Бастауыш класс оқушысының оқу іс - әрекетінің құрылысы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Бастауыш класс оқушысының оқу іс - әрекетінің құрылысы

Жоспар

  1. Оқу ситуацияларының ерекшеліктері
  2. Оқу әрекеттерінің ерекшеліктері
  3. Бақылау және бағалау әрекеттерінің ерекшеліктері
  4. Оқу іс - әрекетінің қалыптасуы

Бастауыш класс оқушысының оқу іс - әрекетінің құрылысы.

Оқу ситуацияларының ерекшеліктері. Оқу ситуациялары бір-қатар ерекшеліктермен сипатталады. Біріншіден, мұнда оқушылар ұғымдардың қасиеттерін бөліп алудың немесе нақтылы практикалық міндеттердің кейбір кластарын шешудің жалпы тәсілдерін игереді. (Ұғымдардың қасиеттерін бөліп алу нақтылы міндеттерді шешу жайлы ғана сөз болады. ) Екіншіден, осы тәсілдердің бейнелерін қайта жасау оқу жұмысының негізгі мақсаты ретінде көрінеді. Нақтылы - практикалық міндеттердің тікелей өмірлік мазмұны болады және олардың шешімі соншалықты өмірлік мәнді нәтижелерге жеткізеді. Мұндай міндеттерге оқып жаздыратын жазу (жазу орфографиялық жағынан дұрыс болуын талап етеді), математикалық текстік есептерге жауап іздеу (өндірістің қандай да бір ситуацияларына сай келетін қажетті есептеулер), қағаздан ұсақ-түйек жасау (елка ойыншықтары үшін қорапша керек) т. б. жатады. Осы сияқты әр алуан міндеттерді қайсыбір саланың (грамматикалық, математикалық, практикалық) әрбір жекелеген міндетін орындаудың ұзақ тәжірибесін жинақтау жолымен шешіп үйренуге болады. Оның үстіне біртіндеп мұндай міндеттер жағдайында бағдар алу тәсілдері туралы түсінік жинақтала бастайды. Алайда ішкі оқу ситуацияларында нақтылы-практикалық міндеттерді шеше білу басқаша игеріледі. Мұғалім алдымен бастауыш класс оқушысын сол кластағы барлық нақтылы-практикалық міндеттерді шешудің ортақ тәсілін іздеу қажет болатын жағдаймен бетпе-бет қояды. Одан кейін мұғалімнің басшылығымен балалар бұл әдісті тауып, қалыптастырады. Оның жекелеген операцияларын қайта жасау және осы әдісті қолдану жөніндегі шарттар жүйесін игеру - оқушылар жұмысының келесі кезеңі. Соңынан тиісті нақтылы-практикалық міндеттерге кездесе отырып, оларды шешудің игерілген жалпы әдісін бірден қолданып, оқу ситуациясы жағдайында алдын ала қалыптасқан іскерлікті байқайды.

Шынында, оқып жаздыратын жазудан бұрын жұмыс жүргізіледі оның барысында балалар сөздердің құрамын және олардағы әріптердің үйлесу заңдылықтарын оқып үйренеді, дұрыс жазудың жалпы талаптарын қалыптастырды. Математикадан текстік есептерді шығарудан бұрын шамалардың жалпы қасиеттері мен байланыстарын, оларды тексте көрсету жолдарын және оларды математикалық амалдармен бейнелеу тәсілдерін өтеді.

Осы жағдайлардың бәрінде балалар оқу ситуациялары жүйесінде жұмыс істейді, олардың негізінде балалар, бір жағынан, берілген материалды үйрену мотивін (сөздердің кұрамын немесе шамалардың байланысын не үшін оқып үйрену керек), екінші жағынан, сол кластағы нақтылы міндеттерді шешудің ортақ тәсілдерінің үлгісін алады. Ортақ тәсілдердің осы арнайы бөлінген үлгілерін қайта жасау меңгерудін басқа түрлерінен оқу жұмысын өзгеше сипаттайды. Мұндай жұмыс нақтылы-практикалық міндеттерді шешуден және ұғымдарды практикалық қолданудан бұрын жүреді. Егер балалар міндеттерді шешу процесінің өзінде осы тәсілдерді игерсе, онда мұндай игеру тек оқу іс-әрекетінің формаларына ғана ие болып қоймай, басқа да заңдылықтар арқылы етеді.

Оқу ситуацияларының мазмұны мен формасы педагогікалық психологияның дидактикалық және жеке методиканың құралдарымен анықталады. Зерттеу көрсетіп отыр онындай, көпшілік жағдайда сол кластың нақтылы-практикалы міндеттерін шешудің тек жалпы тәсілін үлгі түрінде табу және беру өте қиын. Ұстаздық етудің нақты тәжірибесінде балаларды кейде оқу ситуацияларымен таныстырмапды. Оқушылар іс-әрекеттің жалпы тәсілдерін жекелеген нақтылы міндеттерді уақыт шешудің кезінде стихиялы түрде аңғарады. Бұл жағдай да көптеген және жайлап жойылатын қателіктер байқалады, игеру нәтижелері, әдетте жеткілікті түрде қорытындылай бастап және жете түсінілмейді, сол кластың басқа міндеттеріне қиындықпен ауыстырылады, көптеген жеке-дара өзіндік түрлері болады. Егер іскерлік оқу ситуациясы үстінде қалыптасатын болса, онда оқушылар және мұғалім оны алдын ала бөліп, кейбір кластың міндеттерін шешудің жалпы тәсілін үлгі түрінде шешуге арнайы қалыптастырған кезде бұл кемшіліктер орын алмапды. Сондықтан психологияның негізгі талаптарының бастапқы оқытуды программаның көпшілік тақырыптары мен бөлімдерін балаларды кейбір ұғымдардың қасиеттеріп бөліп алудың немесе белгілі бір кластың міндеттерін шешудің жалпы тәсілдерін игеруге бірден бағдарлайтын оқу ситуациялары негізінде ұйымдастыру.

Оқу әрекеттерінің ерекшеліктері. Оқу ситуацияларында балалар жұмысы түрлі типті іс-әрекеттерден құралады. Олардың арасынан оқу әрекеттері ерекше орын алады. Солар оқушылар міндеттерді шешудің жалпы әдістерінің үлгілі және оларды қолдану шарттарын анықтаудың жалпы тәсілді қайта жаңғыртып, игереді. Бұл әрекеттер пәндік те ақы шеңберінде де орындалады.

Олардың құрамы бір текті сияқты. Кейбір оқу іс-әрекеттеріне кез келген оқу материалдарын ішкі екіншілеріне берілген оқу материалының көлемінде жұмыс іс үшіншілеріне жекелеген кейбір үлгілерді қайта жаңғырту Мысалы, берілген үлгілерді бейнелеуге мүмкіндік беретіп іс-әрекет әрбір пәннің кез келген материалын оқып үйренуге қолданылады. Оқып үйрену объектісіне байланысты мұндай бейнелер графикалық (схемалар, формулалар), заттық-кеңістігі (көлемді модельдер), сөздік-сипаттамалық және т. б. болуы мүмкін. Материалды мағыналық жағынан қанта топтау, оның тірік пункттерін айқындау, оның қисынды схемасын және жоспарын жасау - бұл суреттеу сипатындағы материалдарды игеруге неғұрлым ұқсас оқу іс-әрекеттері.

Ерекше оқу әрекеттері қайсыбір оқу пәнінің күрделі ұғымдарын игеруге сай келеді.

Арнайы зерттеулерде белгіленгеніндей, сөздердің құрылымы морфемалардың маңызы туралы грамматикалық ұғымдарды толық игеру үшін бастауыш класс оқушылары бірқатар оқу жаттығуларын орындаулары тиіс: 1) бастапқы сөзді өзгерту және оның әр вариантты формаларын немесе туыс сөздерді табу. 2) бастапқы сөздің мағынасын салыстыру және морфемаларды бөліп көрсету, 3) бастапқы сездің формаларын салыстыру және морфемаларын бөліп көрсету, 4) берілген сөздің морфемаларының функционалды мағынасын белгілеу және т. б. Грамматиканы
оқудың алғашқы кезеңдерінде езгерту және салыстыру әрекеттері ерекше маңызды, бұлар балаларға сездің мағынасы мен формасының арасындағы қатынасты анықтауға мүмкіндік береді. Осы оқу әрекеттерін меңгермей балалар оны саналы түрде анықтай алмайды, ал одан кейін аталған қатынасты және оның қасиетін кең талдай алмайды. Мектеп тәжірибесінде әр түрлі себептермен балалар аталған іс-әрекеттерді нашар меңгеретін
жағдайлардың жиі кездесетіні белгілі. Нәтижесінде олардың сөздердің морфологиясымен таныстығы грамматикаға дейінгі, үйреншікті деңгейде қалып қояды. Бұл ана тілін үйренуді қиындататын басты себептердің бірі (Д. Н. Богоявленскийдің, С. Ф. Жуйковтың және басқалардың зерттеулері) .

Сан ұғымдарын игеруде бала бірқатар оқу әрекеттерін, ал олардың ішінен мыналарды: 1) заттық әрекетті (өлшеу бірлігі етіп алынған бір шаманың екіншісіне реттік қатынасын анықтау), 2) ауызша әрекетті (өлшем шамаларын есептеп шығу),

3) ақыл-ой әрекетін (алынған нәтижені барлық есептелетін объектілерге жатқызу) орындауы керек.

Сабақ беру процесінде мұғалім жалпы да, жеке де оқу әрекеттерінің бәрінің жиынтығын анық білуі керек, оларды орындауда балалар белгілі бір ұғымды немесе есептерді шешу жолдарын, оқу пәнінің белгілі бір тарауын толық меңгереді. Бастауыш класс оқушыларында талап етілетін оқу әрекеттерінің жүйесін арнайы және табанды түрде қалыптастыру қажет. Оларсыз материалды игеру оқу ісінің шеңберінен тыс өтеді, ал бұл немқұрайды, ұғымдардың таза ауызша сипаттамаларын немесе есептерді шешу жолдарын жаттату жолымен жүреді деген сөз. Бастауыш класс оқушыларының оқу материалын көрнекі ұғымға және тексті тура, сөзбе-сөз есте ұстауға сүйеніп игеруге тырысатын жағдайларын жиі байқауға болады. Алғаш бұл қажетті оқу әрекеттерін толық орындаудан гөрі оңай да тезірек болады (мысалы материалдарды мағынасына карай қайта топтау, тірек пункттерін бөліп көрсету) . Бірақ мұғалім оқу ісінің ез шегінен шығып кететін стихиялы талпынысты тоқтатуға және ерекше оқу ситуациялары ішінде балаларды материалды шын мәнінде игеруге бастайтын іс-әрекеттерді жүйелі қалыптастыруға міндетті. Басында бұл оқуды баяулатады. Бірақ жақсы игерілген оқу әрекеттері негізінде ғана оқушылар алдағы уақытта әр түрлі пәндердің көлемі жағынан айтарлықтай материалдарын дәл және толық жаңғырта алады.

Бақылау әрекетінің ерекшеліктері. Оқу ситуацияларыпда толық жарамды жұмыс әрекеттердің тағы да бір типі бақыл әрекетін орындауды талап етеді. Бала өзінің оқу әрекеттерін және олардың нәтижелерін берілген үлгілермен салыстырып бұл нәтижелердің сапасын орындалған оқу әрекетінің деңгейімен және толықтығымен байланыстыруы қажет. Бақылаудың арқасында оқушы нашар тіпті жаман үлгі мен өзінің оқу іс-әрекеттерінің кемшіліктері арасындағы байланысты сапалы түрде орнатады. Бұл кемшіліктерді жою (жаңа іс-әрекеттер немесе олардың операцияларын енгізу, оларды менлінше ұқыпты орындау т. б. жолдармен) игеру нәтижелерін жақсартуға және оларды талап етілетін нормаларға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Алғашында бақылауды ұйымдастырудағы негізгі роль мұғалімге жүктеледі. Балалар біртіндеп өз істерінің нәтижесін үлгімеп салыстырады, мүмкін болатын алшақтықтардың себептеріп таба және оқу әрекеттерін өзгерте отырып, оларды жоя бастайды. Бұл жағдайларда игеру процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы қалыптасады.

Бақылау түрлері сан алуаи. Оның екі формасы ерекше маңызды: 1) шын мәнінде орындалған іс-әрекеттердің дайын нәтижелерін талдау негізінде жасалатын бақылау, 2) ойлау бойынша орындалған әрекеттердің көзделген нәтижелері негізінде болатын бақылау. Бақылаудың қажеттігін және оның іске асу тәсілдерін алғаш мұғалім көрсетеді. Мысалы, бірінші класс оқушысы қандай да бір әріпті жазды, делік. Мұғалім оны элементтерге бөлшектеп, балаға олардың кейбіреулерінің үлгіден алшақтап кеткенін көрсетеді («Мына бөлігі жеткілікті дөңгеленбеген»), алшақтықты оқу әрекеттерінің кемшіліктерімен салыстырады («Мына жерде сен сызықтан бос жер қалдырмадың, мұнда бұрылыс нүктесін тастап кеттің») . Осыған ұқсас жұмыс басқа сабақтарда да әрдайым өткізіледі. Барлық жағдайларда мұғалім балаларды нәтижелерді элементтерге бөлшектеу схемасын меңгертуге және осы нәтижелерді үлгілермен де, әрекеттің шын мәнінде орындалу ерекшеліктерімен де салыстыруды үйретуге тырысады. Мұғалімнің бақылаудың формасын өзгертуге жағдай жасауы ерекше маңызды: балалардың ақыл-ой шеңберінде ғана орындалатын әрекеттердің мүмкін болатын нәтижелерін айқын ұғынатындай іскерліктерін қалыптастыру керек (мысалы, талдаудың «ойша» ғана орындалу кезіндегі берілген сөздің морфемалар құрамы туралы ұғым) . Бұл үшін ерекше оқу жұмысын жүргізу дұрыс, оның процесінде қандай да бір әрекеттің заттармен, схемалармен сырттай орындалуы немесе әрекеттің ауызша дауыстап айтылған кездегі орындалуы оның тыныш айтылу (сыбырмен) жолымен орындалуымен, ал одан кейін іштей айту түрінде (алғанында толық, ал бұдан кейін неғұрлым қысқартылып) алмасып отырады. Балалардың әрекеттерді ойша орындау формасының болуы бақылаудың да көзделген оку әрекеттері негізінде ғана жүргізілуіне алғы шарт жасайды. Бұл жағдайда оқушы мүмкін болатын нәтижелер әрекеттер ерекшеліктерімен қалай байланысты екенін кереді және дұрыс байланыстарды таңдап алады. Мұнда тапсырмалардың шын мәнінде орындалу қателіктері ең аз мөлшерде болады (оқушы: «Жеті рет өлшеп, бір рет піш», - деген мақал бойынша әрекеттенеді) .

Бағалау іс-әрекетінің ерекшеліктері. Бақылау оқу қызметінің тағыда бір бөлігімен - бағалаумен тығыз байланысты. Ол игеру нәтижелерінің оқу ситуациясының талаптарына сәйкес, алшақ болуын көрсетеді. Алғашқы кезде бақылауды өзі жүргізетін болғандықтан негізінеи мұғалім бағалайды, алайда балалардың өзін-өзі бақылауының қалыптасуына қарай бағалау функциясы да соларға көшеді. Оқушылар өзінің белгілі бір міндетті шешудің жалпы әдістерін білетіндігін, яки білмейтіндігін мейлінше тура немесе онша дәл емес анықтауды үйренеді. Оку ісін ұйымдастыру бағалаудың сипатына байланысты. Егер бағалау дұрыс болса, сол оқу ситуациясы аяқталады да басқа материалға көшуге болады және керісінше. Соңғы жағдайда оқытушы сол оқу ситуациясының бөлшекті де жеке варианттарын оқытады, бұл баланың әрекеттерінің немесе есептерді шығару тәсілдерінің жекелеген шектерін меңгеруіне көмектеседі.

Мектеп тәжірибесінде бағалауды бағамен жиі теңестіреді. Психологиялық көзқарас тұрғысынан бұл дұрыс емес. Бағалау меңгеру немесе меңгермеу фактісін ғана емес, сонымен қатар меңгермеу себептерін көрсетеді, оқушыны кемшіліктерді жоюға тура бағыттайды және оны нәтиже жақсарғанша жұмыс істеуге итермелейді. Бағалаудың екі-ақ мәні болады: жақсы, жаман. Осыған сәйкес оқу ситуациясы өзгереді немесе сақталады. Бағаның бірнеше рангілік мәні болады (1-ден 5-ке дейін) және" әдетте, синтездік сипаты болады. Оны оқу ситуацияда аралық жұмыстарға да, барлық жұмыстың аяқталуына да қояды. Бағадан баланың ынтасы, оның сабақтағы тәртібі және көптеген басқа жайларда (кездейсоқ дұрыс жауап алу фактісіне дейін) ' көрініс табады. Бағаның мұндай сипаты оқушылардың сабақтағы тұтас жұмысының нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік береді. Оқу әрекетінің ішіндегі бағалаудың мәні мейлінше тар. Ол мазмұнды да сапалы анықтама береді (мыналар бар, ал мыналар әлі жоқ), бірақ сан жағынан салыстыруға қолайлы болатын рангілі сипаттама бермейді. Бағалау мен бағаның шын мәніндегі және күрделі арақатынасы әлі де одан әрі зерттеуді қажет етеді. Дегенмен қазірдің өзінде бастауыш класс оқушыларының оқу іс-әрекетінің психологиясы балалардың оқу жұмысының тәсілдерін де, ұқыптылықты да қалыптастыруда оқытушыға бағаның ССР-нің бірнеше мектептерінде бастауыш кластарда «баға қоймай» оқыту табысты жургізілуде.

Дұрыс бағалау бақылау деңгейімен тығыз байланысты. I-II класс оқушылары мұғалімнің, ата-аналардың пікіріне немесе кітаптың соңында келтірілген жауаптарға («шықты-шықпады») сүйене отырып, өз нәтижелерін басқалардан гөрі жиі қуаттайды. Егер нәтиже қате болса, онда балалар тосырқап қалады да үлкендердің бұдан кейінгі нұсқауын күтеді. Үшінші класс оқушыларының көпшілігі бұған басқаша келеді: олар тікелей көмекке асықпайды, қажетті амалдарды ойша немесе шын мәнінде шайталайды және аралық нәтижелердің сипатына қарай өзінің қателерінің мүмкін болатын себептерін таразылайды: «Мына жерде мен мына амалды орындауды ұмытыппын - осыдан кеткен қате». Баланың орындалған тапсырманың нәтижелерін өзі жасаған әрекеттердің ерекшеліктерімен өздігінен салыстыра білуі оның оқу іс-әрекетіндегі өзін-өзі бақылауының бастапқы түрлерінің қалыптасқандығының куәсы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп жасының психологиялық ерекшеліктері
Оқушылардың танымдық қабілетін көрнекі құралдарды пайдалану арқылы қалыптастыру(математика 2 сынып)
Бастауыш сынып оқушылардың танымдық процесін дамыту
Бастауыш мектеп оқушысының жеке басын дамыту жолдарын қарастыру
Бастауыш мектеп оқушыларына психологиялық сипаттама
Оқу әрекеттерінің ерекшеліктері
Математиканы оқытуды ұйымдастырудың әдістері
Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық – психологиялық дамуы
Жеке адамның психикалық процестері
Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектепке дейінгі балалар шығармашылығы дамуының психологиялық жағдайлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz