Этникалық менталитеттің көрінісіндегі ағылшын, орыс, қазақ парамеяларындағы фитонимдер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

Диплом жұмысы

Тақырыбы: Этникалық менталитеттің көрінісіндегі ағылшын, орыс, қазақ парамеяларындағы фитонимдер

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1 ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР МЕН ЭТНИКАЛЫҚ МЕНТАЛИТЕТ5

1. 1 Лингвистикалық пән ретіндегі фразеологияның негізгі даму сатылары5

1. 2 Пәннің негізгі әдістемелері мен фразеологияның мәні17

1. 3 Тілдің әлеуметтік стратификациясы21

1. 4. Паремиялар этникалық негізделген тілдің қызмет бөлігі тәріздес25

1. 5 Ағылшынша, орысша, қазақша парамеялар26

2 ФИТОНИМДЕР: ЖІКТЕЛУІ МЕН ДОМИНАНТТАРЫ29

2. 1. Ағылшын, орыс, қазақ фразеологияларындағы парамиологиялық константалардың мәселелері (фитонимдер) 29

2. 2. Толық жіктелу негізіндегі доминант кластерлердің сипаттамасы48

3 ФИТОНИМДЕР: ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТАЛДАУ59

3. 1. Құрамында фитонимдері бар паремиялардың синтаксистік құрылымын талдау59

3. 2. Ағылшын, орыс, қазақ паремиологияларындағы лексемаларды талдау66

ҚОРЫТЫНДЫ70

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ73


КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда адамзат тарихының шексіз өрлеп, кемелденген заманында мәдениет пен өнер, саясат пен тіл салаларында халықаралық қатынастың дамып, жанданған уакытында салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімі ең өзекті де көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. Олай дейтініміз, тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеу әр тілдің өрнек бояуын, ұлттық ерекшелігін, қайталанбас қасиетін танып білуге жол ашады. Салғастырмалы тіл білімі мәдениетаралық қатынастың төрінен орын алып, халықтардың бір-бірімен түсінісу барысын жүзеге асыруға кеңінен ат салысады.

Еліміздің өркениетті, экономикасы жоғары дамыған елдер қатарына косылуының бір кепілі - ана тіл тағдырына камқорлық.

Қазақ тілін басқа да шетел тілдерімен салғастыра карастыруды дамыту - ана тіліміздің қолданылу аясының кеңейіп, мемлекеттік тіл ретіндегі статусы мерейінің үстем болуына үлкен әсер ететіні сөзсіз.

Бүгінгі күндегі тіл білімі ғылымының басым бағыты тілді адаммен, оның санасымен, ойлау жүйесімен және рухани-практикалық қызметімен тығыз байланыста оқу болып табылады, ол «антропологиялық тіл білімі ғылымы» деген атқа ие болған. Антропологиялық тіл білімі ғылымының негізі міндеті - тұлғаның және этностың тілі мен ділі арасындағы өзара байланысты анықтау.

Тілдердің паремиологиялық қабаты өте қызықты мәлімет болып табылады, мұнда бірден «тіл-мәдениет-этнос» көрінеді.

Тақырыптың өзектілігі тілдегі (соның ішінде парамиологиядағы) адамның көптеген сұрақтардың өңделмей қалуына негізделген. Берілген мәселені жетілдіру парамиологиядағы этникалылықты зерттеу, ағылшын, орыс, қазақ тілдеріндегі әлем тілдерінің ерекшеліктерін, механизмдерін анықтау үшін табысты болып келеді. Парамияларды салыстырудың теңдесі жоқ әдісін ойлап табудың қажеттілігі туындауда.

Зерттеудің мақсаты: адамды сипаттайтын ағылшын, орыс, қазақ парамияларының фитонимдермен ғылыми жүйеленуін, олардың этникалық өзгешелігінің сипатталуын анықтау.

Қойылған мақсатқа келесі міндеттерді орындағаннан кейін ғана жетуге әбден болады:

- лингвистикалық пән ретіндегі фразеологияның негізгі даму сатыларын, мәні мен мағынасын қарастыру;

- тілдің әлеуметтік стратификациясын талдау;

- ағылшынша, орысша, қазақша парамеяларды анықтау;

- фитонимдер: жіктелуі мен доминанттарын қарастыру;

- ағылшын, орыс, қазақ фразеологияларындағы парамиологиялық константалардың мәселелерін зерттеу;

- құрамында фитонимдері бар паремиялардың синтаксистік құрылымын талдау;

- ағылшын, орыс, қазақ паремиологияларындағы лексемаларды талдау.

Зерттеу объектісі: адамның өмірін сипаттаушы ағылшын, орыс, қазақ парамеялары. Берілген зерттеу жұмысында біз фразеологизмдердің кең түсінігін қарастырамыз.

Зерттеу пәні: фитонимдердегі ағылшын, орыс, қазақ парамиялары.

Тілдік материалдардың сипаттамасы, сондай-ақ зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері зерттеудің әдістері мен міндеттерін айқындады. Зерттеу жұмысы кешенді сипатқа ие, бұл бір жұмыстағы зерттелетін құбылысқа бірнеше әдістердің сәйкестенуімен негізделген. Жұмыс барысында сипаттаушы, логикалық-түсіндірмелік, салыстыру мен компоненттік талдау әдістері қолданылды. Тұжырымдамалық және мәдени талдаудың әдістері, материалды өңдеудің статистикалық әдістеменің элементтері қолданылды. Берілген жұмыста кластерлік талдау әдісі қолданылды, ол ағылшын, орыс, қазақ парамиологияларының әлем тілдерінің көрінісіндегі фрагменттерін, олардың қатынастарын көрсетуге мүмкіндік берді.

Ғылыми жаңалығы: ағылшын, орыс, қазақ парамияларының этникалық аспектісі туралы монографиялық жұмыстың болмауы, ағылшын, орыс, қазақ этникалық менталитетін лингвистикалық әдіспен зерттеу, парамеяларды салыстырудың жаңа әдісі - кластерлік талдау әдісін қолдану.

Зерттеуге арналған эмпирикалық материалдың базасы ағылшын, орыс, қазақ мақал-мәтелдерінің бір тілдік және екі тілдік сөздіктерінен біріңғай таңдау әдісі арқылы жасалған фитонимдермен бірге ағылшын, орыс, қазақ парамеялары болып табылады.

Жұмыстың теориялық құндылығы: мұнда көрсетілген бақылаулар мен тұжырымдар ағылшын, орыс, қазақ парамеялары туралы мәліметтерді күнделікті қолданысқа енгізуге мүмкіндік береді. Бұл «Тілдегі адам факторы», «Тіл мен мәдениет», «Тіл мен менталитет», «Парамиологияяның идеографикалық сипаттамасы» мәселелерімен жұмыс істейтін лексикологтар, лексикографтарғ тілдің, мәдениеттің теоритиктері үшін маңызды болып келеді.

Жұмыстың практикалық құндылығы мынаған негізделген: зерттеудің нәтижелері идеографикалық сөздік жасау кезінде, ағылшын, орыс, қазақ лексикалық, практикалық курстарында, жалпы тіл білу бойынша саласында, мәдениеттануда, паремиология туралы арнайы курстар мен арнайы семинарларда, дипломдық, курстық жұмыстарда қолданыла алады.

Жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсаты мен міндеті арқылы анықталады. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден, ағылшын, орыс, қазақ паремеяларында қолданылатын фитонимдердің тізімінен, фитонимдері бар ағылшын, орыс, қазақ паремеяларының синтаксистік құрылымының кестесінен тұрады.


1 ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР МЕН ЭТНИКАЛЫҚ МЕНТАЛИТЕТ
1. 1 Лингвистикалық пән ретіндегі фразеологияның негізгі даму сатылары

Фразеология (грек. phrasіs - сөйлемше, logos - ұғым) - 1) тілдегі тұрақты тіркестерді қазіргі және тарихи даму тұрғысынан тексеретін тіл білімінің саласы; 2) бір тілдегі тұтас Фразеологиялық қор.

Фразеологияның қалыптасуындағы объективті және субъективті факторлар - фразеологиялық мағынаның коммуникативтік жағдайларға бейімделуі және сөйлеу кезіндегі сөз тіркестерінің туынды мағынаға ие болуы. Ал сөздің жанамалық қатыста номинацияға ұшырауы, ұғым мен түсінікті тереңдетудегі танымдық қызмет пен жүйе, әлеуметтік жағдайдағы мәдени ұлттық ерекшеліктерді көрсету, т. б. фразеологияның басты міндеттері болып саналады. Фразеология негізінен психология, философия, тарих, этнографиямен тығыз байланысты. Қазіргі кезде фразеологизмдерді кең ұғымда түсінуді жақтаушылар фразеологияның зерттеу аясын кеңейтуді ұсынуда. Фразеологияны семантикалық дәрежелер қатарында фразеологизмдердің антонимді, синонимді, омонимді, көп мағыналы құбылыстарына талдау жасайды. Фразеология тұрақты тіркестердің эмоционалды-экспрессивті ерекшеліктеріне орай, олардың қолданылу аясында стильдік дәрежелену сатысын айқындап, жалпы стильдік қызметін саралайды. Фразеология фразеологиялық тіркестердің белгілерін анықтау принциптері мен әдістерін басшылыққа ала отырып, фразеологиялық тіркестердің сөздерде толық тұжырыммен сипатталуына назар аударады. Компоненттер бірлігі Фразеологиялық мағынаны түсіну үшін аналитикалық талдау, фразеологизмдердің семантикалық, тақырыптық жүйеленуі, жеке сөздің компоненттер құрылымындағы орны фразеологиялық факторлармен дәлелденуді қажет етеді. Фразеология бұрыннан қалыптасқан зерттеу әдістерін жетілдіре отырып, фразеологизмдердің семантикалық-синтаксистік құрылымын басқа ұқсас жағдайлардан ажырату үшін фразеологиялық тіркес шегін белгілеп зерттейді. Түркі фразеологиясында фразеологизмдердің тұлғалық, мағыналық, тақырыптық жақтарының күрделілігіне қарай ғылыми ізденістерде зерттеу әдістерінің бағыт-бағдары әр түрлі. Фразеологияда елтануға негізделген лингвистика фразеологизмдер арқылы жүзеге асырыла бастады. Яғни, ұлт мәдениетін болмыс ұғымының аясында таныту мақсатында тілдің жинақтау қызметі арқылы фразеологизмге этнолингвистикалық талдау жүргізу. Фразеологизмдер стилистикамен тығыз байланысты болғандықтан, оларды тіл білімімен қатар әдебиеттану ғылымы да зерттейді [1, б. 45] .

Фразеологизмдер - тіл атаулының бәріне тән құбылыс. Тілдердің, әсіресе, құрылымы әр түрлі туыстас емес тілдердің фразеологизмдерін кешенді түрде салғастыра зерттеу - салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімінің қызықты, әрі келешегі мол саласы.

Фразеология саласын тіл білімінің жеке пәні ретінде қалыптастыруда, оның нысандарын, тілдегі орны мен табиғатын зерттеу әдістерін анықтауда, маңызды теориялық тұжырымдар жасауда көптеген отандық және шетелдік ғалым лингвистердің енбектері ерекше орын алады. Олардың ішінде Копыленко М. М., Кеңесбаев I., Қайдаров А. Т., Сәбитова М. Т., Чернышева И. И., Флейшер В., Добровольский Д., Исабеков С. Е., Сәтенова С. К., Смағұлова Г. Н., т. б. атақты ғалымдардың жалпы және салыстырмалы-салғастырмалы фразеология саласының дамуына қосқан үлестері орасан зор.

Тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеу олардың бір-бірімен ұқсастық, бір-бірінен айырмашылық заңдылығын анықтауға, тілдің ұлттық қасиеттерін тереңірек түсінуге, жалпы және жеке аударма теориясының қалыптасуына зор мүмкіндіктер береді.

Тілдерді, әсіресе, үнді-еуропа тілдерінің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық, т. б. жүйелерін типологиялық салғастырмалы әдісімен зерттеу XX ғасырдын екінші жартысынан басталып, бүгінгі таңда бұл бағыт салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімі ретінде өз алдына лингвистикалық жеке сала ретінде қалыптасып отыр.

Тіл біліміндегі салыстырмалы-салғастырмалы әдісті қолдану арқылы әртүрлі туыстас және туыстас емес тілдердің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, фразеологиялық т. б. жүйелерін салыстырып, салғастырып зерттеуге болады. Бұл әдістің түп төркіні ХІХ ғасырдың басынан бастап туыстас тілдер семьясы мен тобы, олардың туыстық қатынасы мен дәрежесін зерттеуге арналған салыстырмалы-тарихи әдісте жатыр. Салыстырмалы-тарихи әдіс туыстас тілдердің деректерін салыстыра тарихи тұрғыдан зерттеп, ондағы лексикалық және грамматикалық құбылыстардың шығу тегі, өзгеруі мен дамуын және түп тегінің бірлігін анықтау үшін қолданылған.

Кейіннен осы атақты әдістің нәтижелері мен деректерін есепке ала отырып, тіл білімінің жаңа принциптері айқындалды, бұрынғы деректер жаңа мәліметтермен толықтырылды. ХХ ғасырда салыстырмалы әдіс арқылы туыстас емес тілдерді де салғастыра зерттеуге болады және зерттеу керек деген пікір кең өріс алды. Бұл әдістің соңғы жылдары кең тарағандығы соншалық, тіпті осыған байланысты тіл білімінің жаңа тараулары, зерттеудің жаңа бағыттары пайда болды: салыстырмалы-салғастырмалы фонетика, салыстырмалы-салғастырмалы лексикология, салыстырмалы-салғастырмалы грамматика, салыстырмалы-салғастырмалы фразеология тілдің тағы сол сияқты басқа салалары өз алдына дербес пән ретінде қаралып, талай ғылыми еңбектердің негізгі нысандары болды [2, б. 18] .

Тіл білімінің басқа салалары сияқты фразеология да бүгінгі таңда терезесі тең, дербес пәнге айналып отыр. Фразеология саласын тіл білімінің жеке саласы ретінде қалыптастыруда, оның нысандарын, тілдегі орны мен табиғатын зерттеу әдістерін анықтауда, маңызды теориялық тұжырымдар жасауда көптеген отандық және шетелдік ғалым-фразеологтардың еңбектері ерекше орын алады. Н. И. Амосова, А. В. Кунин, И. И. Чернышева, В. Флейшер (W. Fleischer), М. М. Копыленко, І. Кеңесбаев, А. Т. Қайдар, А. Д. Райхштейн, С. Е. Исабеков, С. К. Сатенова, З. Қ. Ахметжанова, Д. Добровольский, М. Сабитова, К. К. Дүйсекова т. б. атақты ғалымдардың жалпы және салғастырмалы фразеология мәселелеріне арнап жазған құнды-құнды еңбектері жарық көрді.

Бүгінгі таңда адамзат тарихының шексіз өрлеп, кемелденген заманында, мәдениет пен өнер, саясат пен тіл салаларында халықаралық қатынастың дамып, жанданған уақытында салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімі өзекті де көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Тілдерді салыстыра -салғастыра зерттеу әр тілдің өрнек бояуын, ұлттық ерекшелігін, қайталанбас қасиетін танып білуге жол ашады. Осындай зерттеулер мәдениетаралық қатынастың төрінен орын алып, халықтардың бір-бірімен түсінісу барысын жүзеге асыруға кеңінен ат салысады [3, б. 79] .

Еліміз егемендік алып, әлемдік өркениет биігіне ұмтылып отырған заманда, жоғары дамыған Еуропа елдерімен саяси, экономикалық, мәдениаралық қарым-қатынастың дамып отырған уақытында - қазақ тілін Еуропаның беделді тілдерінің бірі ағылшын тілімен салғастыра зерттеу - баға жетпес құнды дүние.

Соңғы 10-15 жыл ішінде қазақ тілі фразеологиясын герман (неміс, ағылшын) тілдері фразеологиясымен салғастыра зерттеуге арналған бірталай жұмыстар жарық көрді (Карбозова Г., Арғынғазина Ш., Оспанова Ф., Молдасанова А., Қапышева Г., Атаханова Р., Мықтыбаева Т. және т. б. ) .

Бірі түркі, бірі герман тілдері тобына жататын қазақ және ағылшын, қазақ және неміс тілдерінің тілдік, ұлттық мәдени ерекшеліктерін түрлі тілдік бірліктер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер бойынан тауып, олардың бір-біріне ұқсастық немесе бір-бірінен айырмашылық дәрежесін анықтауға, ұлттық нақышты тереңірек түсінуге талпынған ғылыми еңбектер баршылық, дегенмен шешімін таппаған мәселелер де жоқ емес. Осындай негізгі мәселелердің біріне қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдерді қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттары мен ұстанымдары негізінде салыстыра-салғастыра зерттеу жатады.

Тіл бірліктерін «этнос (адам) - тіл - мәдениет» үштігіне сүйеніп зерттеу үрдісі тіл білімінің этнолингвистика, тіл арқылы ел тану, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика сияқты жаңа бағыттарына жол ашты. Аталған бағыттардың негізінде адамның тілі мен мәдениетінің өзара байланысы мәселесі жатыр. Тіл мен халықтың, оның мәдениетінің арасындағы тікелей байланыс халықтың рухынан, тілінен көрініс табады. Олай болса, тілді зерттегенде оны сол халықтың рухани байлығымен, мәдениетімен байланыстыра зерттеу қажет.

Отандық ғалымдар М. М. Копыленко, Ә. Қайдар, Е. П. Жанпейісов этнолингвистиканың теориялық мәселелерін қарастырып, мақсат мүддесін, зерттеу нысанын, әдіс-тәсілдерін айқындап берді. «Бай тіл қазынасын этнос болмысы тұрғысынан толық меңгеріп, оның бейне бір тұңғиық теңіздей терең мағына-мазмұнына бойлап еніп, оны игеріп танып-білу жүйелей түсіп жан-жақты зерттеу этнолингвистиканың мақсаты» деп түсініктеме береді Ә. Қайдар өзінің «Қазақ тілінің өзекті мәселелері» атты еңбегінде.

Тілді этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеудің өкшесін баса өз бастауын алған жаңа бағыттардың бірі - тіл арқылы ел тану. Фразеология саласында бұл бағыттың алар орны ерекше, өйткені әр тілдің фразеологизмінде үлкен мазмұн - халық өмірі, мәдениеті бар. Фразеологизм мағынасындағы елтану потенциясының пайда болу принциптері тіл арқылы елтану бағытының еншісі болып табылады. Тіл арқылы елтану теориясының пайда болып дамуы фразеология саласын жаңа қырынан, яғни фразеологизмдерді кез-келген халықтың ұлттық мәдени дамуының айнасы ретінде қарастыруға мол мүмкіндік береді.

Тіл мен мәдениет арақатынасын зерттейтін тіл білімінің жаңа бағыттарының бірі - лингвомәдениеттану. Лингвомәдениеттану - қазіргі тіл білімінде кеңінен қолданыс тауып келе жатқан антропоцентристік бағытпен, яғни сол тілдің иесі болып табылатын адаммен, тілдің функционалды қолданыс табатын әлеуметтік орта, тарих, мәдениет пен танымдық процестермен байланыстыра зерттеу үрдісінің нәтижесі болып табылатын тіл мен мәдениеттің өзара байланыс тетіктері мен жалпы ұлттық дүниетаным, ұлттық мәдениеттің тілдегі көрінісін зерттейді.

Лингвомәдениеттану ғылымының алғышарттары В. фон. Гумбольдтың тіл мен мәдениеттің өзара байланысы идеясы және Э. Сепир мен Б. Уорфтың «тілдік ықтималдылық болжамымен» ұштасып жатыр. Бұл ғылымның мақсаты тілдік бірліктің шығу тегін айқындау емес, әр түрлі тілдік бірліктерге (фразеологизмдерге) түсініктеме бере отырып, оның пайда болу шарттары мен жағдаяттарын анықтау болып табылады. Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің өзара байланысын, қатынасын қазіргі заманның ұлттық-мәдени сана сезімі тұрғысынан қарастырады және оның тілдегі көрінісін сипаттайды [4, б. 112] .

Қазіргі тіл білімінде ерекше дамып келе жатқан когнитивті лингвистиканың негізінде тілді - адам дүниетанымының кілті, адам санасында ғалам туралы түсінікті құраушы, таным модельдері арқылы ашылатын білімнің коды, шындық пен шындықты игеруші сана арасындағы дәнекер, сондай-ақ сана қызметінің нәтижесі деп қарайтын когнитивтік көзқарас жатыр.

Когнитивтік лингвистика тіл мен сол тілдің иесі адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік білімді адам миының жемісі, күрделі ассоциативті-вербальды құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде танытушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді. Когнитивтік үрдістің негізгі айырым белгісі тілді жаңаша зерттеуде жаңа тәсілдер еңгізуде ғана емес, таза танымдық бағдарының жаңалығында, тілді танымдық тұрғыдан қарауында.

Когнитивтік лингвистиканың негізгі мәселелерінің бірі - когнитивтік мағына. Тілдік бірліктердің мағынасы адамның ойлау жүйесімен қатар қарастырылады. Бұл бағыттың басты назар аударатын негізгі ұғымдары: «әлем бейнесі», «әлемнің тілдік бейнесі», «әлем моделі» немесе «когнитивтік модель». Когнитивтік мағына тіл арқылы құрылып берілетін танымдық ақпарат ретінде қарастырылады. Когнитивтік семантика - сол тіл арқылы құрылып берілетін адам санасындағы концептуалды білімді таным моделі арқылы зерттейтін ғылым.

Тіл білімінің қазіргі даму кезеңі құрылымы әртүрлі тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеуге деген қызығушылықтың артуымен сипатталады және функционалды, прагматикалық, когнитивтік, антропоцентристік, лингвомәдениеттану және басқа да парадигмалардың қатар өмір сүруімен ерекшеленеді. Осы парадигмалардың ортасында жеке тұлға мен адам қызметінің әлеуметтік жағына деген қызығушылықты арттыратын антропоцентрлік әдістеме тұр. Аталған бағыттардың зерттеу нысаны - тіл мен мәдениет.

Мәдениет - халық дамуындағы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын ұлттық құндылықтар жиынтығы. Әр ұлттың ана тілінде оның бүкіл өмірі, тарихы, тыныс-тіршілігі, жан дүниесі, яғни, мәдениеті көрініс табады. Тіл мен мәдениет-қоғам дамуының әлеуметтік азығы. Тілдің әлеуметтік маңызы тіл мен мәдениетті, тіл мен қоғамды бірге алып қарағанда ғана ашылады. Адамның жан дүниесі мен болмысының, мәдениетінің қалыптасуына үлкен үлес қосатын халықтың баға жетпес байлығы - оның тілі. Тіл - мәдениеттің көзі, ұлт өмірінің айнасы. Тіл мәдениеттен тыс өмір сүрмейді, себебі ол мәдениеттің бір көрінісі. Ал, кез-келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнеленіп, тілдің кумулятивтік қызметі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі [5, б. 56] .

Сонымен, тіл - халықтың мәдениеті, салт-дәстүрі, қадір тұтатын заттары мен құндылықтар дүниесінің, қоршаған ортаның т. б. өмір сүру үлгілерінен хабардар ететін құрал. Мәдениет - адамның тілде көрініс табатын бүкіл рухани өмірі, тәжірибесі.

Фразеологизмдердің ішкі формаларының тасалануынан олардың мағыналарының күңгірттенуі шығады. Ондай фразеологизмдердің сырын, жасалу төркінін тілдің ішкі заңдылықтарынан гөрі экстралингвистикалық факторлар мен этимологиядан іздеу қажет. Мысалы, кәрі қойдың жасындай жасы қалды фразеологизмі қой түлігінің тіршілік ету мерзімін (10 шақты жылдай) бақылаудан туған. Осы жайт ауыспалы мәнде жасы ұлғайған адамға қатысты айтылатын бейнелі тіркестің тууына негіз болған. Ағылшын тіліндегі to fight like Kilkenny cats (Килкени мысықтарындай айқасу) - өлімге бас тігіп қырқысу деген мағынада қолданылатын фразеологизмнің қалыптасуына ХVII ғ. Kilkenny мен Irishtawn қалалары арасындағы қантөгістің аяғы екі қаланың да қирап бітуіне әкелген тарихи уақиға негіз болды.

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің басым көпшілігі «Адам» атты мағыналық макротопқа жатады, олардың мағынасы адам мен оны қоршаған әлемнің өзара әрекетін бейнелейді. Фразеологиялық теңеулердің негізінде адам өмірі мен қызметінің тұстарын бейнелейтініне байланысты екі тілде олардың төмендегідей мағыналық-тақырыптық топтары анықталды:

1. Адам мінезі мен ақыл-ой қабілетін сипаттаушы ФТ-лер: Қаз. : Қарабайдай қатыгез, дала бүркітіндей қырағы; Ағыл. : a memory like an elephant (сөзбе-сөз: есі пілдей), яғни еске сақтау қабілеті жоғары, тамаша, as blunt as a hammer (сөзбе-сөз: балғадай ақымақ) яғни топас, т. б.

2. Адамның жағдай-күйіне байланысты ФТ-лер: Қаз. : сең соққан балықтай, жарасын жалаған иттей, жаралы арыстандай аласұрды; Ағыл. : as miserable as a bandicoot - (қалталы қөртышқандай) - бақытсыз, аянышты, as still as a mouse - тышқандай жасырынып тұру т. б.

3. Адамның сыртқы келбетін сипаттаушы ФТ-лер: Қаз. : қырмызыдай ажарлы, ақ маралдай әдемі; Ағыл. : as fair as a lily - лилия гүліндей сұлу, pale as death - өліктей бозарған т. б.

4. Адамның өмірі мен қызметін сипаттаушы ФТ-лер: Қаз. : түлкі қуған тазыдай соңына түсу, ит пен мысықтай өмір сүру; Ағыл. : as thick as thieves (бір-біріне ұрылардай жақын болу) - жан дос, айырылмас дос, to live like cat and dog - мысық пен иттей өмір сүру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын паремиология этникалық менталитет аспектісі ретінде зоонимдер
Қазақ дүниетанымының ономастикалық концептілердің дүниенің тілдік бейнесінің этномәдени ерекшеліктерін айқындау
Қазақ тіліндегі жалқы есімдер
Ақмола өңірінің географиялық атауларының қалыптасуындағы геоэкологиялық құрастырушылар ( Зеренді және Атбасар аудандарының мысалында )
Әлемнің тілдік бейнесі – ағылшын және қазақ антропонимдерінде
Жансүгіров поэзиясындағы тілдік бірліктердің қатысымдық және танымдық мәні, мазмұны
Ұлттық әшекей бұйымдардың тілдегі көрінісі
Қазіргі таңдағы қоғамдағы мәдени ахуалдың алар орны
Фразеологиялық сөз тіркес
Қазақстан топонимдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz