Ағылшын тіліндегі антонимдік аударманың ерекшеліктері
КІРІСПЕ 3
1 АНТОНИМИЯ ҚҰБЫЛЫСЫ . ТІЛ БІЛІМІНІҢ ОБЪЕКТІСІ 6
1.1 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі антоним ұғымы және антонимдердің түрлері 6
1.2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі антонимдердің жасалу жолдары 12
1.3 Логикалық карама.карсылық пен антонимдік қарама.қарсылықтың ұқсастығы мен айырмашылығы 18
2 АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ АНТОНИМДЕРДІҢ АУДАРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 31
2.1 Антонимдік аударманы қолданудағы жалпы тілдік факторлар 31
2.2 Ағылшын тілінде мәтіндік ерекшеліктерге байланысты антонимдік аудармаларды қолданудың әдіс, тәсілдері 36
2.3 Антонимдік аударманың жіктелуі 43
3 АҒЫЛШЫН КӨРКЕМ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ АНТОНИМДЕРДІҢ АУДАРЫЛУЫН ТАЛДАУ 49
3.1 Уильям Голдингтің "Lord of the flies" көркем шығармасындағы антонимдердің аударылуын талдау 49
3.2 Даниель Дефоның «Robinson Crusoe» көркем шығармасындағы антонимдердің аударылуын талдау 53
3.3 Ивлин Воның «Brideshead Revisited» көркем шығармасындағы антонимдердің аударылуын талдау 59
ҚОРЫТЫНДЫ 65
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 71

Ағылшын тілі бай сөздік қорға ие, оларды біз өзіміздің сезімдерімізді жеткізуде, қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын сипаттағанда, өзіміздің талаптарымызды қойғанда қолданамыз. Бұл үшін біз сөйлеуде антонимдерді және конверсивтерді қолданамыз, олар тілдегі қарама-қайшылықты білдірудің лексикалық амалдары болып табылады.
Бүгінгі күнде қандай сөздер антоним ретінде қарастырылады, бір түбірлі сөздер ме, әлде әр түбірлі сөздер ме деген мәселе төңірегінде келеді. Тілде барлық сөздік қор жүйелі және антономия тілдегі және ойлаудағы жүйелік қатынастардың маңызды көріністерінің бірі болып табылады. Сөздер мен олардың мағыналары бір-бірінен көп жағдайда бөлек болмайды, олар біздің санамызда әр түрлі топтарға біріктіріледі, бұл кезде топтастырудың барысында негізі ұқсас мағынасы бойынша олар дәл мағынасына сәйкес келеді немесе оған қарама-қарсы мағынада қолданылады.
Антонимия семантикалық құбылыс болып табылады, ол тілде бір мәннің көрінісімен байланысты, алайда синонимдерге қарағанда антонимдік сөздердің мағынасының ұқсастығы ең алдымен олардың біздің санамызда қарама-қарсы келуінде көрінеді. Айта кететін жайт, қандай да бір құбылыс, белгі, сапа антонимдік сөздермен белгіленуі мүмкін, яғни қандай объективті жағдайға сәйкес келеді. Бұл кезде әр түрлі шынайылықтарға тән бір қасиет немесе сапа, баға өздеріінң концептуалдық мәнділігі бойынша ерекшеленуі мүмкін.
Антонимия – лексиканың жүйелілігінің айқын көрсеткіші, әр түрлі бағыттарда семантикалық белгілері бойынша сөздердің қарама-қарсылық мағынасында айқындалады.
Антонимия бір сапаның, құбылыстар мен заттардың қарама-қарсылық сипатын білдіретін сөздерді біріктіреді. Атаудың абстрактілік деңгейінің ұлғаюына қарай және қандай да бір заттарды, құбылыстарды бағалаудың пайда болатын қажеттілікке қарай сөздерді белгілеу үшін қолданылатын қарама-қарсылықтың мүмкіндіктері кеңейеді және олардың арасындағы жүйелі антонимдік қатынастардың пайда болуы дұрысырақ болады.
Антонимия үлкен көркем бейнеліліктің антитезалық қарама-қарсылықтар үшін анық құрал болып табылады, ал теңдесі жоқ сипаты оны әр түрлі лексикалық фактілерді сипаттауға арналған метатіл ретінде қолдануға мүмкіндік береді.

1. Философиялық сөздік // Құрастырғандар Н.М. Нұрғалиев, Ғ.Ғ.Ақманбетов, Ж.М.Әбділдин. – Алматы, 1996. – 525 б.
2. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы, 1977. – 712 б.
3. Шанский, Н. М. Лексикология современного русского языка: учебное пособие / Н. М. Шанский . - 2-е изд., исправлен. - М. : Просвещение, 1972. - 368 с. - 0.60 р.
4. Әміров Р.С., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі: Оқу құралы. Алматы, 1998. – 192 б.
5. Комиссаров В.Н. Проблема определения антонима // Вопросы языкознания. – Москва, 1997. - № 2. – 458 сс.
6. Миллер Е. Н. Природа лексической и фразеологической антонимии. Саратов: Изд-во Саратовского университета, 1990.
7. Жақыпов Ж.А. Сөйлеу синтаксисінің сипаттары. – Қарағанды, 1998. – 159 б.
8. Аханов К. Тіл білімінің негіздері, А., 1973.
9. “Қазiргi қазақ тiлiнiң лексикологиясы мен фразеологиясы“, Қалиев Ғабдолла, Болғанбаев Әсет - Алматы: Сөздiк-Словарь, 2006.- 264 б.
10. Синтаксистік тіркестер мен изафеттік тіркестердің танымдық көрінісі // Қазақ тіл білімі мен түркітану мәселелері: Республикалық ғылыми- теориялық конференция материалдары. – Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2007. – 118 б.
11. Когнитивный аспект словосочетаний казахского языка // Кыргызстандын келечеги – мамлекеттик тилинде: республикалык илимий-практикалык конференциянын материалдары. Ош мамлекеттик университетинин Жарчысы. Филологиялык илимдер сериясы. – 2008. – №4. – 267 б.
12. Сөз тіркесі семантикасына тән заңдылықтар // Профессор С.М.Исаев: қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың теориялық және әдістемелік мәселелері: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: ҚазМемҚызПИ, 2008. – 408 б.
13. Сөз тіркесіне тән синтаксистік синтагма мәселелері // Ментальділіктің тілдегі көрінісі: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Ақтөбе, 2008 – 374-378 б.
14. Синтаксис саласының зерттелу тарихы // Жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік жинақ. – Алматы: ҚазақМемҚызПУ, 2009 – 187 б.
15. Апресян Ю.Д. Лексическая семантика. -М. Наука, 2000.-с.324 – 325.
16. Головенко Ю.А. Текстоструктуры современного английского языка.-Смоленск: Гос. Пед. Инс – т. им. Маркса, 2003.-С.66.
17. Есперсен О. Философия грамматики. М. Просвящение,1998. С186.
18. Жиляева М.И. Типология и функции лексических конверсивов.//Автореф. Дис.конд.филол.наук. М. Ун – т дружбы народов им. П.Лумумбы, 2001. Сс1 – 2.
19. Жукова Н.А. Частица NOT как актуализатор антонимических отношений в лексике.//Проблемы изучения слова: семантика, структура, форма. Тверь,1990. С. 204.
20. Зуева Э.В. Конверсивные отношения в лексике современного языка.//Автореф. Дис.конд.филол.наук. М, 2000. С. 100.
21. Комиссаров В.Н. Словарь антонимов современного английского языка. М. Изд – во “Международные отношения”,1994. Сс7 – 18.
22. Моисеев М.В. Средства выражения категории конверсивности в английском языке.//Вопросы филологии и методики преподавания иностранных языков. Омск,1998. Сс149 – 156.
23. Родичева Э.И. К проблеме об антонимии.//Семантические и фонологические проблемы прикладной лингвистики. М. Изд – во МГУ,1999. С.296.
24. Hornby. Oxford Advanced Learner’s Dictionary of current English. OxfordUniversity,1995.
25. Шубина О.И. Условия актуализации антонимических отношений.// Систематические взаимодействия языковых единиц. Л,1985. Сс143 – 149.
26. Ярцева В.Н. Лингвистический энциклопедический словарь. М. Советская энциклопедия,1995. Сс35;234 – 235.
27. Н. В. Рычкова, Перевод как лингвистическая проблема.// Сборник статей, М., Издательство московского университета, 1982.
28. А. И. Домашнев, И. П. Шишкина, Е. А. Гончарова, Интерпретация художественного текста, М., Просвещение, 1989.
29. В. Н. Комиссаров, Лингвистика перевода, М., Международные отношения, 1980.
30. А. В. Федоров, Основы общей теории перевода, М., Высшая школа, 1968.
31. А. Д. Швейцер, Текст и перевод, М., Наука, 1988.
32. М. С. Гурычева, Трудности перевода с французского языка на русский, М., Наука, 1986.
33. Л. С. Бархударов, Язык и перевод, М., Международные отношения, 1975.
34. Л. А. Черняховская, Перевод и смысловая структура, М., Международные отношения, 1976.
35. З. И. Хованская, Стилистика французского языка, М., Высшая школа, 1984.
36. Я. Рецкер, Пособие к курсу перевода с французского языка, М., Военный институт иностранных языков, 1949.
37. С. И. Походня, Языковые виды и средства реализации иронии, К., Наукова думка, 1989.
38. Комиссаров В.Н. «Слово о переводе», М. 1973-211с.
39. Микушевич В. «Вопросы теории художественного перевода»
40. Белинский В. «Сочинения Белинского», изд. Солдатекова, М.,1859
41. Казакова Т. А., Translation technique
42. J. Salinger, The Catcher in the Rye, 4
43. H. Lee, To kill a Mockingbird, 2
44. J. Salinger, The Catcher in the Rye, 3.
45. H. Lee, To kill a Mockingbird,
46. S. Maugham, A Man with Conscience.
47. M. Twain, The Adventures of Tom Sawyer
48. W.M. Thackeray, Vanity Fair.
49. Голдинг Уильям. Шыбындар әміршісі. Повесть. Орыс тілінен аударған Серікқали Байменше. Астана: Аударма, 2008. – 216 бет.
50. William Golding's. Lord of the flies. 1963
51. http://uchionline.ru/interes_stati/antonimi_angl_yaz_onlain/index.html
52. Antrushina G.B. , Afanasyeva O.V., Morozova N.N. English lexicology. – М.: Высшая школа, 1985. – 223с.
53. Даниэль Дефо. Робинзон Крузо. Роман. Орыс тілінен аударғандар Қ.Өтеғұл, А.Құрмансейтов. Астана: Аударма, 2011. – 249 бет.
54. Defoe, Daniel . Robinson Crusoe. Electronic Text Center, University of Virginia Library.
55. Апресян Ю.Д. Лексическая семантика. - М.: Наука, 1999.- Сс. 324 – 325.
56. Во Ивлин. Брайдсхедке оралу. Роман. Астана: Аударма, 2007. – 305 бет.
57. Evelyn Waugh. Brideshead revisited. New York. 1945

Тақырыбы: Ағылшын тіліндегі антонимдік аударманың ерекшеліктері
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1 АНТОНИМИЯ ҚҰБЫЛЫСЫ - ТІЛ БІЛІМІНІҢ ОБЪЕКТІСІ 6
1.1 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі антоним ұғымы және антонимдердің түрлері 6
1.2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі антонимдердің жасалу жолдары 12
1.3 Логикалық карама-карсылық пен антонимдік қарама-қарсылықтың ұқсастығы мен айырмашылығы 18
2 АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ АНТОНИМДЕРДІҢ АУДАРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 31
2.1 Антонимдік аударманы қолданудағы жалпы тілдік факторлар 31
2.2 Ағылшын тілінде мәтіндік ерекшеліктерге байланысты антонимдік аудармаларды қолданудың әдіс, тәсілдері 36
2.3 Антонимдік аударманың жіктелуі 43
3 АҒЫЛШЫН КӨРКЕМ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ АНТОНИМДЕРДІҢ АУДАРЫЛУЫН ТАЛДАУ 49
3.1 Уильям Голдингтің "Lord of the flies" көркем шығармасындағы антонимдердің аударылуын талдау 49
3.2 Даниель Дефоның Robinson Crusoe көркем шығармасындағы антонимдердің аударылуын талдау 53
3.3 Ивлин Воның Brideshead Revisited көркем шығармасындағы антонимдердің аударылуын талдау 59
ҚОРЫТЫНДЫ 65
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 71
КІРІСПЕ
Ағылшын тілі бай сөздік қорға ие, оларды біз өзіміздің сезімдерімізді жеткізуде, қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын сипаттағанда, өзіміздің талаптарымызды қойғанда қолданамыз. Бұл үшін біз сөйлеуде антонимдерді және конверсивтерді қолданамыз, олар тілдегі қарама-қайшылықты білдірудің лексикалық амалдары болып табылады.
Бүгінгі күнде қандай сөздер антоним ретінде қарастырылады, бір түбірлі сөздер ме, әлде әр түбірлі сөздер ме деген мәселе төңірегінде келеді. Тілде барлық сөздік қор жүйелі және антономия тілдегі және ойлаудағы жүйелік қатынастардың маңызды көріністерінің бірі болып табылады. Сөздер мен олардың мағыналары бір-бірінен көп жағдайда бөлек болмайды, олар біздің санамызда әр түрлі топтарға біріктіріледі, бұл кезде топтастырудың барысында негізі ұқсас мағынасы бойынша олар дәл мағынасына сәйкес келеді немесе оған қарама-қарсы мағынада қолданылады.
Антонимия семантикалық құбылыс болып табылады, ол тілде бір мәннің көрінісімен байланысты, алайда синонимдерге қарағанда антонимдік сөздердің мағынасының ұқсастығы ең алдымен олардың біздің санамызда қарама-қарсы келуінде көрінеді. Айта кететін жайт, қандай да бір құбылыс, белгі, сапа антонимдік сөздермен белгіленуі мүмкін, яғни қандай объективті жағдайға сәйкес келеді. Бұл кезде әр түрлі шынайылықтарға тән бір қасиет немесе сапа, баға өздеріінң концептуалдық мәнділігі бойынша ерекшеленуі мүмкін.
Антонимия - лексиканың жүйелілігінің айқын көрсеткіші, әр түрлі бағыттарда семантикалық белгілері бойынша сөздердің қарама-қарсылық мағынасында айқындалады.
Антонимия бір сапаның, құбылыстар мен заттардың қарама-қарсылық сипатын білдіретін сөздерді біріктіреді. Атаудың абстрактілік деңгейінің ұлғаюына қарай және қандай да бір заттарды, құбылыстарды бағалаудың пайда болатын қажеттілікке қарай сөздерді белгілеу үшін қолданылатын қарама-қарсылықтың мүмкіндіктері кеңейеді және олардың арасындағы жүйелі антонимдік қатынастардың пайда болуы дұрысырақ болады.
Антонимия үлкен көркем бейнеліліктің антитезалық қарама-қарсылықтар үшін анық құрал болып табылады, ал теңдесі жоқ сипаты оны әр түрлі лексикалық фактілерді сипаттауға арналған метатіл ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
Айта кету маңызды, антономия теңдесі жоқ тілдік құрал болып таьылады: ол барлық тілдерге тән (орысша: жақсы - жаман, итальян тілінде: pace - querra (тыныштық - соғыс), ағылшынша: day - night, немісше: lang - kurz, түрікше: olumlu - menfi (жағымды - жағымсыз), испан тілінде: pobre - rico (кедей - бай) және т.б.), ал бірліктер қарама-қарсылық мағыналарының принципиалды жалпы құрылымын және и антонимдердің құрылымдық және семантикалық жіктелуіндегі үлкен ұқсастықтарын анықтайды. Осының нәтижесінде, антономияның мәселелерімен әр түрлі жылдары мынадай ғалымдар айналысқан: Л.A. Новиков, Э.И. Родичева, В.Н.Комиссаров, А.А.Киреев, И.О.Грицкой, А.А. Уфимцева және т.б.
Антонимдерге қарағанда конверсивті қатынастар қарама-қарсылық мағынасының көрінісі ретінде жақында ғана тіл мамандарының назарына енді.
Зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігі: Қазіргі кезде ағылшын және қазақ тілдеріндегі көркем шығармалардың аударылу мәселесі кеңінен етек жайғандықтан, антонимдердің, ал негізінен антонимдік аударманың рөлі де артып келеді. Бұл ағылшын тіліндегі антонимдік аударманың ерекшеліктерін анықтай отырып, осы жұмыстың тақырыбының өзектілігіне айналған.
Зерттеу жұмысының мақсаты: ағылшын және қазақ тілдеріндегі антонимдердің негізгі функцияларын зерттей отырып, көркем шығармалардағы антонимдік аударма мәселесін жете талдау.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:
- Ағылшын және қазақ тілдеріндегі антоним ұғымы және антонимдердің түрлерін қарастыру;
- Ағылшын және қазақ тілдеріндегі антонимдердің жасалу жолдарын зерттеу;
- Логикалық карама-карсылық пен антонимдік қарама-қарсылықтың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау;
- Антонимдік аударманы қолданудағы жалпы тілдік факторларды анықтау;
- Ағылшын тілінде мәтіндік ерекшеліктерге байланысты антонимдік аудармаларды қолданудың әдіс, тәсілдерін, жіктелуін қарастыру;
- Ағылшын тіліндегі көркем шығармалардағы антонимдердің аударылу ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін орындау үшін жаппай сұрыптау, жүйелеу, салыстырмалы-талдау және сипаттама аударма сияқты зерттеу әдістерін қолдандық.
Зерттеу жұмысының нысаны: бүгінгі күндегі ағылшын тіліндегі антонимдік аударманың ерекшеліктерін қарастыру.
Зерттеу пәні: ағылшын тіліндегі антонимдік аударманың ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы: мұнда көрсетілген бақылаулар мен тұжырымдар ағылшын тіліндегі антонимдік аудармаларды, антонимдер туралы мәліметтерді күнделікті қолданысқа енгізуге мүмкіндік береді. Бұл осы салада жұмыс істейтін аудармашылар, тіл мамандары, болашақ шет тілі пәнінің мұғалімдері үшін маңызды рөл атқарады.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы мынаған негізделген: зерттеудің нәтижелері ағылшын практикалық курстарында, жалпы шет тілін меңгеру саласында, мәдениеттануда, арнайы курстар мен арнайы семинарларда, дипломдық, курстық жұмыстарда қолданыла алады.
Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.
1 АНТОНИМИЯ ҚҰБЫЛЫСЫ - ТІЛ БІЛІМІНІҢ ОБЪЕКТІСІ
1.1 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі антоним ұғымы және антонимдердің түрлері
Антонимдер дегеніміз ("anti"грек тілінен аударғанда қарама-қарсы және "onyma" есім, атау) қарама-қарсы мағынаны білдіретін, бір сөз табына жататын тілдік бірліктер. Мысалы: алыс - жақын (far-near), үлкен-кіші (big-small), ауыр-жеңіл( heavy- light),қиын- оңай ( difficult - easy), жылы-суық ( warm- cold), жоғары- төмен ( up-down), ілгері- кейін ( forward - backward ), ақырын- қатты (quiet- loud ), кедей-бай(poor- rich), ескі-жаңа ( old- new ) және тағы басқалары.
Антонимия құбылысы ағылшын және қазақ тілдеріне тән құбылыс. Қазіргі уақытқа дейін қазақ тілінде антонимия құбылысы көп зерттелмеген. Қазақ тіліндегі антонимия құбылысын зерттеген ғалымдардың бірі Ж.Мусин былай дейді: Антонимия- лексиканың кешірек зерттеле бастаған, әлі де болса ақтара қарап, тереңдей үңіліп, зерттейтін саласы. Өйткені лексиканың осы саласына байланысты күні бүгінге дейін шешімін таппай жүрген мәселелер көп-ақ [1, 49].
Әдетте мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Бұдан антонимдік қарама-қарсылықтың ұғымдар қарама-қарсылығымен, яғни логикалық қарама-қарсылықпен байланысты екені айқын көрінеді.
Антонимияда әр алуан пікір таласын білдіріп жүрген мәселелердің бірі туынды антонимдер жайы. Орыс тілі ғылымында антонимдер туралы пікір таласы әлі толастаған жоқ. Бұл мәселе туралы түркітанушылар арасында әр түрлі көзқарас бар. Туынды антонимдер мәселесіне байланысты антонимия мен болымсыздық категориясының ара жігін ашу қажеттігі туады. Түркі тілдерінде туынды антонимдер тіліміздегі - лы,-лі-сыз-сіз қосымшалары қосылу арқылы жасалған сөздер арасындағы мағына қайшылығына (сулы-сусыз, малды-малсыз, үйлі-үйсіз, жерлі-жерсіз) сүйенеді. Тілдік фактілер бұндай қайшы мәндес мағынаның антонимдік қарама-қарсылықпен тең емес екендігін көрсетеді. Антоним семантикалық құбылыс болғандықтан, оның тілдегі полисемия, синонимия, омонимия сияқты лексикалық топтармен байланыспай оқшау тұруы мүмкін емес.
Антонимдердің лексика-семантикалық реңі, стилистикалық мүмкіншіліктері мен өріс аумағы, қолданылуы, тіліміздегі қарсы мағынада ұғымдарды берудің амал-тәсілдері тағы басқа мәселелерді зерттеудің ғылыми практикалық мәні түсінікті.
Антонимияға арналған еңбектерге Ж.Қ. Қонақбаева ағылшын, орыс және қазақ тіліндегі антонимиялық фразеологиялық сөз тіркестері, А.И.Аленина Некоторые вопросы сопоставительного изучения антонимии слов и фразеологических единиц в современном английском, немецком и русском языках, е.Н. Миллер Природа лексической и фразеологической антонимии, А.Иванова Антонимия в системе языка,Ж.Мусин Қазақ тілінің антонимдер сөздігі және т.б. жатқызуға болады [2, 58].
Антонимияны зерттеген ғалым Джон Лайонс антонимияны негізгі семантикалық қатынастың бір түрі деп атаған. Орыс тіл білімін зерттеп жүрген Н.М.Шанский Лексикология русского языка еңбегінде, антонимдер - әр түрлі дыбысталатын, қарама-қарсылық ұғымды білдіретін тілдік бірліктер деген анықтама береді [3, 60].
Ағылшын фразеологиясының атақты зерттеушісі А.В.Кунин ағылшын тіліндегі фразеологиялық антонимдерді төмендегідей семантикалық типтерге бөледі:
1.бастау-аяқтау (put something on foot-ring down the curtain)
2.іс-әрекет- іс-әрекет нәтижесін жою.
(loosen one's purse strings-tighten one's purse strings)-ақшасын бет-албатты шашу-ақшасын қысып ұстау.
3.жақсы-жаман, дұрыс-дұрыс емес
(earn on earnest penny- live by one's wits)-Жұмысқа жанын салу-шырпының басын сындырмау.
(play one's cards well- play one's cards badly)-жұмыс істеу- ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп жұмыс істеу.
4.көбірек-азырақ
(as scare as hen's teeth- as plentiful as blackberries)-Бір-ақ уыс- көлдей көсір
(As light as a feather- as heavy as lead)-мамықтай жеңіл- темір сияқты зілдей.
Жылдамдық.
At a snail's pace- at breakneck (breakdown)speed- тасбақа сияқты қозғалу- көзді ашып-жұмғанша.
Сондай-ақ әр түрлі антонимдер ұждандық қасиеттерді де білдіреді:
1.Сұлулық, сұлу- кейіпсіз пішін, ұсқынсыз, келбетсіз.
as prettey as a picture- as ugly as sin - ай десе аузы, күн десе көзі бар- адам көргісіз, үрей туғызатындай.
2.Эмоционалдық және интеллектуалдық қасиет немесе оның жоқтығы
a) as gentle as a lamb- as hard as nails (қой аузынан шөп алмас- тас жүрек)
А.В.Кунин фразеологиялық антонимдерді бір стильді және әр стильді деп екіге бөлген. Бір стильді фразеологиялық антонимдер бір функционалдық стильге жатады. Мысалы: with a heavy heart- көңіліне кірбің түскен -with a light heart - ақ көңіл, ақ ниетті.
Ал, әр стильді фразеологиялық антонимдер әр функционалдық стильдерге жатады. Мысалы: lose one's heart-еңсесі түсу- keep one's chin up-еңсесін көтеріп ұстау [4, 76].
Е.Н. Миллер болса, өзінің Природа лексической и фразеологической антонимии еңбегінде фразеологиялық антонимдерді 3 топқа бөліп қарастырады:
1. Фразеологиялық антонимдердің құрамында ортақ немесе антонимиялық компоненттер кездеспейтін, бірақ семантикалық жағынан қарама-қарсы.
Мысалы: азап тартты- рақатқа батты, алақанына түкірді-кежегесі кейін тартты; орыс тілінде: принять во внимание - сбросить со счетов, ниже травы, тише воды- сам черт не брат.
2. Құрамында лексикалық антоним кездесетін фразеологиялық антоним. Мысалы: май ішті- зәр ішті, ер жүрек- қоян жүрек; орыс тілінде: бить тревогу- бить отбой. 3.болымсыздық мағынаны беретін қосымшалары бар антонимдер. Мысалы: талғамына сай- талғамына сай емес; орыс тілінде: по вкусу- не по вкусу; ағылшын тілінде: beat about the bush- not to beat about the bush [5, 79].
Ж.Мусиннің Қазақ тіліндегі антоним сөздер деген еңбегінде фразеологиялық антонимдер екі топқа бөлінген:
1. Фразеологиялық бірліктердің мағыналары тұтастай қарама- қарсылықты білдіреді. Мысалы: қуанышың қойныңа сыймасын - кесір-кесапатқа жолыққыр, жас-жаныңа жамандық бермесін. Бұл фразеологиялық антонимдердің бір жұбы алғыс мәнде қолданылса, екіншісі қарғыс мәнде қолданылып тұр.
2. Қарама-қарсы мағынадағы фразеологизмдердің құрамында бір сөз қайталанып отырады. Мысалы:
a) жүрегінің түгі бар-су жүрек
б) кең пейіл-тар пейіл
в) көңілі сынық-көңілі қош
Мұндай құбылыс ағылшын тіліне де тән. F.e. look with another eye upon something (көзқарастары әр түрлі)- see eye to eye with somebody (көзқарастары бірдей), to be born under a lucky star (бақ жұлдызы оңынан туар)- to be born under unlucky star (бақсыздың жұлдызы солынан туар) [6, 65].
Антонимдерді зерттеген К.Аханов өзінің мақаласына лексикалық антонимдерді үш топқа бөліп қарастырады:
1.сапаны білдіретін антонимдер.
Мысалы: жақсы-жаман (good-bad), ескі - жаңа (old-new), әдемі- ұсқынсыз (beautiful- ugly)
2. Адамның мінез-құлқын, қимылын, іс-әрекетін сондай-ақ адамдар арасындағы қарым-қатынасты білдіретін антонимдер тобы. Мысалы: сүйіну- күйіну, қуану- ренжу, салғырт-ұқыпты, сабырлы- ұшқалақ, сөйлеу-үндемеу.
3. Уақыт мерзімін білдіретін антонимдер. Мысалы: қыс-жаз, күн-түн, бүгін-ертең. Бірақ шындығында күн-түн, сөйлеу-үндемеу дегендер табиғатында бір-біріне қарама-қарсы құбылыстар емес. Күн-түн дегендер бір тәулік ішіндегі мерзімнің екі шегі, сөйлеу-үндемеу дегендер қимыл иесінің күйін білдіреді. Демек антонимдер табиғатында бір-біріне қарама-қарсы заттардың атауы емес, заттың сапасының атауы, дәлірек айтқанда, сапаның бағасының атауы, немесе бір процестің екі түрлі күйінің атауы болып табылады [7, 59].
А.Болғанбаевтың пікірінше: антоним болатын сөздер міндетті түрде қарама-қарсы мағынаны білдіруі қажет, сондай-ақ антонимдер бір сөз табына жатуы керек. Мысалы: жақсы-жаман (сын есім), туу-өлу (етістік), өмір-өлім (зат есім) [8, 65].
Антонимдік жұптың сыңарлары бір сапаға берілген бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі бағаның атауы болып табылады. Мысалы: мамықтай жеңіл (as a feather-as heavy as lead)-темір сияқты зілдей.Бұл антонимдердің заттың салмағын білдірсе, ит өлген жер-қарға адым жер (cheek by jowl- far cry from). Орыс тіліндегі фразеологиялық антонимдерді зерттеген Попов З.Д. мен М.М. Копыленконың пікірінше фразеологиялық бірліктерді антонимиялығын анықтау қиынға түседі, өйткені фразеологиялық антонимдердің мағыналары лексикалық антонимдердің мағыналарына қарағанда бұлыңғыр болып келеді.Олай дейтін себебіміз: Он нес околесицу деген фразеологизмнің мағынасы нақты емес, бұлыңғыр, өйткені лексикалық мағыналары әр түрлі. Мысалы: он говорил глупости- ол қайдағы жоқтыны сөз етті, он писал глупости- ол қайдағы жоқтыны өзінің хатында сөз етеді [9, 29].
Фразеологиялық сөздікте: нести околесицу- делать что-либо,лишенное разумной содержательности, целесообразности, не имеет четкого ограничения, например в письме или в разговоре. Жалпы антонимиядағы зерттеушілер назарынан тыс қалып жатқан және бір мәселе - фразеологиялық антонимдер жайы. Ағылшын тілінде: let the cat out of the bag- to keep something under one's hat; to get the right end of the stick- to get the wrong end of the stick; to do somebody a bad ill turn- to do somebody a good turn.). Қазақ тілінде: жанын салды- бой тартты, көңіл бөлді- мән бермеді, араны ашылды- тәбеті тартпады. Орыс тілінде: держать язык за зубами- трепать языком, пропустить мимо ушей- мотать на ус, назвать вещи своими собственными именами- ходить вокруг до около. Осында бір айтып кететін жайт, қазақ тілінде де, ағылшын тілінде де ең көп қолданыста болатын етістікті фразеологиялық антонимдер.
Адвербиалды фразеологиялық антонимдер. Бұл фразеологиялық антонимдер өздерінің құрылымы жағынан күрделі болып табылады. Олай дейтін себебіміз: сөздердің әр түрлі грамматикалық категорияларының байланысының нәтижесінде пайда болған фразеологиялық антонимдер. Мысалы: in hot blood- in cold blood, at a low ebb "in a state of decline or depression"- on the crest of the wave, the highest point, the most favorable moment in one's fortune. Орыс тілінде: в поте лица- спустя рукава. Қазақ тілінде: міз бақпайтын- қызу қанды адам [10, 29].
Фразеологиялық антонимдердің морфологиялық классификациясының үлгісі осындай және де мұндай топтастыру әлі күнге дейін сақталған. Жалпы фразеологиялық антонимдердің құрылымдық ерекшеліктерін әлі де болса терең қарастыру керек, бұл мәселе лексика саласындағы, морфологиялық саласында да күні бүгінге дейін шешімін таппай жүрген мәселенің бірі. Сыйыспайтын ұғымдар- қайшылықты ұғымдар және қарама - қарсы ұғымдар деп екіге бөлінеді. Қайшылықты ұғымдар бірін-бірі тікелей жоққа шығарады. Бұлардың арасында ешқандай аралық мүше болмайды. Тілдегі жер - жер емес, үлкен-үлкен емес, сулы-сусыз, малды-малсыз, айт-айтпа, кел-келме деген сөздердің білдіретін ұғымы осы қайшылықты ұғымдарға сай келеді. Бұл сөздердің мағыналары бірін-бірі тікелей жоққа шығарады, бұлардың арасында аралық ұғымдарды білдіретін сөздер жоқ. Қарама-қарсы ұғымдар белгілі бір логикалық қатардың ең шеткі екі мүшесі болып табылады. Олардың арасында үшінші бір аралық мүше болуы мүмкін. Қарама-қарсы ұғымдар бірін-бірі жоққа шығарып қана қоймайды, сонымен қатар затқа, құбылысқа жаңа баға береді. Мысалы, жақсы-жақсы емес-жаман деген ұғымдар қатарының ең шеткі екі мүшесі жақсы мен жаман қарама-қарсы ұғымдар болып табылады. Өйткені мұндағы жаман деген сөз затқа жақсы деген сөз арқылы берілген бағаны жоққа шығарады, сонымен бірге затқа алғашқыға мүлде кереғар жаңа баға береді.(жаман) Тіліміздегі шамалы деген сөз бұларға аралық мүше бола алады. Шикі-пісі (аралық мүше-дүмбілез), тар- кең (narrow- wide) аралық мүше - шақ), алда-артта (before-behind) (аралық мүше- ортада) деген сияқтылар туралы да осыны айтуға болады.
1.2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі антонимдердің жасалу жолдары
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі антонимдер көбінесе сын есімдерден болады, онан соң етістіктерде, зат есімдерде, үстеулерде азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарынан антонимдер тым тапшы.
Сын есімге тән антонимдердің мынадай түрлері бар:
а) түбір күйінде кездесетіндері :ауыр-жеңіл (heavy- light), кең-тар (wide-narrow), ыстық- суық ( hot- cold), үлкен- кіші (big-small), жас-кәрі (young- old), ұзын-қысқа ( long- short), терең-саяз (deep- shallow), арық- семіз (lean-fat), жеңіл- қиын ( easy- difficult), ащы- тәтті (bitter- sweet), көп-аз (many- few),оң-теріс ( right- wrong ) т.б.
ә) туынды түбір күйінде кездесетіндері: ашық - жасырын, өзімшіл- көпшіл, ашық-жабық, тілазар-елгезек, қатты- ақырын, орнықты-шалағай, олақ-іскер, оңқай-солақай, сүйкімді-жексұрын, бүтін - жыртық, жүрдек-шабан, түзу-қисық т.б. [11, 19].
Ағылшын тілінде: selfish- sociable, friendly, open-close, loud-quiet, beautiful- ugly, etc.
Қазақ тілінде сындық мағынадағы туынды антонимдер көбінесе-лы-,лі, -ды, -ді,-ты,-ті жұрнақтары арқылы антонимнің жағымды сыңарларын, ал - сыз, -сіз жұрнақтары жағымсыз мағынадағы сыңарларын жасайды. Мысалы:
Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз,
Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыз.
Ақылдыны алысым деме,
Ақылсызды жақыным деме.
Куәлі істі куә табар,
Куәсіз істі күмән табар.
Арлы арына қараса,
Арсыз жеңдім дейді.
Сол сияқты сын есім - ғы,-гі,-қы,-кі жұрнақтары арқылы да туынды антонимдер жасала береді. Мысалы: бастапқы-соңғы, бұрынғы-қазіргі, үйдегі-түздегі, сыртқы-ішкі, күндізгі-түнгі, қысқы-жазғы т.б.Ағылшын тілінде: first-last, to be in-to be out және т.б.
Етістікке тән мынадай антонимдер бар:
а) түбір күйінде кездесетіндері: озу-қалу, келу-кету, қону-ұшу,айырылу-қосылу, шашу-жинау, бару-қайту, жату-тұру, ашу-жабу, кіру-шығу, ұту-ұтылу, жеңу-жеңілу,қуану-ренжу, сүйіну-күйіну, көшу-қону,күлу-жылау,сату-алу, ысу-суу, шабу-ілбу, даму- тоқырау, қату-жібу, ауыру-сауығу т.б. Ағылшын тілінде: to be ahead-to be behind, to come-to go, to fly-to land, to depart-to join, to throw-to tidy, to open-to close, to win-to lose, to laugh-to cry, to sell-to buy, to increase-to decrease, to be ill- to recover ,etc.
ә) туынды түбір күйінде кездесетіндері: қартаю-жасару, жоғарылау төмендеу, татуластыру-араздастыру, ақтау-қаралау, елдестіру-жауластыру, мақтау-даттау, күшею-бәсеңдеу, баю-кедейлену,арықтау-семіру, жаңару-күшею-бәсеңдеу, баю-кедейлену, жаңару-ескіру, арықтату-семірту және т.б. Ағылшын тілінде: to go upstairs-to go downstairs, to become rich-to become poor, to lose weight-to gain weight, etc.
Зат есімге тән антонимдер де негізгі және туынды түбір күйінде кездеседі:
а) түбір күйінде кездесетіндері: өтірік-шын, алғыс-қарғыс, рақат-бейнет, бақ-сор, өмір-өлім, өң-түс, алды-арты, шарапат-кесепат, асты-үсті, пайда-зиян, бай-кедей, жаз-қыс, күн-түн және т.б. Ағылшын тілінде: truth-lie, life-death, back-front, on-under, rich-poor, winter-summer, day-night, etc.
б) Туынды түбір күйінде кездесетіндері: аласы-бересі, байлық-жоқтық, кісілік-иттік, аштық-тоқтық, тарлық-кеңдік, жеңіс-жеңіліс, ұтыс-ұтылыс, азшылық-көпшілік, кіріс-шығыс, алыс-беріс, сыпайыгершілік-арсыздық т.б. Ағылшын тілінде: wealth-poverty, width-narrowness, victory-defeat, etc. Үстеуге қатысты антонимдер : ерте-кеш, ілгері-кейін, жоғары-төмен, алыс-жақын, әрі-бері, сылбыр-тез т.б. early-late, forward-backward, up and down, far-near, there-here, slow-fast, etc. Есімдікке қатысты анау-мынау, әне-міне, осы-сол тәрізді бірен-саран антонимдер ғана ұшырасады. Ағылшын тілінде де есімдікке қатысты антонимдер санаулы. Мысалы: this-that, these-those [12, 39].
Тілде қарама-қарсы ұғыммен қатар, кейде, аралық ұғым да кездеседі. Мәселен ескі мен жаңаның арасында көне (көнетоз), икі мен пісінің арасында дүмбілез, суық пен ыстықтың арасында жылы (warm), ұтыс пен ұтылыстың арасында тең (equal),ерте мен кештің арасында дәл (sharp) , біткен мен бітпегеннің арасында шала, жеңу мен жеңілудің арасында итжығыс деген аралық ұғымдар бар. Бұлар антоним біткеннің бәріне тең емес, кейбіреулерінде ғана ұшырайды. Аралық ұғым керегар екі ұғымды тең ұстап тұрады. Тілдегі антонимдер қарама-қарсы құбылыстарды біріне-бірін шендестіріп, салыстыру арқылы күшті стильдік мән тудырады. Қазақ тілінде болымсыздық категориясы сыз,-сіз,-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе аффикстері және емес, жоқ сөздері арқылы жасалады. Бұл аффикстер жалғанған немесе жоқ,емес дегендер тіркесе қолданылған сөздер:
1. фактіні жоққа шығарады (тау-тау емес, mountain- not mountain; кісі-кісі емес man-not man)
2. заттың, құбылыстың сапасын жоққа шығарады. (малды-малсыз, ақылды-ақылсыз). Ағылшын тілінде мысалы: clever-stupid.
3. іске, қимылға тыйым салады (кел-келме, айт-айтпа, кет - кетпе, бар-барма). Ағылшын тілінде: come-don't come, say-don't say, go away-don't go away, go-don't go және т.б.
Бұлардың ішінде заттың, құбылыстың сапасын жоққа шығаратын тобы антонимдерге бір табан жақын тұрады. Кейбір зерттеушілер бұларды антонимдер деп есептейді.
Тілдік фактілер аталған аффикстер арқылы жасалған сөздердің антоним бола алмайтындығын байқатады.
-лы,-лі,- (-ды,-ді,-ты,-ті) жұрнағы зат есімге жалғанып, заттың құбылыстың яки сапаның бар екенін білдіретін сын есімдер жасайды. Мысалы, сулы, балалы, көңілді, қажырлы, пайдалы, икемді.
-сыз,-сіз жұрнағы есім сөздерге жалғанып, заттың, құбылыстың немесе сапаның жоқ екенін білдіретін сын есімдер жасайды. Мысалы: жерсіз, баласыз, көңілсіз, пайдасыз. Ағылшын тілінде - ful - less жұрнақтары жалғанған сөздер антонимдік жұп құрайды, екіншісі заттың, құбылыстың,сапаның жоқ екенін білдіретін сын есімдер жасауға қатысады. Мысалы: useful-useless, careful-careless, etc. [13, 102].
Демек, бұлар бір-біріне қарсы мағыналас жұрнақтар болып табылады. Бірақ бұл қосымшалар арқылы жасалған сөздердегі мағына қарама-қарсылығы антонимдік қарама-қарсылықтан мүлде басқаша. Дәлірек айтқанда, бұл жұрнақтар антонимдік мағына туғыза алмайды. Өйткені - лы,- лі жұрнағы затта немесе құбылыста белгілі бір сапаның бар екендігін, мол екендігін білдірсе, -сыз,- сіз жұрнағы затта немесе құбылыста сол сапаның жоқ екендігін білдіреді.
Мысалы, малды-малы бар, малсыз-малы жоқ сулы-суы-суы бар,сусыз-суы- жоқ, пайдалы-пайдасы бар, пайдасыз-пайдасы жоқ, қарлы-қары бар, қарсыз-қары жоқ т.б.
Демек, -сыз,- сіз жұрнағы заттағы, құбылыстағы - лы,-лі жұрнағы арқылы білінетін бар сапаны жоққа шығарады. Бірақ затқа, құбылысқа жаңа баға бермейді. Басқаша айтқанда, -сыз,-сіз болымсыздық категориясын туғызатын қосымша болып табылады. Ал антонимдік жұптың екінші сыңары, жоғарыда айтқанымыздай, сол жұптың алғашқы сөзі арқылы берілген бағаны жоққа шығарып қана қоймай, сонымен бірге, затқа, құбылысқа берілген жаңа баға болып табылады. Мысалы, сулы жер, сусыз жер дегендерді салыстырып қарайық. Мұндағы сулы деген сөз жерде судың бар екендігін білдіріп тұр. Семантикалық жағынан алғанда бұл берілген баға іспетті. Ал сусыз деген сөз осы бағаны мүлде жоққа шығарады. Бірақ жерге жаңа баға бермейді. Мұндай бағаны құрғақ (dry) деген сөздің бойынан табамыз.Демек сулы-құрғақ (damp-dry)дегендер- антонимдес сөздер.Ал сулы-сусыз дегендер бірін-бірі жоққа шығарып тұрған болымды, болымсыз тұлғалар болып табылады. Сол сияқты бақытты адам-бақытсыз адам (happy man-unhappy man) деген тіркестерді салыстырып қаралық. Мұндағы бақытсыз (unhappy) деген сөз бақытты( happy)деген сөздің мағынасын мүлде жоққа шығарады, бірақ адам халіне жаңа баға бермейді. Бақытты деген сөзге мүлде кереғар ұғымды білдіріп, адам халіне жаңа баға болып табылатын сөз- сорлы. Сонда бақытты- сорлы - антонимдес сөздер. Ал бақытты- бақытсыз- болымды-болымсыз тұлғалар. Бұлар логикадағы бірін-бірі жоққа шығаратын қайшы мәндес ұғымдарға сәйкес келеді. Бұлардағы мағына қарама-қарсылығы антонимдік қарама-қарсылықтан анағұрлым төмен, әлсіз болады. Антитеза жасауда бұл формалардың тым сирек қолданылатындықтары да сондықтан. Сөйтіп, -лы,-лі,- сыз,-сіз жұрнақтары арқылы жасалған сөздер бір-біріне қарсы мағыналас болса да, антоним бола алмайды. Бұлардың алғашқысы (-лы,-лі) сын есімдердің болымды түрін, ал соңғылары (-сыз,-сіз) болымсыздық түрін жасайды. Аталған жұрнақтар туыс тілдерде де нақ осындай қызмет атқарады [14, 69].
Болымсыздық мәнді білдіретін жұрнақтардың енді бір тобы (-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе) тек етістіктерге ғана жалғанады: келді-келмеді, айтты-айтпады, жазды-жазбады. Ал,ағылшын тілінде болымсыздық мәнде do, does, did, will, shall және тағы басқа көмекші етістіктер және болмсыздықты білдіретін not сөзі жалғанады.Мысалы: He came-he did not come. He wrote-He didn't write. I shall come- I shan't come, etc. Бұл жұптардың алғашқы сыңарлары (келді -came, айтты-said, жазды-wrote) іс-әрекеттің, қимылдың болғандығын, жүзеге асқандығын білдіреді, келесі сыңарлары (келмеді-didn't come, айтпады-didn't say, жазбады-didn't write), оған керісінше қимыл, әрекеттің іске аспағандығын, болмағандығын білдіреді, яғни алғашқылар арқылы білінген мағынаны жоққа шығарады. Демек бұлар бір ғана тұлғаның болымды, болымсыз түрлері болып табылады.
Етістік антонимдер қимылдың бағытын (келді-кетті) ( came- went away) немесе қимыл иесінің қалып күйін (отырды-тұрды) ( sat- stood up) білдіреді. Келтірілген мысалдарда етістік антонимдерге тән мұндай семантикалық ерекшеліктердің бірі де жоқ. Бұлар болған істі жоққа шығарумен ғана шектеледі, субъектінің болымды форма арқылы білініп тұрған күйіне немесе қимылының бағытына мүлде қарама қарсы жаңа күйді немесе оның қимылының бағытын білдірмейді.
Екіншіден, антоним сөздер бір сөйлем ішінде қатар қолданыла береді. Ал бір сөйлем ішінде бір етістіктің болымды, болымсыз түрлері (келді-келмеді, жүрді-жүрмеді деген сияқты) қатар қолданылуы тым сирек кездеседі. Кездесе қалған күнде де (Ахмет сабаққа келді, Омар келмеді) (Akhmet came to the lessons, Omar didn't come), мұндай сөйлемдер стильдік жағынан аса мінсіз сөйлем болып шықпайды. Сондықтан бұл тектес сөйлемдерде болымсыз етістіктің орнына өткен шақ есімшенің жоқ деген сөзбен тіркесі қолданылады [15, 59].
Үшіншіден, болымсыздық тұлғадағы екі сөз бір сөйлем ішінде қатар қолданылғанда олар болымдылық мағына береді. Мысалы, Оразбай мен Жиреншенің қиястығын көрмей отырғамыз жоқ (М.Әуезов). Алмай тынбас сенің әкең! Алғашқыда сөйлемдегі көрмей отырғамыз жоқ деген тіркес көріп отырмыз деген мағынаны білдіреді. Соңғы сөйлемде алмай және тынбасдеген болымсыздық мәндегі екі сөз қатар қолданылып, өздерінің негізгі болымсыздық мағынасынан айрылып бірін-бірі жоққа шығару арқылы мүлде басқа мағынаны, алады деген болымдылық мағынаны білдіріп тұр [16, 74].
Ал антоним сөздер бұлайша қатарласа қолданылғанда, антонимдік мағынадан айрылып қалмайды, қайта сол мағына қарама-қарсылығын күшейтіп, үстемелеп көрсетеді. Мысалы қас, дұшпан, ескі дос деген сөздер қатарласа, жарыса қолданылғанда, болымсыздық мәндегі сөздер сияқты бірін-бірі жоққа шығару арқылы басқа бір мағынаны білдірмейді, қайта сол мағынаны үстемелеп күшейте түседі. Антонимдер лексиканың басқа топтарына жататын сөздер сияқты әр түрлі жұрнақ жалғаулар қабылдап, олардан жаңа сөздер туып, өрбіп жатады. Мұның өзі антонимдердің өріс аумағын кеңітіп, олардың тілдегі басқа сөздермен алуан түрлі қарым-қатынасқа түсіп құбылуына, сөйтіп, лексикалық, грамматикалық стильдік жағынан аса икемді, оралымды сөздер тобы болып қалыптасуына қолайлы жағдай туғызады.
1.3 Логикалық карама-карсылық пен антонимдік қарама-қарсылықтың ұқсастығы мен айырмашылығы
Ұғым логикалық, ал антоним тілдік категория екені мәлім. Осыған байланысты логикалық қарама-қарсылық пен антонимдік қарама-қарсылықтың ұқсастығы неде, айырмашылығы қандай?- деген сұрақ туады.
Логикада ұғым формальды ұғым және күрделі ұғым деп екіге бөлінеді. Формальды ұғым заттың ең жалпы, ең негізгі ерекше белгілерін ғана қамтиды. Күрделі ұғым заттың барлық белгілерін тұтас қамти отырып, оның қасиетін, басқа заттармен арақатынасын, байланысын түгел ескереді. Сөз мағынасының заттық мәні осы формальді ұғымға сәйкес келеді. Ал оның тұлғалануы әр түрлі болады. Бірақ бұл ұғым мен мағына барлық жағынан бір-біріне тепе-тең деген сөз емес. Ұғымның мағынасы кең, ал сөз мағынасы тар, немесе керісінше болып келе береді. Бірақ қалай болғанда да мағынаның заттық мәні формальды ұғымға сәйкес келеді, соның атауы болып табылады. Өзімізге белгілі, ойлау процесінде тіл шешуші роль атқарады. Тікелей сезінуден ға көшу тіл арқылы іске асады. Бұрын таныс емес затты көргенде, адамда ең алдымен сезіну (көру, есту, дәм, иіс т.б) пайда болады. Сонымен қатар сезімдік бейнелердің вербалдану процесі жүреді. Санада пайда болған сезім бейнесі сөз арқылы белгіленеді. Бұл ретте әуелі заттың айрықша, ең басты белгілері, олардың арақатынасы анықталып, сөз, сөз тіркестері, сөйлем түрінде санада қалыптасады. Сөйтіп, зат бір мезгілде ойлау және тіл арқылы қатар сипатталады: санада заттың екі түрлі бейнесі қалыптасады. Бұл екі бейненің мазмұны бірдей (зат), материалы әр түрлі болады. Осылайша зат туралы сезімдік бейнелік информация семасиологиялық информацияға айналады. Тікелей сезінуден ойға, одан тілге көшу осылайша іске асады. Бұл процесс затқа атау берумен аяқталады [17, 45].
Атаудың пайда болуы және оның қызметі сипаттауға байланысты болады. Жоғарыда сипаттауда заттың басты қасиеттері, ерекше белгілері алынады дедік. Затқа атау беруде осы белгілердің ең көрнектісі, ең бастысы (әдетте бір немесе екі белгісі ғана) алынады да, ол бұрыннан таныс заттардың сол сияқты белгілерімен ерекшеліктерімен салыстырылады. Қазақ ұғымында шапшаңдық, жылдамдық, шайтан атымен байланысты. Қимылы шапшаң малды, адамды мақтағанда шайтанның отын ала қашқандай екен дейміз.
Сөйтіп бейнелеуде, сипаттауда заттың екі негізгі белгісі сол заттың ерекшелігі ретінде алынады, соның атауы зат атауы болады. Ал тікелей сезінуге келмейтін ұғымдар атауы (қуаныш, қайғы, ақыл, өмір) тек тілді пайдалана отырып, ойша сипаттаудың нәтижесінде, яғни абстракциялаудың нәтижесінде қалыптасады [18, 35].
Атаудың пайда болуы және қызметі сипаттауға байланысты болады, ал сипаттауда заттың басты қасиеті, белгісі алынады. Белгілі бір сөздің сапалық қасиетті білдіру яки білдірмеуі, міне осы атауға негіз болған белгімен байланысты болады. Мысалы, тас, ағаш, қағаз, шам деген сөздер- объективтік дүниедегі ақиқат, нақты заттардың атауы. Бұларда сапалық қасиет жоқ, тек атауыштық қасиет қана бар. Ал жұмсақ, қатты, қалың, жұқа, қараңғы (mild, hard, thick, thin, dark) дегендерде әрі атауыштық, әрі сапалық қасиет бар. Бұлар белгілі бір құбылыстың атауы болумен қатар, сол құбылыстардың әр түрлі сапалық, сындық тағы басқа қасиеттерін білдіреді.
Заттың түсін, түрін, сынын, сапасын, көлемін, мөлшерін, салмағын, дәмін, қалып күйін, қимыл қарқынын, уақытқа, орынға қатысын т.б. білдіретін сөздер сапалық ұғымдармен байланысты болады. Зат танылғанда оның сыны, сапасы, көлемі, мөлшері тағы басқа қасиеттері танылады. Заттың сынын, санын, сапасын тағы басқа қасиеттерін заттың атауынан бөліп тастауға болмайды. Мысалы жақсы, жаман (good-bad) дегендер заттың сындық сапасын, ақ- қара (white- black) - түсін, ұзын-қысқа (long-short) -өлшемін, тар-кең (wide-narrow) - көлемін, ерте-кеш (early-late) - қимылдың уақытқа қатысын, кіру-шығу (to enter-to go out)-қимылдың бағытын білдіреді. Демек, сапалық мағына сөздің негізгі мағынасы болып табылады. Басқаша айтқанда, антонимдік мағына сапалық ұғымдарды білдіретін сөздерге тән болғанда, оның өзі сөздің негізгі мағынасы болады. Антонимдік қарама-қарсылық сапалық ұғымдарды білдіретін немесе сапалық мәні бар сөздерге ғана тән болады. Ал логикалық қарама-қарсылық кез келген ұғымдар арасында бола береді. Логиканың тұрғысынан алғанда, кез келген ұғымды жоққа шығаруға (тас-тас емес, кітап-кітап емес)немесе кез келген басқа бір ұғымға қарсы қоюға болады (темір- металл, iron-meta l, бұл темір емес-ағаш this is not iron-this is a tree). Антонимдік қарама-қарсылықтың логикалық қарама-қарсылықтан бір айырмашылығы міне осында. Антонимдік қарама-қарсылық тек бір логикалық қатарға жататын, яғни тектес ұғымдар қарама- қарсылығына негізделеді [19, 29].
Сөйтіп бір логикалық қатарға жататын, яғни бір тектес ұғымдар заттың не құбылыстың бойындағы диалектикалық қарама-қарсылықты көрсетеді. Температураға байланысты ыстық-суық (hot- cold), уақытқа байланысты ерте-кеш (early- late), сынға байланысты жақсы-жаман (good-bad) деген ұғымдардың арақатысы диалектикалық қайшылықтың арақатысы болып табылады. Ал диалектикалық қайшылықтың бір жағы оның екінші жағынсыз болмайды. Соған сәйкес қарама-қарсы ұғымдар да бірімен-бірі байланыста болады, бірінсіз бірі өмір сүрмейді. Егер адам санасында ерте деген ұғым болмаса, кеш деген ұғым да болмас еді. Тар деген ұғымның санада өмір сүруі кең деген ұғымға тікелей байланысты, ұзынсыз қысқа жоқ. Бұлар логикалық бір қатардың қарама-қарсы екі мүшесі, бір құбылыстың (не заттың) бойындағы бірін-бірі жоққа шығаратын (взаимоисключающие), сонымен бірге бірін-бірі қажет ететін (взаимопредполагающие), яғни бірінсіз-бірі өмір сүрмейтін қарама-қарсы жақтары болып табылады [20, 30].
Диалектикалық қайшылықтың қарама-қарсы екі жағы бір-біріне тепе-тең болатыны сияқты кереғар ұғымдар қарама-қарсылығына негізделген антонимдер де қарама-қарсылық мәні жағынан бір-біріне тепе-тең болу керек. Егер бұл заңдылық бұзылса, олар антонимдік мәнін жояды. Мысалы, жас-сақа-мосқал-кәрі (кісі) деген логикалық қатарды алайық. Мұндағы жас-сақа, немесе жас-мосқал дегендер антоним бола алмайды. Өйткені бұлардағы мағына қарама қарсы жас-кәрі (young-old) дегендегі қарама-қарсылықтан төмен. Бұл логикалық қатардың ең шеткі кереғар екі мүшесі жас-кәрі дегендер қарама-қарсылықты мәні жағынан бір-біріне тепе-тең. Сондықтан олар нағыз антонимдер болады. Сондай-ақ жақсы-тәуір-шамалы-нашар-жаман деген қатардағы шамалы, нашар деген сөздердің жақсыға қарсы мағынасы жаман мен салыстырғанда әлдеқайда төмен.
Сөйтіп, антонимдік жұптың сыңарлары қарама-қарсылықты мәні жағынан безбеннің екі басындай бір-біріне тепе-тең болуы керек. Егер олардың бірі мағына қарама-қарсылығы жағынан не сәл төмен, не сәл жоғары болса, онда олар антоним бола алмайды.
Рас, сөйлеу тәжірибесінде тәуір-жаман, жақсы-нашар деген сөздер бір-біріне қарсы мағынада қолданыла береді. Бірақ олар тұрақты антонимдік жұп құрай алмайды. Олар тек белгілі бір орайда, нақтылы контексте ғана қолданылады. Өйткені бұлардағы мағына қарама-қарсылығы жақсы-жаман дегенге қарағанда әлдеқайда төмен. Сондықтан бұларды көнтекстік немесе стильдік антонимдер деп қарау керек [21, 63].
Антонимдер үнемі бір-біріне қарама-қарсы қолданыла келе мүлде жақындасып, кірігіп кететін жайы да бар. Мұнда олар мүлде жымдасып, қосарлану тәсілі арқылы жасалған бір ғана сөзге айналады да, өздерінің алғашқы антонимдік мағыналарынан айрылады. Сөйтіп кірігіп барып, бір ғана жалпылау, топшылау, мөлшерлеу, жинақтау, болжалдау тәрізді ұғымдарды білдіреді.
Мысалы, үлкен-кіші (big-small), ертелі-кеш (early-late), жақсы-жаман (good-bad), ұзын-қысқа (long-short), ілгері-кейін (forward-backward), алды-арты (front-back), оң-сол (right-left), қыс- жаз (winter-summer), күн-түн (day-night), әне-міне (that-this) т.б. Жеке алғанда бұлар - бір- біріне мүлде қарсы мағыналас антоним сөздер. Мысалы, Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады, Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады (мақал). Мұнда ерте-кеш - антонимдер.
Антоним сөздердің қарама-қарсылықты мәні олар бір сөйлем ішінде қатар қолданылғанда айқын аңғарылады. Мұндайда антоним сөздердің мағыналық қарама-қарсылығы айрықша баса көрсетіліп, ерекше көзге түседі. Мысалы, Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың (Абай). Жұрт өсегі бекер ме яки шын ба, білуге де анығын болмай-ақ жүр (Б.Майлин).
Бұдан антонимдік жұп құрайтын сөздер үнемі бір сөйлем ішінде қатар қолданылуы керек екен деген ұғым тумайды. Антонимдік қатынас ұғымдар қарама-қарсылығына негізделетіндіктен, олардың үнемі жұбын жазбай қатар қолданылуы шарт емес. Тектес ұғымдарды білдіретін және бір сапаға берілген кереғар екі баға болғандықтан, олардың бірін айтсақ, екіншісі көңілде сайрап тұрады. Бұл арада бір сөйлем ішінде қатар қолданылғанда антонимдік қарама- қарсылық айрықша көзге түседі [22, 43].
Диалектикалық қайшылық екі түрлі болады: ішкі қайшылық және сыртқы қайшылық. Соған орай антонимдік қатынас бір заттың бойында да болуы мүмкін. Мысалы, бір затқа біреу жақсы баға берсе, екінші біреу сол затты жаман деп бағалауы мүмкін. Бұл бір ғана заттың бойындағы сындық сапасының екі шегі болып табылады. Сондай-ақ қатар алынған екі затты салыстыра келіп, бірін жақсы, екіншісін жаман деп бағалауымыз мүмкін. Бұл-екі түрлі заттың бір ғана ортақ сапасының екі шегі болып табылады.
Кейбір зерттеушілер антонимдік қарама-қарсылықтың осы екі жақты сипатын басқаша түсіндіреді. Олардың айтуынша, антонимдік қарама-қарсылық екі түрлі болады: 1) антоним сөздер табиғатында бір-біріне қарама-қарсы заттардың, құбылыстардың атауы болып келеді: туу-өлу (be born- to die), өлім-өмір (death-life), күн-түн (day-night), сөйлеу-үндемеу (to speak- to keep silence); 2) антоним сөздер заттар мен құбылыстардың белгілерінің, сапасының атауы болып келеді: жақсы- жаман, үлкен-кіші т.б.
Шындығында туу-өлу (be born- to die), өлім-өмір death-life),, күн-түн (day-night), сөйлеу-үндемеу (to speak- to keep silence) дегендер табиғатында бір-біріне қарама-қарсы құбылыстар емес. Туу-өлу (be born- to die) дегендер- тіршіліктің екі шегі. Туу өмірдің басталу кезеңі болғанда, өлу оның аяқталу, біту кезеңі ретінде бір-біріне қарсы мағыналас болады, яғни туу-өлу дегендер бір ғана процестің, тіршілік процесінің екі шегі болып табылады. Ал, өмір-өлім дегендер сол процестің жүру және тоқталу кезеңін, яғни тіршілік процесінің күйін білдіреді. Күн-түн дегендер- бір тәулік ішіндегі мерзімнің екі шегі, сөйлеу-үндемеу дегендер қимыл иесінің күйін білдіреді [23, 53].
Демек, антонимдер табиғатында бір-біріне қарама-қарсы заттардың атауы емес, заттың сапасының атауы, дәлірек айтқанда, сапаның бағасының атауы, немесе бір процестің екі күйінің атауы болып табылады. Сапалық ұғымды білдіретін сөздердің антоним болатындығының сыры осында. Әйтпесе, антонимдік қарама-қарсылық заттар арасындағы қарама-қарсылық емес. Егер антонимдік мағынаны заттар мен құбылыстар арасындағы қарама-қарсылық деп түсінсек спектрлік қатардың екі полюсі болатын күлгін мен қызыл түстер бір-біріне антоним болар еді. Сондай-ақ су (water) көк (аспан) да (sky) антоним сөздер болар еді. Өйткені көк (аспан) жерге қарағанда, судан әлдеқайда алыс. Соған қарамастан бұлар антоним бола алмайды. Керісінше, спектрлік қатарда бір-біріне жақын жатқан ақ пен қара (white- black) түстер антоним болады. Сондай-ақ су мен көк антоним емес, бағыт айыру, қашықтық, алыстық мағынасында қолданылғандар, олардан гөрі аралары жақынырақ жер мен көк (the Earth - the Sky) сөздері антоним болады.
Мұның сыры мынада: спектрлік қатардағы түс атаулары ақ, қара, қызыл, сары, көк, жасыл, күлгін дегендер-шындығында түстің әр түрлі реңін білдіретін сөздер. Сондықтан бұларды қатар мәндес деп қарауға болады. Психологияда түс ашықтығы, реңі және қанықтығы тұрғысынан алынып сипатталады (свет-лота, цветовой тон, насыщенность). Адамның көзі ең алдымен жарықты айырады, содан кейін барып түсті айырады. Сондықтан ақ түс түстердің ішіндегі ең жарығы (светлый), ал қара түс ең өңсіз (темный) түс болып танылады. Басқаша айтқанда, ақ - қара деген сөздер жарық-қараңғы (light-dark) деген ұғымдармен тікелей байланысты. Түс атауларының ішінде тек ақ пен қараның ғана антоним болуының сыры осында [24, 73].
Бұған қарағанда антоним сөздер арасында ұғымдық жақындық бары байқалады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz