Ағылшын тілі сабағында практикалық грамматиканы үйретуде ойын түрлерін ұйымдастырудың мазмұны мен әдістері



Кіріспе 3
1 Тілдің грамматикалық жақтарына үйретудің теориялық негізі 6
1.1 Грамматикаға үйретудің дәстүрлі әдісі 6
1.2 Коммуникативтік құзыреттіліктің маңызды құрам бөлігі ретіндегі тілдің грамматикасына үйрету 12
2 Практикалық грамматикаға үйрету кезіндегі ойын әдісі 20
2.1 Ойын . шет тіліне үйретудің құралы 20
2.2 Ойын түсінігі және оның мәні 23
2.3 Ағылшын тілі сабағындағы ойынның рөлі мен қызметтері, жіктелуі 27
2.4 Оқу процесі кезіндегі ойынның өзгешелігі мен құрылымы 37
2.5 Грамматикалық ойындарға және оны өткізуге қойылатын талаптар 40
3 Грамматикаға үйрету кезіндегі ойынды қолданудың тәжірибесі 52
3.1 Тәжірибе жұмысының мақсаты, міндеттері және құрылымы 52
3.2 Тәжірибе жұмысын ұйымдастыру 53
3.3 Тәжірибе жұмысының нәтижелері 62
Қорытынды 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі 71
Қосымша А 74
Қосымша Б 81
Қосымша В 85
Қосымша Г 89
Қосымша Д 93
Қосымша Е 97
Play, play, for your locks willgrow grey Ch. S. Calverley (1831-1884) It's more than a game. It's an institution. Thomas Hughes (1822-1896)

Мемлекет басшысы 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан хал¬қына Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» [1].
Қазіргі өмір талабы – оқу және тәрбие процесін түбегейлі өзгерту. Еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, білім беру саласындағы жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытуды үнемі жетілдіруді, оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеру міндеттерін жүзеге асыруды талап етуде.
Осыған орай, ағылшын тілін тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің алғышарты – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы болып табылады. Жер шарын мекендеген мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне – халықаралық сипат алған ағылшын тілінің ролі зор.
Ағылшын тiлiн үйрену арқылы оқушылар бiлiм дегейiн көтерiп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшелiктердi ажыратуға дағдыланады. Сөйтіп, өз пiкiрi қалыптасады, түрлi елдер мәдениетiн үйренедi.
Білім жүйесінің жаңартылуымен және оның жаңа еуропалық деңгейге көтерілуімен мемлекеттің жаңа саясаты мен білім жүйесінің көптеген саласы байланысты, олардың ішінде ең маңыздысы мемлекеттік қорытынды аттестация болып табылады.
Біздің ойымызша грамматикалық ойындардың маңызды бір түрі болып табылады, өйткені грамматикалық материалды меңгеру, ең алдымен, оқушылардың белсенді сөйлеуіне өтуі үшін мүмкіндіктер жасайды. Бәрімізге мәлім, оқушыларды көпретті қайталауды талап ететін грамматикалық құрылымдарды қолдануға үйрету оқушыларды өзінің бірізділігімен жалықтырады, ал кетірген күштер тез қанағаттандыруды бермейді. Осыған орай, грамматикалық материалды түсіндіру дәстүрлі сипатқа ие болғандықтан, біріңғайлылық пен абстрактілік оқушыларда эмоционалдық-жағымсыз қарым-қатынасты тудырады. Грамматика, соның ішінде теория, қызықты түрде түсіндіріле алады; ол эмоцияларды туындатуы керек және оқушылардың тұлғалығына бағытталуы тиіс. Мұның бәрі сөзсіз шет тіліне оқытудың тиімділігін арттырады. Ағылшын тілін меңгеруді, соның ішінде грамматиканы меңгеруді қызықты және баурап алатындай істеу үшін, оқушылардың танымдық қызығушылығының, шығармашылық ойлау белсенділігі артуына қол жеткізу үшін біз көбінесе әр түрлі жұмыстардың ойындық түрлеріне жүгінеміз. Біздің көзқарасымызбен, ойын коммуникативті қабілеттердің дамуының барынша тиімді құралдарының бірі болып табылады. «Ойын – бұл балалардың әлемді тануға бағытталған жолы, онда олар өмір сүреді және оны өзгертуге болмайды» (М. Горький). Ойын балаларда барынша қызығушылықты танытады: сөйлеу қызметін табиғи нормаларға жақындата түседі, қарым-қатынастың қабілеттерін дамытуға көмектеседі, тілдік материалды тиімді өңдеуге ықпал етеді, оқудың пратикалық бағытталғандығын қамтамасыз етеді.
1. Мемлекет басшысы 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауы
2. Выготский Л. С. Педагогическая психология. – М.: АСТ, 2010. – 671 с.
3. Гальскова Н.Д. Современная методика обучения иностранным языкам. – М.: Аркти, 2009. – 192 с.
4. Гопаненко Л.В. Поучительные истории в Королевстве Английской Грамматики: Сказки для взрослых // Замежныя мовы у Рэспублiцы Беларусi. – 2011. – №3. – С. 555.
5. Деркач А.А. Щербак С.В.Педагогическая эвристика (искусство овладения иностранным языком). – М.: Педагогика, 2012. – 219 с.
6. Керімбаева Р. Қазақстан мектебі республикалық журналы //, №2, 2010, 65 – 67 б.
7. Жуков Ю. М., Петровская Л. А., Растянников П. В. Диагностика и развитие компетентности в общении. М.: Изд-во МГУ, 2010. 104 с.
8. Мұханбетжанова Ә.М. Жоғары мектепте білім беруде құзыреттілік тұрғыдан келу және интеграциялық үрдістер. Республикалық ғылыми-практикалық конференция «Педагогикалық оқу орындарының құзыреттілік тұрғыдан білім беруді жүзеге асырудың өзекті мәселелері», І бөлім. 19-20 наурыз, 2011 ж.
9. Зимняя И.И. Психология обучения иностранным языкам в школе. – М.: Просвещение, 2012. – 222 с.
10. Леонтьев А. Н. Деятельность. Сознание. Личность. М.: Политиздат, 2000. – 304 с.
11. Амонашвили Ш.А. Как живете, дети?: книга для учителя – 2-е изд. – М.: Просвещение, 2008. – 176 с.
12. Барашкова Е.А. Грамматика английского языка. Игры на уроке: 5 класс: к учебнику В.П.Кузовлева и др. «English-5» / Е.А.Барашкова. – М.: Изд-во «Экзамен», 2013. – 269 с.
13. Бим И. Л. Некоторые актуальные проблемы современного обучения иностранным языкам // ИЯШ. – 2012, №4. – С. 5 – 7.
14. Брунер Дж. Психология познания. За пределами непосредственной информации. – М.: Прогресс, 2009. – 412 с.
15. Витлин Ж.Л. Современные проблемы обучения грамматике ИЯ // ИЯШ. – 2000. – №5. – С. 23 – 26.
16. Коменский Я.А.Ұлы дидактика. – М., 2006, 296 б.
17. Г. Қайбұлдаева Қазақстан мектебі республикалық журналы //, №3, 2008, 70 – 72 б.
18. Материалы республиканской научно-практической конференции. Том III. Алматы, 2000, 105 б.
19. Бутко В. Языковые игры на уроках английского языка // ИЯШ. – 2007. – № 4. – С. 54 – 55.
20. Ижогина Т.И., Бортников С.А. Игры для обучения английскому языку. – М.: Феникс. – 2004. – 128 с.
21. Коновалова Л.В. Средства повышения эффективности урока. // ИЯШ. – 2010. – № 4. – С. 61 – 63.
22. Макаренко А.С. О воспитании. – М.: Политиздат, 1988. – 256 с.
23. Микитюк О. Games in Language Learning // English: приложение к газете «1–е сентября». – 2009. – № 43. – С. 5 – 20.
24. Пассов Е.И. Коммуникативная методика. – М.: НОУ «Интерлингва», 2003. – 156 с.
25. Пидкасистый П.И., Хайдаров Ж.С. «Технология игры в обучении и развитии» – М.: Роспедагенство, – М.: 2006. – 268 с.
26. Пучкова Ю.Я. Игры на уроках английского языка: методическое пособие для учителя. – М.: АСТ, 2004. – 80 с.
27. Равинская С.В. Игры как средство обучения иностранному языку // ИЯШ. – 2013. – № 1. – С. 59 – 61.
28. Рогова Г. В., Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учреждениях: Пособие для учителей и студентов педвузов. – М.: Просвещение, 2012. – 232 с.
29. Рогова Г. В. Методика обучения иностранным языкам в средней школе / Г. В. Рогова; Ф. М. Рабинович Ф. М., Т. Е. Сахарова Т. Е. – М.: Просвещение, 2001. – 287 с.
30. Скаткин М.Н. Методология и методика педагогических исследований: В помощь начинающему исследователю. – М.: Педагогика, 2001. – 156 с.
31. Стромская В.Н. О привитии интереса к иностранному языку // ИЯШ. – 2004. – № 2. – С. 40 – 44
32. Стронин М.Ф. Обучающие игры на уроках английского языка. – М.: Просвещение, 2007. – 243 с.
33. Эльконин Д.Б. Психология игры. М.: Владос,2001. – 360 с.
34. Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С. Игра как процесс обучения. – Алма-Ата: «Знание», 2004. – 38 с.
35. Ахметова Н. Грамматические игры // Английский язык. Приложение к газете «1 Сентября». – 2004. – № 34. – с. 6 – 9.
36. Деркач А.А. Щербак С.В.Педагогическая эвристика (искусство овладения иностранным языком). – М.: Педагогика, 2001. – 219 с.
37. Китайгородская Г.А. Методика интенсивного обучения иностранному языку. – Улан – Удэ: Изд-во « ВСГТУ». – 2004. – 140 с.
38. Конышева А.В. Игровой метод в обучении иностранному языку. – СПб.: КАРО, Мн.: Изд-во «Четыре четверти», 2006. – 192 с.
39. Красильников В.С. Игра и игровые приемы при обучении иностранному языку // ИЯШ. – 2010. – № 5. – С. 62 – 66.
40. Мезенин С.М., Денисова Л.Г. Грамматика в курсе интенсивного обучения английскому языку в старших классах средней школы // ИЯШ. – 2002. – №5 – 6. – С. 5 – 12.
41. Мильруд Р.П. Комуникативность языка и обучение разговорной грамматике // ИЯШ. – 2002– № 2. – С. 15 – 21.
42. Родкин К.А., Соловьева Т.А. Игры на английском языке: для средней школы. – М.: Учпедгиз, 2009. – 36 с.
43. Савченко О.Ю. Игры на уроках английского языка // ИЯШ. – 2002. – № 2. – С. 39 – 41.
44. Серль Дж. Косвенные речевые акты // Новое в зарубежной лингвистике. Вып. 17. – М.: Прогресс, 2009. – С. 195 – 283.
45. Стайнберг Д. 110 игр на уроках английского языка. – М.: АСТ, 2004. – 124 с.
46. Федорова Г.Н. Игры на уроках английского языка. – Ростов на Дону: Март, 2005. – 128 с.
47. Цетлин В.С. Как обучать грамматически правильной речи // ИЯШ. –2008. – № 8. – С. 18 – 20.
48. Шатилов С.Ф. Теоретические основы методики обучения грамматическому аспекту иноязычной речи. В сборнике " Общая методика обучения иностранным языкам". Хрестоматия / сост. Леонтьев А.А. – М.: Русский язык, 2009. – С. 32 – 34.
49. Щерба Л.В. Преподавание языков в школе: общие вопросы методики: учеб. пособие для студентов филол. фак-в, 3-е изд-е, испр. и доп. – М.: Академия, 2012. – 160 с.
50. Lynch T. Communication in the Language Classroom. – New York: Oxford University Press, 2013. – 174 р.
51. Rinvolucri M. Grammar Games: Cognitive, affective and drama activities for EFL students. – New York: Cambridge University Press, 2013. – 138 p.
52. Rhyme your English: Сборник стихов, рифмовок и песен на английском языке: Практическое пособие / Сост. А.В. Нехорошева; под ред. И.А. Кониной – М.: АРКТИ, 2006. – 80 с. Wright А. Games for language learning / A. Wright, D. Betteridge, M. Buckby. – Cambridge: Cambridge university press, 2002. – 212 p.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 101 бет
Таңдаулыға:   
Ағылшын тілі сабағында практикалық грамматиканы үйретуде ойын түрлерін ұйымдастырудың мазмұны мен әдістері

Мазмұны

Кіріспе 3
1 Тілдің грамматикалық жақтарына үйретудің теориялық негізі 6
1.1 Грамматикаға үйретудің дәстүрлі әдісі 6
1.2 Коммуникативтік құзыреттіліктің маңызды құрам бөлігі ретіндегі тілдің грамматикасына үйрету 12
2 Практикалық грамматикаға үйрету кезіндегі ойын әдісі 20
2.1 Ойын - шет тіліне үйретудің құралы 20
2.2 Ойын түсінігі және оның мәні 23
2.3 Ағылшын тілі сабағындағы ойынның рөлі мен қызметтері, жіктелуі 27
2.4 Оқу процесі кезіндегі ойынның өзгешелігі мен құрылымы 37
2.5 Грамматикалық ойындарға және оны өткізуге қойылатын талаптар 40
3 Грамматикаға үйрету кезіндегі ойынды қолданудың тәжірибесі 52
3.1 Тәжірибе жұмысының мақсаты, міндеттері және құрылымы 52
3.2 Тәжірибе жұмысын ұйымдастыру 53
3.3 Тәжірибе жұмысының нәтижелері 62
Қорытынды 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі 71
Қосымша А 74
Қосымша Б 81
Қосымша В 85
Қосымша Г 89
Қосымша Д 93
Қосымша Е 97

Кіріспе

Play, play, for your locks willgrow grey Ch. S. Calverley (1831-1884) It's more than a game. It's an institution. Thomas Hughes (1822-1896)

Мемлекет басшысы 2007 жылғы "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Қазақстан хал - қына Жолдауында: Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі [1].
Қазіргі өмір талабы - оқу және тәрбие процесін түбегейлі өзгерту. Еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, білім беру саласындағы жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытуды үнемі жетілдіруді, оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеру міндеттерін жүзеге асыруды талап етуде.
Осыған орай, ағылшын тілін тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің алғышарты - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы болып табылады. Жер шарын мекендеген мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне - халықаралық сипат алған ағылшын тілінің ролі зор.
Ағылшын тiлiн үйрену арқылы оқушылар бiлiм дегейiн көтерiп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшелiктердi ажыратуға дағдыланады. Сөйтіп, өз пiкiрi қалыптасады, түрлi елдер мәдениетiн үйренедi.
Білім жүйесінің жаңартылуымен және оның жаңа еуропалық деңгейге көтерілуімен мемлекеттің жаңа саясаты мен білім жүйесінің көптеген саласы байланысты, олардың ішінде ең маңыздысы мемлекеттік қорытынды аттестация болып табылады.
Біздің ойымызша грамматикалық ойындардың маңызды бір түрі болып табылады, өйткені грамматикалық материалды меңгеру, ең алдымен, оқушылардың белсенді сөйлеуіне өтуі үшін мүмкіндіктер жасайды. Бәрімізге мәлім, оқушыларды көпретті қайталауды талап ететін грамматикалық құрылымдарды қолдануға үйрету оқушыларды өзінің бірізділігімен жалықтырады, ал кетірген күштер тез қанағаттандыруды бермейді. Осыған орай, грамматикалық материалды түсіндіру дәстүрлі сипатқа ие болғандықтан, біріңғайлылық пен абстрактілік оқушыларда эмоционалдық-жағымсыз қарым-қатынасты тудырады. Грамматика, соның ішінде теория, қызықты түрде түсіндіріле алады; ол эмоцияларды туындатуы керек және оқушылардың тұлғалығына бағытталуы тиіс. Мұның бәрі сөзсіз шет тіліне оқытудың тиімділігін арттырады. Ағылшын тілін меңгеруді, соның ішінде грамматиканы меңгеруді қызықты және баурап алатындай істеу үшін, оқушылардың танымдық қызығушылығының, шығармашылық ойлау белсенділігі артуына қол жеткізу үшін біз көбінесе әр түрлі жұмыстардың ойындық түрлеріне жүгінеміз. Біздің көзқарасымызбен, ойын коммуникативті қабілеттердің дамуының барынша тиімді құралдарының бірі болып табылады. Ойын - бұл балалардың әлемді тануға бағытталған жолы, онда олар өмір сүреді және оны өзгертуге болмайды (М. Горький). Ойын балаларда барынша қызығушылықты танытады: сөйлеу қызметін табиғи нормаларға жақындата түседі, қарым-қатынастың қабілеттерін дамытуға көмектеседі, тілдік материалды тиімді өңдеуге ықпал етеді, оқудың пратикалық бағытталғандығын қамтамасыз етеді.
Ойындар жалықтырушы жұмыстарды барынша қызықты және баурап алатындай жасайды. Ойындар, әдетте төменгі мектеп оқушыларының алдыңғы қатарлы қызметтерінің формасы болып табылады. И.Н Верещагина, Е.И. Негневицкая, Т.Б. Клементьева және т.б. ұлы педагогтар оқыту процесі кезіндегі ойындардың қолданылу тиімділігіне ерекше мән берген болатын. Бұл түсінікті. Ойында ерекше бір және кейде күтпеген адамның қабілеттері көрінеді.
Тақырыптың өзектілігі: Осы дипломдық жұмыстың тақырыбы оның терең зерттелуі және мектептерде практикалық қолданылуы үшін маңызды болып келеді. Оның өзектілігі қазіргі кезде түсінікті болып келеді. Оқушылардың оқу қызметін, олардың бір-бірімен, оқытушымен, нағыз сол тілде сөйлеушілермен қарым-қатынасын талдай келе, оқушыларда толығымен коммуникативтік және меңгерілген тілдік материалды қарым-қатынас ұстау кезінде қолдану қабілеттері дамымаған деп айта аламыз. Осылайша, зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі грамматикалық ойындарды оқыту процесінде ұйымдастыру кезіндегі материалдардың жеткіліксіздігімен түсіндіріледі. Ойындардың көмегімен сөйлеу жақсы жетілдіреді, лексикалық және грамматикалық материалдарды белсенді ете түседі, аудирлеу мен ауызша сөйлеудің қабілеттері дамытылады. Ойында оқушылардың шығармашылық, ойлау қабілеттері дамиды. Онда шешімді қабылдау болжанады: қалай істеу керек, не айту керек, қалай ұту керек.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Ағылшын тілінің грамматикасын дәстүрлі әдіспен оқытуда бала тез жалығып, шет тілін оқуға деген құлшынысынан айрылады, сондықтан да осы ойын әдістері арқылы сабақтарды өткізу баланың грамматикасын ретке келтіріп қана қоймай, оның өзіндік шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Ал бұл дипломдық жұмыста осы ағылшын тіліне үйретудегі грамматикалық жаңа әдіс-тәсілдер ұсынылады. Бұл зерттеу жұмысының негізіне айналған.
Теңдіктің сезімі, әуесқойлықтың атмосферасы балаларға жасқаншақты, ұялшақтықты жеңуге, тілдік барьерді, шаршағандықты жеңуге мүмкіндік береді. Ойын осындай универсалдылық сынды ерекшелікке ие болғандықтан, ойындық амалдарды қолдануды әр түрлі мақсаттар мен міндеттерге бейімдей түседі.
Ойын амалдары оқушының дамуы кезінде көптеген қызметтерді атқарады, оқу процесін жеңілдетеді, жыл сайын артып келе жатқан материалды меңгеруге көмектеседі және коммуникативті құзыреттеліктің қажетті қабілеттерін дамытады. Менің Астана қаласы 51 мектеп гимназиядағы және Өскемен қаласы 16 орта мектептегі тәжірибем көрсеткендей, В.П. Кузовлевтің жетекшілігімен жасалған ағылшын тілі кітаптарының сериясы шет тіліне оқыту процесі кезінде ойынның барлық түрлерін көрсете алмайды. Сондықтан оқулықтарда ұсынылатын ойындық жинақтамалар мен ойындық тапсырмалардың қатарын арттырады.
Зерттеу жұмысының мақсаты - ағылшын тілі сабақтарында грамматикалық материалды меңгерудің тиімділігін арттырудың құралы ретінде қолдану мүмкіндігін талдау.
Қойылған мақсатқа келесі міндеттерді орындағаннан кейін ғана жетуге әбден болады:
- Грамматикаға үйретудің дәстүрлі әдісін қарастыру;
- Ойын түсінігі және оның мәнін, ағылшын тілі сабағындағы ойынның рөлі мен қызметтері, оқу процесі кезіндегі ойынның өзгешелігі мен құрылымын анықтау;
- Грамматикаға үйрету кезіндегі ойын әдісін қолдануды зерттеу.
Зерттеу жұмысының нысаны: ағылшын тіліндегі грамматикалық құбылыстарға үйретудегі ойындық амалдар.
Зерттеу пәні: ағылшын тілі сабағында ойындық амалдарды жасөспірімдердегі коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру мен танымдық активтілігіне ықпал ету құралы ретінде қолдану.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері: зерттелетін тақырып бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу; зерттелетін мәселенің аспектісінде психологиялық-педагогикалық тәжірибені зерттеу; педагогикалық процесті, әңгімелесуді, сауалнаманы, эксперименттік зерттеуді, тестілеуді, сұрауларды бақылау.
Гипотеза ретінде келесілер ұсынылады:
Тілдің грамматикалық жағына оқытуда ойындық әдістерді қолдану грамматикалық амалдарды тиімді қалыптасуына алып келеді.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: тілдің грамматикалық жақтарын қалыптастыруда нақты материал, кешенді ойындар күйіндегі ұсынылады, ол кейін жалпы білім беретін мектептерде оқытудың кіші, ортаңғы және жоғарғы сатыларында қолданыла алады.
Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы: мұнда көрсетілген бақылаулар мен тұжырымдар ағылшын тіліне оқыту сабақтарында, жалпы білім беретін мектептерде грамматикаға үйретуде, ағылшын тілі мамандарын дайындауда қолданыла алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы зерттеудің мақсаты мен міндеті арқылы анықталады. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.

1 Тілдің грамматикалық жақтарына үйретудің теориялық негізі

1.1 Грамматикаға үйретудің дәстүрлі әдісі

Грамматка сынды тілге үйретудің ешқандай аспектілері көптеген жылдардың ішіндегі қарқынды талқылаулар мен дисскуссиялардың пәніне айналмаған. Грамматка әр түрлі түсіндірілді, ол ана тілімен қатар, шет тіліне оқытуда, әлем мемлекеттерінің білім беру жүйелерінде маңызды рөл атқарып келеді.
Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады. Грамматикалық құрылыс сөзге сүйенеді және сөз арқылы ғана көрініп отырады, сөзді таяныш етпейтін бірде-бір грамматикалық құрылыс болмайды. Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді, өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру нысанасының осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Грамматика тілдегі грамматикалық бірліктерді және ол бірліктердің әрі басын қосып ұйымдастыратын, қатынас жасауда іске жарататын, әрі олардың бір-бірінен жігін ажырататын тәсілдерді, құралдарды зерттейді.
Лингвистикада грамматика деген ұғымдық мағынасы өте кең. Осыған байланысты лингвистикалық әдебиеттерде түрлі-түрлі анықтамалар беріледі:
Грамматика - тілдегі сөздердің өзгеруі мен сөйлемдегі сөз тіркестері ережелерінің жиынтығы, сол ережелерді сипаттайтын оқулық грамматика деп аталады.
Грамматика - сөз формаларының жасалу, қолданылу жолдары мен сөйлемдегі сөз тіркесінің өзгеру заңдылықтары туралы ілім.
Грамматика - тілдің құрылысы туралы ілім; тіл білімінің сөз формаларының өзгеру жолдарын, сөз тіркестері формулаларын және сөйлем типтерін зерттейтін тарауы [2, б. 73].
Тілдің грамматикасы дегеніміз, сайып келгенде, тілдің грамматикалық құрылысы. Дәлірек айтсақ, тілдің грамматикасы дегеніміз - тілге тән грамматикалық категориялар жиынтығы мен жүйесі.
Осы анықтамаларды қорытындыласақ: грамматика - лингвистиканың үлкен бір тарауы; грамматика - тілдің грамматикалық құрылысы туралы ілім; грамматика - тілдің негізгі коммуникативтік қызметін жүзеге асырушы амал тәсілдер туралы ілім; грамматика - сөз формаларын жасалу, өзгеру жолдары мен заңдылықтары, сондай-ақ, сөз тіркестері формулаларының заңдылықтары, олардың сөйлемге тіркесу амал-тәсілдері туралы ілім; грамматика - тілдегі сөз құрылысы мен сөз тіркестері, сөйлем типтері туралы ілім; грамматика - белгілі бір тілдің сөздері мен сөз тіркестерінің өзгерілуі, қолданылуы және сөйлемдер құрылысы туралы ережелер жиынтығы мен жүйесі. Баяндау жүйесі мен тәсілі, зерттеу объектісі мен әдісі қамтыған материалдары және олардың кімге, не үшін арналу мақсатына қарай, грамматика құралдары түрлі-түрлі болып келеді: мектеп грамматикасы , ғылыми грамматика, академиялық грамматика, нормативті, тарихи немесе диахронды, салыстырмалы (сравнительная), салғастырмалы (сопоставительная), салыстырмалы-тарихи, сипаттамалы немесе синхронды грамматика, жалпы грамматика, сондай-ақ белгілі бір тілдің морфологиясы немесе синтаксисі т.б. Осының ішінде жоғары оқу орындарына арналған сипаттамалы грамматика.
Морфология - белгілі бір тілге тән сөздердің грамматикалық категориялары мен сөз формалары грамматикалық категориялардың жиынтығы мен жүйесі. Дәлірек айтсақ, морфология - сөздердің өзгеру жолдары мен амалдары, грамматикалық формалар мен грамматикалық мағыналардың берілу тәсілдері туралы ілім: морфология - сөздердің формасы туралы ілім.
Морфология тілдегі сөздердің құрылымын, сөз компоненттерін, олардың қызметін, сөздердің түзілу ерекшеліктері мен өзгеру жолдарын, сөз формаларының жасалу және берілу тәсілдерін, сөз мағынасы мен формасының арақатынасын, сөздердің грамматикалық мағыналарын зерттеп, тексереді. Морфологияның негізгі объектісі - морфтар мен морфемалар - сөз формасының ең қысқа мағыналы бөлшегі. Морфология - сөз формасы мен сөздің грамматикалық мағынасына қатысты ірілі-ұсақты (зат есім, септік, тәуелдік) грамматикалық категорияларды зерттейтін ілімі.
О.С. Ахманова морфологияны тілдің сөз түрлендіру жақтарын қарастыратын (морфология словоизменение) деп үш түрге бөледі. Бұлардың біріншісі сөздердің грамматикалық формаларын жасауда тілдің тиісті бір единицаларының грамматикалық құралдарына көңіл бөледі, екіншісі тілдің сөз жасау тәсілдерін зерттейді; үшіншісі сөз тіркестерінің морфологиялық жақтарын, дәлірек айтқанда, сөз тіркестерін құраушы элементтерінің морфологиялық белгілерін қарастырады [3, б. 74].
Синтаксис - гректің syntaxis (құрастыру, түзу - составление, построение) деген сөзінен алынған. Синтаксис тілдегі сөздерді байланыстырып сөйлеу құралдарын зерттейді. Синтаксис - сөйлеушінің негізгі единицаларын, яғни сөз тіркестері мен сөйлемді зерттейтін ілім. Синтаксистің негізгі объектісінің бірі - синтагма (сөз тіркесі).
Міне, көптік ұғымды осылайша сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тәсіл деп аталады.
Сөздің формасы деген ұғымға сөздің негізгі түбірі де, сөздің туынды, біріккен, қосарланған, әр қилы қосымшалар қосылған түрлері де, сөз тіркестері де енеді. Екінші сөзбен айтқанда, сөздің формасы деген ұғым - сөзден сөз тудырып, сөз бен сөзді байланыстыратын тәсілдері де, сондай-ақ, сөзге қосымша мағына жамайтын өзге тәсілдерді де қамтиды.
Грамматика біздің эрамызға дейін білімдердің жеке бір саласына айналған. Грамматика түсінігі грек тілінен енген (grammata - әріптер), алғашында ол оқу мен жазудың өнері болып саналған. Орта ғасырларда еркін өнерді білдіретін grammatica (лат) кез-келген білімнің компоненті болып саналған және алдына латын тіліне үйретуді, филология бойынша мәліметтерді хабарлауды, соның ішінде мәтіндерді мәтіндерді оқуды да мақсат етіп қойған. Кез-келген тілге оқыту грамматиканың көмегімен жүргізілген, әдетте, латын тілінің негізінде қалыптасқан. Грамматика ерекше пән ретінде зерттелген.
Кейінгі уақыттарда, әсіресе ХIХ ғасырдан бастап грамматика ұғымы мынаны түсіндіре бастады:
а) тілдің грамматикалық құрылымын;
б) осындай құрылымды білдіретін тіл білімінің саласын;
в) сөз тіркесіне, сөйлемдерге біріктірілген сөздердің өзгеруінің ережелерін (кейде мәтіндерді);
г) ережелердің сипаттасынан тұратын оқулықты.
Айта кететін жайт, ХХ ғасырда лингвистер мен әдістемешілер грамматика ұғымына тіл туралы ғылымның әр түрлі салаларын енгізе бастады, мысалы, сөз жасау мен фонетика, сондай-ақ орфография, лексикологияның, фразеологияның, стилистиканың элементтері немесе Семантиканың, Прагматиканың және басқаларының бөлімдері, олар өз кезегінде әр түрлі тілдердің грамматика туралы оқулықтарына енгізіледі. Ағымдағы жүзжылдықта шет тілінің грамматика туралы оқулықтары әр түрлі мақсаттарда бағытталды: әр түрлі жас ерекшеліктері мен оқытудың әр түрлі деңгейлеріндегі грамматика, көптеген оқу орындарына арналған грамматика, әр түрлі лингвистикалық тәжірибесі бар немесе әр түрлі мамандық иелеріне арналған грамматика, ерекше коммуникативті грамматика және т.б.
Қазіргі заманғы көптеген лингвистердің ойынша қазіргі заманғы тілді меңгерудің нысаны тіл болып табылады (оның қасиеттері мен қызметтерінің барлық жағдайларында): құрылымы, функцияналдануы және оның тарихи дамуы.
Грамматиканың рөлі көбінесе әр түрлі факторлардың әсерінен өзгереді: лингвистиканың теориясы эволюциясының әсерімен, шет тілін оқытудың практикалық нәтижелерінің әсерінің ескерілуімен, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың ескерілуімен және т.б. Соңғы онжылдықта грамматиканың рөлінің қатты қысқартылуына ұмтылыстар байқалуда, ол оқушылардың сөйлеуіндегі қателіктердің ұлғаюына алып келді [4, б. 47].
Басқа жағынан алып қарағанда, шет тілін оқытудағы грамматиканың басымдылықты рөлінің сақталуына мысалдар келтіруге болады, ол туралы отандық бағдарламалар мен оқулықтар куәлік ете алады, олар көптеген жағдайларда әдістемелік мақсаттардың негізінде емес, тіл білімі мамандарының ерекше көзқарастарымен, кейбір жағдайларда әлеуметтік-саяси факорларға қарай жасалады.
Тарихи тәжірибе көрсеткендей, бір жағынан алғанда, қандай да бір грамматикадан бас тартудың амалдары, басқа жағынан алғанда оқу процесіндегі оның рөлінің тым асырылуы тілді практика жүзінде меңгерудің нәтижелеріне жағымсыз әсер көрсетуде.
Витлин Ж.Л. ойынша, грамматикаға мектепте үйретпейді, ал грамматикалық қабілеттер интуициялық, саналы емес негізде қалыптасады. Осында олардың қалыптасуындағы ең әлсіз жерлері көрінеді, онда сөйлеуді тілдік құрылымдарды қолданады, бірақ олардың грамматикалық ақпараттарын түсінбейді, демек, әрдайым олардың мәнін түсіне бермейді, өз бетінше сөйлемдерді грамматикалық үлгісі бойынша өз бетімен құрастыру қабілетіне ие бола алмайды. Осылайша, Рогованың Г.В ойынша: грамматиканы сөйлеуден бөліп алуға болмайды, грамматикасыз қандай да бір сөйлеу формасын меңгеру байқалмайды, яғни грамматика сөздік және дыбыстық құрамымен бірге тілдің материалдық негізін құрайды. Грамматикаға ұйымдастырушылық рөл тиесілі. Адамның бас миында стереотиптердің жүйесі қызмет етеді, ол осы сөздердің бір түйін ретінде байланыстыруға жауап береді. Стереотиптердің жүйесі интуициялық, ойлануды қажет етпейтін грамматиканың болуын анықтайды, оны әр адам ана тілінде ұстанады. Шет тілін оқу кезінде таңдалған грамматикалық минимумның негізінде стереотиптердің тетігін жасау керек, яғни интуициялық грамматиканы жасау керек, ол шет тіліндегі сөйлеудің жасалуына ықпал етуші еді [5, б. 34].
Қазіргі кезде коммуникативті құзыреттіліктің қалыптасуындағы грамматиканың алдыңғы қатарлы ұстанымының бекітілуімен грамматикалық қабілеттердің қалыптасу мәселесі ең маңыздыларының бірі болып табылады. Грамматикалық қабілет өзінің табиғаты бойынша біркелкі емес, осылайша өзіне деген кешенді қатынасты талап етеді, ол оның бардық негіздеріне тиесілі болады.
А. Грамматикалық қабілеттің сипаттамалары
Грамматикалық қабілет деп - біз грамматикалық құралдарды автоматты түрде тілде қолдануды түсінеміз.
Е.И. Пассов грамматикалық қабілет деп - сөйлеушінің тілдік негізге сәйкес келетін модельді таңдап, оны берілген тілдің нормаларына сәйкес, яғни өте тез қалыптастыруын айтады. Грамматикалық қабілетте оның құрамындағы әрекететрді бөліп көрсетуге болады:
1) сөйлеушінің тілдік ойына сәйкес келетін құрылымды таңдау;
2) тілдік бірліктердің рәсімделуі, онымен берілген тілдің нормаларына және белгілі бір уақыттық параметрге сәйкес құрылымы толықтырылады ;
3) бұл әрекеттердің дұрыстығы мен адекваттылығын бағалау;
Ол қандай әдістемелік мағынаға ие екендігін анықтау үшін мысалға жүгінейік.
Егер бізден бірдеңе сұрап жатса, біз бас тартқымыз келсе, онда бұл әр түрлі жолдармен беріле алады: Менің оны істегім келмеуші еді немесе Мен оны істемеймін немесе Басқа біреуге айтшы және осы сияқты.
Демек, біздің санамыздағы құрылымдар белгілі бір коммуникативтік міндеттермен байланысты: әр міндет үшін - құрылымдардың функционалдық ұясы. Бірақ міндеттермен байланыс - бұл істің ақыры емес. Сөйлеуші қандай да бір құрылымды таңдайтыны нақты шарттарға тәуелді болып келеді: әріптестен, онымен қарым-қатынастан, көңіл-күйден, мәдениеттен және т.б.
Құрылымды таңдауды қабілеттің функционалдық жағы деп атауға болады. Бірақ оның ресми де жағы бар - рәсімдеу. Берілген тіл бойынша дұрыстығы және сөйлеудің жылдамдығы осыған байланысты. Рәсімдеудің бұл жағы тығыз түрде сөзді және сөз тіркесін шақырумен байланысты, сонымен қатар, құрылымын рәсімдеу оларға негізделген және олардың деңгейіне байланысты болып келеді. Міне сондықтан, грамматикалық қабілетті тек оқушы жақсы білетін лексикалық бірліктердің негізінде ғана қалыптастыруға болады [6, б. 49].
Б. Қабілеттердің түрлері
Белгілі болғандай, грамматикалық қабілеттер бір-бірінен тілдік коммуникацияның түрлері қаншалықты ерекшеленетін болса, соншалықты өзгешеленеді (сөйлеу, оқу, тыңдау, жазу).
Сөйлеудің грамматикалық қабілеті деп - ауызша тілде дұрыс коммуникативті-мотивацияланған автоматтандырылған грамматикалық құбылыстарды айтуды түсінеміз. Дұрыс форманың жасалуы мен форманың қолданылуын қамтамасыз етуші грамматикалық қабілеттерді тілдік морфологиялық қабілеттер деп атауға болады (мысалға алсақ, етістіктің жұрнақтарының жасалуы). Сөйлемдердің барлық түрлеріндегі сөздің дұрыс автоматтандырылған орналасуға жауап беретін қабілеттер синтаксистік тілдік қабілеттер ретінде анықталады.
Морфологиялық және синтаксистік тілдік қабілеттер сөйлеудің жазбаша берілуінің өзгешелігіне орай барынша аналитикалық сипатқа ие. Бұл жерде жазылғанның өзіне қайтып оралу, дайындалған мәтінді түзету мен өзгерту мүмкін болып табылады.
Рецептивті грамматикалық қабілеттер - бұл жазбаша немесе ауызша мәтіндегі грамматикалық ақпараттың нұсқауы мен расшифровкасы бойынша автоматтандырылған әрекеттер.
Ауызша немесе жазбаша мәтінді қабылдау мен түсіну тілдік материалды активті және пассивті білуінде болатындықтан, рецептивті грамматикалық қабілеттер оқудың және тыңдаудың рецептивті-активті және рецептивті-пассивті қабілеттері болып бөлінеді.
Қабілеттердің тағы бір түрі бар, ол ақыл-ойлыққа немесе интеллектуалдыққа жатады: тілдік дискурсивті-аналитикалық грамматикалық қабілеттер. Олар грамматикалық білімдердің негізінде қалыптасады және негізінен жазбаша тілде фондық компонент ретінде қолланылады, өте сирек сөйлеуде қолданылады. Тілдік қабілет сөйлеушіге сөйлеу әрекетін дұрыс орындауға көмектеседі, ал оны қате орындаған жағдайында анық емес жерлерін түзетуді қамтамасыз етеді [7, б. 95].
Тілдік қабілеттердің рөлін сөйлеу қабілеттерінің рөлін анықтай отырып, біріншілері сөйлеудегі грамматикалық әрекеттерді меңгеруде операциялық-ориентациялық негізді құрайтынын айтуға болады; олар сөйлеудің грамматикалық автоматизмінің қалыптасуна жағымды әсер етеді, бірақ оның жасалуына кепілдеме болмайды.
В. Грамматикалық қабілеттердің қалыптасуы
Сөйлеудің грамматикалық жағының функционалдануы келесідей жолмен жүреді:
а) сөйлеуші өзінің сөзін ойластырылуына байланысты адекватты модельді жасайды. Таңдау саналы түрде жүреді. Біз өзіміздің серіктесімізге бірдеңені істеуге уәде беретін болсақ, біз онда жағдайға және серіктесімізге деген қарым-қатынасымызға байланысты былайша дейміз: Мен оны істеймін немесе Жақсы, мен саған сөз беремін немесе Жарайды, жаарйды мен істеймін және т.с.с. Бұл келер шақтың етістігі сөз беру функциясымен бірге болған кезде жүзеге асырылады, демек, ол адамның санасында бекітіледі. Бұл қабілеттің функционалдық жағы немесе таңдау операциясы болып табылады;
б) сөйлеуші модель толықтырылатын тілдік бірліктерді рәсімдейді. Рәсімдеудің операциялары тілдің нормаларына сәйкес және белгілі бір уақыт аралықтарында өтуі тиіс. Модельді таңдау сөйлеушімен оның грамматикалық мәні қалай меңгерілгеніне қарай жүреді, ал ол берілген модельдің рәсімделуімен тығыз байланысты, өйткені оның формасы мен мағынасы біріңғай және бөлінбейді. Басқаша айтқанда, грамматикалық мағына, бір жағынан алғанда, модельдің рәсімделуімен байланысты, басқа жағынан алғанда - таңдау тәуелді болып келетін жағдайға байланысты. Мұны түсіну мен мойындау алдымен рәсімдеу (тілдік және соған ұқсас жаттығуларда), кейін таңдау (тілдік жаттығуларда) операцияларының бірізділікпен болуынан бас тартуға алып келеді, өйткені бұл жағдайда рәсімдеуді жағдайлықтан бөліп алу керек, сондықтан да сөйлеудегі рәсімдеуді жағдайлық басқару жетілдірілмейді. Аталған механизм шарттық-тілдік жаттығуларда алатын орнына қарай функцияның алдыңғы қатарлы рөлінде егер форма мен функция параллельді болса ғана өңделеді [8, б. 59].
Екі операция да - таңдау мен рәсімдеу - грамматикалық қабілетте сөйлеу қабілеттеріне ие қасиеттермен біріңғай синтезделген.
Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, негізгі мектептегі грамматикалық оқыту сүйенетін негізгі жағдайларды бөліп көрсетуге болады:
Грамматиканы оқытуды коммуникативті бағытталғандықты зерттеудің алғашқы қадамдарынан бастап оқыту керек. Осындай амалдың арқасында, оқушылар грамматиканың коммуникацияны қамтамасыз етуші актілердің біреуі екендігін түсіне алады. Коммуникативті бағытталғандықты негіз болушы жағдай деп қарастыруға болады, өйткені грамматикаға оқытудың мазмұнын, онымен жұмыс істеудің әдістемесін және педагогикалық процестің ұйымдастырылуын құрайды.
Грамматикаға оқытудың мазмұнында тек қана тілдік емес, сондай-ақ белгілі бір критерийлермен өңделген сөйлеудің материалдары да болуы керек. Таңдаудың критерийлерін орнатуда оқытудың жалпы коммуникативті ориентациясын есте сақтаған жөн.
Тілдік және сөйлеу материалының негізінде оқушылар біртіндеп тыңдау, оқу, сондай-ақ ауызша және жазбаша түрде ойды жеткізуге қажетті тілдік сигналдарды анықтауға арналған грамматикалық қабілеттер мен дағдыларды меңгереді.
Грамматикаға оқыту практикалық курста ана тілінің ерекшеліктерін ескеруді болжайды.
Жаңа грамматикалық материалмен танысу мен оны өңдеуді ойындық әдістерді қолдану арқылы жүзеге асыруға болады, бұл қызығушылықтың атмосферасын жасауға, шет тіліне оқыту процесін қызықты, әрі баурап алатындай істеуге көмектеседі.
Жаттықтыру мен қолдануды ұйымдастыру шартты-коммуникативті немесе коммуникативті бағдарланғандықты білдіреді. Бұл салада Е.И.Пассов көп еңбек еткен, ол элементарлы жаттығуларға шартты-коммуникативті бағытталғандықты беруге болатынын дәлелдеп, көрсетті.
Грамматикалық әрекеттер мен операцияларды меңгеру оларды орындаудың әдістерімен - қабілеттері мен дағдыларымен байланысты. Соңғыларының қалыптасуы оқытудың сатысына қарай белгілі бір жүйелерге біріктірілген мақсатты жаттығуларды орындауды білдіреді.

1.2 Коммуникативтік құзыреттіліктің маңызды құрам бөлігі ретіндегі тілдің грамматикасына үйрету

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.
Сондай-ақ халықаралық қатынастар аясында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өзгерістердің әсерінен қоғамда ағылшын тілінің рөлі өзгерді. Ол қарапайым оқу пәнінен заманауи білім беру жүйесінің негізгі элементіне айналды. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістер пайда болды.
Сондықтан, әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс. Сонымен, еліміздің мектептерінің оқу үрдісі түбегейлі өзгеріп оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңаруына себепші болуда.
Білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. Ағылшын тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудың ерекшелігі: оқу материалдарының ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы оқушылардың оқу іс- әрекетін мұғалімнің көмегімен немесе компьютер арқылы меңгерілуі. Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту,ақпаратты-коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету,өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру,оқушылардың, танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады.
Оқытудың негізгі үш түрі бар: 1.тәрбиелеу, 2.ағарту, 3.дамыту [9, б. 94].
Оқытудың тәрбиелік мақсаты. Оқушылардың көпшілігінің ағылшын тілін оқуға деген үлкен қызығушылықпен кірісуі, олардың ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. Олар алғашқы кезде амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын біле бастайды. Осы кезеңде қарым-қатынас екі жақты болуды талап етеді себебі, олар тыңдай білуге де, сұрай білуге де үйретілуі керек. Оқытудың ағартушылық мақсаты. Кез -келген тілдің ағартушылық қызметі зор. Әрбір тіл сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетінің тікелей көрсеткіші және сол тілде сөйлейтін ел туралы хабардар болуы; өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді. Оқытудың дамыту мақсаты. Оқу-ұйымдастыру білігі мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттарының негізі болып табылады. Себебі, оқушының тіл білімі деңгейін жоғарылату және сол тілде ойлауды дамыту-тіл білімін дамытудың басты міндеті.
Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.
Бірінші тараудың екінші тарамшасында ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдістемесі сипатталады.
Еліміздегі білім беру саласында оқытудың жаңа түрлері, әдістері,жаңа бағыттағы технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының жаңаруына себепші болуда. Осындай оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай бағдар деп инновациялық, технологиялық білім беру жүйесін айтуымызға болады.Инновация, Технология терминдеріне жеке-жеке тоқталатын болсақ, инновация дегеніміз- жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, яғни инновациялық үрдістерді мазмұнды ұйымдастыруды анықтайды. Қазіргі әдістемелік әдебиеттерде технология (technology) деген ұғым оқыту деген ұғыммен қатар қолдананылады Технология термині тәсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді.
Оқу материалын толықтыру, қорытындылау, қайталау, ал ең бастысы оның практикалық қолдану дағдысы мен шеберлігін қалыптастыруда бұл ең тиімді әдістердің қатарына жатқызылады.
Құзыреттілік ұғымы - белгілі бір пәндер мен үрдістерге және соларға қатысты әрекет ету үшін қажетті тұлғалық қасиеттердің өзара байланысты бірлігі. Құзыреттілік оқушылар дайындығы сапасының сан қырлы және құрылымдық сипатын анықтайтын толық мөлшерде стандартталынбайтын бағасы. Құзыреттілікті оқушының пән бойынша меңгерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді, ол оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа [10, б. 46].
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруда, өз бетімен шешім қабылдай алуына мүмкіндік туғызатын негізгі құзыреттіліктер:
- проблеманың шешімін табу құзыреттілігі;
- ақпараттық құзыреттілік;
- коммуникативтік құзыреттілік.
Соның ішінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселелері қазіргі таңда жете қарастыруды қажет етеді. Қазіргі заманның талабына сай мектептерде білім беру жүйесіндегі коммуникативтік құзыреттілік жөнінде көптеген мәселелер қаралып, олар шет тілін оқыту саласында да қолданысқа енгізілген.
Шет тілін оқытуда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын қалай сақтауға болады? Бұл сұрақ соңғы жылдарда әдістемелік әдебиеттерде кеңінен қарастырылуда.
Қазіргі заманғы педагог-психологтың кәсіби қалыптасуында коммуникативті құзыреттілік және әлеуметтік интеллект мәселесі өзекті бола түсуде. Бұл тенденция еліміздегі қоғамның заманауи ағымына, динамикасына байланысты және кәсіби өзара әрекеттесудің жаңа сатысына көтерілуімен сипатталады.
Коммуникативті құзыреттілік немесе қарым-қатынас құзыреттілігін зерттеуші ғалымдардың көпшілігі (Ю.М.Жуков, М.К.Кабардов, А.А.Леонтьев, Л.А.Петровская, Е.В.Сидоренко және басқалар) жеке тұлғаның субъект үшін қарым-қатынастың тиімділігін арттыратын, өзара әрекеттесуде жүзеге асатын арнайы білімдерді меңгеру процесінің мақсаты мен нәтижесі ретінде анықтайды.
Педагог-психологтың коммуникативті құзыреттілігі коммуникативті процестің тиімді жүруін қамтамасыз ететін қалыптасқан кәсіби білімдер, коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттер, эмпатияға қабілет, өзін-өзі басқару, өзара әрекеттесудің вербальді және вербальді емес мәдениетінің жиынтығымен сипатталады.
Басқаша айтқанда, әлеуметтік-коммуникативті құзыреттілік - тұлғалық-бағдарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін білім, білік және қабілеттер.
Коммуникативті құзыреттіліктің үш жетекші компонентін бөлуге болады: танымдық, аффективті және реттеушілік. Танымдық компонент - қарым-қатынас барысында ақпарат алмасу және адамдарды тану бойынша білімдер жүйесін меңгеру. Аффективті компонент - персонааралық қарым-қатынасты орната алу. Реттеушілік компонент - өзінің және өзгелердің мінез-құлқын басқару және түзете алу, бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру білігі.
Әлем халықаралық қатынастармен бірге дамып келеді. Шет тілдерін білу бүгінгі күні тек қана мәдени ғана емес, экономикалық та қажеттілік болып табылады. Біздің қоғамда болып жатқан өзгерістер - контактілерді кеңейту, сыртқы экономикалық аренаға шығудағы барынша кең арна - шет тілдерін меңгерудегі практикалық қызығушылықты арттырды, соның ішінде ағылшын тілін меңгеруде. Қазіргі кезде шет тілдерін білу - бұл тек адамның мәдени дамуының белгісі ғана емес, оның өмірдің әр түрлі салаларындағы табысты қызметінің шарты болып табылады. Сондықтан да білімді жаңғыртудың тұжырымдамасының қойған мақсаттарының бірі оқушыларда коммуникативті құзіреттіліктің дамуы болатыны жайдан жай емес.
Коммуникативті құзыреттілікті меңгеру шет тілдік қарым-қатынаспен олардың барлық функцияларында меңгеруді білдіреді: ақпараттық, жүйелі, эмоционалдық-бағалаушы, этикеттік [11, б. 67].
Алдымен орта мектептегі шет тілін оқытудың мазмұнына тоқтала кетейік. Ол оқушыларда шет тілдік коммуникативті құзыреттіліктің қалыптасу процесі кезіндегі қарым-қатынас ұстаудың мәдениетін қалыптастыруға бағытталған негізгі мақсаттарды жүзеге асырады. Мұндай құзыреттілік таза тілдіксөйлей қабілеттерінің қалыптасуын (лексикалық, фонетикалық, грамматикалық), сондай-ақ ауызша және жазбаша түрдегі нормативті қолданылуын болжайды. Ұсынылатын тақырыптар, мәтіндер, проблемалар тілдік қызметтің көптеген түрлерінің қалыптасуына, әлеуметтік мәдени қабілеттер мен дағдылардың дамуына бағытталған, бұл шет тілін қарым-қатынас, білім алу мен өз бетінше білім алудың құралы, бірлестік пен қазіргі заманғы қоғамдағы әсерлесу ретінде қолдануды қамтамасыз етеді.
Негізгі мектептерде шет тілін меңгеру кезінде (5-11 сыныптар) оқушылардағы сөйлеудің, оқудың, тыңдаудың және жазудың әр түрлі стратегияларын меңгеру кезіндегі барлық оқушыларда коммуникативті құзыреттіліктің құрамының жүйелілік және бірізділік дамуын қамтамасыз етеді.
Шет тіліне оқыту шет тілін халықаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруге бағытталған, мынадай жолдармен:
- тілдік қыземттің негізгі қабілеттеріндегі базалық коммуникативті қабілеттерді дамыту мен қалыптастыруға;
- зерттелетін тілдің шет тілдік ортасында коммуникативті-тілдік өмір сүруге (зерттелтін тақырыптар мен жағдайлардың шеңберінде);
- шет тілдік коммунитикативті құрамының барлығының дамуына;
- елтанулық, мәдени және лингво-мәдени материалдың көмегімен еуропалық және әлемдік мәдениеттің контекстінде оқушылардың дамуына бағытталған.
Коммуникативтік құзыреттіліктегі алдыңғы қатарлы компонент сөйлеу қабілеттері болып табылады, ол мыналардың негізінде қалыптасады:
а) тілдік білімдер мен дағдылар;
б) лингвоелтанулық және елтанулық білімдер.
Коммуникативті құзыреттілікке келесідей маңызды қабілеттер кіреді:
- күрделі емес аутентикалық мәтіндерді оқуға, түсінуге (толық мазмұнын түсінумен);
- оқу-еңбек, мәдени, тұрмыстық саланың бстандарттық жағдайларында қарым-қатынас ұстауға;
- ауызша формада өзі туралы, қоршаған ортасындағы адамдар туралы айтып беру, өз көзқарасын білдіруге;
- жазбаша күйде элементарлы ақпаратты жеткізуге (хат).
Осылайша шет тілдер бойынша мемлекеттік білім стандартында коммуникативті құзыреттіліктің минималды деңгейі анықталады.
Сөйлеу коммуникациясының процесінде адамдар тілдік құралдарды қолданады - оның сөздігі мен грамматикасымен - адресатқа түсінікті болатындай сөйлемдерді құрастыру үшін. Алайда тек қана сөздік пен грамматиканы ғана білу сол тілдегі қарым-қатынас табысты болуы үшін жеткіліксіз: қандай да бір тілдік бірліктер мен тіркестердің қолданылу шарттарын білу керек. Басқаша айтқанда, грамматиканың өзінен басқа тілде сөйлеуші жайдайлық грамматиканы да меңгеруі керек, ол тілді тек қана лексикалық бірліктердің мағынасына және олардың сөйлемдердегі тіркесу ережелеріне қарай отырып қолдануға ғана емес, сонымен қатар сөйлеуші мен адресаттың арасындағы қарым-қатынастың сипатына, қарым-қатынастың мақсатына және басқа да факторларға қарай қолдануға мүмкіндік береді, оларды білу өзіндік тілдік білімдермен қатар сол тілде сөйлеушінің коммуникативті құзыреттілігін құрайды [12, б. 58].
Коммуникативті құзыреттіліктің құрамына кіретін және тілді білуден ерекшеленетін қарым-қатынас қабілеттерінің сипаттамасын жанама сөйлеу деп аталатын актілермен суреттеп көрсетуге болады. Жанама сөйлеу деп - берілшен жағдайдағы оның формасы шынайы мағынасына сәйкес келмейтін актіні айтады. Мысалы, егер көршіңіз тамақтану үстінде сізге келесідей сөздермен қаралатын болса: - "Сіз маған тұзды бере аласыз ба?", онда формасы бойынша бұл сұрақ, ал мәні бойынша - тілек, оған жауап сіздің әрекетіңіз болуы керек: сіз көршіңізге тұзды бересіз. Егер сіз оны сұрақ ретінде қабылдап Бере аламын деп жауап беріп, ешқандай әрекеттер жасамасаңыз, онда көршіңіз сізді расында да тұзды беруіңізді сұрайды - онда коммуникация процесі бұзылады: сіз сөйлеушінің күткеніндей орындамайсыз немесе сәйкес жағдайда өзіңізді дұрыс емес ұстаған боласыз.
Сондай-ақ қарым-қатынас процесінде тілдік әріптесіңіздің әлеуметтік сипаттамаларға ориентациясы ерекше орынға ие: оның лауазымы, ұстанымы, жағдалық рөлі.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде коммуникативті құзыреттілік өзінің тілдік және тілдік емес мінез-құлығын ұйымдастыру қабілеті ретінде анықталады деген тұжырымға келеміз.
Коммуникативті құзыреттілікті қалыптастырудың мақсаты - болған коммуникативтік акт.
Бұл мақсатқа жетудің құралы - коммуникативті құзыреттіліктің құрамына кірушілер (тілдік білімдер мен қабілеттер, сөйлеу қабілеттері, оқытудың мазмұнындағы лингвоелтанушылық компоненті). Коммуникативтік құзыреттіліктің маңызды компоненті деп көптеген әдістемешілер тілдік құзыреттілікті түсінеді, қажетті білімдердің көлемінде грамматикалық дұрыс формалар мен синтаксистік құрылымдардың конструкциялануын қамтамасыз етеді, сондай-ақ шет тілдерінің нормаларына сәйкес сөйлеудің мағыналық бөліктерін түсінуді қамтамасыз етеді.
Грамматиканың лексиканы алдындағы артықшылығын анықтау мүмкін емес, сондай-ақ лексиканың грамматиканың алдындағы артықшылығын да анықтауға болмайды. Тілдің грамматикалық құрылымын білмейінше, шет тілдеріндегі коммуникативті міндеттерін шешуге болмайды. Алайда тілдің грамматикалық жүйесін меңгеру тек таныс лексиканың негізінде ғана жүзеге асырылады. Осылайша, грамматикалық және лексикалық қабілеттер мен дағдылар тілдік құзыреттілктің орталығы болып табылады, оған сөйлеу қабілеттері мен дағдылары сүйенеді. Өйткені дәл фразаның грамматикалық формасын және лексикалық мағынасын түсінгеннен бастап адам еститін, оқитынғ айтатын жай ғана дыбыстардың жиынтығы мағынаға ие болады [13, б. 49].
Әр оқушы жекелей алғанда және біздің барлық мемлекетіміз әлемдік мәдениетті тануға жол ашатын, әлемдік нарыққа бағыттайтын шет тілін практикалық тұрғыда меңгеруге қызығушылығын танытады. Сондықтан да приоритетті мақсат ретінде коммуникативті құзыреттілік орын алады. Бұл кезде шет тілі тек соның көмегімен өзіндік жалпымәдени деңгейін, ойлау, шығармашылық, біреудің ойын және шығармашылығын бағалау қабілеттерін көрсетуге болатын құрал. Сондықтан да шет тілін меңгерудегі әдістердің ішінде таңдау дамытушы потенциалға иелеріне беріледі: ойды оятады, құралдар мен сөйлемдерді ұштайды, сезімдерді, бейнелік түсініктерді байытады, жалпы қарым-қатынастың мәдениетін және жалпы әлеуметтік мінез-құлықты жетілдіреді.
Қазіргі кезде тілді коммуникативтік оқыту мәселесіне ерекше назар аударуда. Ағылшын тілін оқытудың жаңа технологиясы тілдің коммуниктивтік қызметін ескере отырып, оны коммуникативтік танымдық жағынан меңгертуді көздейді. Қатынастық әдіс ХIХ ғ 60-70жылдарында ағылшын тілі халықаралық қатынастық тіл статусын алған кезде Британияда пайда болды.
Бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы технологиялар пайда, болып, олар білім мазмұнының толығымен түбегейлі жаңаруына себепші болуда.
Оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай әдістердің бірі коммуникативтік оқыту технологиясы. Осы мәселе жөнінде, яғни ағылшын тілін оқытудағы коммуникативті біліктілік деңгейді Германияның оқу бағдарламасын жасаған неміс ғалымдары Г.Нойнер, Г.Хунфельд былай түсіндіреді: коммуникация тіл және іс-қимыл (күлу, дауыс ырғағы сияқты) әрекеттер арқылы болады. Ол алдын-ала жоспарланған, дайындалған болуы немесе жоспарланбаған болуы мүмкін. Сабақ үстінде әдетте дайындалған, жоспарлы сөйлеу коммуникациясына көп көңіл бөлінеді.
Оқушылардың сабақта айтылған хабарлардың мағынасын түсінуі, олардың түпкі мақсатын танып білуі және өзінің жеке мақсатын іске асыруы өте маңызды іс. Осы біліктілік коммуниктивтік біліктілік деп аталады.
Коммуникативтік біліктілік мынадай оқу мақсаттарын қамтиды:
1.Когнитивті мағыналық мақсат, яғни оқушы коммуникативтік жағдаяттарды әңгімелесу, сөйлесу, қарым-қатынас туындайтын жағдайларды таба білуі керек. Ол өзінің іс-әрекетінің, сөйлесуінің, қарым- қатынас жасауының барысында - осы жайттарды ескеруге дағдылануы, үйренуі қажет.
2.Әлеуметтік мақсат, оны жүзеге асыру кезінде оқушы өзін өзі қалай ұстайтынын біле отырып, өз іс-әрекетіне жауап бере алады. Алға қойған мақсатына басқалармен бірге жетуге ұмтылады, сондай-ақ қарым-қатынас жасайтын әріптесімен жеке тұлға ретінде тең жағдайда болуға тырысады.
3.Лингвистикалық біліктілік мақсат. Бұл мақсатқа сәйкес оқушы ойларын,іс-әрекетін сөйлеп жеткізе алуға ынталы болады.
Бұл үш компонент бөлек-бөлек емес,керісінше өзара тығыз байланыста болады деп пайымдайды Г.Нойнер [14, б. 92].
Осы аталған коммуникативтік біліктілікке қалай қол жеткізу жолын жолын іздестіруші әдіскерлердің бірі Е.И.Пассовтың пікірінше шетел тілін оқытуда мына жайттарды ескергенде коммуникативтілікке ие болатынын байқаймыз:1 коммуникативтік сипаттағы оқыту тәсілдерін пайдалану; 2. арнайы жаттығулар жасау; 3. бүкіл оқу процесін мақсатты түрде ұйымдастыру;
Коммуникативтік әдістің жаңалығы неде, ол оқыту ісін қалай ұйымдастырады оның ерекшеліктері мынада:
1. Коммуникативтілік оқу процесіндегі білік,дағдыны жетілдіруге бағытталады. Ағылшын тілінде үнемі сөйлеу оқушылардың тілді білмеймін деген ойдан арылтып оқуға деген қызығушылығын арттырады. Ол үшін барлық жаттығулар сөйлеуге жетелейтін мақсатта болуы керек. Коммуникативтік бағытта оқыту оқушының жеке бас ерекшелігін ескеруді көздейді, яғни баланың бойындағы барлық жеке қасиеттері ескрілуі керек. Бұл оның белсенділігін арттырып, оқуға ұмтылу үшін ең басты құралы болып саналады.
3.Коммуникативтілік функционалдықпен де байланысты, себебі кез келген сөз коммуникация процесінде белгілі бір қызмет атқарады. Оқушы тілді үйрене бастағаннан бастап сөздерді іс жүзінде сөйлеу барысында қолданып жаттықпаса, кейін оларды есіне түсіре алмай, дұрыс пайдалана алмайды.
4.Коммуникативтілік, коммуникативті бағытта оқыту әдісі оқытудың ситуативті болуын талап етеді. Өйткені, ситуативтілік сөйлеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану
Ағылшын тілін оқытудың теориялық негіздері
Оқушыларға ағылшын тілін оқытудың маңызы
Грамматика - тілдің құрылысы туралы ілім
Ақпараттық жүйе құрылымы
Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тәсілдері
Ағылшын тілі сабақтарында ойын технологиясын ұйымдастыру
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЕРКІН СӨЙЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ТИІМДІ ОРЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ
Ағылшын тілін оқыту құралдары
Пәндер