Азаматтық қоғам және құқықтық тәрбие (Ақтау қаласы мен облысы материалдары бойынша)
Жұмыстың жалпы сипаты. Азаматтық қоғам термині демократиялық, құқықтық мемлекет болып қалыптасқан елдердің саяси жүйесінің құрылымында ерекше орынға ие. Ал біздің мемлекетіміздің саяси жүйесі, азаматтық қоғамының құрылымы, қалыптасуы мен даму үрдісі Қазақстан Республикасы үшін айрықша маңызды мәселе. Демократиялы ел болудың ең негізгі жолы – азаматтық қоғамды құру екендігі адамзат тарихының көп жылдық тәжірибелерімен дәлелденген.
Осыған орай, бүгінгі күндегі Қазақстан Республикасында дамып келе жатқан азаматтық қоғамымызды құқықтық тәрбиелеу, құқықтық білімді, құқықтық тәжірибені, құқықтық мәдениетті және қоғамның құқықтық мұраттарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу қоғамның негізгі талабына айналған. Құқықтық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның да, жалпы алғанда, қоғамның да құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
Н.Ә. Назарбаев Конституция күніне арнап, сөйлеген сөзінде атап өткендей, «Біздің ортақ парызымыз - Ата заңды құрметтеу, оны өз Отанымызды, өз Тарихымызды құрметтегендей қадір тұту».
Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР-дағы адам мен азаматтың негізгі конституциялық құқықтары мен міндеттерін, жеке тұлғаның девиантты тәртібінен туындаған құқықтық жауапкершілігі мәселелерін зерделеуді міндет етеді.
Біздің еліміз сияқты саяси даму жолына түскеніне көп болмаған мемлекеттерде азаматтық қоғамның қалыптасуы, сұрыпталуы және дамуы үрдіс екендігін еске алатын болса, азаматтық қоғам құрылымы егемен елдегі саясат тәжірибесі мен тарихын зерттеушілер үшін әлі де талай қызықты деректерді берері анық. Өкілетті демократияға заңдылық пен қоғамдық келісімге негізделген кез-келген билік азаматтық қоғам қызметінсіз өмір сүре алмайды.
Құқықтық мемлекет – тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқықтық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс. Осылайша, Қазақстан Республикасы Конституцияда құқықтық мемлекет құруға бағыт алғанын паш етті. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері құқық және заңның салтанат құруы болып табылады.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Адам және қоғам деп аталған екі күрделі құбылыстың заңдылықтарын оқып-үйренуде, негіздеуде, ғылымның тұңғиық сырларына барлау жасауда заң ғылымы да өз үлесін қосуда.
Адамдардың өмірінде барлығын да мемлекет билемейтінін ескеру керек. Мемлекет өркениетті құрған жоқ, ал өзінің дамуының белгілі сатысында өркениет мемлекетті қоғамның саяси ұйымы ретінде тудырды. Сондықтан мемлекеттік билікпен параллель ерекше ұйымдастыру құрылымы бар, ол азаматтық қоғам ұғымымен белгіленеді.

1 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егеменді Қазақстан 2008 жыл, 28 ақпан.
2 Мұсатаев С.Ш. Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам қалыптасуының саяси-әлеуметтік мәселелері: автореферат. Алматы: 2007. – 48 б.
3 Сманова А.Б. Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамды қалыптасуының құқықтық негіздері: автореферат - Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 26 б.
4 Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының теориясы мен тәжірибесі: Ғылыми еңбектер жинағы. = Теория и практика формирования гражданского общество и правового государства в Казахстане: Сборник научных трудов / Сост.А.В. Турлаев. – Қарағанды: ЖШС «TENGRI», 2012. – 247 б.
5 Қазақстан Республикасының Конституциясы.1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 2 ақпандағы Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
6 Құқықтық тәрбие негіздері. Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде. 7-кітап / ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтің редакциясымен – 2-ші басылым, өңдел. және толық. - Қарағанды: Қараганды мемлекеттік техникалық университеті баспасы, 2011. – 103 б.
7 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, 2006, 29 шілде (№181).
8 Ахметова Н.С. Турлаев А.В. Условия становления гражданского общества в Казахстане // Перспективы развития права и экономики в условиях всесторонней модернизации: Сборник научных трудов, посвященный 10-летию Юридической академии «Фемида». – Вып.6 – Караганда: ТОО «Кент-LTD», типография «Досжан», 2008. С.355
9 Жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру арқылы азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру. «Білім және ғылым: Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.- Т.І.- Семей, 2008.-Б - 440.
10 Қазіргі таңдағы құқықтық тәрбиенің мәселелері. «Мәдени мұра» бағдарламасына Қазақ ұлттық университетінің оқытушыларының қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми конференциясы материалдары., Алматы, 2009 ж. Б.430.

ӘӨЖ 323 (574) Қолжазба құқығында
АТЫ - ЖӨНІ
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ
(АҚТАУ ҚАЛАСЫ МЕН ОБЛЫСЫ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША)
6М051000- Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша
экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты
Ақтау, 2012
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалды
Ғылыми жетекші:
экономика ғылымдарының кандидаты
Умирзакова М.А.
Ресми оппонент:
экономика ғылымдарының кандидаты
Серікбаева С.Ғ.
Диссертация 2014 жылы маусымның ____ күні сағат ________ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады. Мекен-жайы 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29А, 408 к.
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты. Азаматтық қоғам термині демократиялық, құқықтық мемлекет болып қалыптасқан елдердің саяси жүйесінің құрылымында ерекше орынға ие. Ал біздің мемлекетіміздің саяси жүйесі, азаматтық қоғамының құрылымы, қалыптасуы мен даму үрдісі Қазақстан Республикасы үшін айрықша маңызды мәселе. Демократиялы ел болудың ең негізгі жолы - азаматтық қоғамды құру екендігі адамзат тарихының көп жылдық тәжірибелерімен дәлелденген.
Осыған орай, бүгінгі күндегі Қазақстан Республикасында дамып келе жатқан азаматтық қоғамымызды құқықтық тәрбиелеу, құқықтық білімді, құқықтық тәжірибені, құқықтық мәдениетті және қоғамның құқықтық мұраттарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу қоғамның негізгі талабына айналған. Құқықтық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның да, жалпы алғанда, қоғамның да құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
Н.Ә. Назарбаев Конституция күніне арнап, сөйлеген сөзінде атап өткендей, Біздің ортақ парызымыз - Ата заңды құрметтеу, оны өз Отанымызды, өз Тарихымызды құрметтегендей қадір тұту.
Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР-дағы адам мен азаматтың негізгі конституциялық құқықтары мен міндеттерін, жеке тұлғаның девиантты тәртібінен туындаған құқықтық жауапкершілігі мәселелерін зерделеуді міндет етеді.
Біздің еліміз сияқты саяси даму жолына түскеніне көп болмаған мемлекеттерде азаматтық қоғамның қалыптасуы, сұрыпталуы және дамуы үрдіс екендігін еске алатын болса, азаматтық қоғам құрылымы егемен елдегі саясат тәжірибесі мен тарихын зерттеушілер үшін әлі де талай қызықты деректерді берері анық. Өкілетті демократияға заңдылық пен қоғамдық келісімге негізделген кез-келген билік азаматтық қоғам қызметінсіз өмір сүре алмайды.
Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқықтық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс. Осылайша, Қазақстан Республикасы Конституцияда құқықтық мемлекет құруға бағыт алғанын паш етті. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері құқық және заңның салтанат құруы болып табылады.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Адам және қоғам деп аталған екі күрделі құбылыстың заңдылықтарын оқып-үйренуде, негіздеуде, ғылымның тұңғиық сырларына барлау жасауда заң ғылымы да өз үлесін қосуда.
Адамдардың өмірінде барлығын да мемлекет билемейтінін ескеру керек. Мемлекет өркениетті құрған жоқ, ал өзінің дамуының белгілі сатысында өркениет мемлекетті қоғамның саяси ұйымы ретінде тудырды. Сондықтан мемлекеттік билікпен параллель ерекше ұйымдастыру құрылымы бар, ол азаматтық қоғам ұғымымен белгіленеді.
Қазақстан дамуына тән ерекшелік мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы тығыз өзара әрекеттесу болды. Елбасы өзінің еңбектерінде мемлекетіміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік негіздерін нығайтумен қатар құқықтық мемлекет пен әділетті де өркениетті азаматтық қоғам құрудың бағдарламаларын айқындап береді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің ел халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындап, Демократияландыру және тиімді басқару аясында ұсынған бағдарламасында саяси реформалардың басым бағыттарындағы басты мәселенің бірі - құқық қорғау мен сот органдарының қызметін жетілдіре беру болып қала беретін және бұл беретін және бұл мәселені ең алдымен азаматтардың ажырағысыз құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету тұрғысынан қарау керек екенін көрсетіп, ізгілендіруді жалғастыра берудің маңызына тоқтала отырып, тәжірибе мемлекеттің сот жүйесінің зәруліктеріне деген назары мен қамқорлығы судьялар құрамына қойылатын талапшылықты арттырумен ұштастырылуға тиіс екенін көрсетіп отыр [1].
Қоғамның саяси және әлеуметтік жүйесіндегі мәртебесі, орны, рөлі бүгінгі таңда ең қымбат қазына: адам, оның құқықтары мен бостандықтары және заңдылық болып табылатын өркениетті азаматтық қоғам мен демократиялық құқықтық мемлекет орнату міндеттерімен айқындалады.
Елімізде азаматтық қоғамның қалыптасуы және демократияның дамуы тығыз өзара байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым көп дамыса, мемлекет соғұрлым демократиялы болады. Ал мұндай қоғамның тұлғаларын құқықтық тәрбиелеудің жетік әдістерін қолдана отырып, дұрыс жолға бағыттауға болады. Еркіндігі бар елдің азаматтары өз құқықтарын жетік меңгеріп, оларды қажетті жағдайларда қолдануы тиіс. Бұл зерттеудің тақырыбын өзекті етеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Азаматтық қоғам идеясы концептуалдық деңгейде Ф.Тённистің, Г.Зиммельдің, М.Вебердің еңбектерінде, либерализм мен неолиберализм тұжырымдамаларының негізінде И.Бентамның, Дж. Ст. Милльдің, Ф.фон Хайектің, К.Поппердің және т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Т.Иарсонның құрылымдық-функционалдық әдісі азаматтық қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде қарастырады, оның тиімділігі мемлекеттік емес ұйымдардың өзара қатынастарына байланысты.
Азаматтық қоғамның жеке дискурсының мәселелері Р. Дарендорфтың, Г. Алмондтың және С. Вербтың жұмыстарында көрінеді.
Тарихқа көз жіберсек, құқық, қазақ халқының тұрмысындағы құқықтық мәдениет, құқықтық қарым-қатынас нормалары туралы құнды пікірлерді Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, А.Яссауи, М.Қашқари, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Есім хан, Қасым хан, Әбілқайыр хан, Абылай хан, Тәуке хан өнегелерінен; одан кейінгі кездегі Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов сынды ағартушылар еңбектерінен көреміз. Бертін келе, құқықтық тәрбие беруде, азаматттық ұстанымдарды қалыптастыруда қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесінің озық тәжірибелерін пайдалануды Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Ж.Наурызбай, К.Қожахметова, Ә.Табылдиев, Қ.Бөлеев және т.б. еңбектерінде қарастырады.
Зерттеліп отырған мәселенің теориялық негізі шетел ғалымдары Э.Дрюкгейм, М.Вебер, Т.Парсонс және т.б; ТМД ғалымдары Г.П.Давыдов, Н.М.Кейзеров, И.Ф.Рябко және т.б.; Қазақстан ғалымдары М.Т.Баймаханов, Д.О.Сартаев, Г.С.Сапарғалиев, Е.К.Нұрпейісов, Л.А.Байсерке, В.В.Трифонов, Л.К. Керімов, К.Б.Бегалиев, В.Г.Баженов, Э.И.Шыныбекова және т.б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылады.
ТМД елдеріндегі ғылыми әдебиеттердің сараптамасы көрсеткендей, тұлғалардың құқықтық тәрбиесінің әлеуметтік негіздері (А.Ф.Никитин және т.б.); құқықтық мәдениетті қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық мәселелері (Т.В.Болотина және т.б.); құқықтық тәрбие мен білім беруді оқу-тәрбие практикасында жүзеге асыру (Ф.С.Махов, Г.В.Миньковский, В.Н.Найбич және т.б.); тұтас педагогикалық үдерісте әлеуметтік-құқықтық тәжірибені қалыптастыру (В.М.Обухов) еңбектерінде зерттелінеді. Кейбір ғалымдар құқықты нормалар жүйесі (С.С.Алексеев және т.б.); рухани сала (И.А.Ильин, В.А.Каминская, А.Р.Ратинов және т.б.); адамгершілікті заңды мінез-құлықтың ішкі реттеушісі (В.С.Олейников); жалпыадамзаттық құндылық (В.А.Караковский, Г.В.Мальцева және т.б.); моралды-адамгершілік құндылық (Г.А.Кузнецов, О.Г.Шапиева және т.б.) ретінде қарастырады.
Педагогикалық үдеріс ретінде құқықтық тәрбиенің негізгі факторларын, шарттарын анықтау үшін ресейлік және қазақстандық ғалымдардың (А.М.Арсеньев, Ю.К.Бабанский, Е.В.Татарницева, Л.А.Байсерке, Л.Ю.Гордина, С.З.Зиманов, А.С.Ибраева, Р.К.Русинов, А.Ж.Аюпова, Б.Т.Лихачев, А.В.Мудрик, А.В.Мицкевич, И.В.Ковалева, Е.К.Нұрпейісов, Л.И.Новикова, Г.С.Сапарғалиев және т.б.) ғалымдар еңбектеріндегі теориялық қағидалар мен қорытындылар, тұжырымдар маңызды болып келеді.
Зерттеу мәселесі бағытындағы ғылыми еңбектерді талдау барысында соңғы жылдары құқықтық тәрбие басқа да контексте қарастырылатыны айқындалды. Әсіресе, қоғамда жиі кездесетін құқық бұзушылық, оқушылардың оған бейімділігі, оны жеңетін фактор ретінде жаңа құқықтық ойлауды қалыптастыру және т.б. тұрғыдан зерттелінуде: Отандық ғалымдар, атап айтқанда, Н.Н.Өсеров, С.И.Қорықбаев, Р.Ә.Орсаева, Д.Б.Бұғыбай, Г.С.Джусупова, Л.Қ.Ерінбетова, С.Б.Бейсебаева, А.Б.Сманова, А.О.Бейсембаева; Ресей ғалымдары А.Н.Бабенко, Н.И.Матузов, А.В.Малько, В.Н.Кудрявцева, В.В.Латаева, Ю.П.Козюбра және т.б.
Дегенмен, қазіргі қоғамды ізгілендіру барысында тұлғаларға құқықтық тәрбие берудің негіздерін жасау терең зерттелініп шешімін таппай отырған мәселе болып отыр. Бүгінгі күннің әлеуметтік-мәдени жағдайына байланысты тұлғалардың мінез-құлқы мен жүріс-тұрысындағы адам затына кайшы, ұлттық менталитетімізде жоқ қылықтар мен теріс әрекеттердің тұрмыста кездесіп қалуы, тұлғаларға құқықтық тәрбие берудің шарттарын анықтаудың қажеттілігін туғызады.
Зерттеудің объектісі. Қазақстандағы азаматтық қоғамды қалыптастырудағы құқықтық тәрбиенің орны мен рөлін зерттей келе, осы бағыттағы үрдістерді талдау болып табылады.
Зерттеудің пәні. Азаматтық қоғамды орнатудағы құқықтық тәрбиенің ықпалын зерттеу.
Зерттеудің мақсаты. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты шетелдік тәжірибеде азаматтық факторларының ішінде құқықтық тәрбиенің ерекше мәнін анықтап, Қазақстандық қоғамдағы құқықтық тәрбие азаматтық қоғамның қалыптасуының факторы екендігін негіздеу және сараптау болып табылады.
Диссертациялық жұмыстың алдына қойған мақсатына сәйкес келесі міндеттер айқындалды:
oo мемлекет және азаматтық қоғамның даму тарихын зерделеу;
oo азаматтық қоғамның құрылымы және Қазақстанда дамуын талдау;
oo азаматтық қоғам және құқықтық тәрбиенің рөлін анықтау;
oo құқықтық тәрбиені азаматтық қоғамның құрамдас бөлігі ретінде қарастыру;
oo құқықтық тәрбие ерекшеліктері және мәнін анықтау;
oo азаматтық қоғамның қалыптасу факторы ретіндегі құқықтық тәрбиені ұйымдастырудың бағыттарын қарастыру;
oo азаматтық қоғамда құқықтық тәрбиені ұйымдастырудың жаңа әдістерін зерттеу;
oo құқықтық тәрбиелеуді заңнамалық қамтамасыздандырудың жүйесін жетілдіру.
Зерттеудің негізгі дерек көздері шетелдік ресей және отандық ғылымдардың еңбектері, ақпарат құралдарының деректері, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық саяси ұйымдардың бағдарламалық құжаттары, әлеуметтік сұрақ жүргізу деректері құрайды.
Зерттеудің эмпирикалық негізін ресми құжаттар құрады: ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР заңдары, халықаралық құжаттар.
Диссертацияда қолданған деректердің айтарлықтай бөлігін ғылыми әдебиет, халықаралық конференциялардың материалдары, азаматтық қоғам мен оның институттарының мемлекетпен қарым-қатынастарын қарастыратын мақалалар құрады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Азаматтық қоғамның және құқықтық тәрбиенің өзара байланысы мен бір-біріне әсерін қарастыру, құқықтық тәрбиенің Қазақстанда азаматтық қоғамды қалыптастырудағы рөлін анықтау.
Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша келесі жаңа нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз:
oo азаматтық қоғамның дамуын қарастыру арқылы Қазақстанның бүгінгі күндегі қалыптасқан қоғамына талдау жасалды;
oo азаматтық қоғамның құрылымын зерттей отырып, еліміздегі оның даму жолына сараптама жүргізілді;
oo азаматтық қоғам және құқықтық тәрбиенің рөлін анықталды;
oo құқық және құқықтық тәрбие: азаматтық қоғамның базалық құндылығы ретінде қарастырылды;
oo құқықтық тәрбиені азаматтық бір бөлігі ретінде қарастыра отырып, құқықтық тәрбиенің ерекшеліктері анықталды;
oo Қазақстан қоғамында қазіргі кезеңде құқықтық тәрбиені ұйымдастырудың құқықтық аспектісін жетілдіру.
Диссертацияның әдістемелік және теоретикалық негізін институционалды тәсіл, жүйелік, әлеуметтік және статистикалық әдістер, құжаттардың контент-анализі, сондай-ақ заманауи қоғамдық-саяси ойдың қорытындылары қолданылды.
Қорғауға шығарылатын тұжырымдар:
1. Азаматтық қоғам ұғымының түсініктемесін, оның шекаралары мен қызметтерін, үлгілері мен құрылымын зерттеу, сондай-ақ оның саяси жүйеде алатын орны мен рөлін анықтау бұл түсініктің саяси ғылым мен қоғамдық өмірде әлеуметтік феномен ретінде орнауын қамтамасыз етеді.
2. Қазақстан Республикасының демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы айқындалған мемлекет бола тұрып, біз үшін азаматтық қоғам қалыптастыру және дамыту оңды болмақ. Қазақстан тәуелсіздігін алған кезден бастап мемлекеттік құрылымның өзгеруі, қазіргі кездегі қоғамның құқықтық тәрбиеленуіне жол ашатындай болуы керек.
3. Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуы және нығаюы қоғамның, тұлғалардың өз құқықтарын тани отырып, жүзеге асырылуы тиіс.
4. Құқықтық тәрбиелеудің негіздерін қарастыра отырып, оларды бүгінгі қоғамымыздың тұлғаларының санасына енгізудің жолдарын қарастыру, адамдарды заңның нормаларын сақтап қызмет етуге шақыру болып табылады.
5. Азаматтық қоғамды орнатудағы құқықтық тәрбиелеудің жаңа бағыттары мен әдістерін жетілдірілуі керек.
Диссертациялық жұмыс құрылымы мен көлемі.
Диссертациялық жұмыс кіріспеден, сегіз тақырыпшаны қамтитын үш тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге байланысты анықталды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Азаматтық қоғам және мемлекет: ұғымы, арақатынасы - қазіргі жағдайы. Азаматтық қоғам мәселесі көптеген ғасырлар бойы адамзатты толғандырып келе жатқан түбірлі, ғылыми мәселе. Ол мемлекеттің пайда болған кезеңінен, қоғамдағы адамдардың өмірлік іс-әрекетінің, қызметінің мемлекеттк және мемлекеттік емес болып бөлінген кезеңінен бастау алады. Сол кезеңінен бастап мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы туралы мәселе орталық назарға ие болып, ол көп ретте көптеген әлеуметтік алауыздықтарға, саяси төңкерістер мен дағдарыстарға себепкер болды. Қазіргі күнде де бұл мәселе ауқымды қоғамдық өзгерістердің негізінде тұр және ол бүгінгі күнде әлемдік қоғамдастықтың даму барысын анықтап отыр.
Азаматтық қоғам ұғымы өзінің негізгі жағынан антикалық полистің құбылысы болып табылады. Гректер үшін полис - адамдардың бірге өмір сүруінің ең жетілген түрі ғана емес, сонымен қатар лайықты қоғамдық өмірдің, еркін адамдардың құқығы мен даңқын жүзеге асыратын бірден-бір орта. Аристотель түсінігінде азаматтық қауымдастық біздің бүгінгі күндегі әлеуметтік мемлекет және құқықтық мемлекет терминдерімен астарлас келеді. Әділдік ұғымы мемлекет туралы түсінікпен тығыз байланысты, өйткені әділдіктің өлшемі ретіндегі құқық саяси қатынастың реттеуші нормасы.
Дегенмен де бұл ұғым мәнін Европадағы басталған Жаңа Заманның рухани, идеялық дүмпулерінен соң ала бастады. Ол осы кезеңде XVII ғ. Г.Гроции, Т.Гобсс, Дж.Локк еңбектерінде көрініс тауып, өзінің дамуын Ж.Ж.Руссо, Ш.Монтескье, В.фон Гумбольд, И.Кант, Г.Гегель, К.Маркс пен Ф.Энгельс еңбектерінде жалғасын тапты. Олар сол кездің өзінде азаматтық қоғамды өмір сүріп отырған мемлекетпен немесе нақты мемлекеттік басқару формаларымен сәйкестендірмей, одан бөлек қарады. Осы ретте олар мемлекеттің келісімдік теориясын негізге алды және бұл теория бойынша азаматтардың өз еріктерімен көнген және тағайындалған өкімет қана әділ заңды болып табылады [2].
Локктың табиғи құқық концепциясының барлық негізгі үрдісі заңның, құқықты мемлекеттің, билік өкілеттілігінің келісімдік негізіне, заң шығарудың мақсаты ретіндегі тұлғаның құқығы мен еркіндігінің саяси-заңдық кепілдігіне балама жоқтығына келіп тіреледі. Локктың саяси-құқықтық ілімінің көптеген ойлары, ережелері өркениетті, демократиялық құқықтық сананың ажырамас бөлігіне айналды.
Әрбір адам басқалармен бірлесе отырып, өз еркіндігін сақтап қала алатындай логикалық мүмкіндіктегі азаматтардың осындай формадағы бірлестігінің мүмкін екендігін философиялық тұрғыда негіздеуді Ж.Ж.Руссо алдына қойды.
Мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы ерекшеліктерді көрсетуді XVIII ғ. неміс ағартушысы В.фон Гумбольд жүргізді. Ол мемлекет пен азаматтық қоғамның үш негізгі ерекшелігін көрсетті. Біріншіден бұл азаматтардың өздерінің мүддесімен қалыптасатын ұлттық, қоғамдық ұйымдар жүйесі мен мемлекеттік ұйымдар жүйесі екіншіден табиғи не ортақ құқық және мемлекет шығаратын позитивті құқық; үшіншіден адам және азамат.
Азаматтық қоғам концепциясын жасауда, толықтыруда және оның мемлекетпен өзара байланысын көрсетуде Гегель көп еңбек сіңірді. Гегель бойынша азаматтық қоғам жеке адамдардан келіп шығатын дербес мүдделердің, мақсаттардың өзара әрекетіне негізделген бірлестіктер жүйесі болса, мемлекет-қоғамдық мақсатты жүзеге асырушы жүйе.
Мемлекет пен азаматтық қоғам екі қарама-қайшы, бірақ тең дәрежеде қажетті бөліктер және әрқайсысы адам қатынасының жеке әлемін құрайды. Мемлекеттің негізінде билік ету, азаматтық қоғамның негізінде еркіндік жатыр. Егер мемлекет бірлікке ұмтылса, азаматтық қоғам көп түрлілікке ұмтылады, өйткені еркіндік кез-келген сыртқы қысымның жоғын білдіреді және өз қалауымен әрекет етуді көрсетеді. Дегенмен мұндай кез-келген еркіндік құқық дәлелі бола алмайды. Еркіндік құқыққа азаматтық тәртіпте заң үстемдік құрған кезде ғана қалыптасады, яғни ие бола алады, өйткені құқықтың өзі еркіндікті құқықтың өзі еркіндікті ортақ заң негізінде өзара шектеу болып табылады [3].
Азаматтық қоғамның төмендегідей құрылымы бар:
Азаматтық қоғамның құрылымы
- еркін индивидтерді өзіндік идеяның пайда болуы және мемлекеттік биліктің оған тікелей араласпауы, заңмен қорғалған тәуелсіз ұйымдары.
- қоғамдағы мемлекеттік және саяси емес қатынастардың: эконо-микалық, әлеуметтік, отбасылық, рухани, діни және т.б. жиынтығы; бұл адамдардың жеке өмірі, олардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы;
- ерікті түрде құрылған адамдардың алғашқы қауымы (отбасы, ас-социация, шаруашылық корпорациялары, қоғамдық ұйымдар, түрлі бір-лестіктер және т.б.);
Сурет 1. Азаматтық қоғамның құрылымы
Азаматтық қоғам - онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты әрекет етушi тұлғасы мен субъектiсi ретiнде өз қажеттiлiктерiнiң, мүдделерi мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге адам болып табылатын қоғам. Бұл ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсiз өмiр сүретiн қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, дiни, отбасылық және басқа қатынастардың барлық жиынтығын бiлдiредi, жеке мүдделердiң әралуандылығын көрсетедi.
Қоғам демократиялық дамудың белгiлi бiр сатысында ғана азаматтық болады және елдiң экономикалық, саяси дамуына, халықтың әл-ауқатының, мәдениетi мен сана-сезiмiнiң өсу шамасына қарай қалыптасады.
Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру және демократияны дамыту өзара тығыз байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым демократиялырақ болады.
Азаматтық қоғамның мiндетi - жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу.
Азаматтық қоғамның мақсаты қоғамның әр мүшесiнiң мүдделерiн қорғау, оның мүдделерiн билiк пен қоғам алдында бейiмдеу, билiк қызметiн қоғамдық бақылау әрi оның iшкi және сыртқы саясатын қалыптастыру болып табылады.
Азаматтық қоғам институттарына саяси партиялар, жергiлiктi қоғамдастықтар, кәсiптiк одақтар, дiни бiрлестiктер, шығармашылық, қоғамдық және ғылыми одақтар мен бiрлестiктер, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ қоғам үшiн түрлi қызмет пен қызмет көрсетулердiң кең ауқымын iске асыратын, қызметтiң алуан түрiн жүзеге асыратын мемлекеттiк емес қорлар, коммерциялық емес мекемелер, заңды тұлғалар одақтары (қауымдастықтары), қоғамдық пайдалы мiндеттердi шешетiн басқа да ұйымдар мен бастамашыл топтар түрiнде құрылған мемлекеттiк емес ұйымдар жатады [4].
Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамы келесі суретте көрсетілген:
Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамы
Әлеуметтік жүйе
Саяси жүйе
Экономикалық жүйе
Рухани-мәдени жүйе
Әлеуметтік жүйе
Сурет 2. Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамы
Азаматтық қоғамның одан әрі дамып, жетілуіне ықпал ететін факторларды төмендегіше көрсетуге болады:
oo Демократияландыру үрдісінің одан әрі жалғасуы;
oo Бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігі;
oo ҮЕҰ арасында өзара ықпал ету мен ынтымақтастықтың дамуы;
oo ҮЕҰ мүшелері санының артуы мен қоғамдық қолдаушылық;
oo Демократия туралы білімнің, өмір сүру дағдылары мен біліктің дамуы;
oo Билік құрылым жағынан азаматтық қоғамға қолдау көрсету.
2. Құқық және құқықтық тәрбие: азаматтық қоғамның базалық құндылығы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев тәрбие мәселесіне келгенде, болашақ ұрпақтарымыздың діни рухта, инабаттылық пен имандылық жолда тәрбиелеп, ұлттық тәрбиемізді қасиетті Құранға негіздеу қажеттілігін айтып жүргені әмбеге аян. Әрине, бұл сөздердің мәні тереңде жатыр. Ежелден қазақ халқы тәлім-тәрбиеге ерекше мән берген. Оны біз көп ғасырлар бойы жинақталған тәрбие нәтижесінен көре аламыз. Халықтық тәрбие болмаған жерде зиялы қоғам болуы екі талай. Әр халықтың өзіне тән этникалық өзгешеліктері мен ұлттық қасиеттері одан көрініс табады [5].
Тәлім-тәрбие, құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде бірден әрі тұтастай пайда болмағаны анық. Өз қалыптасуында бұл қағидалар шағын әрі ықшам мәселелерді шешуге арналған. Заңды білу - заман талабы. Өйткені, құқықтық тәрбие берудің маңыздылығы күн өткен сайын арта түсуде. Қоғамымызға қазіргі өмірдегі қоғамның қарым-қатынас заңдылықтарын терең ажарытатын құқықтық сана, құқықтық мәдениет қажет. Тәлім-тәрбиелік мәселелердің барша табиғатына үңілсек, тіршіліктеріг сан алуан қолданбалы мәні зор әлеуметтік нормаларды - тарихи құқықтық жүйенің қайнар көзі немесе құқық ғылымының негізі деуге болады.
Құқықтық тәрбие сан қырлы күрделі процесс, бұл жалпы және арнаулы шаралардың тұтас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz