Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есімдердің қолданылу ерекшелігі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Еуразия гуманитарлық институты
Шетел тілдері кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра
меңгерушісіп. ғ. к. доцент Л. В. Волкова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есімдердің қолданылу ерекшелігі
5B011900 - мамандығы бойынша - «Шетел тілі: екі шетел тілі»
Орындаған Доскенова А. А.
Ғылыми жетекшісі
аға оқытушы Қосжанова А. С.
Астана 2014
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Еуразия гуманитарлық институты
Шетел тілдері кафедрасы
Доскенова А. А.
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есімдердің қолданылу ерекшелігі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5B011900 - мамандығы - «Шетел тілі: екі шетел тілі»
Астана 2014
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есімнің теориялық негізі . . . 6
1. 1 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есім түсінігі мен белгілері, топтары . . . 6
1. 2 Сын есімдердің грамматикалық ерекшеліктері . . . 22
2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есімдердің қолданылуы ерекшеліктері . . . 33
2. 1 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есімдердің функциялық-семантикалық өрістерінің сөйлемде қолданылуы . . . 33
2. 2 Д. Пристлидің «Angel Pavement» прозасындағы сын есімдерді талдау . . . 47
Қорытынды . . . 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60
КіріспеЗерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде тіл білімі жаңа қырларын ашып жатқан кезеңде сын есім категориясының пайда болу мәселесі нақты шешіміне ие емес және оның әрі қарай зерттелуін талап етеді. Ғалымдардың арасында сын есім категорияларының шығу тегі мен диахрониясы туралы біріңғай ой жоқ. Сын есімдердің зат есімдерден пайда болуы көпшілікпен қабылданған тұжырым болып табылады. Алайда B. C. Юрченко мен А. П. Володиннің ойынша сын есімнің негізі үстеу болып табылады, ал А. П. Юдакиннің ойынша сын есімнің пайда болуы зат есімдерге, етістіктерге және үстеуге байланысты, В. З. Панфилов етістіктер мен зат есімдердің көздері туралы сын есімнің категориясы туралы айтады.
O. JI. Чарековтың ойынша сын есімдер синкретикалық материалдардан пайда болған. Бұл кезде жоғарыда аталған тұжырымдармен сын есімнің екі түрін атап көрсете аламыз - сапалық және қатысты сын есімдер. Осылайша, ағылшын тіліндегі сын есімдердің пайда болу негіздерін анықтай отырып, бүгінгі күндегі олардың қолданылу аясын зерттеу біздің зерттеу тақырыбымыздың өзектілігіне айналып отыр. Осы орайда, біз өзіміздің зерттеу жұмысымызда Д. Пристлидің «Angel Pavement» прозасындағы сын есімдердің құрылымдық ерекшеліктерді анықтау мақсатында сөз жасаушы талдау жұмысы жасаған болатынбыз.
Зерттеу жұмысының тақырыбы. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есімдердің қолданылу ерекшелігі.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Ағылшын тілінің сын есімдерінің құрылымын анықтау, жасалу жолдары мен көркем шығармаларда қолданылуын зерттеу.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:
- ағылшын тіліндегі сын есімнің мәні мен түсінігін қарастыру;
- сын есімдердің грамматикалық ерекшеліктерін зерттеу;
- ағылшын тіліндегі сын есімдердің функциялық-семантикалық өрістерінің сөйлемде қолданылуын талдау;
- көркем шығармадағы сын есім түрлерінің жасалуының құрылымдық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу жұмысының нысаны. Ағылшын тіліндегі сын есімдердің қолданылу ерекшелігін зерттеу.
Зерттеу пәні. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есімдер және олардың топтастырылуы.
Зерттеу жұмысының әдістері. Дипломдық жұмыста ағылшын тіліндегі сын есімдердің қолданылу аясын анықтау үшін жаппай сұрыптау, жүйелеу, салыстырмалы-талдау және сипаттау сияқты зерттеу әдістерін қолдандық.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Бұл дипломдық жұмысты жазу барысында біз ағылшын тіліндегі сын есімдердің жіктелуін, пайда болу мен жасалу негіздеріне зерттеу жасадық. Ал негізінен оның көркем шығармада қолданылу ерекшелігін талдадық. Бұл жұмыс осынысымен құнды.
Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы. Жұмыста көрсетілген бақылаулар мен тұжырымдар ағылшын тіліндегі сын есім туралы мәліметтерді күнделікті қолданысқа енгізуге мүмкіндік береді. Бұл осы салада жұмыс істейтін аудармашылар, тіл мамандары, болашақ шет тілі пәнінің мұғалімдері үшін маңызды рөл атқарады.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы. Зерттеудің нәтижелері ағылшын практикалық курстарында, жалпы шет тілін меңгеру саласында, мәдениеттануда, арнайы курстар мен арнайы семинарларда, дипломдық, курстық жұмыстарда қолданыла алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есімнің теориялық негізі 1. 1 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есім түсінігі мен белгілері, топтарыСын есім заттың түсін, сапасын, белгісін, көлемін, мөлшерін, материалдық, заттық, психологиялық күйін, иісін білдіретін сөз табы. Сын есім сөйлемде, негізінен, анықтауыштың және баяндауыштың қызметін атқарады.
Не is a tall boy (Ол бойшаң бала) .
The boy is tall (Баланың бойы ұзын) .
Қазіргі ағылшын тіліндегі сын есімнің тек қана шырай грамматикалық категориясы бар. Шырай категориясы тек сапалық сын есімдерде ғана болады. Сын есім анықтауыш қызметін атқарғанда зат есіммен және күрделі баяндауыштың құрамында келетін дәнекерлеуші етістікпен тіркесіп келеді. Көбінесе үстеу сөздермен бірге тіркесіп қолданылады:
very nice, too difficult, still dark, rather cold, quite different.
Сын есімнің грамматикалық класс ретінде қалыптасуы зат есімдермен байланысты құбылыс. Зат есімдер зат жайлы ұғыммен бірге сын, сапа ұғымдарын да бойына жинаған грамматикалық класс болды. Бүгінгі тіл білімі тұрғысынан синкретикалық ұғым мен қызметтегі бұл зат есімдер сөз, сөйлем құрамында субъекті мен объектіні ғана білдірмей, атрибуттық та мән туғызып, сондай қызмет атқарады. Анықтауыш деп аталатын синтаксистік категория осылай, зат есімдердің сөйлем, сөз құрамындағы қызметтің бір түрі ретінде қалыптасады. Ал анықтауыш қызметінде зат есімдердің қолданылуы, сөйтіп анықтауыш категориясының қалыптасуы бір затты екінші зат арқылы ұғынуға негізделеді.
Екінші сөзбен, заттарды өзара салыстыру артық-кемдігін байқау арқылы жүрді. Сонда тіл құрамында алған рет сын, сапаны білдіргендер зат мағыналы сөздер. Ондай сөздер басқа бір сондай сөздермен салыстырғанда белгілі бір затқа не заттар тобына тән қасиет пен белгіні айқынырақ, анығырақ білдіретін болды. Айталық қатты нәрсені, затты таспен теңестіруден барып құм жер т. б. сөз тіркестері немесе анықтауыш қызметіндегі категориясы осы тәрізді сөз мағынасын кең түсінуге негізделген қолданыстан басталды. Мұндай қолданыстың барысында бірсыпыра сөздер лексикалық шектеліске түсті: сөз әрі зат ұғымында, әрі сын, сапа ұғымында тұрақтады.
Сын есім мағынасына және грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сапалық және қатыстық болып екіге бөлінеді. Сапалық сын есімдер заттың көлемін, мөлшерін, пішінін, түсін т. б. білдіреді, яғни зат есім сапасы жағынан сан алуан болуы мүмкін. Сондықтан да олардың шырай категориясы бар. Сапалық сын есімнің «ly» жұрнағы арқылы жасалған туынды үстеу формалары бар: rapid - rapidly; brave - bravely. Сын есіммен омоним болып келетін үстеулер де бар: fast -fast; much - much.
Сын есім - заттың сынын білдіріп, қандай деген сұраққа жауап беретін сөз таптары: difficult and demanding boss (Miranda Lee) silver visage (Shakespeare), snowy arm, sable hair, dewy star (wordsworth) . Сын есім сөйлемде сипатталып жатқан заттың құбылыстың сынын, сапасын, белгісін, қасиетін білдіреді. Сын есімнің заттың, құбылыстың сапасын, қасиетін білдіруі, оның тек мағыналық сипатын ғана білдірмей, оған қоса функционалдық сипатын да білдіреді. Сөйлемде сын есімнің сипаттау қызметімен бірге оның синтаксистік қалпы болады, оның екі түрі бар: атрибутивтік және пердикативтік. Яғни, сын есімнің әрдайым атрибут ретінде келуі, зат есімнің түрлендіруі ретінде, не ең бастысы предикатив ретінде айтылып жатқан ойды сипаттаммасы ретінде [1, 29 б. ] .
Ол what? - Қандай? What kind of? - Қандай? Деген сұрақтарға жауап береді:
A new firm - жаңа фирма
A wide street - кең көше
A strong companion - берік серіктестік
Morphological structure of adjectives
(Сын есімнің морфологиялық құрылымы)
Сын есімдердің санатында белгіні атайтын, жіктелінбейтін сөздердің кішкене тобы бөлініп көрсетіледі (бордо, мини, миди, реглан, рококо) . Сын есімдер білдіреді:
1) оның басқа заттарға, құбылыстарға немесе белгілерге қатысынсыз заттың сапалық белгісін білдіреді;
2) заттың басқа затқа қатысты қатынасы арқылы оның белгісін, затын, құбылысын білдіретін қатынастық белгісін білдіреді.
Сөз табы сияқты сын есім тек универсалды категория ғана болып табылмайды, сонымен қатар басқа морфологиялық-синтаксистік санаттармен салыстырғанда аз мамандандырылған, аз ерекшеленетін сөздердің санатын құрайды. Көптеген тілдерде сын есім жеке сөз табына бөлінбейді, өйткені өзіндік морфологиялық немесе синтаксистік сипаттамаларына ие болмайды (wall paper, paper wall) .
В. В. Виноградов бойынша сын есімнің семантикалық негізі оның сапалық түсінігі болып табылады. Сапалық белгі сын есімнің мағынасында басым болып келеді, ол сапалық семаларды жеңіл дамытады [2, 93 б. ] .
Белгілі болғандай, ағылшындық сын есім зат есімдермен сәйкестендіру формаларына ие емес, ал қатыстық сын есімдердің ішінде тек сөздердің кішкене бөлігі ғана ерекше сөз тудырушы жұрнақпен рәсімделеді (wooden, sunny) . Осылайша, ағылшын тілінде сын есім ең алдымен өзінің семантикалық және синтаксистік белгілерімен белгіленеді. Морфологиялық көрсеткіштердің болмауы зат есімді кейінгі зат есімге қатысты анықтама ретінде қолдануға мүмкіндік береді (stone wall, glass door, education ministry, verb forms, winter session) . Бұл үлгіде бірінші сөз семантикалық және синтаксистік сипаттамалары бойынша қатыстық сын есімді еске түсіреді, алайда оны даусыз сын есім ретінде қарастыруға мүмкін болмайды.
Осылайша, ағылшын тілінде морфологиялық көрсеткіштердің нашар жеткізілуіне байланысты, сөз таптарының аралары байқалмайды (сын есім мен зат есім), және осы мағынада ағылшын тілін оқшаулаушы тілдермен жақындасады. Кейде екі зат есімнің үйлесімінде күрделі сөзді сөз тіркесінен айыру қиын болады; салыстырмалы туындылар schoolboy, school-teacher, school building; gas-light, gas mask, gas and oil production. Мұнда сөз бен сөз тіркесінің арасындағы шек айқындалады, осы жағынан ағылшын тілі инкорпорирлеуші түрдегі тілдермен жақындасады.
Сапалық сын есімдердің салыстырмалы шырайлары екі тілде де синтаксистік формамен де (жеңілдеу, қысқалау, қызықтырақ; easier, shorter), ана (жеңілірек /қысқарақ/ қызықтырақ; ағылшын тілінде көбінесе күрделі сөздерде: more interesting / important) .
Ағылшындық ауызша тіл үшін бастауыштың аналикалық формасын қолдануда тенденцияны байқауымызға болады (This story is more funny / simple than…; This edition is more complete than…; He was more happy / wealthy / polite / stupid than…; He is more good than bad), мұнда сөздің синтетикалық формасы анықтауыштың рөлінде сақталады (a funnier / simpler story; a completer edition; a politer / happier / person; the wealthiest / stupidest person), бұл әдеби-кітап тіліне барынша тән.
Кейбір грамматистер ағылшын сөз таптарында күйдің категориясын бөліп көрсетеді (statives) . Мұнда кейбір күйлерді білдіретін сын есімдерді жатқызамыз, олар тек предикативті және сипаттаушы префикспен "а" - afraid, awake, asleep, apart, aloof, ablaze және т. б. қолданылады.
Сонымен қатар, ағылшын тілінде субъектінің кейбір уақыт күйін білдіретін, "-а" префиксісіз қолданылатын сын есімдер бар және ол бастауыштың жазбалық бөлігінде қолданылады: ill, ready, eager және т. б. Олар ағылшын тілінде анық бір семантикалық категорияны құрамайды. Жалпылай алғанда, ағылшын тілінде ерекше сөз табы ретінде сөздердің күйінің белгіленуі анық және семантикалық негіздеріне ие болмайды.
Сын есім сөз табы ретінде тек универсалды категория ғана болып табылмайды, сонымен қатар басқа морфологиялық-синтаксистік санаттармен салыстырғанда аз маманданған сөздердің санатын құрайды. Көптеген тілдерде сын есім өзінің морфологиялық және синтаксистік сипаттамаларына ие жеке сөз табы ретінде бөлінбейді.
Сын есімнің семантикалық негізі сапасының түсінігі болып табылады. Сапалық белгі сын есімнің мағынасында басым болып келеді, ол семаның сапасын жеңіл дамытады, салыстырмалы "ағаш орындық" - "ағаш жүріс". Сын есім өз бетінше жеке мағынаға ие болуы қиын және ол сол мағынасымен бірге тек ол анықтайтын зат есімнің көмегімен салғастырылады. Сын есімнің таралу кеңістігі сәйкес белгіге ие заттардың немесе құбылыстардың саласы болып табылады (кейде денотация туралы сәйкес заттарға тән белгілердің саласы туралы айтады) .
Семантикасы бойынша сын есімдер біркелкі емес, олардың жіктелуі әр түрлі және сын есімдердің мағынасына және белгілер жататын, сондай-ақ мүмкіндігінше тұжырымдамалары жататын мағыналарының қасиеттеріне сүйенеді. Бағалаушы, параметриялық, сын есімдік формасының, түсінің сын есімдерін бөліп көрсетеді. Лэс сезімдермен қабылданатын, адамдар мен жануарлардың физикалық белгілері, іші және психологиялық қасиеттері, тұрақты қасиеттері, уақытша күйлері заттардың қасиеттерін білдіретін сын есімдерді бөліп көрсетеді [3, 79 б. ] .
Көрініп тұрғандай, сын есімдердің сапалық және қатыстық болып бөлінуі универсалды болып табылады. Сапалық сын есімдер «классикалық» предикаттар болып табылады, өйткені олар предикативтіден басқа семаларды қоспайды. Сапалық сын есімнің мағынасы гомогенді, ол семаларға нашар бөлінеді, денотаттың құрамына қарай белгі жататынға қатысты қозғалмалылығымен сипатталады, денотаттан бөлінудің және көршілес семантикалық аудандарға ығысуының тенденциясына ие. Сапалық сын есімдердің ішіндегі семантикалық қатынастар ең алдымен сигнификаттарға сүйенеді, оларға денотаттардың ұқсастығына негізделген емес, сигнификаттардың жақындығына негізделген антономия мен синононимияның ерекше сипаты тән. Лэс атап айтқандай, сын есімнің семантикалық құрылымының негізінде жатқан сапалық белгі қарқындылық межесі бойынша өзгере алады, бұл сын есімнің екі негізгі семантикалық қасиеттерін анықтайды - салыстырмалы шырайларына ие болу қабілеті және интенсификаторлармен үйлесе алу қабілеті. Мәселе мында, қандай дәрежені - жағымды (нейтралды) немесе салыстырмалыны - семантикалық біріншілік деп санау даулы болып табылады. Осылайша, үйді басқа үйлермен салыстырғанда үлкен немесе кіші деп сипаттауға болады, бұл жағдайда белгіні қосу үшін алғашқысы салыстырмалы шырай болып табылады.
Қатыстық сын есімнің мағынасы басқаша; Бұл белгілі бір заттың басқа бір затқа қатынасы болады, ал оның белгісі сын есіммен белгіленеді. Қатыстық сын есімнің сапалану процесінде оның мағынасы қайта ауыстырылады: сапалық белгісі бірінші орынға ие болады да, ал қалғандары жұтылып кетеді.
Осылайша, сын есім не заттың сапалық белгісін білдіреді немесе басқа затқа қатысты қатыстық белгісін білдіреді. Біздің зерттеуіміз үшін келесі ерекше назарға ие: қатыстық сын есімдердің мағынасы - бұл зат пен басқа заттың арасындағы қатынас, бұл ағылшын тілінде зат есім затты атайды, ол заттың белгісін білдіреді және сын есімнің қызметін атқара алады.
Сын есім денотатпен тек оның анықталатын зат есімі арқылы , ол үнемі соңғысымен семантикалық байланысқан. Бұл байланыс екі әдіспен іске асырылады: сын есім зат есім болғандағы анықтауыш ретінде көрінеді, ол кезде атрибутивті құрылымды жасайды, немесе предикат немесе предикаттың бір бөлігі ретінде көрінеді, ол зат есіммен етістік арқылы байланысады. Атрибутивтілік/предикативтілік белгісі сын есімнің анықтамасына оның негізгі функционалдық ерекшелігі ретінде енгізеді. Сын есімнің семантикалық санаттары олардың атрибутивті немесе предикативті позицияда тұру қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Атрибутивтілігі/предикативтілігі бойынша қарама-қарсы келуі предикативті анықтамасы бар құрылымдарда нейтралданады.
Сөздің сын есімге жатқызудың негізгі белгілерінің бірі оның есімдік топқа кіре алу қабілеті болып табылады, ол онда атрибуттың позициясын алады. Сын есімді кейде атрибут сөздер категориясына жатқызады, ол олардың грамматкиалық мәні бағынушы зат есімнің грамматикалық мәнін қайталауымен сипатталады. Осындай синтаксистік сипаттамасы бойынша - үйлесіммен бірге есімдік топқа кіре алу қабілетінде барлық санаты да белгіленеді. Осылайша сын есімдерге кейде атрибутивті есімдіктерді, тәуелдік және нұсқаулық сөздерді, реттік сан есімдерді жатқызады (оларды қатыстық және тәуелді есімдіктерден ерекшелендіреді) .
1. Ағылшын тілінде сын есімдер құрылымына қарай simple (негізгі), derivative (туынды) және compound (күрделі) болып бөлінсе, қазақ тілінде жалаң (негізгі, туынды түбіp) және күрделі болып бөлінеді.
a) Simple (негізгі) сын есімдер (түбір сын есімдерге ешқандай қосымшалар жалғанбайды) :
Ағылшын тілі Қазақ тілі
red - қызыл сұр - grey
white - ақ; тар - tight
blue - көк биік - tall
big - улкен miк - straightl
old - кәрі ipi - large
ә) Derivative (туынды) сын есімдер: ағылшын тілінде түбірге npeфикстер, жұрнақтар жалғану арқылы жасалса, қазақ тілінде тек жұрнақтар жалға ну арқылы жасалады:
Ағылшын тілі Қазақ тілі
acceptable - қолайлы, тиімді бойшаң
unable - қабілетсіз алғыр
uncountable - саналмайтын білгір
groundless - тиянақсыз өткір
fixed - тұрақты көнбісті
б) Compound (күрделі) сын есімдер екі тілде де екі немесе одан да көп сөзден құралады:
Ағылшын тілі Қазақ тілі
ice-cold - тастай суық ақ сары
snow-white - қардай аппақ ақ сұр
dark-grey - қошқыл сұр қара көк
Сурет 1 - сын есімдердің морфологиялық құрылымы
Жоғарыда айтылғандарды кесте арқылы тұжырымдайық:
Кесте 1 - Сын есімдердің морфологиялық жіктелуі
Simple
(негізгі)
Derivative
(туынды)
Compound
(күрделі)
Semantic groups of adjectives
(Сын есімнің семантикалық топтары)
Сын есімдер заттың әр алуан сипаттары мен белгілерін тікелей де, басқа заттардың қатыстары арқылы да білдіреді. Сол себепті сын есімдер екі тілде де семантикалық жағынан екі топқа бөлінеді:
1) Сапалық (Qualitative) сын есімдер;
2) Қатыстық (Relative) сын есімдер [4, 48 б. ] .
Заттардың әр алуан түр-түсін, сипатын, сапа белгісін, көлемі мен аумағын, дәмі мен иісін білдіретін сын есімдер сапалық сын есімдер деп аталады:
Ағылшын тілі Қазақ тілі
beautiful -әдемі жақсы-good
cold - суық сүйкімді - nice
black - қара тәтті- sweet
Белгілі бір заттардың сипаты мен белгісін басқа бір заттың қатысы арқылы білдіретін сын есімдер қатыстық сын есімдер деп аталады:
Ағылшын тілі Қазақ тілі
silver bangle - күміс білезік өткір пышақ - sharp knife
a golden arrow - алтын садақ ұзын көше- long street
the Siberian white bear - сібірлік ақ аю қысқы демалыс - winter holiday
Ағылшын және қазақ тілдерінде сын есім жіктелмейді, септелмейді, жекеше, көпше түрге бөлінбeйдi, оның тек үш шырай категориясы болады.
Degrees of comparison of adjectives
(Сын есімнің шырай категориясы)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz