Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының жеке тұлғалардың құқықтық мәртебесін қамтамасыз етудегі рөлі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«КазГЗУ Университеті» АҚ
Қинуарбек Т. Е
Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының жеке тұлғалардың құқықтық мәртебесін қамтамасыз етудегі рөлі
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАСЫ
мамандығы 5В030100- «құқықтану»
Астана, 2016
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«КазГЮУ Университеті» АҚ
«Мемлекетік-құқықтық пәндер» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының жеке тұлғалардың құқықтық мәртебесін қамтамасыз етудегі рөлі»
мамандығы 5В030100- «Құқықтану»»
Орындаған: Қинуарбек Т. Е
Ғылыми жетекші:
аға оқытушы Бейсенбеков А. С.
Астана, 2016
«КазГЮУ Университеті» АҚ
«Мемлекеттік-құқықтық пәндер» кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН ЖАЗУ БОЙЫНША СТУДЕНТКЕ ТАПСЫРМАЛАР
ҚИНУАРБЕК ТЕМІРЛАН ЕРЛАНҰЛЫ
Мамандығы В5030100 - Құқықтану
Диплом жұмысының тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының жеке тұлғалардың құқықтық мәртебесін қамтамасыз етудегі рөлі»
Диплом жұмысының жобасы
01 желтоқсан
20 желтоқсанға дейін
20 желтоқсаннан
31 желтоқсанға дейін
01 қаңтардан
01 ақпанға дейін
01 ақпаннан
09 наурызға дейін
09 наурыздан
01 сәуірге дейін
01 сәуірден
15 сәуірге дейін
15 сәуірден
29 сәуірге дейін
02 мамырдан
11 мамырға дейін
Студенттің аты-жөні мен қолы
Ғылыми жетекшінің аты-жөні мен қолы
Мазмұны
Қысқарту тізімі3
Кіріспе4
1 Прокуратура органдарымен жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуінің теоретикалық негіздері7
1. 1. Прокуратура органдарының құқыққорғау қызметінің түсінігі және мақсаты7
1. 2. Прокуратура органдарының құқыққорғау қызметінің міндеттері және қағидалары13
А тұжырымы23
2 Прокуратура органдарының жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етудің құқықтық негіздері25
2. 1 Прокуратура органдарының жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етуінің құқықтық негіздері, бағыттары және түрлері25
2. 2. Прокуратура органдарының жеке тұлғалардың құқықтық мәртебесін қамтамасыз етудегі қабылдайтын актілері29
Б тұжырымы38
Қорытынды40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі43
Қысқарту тізімі- ҚР - Қазақстан Республикасы
- ҰТКЖ - Ұжымдық тұтынуды көрсету жүйесі
- КСРО - Кеңес Социалистік Республикалар Одағы
- ҚР ҚПК - Қазақстан Республикасының Процессуалдық Кодексі
- ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
- ҚР БП - Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы
- ҚР ІІМ - Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі
- ҚР ЖС - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
- ҚР КК - Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі
- НҚА - нормативтік құқықтық актілер
- РФ - Ресей Федерациясы
- АҚШ - Америка Құрама Штаттары
- БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
- АЕК - айлық есептік көрсеткіш
Зерттеу жұмысының өзектілігі. 1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы қабылданған ҚР Конституциясының 12 бабында көрсетілгендей, адамның құқықтары мен бостандықтары әр тұлғаға туылғанынан беріледі, олар абсолюттік болып саналады, олардан ешкім айыруы мүмкін емес, заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен іске асырылуы осыған байланысты анықталады. 1 Аталмыш мәселеге Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында айтарлықтай көңіл бөлінген. 2
Бұл жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін қамтамасыз етудің мемлекеттілікті қалыптастыру үшін маңыздылығын аңғартады. Мемлекет алдындағы аталған міндеттерге қол жеткізуде прокуратура органдарының орны ерекше. Себебі құқықтық кеңістікте жеке тұрғалардың құқықтары мен бостандықтар тек құқықтық ықпал ету механизмдері арқылы ғана қамтамасыз етіледі. Осы орайда прокуратура органдарының заңнамамен анықталған құзіреттері жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қадағалауды қамтамасыз ететін механизм болып табылады. Сонымен қатар Құқықтық мемлекетті құру кезеңінде үлкен қастандық әрекетсідік және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың тарапынан зандарды және занға сәйкес актілерді сөзсіз тікелей бұзуы болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттік билік органдары қызметтеріндегі зандылық пен тәртіпті мемлекет тиімді қамтамасыз етуге тиіс . . . Көрсетілген міндеттерге қол жеткізуде прокуратураның рөлі маңызды. 3
Прокуратураның мемлекеттік билік органдар арасындағы орны мен рөлін бөліп қарастыру бүгінгі күнде өзекті болып отыр, мемлекетте қылмыс пен құқық бұзушылықтар күнделікті өсіп отыр, оның криминогендік сипаты нашарлауда, сыбайлас жемқорлықпен ұштасып отырған қылмыстар көбеюде, құқықтық нигилизм өсуде, қоғамдық қатынастардың барлығында азаматтардың құқықтары мен бостандықтары сақтала бермейді, азаматтардың құқыққорғау органдарына сенімсіздігі бар. Осының бәрі прокуратура органдарының орны мен оның қызметін қарастыруға септігін тигізді.
Прокуротураның басты міндеті - заңның бұзылғандығын айқындау, оны жоюға қол жеткізу, кінәсіздерді қорғау, заң бұзушылардың жауапкершілігі туралы мәселе көтеру.
Прокуратураның алдындағы міндет - мемлекеттегі заңдардың үстем болуын, заңдылықтың бекітілуін мен құқық қорғау тәртібін қамтамасыз ету. Барлық қызметіндегі оның міндеттері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету; республиканың тәуелсіз құқықтарын, бағыныштылығына қарамастан, оның саяси және экономикалық жүйесін, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың құқықтарын, меншік нысандары мен құрамдарын кез-келген қол сұғушылықтан қорғау; лауазымды тұлғалар мен азаматтардың құқықты тануы мен құқықтық мәдениетін көтеру болып табылады.
Демократиялық, зайырлы, біртұтас мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы - адам және азаматтың өмірі, бостандықтары мен адамның бұлжымас құқықтары. Осы тұрғыдан прокуратура оның қызметінің аясында мемлекетіміздің шегінде заңдардың дәл әрі біріңғай орындалуына қадағалауды іске асыруға, қажетті жағдайларда, ол сол уақытта белгіленген заңдар шеңберінде қылмыстық қудалауды іске асыруға, сондай-ақ істердің сот талқылауына қатысуға тиіс.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21-желтоқсандағы «Прокуратура туралы» заңында басымдылық бағыттары ретінде адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақталуына қадағалау функциясы анықталған және жалпы қадағалау ұғымы енгізілген.
Бұл заңнамада прокурордың ерікті тәртібіндегі қаулылары мен ұсыныстарын орындамау кезіндегі іс-әрекеттердің тәртібі көзделген. Енді мұндай жағдайлар туындаған кезде прокурор актілерге енгізілген прокурорлық реттеуді мәжбүрлеп орындау туралы қаулысын шығаруға және уәкілетті мемлекеттік органға мәжбүрлеп орындау үшін оны жіберуге құқықты, ал ол кезегінде оны бұлжытпай және дереу арада орындау үшін шаралар қолдануға міндетті.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының негізгі рөлін анықтай отырып, жеке тұлғалардың құқықтық мәртебесін қамтамасыз етудегі рөлін қарастыру.
Дипломдық жұмысты жазу барысында жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттер анықталды:
- Прокуратура органдарының құқыққорғау қызметінің түсінігі және мақсатын айқындау;
- Прокуратура органдарының құқыққорғау қызметінің міндеттері және қағидаларын қарастыру;
- Прокуратура органдарның жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етуінің құқықтық негіздері, бағыттары және түрлерін зерттеу;
- Прокуратура органдарының жеке тұлғалардың құқықтық мәртебесін қамтамасыз етудегі қабылдайтын актілерін талдау.
Зерттеудің объектісі болып ҚР Прокуратура органдарының жеке тұлғалардың құқықтық мәртебесін қамтамасыз етуге бағытталған функциялары мен құзіреттерінен туындайтын және тиісті нормативтік құқықтық актілермен реттелетін қатынастар.
Зерттеудің пәні болып, ҚР Прокуратура органдарының жеке тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етудегі құзыреттерін, өкілеттіктерін және осы саладағы тәжіребесін анықтаудағы теориялық және тәжірибелік сипатағы зертеулер.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Адам құқықтарын қамтамасыз етудегі прокуратура органдарының құқықтық рөлін теориялық, тәжірибелік және тарихи тұрғыда отандық ғалымдар белсенді зерттеді. Сондай-ақ оның қалыптасу эволюциясы отандық құқықтанушылардың назарындағы негізгі тақырыптардың бірі. Бұл мәселеге Қазақстанда М. С. Нәрікбаев, Н. Алиев, Р. Н. Ақпарова, Ғ. Қ. Өтебаевсынды заңгер ғалымдар теориялық зерттеулер жүргізіп, өз ой-пікірлерін, көзқарастарымен үлес қосты.
Зерттеудің әдістемелік негізін прокуратура органдарының қызметі мен әлеуметтік-құқықтық құбылыстарын танудың диалектикалық әдісі құрайды. Зерттеу барысында жалпы ғылыми, жеке-ғылыми және арнайы таным әдістері қолданылды: тарихи-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық, статистикалық, нақты-әлеуметтік және т. б.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Прокуратура органдарымен жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуінің теоретикалық негіздері 1. 1. Прокуратура органдарының құқыққорғау қызметінің түсінігі және мақсатыПрокуратура мемлекеттік қорғау жүйесінің маңызды буыны, ол өзінің конституциялық қорғау функциясын пайдалана отырып, ең алдымен, Республика Президентінің өкілеттілігін қамтамасыз етеді және заң тұрғысынан биліктің барлық тармағына ықпал етуге, олардың қызметін қадағалауға құқылы. Бұл жерде прокуратура биліктің өкілдік, атқарушы және сот органдарын алмастырмайды, өз өкілеттіліктерін тиімді пайдалана отырып оларды толықтырады.
Прокурордың басты міндеті - заңның бұзылғандығын айқындау, оны жоюға қол жеткізу, кінәсіздерді қорғау, заң бұзушылардың жауапкершілігі туралы мәселе көтеру.
Ғалымдар мен тәжірибесі бар адамдардың басым көпшілігі прокуратура өзінше дербес билік органы деген сенімде. Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор К. Ф. Скворцовтың пікірі бойынша, «Ресейдің Конституциясындағы прокуратураға арналған бап, прокуратураның сот билігін жүзеге асырмайтыны бәріне белгілі болса да, жаңылып, «Сот билігі» атты тарауына енгізілген». Прокурорлық жүйе ұйымдығына қарай мемлекеттік биліктің бірде бір құрамына кіруге тиісті емес. Бірақ, бұл прокуратураның қандай да бір «төртінші билікке айналдырушы жағдайға жатпайды. Прокуратура биліктің бүкіл құрылымының мүдделері үшін әрекет етеді, олармен өзара іс-әрекетті іске асырады, бір жағынан оларға қызмет көрсетеді. Прокуратура - бүкіл мемлекеттік билік құрылымдарының өкілеттіктерінің жүзеге асырылуын, заңды актілердің нақты орындалуын жоғары бақылау әдісімен қадағалау құралы, механизмі. Ол биліктердің өзара іс-қимыл жасау заңның үстінен қараушылық биліктердің жік-жік болып ажырасуына және бір-біріне қарсы тұруына емес, құқықтық мемлекеттің ең маңызды қағидаттарының бірі ретінде барлық биліктердің заңды қатаң сақталу механизмінде ерекше орын алуға тиісті». 4
Қазіргі кезде прокуратураны заң шығарушы билікке жатқызу туралы алдын ала болжамдар айтылып жүр.
Мысалы, В. Д. Ломовский прокуратураны заң шығару, атқарушы билікпен қатар қояды. Прокурорлық қадағалау жоғары заңнама билігіне тән заңдылықтың бірлігін қамтамасыз ету функцияларын орындау үшін құрылған, қызмет атқарады. 5
Сонымен бірге прокурорлық қадағалау заңды қамтамасыз ету, заңдылық бірлігі саласында және өзге де мәселелерді шешуде заң шығару билігін, Конституциялық кеңесті, әкімшіліктердің орнын ауыстыра алмайды. осыған байланысты Белорусь Республикасының тәжірибесі қызықты. Белорусь Республикасының Прокуратура туралы заңының 1-бабына сәйкес, прокуратура мемлекет атынан заңдардың орындалуына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Белорусь Республикасының Жоғарғы Кеңесіне есеп беретін дербес орган ретінде қаралады. Бұл баптың мәнінен прокуратура ерекше өкілеттік берілген заңнамалық билік органы болып табылатындығы айқын көрінеді. Қазақстан Республикасында прокуратура сонымен бірге заң шығару билігіне жақындасады. Бақылауды, былай айтқанда, парламент қабылдаған заңдардың орындалуын үздіксіз қадағалай отырып, ол парламент функциясының бір бөлігін атқарады деуге болады. Қазіргі таңда прокуратураны президенттік билікке жатқызуды жақтаушылар да бар.
К. Ю. Яровиков пен С. Шалумов прокуратура биліктің бірде бір тармағына кірмейді деп пайымдайды. Прокуратураның бірде бір заң шығару, атқарушы және сот өкілеттігі болмауына байланысты оның билік бөлісу жүйесіне кірмейді Бірақ, бұған қарамастан, М. С. Шалумов прокуратура тыйым салу және қарама-қарсылық жүйесіне қатысады, біз де сондай пікірді қолдаймы. 6
Прокуратураны ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібі, прокурорлардың өкілеттілігі Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21-желтоқсандағы «Прокуратура туралы» № 2709 Заңында, заң актілерінде, Қазақстан Республикасы бекітілген халықаралық шарттарда, сондай-ақ Бас прокурордың бұйрықтарында анықталған. 7
Ежелден бері келе жатқан сот ісін жүргізуге қарағанда XIII-XIV ғасырларда Еуропада прокуратура пайда болды. Франция королі 1302 жылы прокуратураны монарх мүддесін қорғайтын орган ретінде құрды.
Франциск I-нің 1539 жылғы эдикті корольдік іздестіру жүйесін әрі қарай дамытты, оған сәйкес, король лейтенанттары деп аталатын судьялар мен олардың көмекшілері процестерді тікелей өздері жүргізетін болды. Тергеу жүргізетін судья мен қорытынды жасайтын прокурордың өзара әрекеттестігі міндетті еді. 1586 жылы Францияда прокуратураны ұйымдастыру және оның қызметі туралы заң шықты, онда прокурордың мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны анықталды. Прокурорлық қадағалаудың өкілеттік аясына заң: прокурордың әкімшілік-саяси сипаттағы қызметін; тергеу жүргізуді қадағалауды; сот-құқықтық қызметті кіргізді.
Францияның қылмыстық процесі үшін 1670 жылғы Ордананстың маңызы зор болды, ол азаматтық және қылмыстық талаптарды сотта тергеуді бөлектеді, ал жария король прокурорлары жасаған қылмысы үшін қатаң жазаға алып келетін айып тағуға құқылы болды.
Кейін Франция прокуратурасы әрқилы өзгерістерге ұшырады. Бірақ оның негізгі міндеті өзгеріссіз қалды, ол - мемлекеттегі жоғары билік иесінің мызғымастығын қамтамасыз ету еді. Прокуратураның бұл функциясы қазына ұрлау, пара алу көп болып кеткен кезде қажет болды, ал оны шет мемлекеттер, соның ішінде Ресей тез қабылдады. 8
Ресейде прокуратураның құрылуы Петр 1-нің кезеңінде болды, мемлекеттік басқаруды реформалау барысында ол заңдардың орындалуын қадағалайтын және қазына ұрлайтын, пара алатын шенеуліктермен күресетін арнайы аппарат керек деген тұжырымға келді.
Сол үшін Петр 1 өзінің 1722 жылдың 12-қаңтарындағы Жарлығымен заңдардың орындалуын қадағалаушы біріңғай, жалпы мемлекеттік және қатаң орталықтандырылған жүйе ретінде прокуратура құрды, ол заңдылық пен құқық тәртібінің тұтастығын сақтайтын.
Әр түрлі шенеуліктердің қызметін айрықша бақылайтын, жоғарғы билік пен мемлекет мүддесінің сақталуын қадағалайтын органға айналды. Бұл шетелдік үлгіні көшіріп алу емес еді.
Егер Францияда прокурор өз қызметін толықтай король мүддесін қорғауға арнаса, корольдің атынан сот процесіне қатысатын болса, Ресей мемлекетінде прокурор жалпы мемлекеттік маңызы бар қадағалау-бақылау функцияларын атқарды.
«Прокурор» және «прокуратура» сөздері латыннан аударғанда «қамқор боламын», «басқарамын» деген ұғымды береді.
Сот реформасына дейін, 1862 жылы Ресей империясының Мемлекеттік кеңесі «Прокуратура туралы негізгі Ережені» қабылдады, онда прокурорлық қадағалаудың мемлекеттік маңыздылығы, оның мазмұны, прокурорлардың міндеттері мен өкілеттіктері анықталды. Прокуратураның міндеті: «ресей империясында заңдардың дәл және біркелкі орындалуын қадағалау» деп нақты көрсетілді.
19 ғасырдың 20-40 жылдары Ресейді әкімшілік басқару саласында едәуір түзетулер енгізілді, ол кезде Қазақстанның солтүстік-шығыс және батыс аймақтары Ресейге қарайтын Орта және Кіші жүзде хан билігі ресми түрде жойылды, әкімшілік-отаршылдық басқару жүйесі құрылды. Сонымен 19 ғасырдың ортасында қазақ даласындағы стряпчий прокуратура өкімі ретінде атқарушы билік органы болып саналды, ол қылмыстық сот ісін жүргізгенде қылмыстық қуғындау қызметін атқарды, Сенат пен губернаторлармен бірге мемлекет мүддесін қорғады, барлық қызмет органдарындағы лауазымды адамдардың, азаматтардың заңдылықты сақтауына жалпы қадағалау жүргізді.
Қазақстан аумағындағы мемлекеттік прокуратура органдары 1922 жылы 13 маусымдағы 2-шақырылған Қазақ Орталық Атқару Комитетінің 3-сессиясында құрылды, ол «Прокурорлық қадағалау туралы» Ережені бекітті. Бірақ, мемлекеттік прокуратура «заңдардың сақталуын қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында және қылмыскерлікпен күресу мәселесін дұрыс қою үшін» Әділет комиссариатының құрамында құрылды.
Жыл асқан сайын прокуратура құзыры кеңейді, прокуратураны жалпы мемлекеттік масштабтағы өзінше дербес орган етіп қайта құру қажеттілігі туындады. Қазақстан одақтық республика мәртебесін алғаннан кейін прокуратураның жаңа даму кезеңі басталды. 9
1955 жылы СОКП Орталық Комитетінің бастамасымен заң актісі - КСРО-дағы прокурорлық қадағалау туралы Ереже қабылдады. Ондағы прокурорлық қадағалау нормалары В. И. Лениннің кеңес прокуратурасын ұйымдастыру және оның қызметі туралы идеяларына негізделді. Прокуратура туралы заңдар 70-жылдары қарқынды даму алды. 1977 жылғы Конституция қабылданғаннан кейін 1979 жылы КСРО Прокуратурасы жайлы заң қабылданған болатын, ол Кеңес үкіметі тарап, бұрынғы одақтас республикалар прокуратура туралы өз заңдарын қабылдағанға дейін күшінде болды.
Тек 2009 жылы ғана прокурорлық араласудың арқасында 190 мың жұмыскерге 8, 8 млрд-тың шамасында жалақының төленуіне алып келді. Арыз жазып немесе сенім телефоны арқылы көмек сұраған кәсіпкерлердің құқығын қорғау үшін арнайы мобильдік топтар ұйымдастырылды. Нәтижесінде, қадағалау органдарының қызметкерлері бизнесмендерге қатысты жүзге жуық құқық бұзушылықтың жолын кесті. Құрылыс саласындағы жағдайды тұрақтандыруға, үлескерлер құқығын қалпына келтіруге бөлінген бюджеттің есебінен мақсатты пайдалануын қадағалауда прокуратураға жауаптылығы жоғары міндет жүктелді. Үлескерлерді құқықтық қорғау жөнінде топтар ұйымдастырылды. 9 мыңнан аса азамат жәбірленгендер болып саналды, оларға 50 млрд-тан асатын теңге көлемінде зиян келтірілген. Үй тұрғызушылардың мүліктерін бағалап, оларға тыйым салудың мақсатында прокурорлар қажетті іс-шараларды қолданады. Елуге жуық қылмыстық іс қозғалды, сотқа жіберілген істер бойынша 38 адам сотталды.
Сонымен қатар, әлемдегі іргелі өзгерістер мен жаһандандыру процесі, сондай-ақ ел ішіндегі даму қозғалысы ұлттық құқықтың, оның ішінде құқық қорғау органдары қызметінің халықаралық стандарттарға сәйкес болуын талап етеді.
Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2010-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасында прокуратура органдары қызметінің іс жүргізу негіздерін әрі қарай жетілдіру қажеттігі көрсетілген. Осы жұмыстың шеңберінде прокурордың сотқа дейінгі іс жүргізудегі рөлі мен жауапкершілігін арттыру, оның қоғамға қауіпті қылмыстар туралы істерді тергеп-анықтауына қатысуы мақсат ретінде алынған.
Бүгінгі күні прокурорлар өздерінде тергеу бөлімшелерінің, тым болмаса қайратты құрылымдардың қызметкерлері жасаған қылмыстарды тергейтін бөлімшелердің құрылатынына үміттенеді.
Прокуратура органдарының тергеушілік қызметінің негіздерін 2009 жылғы 17-шілдедегі «Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру мәселелеріне қатысты кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды растап отыр, онда «кейіннен қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу істерін Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер органдары мен қаржы билігі тергеушілері ғана емес, сонымен бірге еліміздің ҚК қарастырылған жағдайларда прокурорлар да жүргізеді» делінген. 10
Сонымен қатар, жаңа Тұжырымдамада прокуратура органдарының құқық қорғау қызметіне қатысты үйлестіру функциясының тиімділігін әрі қарай көтерудің маңыздылығына назар аударылған.
Прокуратура - қызметі заң бұзушылықты анықтап, оны жоюға бағытталған, Конституция мен заңдардың, өзге де нормативтік актілердің құқық субъектілерінің барлығымен, олардың мемлекеттік билік органдарындағы орны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан дәлме дәл, әрі біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды жүргізетін жалғыз мемлекеттік орган. Прокуратура заңдылықты және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ете отырып, барлық мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынаста болады. Мұнда қадағалау актілерінің адресаттары, яғни заңсыз акті шығарған орган немесе одан жоғары тұрған органдарды атап кеткеніміз жөн. Прокуратура өзінің қадағалау актілерін Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы және өкілді органдар, соттарға жібере алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz