Жалпы неологизмдердің ерекшеліктерін ескере отырып, ағылшын тіліндегі неологизмдердің пайда болу тәсілдерін зерттеу


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Диплом жұмысы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1 Қазіргі ағылшын тіліндегі «неологизм» түсінігі5

1. 1 Тіл бірлігі ретіндегі неологизмнің ерекшеліктері5

1. 2 Неологизмдердің жасалу жолдары21

1. 3 Неологизмдердің жіктелуі мен функциялары35

2 Ағылшын көркем шығармаларындағы неологизмдердің жасалу жолдарын талдау41

2. 1 Көркем шығармалардағы авторлық неологизмдердің лингвистикалық аспектілері мен олардың тіларалық трансляциясы41

2. 2 Джоан Роуллингтің «Harry Potter» туралы шығармаларындағы неологизмдердің жіктелуі44

Қорытынды57

Қолданылған әдебиеттер тізімі59


Кіріспе

Неологизмдер - бұл қазіргі тарихи кезеңге тән түгелімен жаңа лексикалық бірлік.

Неологизмдердің пайда болуының себебі қоғамдық және ғылыми-техникалық прогресс болып табылады:

- әлеуметтік-экономикалық жаңа сөздердің пайда болуы;

- ғылым мен техниканың қарқынды дамуы мен жаңалықтары;

- мәдениет саласындағы жетістіктер.

Неологизмнің ең басты белгісі көптеген тілдердегі сөздердің жаңа түрі. Сөздер неологизмдік қасиетін көп уақыт сақтай алмайды. Жаңа сөзіміз белсенді қолданысқа түсе бастағаннан өзінің жаңа қасиетінен айрыла бастайды, яғни бірте-бірте жаңалық кейпін жойып, жалпы тілдік сөз ретінде лексика жүйесіне енеді. Қазіргі уақытта ай бетіндегі жүруші, космодром, радар, ракета-тасушы, бағдарламалау сияқты сөздерді неологизмдер деуге болмайды. Өйткені бұл сөздер өзінің тарихи кезеңінде жаңа сөз деген атқа ие болғанымен, қазіргі уақытта тіл қолданысына еніп, қарапайым сөздер қатарына ауысқан. Көптеген ағылшын лексикографтары қазіргі уақытта «окказиональды» деп аталатын неологизмдерді қолданып жүр, яғни олардың мағынасы өзгеше немесе аяқ астынан айтылған немесе қолданылған сөздер дегенді білдіреді.

Неологизмдер мен жаңа сөздердің жасалуына қатысты уақытша белгілерді объективті түрде анықтауға болмайды, сондықтан да жоғарыда айтылғандардан ұғатынымыз - неологизм түсінігі уақытқа байланысты өзгергіш, сөздер қашан өзінің жаңалық кейпін жоғалтпайынша неологизм сөздер болып қала береді.

Қазіргі ағылшын тілінде жаңа сөздердің пайда болуының көптеген әдістері бар, олардың қатарына жаңа сөз өнімділігі, сөз құрау, конверсиялық (өзгерту), қысқарту, адьективизациялық, субстиантивтік (бір есімнің екінші есімге айналуы), кері сөз құрылымы, лексико-семантикалық тәсіл, дыбыстардың кезектесуі және сөздегі екпіннің ауыстырылуы (фонологиялық тәсіл) және т. б. Бірақ, аталған тәсілдердің барлығы да бірдей қолданыла бермейді және әрқайсысының өзіндік сөзқұрылым процесіндегі салмақтары бірдей емес. Жаңа сөз өнімділігі мен сөз құрылым сияқты тәсілдер жаңа сөз құраудың негізгісі болып табылады.

Нағыз неологизмдер өте сирек кездеседі, олардың 99% - дәлелденген. Авторлық неологизмдерді авторлар мен ғалымдар жасайды.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: қазіргі кездегі ағылшын тіліндегі неологизмдердің пайда болу тәсілдерін анықтау.

Зерттеу жұмысының мақсаты: жалпы неологизмдердің ерекшеліктерін ескере отырып, ағылшын тіліндегі неологизмдердің пайда болу тәсілдерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- тіл бірлігі ретіндегі неологизмнің ерекшеліктерін қарастыру;

- неологизмдердің жасалу жолдары мен жіктелуі, функцияларын зерттеу;

- ағылшын көркем шығармаларындағы неологизмдердің жасалу жолдарын талдау;

- көркем шығармалардағы авторлық неологизмдердің лингвистикалық аспектілері мен олардың тіларалық трансляциясын анықтау;

- Джоан Роуллингтің «Harry Potter» туралы шығармаларындағы неологизмдердің жіктелуін талдау.

Зерттеу жұмысының нысаны: ағылшын тіліндегі неологизмдерді зерттеу.

Зерттеу жұмысының пәні: ағылшын тіліндегі неологизмдердің пайда болу тәсілдерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі ретінде келесі авторлардың еңбектері қолданылды: Арбекова Т. И., Арнольд И. В., Ворно Е. Ф. (Кащеева М. А., Малишевская Е. В., Потапова И. А), Волков С. С. (Сенько Е. В. ), Заботкина О. А., Котелова Н. З., Мешков О. Д. (Москалева И. Н. ), Хидекель С. С. (Гинзбург Р. З., Князева Г. Ю., Санкин А. А. ) .

Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы. Зерттеудің нәтижелері ағылшын тіл білімінде аталым теориясын дамытады, уәжтану, термин жасам мен сөз жасам теориясына нақты үлес қосады. Зерттеу барысында жасалынған тұжырымдамалар мен нәтижелер неологизм мәселелерінің дамуына, қалыптасуына септігін тигізеді.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы. Зерттеудің нәтижелері неологизмдер жөнінде жаңа пайымдаулар жасауға мүмкіндік береді. Дипломдық жұмыстың негізгі материалдары мен теориялық тұжырымдарын жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқыту салаласынан оқулықтар мен оқу құралдарын жасауда, арнайы семинар мен арнайы курстық, аудиториялық дәріс оқуда пайдалануға болады. Сонымен, өз шешімін күтіп тұрған басқа да ұқсас құбылыстардың ара жігін ашуда септігін тигізіп, неологизмдік терминология салаларына қатысты болашақ зерттеулерге жол ашады. Ең бастысы, зерттеу барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдардың бірқатары неологизмдік аталым үдерісінің ғылыми принциптерін белгілеуге негіз болады.

Берілген жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 Қазіргі ағылшын тіліндегі «неологизм» түсінігі
1. 1 Тіл бірлігі ретіндегі неологизмнің ерекшеліктері

Қоғамдық қатынастар, ғылым мен техника, мәдениет пен шаруашылықтың дамуымен байланысты тілде пайда болған жаңа сөздер мен сөз тіркестері неологизмдер деп аталады. Неологизмдер тілге сіңісіп, жалпыхалықтық сипат ала қоймаған жаңа сөздер деген ұғымды біддіреді. Халыққа әбден танылып болмаған, белгілі бір саладағы тар көлемде қолданылып жүрген жаңа сөздердің бәрі де неологизмдердің тобына кіреді.

Неологияның шешімін таппаған мәселелерінің бірі, кез-келген ғылым саласындікіндей, нақты терминологиялық базаның болмауы. Неологияны жаңа ғылым деп атай отырып, біз антикалық тіл білімінің өзінде жаңа сөздердің мәселелері туралы қозғалғандығын айтатын боламыз. Алайда тек алдыңғы ғасырдың жартысында лексикологияның осы саласы белсенді түрде дами бастады. «Неология» түсінігі әлі күнге дейін сөздіктерде жоқ, ал көптеген терминдер біріңғай емес, бірақ нақты белгіленген түсініктемесіне ие. Лексикологияның жас саласына аяқ басуды жөн көрген ғалым алдымен өз қолданатын терминдердің шеңберін жасап алуы тиіс. Ең жаңа диссертацияларда, ғылыми мақалаларда, баяндамаларда көбінесе авторлар мынадай сөздерді қолданады: «бұл жұмыста неологиз термині . . . былайша түсіндіріледі» немесе «жеке авторлық неологизмдер деп біз . . . түсінеміз». Осылайша, жаңа сөздерді зерттеудің жолы ғалымның терминдердің бір ұғымдарын таңдаумен немесе өзінің жаңа терминдерді жасауымен, яғни зерттеудің нысаны болып табылатын сөз шығармашылығымен айналысуымен қиындай түседі.

Ешқандай ғылым терминологиялық құралсыз алдыға жылжи алмайтыны белгілі. Егер екі ғалым әр түрлі түсініктердегі бір терминді қолданатын болса, онда олар бір-бірін түсіне қоймайды. Сондықтан да бүгінгі күндегі неологияның бірінші кезектегі міндеттерінің бірі - неологиялық түсініктерлің терминологиялық стандартқа келтірілуі болып табылады.

Егер неологизм деп алдында тілде мүлдем қолданылмаған кез-келген сөзді санайтын болсақ, онда жаңа бірліктермен бір қатарда бір күндік сөздерді де қарастыруымызға тура келеді.

Сөздің мұндай туындылары лексеманың қасиетіне ие емес, сөздік қордың бірлігін құрамайды, олардың саны шексіз, теориялық шексіз. Сөздіктер оларды бекітпейді және бекіте алмайды.

Тілдің толықтыру процесін жай ғана тілдегі жаңа сөздердің санына келтіре алмаймыз. Экстралингвистикалық факторлармен қатар, адамның жеке тілдік қызметі жаңа сөздердің пайда болуына ықпал етеді.

Жаңа туынды сөздерді неологизмдерден ажырата білу керек. Лексикологияның тағы бір мәселесі - жаңа сөздердің пайда болу процесі неге негізделеді [1, б. 78] .

И. В. Арнольдтың ойынша, жаңа түсінікті немесе құбылысты білдіретін жаңа сөз бе, әлде тілдегі бар сөз бе дегеніне қарай неологизмдер лексикалық және семантикалық болып бөлінеді. Негізінен бар тілдердің базасында басқа тілдерден енген сөздер ретінде лексикалық неологизмдер танылады. Семантикалықтар нақты бір стилистикалық мақсаттарда қызмет етеді. Өзінің неологизмдер туралы түсініктемесін айта отырып, ол былай дейді: «Жаңа сөздер» термині жаңа туындылардың, кірме сөздердің әр түрлерін біріктіреді. Бұл тек қана әдеби тілдің жаңа туынды сөздері ғана емес, сондай-ақ шет тілдерінен енген, қайта қалыптасқан, жеке авторлық сөздер» [2, б. 90] .

А. И. Смирницкий де осы көзқарасты ұстанады; ол окказионалды сөздерді неологизмдердің қатарына жатқызады. Оның ойынша, «жаңа сөздер өздерінің стилистикалық маркирленуі, қолданылуы, пайда болуы, семантикалық ерекшеліктері, грамматикалық белгілері бойынша ерекшеленеді» [3, б. 78] .

Өзінің көптеген зерттеулерін неология мен неологизмдерге арнаған француз лингвисті Гилберт олардың жасалу жолдарына қарай неологизмдердің 4 түрін бөліп көрсетеді. Бұл: фонологиялық неологизмдер, семантикалық неологизмдер, кірме сөздер, синтагматикалық неологизмдер [4, б. 56] .

Орыс лингвисті В. И. Заботкина және қазақстандық лингвист Н. Н. Королёва жаңа сөздерді мынадай топтарға бөледі:

1) нағыз неологизмдер (формасының жаңалығы мазмұнының жаңалығы болып саналады) : audiotyping аудиобасылым; bio-computer тірі ағзалардың жүйке жүйесін келтіретін компьютер; thought-processor логикалық реттелетін және идеяларды дамытушы компьютер;

2) трансноминациялар, алдында басқа формамен берілген сөздің жаңалығының формасын мағынасымен үйлестіретін сөздер: sudser құнсыз опера; big С (мед. ) рак; Af, houtie негр [5, б. 98] .

Пайда болуының көзқарасымен алғанда, В. И. Заботкина, Загидуллин Р. З., Королева Н. Н. неологизмдерді фонологиялық, кірме, семантикалық және синтаксистік деп бөледі [6, б. 97] .

Осылайша, берілген жіктелу бізге бұл жаңа сөздердің басқа тармақшалар бойынша таралуының мәселесін шешеді. Бірақ берілген мәселені шешу үшін белгілі бір жіктелімдегі әр неологизмнің түріне нақты анықтама беру керек.

Жеке дыбыстардың фонологиялық неологизмдері. Мұндай сөздерді кейде «жасанды» немесе «ойлап табылған» деп атайды. Дыбыстардың жаңа конфигурациялары кейде латындық немесе гректік пайда болудағы морфемалармен сәйкес келеді: perfol пластикалық таспа, acryl, perlon (синтетикалық материалдар) .

Фонологиялық неологизмдердің тобына біз шартты түрде одағайлардан пайда болған сөздерді жатқызамыз, мысалы: zizz (британдық сленг) қысқа ұйқы (ұйықтап жатқан адамның шығаратын дыбысына еліктеумен пайда болған, жиі комикстерде zzz үш әріпінің көмегімен беріледі) . Немесе sis-boombah (американдық сленг) спорттың қызықты бір түрі, әсіресе футбол (буындарды оқушылар ойыншыларға қолдау көрсету мақсатында қолданады) .

Салыстыру үшін to zap ату', тісті тісіне тигізу (тура және ауыспалы мағынасында) (алғашында zap комиктерде одағай ретінде ғарыштық қарудың графикалық дыбысының формасын жеткізу үшін қолданылған) ;

to whee (американдық сленг) толқыту (whee дегеннен шыққан - одағай, қуанышты білдіретін сөз ретінде қолданылады) .

to diddy-bop (американдық сленг) жеңіл, қарқынды, билік жүріспен жүру, qwerty баспа машинасындағы батырмалардың ресми емес атауы (стандартты машинаның жоғарғы қатарындағы бірінші q, w, e, r, t, у әріптері бойынша) .

Осы топқа шартты түрде жаңа неологизмдерді де жатқызуға болады: yech [jek] немесе yuck (американдық сленгпен қолданысқа шектелген) - қатты жек көруді білдіретін одағай (берілген одағайдан көбінесе балалардың қолданылатын yucky/yukky жек көрушілік сын есімі пайда болған) .

Берілген неологизмдер жаңалық коннотациясының ең жоғарғы деңгейіне ие және «күшті неологизмдердің» қатарына жатқызыла алады. Олардың жоғарғы жаңалық дәрежесі олардың формасының жаңалғы мен ерекшелігімен түсіндіріледі.

Бүгінгі күндегі лингвистика бойынша сөздіктер мен ғылыми еңбектерде келтірілген неологиялық түсініктемелерді қарастырайық. Неология саласында ғана мамандар болып табылмайтын лингвистердің арасында тілдегі барлық инновацияларды жалпы неологизм терминімен біріктіру болып табылады. Алайда тілдің табиғаты көп қырлы және әр түрлі болғандықтан, барлық салалардағы жаңалықтарды бір терминге келтіру мүмкін емес болып табылады. Сондықтан да жаңаның әр түрлі аспектілерімен айналысатын ғалымдар неологизмдердің санаттарын белгілейтін жаңа терминдердің жасауына мәжбүр болады. Мұнымен неологизм түсінігінде пайда болған әр қилылықтар, сондай-ақ терминдердің көптеген анықтамалары анықталады [7, б. 102] .

Тіл-тілде жаңа пайда болған және оның жаңа сөз екендігі аңғарылып тұратын лексика қабатын неологизмдер деп атайды. Неологизм сөзін грек тілінен аударғанда - тілдегі жаңалық, жаңа сөз деген ұғымдарды білдіреді. Неологизмдердің актив лексикадан өзгешелігі тек жаңалығымен, өлшенбейді. Кей сөз пайда болысымен актив лексика қатарына өтіп, жиі қолданысқа түседі. Енді бірі неологизм қалпын ұзағырақ сақтайды. Мұның өзі неологизмдердің қандай ұғымды аңғартатындығында болса керек. Satellite, space сөздері ұғымымен бірге бүкіл әлемді таңдандыра келген, ал қазір актив лексикаға қосылған жай сөздер. Сонымен неологизмдер дегеніміз - актив лексика қатарына енбеген жаңа сөздер.

«Неологизм» термині алдында адамдарға белгісіз болған, тілдегі бар жаңа сөз жасаушы модельдерге сәйкестендіріліп жасалады. Мысалы: reactor - ядролық реактор, biocide - биологиялық соғыс. Кейде ол тілдегі қолданыстағы сөздерді жаңарту үшін де қолданылады, мысалы, boffin (көбінесе әскери мақсаттарда құпия жұмыспен айналысатын ғалым) сөзі scientist сөзіне жақын сөз болып келеді, бірақ өзгеше семантикалық боямаға ие. Сонымен қатар, бұл лексикалық инновациялардың біркелкі емес құрамы өзінің пайда болу себептері, тілдегі тұрақтылығы, қолданылу жиілігі, әрі қарайғы тағдыры, яғни біреулері тілде берік орнығып кететіндей, екіншілері тез қолданыстан шығып кететіндей ерекшеленеді.

Сурет 1 - «Жаңа туынды» сөздің даму бағыттары

Неологизмдердің пайда болу себептері - қоғамдық және ғылыми-техникалық прогресс болып табылады: жаңа әлеуметтік-экономикалық шынайылықтардың, ғылым мен техника саласындағы жаңа ашылулар, мәдениеттегі жетістіктер. Неологизмнің белгісі - сол тілде сөйлеушілер үшін мүлде жаңа ұғым болып саналуы. Сөз неологизм болып ұзақ уақыт сақталмайды. Сөз белсенді қолданыла бастағаннан, ол өзінің жаңалық белгісін жоғалтып, көпшілікпен қолданылатын сөзге айналады. Қазіргі кезде computer, cell-phone, cosmonaut сөздері неологизм болып саналмайды. Олар өздерінің тарихи кезеңіне дейін неологизм болған, ал қазір ол барлық тілдерге еніп, жаңа сөз ретінде қабылданбайды.

Ғылыми стильді зерттеу үшін көп уақыт жұмсалғанына қарамастан, стилистикалық тәсілдер мен амалдарды ерекшеліктерін зерттеу мен ғылыми прозадағы тілдің икемділігі мен мәнерін сиппатау соңғы жылдары ғана стилисттердің қызығушылығын оятып отыр.

Неологизмдердің қолдануы кәсіби тілге тән екендігі ақиқат. Сонымен қатар кәсіби тілде арнайы лексика яғни special terms және аббревиатуралар қолданылады.

Ғылыми техникалық революция, өміріміздің барлық салаларына әсерін тигізеді, оның салдарынан білім және мәдениет деңгейі де өсіп келуде. Ғылымның қарқынды дамуымен, жаппай қарым қатынастардың кеңейуімен негізгі мәселе айқындала түсті, ол жоғарғы деңгейде мәдени қарым қатынастар, ғылыми әдеби қарым қатынастар және ең басты мәселе ол лингвистикалық компетенция мәселесі болып табылады.

Сөйлеу мәдениетін дамыту үшін ең басты факторлар стилистикалық өзгешіліктерін және лексикалық өзгешіліктерін практикалық тұрғыдан зерттеп білу. Оған қоса ағылшын тілін тереңдетіп білу өте маңызды, себебі “ағылшын тілі, халықаралық қарым қатынастар тілі”.

Баспа сөзде неологизмдердің пайда болуы салдарының бірі, ол халықтың өмірінің политика, экономика, мәдениет салаларында қарқынды өзгеруі. Неологизмдердің 2 түрі бар, олар жаңа сөздер және ескірген сөздердің жаңа мағынасы.

Кәсіби әлем қарқынды дамығандықтан, неологизмдер де көбінесе осы салада өте көп пайда болады. Осымен байланысты неологизмдердің 2 түрі де аудармашыларға белгілі бір мөлшерде қиындықтар туғызады. Себебі мұндай сөздер мен мағыналарды сөздіктерден таба алмайсыз. Тіпті жаңадан шықан түсіндірме сөздіктерінен де таба алмайсыздар, себебі әр бір сөздік екі немесе үш жылға қалып отырады. Ал неологизмдер кунде пайда болады.

Неологизмдердің сөздіктерге басылмауының бірде бір себебі, ол олардың қысқа мерзімділігі. Яғни олар әдеби шығармалардағы эпитеттер сияқты, тек бір затты сипаттау үшін қолданылады да кейін ұмытылып кетеді.

Лексикалық шеттен алынған сөздердің кейінгі тағдыры әр түрлі болады. Мысалы кейбір ағылшын тіліндегі етістіктер үлкен полисимияға ие болды және кейін сөздіктерге енгізіледі. Егер де ол күнделікті ақпарат тарату жолдары болса (мысалы, «Нью-Йорк Таймс»), әдеттегідей, стилистикалық жоғарғы лексика қолданылады, ал басқалары (мысалы, «Дейли ньюс») әдеттегәдей стилистикалық төменгі лексиканы таңдайды.

Мемлекеттік газеттерде ондай айырмашылықтар жоқ, бұл жерде бірқалыпты лексика қолданылады. Сонымен қатар бірқалыпты лексиканы қолданатын шығарылымдардың бірі, ол ақшаның құндылығын бақылап және де мәлімдеп отыратын басылым.

Америкалық ағылшын тіліне қысқа да жеңіл сөйлемдер тән. Мысалы :кариес болмас үшін (to prevent caries you’d try it) . Бұндай синтактикалық құрылым мәтінді қысқа да нұсқа түрінде аударуға мүмкіндік береді, оған қоса ол мәтіннің мағынасы да түгелдей аударылады. Бұл процесс лексикалық бірліктермен алмасуды жеңілдетеді.

Неологизмдердің ерекше бір қасиетті о полисимия. Роберт Е. Гарст және М. Бернштейн өздерінің кітабында сондай лексикаға арнайы глоссарий жасады. Сол глоссарийден бірнеше мысалды қарастырып шыңайық. Итермелеу (to advance) сөзіне синоним ретінде to act (қимылдау), to bring (әкелу), to cause (шақыру), to expedite (тездету), to facilitate (себеп болу), to hasten (асықтыру), to impel ; (ояту), to press (кеуделену немесе тұрып алу), to prod (аңду), to push (итермелеу), to quicken (жылдамдату), to result (нәтиже болуы), to rush (асықтыру), to speed (жылдамдату), tostimulate (стимуляциялау), to stir (ояту) . Бұндай сөздердің жақсы ерекшелігі ол мағыналарының неғұрлым кең диапозоны. Соның арқасында бұл сөздерді әр түрлі жағдайларда қолдануға болады,

Негізі бұндай лексика ашық түрдегі синонимдік қатарды көрсетеді, бірақ ол күнделікті синонимдар емес, бұл синонимдер шетен алу процессі барысында пайда болған сөздер. Және де бұл глоссарий күннен күнге өсіп келе жатқанын есінізге түсіріп кетейік.

Қазіргі америкалық ағылшын тіліне үлкен көлемдегі динамизм тән. Ол экономиканың қарқынды дамуымен, халықаралық политикалық жағдайға байланысты.

Ағылшындардың соғысқұмарлығы, тілдерінен де білініп тұр. Мысалы осы сөздер арқылы warlike, warring, militant, battle, clash, combat, revolt, riot және т. б., сонымен қатар мысалы осындай күрделі сөздер де қолданылады trigger-happy; политик -авантюраларға құмар адам, политикалық авантюрист кейбір мәтіндерде trigger-happy politician деп те аударылуы мүмкін.

Ал келесі сөз тіркесі бар. Ол finger on the button ( «қару жарақтың батырмасын басуға дайын тұрған адам»), яғнии қазақ тіліне аударғанда соғысқа арналған түгел дайындық.

Happy элементті, америкалық ағылшын тілінде, күрделі сөздерде өте жиі кездеседі. Ол көбінесе адам деген мағынаны береді. Мысалы: өз билігіне өзі хан адамpower-happy, бұл өмірде шатасып, жоғалып жүрген адам slap-happy және т. б.

Gap сөзі өз алдына мәселе деген мағынаны береді. Қазақ тіліндегі сенімділік дағдарысы деген сөзді біз crisis of trust емес, ал credibility gap деп аударамыз.

Бұл екеуінің айырмашылығы неде десеніз, мен оны былай түсіндіріп беремін. (crisis of trust) - бұл ескерген бос сөзтіркесі, ал(credibility gap) - ол жаңаклише. Төменде тағы да бірнеше сөзтіркесьерді мысал ретінде қарастырайық. Оларға gap элементәмен жаңа клишелер табамыз.

- әкелер мен балалар мәселесі generation gap;

- қаражаттардың жетіспеушілігі financial gap;

- доллар валюталарының жетіспеушілігі dollar gap;

- тағамдағы жұғымдылықтың жетіспеушілік («ақуыздың жетіспеушілігі») protein gap;

- Техникалық тұрғыда қалып кету мәселесі technological gap;

- Тепе-теңдігін жоғалтқан сатылым trade gap;

- Ракеталарды қару жарақтармен қамту мәселесіmissile gap;

- Келіссөзде шешілмеген мәселелер negotiation gap.

Бұл клишелерді абайлап қолдану керек, себебі олар әзірше барлық сөздіктерге енген жоқ.

Осылайша, жоғарыдан айтқаннан, неологизм түсінігі уақыт бойынша өзгермелі және ол тілде сөйлеушілер оның жаңалығын сезінгенге дейін жаңа сөз болып қалады [8, б. 85] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тіліндегі неологизмдердің аудармада берілуі (техникалық лексиканың негізінде)
«Неологизм» терминінің түсінігі және мазмұны
Америкалық ағылшын тіліндегі неологизмдердің ерекшеліктерін зерттеу
Сөз жасамдық элементтері түбір сөздер
Неологизмдердің жасалу тәсілдерін саралау
Қазіргі ағылшын тілі терминологиялық жүйесін толықтырудағы неологизимдердің рөлі
Неологизмдердің жасалуы және оның аудару жолдары
Компьютерлік неологизмдер
Неологизмдер мен окказионализмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы (халықаралық ұйымдар құжаттарының негізінде)
Қазақ бөлiмiнде оқитын студенттердiң тiлдiк санасындағы неологизмдердiң идентификациясы (психолингвистикалық талдау).
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz