Азаматтық қоғам және құқықтық тәрбие


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 102 бет
Таңдаулыға:
Азаматтық қоғам және құқықтық тәрбие
Мазмұны
КІРІСПЕ4
1 АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ: ҰҒЫМЫ, АРАҚАТЫНАСЫ - ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ9
1. 1 Мемлекет және азаматтық қоғамның даму тарихы9
1. 2 Азаматтық қоғамның құрылымы және Қазақстанда дамуы20
1. 3 Азаматтық қоғам және құқықтық тәрбиенің рөлі28
2 ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ: АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ БАЗАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ37
2. 1 Құқықтық тәрбие - азаматтық қоғамның құрамдас бөлігі37
2. 2 Құқықтық тәрбие ерекшеліктері және мәні45
2. 3 Азаматтық қоғамның қалыптасу факторы ретіндегі құқықтық тәрбиені ұйымдастырудың бағыттары53
3 ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНДА ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ62
3. 1 Азаматтық қоғамда құқықтық тәрбиені ұйымдастырудың жаңа әдістері62
3. 2 Құқықтық тәрбиелеуді заңнамалық қамтамасыздандырудың жүйесін жетілдіру79
Қорытынды92
Қолданылған әдебиеттер тізімі97
КІРІСПЕЖұмыстың жалпы сипаты. Азаматтық қоғам термині демократиялық, құқықтық мемлекет болып қалыптасқан елдердің саяси жүйесінің құрылымында ерекше орынға ие. Ал біздің мемлекетіміздің саяси жүйесі, азаматтық қоғамының құрылымы, қалыптасуы мен даму үрдісі Қазақстан Республикасы үшін айрықша маңызды мәселе. Демократиялы ел болудың ең негізгі жолы - азаматтық қоғамды құру екендігі адамзат тарихының көп жылдық тәжірибелерімен дәлелденген.
Осыған орай, бүгінгі күндегі Қазақстан Республикасында дамып келе жатқан азаматтық қоғамымызды құқықтық тәрбиелеу, құқықтық білімді, құқықтық тәжірибені, құқықтық мәдениетті және қоғамның құқықтық мұраттарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу қоғамның негізгі талабына айналған. Құқықтық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның да, жалпы алғанда, қоғамның да құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
Н. Ә. Назарбаев Конституция күніне арнап, сөйлеген сөзінде атап өткендей, «Біздің ортақ парызымыз - Ата заңды құрметтеу, оны өз Отанымызды, өз Тарихымызды құрметтегендей қадір тұту».
Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР-дағы адам мен азаматтың негізгі конституциялық құқықтары мен міндеттерін, жеке тұлғаның девиантты тәртібінен туындаған құқықтық жауапкершілігі мәселелерін зерделеуді міндет етеді.
Біздің еліміз сияқты саяси даму жолына түскеніне көп болмаған мемлекеттерде азаматтық қоғамның қалыптасуы, сұрыпталуы және дамуы үрдіс екендігін еске алатын болса, азаматтық қоғам құрылымы егемен елдегі саясат тәжірибесі мен тарихын зерттеушілер үшін әлі де талай қызықты деректерді берері анық. Өкілетті демократияға заңдылық пен қоғамдық келісімге негізделген кез-келген билік азаматтық қоғам қызметінсіз өмір сүре алмайды.
Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқықтық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс. Осылайша, Қазақстан Республикасы Конституцияда құқықтық мемлекет құруға бағыт алғанын паш етті. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері құқық және заңның салтанат құруы болып табылады.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Адам және қоғам деп аталған екі күрделі құбылыстың заңдылықтарын оқып-үйренуде, негіздеуде, ғылымның тұңғиық сырларына барлау жасауда заң ғылымы да өз үлесін қосуда.
Адамдардың өмірінде барлығын да мемлекет билемейтінін ескеру керек. Мемлекет өркениетті құрған жоқ, ал өзінің дамуының белгілі сатысында өркениет мемлекетті қоғамның саяси ұйымы ретінде тудырды. Сондықтан мемлекеттік билікпен параллель ерекше ұйымдастыру құрылымы бар, ол азаматтық қоғам ұғымымен белгіленеді.
Қазақстан дамуына тән ерекшелік мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы тығыз өзара әрекеттесу болды. Елбасы өзінің еңбектерінде мемлекетіміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік негіздерін нығайтумен қатар құқықтық мемлекет пен әділетті де өркениетті азаматтық қоғам құрудың бағдарламаларын айқындап береді. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің ел халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындап, «Демократияландыру және тиімді басқару» аясында ұсынған бағдарламасында саяси реформалардың басым бағыттарындағы басты мәселенің бірі - құқық қорғау мен сот органдарының қызметін жетілдіре беру болып қала беретін және бұл беретін және бұл мәселені ең алдымен азаматтардың ажырағысыз құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету тұрғысынан қарау керек екенін көрсетіп, ізгілендіруді жалғастыра берудің маңызына тоқтала отырып, тәжірибе мемлекеттің сот жүйесінің зәруліктеріне деген назары мен қамқорлығы судьялар құрамына қойылатын талапшылықты арттырумен ұштастырылуға тиіс екенін көрсетіп отыр [1] .
Қоғамның саяси және әлеуметтік жүйесіндегі мәртебесі, орны, рөлі бүгінгі таңда ең қымбат қазына: адам, оның құқықтары мен бостандықтары және заңдылық болып табылатын өркениетті азаматтық қоғам мен демократиялық құқықтық мемлекет орнату міндеттерімен айқындалады.
Елімізде азаматтық қоғамның қалыптасуы және демократияның дамуы тығыз өзара байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым көп дамыса, мемлекет соғұрлым демократиялы болады. Ал мұндай қоғамның тұлғаларын құқықтық тәрбиелеудің жетік әдістерін қолдана отырып, дұрыс жолға бағыттауға болады. Еркіндігі бар елдің азаматтары өз құқықтарын жетік меңгеріп, оларды қажетті жағдайларда қолдануы тиіс. Бұл зерттеудің тақырыбын өзекті етеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Азаматтық қоғам идеясы концептуалдық деңгейде Ф. Тённистің, Г. Зиммельдің, М. Вебердің еңбектерінде, либерализм мен неолиберализм тұжырымдамаларының негізінде И. Бентамның, Дж. Ст. Милльдің, Ф. фон Хайектің, К. Поппердің және т. б. еңбектерінде қарастырылған.
Т. Иарсонның құрылымдық-функционалдық әдісі азаматтық қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде қарастырады, оның тиімділігі мемлекеттік емес ұйымдардың өзара қатынастарына байланысты.
Азаматтық қоғамның жеке дискурсының мәселелері Р. Дарендорфтың, Г. Алмондтың және С. Вербтың жұмыстарында көрінеді.
Тарихқа көз жіберсек, құқық, қазақ халқының тұрмысындағы құқықтық мәдениет, құқықтық қарым-қатынас нормалары туралы құнды пікірлерді Әл-Фараби, Ж. Баласағұни, А. Яссауи, М. Қашқари, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Есім хан, Қасым хан, Әбілқайыр хан, Абылай хан, Тәуке хан өнегелерінен; одан кейінгі кездегі Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов сынды ағартушылар еңбектерінен көреміз . Бертін келе, құқықтық тәрбие беруде, азаматттық ұстанымдарды қалыптастыруда қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесінің озық тәжірибелерін пайдалануды Қ. Б. Жарықбаев, С. Қ. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, Ж. Наурызбай, К. Қожахметова, Ә. Табылдиев, Қ. Бөлеев және т. б. еңбектерінде қарастырады.
Зерттеліп отырған мәселенің теориялық негізі шетел ғалымдары Э. Дрюкгейм, М. Вебер, Т. Парсонс және т. б; ТМД ғалымдары Г. П. Давыдов, Н. М. Кейзеров, И. Ф. Рябко және т. б . ; Қазақстан ғалымдары М. Т. Баймаханов, Д. О. Сартаев, Г. С. Сапарғалиев, Е. К. Нұрпейісов, Л. А. Байсерке, В . В. Трифонов, Л. К. Керімов, К. Б. Бегалиев, В. Г. Баженов, Э. И. Шыныбекова және т. б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылады .
ТМД елдеріндегі ғылыми әдебиеттердің сараптамасы көрсеткендей, тұлғалардың құқықтық тәрбиесінің әлеуметтік негіздері (А. Ф. Никитин және т. б. ) ; құқықтық мәдениетті қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық мәселелері (Т. В. Болотина және т. б. ) ; құқықтық тәрбие мен білім беруді оқу-тәрбие практикасында жүзеге асыру (Ф. С. Махов, Г. В. Миньковский, В. Н. Найбич және т. б. ) ; тұтас педагогикалық үдерісте әлеуметтік-құқықтық тәжірибені қалыптастыру (В. М. Обухов) еңбектерінде зерттелінеді. Кейбір ғалымдар құқықты нормалар жүйесі (С. С. Алексеев және т. б. ) ; рухани сала (И. А. Ильин, В. А. Каминская, А. Р. Ратинов және т. б. ) ; адамгершілікті заңды мінез-құлықтың ішкі реттеушісі (В. С. Олейников) ; жалпыадамзаттық құндылық (В. А. Караковский, Г. В. Мальцева және т. б. ) ; моралды-адамгершілік құндылық (Г. А. Кузнецов, О. Г. Шапиева және т. б. ) ретінде қарастырады.
Педагогикалық үдеріс ретінде құқықтық тәрбиенің негізгі факторларын, шарттарын анықтау үшін ресейлік және қазақстандық ғалымдардың (А. М. Арсеньев, Ю. К. Бабанский, Е. В. Татарницева, Л. А. Байсерке, Л. Ю. Гордина, С. З. Зиманов, А. С. Ибраева, Р. К. Русинов, А. Ж. Аюпова, Б. Т. Лихачев, А. В. Мудрик, А. В. Мицкевич, И. В. Ковалева, Е. К. Нұрпейісов, Л. И. Новикова, Г. С. Сапарғалиев және т. б. ) ғалымдар еңбектеріндегі теориялық қағидалар мен қорытындылар, тұжырымдар маңызды болып келеді.
Зерттеу мәселесі бағытындағы ғылыми еңбектерді талдау барысында соңғы жылдары құқықтық тәрбие басқа да контексте қарастырылатыны айқындалды. Әсіресе, қоғамда жиі кездесетін құқық бұзушылық, оқушылардың оған бейімділігі, оны жеңетін фактор ретінде жаңа құқықтық ойлауды қалыптастыру және т. б. тұрғыдан зерттелінуде: Отандық ғалымдар, атап айтқанда, Н. Н. Өсеров, С. И. Қорықбаев, Р. Ә. Орсаева, Д. Б. Бұғыбай, Г. С. Джусупова, Л. Қ. Ерінбетова, С. Б. Бейсебаева, А. Б. Сманова, А. О. Бейсембаева; Ресей ғалымдары А. Н. Бабенко, Н. И. Матузов, А. В. Малько, В. Н. Кудрявцева, В. В. Латаева, Ю. П. Козюбра және т. б.
Дегенмен, қазіргі қоғамды ізгілендіру барысында тұлғаларға құқықтық тәрбие берудің негіздерін жасау терең зерттелініп шешімін таппай отырған мәселе болып отыр. Бүгінгі күннің әлеуметтік-мәдени жағдайына байланысты тұлғалардың мінез-құлқы мен жүріс-тұрысындағы адам затына кайшы, ұлттық менталитетімізде жоқ қылықтар мен теріс әрекеттердің тұрмыста кездесіп қалуы, тұлғаларға құқықтық тәрбие берудің шарттарын анықтаудың қажеттілігін туғызады.
Зерттеудің объектісі. Қазақстандағы азаматтық қоғамды қалыптастырудағы құқықтық тәрбиенің орны мен рөлін зерттей келе, осы бағыттағы үрдістерді талдау болып табылады.
Зерттеудің пәні. Азаматтық қоғамды орнатудағы құқықтық тәрбиенің ықпалын зерттеу.
Зерттеудің мақсаты. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты шетелдік тәжірибеде азаматтық факторларының ішінде құқықтық тәрбиенің ерекше мәнін анықтап, Қазақстандық қоғамдағы құқықтық тәрбие азаматтық қоғамның қалыптасуының факторы екендігін негіздеу және сараптау болып табылады.
Диссертациялық жұмыстың алдына қойған мақсатына сәйкес келесі міндеттер айқындалды:
- мемлекет және азаматтық қоғамның даму тарихын зерделеу;
- азаматтық қоғамның құрылымы және Қазақстанда дамуын талдау;
- азаматтық қоғам және құқықтық тәрбиенің рөлін анықтау;
- құқықтық тәрбиені азаматтық қоғамның құрамдас бөлігі ретінде қарастыру;
- құқықтық тәрбие ерекшеліктері және мәнін анықтау;
- азаматтық қоғамның қалыптасу факторы ретіндегі құқықтық тәрбиені ұйымдастырудың бағыттарын қарастыру;
- азаматтық қоғамда құқықтық тәрбиені ұйымдастырудың жаңа әдістерін зерттеу;
- құқықтық тәрбиелеуді заңнамалық қамтамасыздандырудың жүйесін жетілдіру.
Зерттеудің негізгі дерек көздері шетелдік ресей және отандық ғылымдардың еңбектері, ақпарат құралдарының деректері, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық саяси ұйымдардың бағдарламалық құжаттары, әлеуметтік сұрақ жүргізу деректері құрайды.
Зерттеудің эмпирикалық негізін ресми құжаттар құрады: ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР заңдары, халықаралық құжаттар.
Диссертацияда қолданған деректердің айтарлықтай бөлігін ғылыми әдебиет, халықаралық конференциялардың материалдары, азаматтық қоғам мен оның институттарының мемлекетпен қарым-қатынастарын қарастыратын мақалалар құрады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Азаматтық қоғамның және құқықтық тәрбиенің өзара байланысы мен бір-біріне әсерін қарастыру, құқықтық тәрбиенің Қазақстанда азаматтық қоғамды қалыптастырудағы рөлін анықтау.
Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша келесі жаңа нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз:
- азаматтық қоғамның дамуын қарастыру арқылы Қазақстанның бүгінгі күндегі қалыптасқан қоғамына талдау жасалды;
- азаматтық қоғамның құрылымын зерттей отырып, еліміздегі оның даму жолына сараптама жүргізілді;
- азаматтық қоғам және құқықтық тәрбиенің рөлін анықталды;
- құқық және құқықтық тәрбие: азаматтық қоғамның базалық құндылығы ретінде қарастырылды;
- құқықтық тәрбиені азаматтық бір бөлігі ретінде қарастыра отырып, құқықтық тәрбиенің ерекшеліктері анықталды;
- Қазақстан қоғамында қазіргі кезеңде құқықтық тәрбиені ұйымдастырудың құқықтық аспектісін жетілдіру.
Диссертацияның әдістемелік және теоретикалық негізін институционалды тәсіл, жүйелік, әлеуметтік және статистикалық әдістер, құжаттардың контент-анализі, сондай-ақ заманауи қоғамдық-саяси ойдың қорытындылары қолданылды.
Қорғауға шығарылатын тұжырымдар:
- «Азаматтық қоғам» ұғымының түсініктемесін, оның шекаралары мен қызметтерін, үлгілері мен құрылымын зерттеу, сондай-ақ оның саяси жүйеде алатын орны мен рөлін анықтау бұл түсініктің саяси ғылым мен қоғамдық өмірде әлеуметтік феномен ретінде орнауын қамтамасыз етеді.
- Қазақстан Республикасының демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы айқындалған мемлекет бола тұрып, біз үшін азаматтық қоғам қалыптастыру және дамыту оңды болмақ. Қазақстан тәуелсіздігін алған кезден бастап мемлекеттік құрылымның өзгеруі, қазіргі кездегі қоғамның құқықтық тәрбиеленуіне жол ашатындай болуы керек.
- Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуы және нығаюы қоғамның, тұлғалардың өз құқықтарын тани отырып, жүзеге асырылуы тиіс.
- Құқықтық тәрбиелеудің негіздерін қарастыра отырып, оларды бүгінгі қоғамымыздың тұлғаларының санасына енгізудің жолдарын қарастыру, адамдарды заңның нормаларын сақтап қызмет етуге шақыру болып табылады.
- Азаматтық қоғамды орнатудағы құқықтық тәрбиелеудің жаңа бағыттары мен әдістерін жетілдірілуі керек.
Диссертациялық жұмыс құрылымы мен көлемі.
Диссертациялық жұмыс кіріспеден, сегіз тақырыпшаны қамтитын үш тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге байланысты анықталды.
1 АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ: ҰҒЫМЫ, АРАҚАТЫНАСЫ - ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 1. 1 Мемлекет және азаматтық қоғамның даму тарихыАзаматтық қоғам мәселесі көптеген ғасырлар бойы адамзатты толғандырып келе жатқан түбірлі, ғылыми мәселе. Ол мемлекеттің пайда болған кезеңінен, қоғамдағы адамдардың өмірлік іс-әрекетінің, қызметінің мемлекеттк және мемлекеттік емес болып бөлінген кезеңінен бастау алады. Сол кезеңінен бастап мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы туралы мәселе орталық назарға ие болып, ол көп ретте көптеген әлеуметтік алауыздықтарға, саяси төңкерістер мен дағдарыстарға себепкер болды. Қазіргі күнде де бұл мәселе ауқымды қоғамдық өзгерістердің негізінде тұр және ол бүгінгі күнде әлемдік қоғамдастықтың даму барысын анықтап отыр.
Енді азаматтық қоғамның жалпы әлеуметтік-саяси ой тарихында пайда болу, қалыптасу және даму барысына көз жіберіп көрелік.
«Азаматтық қоғам» ұғымы өзінің негізгі жағынан антикалық полистің құбылысы болып табылады. Гректер үшін полис - адамдардың бірге өмір сүруінің ең жетілген түрі ғана емес, сонымен қатар лайықты қоғамдық өмірдің, еркін адамдардың құқығы мен даңқын жүзеге асыратын бірден-бір орта.
Полис - біріншіден соған жиналған азаматтардың қауымдастығы және осы негіздегі сол қауымның жасаған материалдық және рухани құндылықтарының тұтастығы. «Полис» термині түсініктемелік аудармаларда «қала-мемлекет» ұғымымен түсіндіріледі, бірақ ол сонымен қатар «азаматтық қауымдастық» мағынасын білдіретін түбірді де қамтиды [34] .
Аристотель түсінігінде «азаматтық қауымдастық» біздің бүгінгі күндегі «әлеуметтік мемлекет» және құқықтық мемлекет терминдерімен астарлас келеді. «Әділдік» ұғымы мемлекет туралы түсінікпен тығыз байланысты, өйткені әділдіктің өлшемі ретіндегі құқық саяси қатынастың реттеуші нормасы.
Полистік тұрғыдағы азаматтық қауымдастық өзін-өзі басқару институты ретіндегі биліктің сайланбалы органдарының болуын, оның қажеттілігін көрсетеді, мәселен афиндік арепаг, римдік сенат. Көріп отырғанымыздай антикалық полисте адамзат тарихындағы ең ұлы азамат идеясының класикалық түсінігі пайда болды: өзін азаматтық қауымдастықтың мүшесі және осыдан келіп шығатын құқық пен борыштың субъектісі ретінде түсіну: азаматтық борышқа, жауапкершілікке, әлеуметтік тұтастыққа тиесілі екенін сезіну; тұлға үшін маңызды оны басқа азаматтар тарапынан оның азаматтық қасиетін мойындалуының абсолюттік қажеттілігі; азаматтық игілікті жоғарғы өмірлік мәнге ие құндылық пен тұлғаның мақсаты ретінде бекіту. Осы ретте айтар болса азаматтылық-антикалық әлеуметтік ойдың негізгі моральдық саяси категориясы ғана емес, ол сонымен бірге универсальды өмірлік құндылық [2] .
Дегенмен де бұл ұғым мәнін Европадағы басталған Жаңа Заманның рухани, идеялық дүмпулерінен соң ала бастады. Ол осы кезеңде XVII ғ. Г. Гроции, Т. Гобсс, Дж. Локк еңбектерінде көрініс тауып, өзінің дамуын Ж. Ж. Руссо, Ш. Монтескье, В. фон Гумбольд, И. Кант, Г. Гегель, К. Маркс пен Ф. Энгельс еңбектерінде жалғасын тапты. Олар сол кездің өзінде азаматтық қоғамды өмір сүріп отырған мемлекетпен немесе нақты мемлекеттік басқару формаларымен сәйкестендірмей, одан бөлек қарады. Осы ретте олар мемлекеттің «келісімдік теориясын» негізге алды және бұл теория бойынша азаматтардың өз еріктерімен көнген және тағайындалған өкімет қана әділ заңды болып табылады.
Мемлекеттің пайда болуының келісімдік теориясын жақтаушылар азаматтық қоғам мен мемлекетті егер ол қоғамдық келісімге негізделген мемлекет азаматтардың мүддесін білдірсе ғана сәйкестендіріледі. Дегенмен, олар, мемлекет бәрібір азаматтық қоғамды өзіне бағындыруға барлық кезде мүдделі болатынын жақсы түсінді. Абсолютті монархияны кейбіреулер әлемдегі ең бірден-бір, жалғыз басқару түрі деп түсінеді, бірақ ол шынтуайтқа келгенде азаматтық қоғаммен бір бола алмайды, сондықтан да ол азаматтық басқару формасы бола алмайды.
Мемлекеттің келісімдік теориясы және ол кепілдік беретін қоғамдық өмірдегі іс-әрекеттің саяси-құқықтық нормасы биліктің Құдайдан берілгендігіне топтарыс бере отыра халықтың жеке құқығының саяси дербестікке ие екендігін дәлелдеді. Осы ретте қоғамдық келісім теориясы кез-келген емес, тек қана азаматтық қоғамды саяси қалыптастыру тәсілі ретіндегі құқықты мемлекеттің пайда болуының шарты ретінде көрнеді [3] .
Қоғамдық келісім теориясы нормативті қажеттілік мінезге ие және ол күнделікті саяси іс-әрекет міндетіне бағытталған. Американ саясаттанушысы Т. Пеин осы ретте былай дейді: «Адамдар өздерінің жеке, тәуелсіз құқықтарына сай үкімет орнату үшін өзара бір-бірімен келісімге түседі және бұл үкіметті жасақтаудағы бірден-бір құқық тәсілі және олар өмір сүре алатын бірден-бір негіз». Осы ретте ескерер бір жайт қоғамдық келісім басқарушылар мен бағыныштылардың арасында емес, азаматтардың өз арасында жасалады. Яғни мемлекет келісіміндегі тең серіктес емес және серіктес ретіндегі заңдық құқыққа ие емес. Келісімдік қатынастардың негізі ретінде назарға тұлғаның табиғи құқығы ғана алынады, ал мемлекеттің құзырына талап ету, көндіру құралы ретіндегі арбитраждық міндет қана қалды.
Табиғи құқық концепциясын ой елегінен өткізіп, сараптаудың радикальды түрін Локк еңбектерінен көре аламыз. Оның табиғи құқықтық ой-пікірінің бастамасы өмірге еркіндік және мүлікке қатынастағы табиғи құқыққа ие индивид болып табылады. Әр адам табиғаттан еркін және өзінің келісімінсіз оны жердегі билікке ешкім бағынышты жағдайға қоя алмайды. Адамдардың табиғи жағдайы «табиғат заңы аясындағы өзінің тұлғалығы мен мүлкіне қатынастағы оның толық еркіндік жағдайы» [35] .
Еркіндік принципін түсінуде және ендіруде Локк жеке меншіктің субстанциясы ретіндегі еңбек концепциясын орталық назарға қояды. Табиғат жасаған мүліктерді адам еңбегімен ұштастыра отырып, оны өзінің меншігі етеді. Яғни, жеке меншіктің қатынастың негізін адамның өзін еркін тұлға ретінде жасайтын іс-әрекеті мен қызметінен іздеуге болады. Табиғат заттары бәріне ортақ, бірдей берілсе де, адам өз еңбегінің иесі ретінде өзінде жекеменшіктің ұлы негізін қалады. Осы тұрғыда Локктың ойынан бірқатар маңызды шешім шығады:
1 Табиғи құқық жекеменшіктің субстанциясы мен шегі ретінде жеке еңбекті орталық негізге қояды. Тек осындай жекеменшік құқық тұлғаның табиғи, бөлінбес құқығы болып табылады және ол мүліктік қатынастың құқықтық легитимділігінің негізін қалауы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz