Ағылшын тіліндегі құрмалас сөйлемдерді қолдану


Ағылшын тіліндегі құрмалас сөйлемдерді қолдану
Мазмұны
Кіріспе3
1 Лингвистика саласында құрмалас сөйлемнің түсінігі5
1. 1 Құрмалас сөйлемнің қалыптасуы5
1. 2 Құрмалас сөйлемдегі синтаксистік байланыстардың түрлері10
1. 3 Салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымы13
2 Ағылшын тіліндегі құрмалас сөйлемдердің қолдануы25
2. 1 Ағылшын тіліндегі құрмалас сөйлемдердің көркем шығармаларда қолданылуы25
2. 2 Сабақтастырушы және бағыныңқы жалғаулықтары бар құрмалас сөйлемдерді құрылымдық-семантикалық талдау43
2. 3 Джейн Остиннің «Pride and Prejudice» көркем шығармасындағы құрмалас сөйлемдердің қолдану ерекшеліктері. 51
Қорытынды60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі62
КіріспеБүгінгі таңда адамзат тарихының шексіз өрлеп, кемелденген заманында мәдениет пен өнер, саясат пен тіл салаларында халықаралық қатынастың дамып, жанданған уақытында салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімі ең өзекті де көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. Олай дейтініміз, тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеу әр тілдің өрнек бояуын, ұлттық ерекшелігін, қайталанбас қасиетін танып білуге жол ашады. Салғастырмалы тіл білімі мәдениет аралық қатынастың төрінен орын алып, халықтардың бір-бірімен түсінісу барысын жүзеге асыруға кеңінен ат салысады.
Еліміздің өркениетті, экономикасы жоғары дамыған елдер қатарына қосылуының бір кепілі - ана тіл тағдырына қамқорлық.
Осы орайда, дипломдық жұмыста ағылшын тілінің құрмалас сөйлемдердің қолданылу аясына зерттеу жүргіздік.
Екі не одан да көп жай сөйлемнен құралып, мағыналық, құрылымдық тұтастықта келетін сөйлем түрін құрмалас сөйлем деп атайды. Ағылшын тілінде құрмалас сөйлемдер құрайтын жай сөйлемдер clauses деп аталады.
Құрмалас сөйлем бар, не бірнеше жай сөйлемнен тұрады. Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлеммен жалғаулықтар арқылы немесе жалғаулықсыз байланысады.
Ағылшын тілінде тек кейбір жағдайларда ғана үтір қойылады. Олар төмендегідей:
А) жалғаулықсыз сөйлем тек дауыс ырғағы арқылы үтірмен бөлінеді.
Ә) жалғаулықты сөйлемдер шылаулар және дауыс ырғағы арқылы ажыратылады.
Құрмалас сөйлемдердің мәселесін әр түрлі жылдары, әр түрлі ғалымдар зерттеген болатын: Becker G. «Time Scales and Relativity», Bull W. E. «Time, Tense and the Verb», Bybee J. L. «Morphology: A Study of the Relation between Meaning and Form», Comrie B. «Tense», Dyke H. «McTaggart and the Truth about Time», Fischer R. A Biocybernetic and Psychopharmacological Approach // Time in Science and Philosophy», Givon Т. «Mind, code and context: Essays in pragmatics», Guillaume G. «Langage et science du langage», Б. А. Ильиш «Қазіргі ағылшын тіліндегі сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылымы», Ю. Р. Гепнер «Құрмалас сөйлемдердің құрылымында қатысушы жалғаулықтардың жіктелуі», Л. Л. Иофик «Предикативті бірліктер туралы», И. П. Конькова «Қазіргі заманғы ағылшын тіліндегі салалас құрмалас сөйлемдер», И. П. Верховская «Қазіргі заманғы ағылшын тіліндегі сабақтас құрмалас сөйлемдер туралы», «Құрмалас сөйлемнің теориясы туралы (ағылшын тілінің материалында) », Н. А. Бушуева «Екінші компонентінде when жалғаулығы бар құрмалас сөйлемдердің формальдық және семантикалық құрылымының сәйкессіздігі туралы».
Тақырыптың өзектілігі - тілдегі қазіргі күндегі лингвистикадағы құрмалас сөйлемдердің алатын орнына мән бере отырып, ағылшын тіліндегі құрмалас сөйлемдердің қолданылуы қарастырылды. Ағылшын көркем шығармаларындағы құрмалас сөйлемдердің қолданылу ерекшеліктері салыстырудың мәні зор.
Зерттеу жұмысының мақсаты - ағылшын тіл біліміндегі құрмалас сөйлемдердің, сабақтас және салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу ерекшеліктерін зерттей келе, оны ағылшын грамматикасындағы құрмалас сөйлемдердің жасалу және қолданылу аясымен салыстыру.
Қойылған мақсатқа келесі міндеттерді орындағаннан кейін ғана жетуге әбден болады:
- ағылшын тіліндегі құрмалас сөйлемдердің қолдануын қарастыру;
- ағылшын тіліндегі құрмалас сөйлемдердің көркем шығармаларда қолданылуына зерттеу жүргізу;
- Джейн Остиннің «Pride and Prejudice» көркем шығармасындағы құрмалас сөйлемдердің қолдану ерекшеліктерін талдау.
Зерттеу жұмысының пәні - ағылшын тілінің құрмалас сөйлемдерінің көркем шығармадағы қолданылуы.
Зерттеу жұмысының нысаны - Джейн Остиннің «Pride and Prejudice» көркем шығармасындағы құрмалас сөйлемдердің қолдану ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының әдістемелік материалдардың сипаттамасы, сондай-ақ зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері зерттеудің әдістері мен міндеттерін айқындады. Зерттеу жұмысы кешенді сипатқа ие, бұл бір жұмыстағы зерттелетін құбылысқа бірнеше әдістердің сәйкестенуімен негізделген. Жұмыс барысында сипаттаушы, салыстыру мен компоненттік талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы - ағылшын тілінің бүгінгі күндегі грамматикасында қалыптасқан құрмалас сөйлемдер, олардың түрлері, жасалу жолдары туралы ережелерді анықтай отырып, көркем шығармадағы құрмалас сөйлемнің қолданылу ерекшелігін зерттеу.
Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы - мұнда көрсетілген бақылаулар мен тұжырымдар ағылшын тіліндегі құрмалас сөйлемдері, олардың көркем шығармаларда қолданылуы туралы мәліметтерді күнделікті қолданысқа енгізуге мүмкіндік береді. Мұның ағылшын тілін меңгеріп жүргендерге, ағылшын тілі саласындағы мамандар үшін маңызды болып табылады.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы мынаған негізделген: зерттеудің нәтижелері ағылшын практикалық курстарында, жалпы шет тілін меңгеру саласында, мәдениеттануда, құрмалас сөйлемдер туралы арнайы курстар мен арнайы семинарларда, дипломдық, курстық жұмыстарда қолданыла алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы - кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Лингвистика саласында құрмалас сөйлемнің түсінігі 1. 1 Құрмалас сөйлемнің қалыптасуыДәстүрлі синтаксистің негізгі бірлігі сөйлем болып табылады. Ойлау мен қарым-қатынастың қажеттілігі тілде ерекше синтаксистік туындыларды жасады, олар бірнеше біріктірілген сөйлемдерден тұрады. Бұл синтаксистік туындылар құрмалас сөйлемдер деп аталады.
Соңғы 70-80 жылдар бойы құрмалас сөйлемнің синтаксисі бойынша ойларын айтқан болатын, соның ішінде ғылымда құрмалас сөйлемдердің салалас және сабақтас құрмалас сөйлем болуы туралы өз ойларын білдірген.
Құрмалас сөйлемнің мәселелері бойынша кейбір жалғаулықтар өте сирек қолданылса, ал басқа жалғаулықтар мүлдем қолданылмайды.
Әр түрлі грамматистер қазіргі кезде ағылшын тілінде қолданылып жүрген жалғаулықтардың әр түрлі санын айтады. 1962 жылы В. И. Жельвистің келтірілген есептеулерінде құрмалас сөйлемдердің жалпы саны, әр түрлі мәліметтер бойынша - 52 және 57. Егер де осы мәліметтерге сүйенетін болсақ, қазіргі кезде ағылшын тілінде 50-ге жуық жалғаулықтар бар. Өте жиі қолданылатын - that және and жалғаулықтары, олардың үлесіне барлық қолданылатын жалғаулықтардың 53% тиесілі [1, 47 б. ] .
Сонымен бірге құрмалас сөйлемнің бөлшектері арасындағы мағыналық қатынастардың саны өте үлкен және тілдегі бар жалғаулықтардың санынан асып түседі. Бұған қосатын жайт, ойлау мен тілдің дамуымен мағыналық қатынастардың саны жаңа жалғаулықтардың санынан да артып келеді. Мұның бәрі бір жалғаулықтың әр түрлі қызмет атқаруына алып келеді. Мысалы, тек бағыныңқылық байланысты білдіріп келген жалғаулықтар сабақтастыру мағынасын білдіруде қолданылып келеді және керісінше. Сонымен қатар, тілде жалғаулықтардан басқа құрмалас сөйлемнің бөлшектері арасындағы байланысты білдіретін басқа қатынас құралдары бар. Нәтижесінде қазіргі ағылшын тілінде көптеген құрмалас сөйлемдердің саны пайда болуда, олардың бөлшектері арасындағы қатынастарды ешқандай жіктеуге алып келе алмаймыз.
Құрмалас сөйлем - сөйлемдердің құрылымдық бір түрі. Құрмалас сөйлем деп екі немесе одан да жай сөйлемдерден құралып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді айтады.
Ағылшын тіліндегі құрмалас сөйлемдердің мәселесін, байланыстардың сабақтастырушы және салалас бөліну мәселесін мынадай ғалымдар ерекше назар аударып зерттеген болатын: Becker G. «Time Scales and Relativity», В. И. Жельвис «Тілде сабақтас және салалас байланыстар болуы мүмкін бе? (ағылшын тілінің материалының негізінде) », Б. А. Ильиш «Қазіргі заманғы ағылшын тіліндегі күрделі бағыныңқы құрмалас сөйлемнің құрылымы», Bull W. E. «Time, Tense and the Verb», Л. Л. Иофик «Предикативті бірліктердің салаласуы туралы», И. П. Конькова «Қазіргі заманғы ағылшын тіліндегі күрделі сабақтас байланысты сөйлем», Bybee J. L. «Morphology: A Study of the Relation between Meaning and Form», Comrie B. «Tense», Dyke H. «McTaggart and the Truth about Time», Givon Т. «Mind, code and context: Essays in pragmatics», Guillaume G. «Langage et science du langage», И. П. Верховская «Қазіргі заманғы ағылшын тіліндегі салалас құрмалас сөйлемдердің жіктелуі туралы», Я. Г. Биренбаум «Ағылшын тіліндегі құрмалас сөйлемдер», «Құрмалас сөйлемнің теориясы жайында (ағылшын тілінің материалының негізінде) », Н. А. Бушуева «when енгізілетін құрмалас сөйлемнің екінші компонентінің формальды және семантикалық құрылымымен сәйкес келмеуі» [2, 58 б. ] .
Синтаксисті грамматиканың бір саласы деп түсініп, оны алғаш сөз еткен адам - жыл санауымыздың екінші ғасырында өмір сүрген Александрия тіл зерттеушілерінің көрнекті өкілдерінің бірі - Аполлони Дискол. Дискол синтаксистің объектісін айқындау, сөйлем, сөйлем мүшесі дегендерді ғылыми тұрғыда шешу тәрізді мәселелермен айналыспаған, ол, негізінде байланысын, байланысудың жолдарын қарастырған.
Синтаксисті сөйлем туралы ілім деп танып, оны мүшелерге жіктеу мәселелерімен ғылыми тұрғыдан кеңірек айналысқандар XIX ғасыр тіл білімінде пайда болған қисындық бағыт өкілдері болды. Олар синтаксистік ұғымдарды формалды логиканың мүддесі тұрғысында, соған тәуелді мәнде қарады, синтаксистің міндеті логикалық категориялардың тілдегі баламасын айқындау деп түсінді. Сөйлемге болсын, оның мүшелеріне болсын анықтама беруде бірден-бір сүйеніш - қисын заңы деп білді [3, 29 б. ] .
Синтаксис ғылымының басқа да салалары сияқты құрмалас сөйлем синтаксисінің де зерттейтін өзіндік күрделі объектісі бар. Адам сөйлегенде бір-біріне байланыссыз жеке сөйлемдерді ғана айтпайды, оның сөйлеуі бір-біріне жалғасып, өзара ұштасып жататын сөйлемдер тізбегі түрінде болады. Тізбек құрамындағы сөйлемдердің бір-бірімен жалғасуында қалыптасқан мағыналық және құрылымдық заңдылықтар бар. Құрмалас сөйлем синтаксисінің міндеті - сол заңдылықты ашып-айқындау. Басқаша айтқанда, құрмалас сөйлем синтаксисінің міндеті - жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзара ұласып, күрделі бір сөйлемге айналуы сол арқылы бір ойды екінші ойға жалғастырып, күрделі бір ойды білдірудің жолдарын, амал-тәсілдерін зерттеу. Бұл жағынан алғанда, құрмалас сөйлем синтаксисінің жай сөйлем синтаксисінен елеулі өзгешелігі бар: жай сөйлем синтаксисі, негізінде, жеке ұғымды білдіретін сөздердің өзара тіркесіп, сөйлем болу жолдарын тексерсе, құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ойды білдіретін сөйлемдердің бір-бірімен ұласып, құрмалас сөйлем болу жолдарын, құрмалас сөйлемнің өзіндік сипаттары мен түрлерін тексереді. Сөйтіп, бірінің объектісі - ұғымдар тіркесі болса, екіншісінің объектісі - ойлар тіркесі, яғни сөйлемдер тіркесі. Сөйлемнің бұл екі түрінің әрқайсысы өз мүшелерінің бір-бірімен байланысу жолдарын, амал-тәсілдерін зерттейді.
Құрмалас сөйлем синтаксисі жай сөйлемдердің өзара бірігіп, күрделі ойды білдіретін бір сөйлем, яғни құрмалас сөйлем болуын зерттеумен ғана тынбайды, сонымен бірге бірнеше сөйлемдер тіркесінен құралатын синтаксистік күрделі бірлікті де қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда, құрмалас сөйлем синтаксисінің объектісін құрмалас сөйлем, синтаксистік күрделі бірлік деп екі топқа бөлуге болады.
Тілдік категориялардың басқа да түрлері сияқты құрмалас сөйлемдердің де өзіне тән қалыптасу, даму тарихы бар. Марксизм классиктерінің пікірінше, тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз байланысты. Ой атаулының қандайы болса да тіл арқылы қалыптасып, тіл арқылы, тілдік материалдар арқылы өмір сүріп, басқаларға жеткізіледі. Сондықтан тіл ойдың тікелей шындығы, ал ой шындығы тек тіл арқылы ғана көріне алады дейміз [4, 96 б. ] .
Тілдік категориялар ішінде ойды білдіретін бірден-бір көрсеткіш - сөйлем. Сөйлемге «біршама аяқталған ойды білдіреді» деп анықтама беретініміздің себебі де сол. сөйлем мен ой - бірі форма, екіншісі - соның мазмұны ретінде өзара тығыз байланыста, берік бірлікте болатын категориялар. Бұл екеуі де қоғамның өмір сүрген кезеңіне сай сол қоғамның материалдық, идеялық дамуына, соның қажетіне қарай бірте-бірте дамып отыратын қоғамдық құбылыс. Сөйлем ойдың формасы, ой сөйлемнің мазмұны болғандықтан, бұл екеуінің қалыптасу, даму тарихын да бірлікте деп қараған жөн. Ой дамып жетілмеген, күрделенбеген замандарда күрделі ойдың көрсеткіші болып табылатын сөйлемдердің, яғни құрмалас сөйлемдердің болуы да мүмкін емес. Құрмалас сөйлем адамның ой өрісінің, дүние тануының кеңейіп, күрделі ойлардың туып, дамуына байланысты, сол ойдың көрсеткіші ретінде қалыптасып дамыған [5, 34 б. ] .
Тіл дамуының қазіргі дәуірінде тілдерде құрмалас сөйлемнің неше алуан күрделі түрлері кездеседі. Бірақ солардың бәрі бірдей белгілі бір уақыт ішінде, бірден пайда болмаған. Әр тілдің өзіндік даму заңына лайықты бірте-бірте қалыптасып жетілген.
Көрнекті ғалымдардың айтуына қарағанда, тіл дамуының көнерек заманында сөйлем құрамындағы сөздерді, сол сияқты жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын қазіргі ағылшын тіліндегідей дәнекерлер, тәсілдер болмаған. Ол уақыттағы сөздер, сөйлемдер арасында қазіргі ағылшын тіліндегідей бірі екіншісіне меңгеріліп, тәсілдер болмаған. Сөздер, сөйлемдер байланысындағы басым тәсіл - олардың тұрған орындарына, мағына желілерінің жақындықтарына қарай бір-бірімен қабыса, іргелесе байланысу тәсілі болған. Сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің бір-бірімен байланысы, арақатынасы тығыз, берік болмағандықтан, оларда дербестік, бір-біріне тәуелсіздік күшті болған [6, 27 б. ] .
Тіл дамуының алғашқы кезеңдерінде сөйлем құрамына енген сөздердің байланысында дербестіктің, бытыраңқылықтың басым болғаны сияқты, олардың бір-біріне оқшау сөйлемдер арасында да кездесетінін, синтаксистік құрылымдарды бір-бірімен байланыстыратын жалғауыш дәнекерлердің де болмағанын Үндіевропа тілінің синтаксисін зерттеген ғалымдар көрсеткен.
Өзінің «Кіріспесінде» А. Мейе көне заманда үндіевропа тілінде екі сөйлемді бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарған белгілі бір дәнекерді білдірерлік ешқандай іздің жоқтығын айта келіп, көп жағдайда, мүмкін барлық жағдайда да шығар, Цезарь айтыпты-мыс (дейтін келдім, көрдім, жеңдім), деген сияқты сөйлемдер қатар тұрып, біріне-бірі тіркесіп айтылатын болған деп жазады. Дәл осы тәріздес пікірлерді европалық тілдер синтаксисін зерттеген басқа лингвист ғалымдар да айтқан [7, 38 б. ] .
Кейінгі кездерде сөйлемдерді бір-біріне сабақтастыра байланыстыру арқылы берілген күрделі ойдың ертеде өзара грамматикалық байланысы жоқ дербес сөйлемдер арқылы берілгені орыс тілі синтаксисін зерттеуге арналған әдебиеттерде де жазылған. Мысалы, Grunbaum A. «The Status of Temporal Becoming» еңбегінде, ағылшын тілінің көне жазбаларында синтаксистік байланыстың сабақтас (меңгерілу) түріне қарағанда, салалас түрінің көп кездесетіні, ол кездерде сабақтастырушы жалғаулықтардың болмағандығы айтылады. Hirtle W. H. «Time» ағылшын тілінің балаң кезіндегі сөздер мен сөйлемдер байланысында меңгеру, меңгерілу тәсіліне қарағанда, тұрған орнына қарай жанаса байланысу амалдары, сөйлемдердің дербестіктері қазіргіге қарағанда әлдеқайда басым болған дегенді айтады. Тіл дамуының көне заманында сөздер мен сөйлемдер байланысының нашар, синтаксистік элементтер арасында дербестік пен оқшауланушылықтың басым болғандығын лингвистикада соңғы жылдары жиірек аталып жүрген «Introduction to Theoretical Linguistics» деген мақаласында Lyons J. де айтқан. Осы мақаласында Lyons J. тетелес тұрған екі жай сөйлемнің салаласу негізінде бір-біріне қосылуы, бірігуі құрмалас сөйлем дамуының бірінші жолы дегенді айтады. Мұның, шынында да, солай екенін лингвистердің көпшілігі бекерге шығармайды [8, 57 б. ] .
Сөз байланысының, сөйлем құрылысының жоғарыда айтылғандай алғашқы түрін білдіретін түркі жазу нұсқасы біздің заманымызға жеткен жоқ. Түркі тілдерінің ең көне жазу нұсқасы деп есептеліп жүрген руникалық жазбалар алдыңғы айтылғандарға қарағанда едәуір жетілген, сөздер байланысының, сөйлем құрылыстарының қазір де бар бірсыпыра түрлерін қамтитын ескерткіштер. Дегенмен ертеректегі сөздер мен сөйлемдер байланысындағы басым тәсіл - салалас байланыс екенін, синтаксистік элементтер арасында жекелік, оқшауланушылық, дербестік, басқаға тәуелсіздік басым болғандығын байқатарлық мысал түркі жазбаларында да кездеседі [9, 36 б. ] .
Осындай жай сөйлемдер тіркесі, яғни паратаксистік қатар ағылшын ертегілері синтаксисіне де тән. Бұл фактілерге қарағанда, Lyons J. жоғарыда келтірілген пікірінің дұрыстығы күмән туғызбайтын тәрізді [10, 32 б. ] .
Айтылғандарды жинақтай келе, мынадай түйін шығаруға болады. Құрмалас сөйлемнің алғашқы түрі бір-бірімен мағыналық жағынан да, грамматикалық жағынан да нашар тіркескен, жеке, дербес жай сөйлемдердің өзара салаластық негізде байланыса айтылуынан пайда болған да, кейінірек сол салаластың негізінде компоненттері әр түрлі дәнекерлер арқылы бір-бірімен бағына байланысатын сабақтас сөйлемдер қалыптасқан. Бұл ғылымда гипотаксис деп аталады [11, 136 б. ] .
Сөйтіп, компоненттері бір-бірімен нашар байланысатын, әрқайсысы өз дербестіктерін сақтап тұратын құрмалас сөйлемнің бастапқы көне түрінің орнына компоненттері бір-бірімен тығыз жымдасып, бірлікте тұратын жаңа түрі шыққан.
Құрмалас сөйлемнің әр алуан, күрделі түрлерінің қалыптасып, дамуы жазу тілі мен әдеби тілдің өркендеуіне байланысты. Өйткені: «Сөйлеу тілі сөйлемді онша ұластыруды, күрделендіруді көтермейді» [12, 56 б. ] .
Ауызекі тіл сөйлемнің ықшамды болып келуін керек етеді. «Көне замандағы тілдерде, мысалы, ру, тайпа тілдерінде, тіпті қарапайым халық тілінде де сөйлемдерді белгілі грамматикалық, стильдік жүйелі тәсілдермен құрмаластырылып, ұластырылып айтудан гөрі, жай сөйлемді дара, жеке айту дағдысы күшті болған. Керісінше, қиюластырып, күрделендіру әдеби тілге тән» [13, 16 б. ] .
Бірақ сол қиюластырудың, күрделендірудің өзі де әр дәуірде әр түрлі сипатта болса керек. Ағылшын тілінің шын мағынасындағы әдеби тіл, жазба тіл, ғылым-білім, техника тілі болып қалыптасуы, әсіресе, кеңес дәуірінің жемісі екені белгілі. Бұл дәуір ішінде ағылшын тілінің басқа да салалары сияқты құрмалас сөйлемдер де дами түсті. Бірақ дамығанда, жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластырудың бұрын болмаған жаңа түрі, тың тәсілі арқылы емес, қазіргі ағылшын тілінің әдеби тілінде кездесетін құрмаластырушы дәнекерлердің қай-қайсысы да өткен ғасырдың өзінде де болған. Мұндағы жаңалық сол бұрынғылар функциялық жақтан жетілсе, дәлдене, кейбіреулері активтене түскен. Мұндағы бірден көзге түсетін өзгешелік - сөйлем құрылысындағы сымбаттылық, сомдылық, шымырлық, пікір қайталауды, орынсыз ежіктеуді туғызатын басы артық элементтердің жоқтығы, синтаксистік тұлғалардың қалыптасқан заңды орындардан табылып, бір-бірімен жымдаса, кіріге байланысуы, сөйтіп сөйлемнің олпы-солпысыз, бас-аяғы жинақы болып келуі.
Бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда, құрмалас сөйлем көркем туындыларда болмаса, публицистикалық еңбектерде сирек кездеседі. Қазіргі ағылшын жазба тілінде, әсіресе, мерзімді баспаларда жиі қолданылатын ең актив түрі - орта көлемді жайылма сөйлемдер.
Сонымен қатар профессор төл сөзден жасалған аралас құрмалас сөйлемдердегі «деп, деді, деген, еді» көмекшілерінің ерекшеліктері бар, мұндағы көмекшілердің атқарар рөлі зор. Ол алдыңғы сөйлемді бірге тиянақсыз, бірде тиянақты етіп тұрса, енді бірде алдыңғы сөйлемдер «соңғы деп еді етістіктердің орауына түсіп, бір-ақ сөйлем есебінде» айтылады.
Ағылшын тіліндегі құрмалас сөйлемдер табиғатын танытудағы, оның негізгі белгілерін көрсетудегі, сөздердің синтаксистік қатынасқа түсуі, сабақтастарды, араластарды ажыратудағы пікірлерінің құндылығымен ерекшеленеді.
Тілдік категориялардың басқа да түрлері сияқты құрмалас сөйлемдердің де өзіне тән қалыптасу, даму тарихы бар. Ой атаулының қандайы болса да тіл арқылы қалыптасып, тіл арқылы, тілдік материалдар арқылы өмір сүріп, басқаларға жеткізіледі. Сондықтан тіл ойдың тікелей шындығы, ал ой шындығы тек тіл арқылы ғана көріне алады дейміз.
1. 2 Құрмалас сөйлемдегі синтаксистік байланыстардың түрлеріҚұрмалас сөйлемнің ішіндегі сөйлемдерді біріктіру және олардың арасындағы әр түрлі қатынастарды орнату Maturana H., Valera F. J. ойынша көптеген синтаксистік құралдардың көмегімен іске асырылады. Оларға мыналар жатады: интонация, жалғаулықтар, жалғаулықты сөздер, сәйкес есімдікті сөздер, сөйлемдердің реті, шақтар мен жіктелулерді қолдану, лексикалық және фразеологиялық элементтер [14, 92 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz