Терминдерді аудару барысында трансформациялардың қолданылуы (ағылшын және қазақ заң терминдері)



КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 6
1.1 ТЕРМИНОЛОГИЯ ТҮСІНІГІ 6
1.2 ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 15
1.3 ТЕРМИНДЕРДІ БІРІЗДЕНДІРУ ЖӘНЕ АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 21
1.4 ТЕРМИНДЕРДІ АУДАРУ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТРАНСФОРМАЦИЯЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ 25
1.5 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЗАҢ МӘТІНДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 38
1.6 АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЗАҢ МӘТІНДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 42
2 БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙРЫЛҒАН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ ЕРЕЖЕЛЕРІНДЕГІ ЗАҢ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 50
2.1 БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙРЫЛҒАН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ ЕРЕЖЕЛЕРІН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ 50
2.2 БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙРЫЛҒАН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ ЕРЕЖЕЛЕРІН АУДАРУДАҒЫ ТРАНФОРМАЦИЯЛАУ ӘДІСТЕРІН ЖІКТЕУ 56
ҚОРЫТЫНДЫ 67
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 71
Аударма – мәдениетаралық қатынастың маңызды құралы, өйткені ол бір тілдік мәдениет айғағын екіншісіне таныстырушы орталық буын. Мәдени қарым-қатынасқа көп түскен, яғни өзге мәдени әлемнің когнитивті тәжірибесімен кеңінен таныс мәдениеттің тілінің аударуға бейім келетіндігі, соның нәтижесінде аударма ісінің үдере өрбитіндігі де белгілі жайлар.
Заң аудармалары тіл мен айтылудың стиліне арнайы талаптар қойылады, дұрыс таңдалған стиль-мазмұн және ой құрылымдарының шындығымен белгіленеді. Осыған байланысты заң құжаттарын сапалы және шынайы аудару үшін тек заң білімі ғана қажет емес, сондай-ақ арнайы заң тілін де иелену керек. Ал заң тілін толық меңгеру үшін ағылшын және қазақ тілінде заң терминдерін жетік білу қажет.
Қоғам дамуының жаңа кезеңіне көтерілгенде, халық тұрмысына, ғылымға, салалық өзгерістер енгенде көптеген жаңа атаулар, соны ұғымдар пайда брлып, соған байланысты тілдегі бұрыннан бар сөздердің мағыналары көбейеді немесе мүлдем жаңа сөздер, терминдер туады. Осындай жолмен туындайтын, халық тұрмысына өзгерістер болған сайын жетілдіріп отыруды қажетсінетін терминология саласының бірі – заң терминдері.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Елбасымыз өз жолдауында атап айтқандай, Қазақстан халықтарының рухани дамуын өркендету мақсатында көп ұлтты еліміздегі халықтар ұлттық құндылықтарын сақтай отыра, ұлт мəдениетін дамыту шараларын жүзеге асыру қажет. Сонымен қатар Президентіміз халықаралық конфессиональдық диалог пен халықаралық мəдениеттің маңызды орталығына айналу үшін Қазақстанды жаңа деңгейге көтеруіміз керек. Осындай ұлы мақсаттарға қол жеткізу барысында Қазақстанға əлем əдебиетімен мəдени байланысын нығайта түсу үшін аса қажет аударма саласы, оның ішінде аударма саласындағы заң терминдерін трансформациялау әдісімен аудару аясы өзекті мəселелерінің бірі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: қазақ және ағылшын тілдеріндегі заң терминдерінің ерекшеліктерін көрсетіп, заң мәтіндерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне трансформациялау әдісімен аудару ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.Айтылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қаралды:
- қазақ терминологиясы және оның қалыптасуын қарастыру;
- заң терминдерін ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару барысында трансформациялардың қолданылуын зерттеу;
- қазақ және ағылшын тілдеріндегі заң мәтіндерінің ерекшеліктерін айқындау;
- Біріккен Ұлттар Ұйымының бас бостандығынан айрылған кәмелетке толмағандарға қатысты Ережелерін ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы трансформациялаудың қолданылуын зерттеу.
1. Чаплыгин С.А. Задачи и методы работы по упорядочению технической терминологии (Изв. АН СССР, ОТП, М.,1973);
2. Винокур Г.О. О некоторых явлениях словообразования в руссқой технической терминологии (Труды Московского института истории, философии и литературы. 1939. Т.5).
3. Прохорова В.Н. Актуальные проблемы современной руссқой лексикологии. М.: Изд-во МГУ, 1973. С. 40.
4. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. М., 1966.
5. Советский энциклопедический словарь. 1980; Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. М., 1966;
6. РозентальД.Э., Телешова М.А. Словарь справочник лингвистических терминов. М., 1985; Реформатский А.А. Что такое термин и терминология? (Вопросы терминологии. М., 1961. С. 46).
7. Жубанов К. О спеңифике слов-терминов (Бюллетень государственной терминологичесқой комиссии. №2, Алма-Ата, 1935). Его же. Исследования по казахскому языку. Алма-Ата, 1966. С.273.
8. Қазақ ССР-інің Орт. Мемл. Мұрағаты. 81-қ., 1-т., 56-іс
9. Бәйішев С. Қазақ тілінің терминологиясын жасаудың негізгі принциптері мен міндеттері (Терминология сөздігі. Алматы, 1949. 1-кітап).
10. Рүстемова Л.З. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері. Алматы, 1982. 455 б.
11. Исаев С. Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы. Алматы, 1983. 112 б.
12. Современный казахский язык. Мусабаев Г. : Лексика. Алма-Ата, 1959.
13. Кенесбаев С., Жанузаков Т. Русско-казахский словарь лингвистических терминов. Алма-Ата, 1966. С.123
14. Даниленко В.П. Русская терминология. Опыт лингвистического анализа. М., 1977. С.90
15. Будагов Р.А. Терминология и семиотика // Вестник МГУ. 1972. №5
16. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 2002. – 616 б.
17. Канделаки Т.Л. Работа по упородячению научно-технической терминологии и некоторые лингвистические проблемы, возникающие при этом // Лингвистические проблемы научно-технической терминологии. М., 1970
18. Винокур Г.О. О некоторых явлениях словообразования в русской технической темринологии // Труды ИФЛИ. 1939. Т. 5: С.525
19. Оруджев А.Г. О создании научной терминологии и об упорядочении существующих терминов на азербайджанском языке // Изв. АН АзССР. 1951, № 12.
20. Қоғамдық және гумантитарлық ғылымдар саласының қазақша-орысша терминологиялық сөздігін (4 томдық) қараңыз. 1985.
21. "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңы
22. Заң терминдерінің сөздігі [мәтін] = словарь терминов законодательства : 5000 - нан астам термин. - өңделіп, толық. 4 - ші бас..А.:Жеті жарғы ,2006-760с.
23. Заңи терминдердiң түсiндiрме сөздiгi [мәтін] = толковый словарь юридических терминов / М. Ізімұлы..а.:сөздік-cловарь ,2000-312с.
24. Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы дамуының кезеңдік сипаты. - Астана: Елорда, 2002. – 184 б.
25. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Фонетика, морфология. – Алматы: Мектеп,1981. – 207 б.
26. Құрманбайұлы, Ш. Заң мәтіндерін сараптауға арналған құрал [Мәтін] / Ш. Құрманбайұлы // Заң. - 2009. - N 3. - Б.38-39
27. Пыж A.M. Терминология права в юридическом тексте: особенности перевода // Языки профессиональной коммуникации: Материалы международной научной конференции. - С. 367.
28. ҚР Қылмыстық Кодексі 1997 жылы 16 шілде (№167-I); 2007 жылғы 15 мамырдағы №253-III енгізілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
29. Лотте Д.С. Вопросы заимствования и упорядочения иноязычных терминов и терминоэлементов. – М.: Наука, 1982. – 147с.
30. Ткачева Л.Б. Основные закономерности английской терминологии. Томск, 1987 С.65.
31. Фридман, Лауренс. Введение в Американское право. Из: Прогресс,Универc,1993 С.782
32. Алимов В.В. Юридический перевод: практический курс. - М.: Юрист, 2004 - 165с.
33. Арнольд И.В. Стилистика современного английского языка.-М.: Книга, 2003 - 435с.
34. Власенко С. В. Договорное право: практика профессионального перевода в языковой паре английский-русский. — М.: Вольтерс Клувер, 2006. — 320 стр.
35. Гамзатов М. Г. Техника и специфика юридического перевода: Сб. статей. — СПб., 2004. — 184с.
36. Аудару процесін талдау барысында қолданылатын терминдік ұғымдағы атаулар // Қазақ тіл біліміндегі функционалдық бағыт // Профессор Қ.М.Есеновтің туғанына 75 жыл толуына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. –Алматы: Тіл білімі институты, 2006. – Б.144-148
37. Аударматану терминдері жайында бірер сөз // ҚР ҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы, №3(157). – Алматы, 2006.– Б. 33-35
38. Терминнің когнитивті-менталды сипаты // Мемлекеттік тілде аграрлық маман даярлау: жаңа мақсат, жаңа жүйе: Республикалық ғылыми-әдістеме конференциясы. – Алматы, 2006. Б.91-95
39. Аударматану концептуалды-терминологиялық аппаратының мәселесі // ҚР ҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы, №4 (158). – Алматы, 2006. – Б.75-78.
40. Когнитивтік зерттеулердегі термин мәселесі // Тілтаным, №3(23). – Алматы, 2006. – Б.88-93.
41. Алимов В. В. Юридический перевод. Практический курс. Английский язык. — М.:КомКнига , 2005. — 160 стр.
42. Базылев В.Н., Сорокин Ю.А. Интерпретативное переводоведение/ В.Н. Базылев, Ю.А. Сорокин. - Ульяновск, 2000.
43. Власенко С. В. Перевод юридического текста: когнитивные особенности номинации и реалии-профессионализмы в языковой паре английский-русский//Филологические науки в МГИМО. Сборник научных трудов № 21 (37). М.: МГИМО, 2005. — С. 129—140.
44. Власенко С. В. Договорное право: практика профессионального перевода в языковой паре английский-русский. — М.: Вольтерс Клувер, 2006. — 320 стр.
45. Гамзатов М. Г. Техника и специфика юридического перевода: Сб. статей. — СПб., 2004. — 184с.
46. Құрманбайұлы Ш. Терминологияны стандарттау мен реттеу туралы // Терминологиялық хабаршы №4(14), 2005.
47. Ілеспе аударма [Мәтін]. Алматы: «Ғылым» баспасы, 2007 ж.
48. Андрианов С.Н. Некоторые вопросы построения словарей специальной терминологии// Тетради переводчика. - Вып. 2. - М.: Международные отношенИЯ, 1964. - С. 78-91
49. Аполова М.А. Specific English//грамматические трудности перевода. – М.: Международные отношенИЯ, 1977. – 134с.
50. Арнольд И.В. ЛексикологИЯ современного английского языка. — М.: Высш. шк., 1973. - 302 с.
51. Арнольд И.В. Стилистика. Современный английский язык: Учебник для вузов. - М.: Флинта: Наука, 2002. - 384 с.
52. Борисова Л.И. Лексические трудности перевода научно-технической литературы с английского языка на русский. - М.: ВЦП, 1979. - 135 с.
53. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/O9000000005http://worldtranlateservice.com: Біріккен Ұлттар Ұйымының бас бостандығынан айрылған кәмелетке толмағандарға қатысты Ережелері. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жыл 14 желтоқсандағы 45/113 Қарары
54. http://adilet.zan.kz/eng/docs/O9000000005: United Nations rules for the protection of juveniles deprived of their liberty. The UN General Assembly resolution 45/113 of 14 December 1990
55. Ванников Ю.В. Типы научных и технических текстов и их лингвистические особенности. - М.,1984. - 240 с.
56. Гринев С.В. Введение в терминоведение. - М.: Московский лицей, 1993. - 309 с.
57. ДаниленкоВ.П. Лингвистический аспект стандартизации терминологии. - М., 1993.-280 с.
58. PROMT 8.0: Англо-русско-английский специализированный словарь. Электронная версия, 2007.
59. http://chicagopress.com
60. Рецкер Я. И. Теория перевода и переводческая практика. – М : Междун. отношения , 1974 – 216 с.
61. Фёдоров А. В. Основы общей теории перевода (Лингвистический очерк ) Издательство Высш. шк. – М. , 1986 – 395с.
62. Тер - Минасова С. Г. Язык и международная коммуникация . : Учеб. Пособие. – М. : Слово / Slovo , 2000 – 624 с.
63. Латышев Л. К. Эквивалентность перевода и способы её достижения. – М. : Междунар. отношения, 1981. – 248 с.
64. Комиссаров В. Н. Теория перевода (лингвистические аспекты). Учеб. пособие для ин-тов и фак- тов иностр. Яз./ - М. : Высш. шк., 1990 – 253 с.
65. Семенов А. Л. Учитесь переводить. Издательство “ Междунар. отношения” , М .: 1975 – 80с.
66. Пиввуева Ю.В. и Двойнина Е.В. Основы общего и машинного перевода . из –во “Высш. шк.” - М. , 1964 – 255с.
67. Бархударов Л. С. Язык и перевод. - М.: Межд . отношения, 1975.- 240с.
68. Швейцер Я. И. Перевод и лингвистика ( Газетно – информационный и военно – публицистический перевод) М., Воениздат, 1973 – 280с.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
Диплом тақырыбы: терминдерді аудару барысында трансформациялардың қолданылуы (ағылшын және қазақ заң терминдері)

Мазмұны

КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 6
1.1 ТЕРМИНОЛОГИЯ ТҮСІНІГІ 6
1.2 ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 15
1.3 ТЕРМИНДЕРДІ БІРІЗДЕНДІРУ ЖӘНЕ АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 21
1.4 ТЕРМИНДЕРДІ АУДАРУ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТРАНСФОРМАЦИЯЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ 25
1.5 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЗАҢ МӘТІНДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 38
1.6 АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЗАҢ МӘТІНДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 42
2 БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙРЫЛҒАН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ ЕРЕЖЕЛЕРІНДЕГІ ЗАҢ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 50
2.1 БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙРЫЛҒАН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ ЕРЕЖЕЛЕРІН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ 50
2.2 БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙРЫЛҒАН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ ЕРЕЖЕЛЕРІН АУДАРУДАҒЫ ТРАНФОРМАЦИЯЛАУ ӘДІСТЕРІН ЖІКТЕУ 56
ҚОРЫТЫНДЫ 67
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 71

Кіріспе

Аударма - мәдениетаралық қатынастың маңызды құралы, өйткені ол бір тілдік мәдениет айғағын екіншісіне таныстырушы орталық буын. Мәдени қарым-қатынасқа көп түскен, яғни өзге мәдени әлемнің когнитивті тәжірибесімен кеңінен таныс мәдениеттің тілінің аударуға бейім келетіндігі, соның нәтижесінде аударма ісінің үдере өрбитіндігі де белгілі жайлар.
Заң аудармалары тіл мен айтылудың стиліне арнайы талаптар қойылады, дұрыс таңдалған стиль-мазмұн және ой құрылымдарының шындығымен белгіленеді. Осыған байланысты заң құжаттарын сапалы және шынайы аудару үшін тек заң білімі ғана қажет емес, сондай-ақ арнайы заң тілін де иелену керек. Ал заң тілін толық меңгеру үшін ағылшын және қазақ тілінде заң терминдерін жетік білу қажет.
Қоғам дамуының жаңа кезеңіне көтерілгенде, халық тұрмысына, ғылымға, салалық өзгерістер енгенде көптеген жаңа атаулар, соны ұғымдар пайда брлып, соған байланысты тілдегі бұрыннан бар сөздердің мағыналары көбейеді немесе мүлдем жаңа сөздер, терминдер туады. Осындай жолмен туындайтын, халық тұрмысына өзгерістер болған сайын жетілдіріп отыруды қажетсінетін терминология саласының бірі - заң терминдері.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Елбасымыз өз жолдауында атап айтқандай, Қазақстан халықтарының рухани дамуын өркендету мақсатында көп ұлтты еліміздегі халықтар ұлттық құндылықтарын сақтай отыра, ұлт мəдениетін дамыту шараларын жүзеге асыру қажет. Сонымен қатар Президентіміз халықаралық конфессиональдық диалог пен халықаралық мəдениеттің маңызды орталығына айналу үшін Қазақстанды жаңа деңгейге көтеруіміз керек. Осындай ұлы мақсаттарға қол жеткізу барысында Қазақстанға əлем əдебиетімен мəдени байланысын нығайта түсу үшін аса қажет аударма саласы, оның ішінде аударма саласындағы заң терминдерін трансформациялау әдісімен аудару аясы өзекті мəселелерінің бірі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: қазақ және ағылшын тілдеріндегі заң терминдерінің ерекшеліктерін көрсетіп, заң мәтіндерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне трансформациялау әдісімен аудару ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.Айтылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қаралды:
- қазақ терминологиясы және оның қалыптасуын қарастыру;
- заң терминдерін ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару барысында трансформациялардың қолданылуын зерттеу;
- қазақ және ағылшын тілдеріндегі заң мәтіндерінің ерекшеліктерін айқындау;
- Біріккен Ұлттар Ұйымының бас бостандығынан айрылған кәмелетке толмағандарға қатысты Ережелерін ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы трансформациялаудың қолданылуын зерттеу.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі заң терминдерінің мағынасы мен ерекшеліктері, жалпы қалыптасу принциптері мен заңдылықтары ескеріледі. Зерттеуде тілдік құбылыстардағы заң терминдерінің жүйелілігі, дәйектілігі негізінде алынды.
Зерттеу жұмысының пәні: ағылшын және қазақ заң терминдерін аудару барысында трансформациялардың қолданылуын зерттеу.
Зерттеу жұмысының материалы ретінде қазақ және ағылшын тілдеріндегі заң ұғымындағы терминдік бірліктер алынды.
Зерттеудің дереккөздері. Қазақ тілінде осы кезге дейін аударма теориясы мәселелері бойынша қорғалған зерттеу жұмыстары, Заң терминдерінің ағылшынша-қазақша сөздігі (Окушева Г. Т, 2004), Заң терминдерiнiң қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздiгi (1995), Тіл білімі сөздігі (1998), Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі (М.Ізімұлы, 2000), Толковый переводоведческий словарь (Л.Л.Нелюбин, 2003) т.б. пайдаланылды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында алға қойған мақсат-міндеттерді орындау үшін мынадай әдістер мен тәсілдер басшылыққа алынды:
- негізгі дереккөздерді жинау барысында жаппай сұрыптау, жүйелеу, талдау тәсілдері;
- заң терминдерінің лексика-семантикалық және уәжділік ерекшеліктерін баяндауда лингвистикалық сипаттама тәсілі және компоненттік талдау.
Зерттеудің теориялық құндылығы. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі терминологиялық жүйе осы зерттеуде зерделеніп, қазақ тіл біліміндегі терминология теориясына өзіндік деңгейде үлес қосады.
Зерттеу барысында қол жеткен ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар заң терминологиясы нысанасындағы теориялық мәселелерді айқындауға, дәйектеуге және әрі қарай дамытуға өз септігін тигізеді.
Зерттеудің тәжірибелік құндылығы. Сонымен жұмыс нəтижелерінің аударма саласында маңызы бар халықаралық құжаттарды, келісім-шарттарды ағылшын тілінен қазақша аудару бағытындағы атқарылатын жұмыстарға заң терминдерініңі рөлі мен қызметінен мəлімет беру арқылы көмегін тигізе алады.
Дипломдық жұмыстың негізгі материалдары мен теориялық тұжырымдарын жоғары оқу орындарында аударма теориясы салаласынан оқулықтар мен оқу құралдарын жасауда, арнайы семинар мен арнайы курстық, аудиториялық дәріс оқуда пайдалануға болады. Сонымен, өз шешімін күтіп тұрған басқа да ұқсас құбылыстардың аражігін ашуда септігін тигізіп, заң терминология салаларына қатысты болашақ зерттеулерге жол ашады.
Дипломдық жұмыстың теориялық негіздемесі болып қазақ тілінде осы кезге дейін аударма теориясы мәселелері бойынша қорғалған зерттеу жұмыстары, заң терминдерінің ағылшынша - қазақша сөздігі, отандық ғалымдардың және шетел ғалымдарының еңбектері қарастырылды..
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, үш тарау, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.
1 Қазақ терминологиясы және оның қалыптасуы

1.1 Терминология түсінігі

Қоғам өміріндегі өзара қарым-қатынастың ең басты құралы болып саналатын тілді әлеумет әрдайым өте жоғары бағалап, оның өзгеріс, өрістерін жіті қадағалап отырады. Тіл қоғамдық құбылыстың бірi ретінде сол қоғам тіршілігін айнаға түсіргендей өрнектейді.
Қоғам қашан да қозғалысқа, өзгеріске, дамуға бейім тұрады. Осыған орай тіл де дамиды. Бірақ тілдің даму деңгейі оның барлық қабатына бірдей тән емес. Оның белгілі бір қатпары өзгеріс, өріске онша көне бермейді (мәселен, тілдің грамматикалық категориялары, дыбысталу жүйесі т.т.). Ал оның қайсыбір қатпарлары жаңалықка, соны мағыналық ұғым, түсініктер әкелуге бейім тұрады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, дамыған, жетілген тілдің басты көрсеткіштерінің бірi оның терминдік жүйесінің саралануы болып табылады. Тілдің қоғамдық қызметі арта түсті, дамыды деп ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеге жетсек, осыны айтқызатын, алдымен, терминологиялық лексика.
Кешегі Қазан төңкерісінен кейін өзгеше қаулап, қанат жайған мәдени өміріміздің әрбір күні, әрбір сәті жаңа ic, жаңа қимыл, жаңа әрекетке толы болатын. Сауатсыздыққа карсы шабуыл, неше алуан үйірме, бастауыш мектептердің ашыльш, газет-журналдардың шығуы, қызыл бұрыш, қызыл отаулар т.б. саналы жорығы - қазақ сөзі мен қазақ жазуына жаңаша өpic берді. Осы ipi оқиғалар тұсынан бергі жердегі қазақ тілнің болмысына көз салсақ, оның ұлттық сипаты ғана өзгеріп қоймай, сонымен бірre халықаралық қуаты арта түскенін де байқауға болады.
Қоғам дамуын ілгерілете түсудің бірден-бір тиімді жолы ғылыми-техникалық прогресс болып отырған жағдайда, қоғамдық ғылымның үлесіне тиер шаруа аз емес. Іскерлік, жауапкершілік, білгірлік, білімдарлық„ шапшандық, қабілеттілік талабы күшейген қазіргі кезең, әсіресе, тілдің ең күрделі де бай қатпары - терминологиялық лексиканы реттеуді қажет етеді, өйткені ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне сүйену арқылы экономика мен әлеуметтік шаруаны жеделдете түcyi, бір есептен, сол жетістіктерді дұрыс өрнектеуге тиіс тілдің терминдер жүйесінде де тікелей байланысты деп түсіну керек [2, 68 б.].
Термин қатарына қандай сөздер жатқызылатынынан жұртшылықтың жалпы мағлұматы болғанмен, бұл салада да түсінісер жайт көп. Оның анықтамасына келгенде, мәнін, құрамын анықтау, жасалу принципі туралы әр алуан түсінік бар. Енді әңгіменің осы жағына ойысалық. Ең алдымен, кеңес тіл білімпаздарының біразы бұл мәселе жөнінде сонау 20-30-жылдардың өзінде-ақ ой толғап, оның мән- мазмұны, ғылым, білім игеруде жасайтын септігі жайында еңбектер жазған. Алдымен соларды еске алалық.
Сонымен, термин және терминология дегеніміз не? Оны сөздік құрамның өзге қабатынан қалай ажыратуға болады? Негізгі белгілері қандай? Біз бұл жұмысымызда осы ұғымға байланысты туатын сұрактардың бәріне бірдей жауап береміз деп айта алмаймыз. Тек күні бүгінге дейін ғылыми әдебиетте орныға бастаған кейбір пікірлерді ғана саралап, салғастырып өтпекпіз. Терминологиялық лексиканы зерттеуде және оның қоғам үшін мәнін, маңызын анықтауда А.А.Реформатскийдің, В.В.Виноградовтың, А.Н.Баскаковтың, Г.В.Степановтың, С.Г.Бархударовтың, О.С.Ахманованың, И.Ф.Протченконың, В.И.Сифоровтың, Ю.А.Дешериевтің, К.М.Мусаевтың, Р.А.Будаговтың, Л.И.Скворцовтың, В.П.Даниленконың, Т.С.Коготкованың, Т.С.Канделакидің, АВ.Суперанскаяның, Б.З.Букчинаның, В.Ф.Журавлевтің, И.Н.Волковтың, Б.О.Орузбаеваның, М.Ш.Гасымовтың, Т.Бертагаевтың т.б. зерттеуші ғалымдардың рөлі ерекше болды.
Бұл жайында туркология ілімінде де біраз әңгіме қозғалды. Оның ішінде өзіндік пікір өрбіткендері де бар. Атап айтқанда, АБайтұрсынұлы, қазақ, турколог тілшілepi: Қ. Жұбанов, Н.Т.Сауранбаев, САманжолов, Э.Т.Қайдаров, М.Балақаев, Ш.Ш.Сарыбаев, А.Әбдірахманов, Р.Өркенова, С.Исаев т.т.
Термин жайында бүкіл туркология, оның ішінде қазақ тіл білімінде, сондай-ақ, орыс лингвистикасының өзінде де осыған тоқайық дейтін бәтуәлі пікір, тұжырым тізгінін ұстау қиын. Оның не екенін, лексиканың қай тобьша жататынын елдің бәрi білгенімен, негізгі, басты белгілерін ажыратып, тануда әркилы түсінік бар. Оған берілетін анықтаманың өзі де ала-құла.
Ал "термин" деген ұғымның өз басына келер болсақ, әлі күнге бұл жайында бірынғай пікір қалыптаса алмай келеді. Мына еңбекте қабылданған көзқарас бойынша, Термин - бұл арнаулы қолданыс саласындағы ғылыми немесе өндірістік-технологиялық ұғымның атауы болып табылатын және дифинициясы (muicmi ұғымның анықтамасы) бар сөз немесе сөздер mipкecі. Ұсынылып жүрген анықтамалар біріңғай емес. Принципінде кез келген сөз термин бола алады, бірақ, ол оның ерекше қызметіне (функциясына) байланысты. Өндіріс жағдайында терминдер белгілі бір адамдар (мамандар) тобының өзара қарым-қатынас құралы есебінде пайдаланылады. Яғни олар маман ортада, арнаулы әдебиетте қолданылады.
Кәсіби терминология әдетте белгілі практикалық, мұқтаждыққа, күнделікті қажеттілікке орай пайда болады. Әдеби тіл мен оның функционалдық стильдері пайда болмастан бұрын кәсіби лексика өзінше табиғи түрде жасалып отырады, кейде тіпті оның әрқилы жергілікті (терминологиялық) нұсқалары да қабаттаса жүреді. Арнаулы әдебиеттердің пайда болуы сөздік құрамның бұл саласының дамуына жаңа бір леп қосады, яғни дамудың басқаша арнасына түседі [3, 125 б.].
Термин жөнінде ғылыми және анықтағыш еңбектерде түрлі мәліметтер береді. Тиянақты түйін мен дәл анықтамалар беруге тырысатын энциклопедиялық сөздіктерге үңілгенде мынаны байқадық.
"Термин - рим мифологиясында шекара құдайы, Т. - терминалдар құрметіне арналған мейрам" дегенді меңзейді екен. Сонымен бірre термин - шекара, шек деген ұғымды білдіретін латын сөзі. Бұл - 1980 жылы Мәскеуде жарық көрген бір томдық, "Советский энциклопедический словарь" деген еңбекте берілген анықтама.
Терминология мәселесімен айналысқан ғалымдардың қай-қайсысы да, ең алдымен, оның мазмұны мен мәнін ашьш, анықтамасын айқындап беруге тырысьш отырған. Әcipece бұл проблеманы лингвистер тереңірек қарастырып келді. Мысалы, бұл жайында О.С. Ахманова енбегінен мынадай жолдарды оқуга болады: "Термин (ағыл.) дегеніміз - арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды дәл белгілеу үшін жасалған (қабылданған, енген және т.б.), тілдегі арнайы (ғылыми, техникалық т.т.) сөздер мен сөз mipicecmepi".
Сонда бұл келтіріп отырған екі анықтаманың өзара аздаған ғана айырмасы болғанмен, негізінен, бір тектес екенін көреміз. Термин болатын сөздің шегі, шеті, шеқарасын анықтау керек дегенді меңзейді. Яғни оның өзге сөздерден айырмасы оның мағынасының шектеулі болатындығында дегенді білдіретін тәрізді.
Бұл екі сөздікте "терминология" ұғымына да анықгама берілген. Энциклопедияда берілген анықтамада терминологияның белгілі бір ғылым, техника салалары мен өнер түрлері терминдерінің жиынтығы екеніне мән береді. Ал О.С. Ахманованың сөздігінде осы айтылғандарға ұоса мұның реттеуге, жөндеуге мейлінше көнбіс лексиканың ерекше қабаты екенін баса айтылады. Шынында, лексиканың өзге үйірлеріне қарағанда, мұның саналы әрекет арқылы реттеуге мүмкіндігі мол екенін дәлелдейтін деректерді ғылымның кез-келген саласынан ойып алуға болады.
Ал Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленкова терминнің жоғарыда айтылған белгілеріне қоса, бір мағыналылығына мән береді. Яғни тілдегі сөздердің біразы көп мағыналы болып келсе, термин болатын сөздердің олардан негізгі айырмашылығы - жалқы мағыналылығында деп түйеді. Әрине, бұл да термин сөздің табиғатын нақтылай, анықтай түсетін басты белгілердің бірi екені даусыз [4, 57 б.].
Tiл білімінің белгілі мамандарының бірi А. Реформатский де термин мен терминология ұғымының теориялық мәнін ашьш беруге тырысады. Ол термин, ұғым, сөз түсініктерінің өзара байланысы жөніндегі түрлі пікірлерді сүзіп шығып, екі түрлі бағытқа ден қояды: бірi - терминді белгілі бір затпен байланысты қарайтындар да, екіншісі - ұғыммен байланысты қарайтындар. А.А Реформатский терминді ұғыммен байланыстыра қарайтын бағыттың белен алып келе жатқанына назар аударады. Ол мұның, яғни термин мен ұғымның өзара қатыстылығы, әcipece ғылымда айқынырақ көрінетінін байқайды Сөйтіп, осы уакытқа дейін термин мен терминологияға беріліп келген анықтамалардың көп кемшілігі барын сынайды. Ол терминнің басты белгілерін анықтап беруге тырысады. Оның дәлелдеуінше, терминнің жоғарыда сөз болған ерекшеліктеріне қоса мынадай белгілері бар: термин емес сөздердің мағынасы көбінесе контекс арқылы ашыльш отырса, термин сөздер контекске тәуелді емес. Сондай-ақ термин сөздерге көп мағыналық, экспрессия жат екенін баса айтады.
Академик І.Кеңесбаев пен профессор Т.Жанұзақов та терминнің о баста латын тілінің "шек", "шекара" деген сөздерден пайда болғанын айта келіп: "Ғылым мен техниканың, көркемөнер мен қоғам өмірінің алуан түрлі саласына байланысты қолданылатын тұжырымды білдіретін сөздер мен сөз mipкecmepi, атау сөз", - деп түйін жасайды. Қазақ, Кеңес энциклопедиясында да негізінен осы типтес анықтама берілген: "Термин, атау - ғылым, техника, сол сияқты тұрмыстың белгілі саласындағы ұғымдарды дәл атау үшін жұмсалатын сөздер мен сөз mipкecmepi ".
Ғылыми әдебиеттерде кездесетін пікірлердің бәpi де, сайып келгенде, негізінен осы тұжырымдарға тоқтайды. Сонда термин дегеніміз, ең алдымен, негізінен, белгілі бір ғылым мен техника саласында қолданылатын арнайы лексика болып шығады. Оның басты белгілері: дәлдік, қысқалылық, жүйелілік [5, 12 б.].
Дәлдік туралы. Термин арқылы ғылыми ұғым білдіріледі. Ондай жағдайда термин ғылыми-зерттеу жұмыстарының, ізденістердің негізгі құралына айналады. Ғылыми ой-пікірлер қашанда өзінің анықтығымен, дәлділігімен, нақтылығымен ерекшеленуге тиіс. Термин дәл болсын дейтін талап осы негізде пайда болған. Сонда осы дәлдікті кейбір зерттеушілердің айтуына қарағанда (Гасымов М.Ш.) қамтамасыз ететін үш түрлі фактор бар сияқты:
oo термин білдіруге тиісті ұғым белгілерін дәл ipiктеп алу;
oo термин жасау кезінде пайдаланылатын оның компоненттері мен элементтерін дұрыс саралау;
oo термин жасау барысында осы аталған элементтердің органикалық бірлігі қамтамасыз етілуге тиіс.
Қысқалық туралы. Термин қысқа болсын дейтін талап әншейін айтыла салған сөз емес. Оның негізінде назар аудармауға болмайтын себеп бар. Әсіресе, ғылым мен техниканың ерекше қарқынды даму жолына түскен қазіргі кезде ақпарат жиілігі барған сайын үстемелене тусуде. Оның игерілуі едәуір қиындыққа айналып отырған осындай жағдайда айтылатын ұғымның, мәліметке тірек болатын термин сөздердің барынша қысқа, тұжырымды келуінің практикалық мәні айрықша болып отыр. Ал автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесі (автоматическая информационно-поисковая система) қолданыска ендірілген кезеңде осыған лайықталған мәтіндердің қысқалығы қажет-ак,. Мұның устіле кеңшге жатталып, есте сақталуы үшін де, сондай-ақ есептеу машинасына берілетін мәтінді бастыруға кететін уақытты үнемдеу үшін де оның маңызы зор.
Қысқа әpi ыңғайлы термин жасау үшін туркологияда мынадай әдістер қолданылып жүргенін байқаймыз:
термин құрауға қатыстырылатын кейбір элементтерді қысқартуға болады; термин құрамының қайсыбірін басқа элементтермен алмастыруға болады; термин құрамындағы жеке сөздерді қосымшалармен алмастыруға болады; бір синтаксистік құрылымды екіншісімен ауыстыруға болады; Кейбір бөліктері мен элементтерін қысқартуға болады; аббревиатура көмегін пайдалануға болады.
Жүйелілік туралы. Кейінгі кезде, әсіресе лингвистикалық әдебиеттерде, терминдердің жүйелі болу жағы жиірек әңгіме болып жур. Ал енді бұл жүйелілік дегенді елдің бәpi бірдей дұрыс түсіне бермейтін сияқты. Әрқилы пікір бар. Мұның әркім әр түрлі жағын алып, өзінше түсінгісі келеді. Мәселен, белгілі терминолог-тілпшердің бірi В.А. Даниленко мұның классификациялық мәніне баса назар аударып, сол тұрғыдан түсіндірмек болады. Әйгілі тілші А.А.Реформатский терминнің сөзжасамдық жүйесіне көбірек көңіл бөледі. Ал үшінші бір пікір осы айтылғандарды дамыта келіп, терминдер жүйесін екі түрлі ыңғайда қарастырады. Яғни оны, бір жағынан, терминологиялық жүйенің элементі ретінде, екінші жағынан, жалпы тіл жүйесінің элементі есебінде бағалайды.
Туркология ілімінде де бұл жайында белгілі бір түсінік орныға бастаған тәрізді. Олардың қайсы бірі мына тектес. Жүйелілік талабы термин құрайтын элементтер мен белгілерді іріктей білу жүйесіне тікелей байланысты. Жүйелілік тәртібі сақталатын жерде синонимдк қатарға, көп мағыналылыққа орын жоқ. Әcipece, әрқилы қызмет атқаратын жалғау, жұрнақтарды белгілі бір мағынада қайталап қолдануға әуес болмаган жөн. Жалпы, қалайда терминдер жүйелілігі лексика тұрғысынан да, морфология тұрғысынан да талап етілген дұрыс. Жай сөздер табиғатына тән кейбір грамматикалық ауытқулар терминдерде болмауға тиіс,
"Терминология" терминінің өзін жете түсінбей, оның нендей мағынаны білдіретінін дәл танымай тұрып, бұл туралы ғылымда жүйелі ойлар өрбіту қиын. Бұл ұғым, жалпы, ғылымда әр түрлі ыңғайда түсіндіріледі. Қалыптасқан пікір бойынша, жоғарыда әңгіме болғандай, "терминология ", ең алдымен, тілдің арнайы лексикасының даму заңдылықтарын тексертетін ғылым саласы, сонымен бірге ол ғылым мен техниканың жеке салалары терминдерінің жиынтығы.
Көптеген пікірлер ағынына қарағанда, терминология ғылымы шеңберінде мынадай мәселелер қарастырылып, шешім табуға тиісті:
- ғылыми-техникалық, ұғымдардың классификациясы, ұғымдар мен ұғымдар жүйесінің арасындағы байланысты анықтау;
- ұғымдар анықтамасын құру;
- терминдерді талдап, іріктеп түзу;
- терминдер жүйесін жасау.
Термин, ең алдымен, белгілі ғылым саласының ұғымдар жүйесінен туындайды. Ол - осы құбылысты таңбалау үшін құрастырылған немесе сол жағдай үшін арнайы ойлап табылған шартты белгілер емес. Олар тілде бұрыннан бар белгілі бір мағынаға ие сөздер мен түбірлер негізінде пайда болады. Ал "номенклатураға" келетін болсақ, ол үшін дыбыстар немесе мағыналылық, шектеуден тыс сөздер алынады, яғни номенклатуралық, белгі ретінде алынатын сөздердің мағыналық, өрісін қумалап, оны сақтап жатудың қажеті шамалы. Номенклатуралық белгілер ғылыми ұғымдармен сәйкес келе бермейді, одан туындап жатпайды.
Ал А.А.Оруджев (әзірбайжан тілшісі) дербес мағынасы бар кез-келген сөз, мейлі ол зат eciм болсын, мейлі ол сын eciм болсын, тіпті етістік пен үстеуде термин бола алады, - дейді [8, 45 б.].
Терминді екі түрлі құрылымдық типтерге, яғни олардың құрылымдық болмысын eкі ыңғайда бөліп қарауға болады: тілдік және тілдік емес деп. Бұлар белгілі бір терминологиялық жүйенің құрамына ене отырып, бір-бірмен ерекшеленетін де жері бар (әcipece сапалық ерекшелігі жағынан).
Тілдік терминдер былайша жіктеледі.
I. Термин сөздер (терминдік мәндегі сөздер).
Бұлардың өзін бірнеше топқа бөліп қарау керек:
а) Tүбір тұлғалы терминдер: бал, бас, газ, йод, бор, лак, өт, алтын т.б.;
ә) туынды түбір терминдер: жазушы, бастауыш, баяндауыш, тракторшы, көрермен, қондыргы, ecipmкi, көрме т.б.;
б) күрделі термин (сложные термины): үшбұрыш, екітілділік, темір-бетон, радиоактивтілк т.б.;
в) қысқарған күрделі терминдер. Мұның өзін бірнеше топқа бөлуге болады:
- буын қысқарту арқылы бірiктipin жасалған терминдер. Мұнда көбінесе екі сөздің басқы буындары біріктіріледі: колхоз, совхоз, обком т.б.;
- аралас типті күрделі терминдер. Бұлар, әдетте, бір сөздің басқа буынын не сол сөзда тұтас басқа бір сөздердің басқа дыбыстарымен біріктipy арқылы жасалады: райпо - районное потребительское общество, сельпо - сельское потребительское общество, райфо - районный финансовый отдел т.б.;
- қысқартылған сөздерден жасалған аббревиатуралар: ГЭС, ВЦСПС, СОКП, БЛКЖО, МТС т.б.
II. Сөз тipкeci түріндегі терминдер.
а) еркін тіркесті терминдер. Мұның құрамындағы әрбір компонент жеке тұрып термин бола алады. Ол басқа терминологиялық сөз тіркесінің қатарына eнyi де ықтимал. Мысалы, күкірmmi азот, азотты алюминий. Кеңес Одағы, Коммуниста партия, еңбекші бұқара, Жазушылар одағы т.б.;
ә) еркін емес тіркecтi терминдер, яғни бұлайша тіркескен терминдер құрамындағы сөздердің бәpi бірдей жеке тұрып термин бола бермейді. Олар діл осы тіркесін түрінде ғана терминдік қызмет атқарады. Мысалы, қызыл бұрыш, ақ отау, қара топырақ, қызыл әскер, азат ел, сұрапыл соғыс т.б.;
б) фразеологиялық терминдер: ежелгі заман, көне тіл, абсолют шама, абсолютті ақиқат, үлкен жол, сырт niшiн, азамат соғысы, қызу жұмыс, азаматтық құқық, балалар бақшасы, рухани тәрбие, замана тынысы, ерте дүние тарихы, рухани мәдениет, хайуанаттар дүниесі, табиғат заңы, даңғыл жол, алтын ғасыр, алтын қор, тарихи кезең, тарихи уақиға, құрмет тақтасы, ақыр заман; ipi басылым, қайта құру, қоғамдық құрылыс, қоғамдық даму, ортақ ic, ашық хат, бірінші орын, саяси күрес, саяси қайраткер, соңғы хабар, жұмыс күні, жұмыс столы, бақыт құсы, com iсі, салтанатты мәжіліс, оқу жылы, арнайы тапсырма, жомарт табиғат, айқын мысал [9, 58 б.]
III. Тілдік емес терминдерге неше түрлі таңба белгілер, графикалық, символдар, математикалық, физикалық, химиялық, формулалар мен цифрлар жатады.
Термин сөздер тілдің ғылыми-техникалық прогреске иек артып, қол созған тұсына тән лексиканың арнайы саласы, яғни бұл, бір жағынан, тілдің әдебилігін тәптіштей түсетін бір бөлігі. Басқаша айтқанда, терминологиялық лексика әдеби тілмен тікелей байланысты дамып, оның әдебилігінің негізгі көрсеткіштерінің бірiнe айналады. Ол ең алдымен ғылыми ой-пікірді, техникалық, ұғымды білдіру үшін пайда болады да, олардың дамуымен біргe қанаттанады. Термин сез нақты, қысқа, тұжырымды, дәлме-дәл және бір мағыналы болуы керек. Алайда бұл шарттардың бәрін бірдей үнемі түгел сақтап отыру қиынга соғады. Кейде кейбір техникалық, ұғымдарды білдіру үшін бірнеше сөздер тізбегін пайдалануға немесе тіркес жасауға тура келеді. Сөйтсе де термин жасау процесінде оның негізгі талаптарын сақтау қажет.

1.2 Қазақ терминологиясының қалыптасуы

Ғылым мен техниканың сала-саласына орай өрбіген, әрқилы мәні бар ұғымдарды пішіндеу әдеби тілдің арнайы саласы - терминологиялық, лексикамыздың жасалып, қалыптасуына жол ашты.
Жалпы, әдеби тіл дегеніміздің ауқымы кең, шеңбері үлкен дүние ғой. Оны ғылыми әдебиетте тілдің дамыған кезеңінің белгісі деп таниды. Ал дамыған кезеңге тән әдеби тілдің қасиетін танытатын басты арналарының бірi - терминологиялық лексика екенінде дау жоқ. Яғни терминдік жүйесі айқындалған және ғылыми ой-пікірлер мен техникалық тағылымды танытарлық, сөз байлығы мол тіл, ол болашағы мол, нағыз дамыған әдеби тілдер қатарына жатса керек.
Осыған қарағанда, әдеби тіл қоғам өміріндегі өзгерістерге орай өpic алып, дамып, соның мәдени санадағы айнасына айналып отыратынға ұқсайды. Ал қоғам өміріндегі мұндай өзгерістер әрдайым бір қалыпты бола алмайды. Белгілі бір дәуірде эволюциялық, дамудан революциялық, сапаға ауысып, ал кейбір кезенде, керісінше, қалыпты күйге кейін отырады. Тілде пәлендей революциялық түбірлі өзгерістер бола қоймағанмен, ол қоғамдық құбылыстардың бәрін қамтып, соған лайық ұғым, түсініктерді сөз түрінде таңбалап береді. Барлық өзгеріс, өрістер тілде көрініс бермей тұрмайды. Ал тілде болып жататын әлгіндей құбылыстар, бір карағанда, еріктен тыс өз бетінше өрбіп жататын сияқты. Шындығында, тілде ішкі табиғи жүйеден тыс ешнәрсе жасалмайды. Бәрі тіл дамуының ғасырлар бойы қалыптасқан зандылығына орай болады. Осы процеске бірyaқ, зер сала қарасақ, тілдің лексикалық қабаты алуан-алуан кезенді бастан өткізген екен. Әр кез өзінің талап-тілегіне орай байырғы сөздерін қайта екшеп, қайсыбіріне қосымша мағыналық жүк артып, сөз жасаудың түрлі амалдарын қарастырып, көрші елден де сөз алып т.т. әрекет еткен. Сонда тілдің лексикалық қабатының бір алуаны жанданып, екіншілері көмескіленіп, неше алуан құбылып, сұрыпталып, уақыт төзінен өтіп отырғанын байқаймыз.
Солардың ішінен терминологиялық лексиканы ерекше атауға болады. Терминдік даралық сипат алған сөздер мен сөз тіркестepi бейнелеп айтқанда, тарихи кезеңдер мөріндей боп таңбаланған тілдік фактілер. Бұл да қоғам дамуының зандылығына сәйкес туған лексика. Тілдің бұл қабатының дамуында өзіндік ерекшелігі бар [10, 85 б.].
Осыған жататын сөздік құрамға енген қолданыста активтілін танытып жүрген термин сөздердің бәpi дерлік саналы әрекет нәтижесі деп айтуға болады. Белгілі дауылды кезеннің алғашқы сәтінен бастап-ақ, барлық аймақта (әсіресе Қазақстан сияқты елде) сауаттылық ұраны көтеріліп, оқу-өнер, ғылым-білімге талап күшейді. Нәтижесінде қазақтың көптеген байырғы сөздерінің мағынасы кеңейіп, жаңаша өpic алды. Тіпті, керек десеңіз, өнімділік нышанын таныта бермейтін кейбір жалғау, жұрнақтардың өзі жанданып, жаңаша қызметке кейін, сөз жасаудың актив түріне айналып кеткені бар.
Қазақ терминологиясының мәселесі ең алғаш рет 1924 жылы Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынборда өткен ғылыми қызметкерлердің I съезінде кеңінен сөз болған екен. Мұнда болған салихалы әңгімелер термин жасау iciндегі кейбір принципті мәселелерді күн тәртібіне қойып, пікір түйіндеуге мүмкіндік берген сияқты. Сөйтіп, қазақ қауымы алдағы конференцияларға біршама дайындалғанға ұқсайды. 1926 жылы Баку қаласында болған туркологтердің Бүкілодақтық I съезі тікелей осы мәселелерді қарады. Мұнда арнайы жасалған бес баяндаманың бесеуінде де алфавит, орфография және терминология мәселелері арнайы сөз болды. 1930 жылы Мәскеу қаласында халық ағарту iciн арнайы қараған партияның бүкілодактың мәжілісінде де КСРО халықтары тілінде термин жасаудың ғылыми принциптері қарастырылды.
Қазақ терминологиясына қатысты деректерді қарап отырсақ, Қазақстанда терминология мәселесіне 1925-1935 жылдар аралығында Қазақ ССР Оқу халық комиссариаты жанындағы Әдістемелік бюро және осы кезде құрылған Терминология комиссиясы жетекшілік жасап келіпті. 1931 жылы басылып шыққан "Атаулар сөздігі" - сол жылдар жемісі.
Осы тұста ғылыми-техникалық, прогрестің түбегейлі дамуына тікелей қатысы бар және қазақ терминологиясының да дамуына әcepi мол болған академик Е.А.Чаплыган (1879-1942) мен Д.СЛоттенің - еңбегін ерекше атауға міндеттіміз. 1933 жылы осы ғалымдар ұсынысы бойынша КСРО Ғылым академиясында Ғылыми-техникалық терминология комитет (КНТТ) ұйымдасқан болатын. Бұл комитет терминология мәселесімен шұғылданушы барлық мекемеге жәрдем етуге тиіс еді. Сол міндетін күні кешеге дейін атқарып келген. Бip қызығы - бұл шаралардың бір де бірінен Қазақстан ғалымдарының да қалыс қалмағандығы. Олардың да қарап жатпағандығын дәлелдейтін жоғарыдағы деректерге қоса мынаны айта кетуге болады. Дәл осы 1933 жылы Қазақ Автономиялы Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінің 508 санды қаулысымен Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) құрылған. Оның тұңғыш төрагасы Қ.Жұбанов, мүшелері Б.К. Асфандияров, Г.К.Бірімжанов т.б. болған.
Алғашқы ұйымдасқан күннен бастап бұл комиссия қазақ тілінің терминологиялық жүйесін жасау, қалыптастыру жұмыстарымен айналысты. Сол мақсатпен 1935 жылы мәдени сала қайраткерлерінің бүкілқазақстандық I съезі ашылар қарсаңында Мемлекеттік терминология комиссиясы Бюллетенінің төрт саны жарық көрді. Бюллетеньнің бұл сандарында алдағы зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар сілтейтін материалдар жарық көрді. Әcipece қазақ тілі терминдері мен орфографиясы жөніндегі жоба, сондай-ақ Қ.Жұбановтың термин сөздің ерекшелігі және жасалу принциптері жайында мақалалар жарияланды. Сол кезде қазақ тіліне келіп еніп жатқан терминдердің дұрыс дыбысталуы мен қалыптасуына Қ.Жұбанов ұсынған "ф", "х" әріптерінің, әрине, пайдасы болды. Өйткені ол кездегі бағыт орыс тілінен алынған сөздерді бұзбай айтып, жазу болатын. Шынында, физика, философия, флора, химия тәрізді терминдерінің бұдан бұрынғы жазылу, айтылу кейпі пизика, пиласопия, плора, кимия түрінде еді. Әлгі әріптердің біздің алфавитіміздің құрамына енгізілуінің нәтижесінде бізге кірме терминдерді шапшаң игере бастадық. Сөйтіп, бұл терминдер қазақ тілінің сөз қабылдау заңдылығына мойынсынбай, тілдегі десант сияқты қолданысқа ене бастады. Бұл біздің тіл процесіндегі сорымыз не бағымыз болғанын кейінгі кезең болмысы анық көрсетіп отыр. Әр нәрсенің өз кезеңіне лайықты бағасы берілгені жөн десек, біз бұл әрекеттердің дұрыстық жағын да айта кетуіміз керек [13, 69 б.].
Бюллетеньнің 1-санында терминология мен орфографияға қатысты бірнеше материал басылған. Олардың қайсыбірінің қазақша-орысша нұсқасы қатар беріледі де, қайсібіреуі ана тілінде ғана жарияланған. Біздіңше, мұның мынадай себептері болған тәрізді. Біріншіден, саяси мәні ерекше сауаттылық әлемінде жасалып жатқан мұндай шаралардың денгейін бүкілодақтық дәрежеге көтеру болса, екіншіден, айтулы тұлғалардың партия-кеңес қызметкерлерінің және оқу-ағарту iсіндегі мамандардың мағлұматының кенеюіне жол ашу. Қалай да, сол кезеннің өресінен қарағанда, материалдардың осындай тәртіппен берілуі өзін-өзі ақтады деп білеміз. Мәселен, осы алғашқы санының өзінде "Қазақ, әдебиет тілінің терминдері туралы", "Термины казахского литературного языка" деген атпен мақала екі тілде берсе, "К пересмотру казахской орфографии" мақаласы орысша жарияланған. Бұл аталған дүниелердің авторы - Қ.Жұбанов. Ал "Tepic жазуға емле ceбепшi болмасын" (К.Бегалинұлы), "Қосар ма, дара ма?" (Жұбанулы Құдайберген) және "Қазақ, тілінің емлесі мен әліппесіне кіргізілетін өзгерістердің жобасы" дейтін материалдар қазақша басылыпты.
2-санында "Терминдердің спецификасы жөнінде" ("О специфике слов-терминов"), "Қазақ, тіл орфографиясы мен алфавитіндегі өзгерістер жөнінде жоба" ("Проект изменений орфографии и алфавита казахского языка") сияқты орыс тіліндегі мақалалар, сондай-ақ, қазақ тілінде жазылған "Математика терминдері жөнінде", "Физика терминдері жайынан" тәрізді мақалалар басылған.
Қ. Жұбанов "Қазақ әдебиет тілінің терминдері жайында" деп атаған мақаласында сол кезеңнің саяси-әлеуметтік болмысына бойлап, тіл мәселесіндегі неше алуан құбылыстарға тоқтайды. Қазан төңкерісінен кейінгі алғашқы жылдарда ұлттық мәдениетіміздің айқын бір көрінісi - сауат ашу саласында әр килы талас-тартыс, айтыстардың болғаны мәлім. Айтыстың дені интертерминдерге қатысты туындап жатты.
30-жылдардың екінші жартысында осы басты байламға күрделі өзгерістер енгізілді. Ол, әсіресе, орыс тілінен және сол тіл арқылы келген интернационалдық терминдерге қатысты болды. Онда өз тіліміздің емес, әлгі кірме терминдердің өзгертілмей айтылуы мен жазылуы қатты қадағаланды. Сөйтіп ана тіліміздің табиғи болмысынан тыс, жат зандылық күштеп енгізілді. Термин жасау принциптерінің алғашқы жобасын жасаған проф.Қ. Жұбанов екені рас. Алайда осы принципті түзу барысында профессор өз еркінен тыс қатаң тапсырма торына түсіп қалған сияқты. Өйткені қазақ тіл заңдылықтарын бір білсе, осы адам дейтін ғұламаның өзге тілдік кірмелерді бұлжытпай алайық деуі ақылға қонбайды. Осының салдарынан қазір тілімізде өзгелік сөздер тым көбейіп кетті.
Мемтерминкомның жаңа құрамы да (1939 жылы маусымның 23-i Қазақ ССР Халық, Комиссарлар Кеңесінің кезекті Қаулысы) бекітілген болатын. Өз жұмысын негізінен тоқтатпағанымен, соғыс жылдарында бұрынғыдай қарқын ала алмағаны белгілі. Әйтсе де әскери әрекет пен соғыс қимылдарын дәлме-дәл сипаттап бере алатын термин сөздер жүйесі назарда болған. Өйткені майдандағы жауынгерлер әрекетін, олар колданатын қару-жарақ, соғыс техникасын күнделікті баспасөзде, көркем әдебиетте нақты баяндау үшін сөздердің терминдес дәлдігі талап етіледі. Міне, сондықтан 1942 жылы С.Аманжолов редакциясымен шыққан "Орысша-қазақша әскери сөздікті" (құрастырғандар: Р.Мұсабаев, Ю.Цунвазо, К.Адайханов) ғана өз кезеңінің мұқтажын өтеген мүлік болды деп айта аламыз.
1945 жылдың 8 ақпанында Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің 54-қаулысына сәйкес Мемтерминком құрамы қайта құралып, бекітілді.
60-жылдарда басталып, 70-80-жылдарда қауырт дамыған бұл жұмыс Қазақ тілі терминологиялық лексикасының дамып, қалыптасуына, сан алуан ұғымдардың заңды түрде терминдік сипатқа көшуіне, сөйтіп, тіліміздің ғылыми-техникалық қолданыс өресін биіктете түсуіне көмектесті. Ғылым салаларына сәйкес сөз тізбелері жасалып, көпшілік талқысына ұсынылды. Әpбір термин талқыдан өтті [14, 120 б.].
Мемтерминкомның 1976 жылы бекітілген жаңа құрамы 70-жылдардың екінші жартысында ерекше ынта-ықыласпен жұмыс істей бастағанын айту керек. Бұл құрамдағы Мемтерминкомның алғашқы мәжілістерінен бастап, тіліміздің жалпы мәдени өрінің ілгepi дамуына орай, кейбір кемшілігі көріне бастаған қазақ орфографиясының мәселесі көлденеі тартыла берді.
Қазақ тілінде термин жасау iciн шартты түрде бірнеше кезеңге бөліп қарауға болатын сияқты. Біріншi кезең XX ғасырдың 10-жылдары мен 30-жылдардың екінші жартысындағы аралықты қамтиды. Бұл - терминжасам процесінің бастапқы кезеңі. Әуелгі қалыптасу тұсында түрлі талас-тартыстардың, неше алуан бағыт-бағдарлардың болғаны мәлім. Соған қарамастан, терминжасауда, негізінен, тіліміздің бар байлығын сарқа пайдалану бағыты, басқаша айтқанда, терминдерді қазақыландыру бағыты басым болды. Бұл жерде, сөз жок, А.Байтұрсынұлы, МДулатов, Х.Досмухамедов тәрізді тұлгалардың ықпалы зор болғаны көріпеді.
Екінші кезең 30-40-жылдарды қамтыды. Бұл кезде арабшылдар мен латыншылдар айтыса келе, кейінгілер жеңген, сөйтіп барып латынды тастап, кириллицаға ұласқан жылдар еді. Бұл кезеннің басты белгісі - интернационалдық терминдер мен орыс атауларын түпнұсқасын бұзбай, сол қалпында қабылдау болатын. Осының нәтижесінде кайсыбір қазақ сөздерінің өзі орысша мааммен айтатын дәрежеге жеткен. Алфавитімізге тіл табиғатына тән емес дыбыстар енгізілді, бөтен префикс пен жалғаулар енді. Емле ережелері осы бағытта түзілді.
Үшінші кезең ретінде 40-50-жылдар аралыгын әңгімелеуге болады. Мұның термин қолданыста алдыңғы кезеңнен айырмасы шамалы. Негізінен, сол терминологиялық лексикамызды интернационалдандыру, орыстандыру бағыты жүріп жатты. Бұл жылдардың ұлттық, лексиканы дамытуға қосқан үлесі шамалы.
Төртінші кезең 50-70-жылдар аралығының үлесіне тиесілі. Бұл - қазақ зиялыларының соғыстан кейінгі жылдары еңсе көтеріп, рухани дүниемізда зерделей бастаған дәyipi. Газет, журналдарда қазақ, мәдениетінің мәселелері көтеріліп, жазу-сызуымызға көше бастайды. Сол кездегі баспасез материалдарынан көптеген интертерминдердің қазақша баламалары жасалып, орыс сөздерінің қазақша сөйлей бастағанын байқаймыз.
Бесінші кезеңге 70 және 90-жылдардың екінші жартысына дейінгі аралықты жатқызуга болады. Бұл жылдардың ішінде болған сан алуан қоғамдық, өзгерістер ынғайына қарап, мұның өзі үш бөлікке жіктеп қараймыз. Алғашқысы - тоқырау жылдары атанып, тарихқа енген Брежнев заманы, екіншіci - қайта құру, үшіншici - Кеңес Одағының құлап, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының пайда болған заманға сәйкес туындаған тіл қозғалысы. Бұл құбылыстың әрқайсының тілде қалдырған өзіндік ізі бар. Әcipece қайта құру мен тәуелсіздік туы желбіреген соңғы бес-он жылдың мемлекеттік тілімізге, оның ішінде қазақ терминологиясының қалыптасуы мен дамуына жасаған ықпалы ұшан-теңіз. Болашак зерттеулер біздіңше осы кезеңнің сипаты негізінде жүргізілгенін мақұл деп ойлаймыз. Сонда ғана ғылым тілінің қалыптасу жолдарын нақты саралауға болады.

1.3 Терминдерді біріздендіру және аудару мәселелері

Аударма процесінің жандануы тіларалық қатынас проблемасын да шешті деп ойлаймыз. Олай дейтініміз көптеген ұлттар тілінен, ең алдымен, орыс тілінен өз тіліне орыстың ұлы жазушылары туындыларын, сонымен бірre орыс тіліне аударылған әлемдік әдебиет қазынасын аудару арқылы өз халқының мәдени өресін кеңейтіп, рухани қазынасын молайтты. Сонымен біргe бұл халықтар бірiнің шығармасын ерекше аудару арқылы да мәдени, рухани мұра алмасу процесін бастан кешірді.
Қазіргі қазақ тілінің жете шешілмеген мәселерінің бірі - термин мәселесі. Осы мәселенің анықталмағаны күнделікті тәжірибеде көптеген кедергіге душар етіп жүргені белгілі. Сонда да болса, бұл жөнінде әлгі күнге дейін жұртшылық пікірлері ортаға салынған емес. Әлі күнге дейін мемлекеттік терминологиялық комиссиясының термин жөніндегі әр мезгілдегі шешімдері ғылыми принципке негізделген емес.
Терминді тұрақтандыру оны қазақ тіліне аудару ісіндегі кемішіліктің барысы - термин деген ұғымды ғылыми негізінде түсінбей, оған жалаң, схоластикалық тұрғыдан келуде жатыр. Сол үшін, ең алдымен термин деген сөздің мәнін ұғынуымыз керек. Онсыз қазіргі аудармада кездесіп жүрген былықтардан құтыла алмаймыз. Термин деген не? Оның жай сөзден қандай айырмашылығы бар? Осы сұрақтарға жауап беру үшін терминге анықтама беріп, оның негізгі қасиеттерін және белгілерін көрсетейік. Терминді белгілі бір ғылыми ұғымды білдіріп, оған нақты анықтама беретін сөз деп қарастыруға болады. Жай сөз затты, құбылысты атап, номинативтік, яғни атау қызметін орындаса, термин дефинитивтік қызметті орындайды, яғни ұғымға ғылыми анықтама береді. Оның негізгі белгілеріне бірмағыналылыкты, жүйелілікті, нақтылықты, синонимдердің жоқтығын, эмоционалдық қасиеттерінің болмауын жатқызуға болады. Сондықтан термин шығармашылығында және аудармада осындай қасиеттеріне назар аударып, оларды сақтау қажет. Мысалы, термин деп танылған, қабылданған сөздің бірақ мағынасы болуы керек. Ал аудармада терминнің негізгі белгісі сақталынбайды. мағынаға ие: 1) ақпаратпен алмасу; 2) байланыс желісі; 3) транспорт жүйесі.
Қазірші кезде жеке терминге берілген қазақша баламаларда бірізділіктің жоқтығы байқалынады. Терминдердің қазақша баламасын табуда алатын қағидаларың болмауының нәтижесі. Сондықтанда О.Ж.Әлиев терминдерді бірізділікке келтіретін негізгі қағидаларды айтады. Олар; 1) әр ғылым саласы бойынша, ғылымның тезаурусын құру; 2) әр терминнің ғылыми табиғатын терең түсіну, мәнін анықтау жэне терминнің түбегейлі ерекшелігін көрсету. Шетел терминдерінің қазақ тіліндегі баламаларын іздестіргенде терминологияның негізгі принциптеріне сүйену керек. Ә. Қайдар қазақ тілі терминологиясын жаңаша бағдарлау, реттеу және ілгері дамыту түжырымдамасының он бір принципін көрсетіп отыр. Олар: 1) терминологияны жан-жақты дамытудың, реттеудің қалыптастырудың алғы шарттарының бірі оған деген мемлекеттік қамқорлық жасау; 2) қазақ тілі терминологиясының жақсы дәстүрлерін жалғастыру; 3) салалық (ғылыми-техникалық табиғаттық, қоғамды, саяси-әлеуметтік) терминдер мен атауларды жаңадан жасауда қазақ тілінің төл және байырғы лексикалық байлығын сарқа пайдалану; 4) Термин шығармашылығында туысқан түркі тілдерінің озық тәжірибелерін пайдалану; 5) Аударуға келе бермейтін интернационалдық терминдер мен атауларды қазақ тілінің фономорфологиялық ерекшеліктеріне икемдеп қабылдау; 6) салалық күрделі терминдер мен атауларды кеңес интернационалдық термин атаулардың үлгісімен қысқартып, пайдалануды заңдастыру; 8) жаңа терминдік ұғымдарға тілімізде балама іздеуде, термин - атауларды жаңадан жасауда да жалпы терминге тән талаптарды сақтай отыра, дәстүр мен шарттылық заңдылығын мойындау; 9) тілімізде қабылданған терминдер мен атауларды мағыналық , тұлғалық жағынан жақындарын өзара топтастырып, салалық жүйе бойынша жіктеу; 10) ұлтық және интернационалдық термин - атаулардың сандық, сапалық салмағын табиғи қалпында сақтаудың жолдарын іздестіру; 11) терминдер мен атаулардың емлесін тіл заңына, жазу дәстіріне сәйкес реттеу.
Калькалау ішалы терминдерді аударудың негізгі тәсілі болып табылады. Ең алдымен осы ұғымның негізіне алынатын басты нышанды бөліп алу керек, ол - аударма. Калька, - деп жазады Л.Н. Семенова, - кірме сездер мен аудармадан өзінің мәндік және структуралық ұқсастығымен ерекшеленеді. Аударма тек қана шетел бірліктерінің мағынасын басқа тілде жүзеге асырады, кірме сөз шетел сөзін дыбыстық (әріптік) форманы жаңғыртады, ал калька шетел сөзімен семантикалық жағынан ұқсастығымен қоса оның кұрылымын да ендіреді.
Терминдерді аударғанда семантикалық, сөз жасаушы және фразеологиялық калькалар белсенді қолданылады. Семантикалық калькалау - амал, онда басқа тілдің термині қайта пайымдалып, басқасының ықпалымен қосымша мәнге ие болады. Семантикалық калькалау - сондай-ақ өзге тілдік үлгідегі семантиканың соңынан уәжді ілесу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы және экономика саласы терминдерін қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару
Аударма түрлері және лексикалық аударма ерекшеліктері
Ағылшын тіліндегі қажеттілік пен міндеттілікті білдіру құралдары
Дипломатиялық терминдер жүйесінің қалыптасуы және дипломатия тілі
Техникалық аудармаға қойылатын талаптар
Аудармадағы грамматикалық сәйкестік
Қаржы терминдерін аудару тәсілдері
Ғылыми - техникалық мәтіндердің функционалды стильдік ерекшеліктері
Терминологияның жеке дара бөлімдері мен олардың басқа салалармен байланысы
Пәндер