Деструктивті діни ағымдардан құрбан болғандардың психологиялық профилі


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 118 бет
Таңдаулыға:   

Деструктивті діни ағымдардан құрбан болғандардың психологиялық профилі

Мазмұны

Кіріспе3

1 Деструктивті діни ағымдар түсінігі және әлеуметтік психология6

1. 1 Деструктивті діни ағым түсінігінің мәні және адамдардың ол жолға түсуінің себептері6

1. 2 Әлеуметтік психология мен топтық динамиканың негізгі принциптері. 15

1. 3 Психологиялық профиль жасаудың теориялық және практикалық негіздері мен маңыздылығы25

2 Діни ағымдардың құрбаны болған адамдардың психологиялық профилін эмпирикалық зерттеу35

2. 1 Зерттеуді ұйымдастыру35

2. 2 Зерттеу әдістері және олардың сипаттамасы48

2. 3 Зерттелушілер тобына сипаттама және зерттеу базасы57

3 Діни ағымдардың құрбандарының психологиялық профилін зерттеу64

3. 1 Діни ағымдардың құрбандарының психологиялық ерекшеліктерін зерттеудің нәтижелері64

3. 2 Діни ағымдардың құрбандарының психологиялық профилі. Жалпылама түрде67

3. 3 Теріс діни ағымдардағы топтардың психологиялық профилі77

Қорытынды84

Қолданылған әдебиеттер тізімі87

Қосымша 192

Қосымша 297

Қосымша 3104

Қосымша 4107


Кіріспе

Жаңа діни қозғалыстар, әдетте әр түрлі қоғамдық бірлестіктердің, қауымдастықтардың, қайырымдылық қорларының, университеттердің, ағылшын тілі курстарының психологиялық тренингілер мен сауықтыру орталықтарының атын жамылып әрекет жасайды. Олар өздерінің іс-әрекетін бүркемелеп, алдына қойған шынайы мақсаттарын жарысады.

Жаңа діни қозғалыстар нақты қандай мақсатты көздейді? Мұндай діни ұйымды ұстаз немесе лидер өзінің бас мүддесін қанағаттандырып ақша алу үшін, ықпалға ие болу арқылы шексіз билікке қол жеткізу мақсатында құрады. Ұйым жетекшісі мен оның айналасындағылар мөлшерсіз байлыққа ие болуы қатардағы мүшелердің өз жеке меншігі мен мүліктерін ұйымның меншігіне аударып, оларды пайдаланудан бас таруы арқылы жүзеге асырылады. Сектаның бүкіл іс-әрекеті адамның өздігінше ойлауын тоқтатуға, тәлімгеріне сөзсіз және мүлтіксіз бағынуына бағытталады. Осылайша, кез-келген адамға оның еркінен тыс әрекет жасатып, қолшоқпарға айналдыруға болады. Діни жаңа ұйымдар тоталитарлық, деструктивті культ немесе секта бола отырып жеке тұлғаға және қоғамға, ұлттық қауіпсіздікке, оның әртүрлі салаларына қауіп-қатер төндіреді.

Діни қозғалыстардың адам денсаулығына келтіретін қаупі оның адам психикасына жасайтын ықпалынан көрінеді. Адам психикалық дабылдардың әсерінен өз көзқарастарын, пікірлерін, сезімдері мен мақсаттарын басқаша түрде қайтадан құрады.

Тақырыптың өзектілігі: Жалған діни қауымда мұндай ықпалға түскен адам кінәлі, әлденеге мазасызданған, топқа тәуелді, сәби тәрізді қауқарсыз кейіпте болады. Қауымның жаңа мүшесі (неофит) дербестігін, өзбетінше шешім қабылдау және сыни пікірлер айтып, өз көзқарасын білдіру қабіллетін мүлдем жоғалтады. Оның үстіне, мұндай тәуелділіктегі адамның бойында есалаңдық, шизофрения, өзіне-өзі қол жұмсап, зорлық жасауға бейімділіксияқты қасиеттері пайда болады. Мұндай психикалық әсер ету немесе адамды мәңгүртке айналдыру, бағдарлау, адамдардың миын айналдыру, қоғамдық сананы басқарып, жетекшілік ету жаңа діни ұйымды басқарудың әдісі мен ұйымға билікті жүзеге асырудың тәсілі болып табылады. Түңілгендік, шарасыздық, мазасыздықты басынан кешірген кез-келген адам деструктивті культтің потенциалды құрбаны болуы мүмкін. Адасқан адамдар сектадан кәдуілгі өмірде өздері жоғалтып алған, айрылған нәрселерін тапқысы келеді: жақындары тарапынан түсіністік және қолдау, сенімділікке ие болып, перспективасының анықтығын білу, сонымен қатар бойындағы тәуелділік пен қорқыныш, сондай-ақ жауапкершілік және кінәлілік сезімінен арылуды жаңа діни қозғалыс мүшелері көп жағдайда ақиқаты тану ретінде, діни үйлесімділік ретінде қабылдайды.

Діни қозғалыстар іс-әрекетінің адамның өміріне, денсаулығына келтіретін қаупі жалған сауықтыру, жалған медициналық ілімдер арқылы, оккультті, эзотерикалық (Күн сәулесімен емдеуді насихаттайтын «Алля-аят», Фархат ата, сонымен қатар рұқсат қағазы немесе тиісті медицианлық білімі жоқ бол тұрса да емдік сеанстарын жүргізетін «Ақ жол» және оның «Ата жол» аты тармағы) жолдар арқылы жүзеге асады. «Иегова куәларының» сенушілері қан құйғызудан бас тартса, сатанистер ритуалдық өлтіру тәжірибесін қолданады. »Радостея» діни бірлестігі әртүрлі ырғақ, ритмдердің көмегімен адамға өзінің өмірін басқаруға, оны бағдарлауға т. б. үйретеді.

Яғни, қазіргі кездегі деструктивті діни ағымдардан құрбан болғандардың психологиялық профилін анықтап, оларды психологиялық тұрғыдан емдеуге болатын жағдайларын қарастыру, психологиялық атакакалауға адамды дайындаудың жолдарын зерттеу.

Жұмыстың мақсаты: жалпы деструктивті діни ағымдардың қалыптасу жолдарын зерттеп, сол жолда құрбан болған адамдардың психологиялық профилін анықтау және оларды қайта қалпына келтірудің немесе ол жолға түспеуіне арналған психологиялық амалдарды жетілдіру.

Қойылған мақсатқа келесі міндеттерді орындағаннан кейін ғана жетуге әбден болады:

- деструктивті діни ағымдар түсінігі және әлеуметтік психологияны қарастыру;

- деструктивті діни ағым түсінігінің мәні және адамдардың ол жолға түсуінің себептерін зерттеу;

- деструктивті секталардың феномені және адамның шынайылық тунелінің өзгеруінің негіздерін айқындау;

- деструктивті программалаудан қорғанудың амалдарын жетілдіру.

Зерттеу жұмысының пәні : қазіргі кездегі Қазақстанда таралған деструктивті діни ағымдардың адамдарға психологиялық әсерін зерттей келе, олардың құрбандарының психологиялық профиліннің ерекшеліктері.

Зерттеу жұмысының гипотезасы:

- Деструктивті діни ағымдарға кіруге келесідей әлеуметтік-психологиялық жағдайлар әсер ететіні туралы болжам жасалынады: жеке-типтік бейімділік; аффиляцияның мотивінің жоғарғы деңгейі; жағымсыз әлеуметтік факторлар; кризистік жағдай; топтық қысымның әсері мен күші; тұлғаға деструктивті әсер берудің механизмдерін білетін адепттердің шеберлігі (сананы басқару, манипуляция, сананың күйінің өзгеру техникасы және т. б. ) ; «ақиқатқа жету», «бақытқа кенелу» иллюзиясымен қамтамасыз етуші топтың ішінде атмосфераның қалыптасуы; Мен-бейнесінің құрбанның бейнесіне, алданған және бақытсыз адамның күйіне деформациялануы. Құрбандыққа тез шалынатын адамдардың психологиялық профиліннің ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер теріс діни ағымдардың үгіт насихат жұмыстарына тез беріледі.

- секталарда, діни ағымдарда және дәстүрлі емес діни ұйымдарда болу тәжірибесі ауыр әлеуметтік-психологиялық бұзылыстарды туғызады, олар қарым-қатынаста және өмір қызметінде қиындықтарға алып келеді, сонымен қатар бұрынғы сектанттардың сектадан тыс өмірге қайта бейімделуіне кедергі болады: фобиялар, қорқыныштар, невроздар, апатиялар, депрессия, толғаныстар, фрустрация.

Зерттеу әдістері: Дипломдық жұмысты орындау барысында психологиялық профиль жасауға қатысты ғылыми зерттеу жұмыстарына талдау жасалынды, ал негізінен мынадай әдіс-тәсілдер қолданылды: Е. Н. Волковтың әдістемесі, Чемберс-Лангоунидің сұрақтары, М. Рокичтің әдістемесі, «Т. Лиридің адамның өзі туралы түсініктерін зерттеудің әдістемесі» және «Гекстің сауалнамасы», «В. А. Жмуровтың депрессивті күйлердің диагностикалық дифференциалдау әдістемесі», «Зунгенің депрессивті күйлерді дифференциалды диагностикалау әдістемесі», «С. А. Розенцвейгтің фрустрацияларды зерттеу әдістемесі», «Ч. Спилбергтің тұлғалық уайымдаушылық межесі», «Субъективті бақылау деңгейінің сауалнамасы», Ю. Кульдің «Бақытсыздықтар кезіндегі әрекеттерді бақылауы», Миллонның мультиосьтік анкетасы, Бектің депрессивті анкетасы, Хопкинстің белгілердің бақылаушы тізімі.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы . Бүгінгі күні Қазақстан азаматтарының бәрін бірдей толғандырып отырған деструктивті діни ағымдарға түсіп кетпеудің психологиялық жаңа амалдарын немесе сол жолда құрбан болғандардың психологиялық профилін қайта қалпына келтіру бүгінгі күннің назарына ілігіп, шешімін талап етеді. Ал біз осы жұмыста деструктивті діни ағымдардан құрбан болған адамдардың психологиялық профилін зерттеп қана қоймай, оларға жаңа психологиялық қорғану әдістерін ұсынамыз.

Зерттеудің практикалық құндылығы. Алынған мәліметтер жалпы дін саласындағы зерттеу жұмыстары, оқыту сабақтарында үшін қолданыла алынады, курстық, дипломдық, диссертациялық жұмыстарды жазу үшін де қолданыла алады. Сондай-ақ келтірілген жаңа психологиялық қорғаныс амалдары тәжірибе жүзінде психолог мамандармен толығымен қолданыла алады.

Жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсаты мен міндеті арқылы анықталады. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.

1 Деструктивті діни ағымдар түсінігі және әлеуметтік психология 1. 1 Деструктивті діни ағым түсінігінің мәні және адамдардың ол жолға түсуінің себептері

Маскалардың шынайылығымен жұмыс істеп үйренбегенше, шынайылықтың маскаларымен ойнамаңыздар.

Р. А. Уилсон

“Секта” - бұл шіркеуден бөлініп қалған және өзінің жеке діни нанымы бар діни ұйым немесе топ, ал “культ (діни наным) ”-діни пұтқа табыну және осыған байланысты неше түрлі рәсімдерді орындау, яғни пұтқа табыну мен оған құдайдай сену болып табылады. Ұйым ретінде ресми немесе мемлекеттік шіркеулерден бөлініп қалған секталар олардан метафизикалық ғана емес этикалық тұрғыдан да көзқарасы мүлдем бөлек. Барлық жерде қандай да болмасын формада ресми дін тіркелген, немесе мемлекеттік (қауымдық) қатынастар негізінде белгілі бір этикалық принциптер енгізілген, этика ешқашан саясаттан алшақтамайды. Сондықтан секталар шіркеулер ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік және әлеуметтік тәртіпке қатысты оппозициялық көзқарасты ұстанады. Сол бір түсіндірме сөздікте жазылғандай, өздерінің жеке табыну нанымдары бар адамдар тобы секта деп аталады. Екінші түсінік бойынша “секта” - бұл қоғамнан бөлініп, құндылықтарын жоғалтқан, қызығушылық шеңбері тарылып, белгілі бір эстетикалық немесе зияткерлік бағдарламаға, тенденция немесе жеке басқа табынған адамдар тобы.

Бүгінгі күні адамның жүйке жүйесі мен миына, яғни адам нейрологиясына әсер ететін көптеген әдістер бар [1, б. 65] .

Егер адам ұзақ уақыт бойы деструктивті сектаның “жасанды” әлемінде өмір сүретін болса, ол жеке тұлғалығын жоғалтып, секта құрған “жасанды” тұлға қабығында өмір сүреді. Әрбір жеке тұлғаның белгілі бір сенімі, әрекет ету моделі, ойлау қабылеті мен эмоцияналдық қабылдауы бар. Психологиялық тұрғыдан әсер ету мен үлкен әлеуметтік ықпал ету негізінде ата-ана, тәрбие, білім алу, достары мен оның кең таңдау жасай алуы мен жеке тұлға ретінде қалыптасқан адам жаңа сектанттық тұлғамен күштеп айырбасталады. Адам осындай әлеуметтік ортаға тоғытылады. Мұндай ортаға тап болған адам “Мен” деген әу баста қалыптасқан құндылықтардан алшақтайды . Жаңа топта өзін сол топтың белді мүшесі ретінде сезіну үшін ол сол топтың мақұлдаған жаңа кейпін, жаңа келбетін қабылдауға тиіс болады. Ол адамның бұрыңғы өмірінен елес беретін, сол өмірге қайтаруға ықпал беретін кез-келген шындық, әрекет жасанды түрде жойылады. Тіпті, бас кезінде өзін қоршаған ортаға тарту, топтың бір белсенді мүшесі ретінде көрсетуге тырысып, жасанды түрде көрсетіп жүрген адам, уақыт өте келе өзінің ойы мен іс-әрекетінің өзгергендігін, баяғы дағдылары мен сенімдерінің жоғалғандығын аңғарар еді. Осындай түбегейлі өзгерту процессіне бірнеше сағат ішінде қол жеткізуге болады, бірақ бұл әрекеттің нәтижесі нық болуы үшін бірнеше апта қажет. Әрбір тоталитарлы жүйе, соның ішінде деструктивті секта адамның жеке тұлғалық болмысын жоюға және оның шешімін өздігімен қабылдай алатындай ырқын жоюға бағытталады.

Ата заңымыз ар-ождан еркіндігі мен діни нанымдарға, жеке бас және азаматтық еркіндік құқығына кепілдік береді. Адамдар тобы діни нанымының еркіндігі мен қоғамға келіссіз болса да сол топ өкілдері атқаруға тиісті рәсімдерді ұстану құқығына ие. Егер адамдар Махараджи Джи, Виссарион, Мария Дэви Христос, Элизабет Профит, Сан Мюн Мун, Макариш Махеш, Ошо, Джим Джонс, Чарльз Мэнсон немесе Дэвид Корешер-мессия деп түсінгілері келсе, бұған олардың толық құқығы бар. Бірақ (бұл ең бастысы) ешкім олардың сана-сезімдерін өзгертіп, деструктивтік ыңғайдағы ойлармен, осы аттары аталған мырзалар (немесе ханымдарды) - мессия деп түсініктерін өзгертуге ешкімнің құқығы жоқ. Ешкім олардың құқықтарына қол сұғып психологиялық бағдарламалардың және сана-сезімін манипуляциялау техникасының көмегімен олардың жеке басына деструктивтік ықпал етуге құқығы жоқ.

Психология іліміне нацистік Германиядан АҚШ-қа қоныс аударған Курт Левин өз еңбектерімен зор үлес қосты. Левин топтық динамика деп аталатын бағыттың негізін қалады. Ол бұл бағытты зерттей отырып, жеке тұлғалық өзгерістер адам жеке жүргенді емес, топтық қатынастарда орын алады деп шешім қабылдады. Ол топты динамикалық тұтастық “өз қосындысы мен олардың өздік қосындысынан тұратын ерекшеліктерінен” тұралы деп есептеді [2, б. 39] .

Алпысыншы жылдары Гарвард университетінде проф. Тимати Лиридің жетекшілік етуімен іс-қимылды, іс-әрекетті модификациялау аумағында зерттеулер жүргізілді. Проф. Тимати Лири топтық терапияның және трансакциондық талдаулар теориясының негізін қалаушыларының бірі болған. Соғысқа дейін Адлер жеке тұлғаларға әлеуметтік жеке тұлғалардың тигізер әсері мен құндылықтары және мақсаттарын жоғалтқан жеке тұлғалардың пікірлері мен козқарастарын қалыптастырып, нық сенімге келуіне топтық қатынастардың ықпалы зор екендігін айғақтады. Бірақ, проф. Лири ми - әртүрлі шындықты қабылдап, оны ой елегінен өткізуге мүмкіндік туғызатын биохимиялық электрлік жүйе деген тұжырымын айтты. Адамның ой- өрісін, әлемді қабылдауын өзгеру үшін арнайы «кілтті» тауып, шеберлікпен қолдана алу керек. Бұл кілт жүйке жүйені зерттеу үшін ашса, мидың қызметін өзгерту үшін ашады. Ол әлемді қабылдаудың шарттылыңынан құтқарса, жүйке жүйесінің жаңа аумағын белсенділендіруге көмектеседі және сана- сезімді, әлемдік көзқарасты кеңейтеді. Теория әділдігі қылмыскердің іс- әрекеттерінің өзгеруі мен психологиялық көмек көрсету бойынша жүргізілген тәжірибелер легі негізінде тексерілді. Тап осы Тимати Лири «turn on, tune in, drop aut» үндеуінің авторы еді, яғни «қосыл, байланыс, жүйеден шық» деген аудармамен оның үндеуі кең таралды. «Қосыл» - өз жүйке- жүйеңнің мүмкіндіктері мен генетикалық өсіндіңді белсенділендір, «байланыс» - қоршаған ортаға өзіңді икемдей отырып, байланыс құра, ал «жүйеден шық» - рефлдекторлық және ойлау қабілетіңді белсенді түрде, шебер, әрі зиянсыз «жүйеден шығар».

Алпысыншы жылдардың аяғында психологтар ашық пікір талас әдістеріне сүйенген топтық психотерапия сеанстарын өткізу кезінде жеке адамдар мен топтарға біріктірілген адамдардың іс-қимылы мен іс-әрекетіндегі модификациялық мүмкіндіктерді зерттей бастады. Курт Левиннің өзі зерттеген эксперименталды және тиянақты түрдегі топтық пікір таластар оған қатысушыларға түйіндеген проблемаларда жан-жақты қарастыра отырып, жаңа ақпаратты қабылдаудың мүмкіндігін азайтты. Сонымен бірге ол оппозициялық ойларды жоққа шығаруға мүмкіндік берді. Тек жақсы нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған эксперименттік техникалар адамдарды әдеттегі ойлауы мен ой қорыту дағдыларынан бас тарттырып, іште бұғып жатқан жасанды мүмкіндіктерді пайдаланып, өз-өзін қадағалай алатындай жағдайға жеткізуге адамдарды күштей бастады. Мұндай сеанстарда «толық ашылу» талап етілді, ұяңдықтан бас тартып, өз жеке бастарында орын алған жеке жағжайларды топ алдында қысылмастан айтып беру талап етілді. Психотехника атты сеанс өте кең жайылған сеанс еді. Бұл сеанста қатысушылар бір адамды ортаға отырғызып, өздері оны қоршай отырып, әрқайсысы оған сұқ саусағымен көрсетіп онынң кемшіліктері мен проблемаларын бетіне басады. Мұндай сеанстар адамдардың психикасына әсер етіп, ауыр психологиялық проблемаларға душар ететінін айтпаса да түсінікті.

Нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛП) жүйесін дамыту кезінде көптеген адамдар ми қабатымен жұмыс істеудің не екендігін түсінбеген бойы гипноздық трансқа енгізу техникасымен танысты. НЛП моделінің негізін қалаушылар Ричард Бэндлер мен Джон Гриндер адамның ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді деген айғақпен осы технологияны әрі қарай дамытуға барын салды. Бұл модель Мильтон Эриксонның стратегиялық психотерапия моделі негізінде құрастырылды, әрі трансттық және гипноздық жағдайда кеңінен қолданылды. Гипноздық транс феномені (немесе эриксониандық гипноз) адамның ақыл-ой, ойлау қабілетінде өзгерістер енгізіп, адам ойлаудан айырылады, тез сенгіштік пайда болып, жеке басында тұлғалық нышаны жойылады, әрі оған бұйырылған тапсырманы мүлткісіз орындайтын болады [3, б. 103] .

АҚШ-та секталар мен «жаңа діни қозғалыстар» алпысыншы жылдардағы мәдени революция кезінде кен дамыды. Миллиондаған жастар мен көзқарастары өзгерген орта буын өкілдері этикалық вакуумның шырмауында қалды. Бұл вакуумды толтыруға діни «дін басылары» мен моральдық тұрғыдан төмендеген мафия өкілдері, яғни адам рухын аулаушылар шыға бастады. Теледидардан көрсетілетін евенгелизм, жалпыға танымал буддизм мен хипті индуизм пайда болды. Пессемисттік, бұрыннан келе жатқан діни нанымдар өшіріліп, адамдардың ой-өрістері уланды. Алпысыншы жылдардағы дивергенция, индивидуализм (жеке тұлғалылық) пен утопиялық оптимизм (тек жақсылыққа талпыну) түбегейлі жойылды. Рухтық бандиттік іс-әрекеттер жұқпалы ауру сияқты тез таралды да Америка жабайы «рухты» иелену үшін діни бандылар жетекшілері мен ұстаздар, діни әулиелер өзара талас-тартысқа түсті. Белгісіз бір гурулар, діни ұстаздар, сопылар мен әулиелер қаптап кетті. Бірақ та осы деструктивті секталар мен олардан келетін зардаптардың мөлшерін Америка халқы тек жетпісінші жыслдары ғана сезіп, біле бастады.

Осындай «қатердің» орын алуына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қарсы тұрылды. Олар халыққа қатердің қандай, қанша аумақты екендігін меңзеп, жалпы бұқара халықтың бұл феноменге көңілін бөлді. Ең алдымен Американы магнат Уильям Рэндольф Херст ІІІ-тің қызы Патти Херсттің ұрланғандығы туралы хабар дүр сілкіндірді. Ол аяқ астынан «Таня» болып аталып, Симбиондық Қозғалыс Армиясының мүшесі болып солақай экстремистік топтың белсенді мүшесі болып табылды. Джонстаундағы «ұлттық шіркеу» сектасының мүшелері жаппай өзді-өздерін өлтіргендігі туралы хабар да сонан кейін келіп жетті. Бұл жағдай қалың жұртшылықты секталарға басқа көзқараспен қарауға итермеледі. «Ұлттық шіркеу»-дің басшысы Джонстың мына сөздері: «Өткенді ұмытқандарға ол мезгіл-мезгіл келіп тұрады» сол шіркеудің маңдайшасына жазылған еді. Сол кезде Джонстың Джордж Сантаяның осы айтқан сөзін ұран ретінде неге пайдаланғанын ешкім білмеді. Бірақ сөздердің қазіргі замандағы деструктивті сектаға тәуелдігілінің мағынасына үңілу зиян емес.

Діни немесе оккульттік догмаға негізделген діни оқуларға сүйенген діни секталар саны өте көп, әрі олар танымал. Ол библиядан алынып, шығыс діни кітаптарымен толықтырылып, оккульттік оқулардан сусындаған немесе секта көсемі ашқан. Мұндай секталарды «тірі құдайлар» ашып, «әулиелер» қолдап, оларға «тәңірлік шындық» нұры құйылады. Осы «шындық нұрынан» нәр алған мұндай секта «Тәңір қалауын» өзінше түсіндіре бастайды, сондықтан кез келген дәлелді кемшіліктерді айтқан адамдар олардың жаулары іспетті, әрі сайтанның мазағы ретінде қабылданады. Кейде мұндай «тірі құдайлар» мен «әулиелер» жүйке дерттеріне ұшырып, көз алдарына елестеген неше түрлі елестерге сенеді. Мұндай елестер психиатрия оқулықтарында суреттеледі. Уильям Джеймс жазғандай материалдық медицина «Әулие Павелді өлтіріп», оны эпилепсия дертіне ұшыраушы науқас деп есептесе, Дамаскке барар жолдағы елестерді - қоғзалыс импульстерінің аяқ-асты пайда болуын туындайтын шүйде аумағының ми қабатындағы жүйке жүйесінің қабынуы, ал әулие Тереза Авильскаяны көкдолы (истеричка), әулие Франциск Ассизскийді - «тұқым қуалағыш дегенерат» деп есептейді. Алайда, еске түсірсек, психиатр дәрігерлердің ойлары көптеген ой-пікірлердің бірі ғана және оған соншалық сене беруге болмайды [4, б. 58] .

Өз-өздерін «әулиелерміз» деп жариялағандар «біз ерекше тапсырмамен жерге жіберілгенбіз» деп жар салуда. Біз олардың неге белсенді түрде мұндай әрекеттерге барып жүргендігін білмейміз. Мүмкін олар өздерінің шынайы да сүйіспеншілікке толы әулиелік жолға деген сенімдері шығар, мүмкін ащы өкініш пен өтірік рухани тәжірбие ме, әлде өз ойын асырамын деген соқыр үміт пен байысам деген талмас талпыныс па. Сонда да олардың рухтарының әлсіз, күштерінің сарқылғандығын жай көзбен-ақ байқауға болады.

Бұл «әулиелердің» «тұрпайы материалдық әлемге» деген сүйіспеншілігін олардың шалқып сүріп отырған өмірлері, қозғалмас мүліктер, бұл мүліктерге миллиондаған долларлар сарп етуде және алып кәсіпорындардың акцияларын өз меншіктеріне сатып алуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деструктивті діни ағым түсінігінің мәні
Қазіргі таңдағы діни ағымдар
Христиан діні әлемдік дін
Қазақстан Республикасындағы қауіп төндіретін дәстүрлі емес діни қозғалыстар
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар (діни секталар)
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі қағидаттары
Қазақстан Республикасындағы тотолитарлық діни бірлестіктердің қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар
Желдік толқындардың теңіз деңгейінің көтерілуіне ықпалын бағалау
Секта – дін бұзатын ағым
Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz