Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша бас бостандығынан айырудың түсінігі мен түрлері



ЖОСПАР

Кіріспе 3

Негізгі бөлім 9
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша бас бостандығынан айырудың түсінігі мен түрлері 9
2. Бас бостандығынан айырудан тағайындау тәртібі мен жағдайы 13
3. Бас бостандығынан айыру жазасын өтеу орны 15

Қорытынды 21

Қолданылған әдебиеттер 22
Кіріспе
Бас бостандығынан айыру қылмыстық жаза түрі. Бұл тақырыпты алу себебін бас бостандығынан айыру жазаның ең ауыр түрінің болып табылады. Бас бостандығынан айырылғанда сотталған адамның құқықтық жағдайы елеулі шектеуге түседі, ол қоғамнан оқшауланады, өз қалауы бойынша еңбек қызметін атқаруға шек қойылады, уақыт мөлшері өз бетімен пайдалануға тежеу салынады. Бас бостандығынан айырудың түсінігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 48–бабында көрсетілген. Мұнда бас бостандығынан айыру дегеніміз сотталған адамды сот белгілеген мерзімде күшпен қоғамнан оқшаулап, оны арнайы белгіленген түзеу мекемелеріне орналастыруды жүзеге асыру болып табылады делінген.
Бас бостандығынан айыру жазасы мемлекеттік күштеу жазаларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жаза қолдануда ең басты күрес деп саналады. Бас бостандығынан айыру жазасы мемлекеттік күштеу ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай жазалау шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады.
Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық–құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады.
Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшелігімен оқшауланады десе болады.
Біріншіден, қылмыстық шара – мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдаған. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен шықпай, жаза тағайындайды.
Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды.
Қылмыстық жазаны қолдану – тек қана соттың құзыреті.
Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондай-ақ тағайындалған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүз немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа жазаларды бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады.
Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан-ашық тағайындалады. Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау жеке немесе заңды тұлғалар арқылы мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді.
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға қолданылады мүмкін. Яғни бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің қылмыстық–құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық заңда «адам өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуы тиісті» , - делінген.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы: соттың кінәліні бас бостандығынан айыру немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәліге заңда көрсетілген негізде ерекше жаза - өлім жазасын тағайындауы да мүмкін.
Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді. Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі бір құқылық зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір жағдайларда қылмысты ауырлататын мән–жайларға жатады. Немесе сотталғандық атақ кейде қылмысты саралауға, жазаның мөлшерін, сондай-ақ жазаны өтейтін колонияның түрін белгілеу үшін маңызды мәнге ие болады. Сонымен бас бостандығынан айыру жазасы сот арқылы мемлекет атынан қылмыс жасаған адамға қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік шараны қолдану болып табылады.
Бас бостандығынан айыру жазасының мақсаты - әлеуметтік әділдікті, әділеттілікті қалпына келтіру, сондай–ақ қылмыс істеген адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаза қылмыстарды істеуден соң алдын ала сақтандыру болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру кезінде бас бостандығынан айыру жазасы қолданылған жағдайда қылмыс істеген адамға әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, қылмысқа сай келетін, жаза тағайындау болып табылады. Қылмыстық құқықта арнаулы сақтандырудың иелері болады, бұған қылмыс істеп сотталғандар танылады.
Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу фактісінің орын алмауын көздеуі болып табылады. Осы көздеген мақсатқа жетудің құралы – сотталғандарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заң талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу дегеніміз қылмыс істеп сотталған тұлғаның әлеуметтік, психологиялық көзқарасын өзгертіп қылмысты құбылысқа, қоғам ережелерін бұзуға, еңбексіз күн көріске деген пиғылдарын, жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс жолға салу болып табылады.
Сондықтан да қылмыскерге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау арқылы оны түзеу жазадан қорықса да қылмыс істемейтін, заң талаптарын қалт жібермей мүлтіксіз орындайтын адам етіп қалыптастыру болып табылады. Ал жазаның басқа бір мақсаты - басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру болып табылады. Бұл яғни қылмыс істемеген, бірақ тәртіптік, әкімшілік құқық қалыптарын бұзып, биморальдық күйге түсіп жүрген қылмыс істеуі мүмкін, тұрақсыз элементтерге бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды қылмыстық құқықта көрсетілген жазамен қорқыту арқылы және қылмыс істегендерге жазаның сөзсіз қолдануын ескерту, қылмыстан сақтандырудың жалпы түрі болып табылады.
Мұндай сақтандыру қылмыстық құқықтың тәрбиелік функциясының бір көрінісі болып табылады. Қылмыстық құқық қалыптарының жеке түрлерінің санкцияларында көрсетілген жазаларда қылмыс істеген кінәлі адамдарға қолданбақшы болып қорқыту арқылы қылмыстық заң барлық азаматтарға, олардың психологиялық сана–сезіміне әсер ету арқылы, олардың әлеуметтік әділеттілікті, адам өмірінің қорғалуының, құқық тәртібін тағайындаудың қажеттілігі туралы көзқарастарының қалыптасуына жағдайлар туғызды.
Сот сияқты қылмыстық құқықтағы бас бостандығынан айыру жазасы – қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтық адамгершілік принципі болып табылады. Осы жерде жазаның мақсаттары туралы заңның қалпының өзінде қарама–қайшылық жоқ па екен деген заңды сұрақ туындайды. Бас бостандығынан айыру жаза сотталған адамның құқықтарға мен бостандықтарына шек қою арқылы, сөз жоқ, оның жанын қинайды, адамгершілік намысына тиеді.
Бұл түрде қарама–қайшылықты жою үшін жазаның мақсатын және құрамын, мазмұнын дұрыс айыра білген жөн. Жаза қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп қорлау мақсатын тіпті де көздемейді. Сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарын заңда көрсетілген шекті қою жазаның мазмұнын, ал арнаулы жеке жалпы сақтандыруды жүзеге асыру жазаның мақсатына жету құрамын құрайды. Сотталған адамның қоғамнан оқшауланып, түзеу мекемесінде жазасын өтеуі, әлбетте, оның жанын жеуі сөзсіз, бұл жазаның жазалау элементтері болып табылады
Қолданылған әдебиеттер

1.) ҚР–ң Конституциясы 30 – там. 1995ж.
2.) ҚР–ң Қылмыстық кодексі А. 2001 ж.
3.) ҚР–ң Қылмыстық кодексіне түсініктеме.
4.) ҚР–ң Қылмыстық құқығы ( оқулық) жалпы бөлім А. Жеті жарғы. 2001ж.
Негізгі бөлім
1. Пионтковский А.А. Курс советского уголовного права. Т.2. М.Наука 1970 с. 119.
2. К. Маркс, Ф. Энгельс: Шығ. 13т. 498 б.
3. Жоламан. Мемлекет және құқық негіздері (оқулық) Алматы «Жеті жарғы» 2001 жылы.
4. Постановление Пленума Верховного Суда РК «О соблюдении судами законности при назначений наказания» от 24.06. 1993г.
5. Ахмадиев Ф.Х. Становление и развитие режима в исправительно-трудовых учреждениях РСФСР (1917 – 1920) Автореферат – М., 1993 с 23
6. Блиндер б. Определение виды исправительно-трудовой колонии // Соц. законность 1987 г. №9
7. Ағыбаев А. Система и виды наказание // Фемида 1978. №1.
8. Чукмотов Д.С.Проблемы за Решеткой // Мысль, 1995.№5
13.) Жоробеков С., Проблемы социальной адаптации осужденных, отбывших длительные сроки лишения свободы, Автореферат – Алматы, 1998г.№. стр.14.
14.) Смирнов А., Разумов. С., Назначение наказания в виде лишения свободы. Советская юстиция, 1988г. №13.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 9
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша бас бостандығынан
айырудың түсінігі мен түрлері 9
2. Бас бостандығынан айырудан тағайындау тәртібі мен жағдайы 13
3. Бас бостандығынан айыру жазасын өтеу орны 15
Қорытынды 21
Қолданылған әдебиеттер 22

Кіріспе

Бас бостандығынан айыру қылмыстық жаза түрі. Бұл тақырыпты алу себебін
бас бостандығынан айыру жазаның ең ауыр түрінің болып табылады. Бас
бостандығынан айырылғанда сотталған адамның құқықтық жағдайы елеулі
шектеуге түседі, ол қоғамнан оқшауланады, өз қалауы бойынша еңбек қызметін
атқаруға шек қойылады, уақыт мөлшері өз бетімен пайдалануға тежеу салынады.
Бас бостандығынан айырудың түсінігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің 48–бабында көрсетілген. Мұнда бас бостандығынан айыру дегеніміз
сотталған адамды сот белгілеген мерзімде күшпен қоғамнан оқшаулап, оны
арнайы белгіленген түзеу мекемелеріне орналастыруды жүзеге асыру болып
табылады делінген.
Бас бостандығынан айыру жазасы мемлекеттік күштеу жазаларының бірі
болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу
құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес
жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани
шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру
мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз
мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жаза қолдануда ең басты күрес
деп саналады. Бас бостандығынан айыру жазасы мемлекеттік күштеу ретінде тек
арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген
адамдарға мұндай жазалау шараны қолдану мемлекеттің атқаратын
функцияларының бірі ретінде қарастырылады.
Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр
қылмыстық–құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып
табылады.
Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Қылмыстық шара мемлекеттік
күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшелігімен оқшауланады
десе болады.
Біріншіден, қылмыстық шара – мемлекеттік күштеу шарасы ретінде
қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін
міндетті тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдаған. Сот қылмысқа
кінәлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен
шықпай, жаза тағайындайды.
Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны
мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды.
Қылмыстық жазаны қолдану – тек қана соттың құзыреті.
Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан
босату, сондай-ақ тағайындалған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот
арқылы жүз немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына
сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал
басқа жазаларды бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады.
Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан-ашық тағайындалады.
Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу,
қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау жеке немесе заңды тұлғалар
арқылы мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді.
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза
қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға
қолданылады мүмкін. Яғни бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-
әрекетінің қылмыстық–құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық
заңда адам өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік
және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа
тартылуы тиісті[1], - делінген.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты
болады. Мысалы: соттың кінәліні бас бостандығынан айыру немесе белгілі бір
лауазым иесі болуға тыйым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр
қылмыс жасаған жағдайда кінәліге заңда көрсетілген негізде ерекше жаза -
өлім жазасын тағайындауы да мүмкін.
Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі
оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді.
Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі бір құқылық зардабы бар, ол
сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір
жағдайларда қылмысты ауырлататын мән–жайларға жатады. Немесе сотталғандық
атақ кейде қылмысты саралауға, жазаның мөлшерін, сондай-ақ жазаны өтейтін
колонияның түрін белгілеу үшін маңызды мәнге ие болады. Сонымен бас
бостандығынан айыру жазасы сот арқылы мемлекет атынан қылмыс жасаған адамға
қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік шараны қолдану болып табылады.
Бас бостандығынан айыру жазасының мақсаты - әлеуметтік әділдікті,
әділеттілікті қалпына келтіру, сондай–ақ қылмыс істеген адамдарды түзеу,
сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаза қылмыстарды істеуден
соң алдын ала сақтандыру болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына
келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны
түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі
болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру кезінде бас
бостандығынан айыру жазасы қолданылған жағдайда қылмыс істеген адамға
әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі,
келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің
жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, қылмысқа сай келетін, жаза
тағайындау болып табылады. Қылмыстық құқықта арнаулы сақтандырудың иелері
болады, бұған қылмыс істеп сотталғандар танылады.
Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу
фактісінің орын алмауын көздеуі болып табылады. Осы көздеген мақсатқа
жетудің құралы – сотталғандарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заң талаптарын
мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу
дегеніміз қылмыс істеп сотталған тұлғаның әлеуметтік, психологиялық
көзқарасын өзгертіп қылмысты құбылысқа, қоғам ережелерін бұзуға, еңбексіз
күн көріске деген пиғылдарын, жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс жолға салу
болып табылады.
Сондықтан да қылмыскерге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау
арқылы оны түзеу жазадан қорықса да қылмыс істемейтін, заң талаптарын қалт
жібермей мүлтіксіз орындайтын адам етіп қалыптастыру болып табылады. Ал
жазаның басқа бір мақсаты - басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру
болып табылады. Бұл яғни қылмыс істемеген, бірақ тәртіптік, әкімшілік құқық
қалыптарын бұзып, биморальдық күйге түсіп жүрген қылмыс істеуі мүмкін,
тұрақсыз элементтерге бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды
қылмыстық құқықта көрсетілген жазамен қорқыту арқылы және қылмыс
істегендерге жазаның сөзсіз қолдануын ескерту, қылмыстан сақтандырудың
жалпы түрі болып табылады.
Мұндай сақтандыру қылмыстық құқықтың тәрбиелік функциясының бір
көрінісі болып табылады. Қылмыстық құқық қалыптарының жеке түрлерінің
санкцияларында көрсетілген жазаларда қылмыс істеген кінәлі адамдарға
қолданбақшы болып қорқыту арқылы қылмыстық заң барлық азаматтарға, олардың
психологиялық сана–сезіміне әсер ету арқылы, олардың әлеуметтік
әділеттілікті, адам өмірінің қорғалуының, құқық тәртібін тағайындаудың
қажеттілігі туралы көзқарастарының қалыптасуына жағдайлар туғызды.
Сот сияқты қылмыстық құқықтағы бас бостандығынан айыру жазасы –
қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын
көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтық адамгершілік принципі
болып табылады. Осы жерде жазаның мақсаттары туралы заңның қалпының өзінде
қарама–қайшылық жоқ па екен деген заңды сұрақ туындайды. Бас бостандығынан
айыру жаза сотталған адамның құқықтарға мен бостандықтарына шек қою арқылы,
сөз жоқ, оның жанын қинайды, адамгершілік намысына тиеді.
Бұл түрде қарама–қайшылықты жою үшін жазаның мақсатын және құрамын,
мазмұнын дұрыс айыра білген жөн. Жаза қылмыстының жанын қинау немесе
адамгершілік намысына тиіп қорлау мақсатын тіпті де көздемейді. Сотталған
адамның құқықтары мен бостандықтарын заңда көрсетілген шекті қою жазаның
мазмұнын, ал арнаулы жеке жалпы сақтандыруды жүзеге асыру жазаның мақсатына
жету құрамын құрайды. Сотталған адамның қоғамнан оқшауланып, түзеу
мекемесінде жазасын өтеуі, әлбетте, оның жанын жеуі сөзсіз, бұл жазаның
жазалау элементтері болып табылады.

Негізгі бөлім

1. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша бас бостандығынан
айырудың түсінігі мен түрлері

Бас бостандығынан айыру сотталушыны колония – қонысқа жіберу жалпы,
қатаң ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен
оқшаулаудан тұрады[2].
Бас бостандығынан айыру негізгі жаза ретінде ҚК-ң Ерекше бөлігі
нормаларының 559 санкциясында қарастырылған[3].
Кез келген жаза - әр кезде де белгілі бір субъектіні қандай да болсын
өмірін интеллектерінен айыртады, ал бұл қайғыға ұшыратады. Бас
бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалғанда сотталушының құқықтық
жағдайы қоғамның басқа мүшелерімен салыстырғанда айтарлықтай шектеледі.
Атап айтқанда, ол саяси, еңбек, отбасы және басқа да құқықтарынан
шектеледі, ал заңмен қарастырылған жағдайларда арнайы мәжбүрлеу шараларына
ұшырауы мүмкін.
Өлім жазасын есептемегенде бас бостандығын айыру ең қатал жаза болып
табылады. Бас бостандығынан айырудың айтарлықтай қоғамдық қауіп төндіретін
қылмыс жасалғанда және қоғамнан оқшаулау жағдайларында ғана түзелуі мүмкін
тұлғаларға тағайындалуы кездейсоқ емес. Қазіргі кезде жазаның бұл түрі
қолданылу жиілігі бойынша жазаның барлық түрлерінің арасында бірінші орында
қалып отыр. Мысалы: 1996 жылы ол сотталған адамдардың 44,4 пайызына
қатысты қолданылған.
ҚК- 48 б. бас бостандығынан айырудың екі түрін белгілейді – бас
бостандығынан белгілі мерзімге айыру (мерзімді) және бас бостандығынан
өмір бойына айыру (мерзімсіз). ҚК-те қарастырылған қылмыстарды жасағаны
үшін белгілі мерзімге бас бостандығынан айыру төменгідей мөлшерде
тағайындалады:
- Бас бостандығынан айырудың ең аз мөлшері алты айға тең;
- Түзеу жұмыстарын немесе бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан
айырумен ауыстыратын жағдайда алты айдан кем мерзімге;
- Бас бостандығынан айырудың жалпы ең ұзақ мерзімі он бес жылға,
абайсызда жасалған қылмыс үшін – он жылға тең мерзімге;
- Өмірге қастандық жасалатын аса ауыр қылмыс үшін, сол сияқты соғыс
уақытында не ұрыс жағдайында жасалатын мемлекеттік сатқындық, бейбітшілік
пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар және ерекше ауыр әскери
қылмыстар үшін бас бостандығынан айыру жиырма жылға дейінгі мерзімге;
- Қылмыстар жиынтығы бойынша жаза мерзімдерін ішінара немесе толық
қосқан жағдайда және де ҚК-ң 49 б. 3–ші бөлігінде (кешірім жасау тәртібімен
өлім жазасын ауыстыру), ҚК-ң 69 б. 5–ші бөлігінде (жасаған қылмысы үшін
өлім жазасын тағайындалуы мүмкін адамға ескіру мерзімін қолдануды сот
мүмкін деп таппаса), ҚК-ң 75 б. 4–ші бөлігінде (егер сот өмір байы бас
бостандығынан айыруға сотталған адамға ескіру мерзімін қолдану мүмкін деп
таппаса) қарастырылған жағдайларда бас бостандығынан айыру – жиырма бес
жылға дейінгі шекте, ал үкімдер жиынтығы бойынша мерзімдерді ішінара немесе
толық қосқан жағдайда - отыз жылға дейінгі шекте тағайындалуы мүмкін[4].
Бас бостандығынан айыру мерзімі жылдармен және айлармен, ал жазаны
ауыстыру, қосу немесе есепке алу кезінде күндермен де есептеледі (ҚК-ң 62
б.).
Үкім заңды күшіне енгенге дейін тұлғаны қамауда ұстаудың мерзімі бас
бостандығынан айыру мерзіміне кіреді (ҚК-ң 62 б.).
Қылмыс жасалғаннан кейін психикалық аурумен науқастанған адамға
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған уақыт жаза мерзімін
өтеуге есептеледі (ҚК-ң 62 б. 6 б.).
Сотталған адамдар жазадан осы жазаның мерзімін өтеп болған соң және
заңмен бекітілген басқа негіздер бойынша да босатылады. Егер бас
бостандығынан айыру түріндегі жазаның мерзімі демалыс немесе мейрам күндері
аяқталатын болса, сотталған адам демалыстың алдындағы және мейрамның
алдындағы күні басталады.
Бас бостандығынан айырудың мерзімсіз түрі, яғни бас бостандығынан
өмір бойына айыру – жазаның жаңа түрі. Қарастырылып отырыған жаза Қазақстан
Республикасы ҚК-сі бойынша бас бостандығынан айырудан түрі болып табылады
және ол тек мына жағдайларда ғана тағайындалады:
а) өмірге қастандық жасалатын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін берілетін
өлім жазасына балама ретінде және сот өлім жазасын қолданбауға болады деп
ұйғарған жағдайларда, (ҚК-ң 48 б. 4 бөл.), сол сияқты ҚК-ң 49 б., 1 бөл.
аталған қылмыстарды жасағаны үшін тағайындалуы мүмкін. Бұл жөнінде ҚК-ң 48
б., 3 бөл. айтылған;
ә) кешірім жасау тәртібімен өлім жазасын ауыстыру жағдайларында (ҚК-ң
49 б., 3 бөл.);
б) өлім жазасына сотталған не өлім жазасы тағайындалуы мүмкін тұлғаға
ескіру мерзімін қолдану мүмкін болмаған жағдайларда (ҚК- тің 69, 79
баптары).
ҚК-ң 48 б. 3 бөл. мағынасы бойынша сот өмір бойына бас бостандығынан
айыруды белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруды жеткіліксіз, ал өлім
жазасын шектен тыс жаза деп тапқан жағдайларда тағайындайды. Сонымен, өмір
бойы бас бостандығынан айырудың қолданылуы біздің елімізде соттардың
қолданылатын өлім жазасының санын анағұрлым азайта түсуде.
Ізгілік қағидаларына сәйкес, өмір бойы бас бостандығынан айыру
әйелдерге, сондай-ақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бас бостандығынан айыру қылмыстық жаза түрі
«Бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының құқықтық сипаттамасы»
Бас бостандығын шектеудің қылмыстық жаза ретіндегі ерекшеліктері
Қылмыстық құқық теориясында пайда болған жаза түсінігін анықтау
Бас бостандығынан заңсыз айыру әрекетінің қылмыстық- құқықтық сипаттамасы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАЗАНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қылмыстық жаза
Республикасының азаматтығынан айыру
Қылмыстық жазаны қолдану - тек қана соттың құзыреті
Қылмыстық жазаның мақсаттары
Пәндер