Ағылшын тіліндегі фразеологиялық бірліктердің детективті жанрда қолдануы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Ағылшын тіліндегі фразеологиялық бірліктердің детективті жанрда қолдануы

Мазмұны

Кіріспе3

1 Фразеологиялық бірліктерді теориялық зерттеу5

1. 1 Фразеология ілімінің қалыптасу тарихы5

1. 2 Фразеологиялық оралым және оның түрлері14

1. 3 «Фразеологиялық бірлік-сөз» қатынасының мәселесі26

1. 4 Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің лексикалық ерекшеліктері29

2 Ағылшын тіліндегі фразеологиялық бірліктердің детективті жанрда қолдануы36

2. 1 Агата Кристидің детективті туындыларынан алынған фразеологиялық бірліктердің құрылымдық жіктелуі36

2. 2 Компоненттердің біріктірілу принципімен Агата Кристидің детективті туындыларынан алынған фразеологиялық бірліктердің жіктелуі48

2. 3 Тақырыптық топталуына негізделген Агата Кристидің детективті туындыларынан алынған фразеологиялық бірліктердің жіктелінуі55

Қорытынды64

Қолданылған әдебиеттер тізімі67

Кіріспе

Бүгінгі таңда ұлттық құндылықтарымызды қайта қалыптастыру, жандандыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру - тіл саясатының маңызды бағыттарының бірі саналады.

Ұлтаралық қатынастар үйлесімділігін, халықтар достастығы мен бірлігін нығайтуда егеменді еліміз бар күш жігерін салуда. Мұның өзі тілдерді дамытуға, сайып келгенде, мемлекеттік тілді өркендетуге келіп тіреледі.

Фразеологизмдердің жаңа ұғым, түсініктермен көбейіп, қалыптасуы сол ұлт тілінің даму ерекшеліктерінің және ұлт мәдениетінің танымдық қасиетін көрсетеді. Бірі түркі, бірі герман тілдері тобына жататын қазақ және ағылшын тілдерінің ұлттық мәдени ерекшеліктерін фразеологизмдер бойынан тауып, олардың бір-бірінен ұқсастық немесе бір-бірінен айырмашылық дәрежесін анықтауға, ұлттық нақыштарын тереңірек түсінуге болады.

Фразеологиялық бірліктердің зерттелуіне Ш. Балли, Л. Блумфилд, А. В. Кунин, А. С. Хорнби, Н. М. Шанский, Н. Н. Амосова, А. И. Смирницкий, акад. В. В. Виноградов, В. Н. Телия сынды шет елдік және отандық ғалымдардың еңбектері арналған. Берілген жұмыста біз ағылшын тіліндегі детективті жанрдағы тұрақты тіркестердің қолданылу ерекшеліктеріне зерттеу жүргіземіз. Тұрақты тіркестер сөйлеу тілін бай, әрі көркем ете түседі. Идиомалардың аясы кең: біз тарихи кейіпкерлердің, тұрмыстық өмірдегі адамдардың және әр түрлі салалардағы сөз тіркестерін кездестіре аламыз. Фразеологиялық бірліктердің құрамы әр түрлі, мысалы, «Fine kettle of fish» аударылғанында «міне осылай!» тіркесімен сәйкес келмейді, ал «Mickey Finn» ішіп алған адамды тонауға арналған ұйқы дәрісіне тең келмейді.

Тіл жүйесіне кіргізілген фразеологиялық бірліктер жіктелінеді. Фразеологиялық бірліктердің жіктелінуі мына ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан: Н. А. Азарх, Н. Н. Амосова, О. С. Ахманова, Ш. Балли, И. А. Бодуэн де Куртэнэ, акад. В. В. Виноградов, А. В. Кунин, Л. П. Смит, В. Н. Телия, А. Дж. Уорелл, U. Weinreich.

Фразеологиялық бірліктердің жіктелінуінің көптеген белгілері бар: негізгі компонент ретіндегі сөйлем мүшесінің синонимінің болуы немесе болмауы және т. б.

Осылайша, дипломдық жұмыстың өзектілігі - қазіргі кезде фразеологиялық бірліктердің бекітілген жіктелінуінің болмауымен анықталады.

Зерттеудің жұмысының мақсаты - Детективті жанрлардағы фразеологиялық бірліктердің қолданылуын зерттеу және олардың негізгі белгілерімен жіктеу.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу керек:

  • Тіл білімі мамандарының фразеологиялық бірліктерді жіктеуін қарастыру;
  • Агата Кристидің детективті туындыларындағы фразеологиялық бірліктердің қолданылуының ерекшеліктері және оларды талдау;

Агата Кристидің детективті туындыларынан алынған фразеологиялық бірліктердің құрылымдық жіктелуін зерттеу;

Зерттеу жұмысының пәні - Негізінде, детективті жанрда көркемдік беретін сөздердің болуы қажет емес деген пікір бар. Бұл жұмыстың өзектілігін ескере отырып, Агата Кристидің детективті жанрларындағы фразеологиялық бірліктердің ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының нысаны - детективті жанларда қолданылатын фразеологиялық бірліктер.

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері - салыстыру, сәйкестендіру, стилистикалық талдау, компоненттік және контекстологиялық талдау және сөздік дефиниция әдістері.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы - Детективті жанры көп жағдайда эмоциялық элементтер жоқ деп есептелінеді. Берілген жұмыста осы пікірге қарсы шығады. Талдауға материал ретінде озық детективті романдардың авторы - Агаты Кристидің шығармалары алынды.

Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы - Зерттеу жұмысының барысында фразеологизмдердің қазақ тіл білімі мен ағылшын тіл біліміндегі қолданылуының үлкен арнасы ашылып, өзінің ерекше зерттеу нысаны, ғылыми ұстанымдары, түрлері мен үлгілері анықталды. Зерттеудің нәтижелері ағылшын тіл білімінде детективті жанрларла фразеологизмдерді қолданудың ерекшеліктеріне нақты үлес қосады. Зерттеу барысында жасалынған тұжырымдамалар мен нәтижелер фразеологизм мәселелерінің дамуына, қалыптасуына септігін тигізеді.

Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы - Алынған мәліметтер фразеология мен стилистика ғылымындағы зерттеу жұмыстары үшін қолданыла алынады, курстық, дипломдық, диссертациялық жұмыстарды жазу үшін де қолданыла алады. Сондай-ақ бұл зерттеу жұмысы ағылшын тілін оқытуда, лексикология, стилистика, көркем әдеби, практикалық сабақтарда, стилистика, лексикология, әдебиет курстарындағы дәрістерде қолданыла алады.

Зерттеу жұмысының материалы - Детективті жанрдағы жазушы Агата Кристидің туындылары алынды. Жалпы көлемі 890 бет, соның негізінде 209 фразеологиялық бірліктер алынды.

Зерттеу жұмысының құрылымы - кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Фразеологиялық бірліктерді теориялық зерттеу 1. 1 Фразеология ілімінің қалыптасу тарихы

Фразеология (грек. phrasіs - сөйлемше, logos - ұғым) - 1) тілдегі тұрақты тіркестерді қазіргі және тарихи даму тұрғысынан тексеретін тіл білімінің саласы; 2) бір тілдегі тұтас Фразеологиялық қор.

Фразеологияның қалыптасуындағы объективті және субъективті факторлар - фразеологиялық мағынаның коммуникативтік жағдайларға бейімделуі және сөйлеу кезіндегі сөз тіркестерінің туынды мағынаға ие болуы. Ал сөздің жанамалық қатыста номинацияға ұшырауы, ұғым мен түсінікті тереңдетудегі танымдық қызмет пен жүйе, әлеуметтік жағдайдағы мәдени ұлттық ерекшеліктерді көрсету, т. б. фразеологияның басты міндеттері болып саналады. Фразеология негізінен психология, философия, тарих, этнографиямен тығыз байланысты. Қазіргі кезде фразеологизмдерді кең ұғымда түсінуді жақтаушылар фразеологияның зерттеу аясын кеңейтуді ұсынуда. Фразеологияны семантикалық дәрежелер қатарында фразеологизмдердің антонимді, синонимді, омонимді, көп мағыналы құбылыстарына талдау жасайды. Фразеология тұрақты тіркестердің эмоционалды-экспрессивті ерекшеліктеріне орай, олардың қолданылу аясында стильдік дәрежелену сатысын айқындап, жалпы стильдік қызметін саралайды. Фразеология фразеологиялық тіркестердің белгілерін анықтау принциптері мен әдістерін басшылыққа ала отырып, фразеологиялық тіркестердің сөздерде толық тұжырыммен сипатталуына назар аударады. Компоненттер бірлігі Фразеологиялық мағынаны түсіну үшін аналитикалық талдау, фразеологизмдердің семантикалық, тақырыптық жүйеленуі, жеке сөздің компоненттер құрылымындағы орны фразеологиялық факторлармен дәлелденуді қажет етеді. Фразеология бұрыннан қалыптасқан зерттеу әдістерін жетілдіре отырып, фразеологизмдердің семантикалық-синтаксистік құрылымын басқа ұқсас жағдайлардан ажырату үшін фразеологиялық тіркес шегін белгілеп зерттейді. Түркі фразеологиясында фразеологизмдердің тұлғалық, мағыналық, тақырыптық жақтарының күрделілігіне қарай ғылыми ізденістерде зерттеу әдістерінің бағыт-бағдары әр түрлі. Фразеологияда елтануға негізделген лингвистика фразеологизмдер арқылы жүзеге асырыла бастады. Яғни, ұлт мәдениетін болмыс ұғымының аясында таныту мақсатында тілдің жинақтау қызметі арқылы фразеологизмге этнолингвистикалық талдау жүргізу. Фразеологизмдер стилистикамен тығыз байланысты болғандықтан, оларды тіл білімімен қатар әдебиеттану ғылымы да зерттейді.

Фразеологизмдер - тіл атаулының бәріне тән құбылыс. Тілдердің, әсіресе, құрылымы әр түрлі туыстас емес тілдердің фразеологизмдерін кешенді түрде салғастыра зерттеу - салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімінің қызықты, әрі келешегі мол саласы [1, 56 б. ] .

Фразеология саласын тіл білімінің жеке пәні ретінде қалыптастыруда, оның нысандарын, тілдегі орны мен табиғатын зерттеу әдістерін анықтауда, маңызды теориялық тұжырымдар жасауда көптеген отандық және шетелдік ғалым лингвистердің еңбектері ерекше орын алады. Олардың ішінде Копыленко М. М., Кеңесбаев I., Қайдаров А. Т., Сәбитова М. Т., Чернышева И. И., Флейшер В., Добровольский Д., Исабеков С. Е., Сәтенова С. К., Смағұлова Г. Н., т. б. атақты ғалымдардың жалпы және салыстырмалы-салғастырмалы фразеология саласының дамуына қосқан үлестері орасан зор [2, 25 б. ] .

Тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеу олардың бір-бірімен ұқсастық, бір-бірінен айырмашылық заңдылығын анықтауға, тілдің ұлттық қасиеттерін тереңірек түсінуге, жалпы және жеке аударма теориясының қалыптасуына зор мүмкіндіктер береді.

Тілдерді, әсіресе, үнді-еуропа тілдерінің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық, т. б. жүйелерін типологиялық салғастырмалы әдісімен зерттеу XX ғасырдың екінші жартысынан басталып, бүгінгі таңда бұл бағыт салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімі ретінде өз алдына лингвистикалық жеке сала ретінде қалыптасып отыр.

Тіл біліміндегі салыстырмалы-салғастырмалы әдісті қолдану арқылы әртүрлі туыстас және туыстас емес тілдердің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, фразеологиялық т. б. жүйелерін салыстырып, салғастырып зерттеуге болады. Бұл әдістің түп төркіні ХІХ ғасырдың басынан бастап туыстас тілдер семьясы мен тобы, олардың туыстық қатынасы мен дәрежесін зерттеуге арналған салыстырмалы-тарихи әдісте жатыр. Салыстырмалы-тарихи әдіс туыстас тілдердің деректерін салыстыра тарихи тұрғыдан зерттеп, ондағы лексикалық және грамматикалық құбылыстардың шығу тегі, өзгеруі мен дамуын және түп тегінің бірлігін анықтау үшін қолданылған [3, 29 б. ] .

Кейіннен осы атақты әдістің нәтижелері мен деректерін есепке ала отырып, тіл білімінің жаңа принциптері айқындалды, бұрынғы деректер жаңа мәліметтермен толықтырылды. ХХ ғасырда салыстырмалы әдіс арқылы туыстас емес тілдерді де салғастыра зерттеуге болады және зерттеу керек деген пікір кең өріс алды. Бұл әдістің соңғы жылдары кең тарағандығы соншалық, тіпті осыған байланысты тіл білімінің жаңа тараулары, зерттеудің жаңа бағыттары пайда болды: салыстырмалы-салғастырмалы фонетика, салыстырмалы-салғастырмалы лексикология, салыстырмалы-салғастырмалы грамматика, салыстырмалы-салғастырмалы фразеология тілдің тағы сол сияқты басқа салалары өз алдына дербес пән ретінде қаралып, талай ғылыми еңбектердің негізгі нысандары болды.

Тіл білімінің басқа салалары сияқты фразеология да бүгінгі таңда терезесі тең, дербес пәнге айналып отыр. Фразеология саласын тіл білімінің жеке саласы ретінде қалыптастыруда, оның нысандарын, тілдегі орны мен табиғатын зерттеу әдістерін анықтауда, маңызды теориялық тұжырымдар жасауда көптеген отандық және шетелдік ғалым-фразеологтардың еңбектері ерекше орын алады. Н. И. Амосова, А. В. Кунин, И. И. Чернышева, В. Флейшер (W. Fleischer), М. М. Копыленко, І. Кеңесбаев, А. Т. Қайдар, А. Д. Райхштейн, С. Е. Исабеков, С. К. Сатенова, З. Қ. Ахметжанова, Д. Добровольский, М. Сабитова, К. К. Дүйсекова т. б. атақты ғалымдардың жалпы және салғастырмалы фразеология мәселелеріне арнап жазған құнды-құнды еңбектері жарық көрді [4, 47 б. ] .

Бүгінгі таңда адамзат тарихының шексіз өрлеп, кемелденген заманында, мәдениет пен өнер, саясат пен тіл салаларында халықаралық қатынастың дамып, жанданған уақытында салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімі өзекті де көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Тілдерді салыстыра -салғастыра зерттеу әр тілдің өрнек бояуын, ұлттық ерекшелігін, қайталанбас қасиетін танып білуге жол ашады. Осындай зерттеулер мәдениетаралық қатынастың төрінен орын алып, халықтардың бір-бірімен түсінісу барысын жүзеге асыруға кеңінен ат салысады.

Еліміз егемендік алып, әлемдік өркениет биігіне ұмтылып отырған заманда, жоғары дамыған Еуропа елдерімен саяси, экономикалық, мәдениаралық қарым-қатынастың дамып отырған уақытында - қазақ тілін Еуропаның беделді тілдерінің бірі ағылшын тілімен салғастыра зерттеу - баға жетпес құнды дүние.

Соңғы 10-15 жыл ішінде қазақ тілі фразеологиясын герман (неміс, ағылшын) тілдері фразеологиясымен салғастыра зерттеуге арналған бірталай жұмыстар жарық көрді.

Бірі түркі, бірі герман тілдері тобына жататын қазақ және ағылшын, қазақ және неміс тілдерінің тілдік, ұлттық мәдени ерекшеліктерін түрлі тілдік бірліктер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер бойынан тауып, олардың бір-біріне ұқсастық немесе бір-бірінен айырмашылық дәрежесін анықтауға, ұлттық нақышты тереңірек түсінуге талпынған ғылыми еңбектер баршылық, дегенмен шешімін таппаған мәселелер де жоқ емес. Осындай негізгі мәселелердің біріне қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдерді қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттары мен ұстанымдары негізінде салыстыра-салғастыра зерттеу жатады.

Тіл бірліктерін «этнос (адам) - тіл - мәдениет» үштігіне сүйеніп зерттеу үрдісі тіл білімінің этнолингвистика, тіл арқылы ел тану, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика сияқты жаңа бағыттарына жол ашты. Аталған бағыттардың негізінде адамның тілі мен мәдениетінің өзара байланысы мәселесі жатыр. Тіл мен халықтың, оның мәдениетінің арасындағы тікелей байланыс халықтың рухынан, тілінен көрініс табады. Олай болса, тілді зерттегенде оны сол халықтың рухани байлығымен, мәдениетімен байланыстыра зерттеу қажет.

Отандық ғалымдар М. М. Копыленко, Ә. Қайдар, Е. П. Жанпейісов этнолингвистиканың теориялық мәселелерін қарастырып, мақсат мүддесін, зерттеу нысанын, әдіс-тәсілдерін айқындап берді. «Бай тіл қазынасын этнос болмысы тұрғысынан толық меңгеріп, оның бейне бір тұңғиық теңіздей терең мағына-мазмұнына бойлап еніп, оны игеріп танып-білу жүйелей түсіп жан-жақты зерттеу этнолингвистиканың мақсаты» деп түсініктеме береді Ә. Қайдар өзінің «Қазақ тілінің өзекті мәселелері» атты еңбегінде [5, 96 б. ] .

Тілді этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеудің өкшесін баса өз бастауын алған жаңа бағыттардың бірі - тіл арқылы ел тану. Фразеология саласында бұл бағыттың алар орны ерекше, өйткені әр тілдің фразеологизмінде үлкен мазмұн - халық өмірі, мәдениеті бар. Фразеологизм мағынасындағы елтану потенциясының пайда болу принциптері тіл арқылы елтану бағытының еншісі болып табылады. Тіл арқылы елтану теориясының пайда болып дамуы фразеология саласын жаңа қырынан, яғни фразеологизмдерді кез-келген халықтың ұлттық мәдени дамуының айнасы ретінде қарастыруға мол мүмкіндік береді.

Тіл мен мәдениет арақатынасын зерттейтін тіл білімінің жаңа бағыттарының бірі - лингвомәдениеттану. Лингвомәдениеттану - қазіргі тіл білімінде кеңінен қолданыс тауып келе жатқан антропоцентристік бағытпен, яғни сол тілдің иесі болып табылатын адаммен, тілдің функционалды қолданыс табатын әлеуметтік орта, тарих, мәдениет пен танымдық процестермен байланыстыра зерттеу үрдісінің нәтижесі болып табылатын тіл мен мәдениеттің өзара байланыс тетіктері мен жалпы ұлттық дүниетаным, ұлттық мәдениеттің тілдегі көрінісін зерттейді.

Лингвомәдениеттану ғылымының алғышарттары В. фон. Гумбольдтың тіл мен мәдениеттің өзара байланысы идеясы және Э. Сепир мен Б. Уорфтың «тілдік ықтималдылық болжамымен» ұштасып жатыр. Бұл ғылымның мақсаты тілдік бірліктің шығу тегін айқындау емес, әр түрлі тілдік бірліктерге (фразеологизмдерге) түсініктеме бере отырып, оның пайда болу шарттары мен жағдаяттарын анықтау болып табылады. Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің өзара байланысын, қатынасын қазіргі заманның ұлттық-мәдени сана сезімі тұрғысынан қарастырады және оның тілдегі көрінісін сипаттайды [6, 37 б. ] .

Қазіргі тіл білімінде ерекше дамып келе жатқан когнитивті лингвистиканың негізінде тілді - адам дүниетанымының кілті, адам санасында ғалам туралы түсінікті құраушы, таным модельдері арқылы ашылатын білімнің коды, шындық пен шындықты игеруші сана арасындағы дәнекер, сондай-ақ сана қызметінің нәтижесі деп қарайтын когнитивтік көзқарас жатыр.

Когнитивтік лингвистика тіл мен сол тілдің иесі адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік білімді адам миының жемісі, күрделі ассоциативті-вербальды құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде танытушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді. Когнитивтік үрдістің негізгі айырым белгісі тілді жаңаша зерттеуде жаңа тәсілдер еңгізуде ғана емес, таза танымдық бағдарының жаңалығында, тілді танымдық тұрғыдан қарауында.

Когнитивтік лингвистиканың негізгі мәселелерінің бірі - когнитивтік мағына. Тілдік бірліктердің мағынасы адамның ойлау жүйесімен қатар қарастырылады. Бұл бағыттың басты назар аударатын негізгі ұғымдары: «әлем бейнесі», «әлемнің тілдік бейнесі», «әлем моделі» немесе «когнитивтік модель». Когнитивтік мағына тіл арқылы құрылып берілетін танымдық ақпарат ретінде қарастырылады. Когнитивтік семантика - сол тіл арқылы құрылып берілетін адам санасындағы концептуалды білімді таным моделі арқылы зерттейтін ғылым.

Тіл білімінің қазіргі даму кезеңі құрылымы әртүрлі тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеуге деген қызығушылықтың артуымен сипатталады және функционалды, прагматикалық, когнитивтік, антропоцентристік, лингвомәдениеттану және басқа да парадигмалардың қатар өмір сүруімен ерекшеленеді. Осы парадигмалардың ортасында жеке тұлға мен адам қызметінің әлеуметтік жағына деген қызығушылықты арттыратын антропоцентрлік әдістеме тұр. Аталған бағыттардың зерттеу нысаны - тіл мен мәдениет.

Мәдениет - халық дамуындағы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын ұлттық құндылықтар жиынтығы. Әр ұлттың ана тілінде оның бүкіл өмірі, тарихы, тыныс-тіршілігі, жан дүниесі, яғни, мәдениеті көрініс табады. Тіл мен мәдениет-қоғам дамуының әлеуметтік азығы. Тілдің әлеуметтік маңызы тіл мен мәдениетті, тіл мен қоғамды бірге алып қарағанда ғана ашылады. Адамның жан дүниесі мен болмысының, мәдениетінің қалыптасуына үлкен үлес қосатын халықтың баға жетпес байлығы - оның тілі. Тіл - мәдениеттің көзі, ұлт өмірінің айнасы. Тіл мәдениеттен тыс өмір сүрмейді, себебі ол мәдениеттің бір көрінісі. Ал, кез-келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнеленіп, тілдің кумулятивтік қызметі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі.

Сонымен, тіл - халықтың мәдениеті, салт-дәстүрі, қадір тұтатын заттары мен құндылықтар дүниесінің, қоршаған ортаның т. б. өмір сүру үлгілерінен хабардар ететін құрал. Мәдениет - адамның тілде көрініс табатын бүкіл рухани өмірі, тәжірибесі.

Фразеологизмдердің ішкі формаларының тасалануынан олардың мағыналарының күңгірттенуі шығады. Ондай фразеологизмдердің сырын, жасалу төркінін тілдің ішкі заңдылықтарынан гөрі экстралингвистикалық факторлар мен этимологиядан іздеу қажет. Мысалы, кәрі қойдың жасындай жасы қалды фразеологизмі қой түлігінің тіршілік ету мерзімін (10 шақты жылдай) бақылаудан туған. Осы жайт ауыспалы мәнде жасы ұлғайған адамға қатысты айтылатын бейнелі тіркестің тууына негіз болған. Ағылшын тіліндегі to fight like Kilkenny cats (Килкени мысықтарындай айқасу) - өлімге бас тігіп қырқысу деген мағынада қолданылатын фразеологизмнің қалыптасуына ХVII ғ. Kilkenny мен Irishtawn қалалары арасындағы қантөгістің аяғы екі қаланың да қирап бітуіне әкелген тарихи уақиға негіз болды.

Шарль Балли (1865 - 1947) фразеология ғылымының негізін салушы болып табылады, өйткені ол өзінің «Француз стилистикасы» еңбегінде сөз тіркестерінің жүйеленін келтірді. Ол өз еңбектерінде сөз тіркестерінің төрт типін көрсетеді: 1. Еркін сөз тіркестері (les groupements libres) ; 2. Жай тікрестер (les groupments usuels) ; 3. Фразеологиялық қатар (les series phraseologiques) . Бұл тіркестер компоненттердің қайта топталуына мүмкіндік береді; 4. Фразеологиялық бірліктер (les unites phraseologiques) деп - сөздер жеке тұрып мағынасын жоғалтса да, бірігіп қолданылысында бір мағынаны білдіретін сөздер.

Кейіннен тіл маманы жай тіркестер мен фразеологиялық тіркестерді қайта қарастырып, олар жалпы тіркестердің негізі деген тұжырымға келді. Осылайша, Ш. Балли тіркестердің екі түріне келіп тоқтады: 1. Еркін тіркестер мен 2. Фразеологиялық бірліктер. Жалпы алғанда барлық тіркестер жаңа мәнге ие, оны ғалым химиялық қосылыстармен салыстырады, яғни жеке қолданысында аз мәнге ие болып, ал бірге қолданысында бұл фразеологиялық бірліктер көркем сөздің сипатына ие [7, 38 б. ] .

Академик В. В. Виноградов фразеологизмдерді семантикалық сәйкестігі көзқарасымен топтастырады. Белгілі болғандай, фразеологизмдер еркін сөз тіркестерінің үйлесуінен пайда болады, олар ауыспалы мағынасында қолданылады. Біртіндеп, олардың жеке мағыналары жойылып, күнделікті қолданыста олардың тұрақты тіркестер күйіндегі түрі қолданылады. Фразеологизмдердің мағыналарының қаншалықты ауыспалы болуына байланысты акад. В. В. Виноградов оларды үш түрге бөледі: «фразеологиялық тұтастықтар, фразеологиялық бірліктер және фразеологиялық тізбектер» [8, 101 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фразеологиялық бірліктердің аудармасы
Түс мағынасын білдіретін фразеологиялық бірліктердің ерекшеліктері
Фразеологиялық бірліктердің жүйелік ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру, бейнелеу
Aғылшын және қазақ тілдерінің лексико - семантикалық фрaзеологизмдерін салыстырмалы талдау
Американдық газет мәтіні ұлттық-мәдени ақпарат көзі ретінде және оны аудару ерекшеліктері
Ағылшын, орыс, қазақ тілдеріндегі идиомаларды аударудың ерекшеліктері
Тұрақты архетиптер фразеологиялық фразеологизмдер формалар
Фразеологиялық бірліктердің көлемі
Ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аудару тәжірибесі (көркем аударма туындысы негізінде)
Фразеологиялық бірліктердің топтастырылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz