Йодтың химиялық және медициналық маңызы


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Ғылыми жұмыс

Тақырыбы: Йодтың химиялық және медициналық маңызы

Аннотация

«Йодтың химиялық және медициналық маңызы» тақырыбында ұсынылып отырған ғылыми жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде йодтың ашылуы, йодтың алудың негізгі технологиялық сипаттамалары, йодтық химиялық құрылымы, физикалық ерекшеліктері мен химиялық қасиеттері қарастырылған.

Екінші бөлімде йодтың табиғатта таралуы, адамның, жануарлардың ағзасындағы маңызы, медициналық мақсатта қолданылу негіздері қарастырылған.

Ғылыми жұмыста 14 әдебиеттер тізімі қолданылды.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ4

1 ЙОДТЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ МЕН ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ6

1. 1 Йодтың ашылуы6

1. 2 Элементтің сипаттамасы7

1. 3 Йодтың химиялық қасиеттері8

2 ЙОД ӨНІМДЕРІНІҢ ТАРАЛУЫ, МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҢЫЗЫ12

2. 1 Йодтың таралуы12

2. 2 Йодтың медициналық маңызы15

ҚОРЫТЫНДЫ18

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ20

КІРІСПЕ

Йод, I - элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы химиялық элемент. Табиғатта тұрақты бір изотопы бар (127J), бос күйінде кездеспейді. Қара сұр түсті, күлгін жылтыр, өткір иісті. Лаутарит, дитцент минералдарында, мұхит суы, мұнай кендеріндегі ілеспе суда, балдырларда кездеседі. Суда нашар, органикалық еріткіште (спирт, эфир, күкірткөміртек, хлороформ) жақсы ериді. Көптеген металдармен және сутекпен жоғары температурада әрекеттеседі. Сілтімен әрекеттесіп йодатты тұз түзеді, тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш сипат көрсетеді.

Жер қыртысындағы йодтың массасы бойынша үлесі 4*10 -5 %. Мантия мен магмаларда және олардың жыныстарындағы (граниттерде, базальталарда) йодтың қосылыстары шашырап таралған; йодтың тереңдегі минералдары белгісіз. Жер қыртысындағы йодтың таралуы тірі заттармен және биогенді миграциямен байланысты.

Йодты өндірісте мұнайдың бұрғылаушы суларынан алады, шет елдерде - теңіз балдырларынан, чили селитрасынан алынады.

Йод өнімдерін төрт топқа бөліп қарастыруға болады:

  1. құрамында элементарлы йоды бар өнімдер (3- немесе 5%-дық спиртті йод ерітіндісі, Люголя ерітіндісі) ;
  2. неорганикалық йодидтер (калия мен натрий йодиді) - көптеген шығарылатын өнімдердің құрамында 25 пен 250 мкг аралығында микроэлементтер кездеседі;
  3. элементарлы йодты бөліп алатын органикалық заттар (йодоформ, йодинол және т. б. ) ;
  4. құрамында йод берік орныққан органикалық қосылыстар (рентгенконтрастылы заттар) .

Йодты бәрі біледі. Қолымызды кесіп алып, біз йодтың ерітіндісіне қол созамыз. Бірақ біздің ағзамыздағы йодтың маңызы туралы бәрі біле бермейді. Йод өте күшті антисептикалық препарат болып табылады. Алайда йод тек жарақаттанған жерлерге жағуға ғана арналмаған. Йод адамның ағзасында 25 мг болса да, ол маңызды рөл атқарады. «Адам бойындағы» йод қалқанша безде бар, ол ағзадағы заттардың алмасуын реттейді. Йод жетіспеген жағдайда, адам эндемикалық жемсау деп аталатын дене және ақыл-ой кемістігі ауруына ұшырайды. Бұл таулы аудандарда кездеседі, өйткені мұнда су мен тағамның құрамында йодтың үлесі аз болады.

Адамның ағзасына йод көп көлемде болуымен қатар, қандағы йодтың тұрақты концентрациясын сақтайды (10 -5 - 10 -6 %) . Ағзадағы йодтың жалпы көлемінен жуықтап алғанда 25 мг, жартысынан көбі қалқанша безінде кездеседі. Мұндағы барлық йод әр түрлі тирозиннің туындыларының құрамына кіреді - қалқанша безінің гормонында, тек аз бөлшегі ғана 1% неорганикалық йод I - түрінде болады.

Ғылыми жұмыс тақырыбының өзектілігі: бүгінгі күндегі йод өнімдерінің қолданылу аясын, химиялық және медициналық маңызын анықтау.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: зерттеу жұмысында қазіргі кездегі йодтың медициналық және химиялық салада қолданылу берілген. Алынған мәліметтер қазақстандық еңбектерде кездеспейді, яғни мәліметтер жаңадан алынған және қазақ тілінде жазылған.

Зерттеу жұмысының мақсаты: йод және оның өнімдерінің барлық тірі ағзаларға көрсететін әсерлерін талдау.

Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

- йодтың негізгі сипаттамалары мен физико-химиялық қасиеттері қарастыру;

- йодтың ашылу тарихын зерттеу;

- йод өнімдерінің жер бетінде, адам мен жануарлар ағзасында таралуын талдау;

- йодтың жалпы қолданылу аясын зерттеу;

- йодтың медициналық маңызын анықтау.

Зерттеу нысаны йодтың химиялық және медициналық маңызы болып табылады.

Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде шетелдік ғалымдардың еңбектері, ғылыми журналдары мен оқулықтары қолданылды.

«Йодтың химиялық және медициналық маңызы» тақырыбында ұсынылып отырған ғылыми жұмыс екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде йодтың ашылуы, йодтың алудың негізгі технологиялық сипаттамалары, йодтық химиялық құрылымы, физикалық ерекшеліктері мен химиялық қасиеттері қарастырылған.

Екінші бөлімде йодтың табиғатта таралуы, адамның, жануарлардың ағзасындағы маңызы, медициналық мақсатта қолданылу негіздері қарастырылған.


1 ЙОДТЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ МЕН ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
1. 1 Йодтың ашылуы

XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басы Еуропада таусылмайтын соғыстармен сипатталады. Көп оқ дәрі, яғни селитра қажет болды. Селитраның өндірісі кең етек жайды, шикізаттармен қоса, теңіз балдырлары да қолданылды. Солардың ішінен жаңа химиялық элемент табылды.

Француздың селитра өндірушілерінің бірі, химик Бернар Куртуа (1777-1838) болды, ол өте бақылағыш адам болды. Міне, осы қасиеті оған 1811 жылы химиялық жаңа элемент йодты ашуға көмектесті. Бірде ол фукустан, ламинарийден және басқа да балдырлардан алынған сақар қайнап жатқан мыс қазандықта өнімді бір қышқыл күйдіріп жатқанын байқады. Куртуа мұның себебін анықтауға бел буды. Ерітіндіден натрийдың тұдарын тұндырып, алып тастағаннан кейін ол ерітіндіні буландырды, қазандықта калийдің сульфидінің бар екенін байқап, оны ыдырату үшін концентрлі күкірт қышқылын қосты - міне осы кезде күлгін түсті түтін пайда болды. Куртуа тәжірибені қайталады, бұл жолы ретортада, ретортаның қабылдағышында пластиналық қара жылтыр кристалдар тұнды [5] .

Балдырлардан алынған натрийдің йодиді күкірт қышқылымен әрекеттесіп Йод I 2 бөледі; онымен бір уақытта күкірт газы - күкірт диоксиді SO 2 мен су пайда болады:

2NaI + 2H 2 SO 4 = I 2 + SO 2 + Na 2 SO 4 + 2H 2 O

Суығаннан кейін Йодтың булары жылтырлығы бар қара-сұр кристалдарға айналды. Куртуа былай деп жазды: «Балдырлардан алынған сақардың аналық ерітіндісінде ерекше заттың сандық құрамы көп. Мұны анықтау оңай: ол үшін күкірт қышқылын берілген ерітіндіге құйып, қоспаны ретортада қыздыру қажет. Жаңа зат қабылдағышта қара ұнтақ күйінде түзіледі, ал оны қыздырғанда күлгін түс беретін түтін пайда болады» [1] .

Бұл элеменке атауды оның буларының күлгін түсі үшін 1813 жылы француз химигі Жозеф-Луи Гей-Люссак (1778-1850) берді («Йодос» грекше «күлгін») . Мұнымен қатар, ол жаңа элементтің көптеген туындыларын алды -HI йодсутегі, HIO 3 йод қышқылы, йод (V) оксиді I 2 O 5 , ICl йод хлориді және т. б. Осымен бір уақытта Йодтың элементтің табиғатын ағылшын химигі Гэмфри Дэви (1778-1829) дәлелдеді [2] .

Йод туралы қызықты мәліметтер:

  1. Йодтың адам ағзасындағы құрамы мезгілге байланысты: қыркүйек пен қаңтар айлары аралығында йодтың концентрациясы төмендейді, ақпан айында жаңадан көтеріле бастайды, ал мамыр мен маусым аралығында Йодтың құрамы ең жоғарғы деңгейіне жетеді. Бұл ауытқу әлі күнге дейін жұмбақ болып қалуда;
  2. Тағам өнімдерінің ішінде йод жұмыртқаның, сүттің, балықтың құрамында кездеседі, ал теңіз орамжапырағында ол өте көп;
  3. Егер найзағай бұлтын йодты күміспен немесе йодты қорғасынмен араластырса, бұршақтың орнына қар пайда болады: осындай тұздармен қамтылған бұлттар жаңбыр күйінде жауып, шаруашылыққа кері әсер етпейді.
1. 2 Элементтің сипаттамасы

Йод - элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы химиялық элемент. Галогендер тобына жатады, ат. м. 126, 9; ат. н. 53; тығыздығы 4, 93 г/см3; балқу t 113, 60С; қайнау t 184, 350С. Галоген. Табиғатта бар галогендердің ішінде аз кездесетін радиоактивті астатты есептемегенде, йод ең ауыры болып табылады. Табиғатта кездесетін йодтың көбісі массалық саны I 127 болатын жалғыз изотопынан тұрады, оның жер қыртысындағы құрамы массасы бойынша 4 * 10 -5 % құрайды. Радиоактивті Йод I 125 табиғи радиоактивті түзілістер кезінде пайда болады. Йодтың жасанды изотоптарының ішінде маңыздылары - Йод I 131 мен Йод I 133 . Оларды негізінен медицинада қолданады.

Сурет 1. Йод элементінің химиялық құрылымы

I 2 - галоген. Металдық жылтырлығы бар қара-сұр кристалдар, ұшқыш. Суда нашар ериді, органикалық еріткіштерде жақсы ериді (ерітіндінің күлгін немесе қоңыр түске боялуымен) немесе суға Йодид тұздарын қосқан кезде ериді. Әлсіз тотықтырғыш және қалпына келтіргіш. Концентрлі күкірт қышқылымен, металдармен, бейметалдармен, негіздермен, күкіртті сутегімен әрекеттеседі. Басқа галогендермен қосылыстар түзеді [3] .

Йод элементінің молекуласы басқа галогендердікі сияқты екі атомнан тұрады. Йод - галогендердің ішінде қалыпты жағдайда қатты күйде кездесетін жалғыз элемент. Йодтың әлемі қара-көк түсті кристалдары көбінесе графитке ұқсайды. Сонымен қоса, йод металдар сияқты электр тогын өткізетін қаситеті бар. Йодтың кристалдық құрылымы 2 суретте келтірілген.

Сурет 2. Йодтың кристалдық құрылымы

Йодтың физикалық қасиеттері.

Йодтың тығыздығы 4, 94 г/см3, t балқу 113, 5 °С, t қайнау 184, 35 °С. Сұйық пен газ тәрізді Йодтың құрамы екі атомнан тұрады (I 2 ) . Байқалатын диссоциация I 2 2I 700 °С жоғарғы температурада және жарықтың әсер етуінде. Қалыпты температурада Йод өзіндік иісі бар күлгін булар тұзіп, буланады. Әлсіз қыздырғанда Йод қайнайды, жылтыр жұқа пластинкалар күйінде тұнады; бұл үрдіс зертханалық бөлмелер мен өндіріс орындарын йодтан тазарту үшін қолданылады. Йод суда нашар ериді (25 °С - 0, 33 г/л), күкіртті сутегі мен органикалық еріткіштерде, йодид тұздары бар суда жақсы ериді [4] .

Йод атомының сыртқы электрондарының конфигурациясы 5s 2 5p 5 . Осыған байланысты ол қосылыстарында әр түрлі валенттіліктер көрсетеді (тотығу дәрежелері) : -1 (HI, KI) ; +1 (HIO, KIO) ; +3 (IСl 3 ) ; +5 (НIO 3 , КIO 3 ) ; және +7 (HIO 4 , KIO 4 ) .

1. 3 Йодтың химиялық қасиеттері

Химиялық тұрғыдан Йод белсенді, бірақ хлор мен броммен салыстырғанда азырақ белсенді. Металдармен Йод кішкене қыздырғанда белсене әрекеттесіп, Йодидтер түзеді.

Hg + I 2 = HgI 2

Сутегімен йод тек қыздырғанда және толығымен емес әсер етіп, йодты сутегі түзеді.

I 2 + H 2 = 2НI

Элементті Йод - тотықтырғыш, хлор мен бромнан әлсіз. Күкірттісутегі H 2 S, натрий тиосульфаты Na 2 S 2 O 3 мен басқа тотықсыздандырғыштар оны I - дейін тотығады [9] .

I 2 + H 2 S = S + 2НI

Хлор мен басқа күшті тотықтырғыштар сулы ерітінділерде оны IO 3 - ауыстырады.

Суда еріткенде ол аз мөлшерде сумен әрекеттеседі:

I 2 + H 2 O = HI + HIO

Сілтілердің ыстық сулы ерітінділерінде Йодидтер мен Йодаттар түзіледі.

I 2 + 2KOH = KI + KIO + H 2 O

3KIO = 2KI + KIO 3

Қыздырғанда йод фосформен әрекеттеседі:

3I 2 + 2P = 2PI 3

Ал фосфордың йодиді өз кезегінде сумен әсерлеседі:

2PI 3 + H 2 O = 3HI + H 2 (PHO 3 )

H 2 SO 4 пен KI әсерлескенде, қара-сұр түске боялған өнім түзіледі және сульфатты қышқыл H 2 S дейін тотықсызданады [10] .

8KI + 9H 2 SO 4 = 4I 2 + 8KHSO 4 + SO 2 + H 2 O

Йод алюминиймен оңай әрекеттеседі, бұл кезде катализатор ретінде су түседі:

3I 2 + 2AL = 2ALI 3

Йод күкіртті қышқыл мен күкірттік қышқылды тотықсыздандырады:

H 2 SO 3 + I 2 + H 2 O = H 2 SO 4 + HI

H 2 S + I 2 = 2HI + S

Йод нитратты қышқылмен әсерлеседі:

I 2 + 10HNO 3 = 2HIO 3 + 10NO 2 + 4H 2 O

Қышқыл сілтімен әсер еткенде, тұз пайда болады:

HIO 3 + KOH = KIO 3 + H 2 O

Йодид-ионды йодат-ионмен қышқылдық ортада тотықтырғанда бос йод түзіледі:

5KI + KIO 3 + 3H 2 SO 4 = 3I 2 + 3K 2 SO 4 + 3H 2 O

Йодатты қышқылды қыздырғанда, галогендердің тұрақты оксидтерін түзу арқылы ол ыдырайды:

2HIO 3 = I 2 O 5 + H 2 O

Йод (V) аксиді тотықтырғыш қасиеттер көрсетеді. Оны CO анализіне қолданады:

5CO + I 2 O 5 = I 2 + 5CO 2

Перйодатты қышқыл H 5 IO 6 - бес негізді. Оны келесі жолмен алады:

5Ba(IO 3 ) 2 --- t --► Ba 5 (IO 6 ) 2 + 4I 2 + 9O 2

Ba 5 (IO 6 ) 2 + 5H 2 SO 4 = 5BaSO 4 ↓ + 2H 5 IO 6

Бұл қышқылдық қасиеті орташа қышқыл. Орто-формасындағы (Ag 5 IO 6 ) және мета-формадағы (NaIO 4 ) тұздар түзеді. Перйодатты қышқыл мен оның тұздарын органикалық және аналитикалық химияда қолданылады.

Йод тиосульфатпен жақсы әрекеттеседі:

2Na 2 S 2 O 3 + I 2 = Na 2 S 4 O 6 + 2NaI

Оның бұл қасиеті аналитикалық химияда қолданылады.

Крахмалда адсорбциялана отырып, йод оны қара-көк түске бояды; бұ Йодометрияда және йодты сапалық анықтау үшін қолданылады.

Йодтың булары улы және мөлдір қабықшаларды зақымдайды. Теріге Йод күйдіруші және залалсыздандырушы әсер береді. Йодтан қалған дақтар соданың ерітінділерімен немесе натрий тиосульфатымен жуылады [11] .

Йодтың алынуы.

Йодты өндірісте мұнайдың бұрғылаушы суларынан алады (3 сурет) ; шет елдерде - теңіз балдырларынан, чили селитрасынан алынады. Мұнай суларынан йодты алу үшін (йодидтер күйінде олардың құрамында 20 - 40 мг/л йод болады) оларға алдымен хломен немесе азотты қышқылмен әсер етеді. Бөлінген йодты белсенді көмірмен немесе ауамен үрлеу арқылы бөлініп алынады. Реакцияның өнімдерінің құрамынан бос йодты хлормен немесе күкірт қышқылымен әсер ету арқылы алады. Йодты ауамен үрлеу кезінде йод күкірт оксидін жұтып алып, кейін йодты хлормен ығыстырып шығарады. Құрғақ кристалдық йодты айдаумен тазартылады.

Сурет 3. Йодты бөліп алу қондырғысы

  1. бұрғылау суы;
  2. қышқыл;
  3. қышқылдандыру мұнарасы (хлоратор) ;
  4. хлор;
  5. йодтың үрлендіру мұнарасы (десорбер) ;
  6. ауа;
  7. күкіртті газ;
  8. ұстап алғыш (адсорбер) ;
  9. йодты және күкірт қышқылы (сорбент) ;
  10. сорбенттің жинағы;
  11. кристаллизатор (здесь Йод выделяется из сорбента) ;
  12. йод - шикізат;
  13. йодсыз бұрғылау суы;

Өндірісте йодты аз мөлшерде қолданады, бірақ ол міндетті түрде қажет. Өйткені, йодидтердің термиялық ыдырауына жоғарғы дәрежедегі таза металдарды алу негізделген.

Осы жақын арадан бастап йодты йодтық-вольфрамдық айналыммен жұмыс істейтін қыздыру шамдарының өндірісінде қолданыла бастады. Йод шамның шиыршығыннан буланатын вольфрамның бөлшектерімен қосылады, WI 2 қосылысын түзеді, ол өнім қыздырылған шиыршыққа түскенде ыдырайды. Вольфрам сол кезде шиыршыққа қайта оралады, ал Йод қайта буланған вольфраммен қосылады. Йод вольфрамды шиыршықтың сақталуын қамтамасыз ете отырып, шамның жұмыс істеу мерзімін ұлғайтады.

Сонымен қатар, көмірсутекті майларға қосылған йодтың 0, 6% таттанбайтын болаттың, мойынтіректің, титанның үйкелісін болдырмайды. Бұл үйкелетін бөлшектерге жүктемені 50 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Йодты арнайы поляроидты шыныны алу үшін қолданады. Шыныға йод тұздарының кристалдарын енгізеді, олар реттеліп таралады. Жарық сәулесінің тербелісі олар арқылы барлық жақтарға таралмайды. Поляроид деп аталатын фильтр пайда болады және ол қарсы жарық ағынын шеттетеді. Мұндай шынылар автокөліктерде қолданылады. Бірнеше поляроидтарды комбинациялап немесе поляроидты шыныларды айналдыру арқылы ерекше әдемі эффектілерге ие болуға болады - бұл құбылысты кинотехника мен театрларда қолданады. Мұнымен қоса, йод фото істерде пайдаланылады. Қазіргі кездегі фотосуретке түсіру әдісі ағылшындық У. Толботпен ойлап табылған. Фотоға түсіру реакциясының негізінде жарық әсерінен күміс галогенидтерінің ыдырауы жатыр:

Ag (Галл) + hγ = Ag + (Галл),

мұндағы hγ - жарық кванты.

Аналитикалық және органикалық химияда синтездеуде йод пен оның өнімдері анализдерге және хемотрондық құрылғыларда қолданылады, олардың қызметі йодтың тотығу-тотықсыздану реакцияларына негізделген. Катализатор ретінде йод барлық жасанды каучуктарды алу үшін қолданылады. Басқа галогендер сияқты йод көптеген йодорганикалық қосылыстар түзеді, олар кейбір синтетикалық бояулардың құрамына кіреді.

Өндірісте йодидтердің термиялық ыдырауын жоғарғы дәрежелі таза металдарды алу үшін - кремний, титан, гафний, цирконий (йодидті әдіспен) қолданылады. Йодтық өнімдерді үйкелетін беті бар болат пен титандарда құрғақ жаққыштар ретінде қолданылады.


2 ЙОД ӨНІМДЕРІНІҢ ТАРАЛУЫ, МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
2. 1 Йодтың таралуы

Жер қыртысындағы йодтың массасы бойынша үлесі 4*10 -5 %. Мантия мен магмаларда және олардың жыныстарындағы (граниттерде, базальталарда) йодтың қосылыстары шашырап таралған; йодтың тереңдегі минералдары белгісіз. Жер қыртысындағы йодтың таралуы тірі заттармен және биогенді миграциямен байланысты. Биосферада оның концентрациясының процестері байқалады, әсіресе теңіз ағзасындағы (балдырлар, губкалар) . Биосферада түзілетін йодтың 8 гипергенді минералдары белгілі, алайда олар өте сирек кездеседі. Биосфера үшін йодтың негізгі резервуарының қызметін әлемдік теңіздер атқарады (1 литрде орташа есептегенде 5*10 -5 грамм йод бар) . Теңіз суының тамшыларында еріген теңізге йодтың қосылыстары атмосфераға түседі және желдермен континенттерге ауысады. Теңізден бөлінген жерлер немесе теңізден бөлінген таулы аймақтарда йод жеткіліксіз. Йод тапырақтың және теңіз балшықтарының органикалық заттарымен жеңіл адсорбцияланады. Бұл балшықтар тығыздалғанда және тұнбалық таулы жыныстар түзілгенде десорбция жүреді, йод қосылыстарының бір бөлігі жер астылық суларына өтеді. Осылайша йодты өндіруде қолданылатын йодты бромды сулар түзіледі, бұл мұнай кен орындарының аймақтарына тән (кейбір жерлерде бұл сулардың 1 литрінде 100 мг астам йод болады) .

Йод - адамдар мен жануарларға қажетті микроэлемент. Топырақтарда, орманды қара топырақты емес, құрғақ далалы, шөлді, таулы биогеохимиялық аудандарда йод жеткіліксіз түрде кезедеседі немесе кейбір миркоэлементтермен (Са, Mn, Cu) балансталмаған; осы аудандардағы эндемиялық жемсау аурының таралуы осымен байланысты. Топырақтардағы йодтың орташа құрамы 3*10 -4 % аралығында болса, өсімдіктерде 2*10 -5 %. Беттік ішілетін суларда Йод аз (от 10 -7 до 10 -9 %) . Теңіздік аудандардағы йодтың саны ауаның 1 м 3 50 мкг жетеді, ал континенталдық және таулы жерлерде - 1 немесе 0, 2 мкг құрайды [12] .

Йодтың өсімдіктермен жұтылуы оның қосылыстарының топырақтың құрамында болуына, өсімдіктің түріне байланысты. Кейбір ағзалар (йодтың концентраттары, мысалы теңіз балдырлары - фукус, ламинария, филлофора) 1%-ға дейін йодты жинақтайды, кейбір губкалар -8, 5% дейін. Йодты концентрлеуші балдырлар оны өндірісте алу үшін қолданылады. Жануардың ағзасына йод тамақпен, ауамен, сумен бірге түседі. Йодтың негізгі көзі - өсімдік өнімдері мен жемдер. Йод тік ішектің алдыңғы бөлімдерінде сіңіріледі. Адамның ағзасында 20-дан 50 мг-ға дейін йод жинақталады, соның ішіндебұлшық еттерде 10 - 25 мг, қалқанша безде 6 - 15 мг. Радиоактивті йодтың (I 131 мен I 125 ) көмегімен қалқанша бездегі йод эпителия жасушаларының митохондрияларында жинақталады және онда түзілетін алл - мен моноиодтирозиндердің құрамына кіреді, олар тетраиодтиронин (тироксин) гормонына ауысады. Йод ағзадан буйрек арқылы (до 70 - 80% ), сүт, сілекей, тері бездері арқылы да шығарылады [6] .

Әр түрлі биогеохимиялық профинциялардағы йодтың құрамы күндік тәртіпте ауысып тұрады (адам үшін 20-дан 240 мкг-ға дейін, қой үшін 20-дан 400 мкг-ға дейін) . Жануар ағзасының йодқа қажеттілігі оның физиологиялық күйіне, жылдың уақытына, дене температурасына, ағзаның ортадағы йодтың құрамына бейімделуіне тәуелді. Адам мен жануардың йодқа күндік қажеттілігі - жуықтап алғанда 1 кг салмаққа 3 мкг (жүктілік кезінде, суықтағанда, тез өскенде жоғарылайды) . Йодты ағзаға енгізу негізгі зат алмасуын жоғарылатады, тотықтырғыш үрдістерді күшейтеді, бұлшық етті жақсартады.

Адамның ағзасына йод көп көлемде болуымен қатар, қандағы йодтың тұрақты концентрациясын сақтайды (10 -5 - 10 -6 %) . Ағзадағы йодтың жалпы көлемінен жуықтап алғанда 25 мг, жартысынан көбі қалқанша безінде кездеседі. Мұндағы барлық йод әр түрлі тирозиннің туындыларының құрамына кіреді - қалқанша безінің гормонында, тек аз бөлшегі ғана 1% неорганикалық йод I - түрінде болады.

Йодтың көп мөлшердегі дозалары қауіпті: доза 2 - 3 г өлімге алып келеді. Сол кезде Йодид түрінде ішке қабылдауға рұқсат етіледі.

Егер ағзаға тамақпен бірге Йодтың неорганикалық қосылыстарын енгізсе, оның қанындағ йодтың концентрациясы 1000 есе арта түседі, бірақ 24 сағат өткеннен кейін ол ішкі ағзаның қалыпты жағдайдағы мөлшеріне теңеседі және ол тәжірибенің жағдайларына тәуелді емес [7] .

Медициналық практикада йодорганикалық қосылыстар рентгенодиагностикада қолданылады. Йодтың атомдарының ауыр ядролары рентген сәулелерін жұтып алады. Ағзаның ішіне осындай диагностикалық затты енгізгенде, нақты рентген суреттерін алады.

Қалқанша безі жалпы салмағы 25-30 г болатын екі сопақша келген, көмей мен кеңірдектің төменгі бөлігінің екі жағында орналасқан денелерінен тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Йод туралы түсінік
Йод тапшылығы ауруларын алдын алу..
Антисептиалық және дезинфекциялаушы заттар
Йод элементі
Тірі ағзаларға қажетті элементтер
Литосфераны қорғау
S, p, d элементтердің медициналық-биологиялық маңызы
Йодтың физикалық қасиеті
Диффузды зоб - біртекті құрылымы бар қалқанша безінің кеңеюі
Адам ағзасындағы макро және микроэлементтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz