Фразеологиялық символ мен таңбаны зерттей отырып, ағылшын және қазақ фразеологизмдеріндегі «жақсылық-жамандық» компоненттерінің қолданылу ерекшеліктерін анықтау
Кіріспе 3
1 Фразеологиялық бірліктерді теориялық зерттеу 5
1.1 Фразеология ілімінің қалыптасу тарихы 5
1.2 Фразеологиялық оралым және оның түрлері 13
1.3 Фразеологиялық бірліктерді анықтаудағы символ мен таңба түсінігінің мәні 31
1.4 Фразеологияда символдық белгілердің алатын орны 38
2 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің таңбалық символдық семантикасы 45
2.1 Ағылшын және қазақ фразеологизмдеріндегі «жақсылық.жамандық» компоненттерінің қолданылу ерекшеліктерін зерттеу 45
2.2 «Жақсылық.жамандық» код символдық компоненттері бар фразеологизмдерді интерпретациялау 52
Қорытынды 60
Қолданылған әдебиеттер тізімі 63
Қосымша 1 66
Қосымша 2 70

Бүгінгі таңда ұлттық құндылықтарымызды қайта қалыптастыру, жандандыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру – тіл саясатының маңызды бағыттарының бірі болып саналады.
Ұлтаралық қатынастар үйлесімділігін, халықтар достастығы мен бірлігін нығайтуда егеменді еліміз бар күш жігерін салуда. Мұның өзі тілдерді дамытуға, сайып келгенде, мемлекеттік тілді өркендетуге келіп тіреледі.
Фразеологизмдердің жаңа ұғым, түсініктермен көбейіп, қалыптасуы сол ұлт тілінің даму ерекшеліктерінің және ұлт мәдениетінің танымдық қасиетін көрсетеді. Бірі түркі, бірі герман тілдері тобына жататын қазақ және ағылшын тілдерінің ұлттық мәдени ерекшеліктерін фразеологизмдер бойынан тауып, олардың бір-бірінен ұқсастық немесе бір-бірінен айырмашылық дәрежесін анықтауға, ұлттық нақыштарын тереңірек түсінуге болады.
Фразеологиялық бірліктердің зерттелінуіне Ш.Балли, Л.Блумфилд, А.В. Кунин, А.С.Хорнби, Н.М.Шанский, Н.Н.Амосова, А.И.Смирницкий, акад. В.В.Виноградов, В.Н.Телия сынды шет елдік және отандық ғалымдардың еңбектері арналған. Тұрақты тіркестер сөйлеу тілін бай, әрі көркем ете түседі. Идиомалардың аясы кең: біз тарихи кейіпкерлердің, тұрмыстық өмірдегі адамдардың және әр түрлі салалардағы сөз тіркестерін кездестіре аламыз. Фразеологиялық бірліктердің құрамы әр түрлі, мысалы, «Fine kettle of fish» аударылғанында «міне осылай!» тіркесімен сәйкес келмейді, ал «Mickey Finn» ішіп алған адамды тонауға арналған ұйқы дәрісіне тең келмейді.
Тіл жүйесіне кіргізілген фразеологиялық бірліктер жіктелінеді. Фразеологиялық бірліктердің жіктелінуі мына ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан: Н.А.Азарх, Н.Н.Амосова, О.С.Ахманова, Ш.Балли, И.А.Бодуэн де Куртэнэ, акад. В.В.Виноградов, А.В.Кунин, Л.П.Смит, В.Н.Телия, А.Дж.Уорелл.
Фразеологиялық бірліктердің жіктелінуінің көптеген белгілері бар: негізгі компонент ретіндегі сөйлем мүшесінің синонимінің болуы немесе болмауы және т.б.
Осылайша, дипломдық жұмыстың өзектілігі: Жалпы тіл біліміндегі фразеологизмдердің негізгі қасиеттерін зерттей отырып, олардың қазақ және ағылшын тілдеріндегі символдық семантикасына зерттеу жүргізу
Зерттеу пәні. қазіргі кездегі қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің таңбалық символдық семантикасына талдау жасау.
Зерттеудің мақсаты. Фразеологиялық символ мен таңбаны зерттей отырып, ағылшын және қазақ фразеологизмдеріндегі «жақсылық-жамандық» компоненттерінің қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу керек:
- Фразеологиялық бірліктерді теориялық зерттеу;
- Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің лексикалық ерекшеліктерін айқындау;

1. Кеңеспаев І. «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» - «Ғылым» баспасы, А.:-1977. 485 б.
2. Литвинов П. П.3500 английских фразеологизмов и устойчивых словосочетаний. АСТ, Астрель. М.: -2007 г. 250 б.
3. Арғынғазина Ш.Б. «Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің лексика-семантикалық сипаты», А.: 2004. 45 б.
4. Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Санат, 1997. – 255 б.
5. Алехина А.И. Фразеологическая единица и слово. Минск, 1991. – 256с.
6. Смағұлова Г. Фразеологизмдердің синонимдік қатарлары // Тіл тарихы және сөз табиғаты. – Алматы: Ғылым, 1997. – 150 б.
7. Амосова Н.Н. Фраземы как разновидность фразеологических единиц английского языка // Проблемы фразеологии: исследования и материалы / Под ред. А.М. Бабкина. - М.-Л., 1964. - С. 139.
8. Weinreich,U. Problems in the Analysis of Idioms: Substance and Structure of Language. – University of California Press, Berkley and Los Angeles, 1984, 495p.
9. Weinreich,U. Problems in the Analysis of Idioms: Substance and Structure of Language. – University of California Press, Berkley and Los Angeles, 1984, 506p.
10. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: Дәуір, 2003. 247 б.
11. Шанский Н.М. Фразеология современного русского языка. М.: Русский язык, 1979. 388 с.
12. Арнольд И.В. Стилистика современного английского языка. Л., 1990, 131 с.
13. Диброва, Е.И. Вариантность фразеологических единиц в современном русском языке. - Ростов-на-Дону: Ростовского ун-та, 1979. - 192 с.
14. Ахманова О.С., Медникова Э.М., Григорьева С.А. К вопросу о фразеологической сочетаемости и путях ее изучения // Проблемы фразеологии и задачи ее изучения в высшей и средней школе. - Вологда, 1978, 79 c.
15. Балли Ш. Французская стилистика. М.: Русский язык, 2001, 201 с.
16. Виноградов В.В. Основные типы лексических значений слова // Лексикология и лексикография: избранные труды. М.: «Наука», 1977. 312 с.
17. Арнольд И.В. Лексикология современного английского языка. Москва, М.,1959, 132 c.
18. Кунин А.В. Английская фразеология. Теоретический курс. М., 1981, 98 с.
19. Arnold I.V. The English Word. 3rd ed., rev. and enl. M., 1986. – 295 p.
20. Арсентьева Е.Ф. Сопоставительный анализ фразеологических единиц (на материале фразеологических единиц, семантически ориентированных на человека в английском и русском языках). – Казань, 1989 г., 109 с.
21. Амосова Н.Н. Основы английской фразеологии. Л., 1989., 200 с.
22. Вдадивская И.С. Сборник фразеологических словосочетаний и идиом разговорного английского языка.- Москва, 1970 -76с.
23. Власова Ю.Н. Синонимия синтаксических конструкций в современном английском языке. (ответственный редактор П.В.Чесноков – Ростов-на-Дону, издательство Ростовского Университета, 1981.-159стр.
24. Банникова И.А. О стилистическом контексте детектива и методах его исследования и приложения//http://hclub.cluster.sgu.ru/lingvistic/11.html
25. Борев Ю.Б. Эстетика. Теория литературы: Энциклопедический словарь терминов.-М.: ООО "Издательство Астрель": ООО "Издательство АСТ", 2003.-575с.
26. Лангер С. Философия в новом ключе: Исследование символики разума, ритуала и искусства. М., 2000, 308 с.
27. Лекомцев Ю.К. К основаниям общей семиотики // Сборник статей по вторичным моделирующим системам. Тарту, 1973, 68 с.
28. Лосев А.Ф. Проблема символа и реалистическое искусство. М., 1995, 365 с.
29. Мамардашвили М.К., Пятигорский А.М. Символ и сознание. Метафизические рассуждения о сознании, символике и языке. М., 1997., 97 с.
30. Мечковская Н.Б. Семиотика: Язык. Природа. Культура: Курс лекций. -- М., 2004. 382 с.
31. Моррис Ч. У. Основания теории знаков // Семиотика: Антология. Изд. 2-е. М.; Екатеринбург, 2001. 460 с.
32. Арутюнова Н.Д. Типы языковых значений: Оценка, событие, факт. М.,1988. – 341 с.
33. Волков А.Г. Язык как система знаков. М.,1966. – 85 с.
34. Дорошевский В. Элементы лексикологии и семиотики. М.,1973. – 352 с.
35. Кармин А.С., Новиков Е.С. Культурология. М.,2005. – 251 с.
36. Карнап Р. Значение и необходимость: Исследование по семантике и модальной логике. М.,1959. – 202 с.
37. Багдасарян В.Р. Лексические средства выражения неопределенной количественности в современном английском языке: Автореф. дис. ...канд. филолог, наук. -М, 1987. - 19 с.
38. Ботина Л.Г. Из наблюдений над семантикой нумеративных ФЕ в русских говорах // Вопросы семантики ФЕ. -Самарканд, 1983.-С. 145.
39. Гвоздарев Ю.А. Сопоставительное описание фразеологии разных языков // Образование и функционирование ФЕ. -Ростов-на-Дону: 1981.- 121с.
40. Колшанский Г.В. Объективная картина мира в познании и языке. -М.: Наука, 1990. -103 с.
41. Кунин А.В. Внутренняя форма фразеологических единиц // Слово в грамматике и словарях. - М: Наука, 1984. – 188 с.
42. Маковский М.М. Удивительный мир слов и значений: Иллюзии и парадоксы в лексике и семантике. - М.: Высшая школа, 1989. - 199 с.
43. Маковский М.М. Язык - миф - культура: Символы жизни и жизнь символов. - М., 1996. - 329 с.
44. Телия В. Н. Первоочередные задачи и методологические проблемы исследования фразеологического состава языка в контексте культуры // Фразеология в контексте культуры / Отв. ред. В.Н.Телия. - М.: Языки русской культуры, 1999. – 134 с.
45. Черданцева Т.З. Идиомы и символика некоторых их компонентов в словаре: (На материале ит. яз.) // Словарные категории. - М., 1988. – 231 с.
46. Шакиров А.С. Семантико-типологический анализ нумеративных фразеологических единиц в разносистемных языках: Автореф. дис. ...канд. филол. наук. -М., 1986. - 17с.
47. Швачко С.А. Языковые средства выражения количества в современном английском, русском и украинском языках. -Киев: Вища школа, 1981. - 143 с.
48. Ковшова М.Л. Анализ фразеологизмов и коды культуры // Известия РАН. Серия литературы и языка. - 2008. - Т. 67, №2. – 165 с.
49. Маковский М.М. Английская этимология. М., 2006, 109 с.
50. Ханина В., «Фразеологизмы и их употребление в современном английском языке» М., 2003. - 350 с.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
3
1 Фразеологиялық бірліктерді теориялық зерттеу
5
1.1 Фразеология ілімінің қалыптасу тарихы
5
1.2 Фразеологиялық оралым және оның түрлері
13
1.3 Фразеологиялық бірліктерді анықтаудағы символ мен таңба түсінігінің мәні
31
1.4 Фразеологияда символдық белгілердің алатын орны
38
2 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің таңбалық символдық семантикасы
45
2.1 Ағылшын және қазақ фразеологизмдеріндегі жақсылық-жамандық компоненттерінің қолданылу ерекшеліктерін зерттеу
45
2.2 Жақсылық-жамандық код символдық компоненттері бар фразеологизмдерді интерпретациялау
52
Қорытынды
60
Қолданылған әдебиеттер тізімі
63
Қосымша 1
66
Қосымша 2
70
Кіріспе
Бүгінгі таңда ұлттық құндылықтарымызды қайта қалыптастыру, жандандыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру - тіл саясатының маңызды бағыттарының бірі болып саналады.
Ұлтаралық қатынастар үйлесімділігін, халықтар достастығы мен бірлігін нығайтуда егеменді еліміз бар күш жігерін салуда. Мұның өзі тілдерді дамытуға, сайып келгенде, мемлекеттік тілді өркендетуге келіп тіреледі.
Фразеологизмдердің жаңа ұғым, түсініктермен көбейіп, қалыптасуы сол ұлт тілінің даму ерекшеліктерінің және ұлт мәдениетінің танымдық қасиетін көрсетеді. Бірі түркі, бірі герман тілдері тобына жататын қазақ және ағылшын тілдерінің ұлттық мәдени ерекшеліктерін фразеологизмдер бойынан тауып, олардың бір-бірінен ұқсастық немесе бір-бірінен айырмашылық дәрежесін анықтауға, ұлттық нақыштарын тереңірек түсінуге болады.
Фразеологиялық бірліктердің зерттелінуіне Ш.Балли, Л.Блумфилд, А.В. Кунин, А.С.Хорнби, Н.М.Шанский, Н.Н.Амосова, А.И.Смирницкий, акад. В.В.Виноградов, В.Н.Телия сынды шет елдік және отандық ғалымдардың еңбектері арналған. Тұрақты тіркестер сөйлеу тілін бай, әрі көркем ете түседі. Идиомалардың аясы кең: біз тарихи кейіпкерлердің, тұрмыстық өмірдегі адамдардың және әр түрлі салалардағы сөз тіркестерін кездестіре аламыз. Фразеологиялық бірліктердің құрамы әр түрлі, мысалы, Fine kettle of fish аударылғанында міне осылай! тіркесімен сәйкес келмейді, ал Mickey Finn ішіп алған адамды тонауға арналған ұйқы дәрісіне тең келмейді.
Тіл жүйесіне кіргізілген фразеологиялық бірліктер жіктелінеді. Фразеологиялық бірліктердің жіктелінуі мына ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан: Н.А.Азарх, Н.Н.Амосова, О.С.Ахманова, Ш.Балли, И.А.Бодуэн де Куртэнэ, акад. В.В.Виноградов, А.В.Кунин, Л.П.Смит, В.Н.Телия, А.Дж.Уорелл.
Фразеологиялық бірліктердің жіктелінуінің көптеген белгілері бар: негізгі компонент ретіндегі сөйлем мүшесінің синонимінің болуы немесе болмауы және т.б.
Осылайша, дипломдық жұмыстың өзектілігі: Жалпы тіл біліміндегі фразеологизмдердің негізгі қасиеттерін зерттей отырып, олардың қазақ және ағылшын тілдеріндегі символдық семантикасына зерттеу жүргізу
Зерттеу пәні. қазіргі кездегі қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің таңбалық символдық семантикасына талдау жасау.
Зерттеудің мақсаты. Фразеологиялық символ мен таңбаны зерттей отырып, ағылшын және қазақ фразеологизмдеріндегі жақсылық-жамандық компоненттерінің қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу керек:
oo Фразеологиялық бірліктерді теориялық зерттеу;
oo Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің лексикалық ерекшеліктерін айқындау;
oo Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің таңбалық символдық семантикасын анықтау;
oo Ғылымның әр түрлі көріністеріндегі символ мен таңба туралы мәліметтерді қарастыру;
oo Ағылшын және қазақ фразеологизмдеріндегі жақсылық-жамандық компоненттерінің қолданылу ерекшеліктерін зерттеу;
oo Жақсылық-жамандық код символдық компоненттері бар фразеологизмдерді интерпретациялау.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің таңбалық символдық семантикасына арналған отандық тіл білімінде ғылыми зерттеу жұмыстары кездеспейді. Міне сондықтан, осы тақырыпты негізге ала отырып, жақсылық-жамандық код символдық компоненттері бар фразеологизмдерге талдау жұмысын жүргізу осы жұмыстың тақырыбының жаңалығына айналған.
Зерттеудің практикалық құндылығы. Алынған мәліметтер фразеология мен стилистика ғылымындағы зерттеу жұмыстары үшін қолданыла алынады, курстық, дипломдық, диссертациялық жұмыстарды жазу үшін де қолданыла алады. Сондай-ақ бұл зерттеу жұмысы ағылшын тілін оқытуда, лексикология, стилистика, көркем әдеби, практикалық сабақтарда, стилистика, лексикология, әдебиет курстарындағы дәрістерде қолданыла алады.
Біздің жұмыста келесідей әдістер қолданылады: салыстыру, сәйкестендіру, стилистикалық талдау, компоненттік және контекстологиялық талдау және сөздік дефиниция әдістері.
Жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсаты мен міндеті арқылы анықталады. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Фразеология (грек. phrasіs - сөйлемше, logos - ұғым) - 1) тілдегі тұрақты тіркестерді қазіргі және тарихи даму тұрғысынан тексеретін тіл білімінің саласы; 2) бір тілдегі тұтас Фразеологиялық қор.
Фразеологияның қалыптасуындағы объективті және субъективті факторлар - фразеологиялық мағынаның коммуникативтік жағдайларға бейімделуі және сөйлеу кезіндегі сөз тіркестерінің туынды мағынаға ие болуы. Ал сөздің жанамалық қатыста номинацияға ұшырауы, ұғым мен түсінікті тереңдетудегі танымдық қызмет пен жүйе, әлеуметтік жағдайдағы мәдени ұлттық ерекшеліктерді көрсету, т.б. фразеологияның басты міндеттері болып саналады. Фразеология негізінен психология, философия, тарих, этнографиямен тығыз байланысты. Қазіргі кезде фразеологизмдерді кең ұғымда түсінуді жақтаушылар фразеологияның зерттеу аясын кеңейтуді ұсынуда. Фразеологияны семантикалық дәрежелер қатарында фразеологизмдердің антонимді, синонимді, омонимді, көп мағыналы құбылыстарына талдау жасайды. Фразеология тұрақты тіркестердің эмоционалды-экспрессивті ерекшеліктеріне орай, олардың қолданылу аясында стильдік дәрежелену сатысын айқындап, жалпы стильдік қызметін саралайды. Фразеология фразеологиялық тіркестердің белгілерін анықтау принциптері мен әдістерін басшылыққа ала отырып, фразеологиялық тіркестердің сөздерде толық тұжырыммен сипатталуына назар аударады. Компоненттер бірлігі Фразеологиялық мағынаны түсіну үшін аналитикалық талдау, фразеологизмдердің семантикалық, тақырыптық жүйеленуі, жеке сөздің компоненттер құрылымындағы орны фразеологиялық факторлармен дәлелденуді қажет етеді. Фразеология бұрыннан қалыптасқан зерттеу әдістерін жетілдіре отырып, фразеологизмдердің семантикалық-синтаксистік құрылымын басқа ұқсас жағдайлардан ажырату үшін фразеологиялық тіркес шегін белгілеп зерттейді. Түркі фразеологиясында фразеологизмдердің тұлғалық, мағыналық, тақырыптық жақтарының күрделілігіне қарай ғылыми ізденістерде зерттеу әдістерінің бағыт-бағдары әр түрлі. Фразеологияда елтануға негізделген лингвистика фразеологизмдер арқылы жүзеге асырыла бастады. Яғни, ұлт мәдениетін болмыс ұғымының аясында таныту мақсатында тілдің жинақтау қызметі арқылы фразеологизмге этнолингвистикалық талдау жүргізу. Фразеологизмдер стилистикамен тығыз байланысты болғандықтан, оларды тіл білімімен қатар әдебиеттану ғылымы да зерттейді.
Фразеологизмдер - тіл атаулының бәріне тән құбылыс. Тілдердің, әсіресе, құрылымы әр түрлі туыстас емес тілдердің фразеологизмдерін кешенді түрде салғастыра зерттеу - салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімінің қызықты, әрі келешегі мол саласы [1, 88 б.].
Фразеология саласын тіл білімінің жеке пәні ретінде қалыптастыруда, оның нысандарын, тілдегі орны мен табиғатын зерттеу әдістерін анықтауда, маңызды теориялық тұжырымдар жасауда көптеген отандық және шетелдік ғалым лингвистердің енбектері ерекше орын алады. Олардың ішінде Копыленко М.М., Кеңесбаев I., Қайдаров А.Т., Сәбитова М.Т., Чернышева И.И., Флейшер В., Добровольский Д., Исабеков С.Е., Сәтенова С.К., Смағұлова Г.Н., т.б. атақты ғалымдардың жалпы және салыстырмалы-салғастырмалы фразеология саласының дамуына қосқан үлестері орасан зор.
Тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеу олардың бір-бірімен ұқсастық, бір-бірінен айырмашылық заңдылығын анықтауға, тілдің ұлттық қасиеттерін тереңірек түсінуге, жалпы және жеке аударма теориясының қалыптасуына зор мүмкіндіктер береді.
Тілдерді, әсіресе, үнді-еуропа тілдерінің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық, т.б. жүйелерін типологиялық салғастырмалы әдісімен зерттеу XX ғасырдын екінші жартысынан басталып, бүгінгі таңда бұл бағыт салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімі ретінде өз алдына лингвистикалық жеке сала ретінде қалыптасып отыр.
Тіл біліміндегі салыстырмалы-салғастырмалы әдісті қолдану арқылы әртүрлі туыстас және туыстас емес тілдердің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, фразеологиялық т.б. жүйелерін салыстырып, салғастырып зерттеуге болады. Бұл әдістің түп төркіні ХІХ ғасырдың басынан бастап туыстас тілдер семьясы мен тобы, олардың туыстық қатынасы мен дәрежесін зерттеуге арналған салыстырмалы-тарихи әдісте жатыр. Салыстырмалы-тарихи әдіс туыстас тілдердің деректерін салыстыра тарихи тұрғыдан зерттеп, ондағы лексикалық және грамматикалық құбылыстардың шығу тегі, өзгеруі мен дамуын және түп тегінің бірлігін анықтау үшін қолданылған.
Кейіннен осы атақты әдістің нәтижелері мен деректерін есепке ала отырып, тіл білімінің жаңа принциптері айқындалды, бұрынғы деректер жаңа мәліметтермен толықтырылды. ХХ ғасырда салыстырмалы әдіс арқылы туыстас емес тілдерді де салғастыра зерттеуге болады және зерттеу керек деген пікір кең өріс алды. Бұл әдістің соңғы жылдары кең тарағандығы соншалық, тіпті осыған байланысты тіл білімінің жаңа тараулары, зерттеудің жаңа бағыттары пайда болды: салыстырмалы-салғастырмалы фонетика, салыстырмалы-салғастырмалы лексикология, салыстырмалы-салғастырмалы грамматика, салыстырмалы-салғастырмалы фразеология тілдің тағы сол сияқты басқа салалары өз алдына дербес пән ретінде қаралып, талай ғылыми еңбектердің негізгі нысандары болды [2, 120 б.].
Тіл білімінің басқа салалары сияқты фразеология да бүгінгі таңда терезесі тең, дербес пәнге айналып отыр. Фразеология саласын тіл білімінің жеке саласы ретінде қалыптастыруда, оның нысандарын, тілдегі орны мен табиғатын зерттеу әдістерін анықтауда, маңызды теориялық тұжырымдар жасауда көптеген отандық және шетелдік ғалым-фразеологтардың еңбектері ерекше орын алады. Н.И.Амосова, А.В.Кунин, И.И.Чернышева, В.Флейшер (W.Fleischer), М.М.Копыленко, І.Кеңесбаев, А.Т.Қайдар, А.Д. Райхштейн, С.Е.Исабеков, С.К.Сатенова, З.Қ.Ахметжанова, Д.Добровольский, М.Сабитова, К.К.Дүйсекова т.б. атақты ғалымдардың жалпы және салғастырмалы фразеология мәселелеріне арнап жазған құнды-құнды еңбектері жарық көрді.
Бүгінгі таңда адамзат тарихының шексіз өрлеп, кемелденген заманында, мәдениет пен өнер, саясат пен тіл салаларында халықаралық қатынастың дамып, жанданған уақытында салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімі өзекті де көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Тілдерді салыстыра - салғастыра зерттеу әр тілдің өрнек бояуын, ұлттық ерекшелігін, қайталанбас қасиетін танып білуге жол ашады. Осындай зерттеулер мәдениетаралық қатынастың төрінен орын алып, халықтардың бір-бірімен түсінісу барысын жүзеге асыруға кеңінен ат салысады.
Еліміз егемендік алып, әлемдік өркениет биігіне ұмтылып отырған заманда, жоғары дамыған Еуропа елдерімен саяси, экономикалық, мәдениаралық қарым-қатынастың дамып отырған уақытында - қазақ тілін Еуропаның беделді тілдерінің бірі ағылшын тілімен салғастыра зерттеу - баға жетпес құнды дүние.
Соңғы 10-15 жыл ішінде қазақ тілі фразеологиясын герман (неміс, ағылшын) тілдері фразеологиясымен салғастыра зерттеуге арналған бірталай жұмыстар жарық көрді (Карбозова Г., Арғынғазина Ш., Оспанова Ф., Молдасанова А., Қапышева Г., Атаханова Р., Мықтыбаева Т. және т.б.).
Бірі түркі, бірі герман тілдері тобына жататын қазақ және ағылшын, қазақ және неміс тілдерінің тілдік, ұлттық мәдени ерекшеліктерін түрлі тілдік бірліктер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер бойынан тауып, олардың бір-біріне ұқсастық немесе бір-бірінен айырмашылық дәрежесін анықтауға, ұлттық нақышты тереңірек түсінуге талпынған ғылыми еңбектер баршылық, дегенмен шешімін таппаған мәселелер де жоқ емес. Осындай негізгі мәселелердің біріне қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдерді қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттары мен ұстанымдары негізінде салыстыра-салғастыра зерттеу жатады [3, 92 б.].
Тіл бірліктерін этнос (адам) - тіл - мәдениет үштігіне сүйеніп зерттеу үрдісі тіл білімінің этнолингвистика, тіл арқылы ел тану, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика сияқты жаңа бағыттарына жол ашты. Аталған бағыттардың негізінде адамның тілі мен мәдениетінің өзара байланысы мәселесі жатыр. Тіл мен халықтың, оның мәдениетінің арасындағы тікелей байланыс халықтың рухынан, тілінен көрініс табады. Олай болса, тілді зерттегенде оны сол халықтың рухани байлығымен, мәдениетімен байланыстыра зерттеу қажет.
Отандық ғалымдар М.М.Копыленко, Ә.Қайдар, Е.П.Жанпейісов этнолингвистиканың теориялық мәселелерін қарастырып, мақсат мүддесін, зерттеу нысанын, әдіс-тәсілдерін айқындап берді. Бай тіл қазынасын этнос болмысы тұрғысынан толық меңгеріп, оның бейне бір тұңғиық теңіздей терең мағына-мазмұнына бойлап еніп, оны игеріп танып-білу жүйелей түсіп жан-жақты зерттеу этнолингвистиканың мақсаты деп түсініктеме береді Ә.Қайдар өзінің Қазақ тілінің өзекті мәселелері атты еңбегінде.
Тілді этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеудің өкшесін баса өз бастауын алған жаңа бағыттардың бірі - тіл арқылы ел тану. Фразеология саласында бұл бағыттың алар орны ерекше, өйткені әр тілдің фразеологизмінде үлкен мазмұн - халық өмірі, мәдениеті бар. Фразеологизм мағынасындағы елтану потенциясының пайда болу принциптері тіл арқылы елтану бағытының еншісі болып табылады. Тіл арқылы елтану теориясының пайда болып дамуы фразеология саласын жаңа қырынан, яғни фразеологизмдерді кез-келген халықтың ұлттық мәдени дамуының айнасы ретінде қарастыруға мол мүмкіндік береді.
Тіл мен мәдениет арақатынасын зерттейтін тіл білімінің жаңа бағыттарының бірі - лингвомәдениеттану. Лингвомәдениеттану - қазіргі тіл білімінде кеңінен қолданыс тауып келе жатқан антропоцентристік бағытпен, яғни сол тілдің иесі болып табылатын адаммен, тілдің функционалды қолданыс табатын әлеуметтік орта, тарих, мәдениет пен танымдық процестермен байланыстыра зерттеу үрдісінің нәтижесі болып табылатын тіл мен мәдениеттің өзара байланыс тетіктері мен жалпы ұлттық дүниетаным, ұлттық мәдениеттің тілдегі көрінісін зерттейді [4, 65 б.].
Лингвомәдениеттану ғылымының алғышарттары В.фон. Гумбольдтың тіл мен мәдениеттің өзара байланысы идеясы және Э.Сепир мен Б.Уорфтың тілдік ықтималдылық болжамымен ұштасып жатыр. Бұл ғылымның мақсаты тілдік бірліктің шығу тегін айқындау емес, әр түрлі тілдік бірліктерге (фразеологизмдерге) түсініктеме бере отырып, оның пайда болу шарттары мен жағдаяттарын анықтау болып табылады. Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің өзара байланысын, қатынасын қазіргі заманның ұлттық-мәдени сана сезімі тұрғысынан қарастырады және оның тілдегі көрінісін сипаттайды.
Қазіргі тіл білімінде ерекше дамып келе жатқан когнитивті лингвистиканың негізінде тілді - адам дүниетанымының кілті, адам санасында ғалам туралы түсінікті құраушы, таным модельдері арқылы ашылатын білімнің коды, шындық пен шындықты игеруші сана арасындағы дәнекер, сондай-ақ сана қызметінің нәтижесі деп қарайтын когнитивтік көзқарас жатыр.
Когнитивтік лингвистика тіл мен сол тілдің иесі адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік білімді адам миының жемісі, күрделі ассоциативті-вербальды құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде танытушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді. Когнитивтік үрдістің негізгі айырым белгісі тілді жаңаша зерттеуде жаңа тәсілдер еңгізуде ғана емес, таза танымдық бағдарының жаңалығында, тілді танымдық тұрғыдан қарауында [5, 38 б.].
Когнитивтік лингвистиканың негізгі мәселелерінің бірі - когнитивтік мағына. Тілдік бірліктердің мағынасы адамның ойлау жүйесімен қатар қарастырылады. Бұл бағыттың басты назар аударатын негізгі ұғымдары: әлем бейнесі, әлемнің тілдік бейнесі, әлем моделі немесе когнитивтік модель. Когнитивтік мағына тіл арқылы құрылып берілетін танымдық ақпарат ретінде қарастырылады. Когнитивтік семантика - сол тіл арқылы құрылып берілетін адам санасындағы концептуалды білімді таным моделі арқылы зерттейтін ғылым.
Тіл білімінің қазіргі даму кезеңі құрылымы әртүрлі тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеуге деген қызығушылықтың артуымен сипатталады және функционалды, прагматикалық, когнитивтік, антропоцентристік, лингвомәдениеттану және басқа да парадигмалардың қатар өмір сүруімен ерекшеленеді. Осы парадигмалардың ортасында жеке тұлға мен адам қызметінің әлеуметтік жағына деген қызығушылықты арттыратын антропоцентрлік әдістеме тұр. Аталған бағыттардың зерттеу нысаны - тіл мен мәдениет.
Мәдениет - халық дамуындағы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын ұлттық құндылықтар жиынтығы. Әр ұлттың ана тілінде оның бүкіл өмірі, тарихы, тыныс-тіршілігі, жан дүниесі, яғни, мәдениеті көрініс табады. Тіл мен мәдениет-қоғам дамуының әлеуметтік азығы. Тілдің әлеуметтік маңызы тіл мен мәдениетті, тіл мен қоғамды бірге алып қарағанда ғана ашылады. Адамның жан дүниесі мен болмысының, мәдениетінің қалыптасуына үлкен үлес қосатын халықтың баға жетпес байлығы - оның тілі. Тіл - мәдениеттің көзі, ұлт өмірінің айнасы. Тіл мәдениеттен тыс өмір сүрмейді, себебі ол мәдениеттің бір көрінісі. Ал, кез-келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнеленіп, тілдің кумулятивтік қызметі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі [6, 47 б.].
Сонымен, тіл - халықтың мәдениеті, салт-дәстүрі, қадір тұтатын заттары мен құндылықтар дүниесінің, қоршаған ортаның т.б. өмір сүру үлгілерінен хабардар ететін құрал. Мәдениет - адамның тілде көрініс табатын бүкіл рухани өмірі, тәжірибесі.
Фразеологизмдердің ішкі формаларының тасалануынан олардың мағыналарының күңгірттенуі шығады. Ондай фразеологизмдердің сырын, жасалу төркінін тілдің ішкі заңдылықтарынан гөрі экстралингвистикалық факторлар мен этимологиядан іздеу қажет. Мысалы, кәрі қойдың жасындай жасы қалды фразеологизмі қой түлігінің тіршілік ету мерзімін (10 шақты жылдай) бақылаудан туған. Осы жайт ауыспалы мәнде жасы ұлғайған адамға қатысты айтылатын бейнелі тіркестің тууына негіз болған. Ағылшын тіліндегі to fight like Kilkenny cats (Килкени мысықтарындай айқасу) - өлімге бас тігіп қырқысу деген мағынада қолданылатын фразеологизмнің қалыптасуына ХVII ғ. Kilkenny мен Irishtawn қалалары арасындағы қантөгістің аяғы екі қаланың да қирап бітуіне әкелген тарихи уақиға негіз болды.
Шарль Балли (1865 - 1947) фразеология ғылымының негізін салушы болып табылады, өйткені ол өзінің Француз стилистикасы еңбегінде сөз тіркестерінің жүйеленін келтірді. Ол өз еңбектерінде сөз тіркестерінің төрт типін көрсетеді: 1. Еркін сөз тіркестері (les groupements libres); 2. Жай тікрестер (les groupments usuels); 3. Фразеологиялық қатар (les series phraseologiques). Бұл тіркестер компоненттердің қайта топталуына мүмкіндік береді; 4. Фразеологиялық бірліктер (les unites phraseologiques) деп - сөздер жеке тұрып мағынасын жоғалтса да, бірігіп қолданылысында бір мағынанын білдіретін сөздер.
Кейіннен тіл маманы жай тіркестер мен фразеологиялық тіркестерді қайта қарастырып, олар жалпы тіркестердің негізі деген тұжырымға келді. Осылайша, Ш. Балли тіркестердің екі түріне келіп тоқтады: 1. Еркін тіркестер мен 2. Фразеологиялық бірліктер. Жалпы алғанда барлық тіркестер жаңа мәнге ие, оны ғалым химиялық қосылыстармен салыстырады, яғни жеке қолданысында аз мәнге ие болып, ал бірге қолданысында бұл фразеологиялық бірліктер көркем сөздің сипатына ие [7, 35 б.].
Академик В.В. Виноградов фразеологизмдерді семантикалық сәйкестігі көзқарасымен топтастырады. Белгілі болғандай, фразеологизмдер еркін сөз тіркестерінің үйлесуінен пайда болады, олар ауыспалы мағынасында қолданылады. Біртіндеп, олардың жеке мағыналары жойылып, күнделікті қолданыста олардың тұрақты тіркестер күйіндегі түрі қолданылады. Фразеологизмдердің мағыналарының қаншалықты ауыспалы болуына байланысты акад. В.В.Виноградов оларды үш түрге бөледі: фразеологиялық тұтастықтар, фразеологиялық бірліктер және фразеологиялық тізбектер.
Фразеологиялық тұтастықтар мүлдем бөлінбейтін тұрақты тіркестер, олардың жалпы мағынасы құрамындағы жеке сөздердің мағынасына тәуелсіз: to kick the bucket (разг.) - иілу, өлі; to rain cats and dogs - жауын жауу (жаңбыр); to be all thumbs - қолағай болу. Фразеологиялық тұтастықтар олардың компоненттерінің ауыспалы мәндерінің негізінде пайда болды, кейіннен бұл бұл ауыспалы мағыналар қазіргі ағылшын тілінде түсініксіз болып кетті. Фразеологиялық тұтастықтартың әр түрліліге тарихи жағынан ғана ашылады. Мысалы, to be all thumbs түсінігі one's fingers are all thumbs дегенді білдіреді, ол тарихи өзгерістерге ұшыраған. Фразеологизм Kilkenny cats көрініп тұрғандай, Kilkenny мен Irishtown қалалары арасындағы XVII ғасырдағы соғыстар туралы сөзден қалған.
Осылайша, фразеологиялық тұтастықтар үшін ауыспалы мағына негізгісі болып табылды.
Фразеологиялық тұтастықтардың өзіндік ерекшеліктері бар:
oo Олардың құрамында некротизмдер болуы мүмкін - осы тұтастықтан басқа жерлерде сөздері қолданылмайды;
oo Архаизмдер, олар тұтастықтардың құрамында болуы мүмкін;
oo Фразеологиялық тұтастықтар синтаксистік бөлінбейді;
oo Көп жағдайларда олардың құрамындағы сөздерді орындарымен ауыстыруға болмайды;
oo Олардың құрамына қосымша сөздерді енгізуге болмайды.
Фразеологиялық бірлік -- Фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Апайда құрамындағы сөздердің бірі екіншісімен қалайда бір мағынапық байланыстаболатындығын аңғартады. Себебі мұндай тіркестер о бастағы еркін тіркестің ауыспалы мағынада метафораланып Фразеологиялық бірлікке айналған. Мысалы, көзіне көк шыбын үймелету (басыну, қорлау), ақ түйенің қорны жарылу(молшылық). Аталған тіркестердің Фразеологиялық мағына жасауына ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағына негіз болған. Кейде фразалық тұтастық пен Фразеологиялық бірлік арасындағы айырма- шылықтары байқала бермейтін фразеологизмдер де бар. Ғалымдар мұны тұрақты тіркес мағыналарының көнеленуіне байланысты деп түсіндіреді. to spill the beans - құпияны ашу; to burn bridges - арасына от салу; to throw dust into smb.'s eyes - тісін тісіне қою; to throw mud at smb. - артынан сөз айту; to be narrow in the shoulders - әзілдерді түсінбеу; to paint the devil blacker than he is - түймедейді түйедей ету [8, 59 б.].
Фразеологиялық бірліктер фразеологиялық тұтастықтармен өздерінің ерекшелігімен ұқсас болып. Фразеологиялық тұтастықтарға қарағанда, фразеологиялық бірліктерде қазіргі тілде түсінетіндей болып келеді.
Фразеологиялық бірліктердің белгілері:
oo Қолданыстағы сөз тіркестерімен сәйкес келуі ( : to throw dust into smb.'s eyes, to be narrow in the shoulders, to burn one's fingers, to burn bridges);
oo Жеке компонентерінің мағыналарының сақталуы (to put a spoke in smb.'s wheel);
oo Бір компонентерінің басқалармен ауысуының мүмкінсіздігі (to hold one's cards close to one's chest);
oo эмоциялық - экспрессивтік бояуы (to throw dust into smb.'s eyes, to paint the devil blacker than he is);
oo синонимдерінің болуы (to gild refined gold = to paint the lily).
Фразеологиялық тізбек - еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолдану. Яғни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалы мағынасы бүтіндей жойылмағанымен, жойылуға жақындап, күңгірт тарта бастауы. Мұнда ерікті мағынасындағы сөз бен фразеология қалпындағы сөздің тіркесуінен жасалып, сол тізбек күйінде қолданылады. Мысалы, бота көз, қоян жүрек, асқар бел, тоң мойын, сойдақ тіс, қауға бас, оймақ ауыз, бауырсақ мұрын, кем иек, қабырға ағайын, көк жұлын, жүйке тамыр, аш бүйір, еркек кіндік, салқын қанды т. б. Фразеологиялық тізбек тің құрамындағы ерікті (тура) мағынадағы сөздің сан алуан сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілеті болса, фразеология туынды мағынадағы сөз бірді-екілі сөзбен ғана шектеліп қолданылады. Мысалы, көк бет, қысыр сөз, қасқа жол деген Фразеологиялық тізбектердің қурамындағы бет (жалпақ бет, дөңгелек бет, сопақ бет), сөз (аз сөз, көп сөз, дұрыс сөз, бұрыс сөз), жол (ұлкен жол, қара жол, соқпақ жол) деген бірнеше сөздермен тіркесіп қолданыла берсе, фразеология мағынадағы көксөзі бет сөзімен, сөз -- қысыр сөзімен, жол -- қасқа сөзімен ғана тіркеседі. Фразеологиялық тізбек сыңарларының бастапқы мағынасы онша ашық та айқын болмағанымен, солғын тартып сөзіліп турады. Мысалы, көз ұшында, көз жеткісіз, көзін тырнап ашқалы, көзі тірісінде, көз шалым жер, көз барда, көзімдей көр, көзі жоғалды, көзі ілінді, көзі жетті т. б. Фразеологиялық байлаулы мағынадағы сөздің қолдану шеңбері шектеулі болады. Фразеологиялық тізбек құрылым-құрылысы жағынан екі топқа бөлінеді:
1. Құрылым-құрылысы сөздердің белгілі бір тіркесі болып келетін фразеологизмдер. Мысалы, шақша бас, қарақаткөз, ашықауыз, ала қол, бүйрек бет, қамыт аяқ, құба жон, қалқан құлақ, мұрты шағылмаған, жауырын құрлы көрмеді, саусақпен санарлықтай, кең иықты, ат жақты, иығы босады, алақанның аясындай, бармақ қазы, езуі жиылмайды, тісін басты, қас қарайды, кірпік қаққанша, сақалды басымен, ку гілді, кеңірдектен келді, тумсығы батпады, еңбегі қатпаған, төбесі тесік, өр көкірек, арқасы бар, бүйірі шықты, мұрынның қанындай т. б.
2. Құрылым-құрылысы жағынан сөйлемге тең фразеологизмдер. Мысалы, бір қолын екі ете алмады, екі иығынан дем алды, табанын жергө тигізбеді, аузына ақ ит кіріп, қара ит шықғы, көзіне көк шыбын үймелетті, кәрер таңқы көзімен атырды, аяқ-қолын бауырына алды, басы ауырып, балтыры сыздады, жеңген иттің желкесінен алды, көңілі су сепкендей басылды, қой үстінде боз торғай жумырт қалады [9, 45 б.].
Ағылшын тіліндегі фразеологиялық тізбектердің мысалы: a bosom friend - закадычный друг, a bosom buddy, a pitched battle, a fierce battle; he frowned his thick eyebrows; a Sisyfean labor - Сизифов труд, a labor of Sisyphus.
Профессор Н.М. Шанский В.В. Виноградовтың фразеологизмдерді бөлуін жалғастырып, фразеологиялық сөйлемдерді төртінші түрі деп көрсетті. Олардың жалғыз ерекшелігі - іске асырылуы: олар тұрақты лексикалық құрамы мен белгілі семантикасы бар дайын сөз бірліктері ретінде қолданылады.
Оларға негізгі мағынасында қолданылатын мақал-мәтелдер жатады: live and learn; better untaught than ill taught; many men, many mind; easier said then done; nothing is impossible to a willing heart.
Фразеологизмдердің ішінде сәйкес сөйлемдердің құрылымы бойынша екі топ бөлінеді: номинативті, коммуникативті.
Фразеологиялық бірліктердің ішінде сөздердің тіркесуіне байланысты келесідей топтар ажыратылады:
Сын есім + зат есім, бұлар семантикалық тепе-теңдікте болады (daily bread).
Зат есім + септікте тұрған сөздер (a crown of glory).
Зат есім + зат есім (By the sweat of one's brow).
Көмекші сөз + сын есім + зат есім.
Сонымен, Шарль Балли фразеология ғылымының негізін салушы болып табылады, өйткені ол өзінің Француз стилистикасы еңбегінде сөз тіркестерінің жүйеленін келтірді. Ол өз еңбектерінде сөз тіркестерінің төрт типін көрсетеді: 1. Еркін сөз тіркестері (les groupements libres); 2. Жай тікрестер (les groupments usuels); 3. Фразеологиялық қатар (les series phraseologiques). Бұл тіркестер компоненттердің қайта топталуына мүмкіндік береді; 4. Фразеологиялық бірліктер (les unites phraseologiques) деп - сөздер жеке тұрып мағынасын жоғалтса да, бірігіп қолданылысында бір мағынанын білдіретін сөздер.

Тілімізде қолданылатын жеке сөздермен бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркестері және сөйлемшелер бар: бүйректен сирақ шығару, төбесі көкке жеткендей болды, көз бояу, жүрегінің түгі бар, ат үстінде ұйықтады т.б. Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып, ел аузында көп айтылып, жалпы халыққа түсінікті болып кеткен. Тұрақты тіркестердің қалыптасуына қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар, әр түрлі іс-қимыл, бастан кешірген жағдайлар т.б. себеп болады: ащы ішектей созылды деген тіркестің пайда болуына әуел баста қойдың ішек-қарнын ашу жағдайы себеп болған. Ащы ішек ашуға қиын, әрі ұзын, адамды әлекке салады, ұзаққа созылады. Осыдан келіп ауыспалы мағынада бұл тұрақты тіркеске айналып, ығы-жығы қылатын, баяу әрекет, қимыл деген мағыналарға қатысты айтылады. Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін болып, қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде кейде фразеологиялық орам немесе фразеологизмдер деп атай береді. Фразеологизмдерге идиома, фраза, мақал-мәтелдер жатады. Фразеологизмдердің өзіне тән негізгі қасиеттері төмендегідей: 1. Дайын тілдік бірлік ретінде жұмсалады; 2. Жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады; 3. Мағына бірлігі сақталады; 4. Екі сөзден кем болмайды [10, 102 б.].
Ә.Болғанбайұлы мен Ғ.Қалиев: Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш белгісі бар. Олар: 1) даяр қалпында жұмсалу белгісі, 2) мағына тұтастығы, 3) тіркес тиянақтылығы - деп көрсетеді. Фразеологизмдерге тән бұл белгілер әр кез бір-бірінен айқын ажыратыла бермейді. Сондықтан фразеологизмдерді топтастыру тіл біліміндегі күрделі мәселелердің бірі болып табылады.
Фразеология термині белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы деген ұғымда да кеңінен қолданылады. І.Кеңесбаевтың авторлығымен шыққан Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі қазақ фразеологиясына ғана емес, қазақ тіл біліміне де қосылған елеулі үлес екендігін айтуға болады. І.Кеңесбаев аталған сөздіктегі қазақ тілінің фразеологизмдері туралы жазған мақаласында фразеология туралы: Тіл-тілдің өзіне тән ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан (ярустарынан) байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы (лексикалық қор) деген топқа осы сөздікте қамтылған алуан түрлі фразеологизмдерді жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды. Басқаша айтқанда сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын лексикология деп атайтын болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін тіл білімі саласын фразеология деп атау әбден орынды, - деп жазады. Автор аталған еңбегінде қазақ тіліндегі фразеологизмдердің теориялық мәселелерін де жан-жақты қарастырып, болашақ ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағдар боларлық ғылыми пікірлер айтқан. Қазақ тілінің фразеологиясын зерттеуші ғалымдардың қай-қайсысы болмасын өз зерттеу жұмыстарында бұл еңбекті басшылыққа алады [11, 30 б.].
Фразеология тұрақты сөз тіркестерінің жүйесін зерттейтін тіл туралы ғылымның бір саласы. Фразеология соңғы жылдары танымдық тұрғыдан біршама зерттеліне бастады. Мәселен, бұл салада еңбек етіп жүрген Р.Сыздық, Н.Уәли, Г.Смағұлова, С.Сатенова, Р.Авакова т.б. еңбектері бұған дәлел бола алады.
Фразеологизмнің қай-қайсысы болмасын бәріде ең алғаш халықтық сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді. Фразеологизмдер алдымен адамдардың ой-сезімін, ара қатынасын, өмір тануын білдіреді. Қазіргі таңда қолданылып жүрген фразеологизмдердің көбі адам эмоциясына қатысты болып келеді. Адам эмоциясына қатысты фразеологизмдердің бір тобы жеке тұрып адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін болса, енді бір тобы контекс ыңғайына қарай эмоциялық реңкке ие болады. Яғни, фразеологизмдер эмоциялық реңкті айқын көрсетуге қызмет етеді. Мысалы қуанды деген сөз бен екі езуі екі құлағына жетті, жерден жеті қоян тапқандай қуанды, төбесі көкке екі елі жетпеді фразеологизімінің, қорықты және жүрегі тас төбесіне шықты, төбе шашы тік тұрды, көзіне қос көрінді фразеологизімінің, арасында мағыналық сәйкестік болғанымен, бұл сәйкестік толық балама бола алмайды, себебі қуанды және қорықты сөздерінде фразеологизмдердегідей экспрессивті реңк жоқ. Бұл мәселе туралы С.Сәтенова сөз бен оған мағыналас фразеологизмдердің қолданыс ерекшелігіне қатысты білдірген пікірінде фразеологизмдердің ойдың астарлы, бейнелі болуына ықпалын айта келіп: ...іші өлген, сырты сау қос тағанды фразеологиялық тіркесін қайғылы, уайымды, шерлі тәрізді лексикалық эквиваленттерімен ұйқасын, үйлесімін тауып ауыстырғанымызбен, фразеологиялық тіркес қолданысындағыдай әсерлі, сазды болуы және жаны күйзелген адамның сезім дүниесін соншалықты дәл жеткізуі екіталай болар еді, - дейді [12, 104 б.].
Тілдік қордағы фразеологизмдердің дәстүрлі қолданысынан басқа, жекелеген авторлардың фразеологизмдерді, оның ішінде эмоционалды реңкті фразеологизмдерді де құбылтып қолдануы жиі болмаса да шығарма тілінде кездесіп қалатын құбылыс. Бұл жөнінде ғалым С.Сатенова: ...тұрақты сөз оралымдарын автордың өңдеп, құбылтып, контекске сай орынды қолдануы ең алдымен пайдаланып отырған фразеологиялық тіркеске өзгеше түр-сипат беріп, микротекстің мәнділігін арттырып, экспрессивін күшейтеді - дейді. Сондай ақ Г.Смағұлова: ...Жалпы фразеологизмдердің пайда болуы, жасалуы туралы сөз қозғалғанда осындай образдылықтың адамның жан-дүниесіне әсері, одан шығатын эмоциялық қорытынды үнемі тұрақты сөз тіркестерінің ерекшеліктерін айқындайтын талаптар екенін ескерсек, онда синоним фразеологизмдердің қатарларының өсуі мен кемуінің себептерін те іздеген жөн, - дейді.
Фразеологизмдер тілдің әдебилігінің сипаттарын, әдеби тілдің даму кезеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін танытады. ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдердің жалпы сипаты, тақырыптық-семантикалық, кезеңдік-құрылымдық, стилистикалық қолданыс ерекшеліктері Ж.Қоңыратбаеваның зерттеу жұмысында көрініс табады. Автор ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдерді жалпы мағынасына қарай және ұйытқы болатын сөздерге қарай тақырыптық топтарға жіктейді. Фразеологизмдерді мағынасына қарай:
1) Адамды сипаттайтын фразеологизмдер;
2) Алғыс және қарғыс мәнді фразеологизмдер;
3) Қоғамдық-әлеуметтік факторға байланысты туындаған фразеологизмдер;
4) Діни наным-сенімге, салт-дәстүрге байланысты туындаған фразеологизмдер;
5) Өлшемдік ұғымдарды білдіретін фразеологизмдер;
6) Табиғат құбылыстарына байланысты фразеологизмдер деп бөле отырып, кейбір фразелогизмдер мағынасы жағынан бірнеше топқа қатысты болатындықтан, оларды мұндай тақырыптық топтарға бөлудің шартты екендігін ескертеді [13, 37 б.].
Фразеологизмдер мағынасына қарай бірнеше семантикалық топтарға бөлінеді. Кейбіреуіне тоқталып өтелік.
Соматикалық фразеологизмдер. Қазақ тілінде: аузына шайнап бергенді жұта алмайды; қолыңмен істегенді мойныңмен көтер; екі көзі төрт болды, шаш ал десең, бас алады т.б. Ал ағылшын тіліндегі соматикалық фразеологизмдер: something is on (at) the tip of somebody's tonque (тілдің ұшында), іn one ear and out the other (бір құлаққа кіріп, екінші құлағынан шығу; ақпа құлақ), zip your lip - don't talk (ауызды құлыппен құлыптап тастау) т.б.
Жан-жануарларға байланысты тұрақты тіркестер: бір оқпен екі қоянды ату; бір қазанға екі қошқардың басы сыймау, жерден жеті қоян тауып алғандай т.б. Ағылшын тілінде: Every dog has his day (итке де бақыт күні туар).
Достық пен дұшпандық ұғымын беретін фразеологизмдер: дұшпаныңа өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле, дос басқа - дұшпан аяққа қарар т.б. Сол сияқты ағылшын тілінде: The best mirror is an old friend ( ескі дос ең үздік сынаушы). Where there are friends, there is wealth (Достық бар жерде байлық бар) және тағы басқалар. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің мағынасы осы тілдерде сөйлейтін ұлттың ежелден бергі өмірін жан-жақты айқындайды. Бұл фразеологизмдер тілдік қолданыста әр уақыттың салт-дәстүріне, әдет-ғұрыптарына, мәдениетіне, психологиясына, тарихына байланысты қалыптасып, тілдік қолданыста дамып өрбіген. Сондықтан да олар әр халықтың ерекшелігіне байланысты өсіп-өрбіп, сол халықтың ғасырлар бойы жинаған байлығының бірі болып табылады. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің беретін ұғымы әр ұлттың өзіне ғана тән рухани өмірін суреттейді. Яғни, қос тілдегі фразеологизмдер ұлттық сезім, ұлттық мінез, ұлттық салт-дәстүр негізін айқындайды. Ғалым Е.А.Диброва фразеологизмдердің шығу тегін еркін сөз тіркестерімен байланыстыра қарастырып, еркін сөз тіркестерінің фразеологизмдерге ауысуының 5 кезеңін көрсетеді. 1-кезеңі - сөздердің еркін тіркес кезеңі; 2, 3-кезеңі - еркін тіркестердің фразеологизмдерге ауысуы кезеңі, 4, 5-кезеңдері - фразеологизмдердің қалыптасу кезеңі [14, 49 б.].
Фразеологизмдер шыққан тегі еркін сөз тіркесінен өзгеше. Фразеологиялық тұрақтылық дегеніміз - тіркестің мағынасының астарлы, образды болуы, бүтін тұлғаға ғана тән болуы. Фразеологизмдердің туу себебі фразеологиялану процесі болып табылады. Нәтижесінде сөз тіркесі түгелдей жаңа, туынды мағынаға ие болады, дайын күйінде қолданылатын тілдік материалға айналады. Көптеген фразеологизмдер ағылшын-қазақ тіларалық фразеологиялық қорында семантикалық жолмен жасалынған. Ағылшын тіліндегі: Keep one's nose to the grindstone - мұрнынан шаншылып жүру. Екі тілдеде мағынасы жұмыстан қолы босамау деген ұғымды білдіреді. Тағы да, Be in smb's pulse - тамырын басу - ақырын пікір, сыр тартып көңілін бөлмек болу деген мағынада қолданылады. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмнің аспан денелеріне табынудан пайда болған түрлері кездеседі: Be born under a lucky star - бақытты жұлдыздың астында туу, believe in one's star - өзінің тағдырына сену. Қазақ тіліндегі аспанға табыну дәстүріне байланысты пайда болып, қалыптасқан фразеологизмдер: көк, аспан, тәңір, құдай сөздері арқау болған: құдай жарылқады, тәңірі қолдады, жұлдызы оңынан туды, аспанымыз ашық болсын т.б.
Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің қалыптасуына әдеби тілмен қатар терминологиялық және кәсіби лексика негіз болған. Мысалы, ағылшын тіліндегі talk shop - көпшілік жерде жұмыс жайлы сөйлеу мағынасын білдіреді, яғни shop - шеберхана ұғымында қолданылады. to turn face about - көзқарасын (мінезін) күрт өзгерту мағынасын білдіреді. Әскери терминалогия бойынша солға шыр айналу деп аударылады екен. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің пайда болып, қалыптасуынан әрбір тілдің өзіндік ерекшеліктерін байқауға болады: Move heaven and earth (жер мен көкті жылжыту) қазақ тіліндегі баламасы айды аспанға шығару, яғни таң қалдыру ұғымын береді. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің қалыптасуына ертегілер, аңыз-әңгімелер, эпостық жырлар негіз болған. Ағылшын тіліндегі тұрақты тіркестер, идиомалар көбінесе ертегілерде, жай және құрмалас сөйлемдерде көп қолданылады. Мысалы:
1. He was too soft - hearted and could not refuse money to his children and relatives whenever they asked for it. Бұл жердегі идиома soft - hearted жұмсақ жүрек (қазақша қайырымды, қолы ашық) деген мағынаны білдіреді.
2. When the boy asked his parents to allow him to learn to play piano, they agreed because they knew he had a good ear for music. Бұл жердегі идиома good ear for music. Мұны сөзбе-сөз аударсақ, good ear - жақсы құлақ дегенді білдіреді, яғни қазақша баламасы құйма құлақ [15, 20 б.].
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің басым көпшілігі Адам атты мағыналық макротопқа жатады, олардың мағынасы адам мен оны қоршаған әлемнің өзара әрекетін бейнелейді. Фразеологиялық теңеулердің негізінде адам өмірі мен қызметінің тұстарын бейнелейтініне байланысты екі тілде олардың төмендегідей мағыналық-тақырыптық топтары анықталды:
1. Адам мінезі мен ақыл-ой қабілетін сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: Қарабайдай қатыгез, дала бүркітіндей қырағы; Ағыл.: a memory like an elephant (сөзбе-сөз: есі пілдей), яғни еске сақтау қабілеті жоғары, тамаша, as blunt as a hammer (сөзбе-сөз: балғадай ақымақ) яғни топас, т.б.
2. Адамның жағдай-күйіне байланысты ФТ-лер: Қаз.: сең соққан балықтай, жарасын жалаған иттей, жаралы арыстандай аласұрды; Ағыл.: as miserable as a bandicoot - (қалталы қөртышқандай) - бақытсыз, аянышты, as still as a mouse - тышқандай жасырынып тұру т.б.
3. Адамның сыртқы келбетін сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: қырмызыдай ажарлы, ақ маралдай әдемі; Ағыл.: as fair as a lily - лилия гүліндей сұлу, pale as death - өліктей бозарған т.б.
4. Адамның өмірі мен қызметін сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: түлкі қуған тазыдай соңына түсу, ит пен мысықтай өмір сүру; Ағыл.: as thick as thieves (бір-біріне ұрылардай жақын болу) - жан дос, айырылмас дос, to live like cat and dog - мысық пен иттей өмір сүру.
5. Адамның эмоциялық жағдайын сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: найза үстінде отырғандай, тышқан алған мысықтай;Ағыл.: to shake quake tremble like an aspen leaf - көк теректің жапырағындай қалтырау, to sit on a powder keg - оқ-дәріге толы бөшкенің (күбінің) үстінде отырғандай.
6. Адамның басқа бір адамға немесе затқа қатынасын сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: жыландай жек көру, құлындай шыңғырту, қойдай бауыздау; Ағыл.: hate smb like poison - біреуді удай жек көру, flieng smb aside like an old boot - біреуді қажеті жоқ ескі аяқ киімдей лақтырып тастау, яғни пайдаланып алғаннан кейін өзінен алыстату, қуу.
7. Құбылыстар мен заттардың сапасын сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: көздің жасындай таза (мөлдір), жаман түйенің жабуындай (келіссіз). Ағыл.: fresh as a daisy - маргаритка гүліндей жас, жаңа, cold as a frog - құрбақадай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz