Халықаралық құқықтық норма ұғымы мен белгілері
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды медициналық оңалту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz