Ағылшын тіліндегі жаргон сөздерінің шығу тарихы мен ерекшелігі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

Ағылшын тіліндегі жаргон сөздерінің шығу тарихы мен ерекшелігі

Мазмұны

Кіріспе3

1 Қарым қатынас құралы ретіндегі жаргон сөздер5

1. 1 Жаргон сөздердің тілге ену ерекшеліктері5

1. 2. Ағылшын тіліндегі жаргон сөздердің түсінігі, сипаттамасы мен ерекшеліктері (сленг) 13

1. 3 Ағылшынша сөйлейтін мемлекеттерде жаргон сөздердің пайда болу көздері мен факторлары21

2 Ағылшын тіліндегі жаргон сөздердің шығу тарихы41

2. 1 Ағылшын және Америка жаргоны арасындығы стилистикалық айырмашылықтар41

2. 2 Ағылшын тіліндегі жаргон сөздердің басқа ұлт жастарына әсері45

2. 3 Жастар жаргонының ерекшеліктері51

Қорытынды63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі64

Қосымша А68

Қосымша Б72

Қосымша В74

Қосымша Г77

Кіріспе

Кез келген тілдің лексикасы әдеби және бейәдеби болып екіге бөлінетіні белгілі. Осы бейәдеби тілге жастардың жаргондары мен сленгтерін де жатқызуға болады. Жаргондар - белгілі бір әлеуметтік немесе қызығушылығы ортақ топтардың басқаларға түсініксіз, құпия мағынада сөйлесуі деуге де болады. Ал, сленг деп - белгілі бір аптада қолданылатын, қалыпты тілден ауытқыған, мысқылды сөздерді айтамыз.

Бүгінгі жастар сленгтер мен жаргондарды әртүрлі себептерге байланысты қолдануы мүмкін: әсер қалдыруы үшін, елден ерекше болу, өзгелер түсінбеу үшін, белгілі бір әлеуметтік топқа жататынын көрсету үшін, кейде әзіл ретінде де айтып жататындары бар. Соңғы уақытта жасөспірімдер компьютер ойындарымен әуестенуі күшейіп отыр. Бұл да бір компьютерлік сленгтердің пайда болуына алып келеді.

Ал бұл дипломдық жұмысының тақырыбы ағылшын тіліндегі жаргондардың пайда болуымен, олардың қолданылу ерекшеліктерімен тығыз байланысты, өйткені бүгінгі заманауи қоғамымызда ағылшындық, американдық жаңа технологиялар, жаңа мәдениетпен бірге ол елдің сөйлеу ерекшеліктері, лексикологиясы да бүгінгі біздің ұлттық тілімізде көрініс тауып келеді.

Сленг - бұл лексикалық құбылыс. Ол әдеби емес лексика, яғни қазіргі әдеби норманың талаптарына сай әдеби ағылшын тіліне жатпайды. Сленг - бұл ең алдымен ауызекі тілде пайда болатын және қолданылатын, эмоционалды бояуға ие лексика. Ол негізінен сөз бен сөз тіркестерінің біршама айқын көрсетілген дөрекі мәнерімен сипатталады.

Көптеген жаргон сөздері мен сөйлемшелерінің дөрекі эмоционалдық бояуы бір-бірінен өзгеше реңктермен ерекшеленеді.

Зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігі: қазіргі таңда жаргон сөздерінің рөлі ұдайы өсуде, себебі жаргонизмдер тілде жиі әрі көп қолданылатын сөздер болып табылады. Жаргон тек халықтың түрлі топтарының өкілдері, әсіресе жастардың сөйлеу тілінде ғана қолданылмайды, сонымен қатар ол көркем әдебиет, мерзімді басылымдар беттерінде, газет-журналдарда және сахна мен тіпті жарнамаларда да пайдаланылады. Міне сондықтан, бұл орайда ағылшын тіліндегі жаргон сөздерінің шығу тарихы мен ерекшелігін анықтап, зерттеу осы жұмыстың тақырыбының өзектілігіне айналған.

Зерттеу жұмысының мақсаты: ағылшын тіліндегі жаргон сөздерінің шығу тарихын қарастыра отырып, оның бүгінгі күндегі қолданылу аясын анықтау.

Көзделген мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:

- ағылшын тіліндегі жаргон сөздердің түсінігін, сипаттамасы мен ерекшеліктерін қарастыру;

- ағылшынша сөйлейтін мемлекеттерде жаргон сөздердің пайда болу көздері мен факторларын айқындау;

- ағылшын тіліндегі жаргон сөздердің басқа ұлт жастарына әсерін анықтау;

- ағылшын және Америка жаргоны арасындығы стилистикалық айырмашылықтарды зерттеу.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін орындау үшін жаппай сұрыптау, жүйелеу, салыстырмалы-талдау және сипаттама аударма сияқты зерттеу әдістерін қолдандық.

И. В. Арнольд, И. Р. Гальперин, В. Н. Крупнов, Г. А. Судзиловский сияқты ғалымдардың ғылыми еңбектері теориялық негіз болды.

Зерттеу жұмысының нысаны: бүгінгі күндегі қалыптасқан ағылшын тілі жаргондарының қолданылу ерекшеліктерін қарастыру.

Зерттеу пәні: ағылшын тіліндегі жаргон сөздерінің шығу тарихы мен ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы: мұнда көрсетілген бақылаулар мен тұжырымдар ағылшын тіліндегі жаргондардың пайда болуы мен қолданылуы туралы мәліметтерді күнделікті қолданысқа енгізуге мүмкіндік береді. Бұл осы салада жұмыс істейтін аудармашылар, тіл мамандары, болашақ шет тілі пәнінің мұғалімдері үшін маңызды рөл атқарады.

Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы мынаған негізделген: зерттеудің нәтижелері ағылшын практикалық курстарында, жалпы шет тілін меңгеру саласында, мәдениеттануда, арнайы курстар мен арнайы семинарларда, дипломдық, курстық жұмыстарда қолданыла алады.

Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.

1 Қарым қатынас құралы ретіндегі жаргон сөздер 1. 1 Жаргон сөздердің тілге ену ерекшеліктері

Кез келген тілдің лексикасы әдеби және бейәдеби болып екіге бөлінетіні белгілі. әдеби тіл лексикасына: кітаби сөз, сөйлеу тілі, бейтарап сөздер жатады.

Бұл аталған барлық лексика кейде көркем әдебиетте, кейде ауызекі тілде де қолданылады. Ал бейәдеби тілге: кәсіптік сөздер, вулгаризмдер, жаргондар жатады. Осылардың қатарына сленгтерді де жатқызамыз.

Кәсіптік сөздер - белгілі бір мамандық, кәсіп иелерінің тіліне тән сөздер.

Вульгаризмдер - әдеби тіл қабылдамайтын дөрекі, қарапайым сөздер мен сөйлемдер.

Жаргондар - белгілі бір әлеуметтік немесе қызығушылығы ортақ топтардың басқаларға түсініксіз, құпия мағынада сөйлесуі.

Сленг - күнделікті өмірде белігілі бір заттың атауы үшін қолданылатын, қалыпты тілден ауытқыған, мысқылды, мәнерлі сөздер. сленг әртүрлі әлеуметтік топтардың ерекше қолданыстағы сөздері.

Жалпы жаргон мен жаргондық лексиканың түрлерін - жастардың, кәсіби, әскери және т. б. бөліп көрсетуге болады. Жалпы жаргон - бұл жеке әлеуметтік топтарға қатысы жоқ, барлық әдеби тілді ұстанушылармен де қолданылатын заманауи жаргондық лексикнаның қабаты. Бір жағынан алғанда, оның негізгі көздері әр түрлі әлеуметтік топтардың жаргондары болса, екінші жағынан - әр түрлі қазақ тілінің және басқа тілдердің тақырыптық сөздерінің топтары болып табылады [1, 56 б. ] .

Сленгтің түсінігі қазіргі заманғы филологияда ерекше орынға ие болып келуде. Қазіргі кезде бір-біріне қарама-қарсы келетін жаргондардың түсініктермелері бар. Бұл қарама-қайшылық бірінші кезекте «сленг» түсінігінің көлеміне байланысты: сленгке әдеби эквиваленттердің синонимдері болып табылатын тек айқын, ирониялық сөздерді қосу ғана керек пе, әлде олардың қолданылуы барлық білімді адамдардың арасында қатты талқыланатын стандарттық емес лексикаларды қолдану керек пе дегеннің шеңберінде дау туындайды.

«Сленг» термині англистикада көбірек қолданылатыны ерекше назар аудартады, алайда ол қазір қазақи лексикада да қолданылысқа ие болып келуде. «Сленг» сөзі «жаргон» сөзіне синоним ретінде қолданылады.

Сондықтан сленг пен жаргонның арақатынасын ашып кетейік. Этимологиядан бастағанымыз жөн. Белгілі болғандай, қазіргі заманғы лингвистикада «сленг» сөзінің пайда болуы туралы күмәндар туындауда. Солардың бірінің нұсқауында ағыл. slang сөзі sling («лақтыру», «лақтырып тастау») сөзінен шыққан деп көрсетіледі. Бұл жағдайларда мына архаикалық нұсқаны еске алуға болады: to sling one's jaw - «құтырған және сөгетін сөздерді айту». Басқа нұсқаға сәйкес, «сленг» сөзі slanguage сөзінен шығады деген ой бар, бұл жерде алғашқы s сөзі language сөзіне thieves сөзінің жоғалып кетуінен жалғанған; яғни алғашқыда мәселе ұрылардың тілі - thieves' language туралы айтылған болатын.

Англияда ауызекі сөйлеу тілінде slang сөзі қашан пайда болғаны белгісіз. Жазбаша күйде ол алғашқы рет Англияда 18 ғасырдан көрініс табады. Ол кезде ол «тіл тигізуді» білдіретін. Жуықтап алғанда 1850 жылға қарай бұл термин қарапайым тілдің лексикасына «заңсыз» сөздердің мағынасында кеңінен қолданыла бастады. Осы кезде slang - lingo синонимдес сөздері пайда болады, ол көбінесе қоғамның төменгі санатымен қолданылған, ал argot - түрлі-түсті тұрғындармен қолданылған.

«Сленг» концептісінің көлемі туралы оның кейіннен пайда болған «әдепсіз ауызекі сөйлеу тілі» немесе сленгтің «дифрамдық» «тілдің ұсақтың алаңы» поэтикалық сияқты сипаттамасы деген оның анықтамасы бола алады; немесе Карл. Сэндбергтің ойынша «сленг - бұл қолын қайырып, алақанға түкіріп, жұмысына кірісетін тіл, бұл «қарапайым адамның поэзиясы». Ғылыми тұрғыдан бұл түсініктердің құндылығы жоқ екені белгілі, алайда олардан қарапайым халықтың тілі және ұлттық сөз қорының қалыптасуының негізі екендігі көрініп тұрады [2, 85 б. ] .

Сленгтің ғылыми анықтамаларының кейбіреулерін қарастырайық.

Бұл жерде ең алдымен В. А. Хомяковтың анықтамасынан бастасақ болады: «Сленг - бұл белгілі бір кезеңге тұрақты түрде қатысты, кеңінен қолданылатын, стилистикалық маркирленген лексикалық қабат (тұрмыстық құбылыстардығ үрдістерді және белгілерді білдіретін зат есімдер, сын есімдер мен етістіктер), өзінің негіздері бойынша біркелкі емес, әдеби стандартқа жақын, пейоративті экспрессияға ие, көркем әдеби тілге кіретін, экспрессивті қарапайым сөздердің компоненті» [3, б. 67] .

Тіпте басқа тұжырымдаманы «Лингвистикалық терминдердің сөздігінде» О. С. Ахманова келтіреді: Сленг - 1. Кәсіби тілдің ауызекі тілі. 2. Қандай да бір кәсіби немесе әлеуметтік топтың ауызекі сөйлеу тілінің нұсқасы, олар берілген топтағы тұлғаларға қатысы жоқ, көркем әдебиеттің тіліне немесе жалпы адамдардың сөйлеу тіліне ене отырып, сол тілдерде эмоционалдық-экспрессивтік боямаға ие болады [4, б. 29] .

Көріп отырғанымыздай, бірінші дефиницияда сленг - бұл терминологиялық мағынада қолданылатын термин емес сөздердің қатары, мысалы автокөлік иелерінде қолданылатын «дворник» немесе «запаска» сөздері. Мұндай сөздер ресми нұсқаулыққа жарамайды, бірақ мамандардың іскерлік қызметінде қолданылуына ыңғайлы.

Екінші жағдайда бұл тіптен басқа бір нәрсе: біздің алдымызда кәсіби тілге еніп, «жарыққа» шыққан сөз. Демек, мысал ретінде «шестерканы» келтіруге болады: қылмыстық ортада бұл сөздің бір мағынасы - «қылмыскерлерге қызмет ететін адам» дегенді білдіреді. Қазіргі заманғы ауызекі тілде «шестерка» - кез-келген болмайтын адамға жек көрушілікпен қарауды білдіреді, мүмкін (міндетті емес) қылмыстық әрекеттері бар адамға. О. С. Ахманованың атап көрсеткен тағы бір қасиеті маңызды болып табылады: бұған ұқсас сөздердің барлығы экспрессивті болып келеді [5, б. 75] .

1995 ж. «Лингвистикалық терминдердің сөздік-анықтамасында» сленг, жаргон және арго сөздерінің арасына теңдікті қояды: Сленг - белгілі бір кәсіби немесе әлеуметтік топтың тұлғаларымен қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері. Теңізшілердің, суретшілердің сленгі, аргосы, жаргондары.

Сленгтің анықтамасындағы мұндай түрлілік И. Р. Гальперинге сленгтің болуының өзіне қарама-қарсы шығуына мүмкіндік берді. Оның аргументациясы лексикографиялық белгілерді зерттеуге негізделген: бір сөз әр түрлі сөздіктерде «сленг», «қарапайым сөздер» белгісімен немесе ешқандай белгілерсіз беріледі, бұл әдеби норманың пайдасына куәлік етеді. Сондықтан И. Р. Гальперин сленгтің жеке өзіндік категория ретінде болуын мақұлдамайды, ол «сленг» терминін «жаргон» ағылшындық сөзіне синоним ретінде қолдануды ұсынады [6, б. 36] .

Алдында келтірілген сленгтің әр түрлі тұжырымдамаларына ағлшын филологтарының сондай әр түрлі дефиницияларын келтіруге болады. Американдық лингвист Ч. Фриз атап көрсеткендей, «сленг термині өзінің мағынасын кеңейткені соншалықты, сленг пен сленг еместердің арасында айырушы сызықты жүргізу мүмкін емес болып келеді» [7, б. 38] .

Көптеген ағылшындық зерттеушілер slang - сленг сөзін жарго, арго мен кэнт сөздеріне синоним ретінде қолданады. Сленгті зерттеуші Эрик Партридждің де ойы осындай.

Осылайша, өзінің танымалдылығында сленг қазіргі кезде терминологиялық дәлділігіне ие емес екендігін айтуға болады. Не болса да, жоғарыда келтірілген ой-пікірлер оның өзіне тән қасиеттерін нақтылауға мүмкіндік береді:

Сленг - бұл әдеби емес тіл, яғни бұл әдеби ағылшын тілінің шегінен шығатын сөздер мен сөз тіркестері (Standard English) ;

Сленг - бұл ең алдымен ауызекі тілде пайда болып, қолданылатын лексика;

Сленг - бұл эмоциялық бояуы бар лексика;

Сленг көптеген сөздер мен сөз тіркестерінен басым болып келетін, көбіректеу немесе азырақтау анық байқалған фамилярлығымен сипатталады. Сленгтің бұл қасиеті оның қолданылуының стилистикалық шекараларын шектейді;

Сленг сөздері мен сөз тіркестерінің көптеген әдепсіз эмоциялық боямалары олардың әр түрлілігімен ерекшеленеді (әзілдік, ироникалық, мысқылшыл, кемсітуші, жек көрушілік, дөрекі және тіпті өрескел) ;

Қолданылу аясына байланысты сленгті көпшілікке мәлім, көпшілікпен қолданылатын (General Slang) және аз танылған, аз қолданылатын (Special Slang) деп бөлуге болады.

Сленгтің көптеген сөздері мен сөз тіркестері тұрғындардың негізгі массасы үшін түсініксіз немесе аз түсінікті (әсіресе олардың пайда болу мен кең қолданылу аясына өту кезеңінде), өйткені олар ең алдымен өзіндік жеткізу формасымен ерекшеленеді - мысалы, сленг үшін тән мағынаның көптеген жағдайлардағы ауысу кезеңінде (астарлы қолданылуы) . Олардың түсініксіз болуы сонымен қатар бұл сленгизмдердің басқа тілдердің диалектілері мен жаргондарынан алынуынан болуы мүмкін;

Сленг адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік және кәсіби топпен теңдестіретін әр түрлі сөздер мен сөз тіркестерін енгізе алады;

Сленг - бұл әдеби емес лексиканың айқын, экспрессивті қабаты, тілдің стилі ресми тілге тура қарама-қарсы қойылған. Сленг - ол тірі, қозғалмалы тіл, ол уақытпен бірге жүреді және қоғам мен мемлекеттің өміріндегі кез-келген өзгерістерге ықпал етеді.

Жураховская В. Д., Грачев М. А., Береговская Э. М. және көптеген басқа тіл мамандары барлық лексиканы әдеби және әдеби емес деп бөледі. Әдеби тілге мыналар жатады:

1. кітап сөздері

2. стандарттық ауызекі сөздері

3. нейтралды сөздер

Барлық бұл лексика не әдебиетте, не ауызекі тілде ресми жағдайда қолданылады. Сонымен қатар, әдеби емес лексика бар, оны келесідей бөледі:

1. Профессионализмдер

2. Вульгариздер

3. Жаргонизмдер

4. Сленг

Лексиканың бұл бөлігі өзінің ауызекі және ресми емес сипатымен ерекшеленеді [8, 92 б. ] .

Профессионализмдер - «бұл бір мамандыққа біріктіруші кішігірім адамдардың тобымен қолданылатын сөздер».

Вульгаризмдер - «қоғамда білімді адамдармен қолданылмайтын дөрекі сөздер, төменгі сатының адамдарымен қолданылатын арнайы лексикон: қамалғандар, есіркіні сатушылар, үйі жоқтар және т. б. ».

Ерекше қолданысқа ие социолектілер - жаргон, сленг және арго - нонстандарттың тілдік формациясына кіреді. Нақты лингвистикалық дефиницияның болмауы олардың ғылыми сипаттамасын қиындатады және әсіресе қолданбалы русистика үшін біршама қиындықтар туғызады.

Айта кетеін жайт, кейбір ғалымдар жаргонизмдерді сленгке жатқызады, осылайша, оларды жеке топ ретінде қарастырмай, сленгті ортақ қызығушылықтары бар адамдардың араласуына арналған тіл деп көрсетеді. Ол расында да сондай ма екенін көрсету үшін жаргон мен сленгтің бірнеше анықтамаларын берейік.

Жаргон - «фр. ’jargon’- ерекше сөздер мен сөз тіркестерінің болуымен әлеуметтік және кәсіби топтардың жалпы сөйлеу тілінен ерекшеленетін тіл. Бұл тек қана белгілі бір ортада түсінікті болып келетін шартты тіл, онда жасанды, кейде шартты сөздер мен сөз тіркестері көп болып келеді».

Жаргонизмдер - «бұл белгілі бір әлеуметтік немесе ортақ мүдделері бар адамдардың тобымен қолданылатын сөздер, олар құпия, басқалары үшін түсініксіз мағынаға ие».

Сленг - «бұл стандартты тілдің бұзылысы ретінде қарастырылатын сөздер. Бұл өте айқын, ирониялық сөздер, олар күнделікті өмірде қолданылатын заттарды белгілеу үшін қызмет етеді».

Сленг түсінігі қазіргі заманғы филологияның назарына ие болып келуде.

Кейбір зерттеушілер жаргонды сленгпен байланыстыра қарайды. Сондықтан сленг ерекше лексика, қызығушылықтары ортақ адамдардың қарым-қатынастарынан туындайтын сөздер деп көрсетеді. Олар сленгті әр түрлі себептер үшін қолдануы мүмкін:

  • әсер қалдыру үшін
  • өзіне сенімділік сезімін беру
  • жаңа, өзгеше болу
  • басқа біреу түсінбеу үшін
  • әзіл ретінде
  • белгілі бір әлеуметтік топқа жататынын көрсету үшін
  • тілді қорды байыту үшін

«Америка сленг сөздігінің» авторларының бірі стюарт Б. Флекснер мынандай мәліметтер келтіреді. Оның айтуынша, әрбір американдықтың сөздік қорында шамамен 1-2 сөз бар. Оның 2000 сөзі сленг қатарына жатады. Яғни сленг жалпы лексика қорының 10-20 пайызын құрайды. Бірақ Стюарт Б. Флекснердің пайымдауынша, бұл лексика қоры әрбір американдыққа толығымен белгілі болса да, күнделікті сөйлеу тәжірибесінде толығымен қолданылмайды. Ғалымдардың есептеуінше АҚШ-та ағылшын тілінің сөздік қорында 1 сленг сөзі бар, ал оның басқа бір түрлеріне 35000 сөз жатады: олар - кәсіби сленг, жаргонизмдер, арго, қанатты сөздер [9, 67 б. ] .

Сленг табиғаты оның үнемі жаңарып отыруын талап етеді. Көптеген сленг сөздері салыстырмалы түрде ұзақ өмір сүрмейді және егер олар тілде тұрақталса, яғни сленг қатарынан жалпы ауызекі тіл лексикасына өтіп кетсе, қолданыстан түсіп қалады. Сленг бойынша әйгілі ағылшын маманы Эрик Партридж ағылшын тіліндегі «боқмұрын» мағынасындағы сөздің бірнеше қолданылу қатарын келтіреді: blood (1550-1660) ; macaroni (1760) ; buck (1720-1840) ; dandy (1820-1870) ; swell (1811) ; toff (1851), бұл қатарға одан бергі spiv және қазіргі заманғы teddy-boy-ды қосуға болады /1, 100/. Жақша ішіндегі сандар сөздің ең бірінші рет тіркелген кезі мен қолданыстан шыққан уақытын көрсететінін айта кету керек. Осыдан сленг сөздері 16-шы ғасырдан бастап өмір сүреді деген қорытынды шығарамыз [10, 92 б. ] .

Компьютерлік технологияның отаны америка екені бәрімізге белгілі. Алайда қай аймақта, оларды қалай құрастырды деген сұрақ туындайды?

АҚШ-тың батыс жағалауында орналасқан, шамамен оңтүстік Сан-Францискодан 30 шақырымдай жерде Пало-альта, Маунтин-вью, Лос-альтос және Стэнфорд сияқты шағын қалалар бар. Ал оңтүстік-шығысында Саннивейл, Купертино, Сан-хосей, Санта-клара тәрізді үлкен қалалар бар. Осы қалалардың түйіскен жерін американдықтар «silicon valley» деп атайды. Дәл осы жерде зерттеу орталықтарының негізгі бөлігі шоғырланған. Соңғы онжылдықтағы барлық жаңа технологиялардың көбісі осы жерде жасалған.

Бұл орын әлемдегі ең үлкен чип өндіруші болып табылады. Мұнда көптеген компаниялар мен фирмалар бірлесе отырып түрлі жобаларды іске асырады. Мұнда мыңнан астам ғалымдар жұмыс жасайды. Сонымен бірге мұндағы стенфорд университеті туралы да айтуға болады. Университет бюджетінің бір бөлігін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға жұмсайды. Кез-келген жаңа технологиялық өнім silicon valley зерттеу орталығында дайын күйінде, өз атауын (название) алып шығады. Яғни жаңа нәрселерді ойлап табу барысында жаңа терминдер пайда болады. Қоғам бұл терминдерді қолдануға мәжбүр. Термин өзінің алғашқы формасынан алшақтап, сөйлеу тілінде түзіледі. Нәтижесінде компьютерлік сленг пайда болады.

Компьютерлік сленгте жаңа сөздердің тым жылдам пайда болуы компьютерлік технологияның қарқынды дамуымен байланысты. Егер журнал беттеріне үңіле қалсақ жаңа технологиялардың шығып жатқанын көреміз. Мұндай технологиялық революция жағдайында әрбір жаңа технология мағына, атау алуы тиіс. Өнімдердің барлығы америкада жасалғандықтан атау ағылшын тілінде беріледі. Сондықтан адамдар оригинал терминдерді қолдануға мәжбүр. Қазақ тілінде бұл салада нақты терминдердің болмауы компьютерлік сленгтің пайда болу тенденциясына алып келді.

Көптеген кәсіби сөздерді күнделікті қолдануда ыңғайсыз, дөрекі сөздер өте көп болғандықтан сөздерді қысқарту, жеңілдету белең алды. Мысалы, жиі қолданылатын «motherboard» термині орыс тілінде «материнская плата» ретінде, ал сленгте «мамка», «матрешка» сөздерімен беріледі. Немесе тағы бір мысал, «cd-rom drive» орыс тіліне «лазерлік дискіге жинақтаушы» ретінде аударылса, сленгтегі баламасы «сидюк», «сидюшник» болып табылады. Келесі бір беталысты қысқартылып берілген сөйлемдерден көруге болады. Мысалы: компы бывают двух видов - бимы и маки (персональные компьютеры бывают двух видов - ibm-совместимые и macintosh) .

Соңғы уақытта жасөспірімдердің компьютер ойындарымен әуестенуі күшейіп отыр. Бұл тағы да компьютерлік сленгтің пайда болуының көзі. мысалы, ойындағы «ең басты жау» ұғымын білдіретін «бродилка», «аркада», «босс» сленгтері пайда болды. Сонымен бірге doom ойынын ойнаушыны «думер», ал «quake» ойынын ойнаушыны «квакілеу» деу қалыптасқан .

Тағы бір атап өтетін жайт, компьютерді қолданушылардың көпшілігінің ағылшын тілін білмеуі. Ағылшын сөзін дұрыс оқымау барысында сленгтер пайда болып отырады. Мысалы, no carrier хабарламасын дұрыс оқымау барысында сленгте «карьер жоқ» сөзі пайда болған [11, 56 б. ] . .

Компьютерлік сленгтің пайда болу жолдары мен жасалу тәсілдері әр түрлі. Төрт түрлі жолмен жасалады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі жастардың жаргон, сленг тілінде сөйлеуі
Тіл экологиясының қалыптасуы
Жастар қолданатын сленгтер
Қазақстандағы мемлекеттік тілдің жастар арасында қолданылу деңгейі мен қазақ тілінің қазіргі жағдайы
Сленг және масыл сөздердің қазақстандық жастардың сөйлеу мәнеріне әсері қандай
Ағылшын тіліндегі диалект сөздердің жіктелуі
Сленг ұғымының анықтамасы
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АУДАРМАЛАРЫН ТАЛДАУ
Сленг сөзі ағылшын тіліне енген сөз
Ағылшын тілінің қалыптасу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz