Сыбайлас жемқорлық қылмыстыққа тосқаулық қоюдың криминологиялық шаралары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстыққа тосқаулық қоюдың криминологиялық шаралары.
Мазмұны
Кіріспе3
1 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жалпы сипаттама6
1. 1 Сыбайлас жемқорлық түсінігі және оның белгілері6
1. 2 Сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған заңнамалардың қалыптасуы және дамуы15
2 Сыбайлас жемқорлықтың жай-куйі және оның алдын-алу мәселелері24
2. 1 Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы24
2. 2 Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен шарттары28
2. 3 Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған қылмыстық-құқықтық шаралардың жетілдірілуі37
Қорытынды47
Қолданылған әдебиеттер тізімі50
КіріспеЗерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан даму, өркендеу процесі берік орын алды. Елімізде жылма-жыл алға өрлеушілік, дүниежүзілік деңгейге көтерілуге қадам басқандық айқын көрініс беруде. Тәуелсіздік алғаннан бері көптеген реформалар жүзеге асты. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасында көптеген кодекстер - қылмыстық, қылмыстық атқару, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, әкімшілік және т. б. қабылданды. Осындай заңдылық нормалардың қабылдануы құқық бұзушылықтың алдын алуға және қылмысты құбылыстармен пәрменді күрес жүргізуге құқықтық негіз жасап берді. Мемлекетімізде орын алып жатқан осындай оңды жетістіктерімізбен бірге қоғамның одан әрі серпінжі дамуына кедергі келтіріп жатқан теріс құбылыстар да бар. Сондай қоғамға жат құбылыстардың бірі - қылмыстылық болып табылады. Қылмыстық көрсеткіші де жылма-жыл өсуде. Қылмыстылықпен күресуде мемлекет көптеген ұйымдастырушылық шараларын іске қосуда.
Мемлекеттік саясатты, экономиканы, елдегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтауда, құқықтық тәртіп пен заңдылықтың нығаюында мемлекеттік қызметшілердің, лауазымды тұлғалардың атқаратын міндеті өте зор. Қазақстан Республикасының Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» атты халыққа жолдауында мемлекеттік қызметшілердің қызметіне ерекше мән беріп, олардың патриоттық, әділетті, өз ісін кәсіби жетік білетіндігінің, мемлекеттік қызметші деген жоғарғы мәртебелі атаққа кір келтірмей, әділетті әрі патриоттық сезімге толы жігерлілікпен қызмет атқаруын одан әрі өрістету мемлекетіміздің стратегиялық міндеті деп атап көрсетті. Елімізде қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарда мемлекеттік аппарат қызметінің бірқалыпты, дұрыс, заңды қызметіне кедергі келтіретін құбылыстарға қарсы құқықтық шаралардың түрі саралап көрсетілген. Бірақ та сот, тергеу тәжірибесі көрсетіліп отырғандай мемлекеттік Өкімет және басқару билігі саласында, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар әлі де баршылық. Республика бойынша 2010 жылы - 128859, 2011 жылы - 135778, 2012 жылы - 137405, 2012 жылы - 120816, 2013 жылы - 106737 қылмыс тіркелсе, соның 2010 жылы - 1891, 2011 жылы - 1535, 2012 жылы - 1582, 2013 жылы - 1439 сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыстар болып табылады. Жалпы қылмыстылық деңгейімен салыстырғанда тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының өзінше көрсеткіші онша орасан көп емес. Бірақ та бұл тұрғыдағы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі оның латенттігіне байланысты, яғни мұндай - қылмыстардың ашылуы, ресми тіркелуі көп қиындықтарды туғызады.
Жалпы сыбайлас жемқорлық және жеке алғанда парақорлық біздің қоғамға көптен белгілі. Экономикадағы, басқару жүйесіндегі әлеуметтік саладағы, идеологиялық қатынастардағы өзгерістерге байланысты парақорлықта өзін қылмыстық құқықтық тұрғыдан алғанда теориялық жағынан бір жақты қарауға мүмкіндік бермейтін көптеген сапалық өзгерістерге ұшырады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Бұл жұмыста Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге қолданылатын шаралар сипатталып қоймай, сонымен бірге сыбайлас жемқорлықтың жағдайына алып келетін себептер мен жағдайлар зерттелген. Еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған қылмыстық-құқықтық шаралардың жетілдірілу жолдары анықталған.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы мен теориялық маңыздылығы. Зерттеу қорытындысы Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді күрес жүргізуге мүмкіндік беретін қылмыстық заңдарды жетілдіруге, осы салада сот практикасы қызметін жаңа сатыға көтеруге мүмкіндік береді. Дипломда терең зерттелген кейбір дау туғызған анықтамалар мен түсініктерге берілген сипаттамалар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына осы мәселеге байланысты нормативтік құқықтық қаулысын әзірлеуге септігін тигізеді. Теориялық зерттеу негізінде көрініс тапқан ғылыми ұсыныстарды сот практикасында кеңінен қолдануға болады. Сонымен қатар дипломдық жұмыстың материалдарын жоғарғы оқу орындарының заң факультеттерінде қылмыстық құқық және криминология пәнінен лекция және семинар сабақтарын өткізгенде, ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асырғанда пайдалануға болады.
Шешілетін ғылыми мәселенің заманауи жағдайының бағалануы. Қазіргі кезде елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресудің заңнамалық актілері қабылданып қоймай, іс жүзінде іске асырылу шаралары жетілдірілуде, алайда бұл мәселенің толық шешілуіне мүмкіндік бермейді. Сондықтан да осы зерттеу жұмысында 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің заңнамалық ережелері сипатталған және оны жетілдірудің жолдары қарастырылған.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Сыбайлас жемқорлықтың теориялық негіздерін қарастыра отырып, оған қарсы криминологиялық шараларды зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жалпы сипаттама беру;
- Сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған заңнамалардың қалыптасуы және дамуын қарастыру;
- Сыбайлас жемқорлықтың жай-куйі және оның алдын-алу мәселелерін зерттеу;
- Сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі, динамикасы және құрлымын айқындау.
Зерттеу объектісі. Сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның белгілері, оның негізгі саралатын түрлеріне талдау жасау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қарастыру.
Зерттеу пәні. Сыбайлас жемқорлық қылмыстыққа қарсы криминологиялық шараларды талдау.
Зерттеудің теориялық негізін отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектері, сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресу шараларына қатысты мәселелері мен тұжырымдамалары құрайды. Дипломдық жұмысты жазу кезінде классикалық саяси-құқықтық пен қазіргі кездегі авторлардың жұмыстары қолданылды.
Зерттеудің әдістемелік негізін танымның диалектикалық, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу принциптері, тарихи және объективтілік, сонымен қатар салыстырмалы-құқықтық, заңды және т. б. әдістері құрайды.
Салыстырмалы-құқықтық әдіс орталық орынды алады, себебі зерттеуде қойылған көптеген міндеттерді шешуге, саяси-құқықтық пікірдің дамуы қорытындысымен сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресу туралы қазіргі кездегі ілімнің өзара байланыс мүмкіншіліктерін ескертуге жол беретін қайталанатын құбылыстарды анықтауға мүмкіндік береді.
Сыбайлас жемқорлықпен күресуді талдау кезінде жүйелеу әдісі де қолданылды, оның артықшылығы саяси пікір тарихында әр түрлі концепцияларды бүтін ретінде анықтап, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресудің мәселелері туралы әдебиеттер мен теориялық тұжырымдары, қазіргі кездегі концепциялармен байланысын анықтауға негізделген.
Зерттеу жұмысының практикалық негізі. Дипломдық жұмыстың теориялық базасын бұрын және кейінгі жылдарында жарық көрген криминалист ғалымдардың ғылыми еңбектері құрады. Зерттеудің деректік негізі мен тұжырымдары Қазақстан Республикасының Конституциясына, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына, Республикалық Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларына негізделеді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.
1 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жалпы сипаттама 1. 1 Сыбайлас жемқорлық түсінігі және оның белгілері20 ғасырдың аяғы сыбайлас жемқорлыққа байланысты, осы тұрғыдағы құбылыстармен пәрменді күрес жүргізуге арналған сан қырлы ғылыми ізденістерің өсуімен де ерекшеленеді. Өйткені бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық Қазақстанның қауіпсіздігіне, елдің экономикалық дамуына кереғар бизнес дамып, мемлекеттік қазынаға түсетін елеулі қаражат кіріске кірмейді. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң 1998 жылы 2 шілдеде қабылданса, ал 2003 жылы 25 қыркүйекте Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша бірқатар заңдылық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңында заңды түрде белгіленеді. Бұл заңдылық нормалар парақорлықпен күреске арналған құқықтық нормалардың алғышарттарының бір көрінісі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық деп - мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның, не оған теңестірілген адамның, лауазымды адамның қызметтік өкілеттігін өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделерін керағар пайдалану нәтижесінде жеке адамның заңды құқықтары мен мүдделеріне, қоғам, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеліп соққан заңсыз іс-әрекеттерді айтамыз. Көріп отырғанымыздай, бұл анықтама құбылыстың нақты көріністерінің кең шеңберін қамтып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық көріністері туралы қылмыстық-құқықтық теорияда көптеген көзқарастар болғаны аян. Біздің пікіріміз бойынша сыбайлас жемқорлық көрінісінің қылмыстық-құқықтық нысандарын тек қана парақорлыққа әкеліп тіреу дұрыс емес. Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық қол сұғу объектісінің, субъектісінің ауқымы парақорлық құрамы ауқымынан кең. Осылайша біз сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық нысандарына: мемлекеттік билікке қарсы, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне қарсы қылмыстарды лауазым иелерінің, басқа да кез-келген лауазым иесіне теңестірілген немесе лауазым иесі болып табылмайтырн мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабына пайдакүнемдік немесе басқа да мүдделілікті пайдаланылып жасалған қылмыстарын жатқызамыз [1, б. 25] .
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қылмыстық заңдылықты жетілдірудің маңызы ерекше. Бұл мәселеде қылмыстық жаза маңызды рөл атқарады.
Сыбайлас жемқорлықпен ұйымдасқан қылмыс бөлінбейтін криминалды одақ құрайды. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы кешенді бағдарлама жасау және өз өкілеттіктерін ұйымдасқан қылмыстың мүддесі үшін пайдаланылған мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығын күшейту керек.
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық ұғымы азаматтық қоғамда үйреншікті құбылысқа айналса, ал екінші жағынан Қазақстанның қауіпсіздігіне, елдің экономикасының дамуына керағар әсер ететін факторға айналуда. Статистикалық мәліметтерге көз салсақ, Республикада сыбайлас жемқорлықтың нәтижесінде көлеңкелі бизнес дамып, жылына мемлекеттік қазынаға түсетін 540 миллион доллар кіріске кірмейді, яғни ішкі табыс көзінің 27 пайызы желге ұшқандай болады екен.
Халықаралық «Транспотенса пен интернешнл» деректеріне жүгінсек, Қазақстан әлемдегі 133 мемлекеттің ішінен сыбайлас жемқорлық бойынша 2000 жылы 65 орында болса, 2001 жылы 71 орын, 2003 жылы 100 орында болды. Бұл көрсеткіштің өзі-ақ осы кеселдің меңдеп кеткенін және оның мемлекет тарапынан күрделі шараларды жасап жатқанына қарамастан емдеуінің қиынға соғып отырғанын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика деректеріне көз салсақ, 2003 жылы Республика бойынша 807 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген, бұл 2002 жылмен салыстырғанда 60 пайызына азайғандығын көрсетеді.
Бұл көрсеткіштің азаюының себебі 2003 жылы 25 қыркүйекте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша бірқатар заңдылық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны едәуір азайды. Сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыстар құрамының тізбегі қылмыстық кодексінің 41-бабында заңды түрде белгіленеді.
Сыбайлас жемқорлықтан дүниежүзі қауіптенуде, 1989 жылы БҰҰ басшылығымен мемлекеттік қару саласындағы жемқорлық мәселесі бойынша Гаагада (Нидерланды) халықаралық семианр болып, оның нәтижелері БҰҰ Сегізінші конгресінде осы мәселені қараудың алғышарты болды. Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС) төмендегідей ұсыныс берді: Мемлекеттік лауазым иелері арасындағы сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттік бағдарламалардың барлық түрлерінің тиімділігін жоққа шығаруына, дамытуды қиындатуына байланысты және кейбір адамдар мен топтарға қауіп туғызуына орай, барлық мемлекеттердің:
А) Сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне оны тежеуге сәйкес келетін қылмыстық заңдардың санкциясын жетілдіру;
Б) Сыбайлас жемқорлықты өкімет билігіне қызмет жасаудан сақтандыруды реттейтін механизмдерді дайындау;
В) Сыбайлас жемқорлықпен құныққан лауазымды тұлғаларды анықтаудың, тергеудің және соттаудың тетіктерін қабылдау;
Г) Сыбайлас жемқорлық арұылы алынған мүліктер мен құралдарды тәркілеудің құқықтық ережесін белгілеу;
Д) Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар кәсіпорындарға экономикалық санкция қолдану өте маңызды.
Осы конгресс «Сыбайлас жемқорлықпен күрестің практикалық шаралары» атты нұсқауда қарады, ал нұсқаудың қайта дайындалған вариантты баспасөзде жарық көрді және «Конгресс мемлекеттік басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық» атты қарар қабылданды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері Амстердам қаласында 1992 жылдың 9-12 наурыз аралығында өткен осы мәселемен күреске арналған 5-ші халықаралық конференцияда талқыланды [2, б. 66] .
Өткізілген іс-шаралардың толық емес тізімі және осыған қарамастан сыбайлас жемқорлықпен күресте ешқандай елеулі нәтижеге жете алмау, бұрынғы құқықтық нормалардың қолдану практикасын тежеуді және сонымен қатар қазіргі қолданыстағы заңдылықтардың тиімділігін арттыру мақсатында оларды одан әрі дамыту, жетілдіру қажет деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықпен күресте тек қана қылмыстық қуғын-сүргін шараларын күшейтуге әкеліп тіреуге болмайтыны өзінен-өзі түсінікті. Бұл мәселеге байланысты заң әдебиеттерінде әлеуметтік, экономикалық ұйымдастыру және құқықтық шараларды кешенді түрде дайындау қажеттілігі әр уақытта әділ айтылуда. Сонымен қатар нақты ұсыныстар да берілген. Өз кезегінде құқықтық шараларды тек қана қылмыстық-құқықтық шаралармен шектеуге болмайды. Сыбайлас жемқорлықтың кең таралуы және оның алуан түрлілігі, қоғамда әр түрлі деңгейдегі көрініс беруі сыбайлас жемқорлық құбылыстары мен күрестің беруі сыбайлас жемқорлық құбылыстары мен күрестің әр түрлі құқықтық құралдарының жүйесін қолдану қажеттілігін талап етеді. Осыған орай қылмыстық-құқықтық сипаттағы шаралар оның өте қауіпті көріністері бойынша ғана қолданылады.
Жалпы алғанда коррупциялық құқық бұзушылық сан түрлі және ол әкімшілік, азаматтық-құқықтық және тәртіптік құқық бұзушылық сипатта болады. тек қана осы Амстердам қаласында өткен конгрессте, құқықтық шаралар арасында, қылмыстық заңды қолдануға және оны дамытуға үлкен мән берілген.
Атап өткеніміздей, мұндағы негізгі мәселе заңды қолдану практикасына байланысты. Бірақ, бұл сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық заңды жетілдіру қажет емес дегенді білдірмейді. Осы тұрғыдан алғанда мына мәселелер бойынша заңдылық анықтама берудің мәні зор деп есептелінеді:
А) Сыбайлас жемқорлыққа қылмыстық-құқықтық анықтама беру;
Б) Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық нысанындағы көріністерін анықтау;
В) Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық заңдылықтарды жетілдірудің басқа да тиімді жолдарын белгілеу.
«Сыбайлас жемқорлық» термині заңдылық, оның ішінде қылмыстық-құқықтық ұғым болып табылмағандықтан, оның құқықтық анықтамасы белгілі бір қиындық туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық атауы - «коррупция» терминінің этимологиясы латынның «corruptio» (паралап сатып алу) ұғымын білдіреді. Бірақ 1978 жылғы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылдаған құқықтық мінез-құлқы, лауазым иелерінің істеген немесе істеуге мүмкін іс-әрекеттері үшін заңсыз салық алуы, уәде берулері ұлттық құқық нормаларымен анықталуы қажет делінген.
Н. Ф. Кузнецова сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік көлеңкелі құбылыс деп көрсетіп, оның бір тұлғаны ерекше бір тұлғаның сатып алуынан тұратынын анықтайды. А. И. Долгова осындай пікірді қолдай отырып, коррупцияны мемлекеттік немесе басқа да қызметкерлердің жеке басының пайдасы үшін ресми қызметтік өкілеттіктерін және соған байланысты беделдері мен мүмкіндіктерін сатуы немесе сол үшін сатылуы деп атап көрсетеді. Бұл дегеніміз коррупция ұғымы парақорлықпен теңестіру деген сөз [3, б. 63] .
Б. В. Волженкин «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз әлеуметтік құбылыс болып табылатын биліктің іріп-шіруі, мемлекеттік фукнцияны атқаруға өкілетті мемлекеттің немесе басқа да соларға теңестірілген адамдардың өз қызмет бабымен қызмет статусы мен беделін жеке басының баюы мақсатында немесе топтық мүдде үшін пайдалануы» деп анықтама береді [4, б. 32] .
Осы анықтамадан сыбайлас жемқорлықтың парақорлық шегінен шығып кететінін және оның мемлекеттік билікті жеке өзінің, басқаның пайда табуы мақсатында асыра пайдаланудың кез-келген түрін айтамыз.
Осылайша заң әдебиетінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты екі түрлі көзқарас қалыптасқан: тар мағынадағы сыбайлас жемқорлық (парақорлық) және кең мағынадағы сыбайлас жемқорлық (мемлекеттік билікті пайдалану пайдакүнемдік мақсатта асыра пайдаланудың кез-келген түрі) .
Біздің пікіріміз бойынша сыбайлас жемқорлықтың кең көлемдегі түсінігін қолдану дұрыс сияқты. Сатып алу сыбайлас жемқорлықтың тарихи бірінші көрініс болса да, сыбайлас жемқорлықты парақорлыққа теліп қою дұрыс болмаған болар еді. Осындай мұқият қарауды талап ететін заңдылық мәселені жеңіл шешу позициясын ұстану дұрыс болмайды. Осыған орай шешу сыбайлас жемқорлыққа анықтама бермес бұрын осы құбылысқа тән негізгі сипаттарды теориялық жағынан белгілеген мәнді болады.
1. Сыбайлас жемқорлықтың орын алатын салалары жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік билік органдары болып табылады. Кейбір авторлар бұл салаға коммерциялық және басқа да ұйымдарды қосып кеңітеді. Ал бұған толық негіз жоқ. Сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі сол. Мұндай қоғамға қауіпті іс-әрекет орын алған кезде мемлекеттің және жергілікті өзін-өзі басқару органдары беделіне зор нұқсан келтіріп, нәтижесінде олардың әлсіреуіне әкеліп соғады.
Коммерциялық құрылымдардың қызметкерлерімен өзге де ұйымдардың қызметкерлері қызмет бабын асыра пайдаланған жағдайда ондай нұқсан келмейді және олардың әлсіреуіне әкеліп соқпайды. Әрине, осындай өкілеттіктерді теріс пайдаланушылық көп материалдық шығынға ұшыратуы және басқа да ауыр жағдайға ұшыратуы мүмкін, ал ол үшін сол коммерциялық және өзге де ұйымдрдағы кінәлі адамдар тиісті жауапкершілікке тартылуы тиіс.
Жергілікті Мемлекеттік басқару және басқару органдарына келетін болсақ, оларды сыбайлас жемқорлықтың орын алған саласына қосу принципті түрде маңызды болып табылады. Бірақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 8-бөлігіне сәйкес, аталған органдар мемлекеттік өкімет органдары жүйесіне кірмейді, ал конституциялық құрылымның негізін анықтайтын осы баптарды бөлім етіп алу кездейсоқтық емес. Баптардың мазмұны мен орны жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды осындай негіздің бірі ретінде қараудың куәсі болып табылады.
2. Сыбайлас жемқорлықтың субъектілері мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті адамдар, не оған теңестірілген адамдар, лауазымды адамдар, лауазым иелері болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлер танылады. Егер лауазым иелерінің сыбайлас жемқорлық субъектілеріне қатысы жайлы әдебиетте біріңғай пікір қалыптасқан болса, лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің осы санатқа жату мәселесі даулы болып табылады. В. С. Коммисаров сыбайлас жемқорлық субъектісін мемлекеттік қызметкерлер ретінде қарау қағидасы дұрыс емес деп есептеп, оны төмендегі ойларға байланыстырады. Біріншіден, бұл дегеніміз қылмыстық жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін едәуір ұлғайтады деген ұғымды білдіреді, ал бұл болса қылмыстық саясатты дамыту пәрменділігімен толық дәрежеде сәйкес келмейді. Екіншіден, бұл түбірімен дұрыс емес, себебі сыбайлас жемқорлықтың мәні билік өкілеттілігі болмағандықтан олар сыбайлас жемқорлық әрекет жасай алмайды, ал бірақ осындай қылмыстарға қатысушы болуы мүмкін [5, б. 52] .
Н. Ф. Кузнецова лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлерді коррупциялық қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту криминологиялық негізсіз деп есептейді. Оның пікірінше, бұл адамдардың қоғамдық қауіптілігі антиәлеуметтік криминалдық дәрежеге жетпейді. Басқа да авторлар осындай пікірді ұстанады.
Біздің пікірімізше лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлық қылмыстардың субъектісі қатыстарына қосу төмендігі жағдайларға байланысты:
А) Сыбайлас жемқорлықтың соңғы кездегі ұлғаю көлемі биліктің барлық тармақтарының сыбайлас жемқорлықпен байланысы, оларға қарсы қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының ең тиімді жолдарын іздеуге, соның ішінде коррупциялық ең тиімді коррупциялық қылмыс субъектілерінің шеңберін кеңейту жолымен де негіз болды. Егер қылмыстық саясатты дамыту тенденциясы деген сөздерден қылмыстық заңдарды ізгілендіруді түсінсек, онда мұндай ізгілендіру жемқорлық қылмыстың белен алып тұрған қазіргі кезінде де, онымен табысты күресте де өзін-өзі ақтамайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz