Бастауыш сынып оқушыларының тілдік қорын дамыту


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
«Астана» Университеті
Коргамбаева Жамиля Мауленовна
Бастауыш сынып оқушыларының тілдік қорын дамыту
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы 5В010200 - « »
Астана 2014
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
«Астана» Университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
Насилин Г. Ш.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының тілдік қорын дамыту»
мамандығы 5В010200 - « Педагогика »
Орындаған Ж. М . Коргамбаева
Ғылыми жетекші Н. А. Ырымбаева
Астана 2014
Мамандығы «Педагогика және психология»
Қазақстан тарихы, гуманитарлық және тіл пәндері кафедрасы
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша
Тапсырма
Студент : Коргамбаева Жамиля Мауленовна
Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының тілдік қорын дамыту»
Университет бұйрығымен бекітілді №___ «___» 201__ ж.
Жұмысты тапсыру мерзімі 201__ж.
Жұмыстың бастапқы негізі:
- Молдабеков К. М. Лингвостатистические исследования казахских текстов для младших школьников (на материале текстов учебников начальных классов и литературы для детей) . Дисс. кан. филол. наук. Алма-Ата, 2010, 259 с.
- Правдин В. О преподавании основ орфоэпии в школе. // Русский язык в школе. -2000. - № 6. - С. 53.
- «Ана тілі» бағдарлама - Алматы, 2003.
- Буратова И., Әбдіғалиева Д. Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемдігі мен машығын қалыптастыру. - Алматы: Мектеп, 2001.
- Рахметова С. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың ғылыми - әдістемелік негіздері: педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты. - Алматы: 2004
- Борисенко И. В. Развитие чувства орфографической формы у младших школьников на основе чтения. /Начальная школа. - № 11/12 - 2003.
- Канакина В. П. Особенности лексики младших школьников. /Начальная школа. - № 6 - 2007.
Дипломдық жұмыста қарастырылған негізгі мәселелер:
- Бастауыш сынып оқушыларында сөйлеу мәдениетінің қалыптасуы
- Бастауыш сыныптардағы оқушылардағы сөйлеу тілінің стилистикалық түрлері
- Жазылуына сәйкес келетін сөйлеудегі жаттығулар жүйесі
- Тәжірибе жұмысының нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының тілдік қорын дамыту
Мазмұны
Кіріспе5
1 Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілі туралы негізгі түсініктер7
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларында сөйлеу мәдениетінің қалыптасуы7
1. 2 Бастауыш сыныптардағы оқушыларының сөйлеу тілінің стилистикалық түрлері18
1. 3 Жазылуына сәйкес келетін сөйлеудегі жаттығулар жүйесі23
2 Тәжірибе жұмысының нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының тілдік қорын дамыту31
2. 1 Констатациялаушы тәжірибе жұмысы31
2. 2 Оқытушы тәжірибе жұмысы48
Қорытынды60
Қолданылған әдебиеттер тізімі64
КіріспеҚай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат - саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан - жақты жетілген, ақыл парасаты мол мәдени - ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Оқушының ой - өрісінің, сана - сезімінің жан - жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ - өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ екені ақиқат.
Мектептегі балалардың сөйлеу тілінің дамытылуы бойынша жұмыс көп қырлы. Оның бағыттарының бірі - балаларлың орфоэпиялық сөйлеу тілінің даму жолымен сөздік қордың байытылуы. Бұл олардың дауысталу-тыңдау мәдениетін жетілдіру, жақсы дикцияны қалыптастыру, сөйлеудің анықтығын дамыту, тірі сөздің мәдениетін арттыру дегенді білдіреді. Өкінішке орай, қазіргі заманғы мектепте тілді жазбаша күйде зерттеу қолданыстан шықпаған, сауаттылықты негізінен жазбаша күйде ашады. Әлі күнге дейін осыдан жарты ғасыр бұрын Богоявленский Л. айтқан сөздері өзекті болып табылады: «. . мектептегі айтылудың дұрыс екендігі туралы ой біздің тіліміздің тұрақты қожайыны емес, ал қонақ, сондағысы сәнді келген қонақ. »
Балалардың тілінің орфоэпиялық жағына назар көптеген факторлармен анықталады, соның ішінде бірінші орынға әлеуметтік ие. Сауатты ауызша сөйлеу адамдар арасындағы тез, жеңіл қарым-қатынас ұстауға ықпал етеді. Қазіргі заманғы қоғамның өмірінде тірі, дыбысталушы сөздің адамға әсер ету саласы біршама ұлғайды. Мұның бәрі айтылатын тілдің дұрыстығына жоғарғы талаптар қояды. Ауызша сөйлеудің танымдылығының нормаларының міндеті қазақ тілінің бай мұрасына максималды құрметтеуді тәрбиелеу тек қана бірінші орынға қойылмайды, сондай-ақ біздің уақытымыздың қоғамның әлеуметтік тапсырысы сияқты маңызды қоғамдық міндеті ретінде анықталады.
Дұрыс айтылудың эстетикалық құндылығы да жоғары, өйткені ол жалпы интеллектуалдық деңгейді анық көрсететін айнаның өзгешелігі болып табылады. Дұрыс сөйлеудің мәдениеті балалық шақтан бастап орнығады. Мектепте осы дұрыс сөйлеудің мәдениеті оқытудың алғашқы сатысында шешіледі. Қолданыстағы бастауыш сыныптарға арналған қазақ тілінің бағдарламасы барлық бастауыш оқу сатысында сөйлеу тіліне жұмыс жасауды міндеттейді. Төменгі мектеп жасы сөйлеу мәдениетінің орнығуы үшін тиімді және жағымды кезең болып саналады. Жоғарғы тілдік қабылдаушылық, еліктеуге деген үлкен икемділік бастауыш сыныптарында сөйлеудің дамытылуына жұмысты табысты ұйымдастыруға ықпал етеді. Алайда дәл осы бастапқы мектепте тірі сөзге үйрету оқытушылармен бағаланбайды, тілдің кемшіліктері жетіспейді, кейіннен оны дұрыстау қиын болады.
Зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігі: Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдармалары баланың жеке қабілеттерін оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын; негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кеңінен меңгерту үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін - өзі көрсетудің, мінез - құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған. Мұнымен қоса, заман талабын қанағаттандыру үшін бастауыш сыныпта жақсы қалыптасатын балалардың сөйлеу тілінің тілдік қорын дамыту болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш мектепте ана тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың сөздік қорын, сөз мәдениетін қалыптастыруда оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ашып көрсету.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:
- Бастауыш сынып оқушыларында сөйлеу мәдениетінің қалыптасуын қарастыру;
- Бастауыш сыныптардағы оқушылардағы сөйлеу тілінің стилистикалық түрлерін зерттеу;
- Жазылуына сәйкес келетін сөйлеудегі жаттығулар жүйесін қарастыру;
- Тәжірибе жұмысының нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының тілдік қорын дамытуды қарастыру;
Зерттеу жұмысының нысаны: Бүгінгі күндегі бастауыш сынып оқушыларының тілдік қорын дамытудың жолдарын қарастыру.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының тілдік қорын дамыту.
Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы: мұнда көрсетілген бақылаулар мен тұжырымдарды, мәліметтерді күнделікті қолданысқа енгізуге мүмкіндік береді. Бұл осы салада жұмыс болашақ бастауыш сынып оқытушылары үшін маңызды рөл атқарады.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы мынаған негізделген: зерттеудің нәтижелері бастауыш сыныптарда сабақ берудің практикасында, арнайы курстар мен арнайы семинарларда, дипломдық, курстық жұмыстарда қолданыла алады.
Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.
1 Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілі туралы негізгі түсініктер 1. 1 Бастауыш сынып оқушыларында сөйлеу мәдениетінің қалыптасуыҚазақ мектептеріндегі оқытылатын ғылым негіздері ана тілі арқылы жүргізіліп, оқушының дүниетанымын, ой-өрісін, тіл байлығын, ауызша және жазбаша сөйлеуін дамыту қазақ тілінің қалыптасқан заңдылықтары арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан бастауыш сыныптарда ана тілінің заңдылықтарын жете меңгеріп, әдеби тіл нормаларында еркін сөйлеп, сауатты жаза білу міндеті қойылып отыр. Өйткені - тіл дамыту сайып келгенде ой дамыту.
Тіл дамыту - ана тілі әдістемесінің аса жауапты да күрделі саласының бірі. Оның күрделі болуының себебі бала тілін дамыту міндетін жүзеге асырушы мектепте жүргізілетін пәндер қазақ тілі мен ана тіліне ғана байланысты болмай, оның сөйлеу әрекетіне де тәуелді.
Бастауыш сыныптарда жүргізілетін тіл дамыту әдістемесі - оқу-шыларға білім жүйесін меңгертуге, тілге деген икемділігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін әдіс-тәсілдері мен формалар, принциптер мен оқытудың мазмұны жайындағы ілім. Жалпы әдістеме ғылымның бір саласы.
Басқа ғылымдар сияқты тіл дамыту әдістемесі де теориялық ғылымдардың соңғы жетістіктеріне негізделе дамиды. Тіл ұстартудың ғылыми негіздері - тіл білімі, әдебиет және психология. Өйткені тіл - қоғам өмірінің объективті құбылысы, ол бүкіл халық үшін бірдей. Қай тілдің болмасын айтылуының грамматикалық және синтаксистік нормативтік ережелері болады. Мұны тіл білімі зерттейді. Ал сөйлеу - психикалық құбылыс. Ол - әр адамның өзіне ғана тән ерекшелігі. Сөйлеуде объективті шындықты осы адамның субъективті түрде бейнелеп, оған индивидтің көзқарасын білдіреді. Яғни адам тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі, сөйлеу - психо-логияның зерттеу объектісі болып табылады. Солай бола тұрса да, күні бүгінге дейін мектептегі тіл дамыту жұмыстарын психологиялық ғылымнан оқшау жүргізіліп келеді. Соңғы кезде ғалымдар «Психология әдістеме ғылымынсыз-ақ өркендеп, өмір сүре береді, алайда әдістеме ғылымы психолгиясыз дамып, жетіле алмақ емес. Әдістеме толық мәнді ғылыми пән болуы үшін, ол психологиялық негізге сүйенуі қажет пікірді іс жүзінде дәлелдеп отыр [1, б. 40] .
Әдістеме теориясында тіл дамыту енді ғана қалыптасып келеді. Оның маңызы, қажеттілігі анықталғанымен, ғылыми негіздері, құралдары, мазмұны мен салалары, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын жұмыс түрлері, әдіс-тәсілдері т. б. жақтары анықталмаған.
Тіл - адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ». Тіл - адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдің дамып, өркендеуіне қоғам да соншалықты қажет.
Тіл - тірі тарих. Онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тәжірибесі мен даналығы бар. Сананың аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесін, барша жақсылық атаулыға құрметін, адамзат бақытына кесір келтіргендерге лағнеті бейнеленген. Тіл - оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізгі арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады.
Ана тілі, бүкіл ақыл-ой дамуының негізі және бүкіл білімдердің қазынасы. Өйткені оқушыларға ғылым негіздерінен жан жақты білім мен дағды беретін, сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеуге төселдіріп, тіл материалын меңгертетін де осы пән.
Ана тілі пәні дұрыс жазу, сауатты сөйлеу ережелерін меңгерту үшін ғана жүргізілмейді, сонымен бірге, логикалық ойлауды дамыту үшін де қажетті құрал. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау логикасымен байланысты. Өз заманында «Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны - логикалық сөйлеуді Отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс», - деп көрсеткен ұлы педагог К. Д. Ушинский.
Еркіндікке қолы жеткен қазақ халқының болашаққа артқан үміті, сенімі осы қазіргі мектепте отырған, келешекте отыратын жаз жеткіншектерімізде. Тіліміз ғана емес, жалпы халық болып сақталып қалуымыздың өзі қазіргі оқушыларымызға ана тілін қалай меңгертуімізге байланысты. Енді бұл мәселеде жетпіс жылдай танытқан енжарлығымыздан таймасақ, белсенділік танытпасақ, тілсіз, тарихсыз мәңгүрт тобырға айналуымыз анық.
Міне, сондықтан саналы ересек ұрпаққа ұлы жауапкершілік жүктелмек, ол жауапкершілік - ата-бабамыздың әр сөзін сан ғасыр бойы сомдап жасаған ұлы қазына ана тілін көздің қарашығындай сақтап, кіршіксіз күйде келешек аманат етіп тапсыру. Сол арқылы жеткіншегіне туған халқының ақыл-ой тұжырымын, дәстүр-салтын игерту. «біздің қазақтың ісң жаңа басталып келе жатыр . . . XX ғасырға дейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті. Атаның аздырмай берген асыл мүлкін қолына алып, быт-шытын шығарсақ, ол ұнамды іс болмас», деп жазған болатын осы ғасырдың басында қазақтың аса көрнекті ағартушы - педагог А. Байтұрсынов.
Тіл - рухани байлықтың шыңы. Рухани болмыстың деңгейлік баспалдақтары; танымдық, қазыналық, мән-мағыналық. Тілін меңгерген адам - сара жолын сараптап, игерген адам.
Тілді меңгеру ананың ақ сүтінен басталып, бесік жырымен тербетіліп, өмір сатысымен нықталады. Өткен кезең мәдениетінің тұңғиығына бойлап, оның ішкі мазмұнын түсінуге тырысу адамды рухани жағынан байытады [2, б. 95] .
Қазақ тілі - аса бай тіл. Қазақ тілінің тазалығы жайында француз ғалымы А. Жарри дн Манси « Қазақ тілі түркі тілдерініңішіндегі мейлінше таза тілдердің бірі» (Жарри де Манси « История древних и новых литератур, наук и язящных искуства Москва, 1832. 104-105 стр), - десе, В. В. Радлов « Зигро» журналының алтыншы томының 70 бетінде жарық көрген « Средняя зарафшинская долина» мақаласында: « Қазақтың тілі ұшқыр да шешен, ойнақы да, өткір, сұрақ-жауаптарға оңтайлы, кейде тіпті таңқаларлық түрде тапқыр және бәрі де, тіпті оқымаған сауатсыздарының өзі де тілін жетік меңгерген, мұндай жағдайды біз тек Европадағы француздар мен орыстардың бойынан ғана байқаймыз», - деп жазды.
Татар ғалымы А. Саиди 1926 Қазан қаласында басылған «Тіл, әдебиет, жазу әрі олардың өсулері» кітабының 86 бетінде «Қазіргі ең таза, ең бай, ең
табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті біз мұны ашық айтуымыз керек», - дейді.
Көрнекті жазушымыз Ғабит Мүсірепов: «Ана тілі дегеніміз - ол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың өткенін де, болашағынан да қол үзеді», - деген.
Бүгінгі таңдағы мемлекеттің маңызды мәселелерінің бірі - тілдерді қолдану мен дамыту болып отыр. Ел басы Н. Ә. Назарбаев Қазақ тілін өркендетудің нақты 11 жолын атап өтті.
1. Қазақ тілді балабақша санын тиісінше көбейту;
2. Қазақ мектептерінің санын өсіру және осы заманғы технологияның соңғы жетістіктерімен жабдықтау;
3. Қазақстанның барлық мектептерінде оқушылар қазақ тілін еркін меңгеріп шығуы үшін орыс мектептерінде қазақ тілі пәні аптасына екі - үш сағат емес, қазақ мектептеріндегі орыс тілі сияқты бес - алты сағаттық мөлшерде оқытылуы қажет;
4. Барлық орта мектеп оқушылары бірыңғай ұлттық тестілеуде қазақ тілі пәнінен міндетті түрде сынақ тапсыруы тиіс;
5. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерге оқуға жіберілетін жастар қазақ тілін білуі тиіс;
6. Білім, денсаулық, сауда және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласы мамандарының қазақ тілін жетік меңгеруіне ұмтылу;
7. Қазақ тілін жетік білетін мемлекеттік қызметкерлерге жан - жақты қолдау көрсету, әсіресе, мемлекеттік қызметке қабылданған қазақ қазақша сөйлеуі қажет;
8. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне жетіктерін баспасөз, теледидардан жиі насихаттап, салт - дәстүр, әдепке байланысты түрлі конкурстар ұйымдастыруы қажет;
9. «Тілдер туралы» заңды қайта қарап, замана талабына сай өзгерістер енгізу;
10. Бұқаралық ақпарат құралдарына қазақ тілінің қолданысы 50 пайыздан кемімеуі;
11. 2010 жылға дейін жасалған « тілдерді дамыту» бағдарламасына тиісті толықтырулар енгізіп, әр облыстың мемлекеттік тілге көшу кестесін сақтау.
Соңғы жылдары журнал беттерінде шыққан мақалаларда да оқушылардың тілін дамыту мәселелеріне әжептеуір көңіл бөлгенін байқаймыз. Бұл жөнінде Ә. Сыдықовтың «Оқу-жазуға үйретуде психология не айтады?» деген мақаласын айтуға болады. Автор бұл мақалада балаларға оқығанда, жазғанда, көп салмақ түсетінін (көру, есту, сөйлеу мүшелері, қолы, саусақтары, мидың 4 түбегі бірдей қызмет істейтінін) айтып, оқуға, жазуға үйрету кезеңін 5-ке бөледі:
Көру, есту, сөйлеу, ойлау мүшелерінің қызметі қолдың қимылымен байланысты. Күштің көбі қол жаттықтыруға кетеді.
Оқушы сөздің, сөйлемнің мазмұнын тез айыруға дағдыланады. Бұл кезде мұғалімнің көмегі керек.
Оқушы өз бетімен оқып, шығарманың мазмұнын түсінеді, өз ойын шығарып, сөз жасау басталады.
Оқыған нәрсені жазады.
Сауалнама, қолхат сияқтыны жазады.
Аманжолұлы Сәрсеннің «Мектепте ана тілді оқытудың мақсаты, оның маңызы» деген мақаласында тіл сабағының мақсаты әңгімеленеді. «Ана тілді оқу тек оқу үшін керек. Балалар ана тілдің жобаларын, қағидаларын судай
жаттап алулары шарт емес, оны іс жүзінде, тәжірибеде пайдалана алса ғана, толық білгенге саналады», - дейді автор.
Ана тілді мектептерде оқыту әдістерін зерттеп, нақты әдістемелік еңбектер берген белгілі әдіскер - Шамғали Сарыбайұлы. Ғалымның бастауыш сыныптарда «Қазақ тілін» оқыту жұмысына, орта мектеп оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгерту әдістеріне арналған еңбектерінде балалардың тілін дамытуға қатысты айтылған құнды ойлар бар [3, б. 93] .
Ш. Сарыбайұлы еңбектерінде тіл дамыту, жаңа сөздің мағыналарын оқушыларға меңгерту, сөздік жұмысын жүргізу мәселелеріне қатысты пікірлер мол ұшырасады. Мысалы, зерттеуші өзінің «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» деп аталатын еңбегінде оқушыларға емле ережелерін үйрету жолдарын талдау барысында жаңа сөздерді меңгерту жолдарына да тоқталады. «Ол сөздердің жазылуын меңгерту үшін, - деп жазады автор, - төмендегідей әдістерді қолданамыз:
1. Күнделікті оқыған газет, журналдарда кездестірген сөздерді тергізіп, оны күн сайын тергізіп отырамыз.
2. Сол теріліп келген сөздерді алфавит тәртібіне келтіріп жазуды тапсырамыз.
3. Кейін алфавит тәртібіне енген сөздерді сөздік ретінде алуды тапсырамыз.
4. Сөздік ретінде алынғандардың мағыналарын сөздіктерден қарап, олардың мағынасын біліп келуді тапсырамыз.
5. Ішіне сол сөздер енген сөйлемдерді толтырып жаздырамыз.
6. Оқытып жатқан грамматикалық тақырыпқа байланыстырып, мысалды оқушылардың сөздіктерінен аламыз. Оқып отырған кітаптардағы емлесі қиын терминдік сөздердің жазылуын байқата оқытамыз, азырақ байқата отырып, кейін кітапты жапқызып, жаңағы көрген терминдерін екінші бір оқушыға диктант ретінде айтқызып, дәптерлеріне жаздырамыз».
Ғалымның бұл пікіріне тек термин сөздерді меңгертуге ғана емес, жаңа сөздердің мағыналарын оқушылардың сөздік қорына берік орнықтыруға, сөйтіп олардың тілін дамытуға да қатысы бар.
Бастауыш мектеп оқушыларының сауаттылығын арттырып, тілдерін дамыту жұмыстары әңгімеленген құнды еңбек - профессор Қ. Жұбановтың редакциясымен шыққан «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі» деген кітап. Мұнда ана тілдің мақсаты дұрыс көрсетіле келіп, «тіл ширату» жұмысына мына сияқты талап қойылады: «Бастауыш мектепті бітіріп шыққан бала . . . оқығанын, есіткенін қысқаша түсінікті етіп жаза алатын болсын». Онан әрі тіл ширату жұмысының түрлері (сұрақтарға жауап беру, оқығанды айту, тақырып қою, суретті пайдалана отырып сөйлеу, т. б. ) қысқаша түрде аталып өтеді [4, б. 69] .
Ендігі бір көңіл аударатын еңбек - С. Жиенбаевтың «Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы» кітабы. 31 беттік бұл шағын еңбекте оқығанды балалардың қабылдауы оқу әдісіне байланысты екенін, әсіресе, мәнерлеп оқудың маңызын дұрыс көрсеткен. Оқығанды талдау (әңгімелесу, мазмұндама, қорытынды шығару) жұмыстарының түрлерін анықтай келіп, «Салалы сөйлеуді үйрететін жұмыс - мазмұндау жұмысы» екенін айтады. Кітапта мазмұндама мен шығарма жаздырудың орны былайша белгіленген: « . . . тіл дамыту жұмысы, оның ішінде жазба сөзге жаттықтыру жұмысы мектепте зор орын алады. Жазба сөзге жетілу үшін істелетін жұмыстың ең маңыздысы - мазмұндама, шығарма жаздыру». Кітапта оқулықтардағы бар суреттерді пайдалану, шығарманы талдау үлгілері, сөздік жүргізу сияқтылар да әңгімеленеді. Сондықтан бұл кітапты тіл дамыту жұмысын зерттегенде,
басшылыққа алынатын құралдардың бірі деп есептейміз. Әрине, кітаптың көлемі шағын, әрі әңгімелеп отырған объектісі кітап оқыту әдістемесі болғандықтан, тіл дамыту жұмысының оқуға байланысты түрлері ғана сөз етілген, оның өзі де толық қамтылмаған.
С. Жиенбаев - алғаш рет мектепте жүргізілетін тіл дамыту жұмысының ауызша, жазуша болып бөлінетін жігін ашып, оның әрқайсысына жататын жұмыс түрлерін, юұл жұмыстардағы ой жүйесі мен сөз қлоданудың мәнін көрсеткен әдісекер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz