Ағылшын тіліндегі қажеттілік пен міндеттілікті білдіру құралдары


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Ағылшын тіліндегі қажеттілік пен міндеттілікті білдіру құралдары

Мазмұны

Кіріспе3

1 Аударманың теориялық негіздері6

1. 1 Аударма теориясының тарихы6

1. 2 Лексикалық аспектілер21

1. 3 Грамматикалық аспектілер26

2 Ағылшын тіліндегі қажеттілік пен міндеттілікті білдіру құралдары31

2. 1 Ағылшын тіліндегі көркем шығармалардағы қажеттілікті білдіретін құралдарды аудару тәсілдері31

2. 2 Ағылшын тіліндегі міндеттілікті білдіретін құралдарды аудару тәсілдері32

Қорытынды35

Қолданылған әдебиеттер тізімі37

Кіріспе

Қазіргі қоғамда аудармашылық қызметтің қолданылу шеңбері күн сайын кеңейіп, үлкен әлеуметтік сұранысқа ие болып отыр. Көптеген мемлекеттерде арнайы оқу орындары ашылып, кәсіби аудармашы мамандарды даярлай бастады. Бұған дейін аударма жұмысымен басқа да мамандық иелері айналыса бастаған. Аудармашылық жұмыс қоғамдық ортаның көпшілігін қызықтырды. Осының нәтижесінде көптеген зерттеулер жүргізілді де, жаңа ғылыми пән пайда болды. Ол қазіргі заман талабына сай-аудармашылық мамандық.

Аударма - бұл өте күрделі және көп салалы адами іс -әрекеттің бір түрі. Күнделікті ауызекі тілде аударма ісі туралы “бір тілден екінші тілге аудару делінеді”, бірақ шындығында аударма ісімен айналысқанда тек бір тілді екінші тілге аудару ғана көзделмейді. Аударма ісінде әр түрлі деңгейдегі мәдени ағымдармен, әртүрлі дәрежедегі ой толғау, әртүрлі әдебиеттер, әртүрлі дәуір тынысы, әртүрлі салт-дәстүр, ұстанымдармен танысып жұмыс істеуге мәжбүр боласың.

Аударма - бұл адамдардың арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз етудің құралы, ал оның міндеті - басқа тілдің құралдарымен түпнұсқаның мазмұны мен формасын жеткізу.

Белгілі болғандай, аудару процесі бір тілдің бірліктерін басқа тілдің бірліктерімен жай ғана алмастыру процесі емес. Керісінше, бұл күрделі процесс, ол көптеген грамматикалық аспектілерден тұрады, оларды аудармашы білуі қажет. Аударма тек түпнұсқадан ғана алыс, нақты емес болып қоймай, сондай-ақ тіптен дұрыс емес, мағынасын, стилін, авторлық идеясын және тіпті автордың өзі туралы түсінікті бұзушы бола алады. Көп нәрсе аудармашыға байланысты болады, міне сондықтан ол барлық күштерін түпнұсқа мен аударманың арасындағы ең үлкен сәйкестікке жеткізу үшін жұмсау қажет.

Бұл ретте аударма грамматикалық аспектісін аудармалық эвристикаларды жасауда алдыңғы қатарлы деп санауға тура келеді, өйткені дәл сол аударманың стратегиясын тілдік бірліктің құрылымы мен қызметтерін талдау арқылы анықтайды. Айта кететін жайт, аударманың грамматикалық аспектісі аударманың теориясы мен практикасы бойынша мамандарды қызықтырған болатын, өйткені осы грамматиканың облысында жақсы реттелген тіл жүйесінде тіларалық жүйелі сәйкестіктерді орнату мүмкін, бұл бір жағынан аударманың грамматикалық аспектілерінің жақсы дайындалғанын, екінші жағынан, оларды әрі қарай жасаудың жетістіктеріне қатысты танылмал скептицизмін түсіндіреді.

Біздің курстық жұмысымыз ағылшын тіліндегі қажеттілікті және міндеттеуді білдіретін құралдарды зерттеуге арналған, олар сөйлеушінің заттар мен құбылыстарға қатынасының құралы болып табылады.

Қажеттілік пен міндеттеуді білдіретін модальды етістіктерді зерттеу тақырыбының өзектілігі модальды етістіктердің жан-жақты теориялық теориялық қарастыруымен, олардың статусы мен сипаттамаларын анықтаумен, сондай-ақ олардың қызметінің әдістерін зерттеумен негізделген.

Қажеттілікті және міндеттеуді білдіретін модальды етістіктердің мәселесі біржақты емес, өйткені көптеген грамматистердің көбісінде модальды етістіктерге қатысты өздерінің тақырыптары болады. Модальдылық түсінігін толық түсіндіру жоқ, бұл берілген категорияның көп жоспарлығымен байланысты.

Ағылшын тіліндегі модаль етістіктер бірнеше модальді мағынаға ие болуы мүмкін. Модаль етістіктері мен қыстырма сөздер бірге қолданылғанда, осы жағдайда біз синонимдік құрылымдарды кездестіреміз. Сөйлемдерде модаль етістіктері құрамдас модальды баяндауыш деп аталатын тіркесті құратын тұйық етістіктігімен (перфекті немесе перфекті емес инфинитивпен) үйлеседі. Модаль етістіктері жеке сөйлем мүшелері ретінде қолданыла алмайды.

Must етістігі әдетте фактілерге, білімге негізделген және сенімділікпен шекаралас болжамды білдіреді. Must етістігінің перфекті емес инфинитивпен үйлесуі болжамды іс-әрекеттің немесе қалыптың жасалған болжаммен мезгілдес болғанын білдіреді және осындағы болжам осы шаққа да, өткен шаққа да жатады.

Need модаль етістігі қажеттілікті білдіріп, қазақ тіліне керек, қажет деп аударылады. We need talk of this no more. -Бізге осы туралы сөйлесу керек емес.

Зерттеудің объектісі ағылшын тіліндегі қажеттілік пен міндеттілікті білдіретін модальдылықты анықтау, ал заты - қажеттілік пен міндеттілікті білдіретін модаль етістіктері мен олардың эквиваленттері.

Зерттеу жұмысының мақсаты ағылшын тіліндегі қажеттілік пен міндеттілікті білдіретін модаль етістіктерін зерттеу және оларды көркем шығармалардағы қолданылуын талдау. Берілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді айқындап алдық:

- Қазіргі заманғы ағылшын тіліндегі қажеттілік пен міндеттілікті білдіретін модаль етістіктерінің теориялық негіздерін зерттеу;

- Ағылшын тіліндегі қажеттілік пен міндеттілікті білдіру құралдарын қарастыру;

- Ағылшын тіліндегі көркем шығармалардағы қажеттілікті білдіретін құралдарды аудару тәсілдерін талдау;

- Ағылшын тіліндегі міндеттілікті білдіретін құралдарды аудару тәсілдерін зерттеу.

Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық ғалымдардың еңбектері, мерзімдік басылымдардағы мақалалар қолданылды.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Аударманың теориялық негіздері 1. 1 Аударма теориясының тарихы

Аударма теориясы - ғылыми пән, оның міндеті - түпнұсқа мен аударма арасындағы заңдылықтарды қарастыру, аударманың жеке жағдайларын ғылыми мәліметтердің көмегімен бақылау, алынған мәліметтерді жалпыландыру. Мұнысымен аударма теориясы аударма тәжірибесіне көмектеседі, ол теорияға ойды жеткізудің қажетті құралдарын іздеу мен таңдауда көмектеседі: теорияға жүгіне отырып, аудармашы қажетті ойларды және дәлелдемелерді нақты мәселелердің белгілі бір шешімдерінің пайдасына шеше алады.

Осы теорияның ғылыми құндылығы оның нысанына, аудармасына тілмен және әдебиетпен байланыстағы шығармашылық қызметке қызығушылықтың түрлілігімен түсіндіріледі [1, б. 67] .

Біз бүгінгі таңда классиктердің шығармаларын, дүниежүзі мәдениетінің асқан үлгілерін өз ана тілімізде оқи алатын дәрежедеміз. Прогрестік мәні өзгеше бұл процесс негізінен ағылшын тілі арқылы іске асып жатыр. Қай тілдің, қай халықтың болмасын көптің рухани жан дүниесін байытар қазынасын біз ағылшын тілі арқылы меңгерудеміз. Қазір ағылшын тілінен аударылған сансыз дүниелерді қарап шықсақ, біз ғылым саласында да, көркем әдебиет саласында да әлемнің төрт бұрышында болған, болып отырған небір оқиғалардан оймен, көкірек көзбен көңілге түйер дәрежеге жеткен екенбіз.

Әр тілде сөйлейтін халықтар мекен еткен әлемді және сол халықтардың мәдени мұрасын танып білу тек аударма арқылы мүмкін. Әрине бұдан кез келген аударма түпнұсқаны толығымен танытар дәрежеде деген қорытынды жасалмауы тиіс. Сонда да кез келген аударма, оның ішінде, әсіресе, көркем аударма басқа тілдің амалдарымен жасалған шығарманы екінші тілдің құралдарымен қайта жасау болып табылады. Бұл процесс әр алуан халықтардың өзара қарым-қатынасы негізінде тарихи дәлелденген және жасалған тәжірибелер мұның әбден мүмкін екенін көрсетіп отыр. Ал енді бұл аудармалардың сапасы, салмағы т. б. түрлі қасиеттері деген мәселенің бәрін көркем аударманың теориясы тексеруге тиіс. Аударма теориясы осындай қажеттіліктен келіп туған.

Біздің негізінен көңіл қойып отырғанымыз - көркем аударма. Яғни көркем әдебиеттің екінші елге сапары жайлы деп те айтса болар еді мұны.

Аударманың тарихына үңіліп қарасақ, ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ұғысу, жақындасу ниеті ертеден-ақ пайда болған сияқты. Оған дәлел - әр жұрттың өмірінде замандар бойы жалғасып келе жатқан аударма өнерінің үлгілері. Әсіресе, аударманың өзге үлгілерінен гөрі көркем туындылары бір халықтан екінші халыққа, бір тілден екінші тілге жеделірек жетіп отырған. Халықтың рухани тілек-талабынан келіп туған өзге елдің көркем шығармаларын аудару процесі келе-келе өзіндік принциптері мен қағидаларын алға тартады. Аударудың әрқилы тәсілдері мен заңдылықтары бой көрсетеді [2, б. 48] .

Сөйтіп бір халықтың әдеби мұрасын екінші елдің рухани қазынасы етуді мұрат тұтқан адам аудару үстінде екі тілдің өзді-өзіне ғана тән неше алуан ішкі заңдылықтарының сырына үңіліп, аударудың өзіндік заң-жобаларын түзе (сыза) бастайды. Әрбір тіл арасында аударма арқылы болып жататын неқилы салыстыру салғастыру дегендердің бір жүйеге түсіріліп, саралануы қажет екенін ертеден ұққан азаматтар осы жөнінде өз пікірлерін айтып, жазып отырған. Мәселен, дүниежүзілік мәдениеттің алтын қорын аралап кетер болсақ, сонау ертедегі Рим дәуірінің алыптары Ливий Андроник, Цицерон, Гораций, Квинтилиан т. б. бастап жиырма бірінші ғасырға дейінгі аударма проблемаларына арналған сан алуан теориялық пікірлердің болғанын тарихтан білеміз.

Сол дәуірлер сырын танытатын бұл қағида, көзқарастардан аңғарылған бір нәрсе: аударманың қай дәуірде болмасын қоғамда үлкен рөл атқаратыны.

Әр дәуірдің дамуына қарай аударманың әрқилы принциптері бой көрсеткен. Сонау ерте дәуірдің өзінде-ақ еркін аударма мен сөзбе-сөз аударма пайда болған.

Тарихқа жүгінсек, грек әдебиетінің римляндықтар әдебиеті мен тіліне тигізген әсері ұшан-теңіз. Бұдан ұғатынымыз: аударманың тіл мен әдебиетке тигізер әсерінің қай кезде де мол екендігі. Тағы бір ескеретін нәрсе, сонау ерте кезде-ақ бой көрсеткен аударманың бұл екі тәсілі күні бүгінге дейін ұласып келе жатқаны. Көп дау, талас-тартыс осы екі принцип маңында өрбиді.

Қайта туу (эпоха Возрождения) дәуірі творчестволық істің жаңа мұраттары мен түрлерін тарата отырып, аударманың рөлін көтеріп тастады. Бұл кезде Германияда аударманың әрқилы принциптері көріне бастайды. Тіпті бөтен тілдің синтаксисіне дейін жеткізуді талап еткендер (Никлос фон Виле) де, қайта өңдеуге дейін баратын еркіндікті талап етушілер (Генрих Штеинхавель, Альбрехт фон Эйб) де болған. Англияда поэтикалық түрлердің қандайын болмасын ұлттық өңге айналдыру арқылы әдебиетін дамыту ағымы болған.

Аударманың бүкіл халықтық сипатқа ие болуы А. М. Горький есіміне тікелей байланысты.

Жауапты мәселенің дұрыс жолға қойылуы үшін аудармашыларды аударманың ең қарапайым да түсінікті қағидаларымен қаруландыратын теория керек еді. Сөйтіп, аударма теориясының әліпбиі жасалды. Мұны алғаш қолға алған аударманың аса көрнекті теоретиктерінің бірі, әдебиетші К. Чуковский болатын. Кейін бұл еңбек әлденеше толықтырылып, жаңартылып басылып отырды.

Аударманың мәселелерін әрқилы көзқарастар тұрғысынан қарастырған әр алуан еңбектер бар. Аударма өнерінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын таратып, талдай алатын тамаша теоретиктер бар. Олар - М. П. Алексеев, А. В. Федоров, Г. Гачечиладзе, И. А. Кашкин, О. Кундзич, А. В. Кунин, Ю. Д. Левин, П. М. Топер, Я. И. Рецкер, В. М. Россельс, В. Е. Шор, т. б. .

Бұларға қоса аударма проблемаларына арналған түрлі кеңес-мәжілістер көптеген күмәнді, түсініксіз жайларды теориялық тұрғыдан ғылыми талқыға салып, саралап шыққан. Әрине бұл мәжілістер аударма теориясының әр алуан мәселелерін түбегейлі шешіп берді деп айту қате. Алайда ден қоюға тұрарлық бір ақиқат, аударма өнерінің филология ғылымының ерекше бір саласы ретінде танытылып, оның даулы-даусыз мәселелерінің нақты ғылыми жолмен тексеріле басталғандығы. Дәлелдеме, дәйектемелерге негізделген мұндай ғылыми бағыт аударма проблемасының көптеген меселелерін нақтылы шешуге, сөйтіп аудармашыларға қиындық туғызып келген кейбір жайттар жөнінде қажетті принциптерді ұсынуға едәуір септігін тигізгені хақ.

Бұл үлкен проблеманың қағидаларын талдап беруде әрқилы көзқарастар күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Аударма өнерінің мәселелерін тексеруде әрқилы ғылым саласы келіп түйісіп жатады. Әдебиет, тіл, психология, тарих, этнография, математика, т. т. Мұның ішінде аударманың өзіндік объекті тіл мен әдебиет болуға тиіс. Өйткені көркем аударманың тексеретін мәселесі белгілі бір тілде жазылған көркем туындының екінші бір тілдегі көрінісі. Осыдан келіп аударманы зерттеу саласында тілшілер мен әдебиетшілер арасында әр алуан көзқарастардың болатыны ақиқат [3, б. 126] .

Жалпы, теориямен айналыспаған аудармашының аударманың қазіргі талабына лайықты іс бітіруі неғайбіл. Аударма теориясының бүгінгі талабы дегенде біз көркемдігі жағынан дәл, толыққанды аударманы айтамыз. Қанша дегенмен, өз бетінше, өз қалауынша аудармамен айналысушы адам білгенін өзімен ала кетеді де, оның қолы жеткен ақиқат жұмбақ күйінде калады. Ал теория сондай көптеген тәжірибелерді қорыта келіп, қол жеткен табыстарды көпке ортақ дүниеге айналдырады.

Аударманың ғылыми қағидаларын ортақ мүддеге айналдырушы теоретиктердің бұл жөніндегі ұстанған принциптерін үш түрге бөліп, топтап әңгімелеуге болар еді.

Олардың бірі - аударманы әдебиетгану ғылымының еншісіне беріп, оны таза творчестволық құбылыс ретінде қарастыратындар. Мәселен, И. А. Кашкин, А. А. Смирнов, И. Брагинский, В. Россельс, В. Шор, т. б. пікірлері негізінен осы ыңғайда түйісіп жатады.

Ал А. В. Федоров бастаған тілшілер қауымының көбі аударманы тіл білімінің объектісі ретінде зерттеген. Бұлардың қатарына Л. С. Бархударов, Б. А. Ларин, Я. И. Рецкер, т. б. қосуға болар еді [4, б. 38] .

Бұл екі көзқарасты жалғастырып, аралық позицияда тұрған үшінші бір топ аударманы өз алдына бөлек сала ретінде тексереді. Яғни аударма негіздері тіл мен әдебиет қағидаларына сүйенсін дейді. Өзінің дәлелді теориялық тұжырымдарымен аударма ғылымының дамуына бөлекше үлес қосқан Г. Гачечиладзе мұны былай түсіндіреді: «Аударма теориясы лингвистика мен әдебиеттану ғылымының аралығында тұрған, өзіндік орны бар өзгеше ғылым». А. Лейтестің де: «Она могла бы стать наукой об осмыслении и воссоздании художественных произведений средствами другого языка, показывая на материале многих литератур, как читательское сотворчество перерастает в сотворчество писательское», - деген пікірінен Г. Гачечиладзе ұсынып отырған принциптерді қолдайтынын аңғарамыз. Үш топтың өкілдері аударма проблемаларын осылай әрқилы тараптан тексеруді талап ете отырып, іс жүзінде бірінің мәселесін бірі қамтып кете береді.

Тілдің әрбір элементі көркем контекстке ене отырып, сапалық өзгеріске ұшырайды. Яғни лингвистикалық құралдардың қабілеттілігі көркемдік мән-мағынаға айналып жатады. Сондықтан да: «В диалектическом единстве лингвистического и художественного, в способности отмеченного качественного превращения и состоит возможность преодоления основного противоречия, выраженного в формуле - перевод прекрасного с одной лингвистической системы на другую», - деген теоретик О. Кундзичтің пікіріне қосылуға тура келеді [5, б. 79] .

Осы тұрғыдан алғанда « . . . область художественного перевода начинается там, где кончается область языковых сопоставлений» - деген Г. Гачечиладзенің; «пусть он будет подчинен определенному художественному или идейному замыслу, но сам по себе представляет материал чрезвычайно богатый», - деп түсінетін А. Федоровтың пікірлері де дау туғызады.

Көркем шығарманы жеке алып қарағанда ол көркем туынды есебінде эстетикалық әсер ететін категория. Біз оны оқығанда оңдағы сөйлем мүшелерін талдап жатпай-ақ таңдай қағамыз. Ал енді сол шығарманы аудару қажет болса, не сол аударманы талдау керек болса, оны бірнеше бөлікке, материалға бөлуге тура келеді. Сөйтіп лингвистикалық анализдің қажетгігі туады. Әдеби-лингвистикалық байланысты осындай бірлікте қарау қажет.

Қазақ аударма өнерінің тарихына үңілсек, дәл осы тектес аражігі айқын, анық пікірлер бар деп айту қиын. Мұнда біз мынау тілшілер ұсынған, мынау әдебиетшілер ұсынған пікір деп бөліп-жарып жатпаймыз. Тек бір ескерте кететін жай мынау: аударманы өнер деп ұғатын жазушы, журналистер қауымы мұны тек әдебиеттің тексеретін саласы деп танитыны. Тілші ғалымдар тарапынан бұл дайыңда айтылған үзілді-кесілді пікірді кездестіре алмаймыз. Мұның мәнісі арнайы зерттелмегендіктен. Ал кейінгі тұжырымның, яғни аударманы әдебиет пен тіл арасындағы құбылыс деп карайтын көзқарасты қолдайтын зерттеушілер де бар. Мәселен, аудармашы ғалым Ә. Сатыбалдиевтың бұл турасындағы қайсыбір ойлары реалистік аударма ғылыми теоретиктерінің бірі Г. Гачечиладзенің кейбір пікірлерімен үндесіп жатады.

Сөзбе-сөз аударма мен еркін аударма: аударманың күнделікті тірлігіңде талай әжетке жаратылып келген тәсілдер. Тіпті күні бүгінге дейін қайсыбір аудармалардан көрініп қалады. Аударманың әрқилы үлгісін жасап, әр алуан қағидаларға жүгінген өнерпаздар іс барысында сан түрлі ағым жетегінде болғанмен, олардың бәрі де осы екі үлгінің, екі тәсілдің маңайына келіп үйіріле береді. Екі тәсілдің әрқайсысын дәуіріне, кезеңіне қарай жеке-дара алып қарастырсақ, оларды түсінуде, қолдануда қилы-қилы ұғымның да болғаны мәлім.

Бұл екі тәсілдің тарихи мәнін бір жақты түсініп, теріс ағым ұстанып жүрген зерттеушілердің де бар екенін ескере отырып, алдымен аударманың біз сөз етіп отырған осы принциптеріне тоқтала кету қажет. Теориялық тұрғыдан қарастырғанда бұл принциптердің мән беруді тілейтін өзіндік ерекшеліктері мол. Және аударма процесіне қырсығын тигізген кездері де жиі кездеседі. Шынында аударманың қай түрі болмасын ол белгілі бір кезеңнің жемісі. Ғылымның, практикалық істің өзі әкелген алғашқы адымдары болады. Сондай қажеттіліктен келіп туған еркін аударма тәсілі кезінде прогрессивтік рөл атқарғаны мәлім. Өйткері ғылым, өнер, экономиканың алғашқы тәй-тәй басқан шағында бірден реалистік аударманы талап ету мүмкін емес еді. Ол кезде халықтың білім дәрежесінің өзі көптеген мәселені түсіндіріп алуды тілейтін. Аудармашылардың өзі тілесін, тілемесін алып отырған объектісін түсіндіруге ыңғайлай беретіні біріншіден осыдан, екіншіден, сол аудармашылар сүйенерлік бірде-бір жол-жобаның, аударманың семантикалық жүйесінің әлі қалыптаспауынан. Осы тұрғыдан қарағанда, бұл принциптің өз кезінде рөлі ерекше болғанын ұғу қажет. Мұның кесірлі тәсілге айнала бастаған кезін анықтау ғылыми байыптылықка саятын нәрсе. Аударма тәжірибесі молайып, оның әрқилы жаңа, жарқын принциптері туа бастағанда, қайсыбіреулердің еркіндіктен арыла алмай жүруі, әрине орынсыз. Оның себебін ашып, бүге-шігесін талдау ғылымның міндеті.

Ал сөзбе-сөз аударманы кейбір практиктер мен зерттеушілер жарамсыз тәсіл деп түсіндіреді. Шынында бұл тәсілдің де себепсіз тумағанын ескеру керек сияқты. Ғылыми-теориялық еңбектерге және аударма тәжірибесіне жүгінсек, бұл принциптің көңіл аударуды тілейтін тұстары көп. Ғылыми тұжырымның мәні я олай, я былай деп тоқ етерін айта салумен анықталмаса керек, қайта нақты мәселенің себеп-салдарына жүгінген жүйелі дәлелдемелерге орай байқалса керек. Әрине сөзбе-сөз, әріпқой аударма дегендердің ғылыми қағидаларға салғанда бадырайып көрінетін баянсыз түрлерін көрсету лазым. Аударманы ғылым деп танитындығымыздан оның әдіс-тәсілдерін ғылыми жүйеге салып, себеп-салдарын дәлелдемелермен аша, ажырата баяндауға міндеттіміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Модальді етістіктердің аудармасы
Ағылшын модальді етістіктері
Бизнестегі этикалық нормалар
Ағылшын тілі сабағында жазбаша коммуникативтік құзыреттілікті дамыту
Ағылшын тілі біздің өмірімізде
Мәтінге бейнелі сөздерді қолдану
Американдық саяси дискурс
Терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
Атаулы терминологиялық сөз тіркестері
Шет тілін оқытуда жекелендірілген тәсілдің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz