Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың шығармашылығын қалыптастыру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың шығармашылығын қалыптастыру
Студент:
Жетекшісі:
2013 - 2014 оқу жылы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ3
1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІНІҢ ДАМУЫ5
1. 1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың жастық ерекшеліктері5
1. 2 Арнайы шығармашылық қабілеттер түсінігі мен олардың сурет салу шығармашылығында көрінуі8
2 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ДӘСТҮРДЕН ТЫС ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ16
2. 1 Сурет салу сабағы - балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың бір жолы16
2. 2 Дәстүрден тыс сурет салу әдістерінің барлық түрлері22
2. 3. Бейнелеу өнері пәнінде дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімділігі43
ҚОРЫТЫНДЫ45
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ47
КІРІСПЕМектеп жасына дейінгі баланың үдемелі дамуын қамтамасыз ету үшін сәбилердің мүмкіндіктеріне сүйеніп, оның өмірінің, әрекетінің мазмұнын, айнала қоршаған ортамен қарым-қатынасын өзгерту керек. Сәбидің жаңа талап-тілегін, қажеттілігін қамтамасыз ету үшін бұрынғы өмірін қайталау аз, ол қанағаттандырмайды. Сол себептен баланың бұдан былайғы өмірін мектепке дейінгі кезең талабына сай ұйымдастырған жөн.
Болашақ ұстаздар мектеп жасына дейінгі балалардың жас кезеңдеріне бөлінуін жақсы түсініп, дидактикалық принциптерге негіздей отырып, тәжірибеде пайдалануға үйренеді. Мұнда нәрестелік кезең, сәбилік кезең, мектепке дейінгі кезеңдегі бала дамуының ерекшеліктері мен бала дамуындағы іс-әрекеттің ықпалын оқып-үйренеді.
Қазіргі кезде жасөспірім жеке тұлғаны тәрбиелеуде өнердің, соның ішінде бейнелеу өнерінің ықпалы зор екендігін педагогика, психология ғылымдары дәлелдеп берді.
Бейнелеу өнеріне оқыту барысында балалардың ойлау қабілеті, көргенін есте сақтау, шығармашылық қиялы, көркемдік икемділігі, адамгершілік және сұлулық сезімі дамиды, әрине бұл қасиеттер жеке тұлғаның жан-жақты дамуына негіз болары сөзсіз.
Бейнелеу сабақтары балалардың қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру арқылы сұлулық сезімін оятады, дүниетанымын қалыптастырады, шығармашылық белсенділігін арттырады. Сонымен қатар, жеке тұлғаны ұқыптылыққа, дербестікке, еңбексүйгіштікке бейімдейді.
Бейнелеу іс-әрекеті барысында сурет салу біліктілігі мен іскерлігін меңгеріп, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды байқап зерттеуді үйренеді. Демек, бейнелеу қоршаған ортаны тану, кеңістікті қабылдау, есте ұстау, қиял, сезім сияқты тағы басқа психологиялық процестердің дамуына көмектеседі.
Көбінесе бейнелеу іс-әрекеті барысында баланың ерекше белсенділігін байқауға болады. Ол, әсіресе танымдық шығармашылығын белсенділік тұрғысында байқалады. Бұдан жеке тұлға өз белсенділігін қоршаған ортамен сезімдік қарым-қатынас, жұмыс (қоршаған ортаны бейнелеу) процесінде арттыратындығын көруге болады. Ұстазтың ұйымдастыруымен өткізілген сабақтағы немесе сыныптан тыс шаралардағы танымдық, эстетикалық тәрбие балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырады. Сондықтан да педагогика ғылымының оқыту мен тәрбиені ажыратпай тұтас қарастыруы бейнелеу өнерін оқытудың негізі болып табылады.
Сабақ жүйесіне енгізілген дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер балалардың бойында шығармашылық ізденіске деген құштарлықты арттырып өзіндік образ, өзіндік іс-әрекет жобасын құрауға мүмкіндік жасайды. Қоршаған ортадан, үлкен өнер туындыларынан сұлулықты көріп қана қоймай, оны өз бетімен іздеуге ұмтылуға баулиды. Бейнелеу өнерінің сезімдік әсерін түсініп, оған қызығушылығы артады. Өзінің және өзгенің жұмысына құрметпен қарап, саналы түрде талдап баға беруге, өнерді өз өмірінің құрамдас бір бөлігі ретінде көруге тәрбиеленеді.
Тақырыптың өзектілігі - мектеп жасына дейінгі балалардың баланың эстетикалық, шығармашылық дамуын дәстүрлі емес сурет салу әдістерімен жетілдіру.
Зерттеу жұмысының мақсаты - дәстүрден тыс сурет салу тәсілдері арқылы балабақшадағы балаларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа бейімдеп, қоршаған ортаны, сурет өнерінің кең аясымен таныстыру.
Зерттеудің міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балаларда шығармашылық қабілеттерінің дамуын қарастыру;
- мектепке дейінгі жастағы балалардың жастық ерекшеліктерін талдау;
- арнайы шығармашылық қабілеттер түсінігі мен олардың сурет салу шығармашылығында көрінуін зерттеу;
- бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың шығармашылығын қалыптастыру;
- балаларға дәстүрден тыс сурет салу әдістерінің барлық түрлерін меңгерту;
- бейнелеу өнері пәнінде дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімділігін анықтау.
Күтілетін нәтиже:
- баланың бойында табиғатқа деген эстетикалық-жағымды қарым-қатынастарды оны өз шығармашылығында бейнелеу арқылы қалыптастыру.
- балалардың білім өрісін және қоршаған орта туралы түсініктер аясын кеңейту, жабайы болып өсетін мойылдың сыртқы түрімен, оның гүлденген сабақтарымен таныстыру.
- балаларға сурет салу өнерінің жаңа әдістерін - үйрету;
- балаларды табиғатты тану арқылы шығармашылық қабілеттерін ояту;
- балалардың түсті, композицияны қабылдау сезімдерін жетілдіру.
- баланың ойлау жүйесін, қиялын, шығармашылық қызметін дамыту;
- балалардың қозғалыстар координациясын дамыту, қолдың ұсақ моторикасын жетілдіру.
Зерттеу жұмысының зерттеу объектісі - бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, қазақстандық және шет елдердің мектеп жасына дейінгі балаларға сурет салу әдістеріне үйретуге арналған оқулықтары қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІНІҢ ДАМУЫ 1. 1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың жастық ерекшеліктеріЖақсы тәрбиеші міндетті түрде өзінің жұмысын күнделігіне жазып отыру керек, оған бақылаудағы кейбір байқағандарын, балалардың қырын танытатын жағдайларды, баласының алға басуын жазып, әр түрлі жастағы балалардың бәрінің басында кездесетін дағдарысын немесе бетбұрыс жағдайларына талдау жасап, жазып отыруға тиіс.
А. С. Макаренко
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас кезеңдері:
- Сәбилік кезең.
- Мектепке дейінгі кезең.
- Бала дамуындағы іс-әрекеттің ықпалы.
Сәбилік кезең. Бала өмірінің екінші жылы бөбектік шақ деп аталады. Бұл шақта даму біршама баяулап, денесі мен психикасы жағынан жетілуі одан әрі жалғасады. 2 жасқа дейінгі кезеңде дербестікке ұмтылғыш, бірақ қабілет дәрежесі жетілмеген болады. Дене бітімі шымырланып, жүрісі қалыптаса бастайды. Артық қимылы аз, жүйке жүйесінің қабілеті артады, 5-5, 5 сағат сергек, ояу жүреді. Бөбектер музыкаға, биге еліктеп, ән сазына, ырғағына түрлі қимылдар жасайды. Осы шақта жағдайға оңай бейімделіп, қоршаған ортаның әсерін қабылдауға қабілеті жетеді. Сенсорлық қабілеті артып, заттардың түсіне, көлеміне қарай ұқсастықтарын белгілеп, салыстыра бастайды, екі түсті шардан өзіне қажеттісін тауып алады. Осы кезде көріп қабылдауы да жетіле түседі: терезе алдында тұрған гүлді немесе ілініп перденің өзгергенін байқайды. Бағдарлауы тұрақты мақсатты сипат алады. Мысыққа, итке, суретке қарай алады (7-8 мин. ) . Бұл кезде олармен ойын-сабақтар өткізу жан-жақты дамытуға әсер етеді. Атап айтсақ: қимылын жетілдіру; тілін, ойын дамыту; төңіректі болжай білу; заттармен әрекет жасау, дидактикалық, құрылыс материалдарын, ойыншықтарды пайдалану; іс-әрекеті мен қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, құбылыстар мен заттарды қарап көру, ұстап сезіну; музыка сазы, ырғағы, әуенін есту; сезіну, сол арқылы эстетикалық тәрбие беру; адамгершілікке баулу мақсаты көзделеді. Ойын сабаққа бірінші жарты жылдықта көңіл көтеру ойындары, екінші жарты жылдықта ережелі, қимылды ойындар енгізіледі. Сабақтар мазмұны бірте-бірте күрделеніп отырады [2] .
Сәби өзінің оңды әрекетіне, ісіне қуанады, қылығына ұялады, үлкендерге көмектескісі, бірлесіп бір істі орындағысы келеді, бұл сәбиге тән жаңа талап-тілек. 3-4 жастағы балалардың аталған ерекшеліктеріне сәйкес, жүргізілетін күн тәртібі мен бағдарлама бойынша өткізілетін сабақтар бар.
«Естиярлар» тобы (5 жас) оқу әрекеті сәбилер тобы-мен салыстырғанда мазмұн жағынан күрделене түседі. Жалпы дамуында адамгершілік, еңбек тәрбиесі мәнді бола бастайды, дәл осы шақта үлкендерге қамқорлық, мейірімді қатынастың негізі қаланады. Сол сияқты үлкендердің тарапынан да жылы қатынас, жанашырлық білдіру, еркелету, аялау, табысын мадақтау, қолдау, оны талап қоюмен үйлестіру, мінез-құлқында көрініс тапқан теріс қылықтарын көрсету, әділ айыптау, баланың іс-әрекетіне оң қарау үлкендерге деген сенімін арттырады. Олардың ерекшелігі көпшіліктің, құрдастарының пікіріне құлақ аса бастайды, бағынады, олармен есептеседі, өзге балалардың іс-әрекетін бағалауы мазмұнды бола бастайды. Бала психикасының дамуына әсер ететін күнделікті іс-әрекеттерінде (оқу, еңбек, ойын, т. б. ) бала белгілі түпкі себепті басшылыққа алады:
- үлкендерге ұқсағысы келіп, соларша іс-әрекет жасауға ұмтылады;
- ойын (кез-келген істі ойынға айналдырады) ;
- үлкендермен, құрдастарымен жақсы қарым-қатынасын сақтау;
4) топта балалардың жақсы бағасы мен сүйіспеншілігіне ие болу тілегі;
5) намыс, өзін таныту тілегі, ойында басшы рөлді орындауға дәмеленеді;
6) жарыс (бірінші болуға тырысады, ағаттықтарына қатты қайғырады), адамгершілік мінез-құлықтың дамуы (өзге адамдарға оң қарым-қатынасын көрсетеді) [1] .
1. «Ересектер» тобындағы балалардың дамыған ақыл-ой қабілетін мінез-құлқымен көрсете алмайды, оны көрсету тәрбие жағдайына, жеке мүмкіндіктеріне, қызығуына байланысты: баланың қызығушылығы жас шамасына қарай өзгеріп отырады, сондықтан баланың ақыл-ой қабілеті, қиялы ықыласпен орындалатын ойыны мен іс-әрекетінің нәтижесінде көрінеді.
2. «Ересектер» тобындағы даму ерекшелігінің бірі - танымдық қарым-қатынастан (Бұл не? Не үшін керек? т. б. ) адамдық қарым-қатынасқа ауысуы мінез-құлық ережелерін, ұжымдық қарым-қатынасты меңгеруі. Бұл жаста бала дербестігінің жетілуіне байланысты өзін көрсеткісі келіп тұрады. Бұл үлкендер тарапынан дұрыс бағдар беруді талап ететін ерекшелік.
Бұл жастағы даму ерекшеліктерінің енді бірі - жаңа білімді игеру арқылы жаңа қасиеттер мен жаңа қажет-тілектердің пайда болуының көрініс табуы. Ересектер тобында даму ерекшеліктеріне сәйкес күн тәртібін жасауда олардың өзіндік ерекшеліктеріне назар аударылады:
1. Ересектердің өмірін, денсаулығын сақтау, ағзасын шынықтыру, қорғау бұрынғыша мәнді болып табылады.
- Ересектердің күнделікті өмірін ұйымдастыруда дербестікке талпынысын ескеру және сақтау қажет.
- Ересектер өзінің және құрбы-достарының мінез-құлқын бақылауға қабілетті.
- Ересектер қимылды көп қажет етеді.
- Ересектер өздігінен киіне, жуына, шешіне, тамақтана алады, оның бәрін тез орындай алу қабілетіне ие.
- Ересектер сабақтың ұзақтығы мен қарқындылығынан тез шаршап, жаттығулар мен серуенді қажет етеді.
Күн тәртібіне сәйкес балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие шаралары олардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталады.
Мектеп жасына дейінгі баланың үдемелі дамуын қамтамасыз ету үшін сәбилердің жоғарыда аталған даму мүмкіндіктеріне сүйеніп, оның өмірінің, әрекетінің мазмұнын, айнала қоршаған ортамен қарым-қатынасын өзгерту керек. Сәбидің жаңаталап-тілегін, қажеттілігін қамтамасыз ету үшін бұрынғы өмірін қайталау аз, ол қанағаттандырмайды. Сол себептен баланың бұдан былайғы өмірін мектепке дейінгі кезең талабына сай ұйымдастырған жөн.
4. Бала дамуындағы іс-әрекеттің ықпалы. Педагогикалық жағынан дұрыс ұйымдастырылған кез-келген іс-әрекет баланың ақыл-ойының, нышанының, еркінің, қабілетінің, танымдық күшінің жан-жақты дамуына әсер етеді. Іс-әрекет белгілері бір мақсатқа бағытталады, жоспарланады, нәтижесі алдын-ала бағдарланады, әдістері мен тәсілдері, жолдары белгіленеді, қорытындысы, нәтижесі бағаланады. Іс-әрекетті ұйымдастыру дәрежесі жоғарылаған сайын бала дамуына тигізетін ықпалы да күшті болады. Жас ерекшелігінің әр сатысында бала іс-әрекетінің түрі ғана өзгеріп қоймайды, оның мазмұны да, тәсілі де, сипаты да, ниеті де өзгереді.
Іс-әрекет түрлері:
- ойын әрекеті - баланың барлық нышандарының дамуына мүмкіндік тудыратын өзіндік ерекшелігі бар зияткерлік (интеллектуалдық) мектеп. Ойында іс-әрекет әдістерін, жолдарын меңгереді: «емдейді», «оқытады», «үй салады», «атқа мініп шабады» және т. б. Ойын әрекеті баланың ерік-жігерін, ақыл-ойын дамытады, шапшаңдыққа, шымырлыққа, ұқыптылыққа жаттықтырады, талдауға, жинақтауға үйретеді;
- оқу әрекеті - жоспарлы, жүйелі түрде бірте-бірте жүргізіліп, ақыл-ойының, өмірге дұрыс қатынасының дамып, адамгершілік қасиеттері мен эстетикалық талғамын қалыптастыруға мүмкіндік тудырады;
- еңбек әрекеті - бала алдымен өзіне, содан соң басқаларға септігі тиетін кезден бастап жүргізіледі де, еңбек мазмұны, әдіс-тәсілі, түрі жыл озған сайын өзгеріп, күрделеніп отырады;
- қоғамдық әрекетке ұжымдық жалпы тапсырмалар, қоғамдық жұмыстар жатады. Бұлар баланың жауапкершілігін, көпшілікпен жұмыс істей білуін қалыптастырады;
- көркем өнер әрекеті үстінде баланың көркемдік ойы, қиялы, арманы, елестетуі, сезімі, логикасы дамиды;
- спорттық әрекетке дене шынықтыру сабақтары, спорттық ойындар мен жарыстар, т. б. жатады, олар баланың қимыл-қозғалысын, жауап ретіндегі іс-әрекетінің тездігін дамытады [3] .
Іс-әрекет үстінде бала жан-жақты дамиды, айналадағы дүниеге, адамдарға қарым-қатынасы қалыптасады. Сонымен, іс-әрекет - баланың дамуының негізі. Іс-әрекетсіз дамуы жөн. Бұл - педагогиканың ерекше заңдылықтарының бірі.
Болашақ ұстаздар мектеп жасына дейінгі балалардың жас кезеңдеріне бөлінуін жақсы түсініп, дидактикалық принциптерге негіздей отырып, тәжірибеде пайдалануға үйренеді. Мұнда нәрестелік кезең, сәбилік кезең, мектепке дейінгі кезеңдегі бала дамуының ерекшеліктері мен бала дамуындағы іс-әрекеттің ықпалын оқып-үйренеді. Бұл болашақта бала бақшада жас топтарымен жұмыс жасауда басшылыққа алуда маңызды.
Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жас шамасына қарай бөліну ерекшелігіне нақты түсіну үшін жас топтарының айырмашылығын балалар жақсы білуі шарт. Әр жас тобының сипаттамасын түсініп, тереңдетіп оқу қажет. Бала дамуының жас ерекшелігі көрсеткіштері таратпа материал ретінде ұсынылады, ондағы жас топтарын бір-бірімен салыстыра отырып, даму айырмашылықтарына талдау жасап, ең негізгі белгілерін сипаттап жазады. Антропометриялық карта толтырады. Негізгі іс-әрекет түрлерін анықтап, ой қорыту жасайды. Жас ерекшелігін жақсы танып білу болашақ мамандығы балабақша тәрбиешісі, әдіскері немесе балабақша меңгерушісі болып қызмет етуде негіз болатынын сезініп, түсінуі керек.
Қорыта айтқанда, сәбилер «бойындағы балаларды жан-жақты дамытуға мүмкіндіктер мол. Оқыту барысында берілетін таным-білімге үлкендер тарапынан ықпал етудің маңызы ерекше. Үлкендер балаларға білім мазмұнын игерумен қатар, олардың мінез-құлқын зерттейтін моральдық ережелерді, жағымды әдеттерді игеруді меңгертеді. Сондай-ақ үлкендердің бағалауы, іс-әрекеті, сөзі, әңгіме-ертегілері, өлең-тақпақтары, құрметті адамдар мен құрдастарының жағымды қылықтары, әдеби кейіпкерлердің істері сәбилерге әсер етіп, бірте-бірте оның мінез-құлқына айналады.
Мектеп жасына дейінгі баланың үдемелі дамуын қамтамасыз ету үшін сәбилердің даму мүмкіндіктеріне сүйеніп, оның өмірінің, әрекетінің мазмұнын, айнала қоршаған ортамен қарым-қатынасын өзгерту керек. Сәбидің жаңа талап-тілегін, қажеттілігін қамтамасыз ету үшін бұрынғы өмірін қайталау аз, ол қанағаттандырмайды. Сол себептен баланың бұдан былайғы өмірін мектепке дейінгі кезең талабына сай ұйымдастырған жөн [4] .
Болашақ ұстаздар мектеп жасына дейінгі балалардың жас кезеңдеріне бөлінуін жақсы түсініп, дидактикалық принциптерге негіздей отырып, тәжірибеде пайдалануға үйренеді. Мұнда нәрестелік кезең, сәбилік кезең, мектепке дейінгі кезеңдегі бала дамуының ерекшеліктері мен бала дамуындағы іс-әрекеттің ықпалын оқып-үйренеді. Бұл болашақта бала бақшада жас топтарымен жұмыс жасауда басшылыққа алуда маңызды.
1. 2 Арнайы шығармашылық қабілеттер түсінігі мен олардың сурет салу шығармашылығында көрінуіЕліміз жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет құруда Үкіметіміз білім беру мекемелеріне Тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына жеткізетін ұл-қыз тәрбиелеуді талап етуде.
Қоғамда, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдайтын жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу - бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. Шығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Баланың шығармашылығын дамытатын тәрбиеші өзі шығармашылықпен жұмыс жасауы керек.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткізілетін ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті барысында жаңа технология элементтерін пайдалану тиімді. Бұл орайды баланы жалықтырып алмаудың жолдарын қарастырып, төмендегі тәсілдерді тиімді қолдану қажет:
- Бала қабілетін ашуда тіл шеберлігіне көңіл бөлу;
- Білімін қосымша әдебиеттермен толықтыру;
- Жылы сөздер арқылы «сенің қолыңнан келеді», «сенің болашағың зор» - деп, үнемі балаға шабыт беріп отыру.
Әр тәрбиешінің алдындағы сәулелі мұрат шәкіртіне білім, тәрбие беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу. Сол «менді» шығармашылық тұлғаға айналдыру. Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам. Сәбиді жоғары деңгейдегі білім мен адамгершілікке баулитын тәрбиешінің бойында барлық асыл қасиеттердің табылуы тиіс. Өйткені, тәрбиеші бала болмысын, жүзін көріп түзелер айна іспетті. Бала қабілетінің ашылуы үшін тәрбиеші жаңашыл, білімді, іскер, қабілетті, жауапкершілік сезімді, жаңа технологияны толық менгерген, өз ісінің шебері болуы керек.
Бала қабілетінің ашылуы үшін:
1 Тәрбиеші білімін ұдайы жетілдіріп, кәсібі шеберлігін шыңдауы тиіс.
2 Бала білімі мен қабілетіне сеніммен қарау керек.
3 Баланы ақпарат, жаңалықпен қамтамасыз етіп отыру қажет.
4 Ата-анамен тығыз байланыс орнағаны жөн.
5 Баланы өмірге бейімдеуде дәл, дұрыс бағыт беріп, жеке ерекшелігіне көңіл бөлінуі керек [5] .
Оқу мен тәрбиенің егіз екенін бір сәт те естен шығармаған жөн, соның нәтижесінде ғана сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізуге болады. Ол жайлы Әл - Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»-деген.
Баланың ойында не бар, ол не істей алады, жасы өскен сайын ол қалай өзгеріп, нені үйреніп келеді дегенді анықтау, оған әсер ететін себептері іздестіру балалар психологиясының маңызды міндеті. Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері: бақылау және экспиримент.
Бағдарламаның ерекшілігі баланың жалпы тәрбиесіне, дамуына әсері зор. Бала шығармашылық қабілеттері арқылы өсіп көптеген ойындарға тартылады (сюжетті - рөлдік, драматизация ойындары, сахналау, көріністер) .
Блок арқылы құралған бағдарлама :
1 блок -толтырынды кезең (кіріспе)
2 блок - моделдендірілінген
Толтырынды кезінде кіріспе шығармашылыққа илікші көп әсер келтіреді.
Бұл кезде бала бойына илікшілік және уайымшылдық қабылетіне бітеді. Бұл жерде бас рөлде тәрбиешінің өзі болады.
Екінші кезең баланың өз еркіндігімен және тапқырлығымен байланысты. Моделдік қасиеттер - айналадағы араластықтан және әр түрлі еліктеуден пайда болады. Блок арқылы жұмыс реттік бойынша, жеңілден ауырға немесе біртіндеп жеке өткізіледі (ойнаған, ертегілер қойған кезінде немесе тындаған күйінде) . Бұл бағдарлама баланың шығармашылық қабілетін қуыршақ театр ойыншықтар, ойын сахналау, ойын - еліктеуші, сюжетті рөлдік ойындар арқылы дамып отырады.
Бағдарлама ерекшелігін оқу - іс әрекет кезінде тағы да басқа тәсілдер қолдануда. Реттік жұмыстары:
1 Шығармашылық қабылеттерін дамыту кезінде тағы да басқа тәсілдер және тәсілден тыс әрекеттерді қолдану.
2 Коммуникативтіқ әсерді жою.
3 Меңгерілген шығармашылық қабілеттерін қолдану және іске асыру [6] .
Оқу кезеңде іс - әрекет аптасына 1 сағат бөлінеді. Жылдық жоспарда 36 сағат ұйымдастырылады. Шығармашылық салалары ауысып отырып театр көрнісі тәсілден тыс, практикалық әрекет т. б.
1 кесте - Топтағы балалардың шығармашылық тақырыптың жоспарының үлгілері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz