Адамның өмір сүру құқығы: теориялық және тәжірибелік мәселелері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 114 бет
Таңдаулыға:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ФИЛОСОФИЯ мен САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
МАГИСТРАТУРА
Әлеуметтік философия кафедрасы
МАГИСТЕРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Адамның өмір сүру құқығы: теориялық және тәжірибелік мәселелері
Орындаған » » 2014 ж.
/қолы/ /аты-жөні/
Ғылыми жетекшісі
/регалия/ /қолы/
/аты-жөні/
« » 2014 ж.
Қорғауға жіберілді: Кафедра меңгерушісі
/регалия/ /қолы/
/аты-жөні/
« » 2014 ж.
«Адамның өмір сүру құқығы: теориялық және тәжірибелік мәселелері» тақырыбы бойынша
ДИССЕРТАНТТЫҢ АТЫ-ЖӨНІ
магистрлік диссертация жұмысына
Түйіндеме
Зерттеудің мақсаты - өмір сүру құқығының заңды мазмұнын және оның шет елдер мен Қазақстан Республикасы заңдарында бекітілу әдістерін анықтап, оны реттеудің үйлесімді құқықтық моделін іздеп табу.
Зерттеудің негізгі дерек көздері шетелдік және отандық ғылымдардың еңбектері, ақпарат құралдарының деректері, Қазақстан Республикасындағы заңнамалық құжаттары құрайды.
«Адамның өмір сүру құқығы: теориялық және тәжірибелік мәселелері» атты диссертациялық жұмыс төрт бөлімнен тұрады.
Зерттеудің әдістемелік базасын танымның диалектикалық, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу принциптері, тарихи және объективтілік, сонымен қатар салыстырмалы-құқықтық, заңды және т. б. әдістері құрайды.
Салыстырмалы-құқықтық әдіс орталық орынды алады, себебі зерттеуде қойылған көптеген міндеттерді шешуге, саяси-құқықтық пікірдің дамуы қорытындысымен өмір сүру құқығы туралы қазіргі кездегі ілімнің өзара байланыс мүмкіншіліктерін ескертуге жол беретін қайталанатын құбылыстарды анықтауға мүмкіндік береді.
Біз «Адамның өмір сүру құқығы: теориялық және тәжірибелік мәселелері» атты тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізу барысында әлем елдері мен Қазақстан Республикасындағы қазіргі эвтаназия, аборт, өлім жазасы мәселелерінің қолданылуының құқықтық аспектілерін жете зерттедік, соның нәтижесінде мынадай ұсыныстарды ұсынамыз:
- Аса ауыр қылмыстардың қарқыны өсіп отырғанда, қылмыстардың аясын шектеп, қылмыстық заңда өлім жазасын сақтау қажет.
- Шет елдердің тәжірибесі көрсеткендей, зорлаудан болған жүктілік, әйел адамға өлім қауіпі туындаған және бала тумысынан ауру болатын жағдайлардың кез-келген кезеңінде әйел адамдарға аборт жасатуына рұқсат етіп, ал басқа жағдайларда абортқа толығымен тыйым салу керек деп ойлаймыз.
- Елімізде заң жүзінде және қатаң түрде эвтаназияны енгізіп, кейіннен қасақана адам өлтірулерге алып келмеу үшін эвтаназияны қарайтын елде арнайы комиссия құру керек.
Бұл магистрлік жұмыс 117 беттен, 16 суреттен тұрады.
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:
Адамның өмір сүру құқығы: теориялық және тәжірибелік мәселелері
Право человека на жизнь: проблемы теории и практики
«Human rights for living: theory and practice problems»
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе4
1 Адамның өмір сүруге құқығының түсінігі13
1. 1 Адамның өмір сүру құқығының түсінігі13
1. 2 Халықаралық нормаларда адамның өмір сүруге құқығы бекітілген нормалары28
2 Өмірге қарсы әрекеттер38
2. 1 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген өмірге қарсы қылмыстар38
2. 2 Шетелдегі қолданыстағы қылмыстық заңнамалар мен Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының айырмашылығы50
3 Адамның өмір сүру құқығының қамтамасыз етудегі проблемалар62
3. 1 Өлім жазасы62
3. 2 Эвтаназия72
3. 3 Аборт82
4 Ұсыныстар92
ҚОРЫТЫНДЫ101
ПАЙДАЛАНҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ109
Нормативтік сілтемелер
1. 25 қазан 1990 жылғы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы //Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері. Конституциялық актілер /Құрастырған Ж. Бәйішев. - Алматы: Жеті Жарғы, 1997. - 496 б.
2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегі N 167 Қылмыстық Кодексі
3. «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы N 1 Нормативтік қаулысы
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Астана, 2008.
«Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы N 1251 Жарлығы
5. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Заңы
6. Францияның қылмыстық Кодексі: 1992 ж. қабылданып, 1994 жылы 1 наурызда өзгертіліп, 2002 жылы 1 қаңтарда өзгертілген.
7. ГФР қылмыстық-іс жүргізу кодексі: 1993 ж. 1 қаңтарындағы өзгертулері мен толықтырылуларымен.
Анықтамалар
1. Адамның құқықтары - бұл адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін табиғи мүмкіндіктер, адам қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет ету еркіндігі мен қадір-қасиетті, сонымен қатар əлеуметтік игіліктерді беруге кепілдік беретін саяси қатынастардың жүйесін біріктіретін нормалар мен ережелердің жиынтығы.
2. Өмір сүру құқығы - Халықаралық құқық пен көптеген демократиялық елдердің конституциясымен қорғалатын адамның жеке негізгі құқықтарының бірі.
3. Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысы - өз күшін халықаралық қақтығыстар немесе елдегі ішкі толқулар мен қарулы қақтығыстар құрбандарын қорғауды қамтамасыз етуге және оларға көмек беруге бағыттай отыра Жер бетінде бейбітшілік болуына жағдай жасайтын халықаралық ізгілікті қозғалыс.
4. Биологиялық өлiм - адамның өмiрлiк маңызды функциялар бiржола тынатын, организм тiршiлiгiнiң тоқтауы.
5. Клиникалық өлім - көрінетін өмір белгілері (жүрек қызметі, тыныс алу) білінбейтін, орталық нерв жүйесінің қызметтері өшетін, бірақ ұлпадағы зат алмасу үдерістері сақталатын, өмір мен өлім арасында шектесетін терминалдық жағдай.
6. Бас миының бiржола семуi - үлкен ми сыңарын, дiңiн, көпiршесiн, орта ми мен мишықты қоса алғанда, мидың бүкiл қатпарының семуiмен қатар жүретiн, бас миы жүйке клеткаларының интегралдық функцияларын толық жоғалтуы.
7. Әрекетсіздіктен адамның өлтіру - кінәлінің адамның өлімін болдырмайтын шараларды қолданбауы.
8. Эвтаназия - қатты жазылмайтын аурумен ауыратын адам өмірін қысқарту немесе тоқтату, адамның азабына азайту немесе адамдарға қиналмай өлуге медициналық жолмен өлуге мүмкіндік беру.
9. Аборт (лат. Abortus - түсік) медицинада - құрсақтағы ұрықтың 28 апталық мерзімге жетпей тіршілігі үзілуі немесе түсік түсуі.
Белгілер мен қысқартулар
1. ҚазССР - Қазақ советтік социалистік республикасы
2. т. с. с. - тағы сол сияқты
3. т. б. - тағы басқа
4. АҚШ - Америка Құрама Штаттары
5. ҚР ҚК - Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі
6. ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
7. ҚХР - Қытай Халық Республикасы
8. АСҚХП - Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт
9. ОАР - Оңтүстік Африка Республикасы
10. ҚР - Қазақстан Республикасы
11. ММУ - Мәскеу Мемлекеттік Университеті
12. ҚКХК - Қызыл Крест Халықаралық Комитеті
13. ОҚО ІІД - Оңтүстік Қазақстан Республикасының Ішкі істер департаменті
14. БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
15. ЕКПА - Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы
16. ЕҚЫҰ - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым
17. БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары
18. ҚР ҰҒА - Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясы
КіріспеДиссертациялық жұмыстың өзектілігі. Адам мен оның құқықтары қазіргі өркениетті деп танылған қоғамның ең жоғары игілігі болып табылады. Сондықтан да адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін құқықтық нормалар ең маңызды жүйені құрайды. Егемендік қолға тиген бойдан Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты концептуалды еңбегі жарық көрді. Осы құжатта мемлекет алдындағы стратегиялық мақсаттардың бірі - «демократиялық бостандықтар мен адам құқығын сақтау есебінен дүние жүзі қоғамдастығында Қазақстанның саяси салмағын арттыру» еді [1] . 1990-шы жылғы ҚазССР Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының кіріспесінде еліміз Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын танитыны, ал 1991-ші жылғы Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заңда «адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін» мойындайтыны нақты көрсетілген [2] .
«Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында» белгіленген мемлекеттің жеті негізгі басымдығының ішінде демократияны одан әрі дамыту және саяси жүйені жаңарту бағыты ерекше аталған. Сол сияқты адам құқықтары мен бостандықтары, бір жағынан, Қазақстанда қалыптасып келе жатқан азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі, екінші жағынан, конституционализм идеясының құқықтық көрінісі, үшінші жағынан, құқықтық мемлекеттің басты белгілерінің бірі болып табылады. Адамның өмір сүру құқығы болса әмбебаптық маңыздылығына қарамастан, қазіргі әлемнің бірде-бір жерінде іс жүзінде (100% деңгейде) қамтамасыз етілмейді және кепіл бола алмайды, тіпті оған төніп тұрған маңызды қауіп-қатерлер көбеюде, атап айтқанда: адамдар қылмыскерлер қолынан, көптеген қарулы қақтығыстардан, аштық пен аурулардан, лаңкестік актілері мен саяси шиеленістерден, апаттар мен өзге де төтенше жағдайлардан, жүктілікті тоқтату арқылы эмбрион кезінде өлтірілу салдарынан, әртүрлі себептерге байланысты өмірден өз еркімен кету арқылы жаппай қаза табуда. Осы және тағы бірқатар факторлар миллиондаған қарапайым адам өмірінің қиылуына себеп болып отыр [3] .
Соңғы жылдары қалыптаса бастаған экономикалық өсім халықтың әл-ауқатын жақсарта бастағанмен, адам құқықтарының сақталуы еліміз үшін әлі де проблема болып отыр. Оның көптеген себептері бар - жаппай жемқорлыққа алып келген мемлекеттік аппарат қызметінің тиімсіздігі, заңдарда кездесетін көптеген қайшылықтар, адам құқықтары мен бостандықтарының сот пен өзге де мемлекеттік органдарында қорғаусыз қалып жатқаны, халық арасында, әсіресе ауылдық жерлерде, әлі жиі кездесетін кедейшілік, құқықтық мәдениеттің төмендігі, қылмыстылықтың шектен шығуы. Қоғамдағы осындай жағдай адам өлтіру әрі адам өміріне қатер төндіретін қылмыстардың көбеюіне, көліктегі, жол бойындағы, өндірістердегі адам шығынына алып келетін апаттардың азаймауына, қоршаған ортаның ластануына және халықтың денсаулығының нашарлауына соқтырып отыр. Бұған қоса нашақорлық, қылмыстық аборттар және т. с. с. мәселелер бар. Осы факторлардың барлығы қоғамдағы қарапайым адамның жағдайын байқауға мүмкіндік береді.
Еліміздің құқықтық жүйесіндегі мәселелерге келсек, Қазақстанның құқықтық саясат тұжырымдамасы заңнамадағы бірқатар кемшіліктерді атап көрсетеді: «Қолданыстағы заңдар нормаларын құқықтық реттеудегі ақаулықтарды толықтыру және оны қоғамдық қатынастардың барынша маңызды салаларына тереңдетуді іске асыру жолымен жетілдіру қажет», сол сияқты «құқықтық реттеуді талап ететін қоғамдық қатынастарға ғылыми талдау жүргізу қажет». Осы құжатта былай делінген де сөздер бар: «Бүгінде заң актілері мемлекеттік органдарға мазмұны заң шығарушының қалауына сай емес, ал кейде оған тікелей қайшы келетін заңға тәуелді актілер қабылдауға мүмкіндік беретін бланкеттік (сілтемелік) нормалардың көп мөлшерін қамтиды. Мемлекеттік органдардың норма түзушілік тәжірибесінде тар салалық, ведомстволық көзқарас жойылмаған, соның нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды, адам құқықтарына, бостандықтарына және азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделеріне қысым жасау жол алған. Әрі бұл жәйт заңдарды іс жүзінде заңға тәуелді актілермен алмастыруға әкеп соқтырады. Осыған байланысты заң актілерін әзірлеу процесі сілтемелік нормалар санын қатаң түрде азайтумен және заңдарды мүмкіндігінше тиімді нақтылаумен сипатталуға тиіс. Сонымен бірге, қабылданған заңдардың толықтай іске асырылуын, соның ішінде қажет деген заңға тәуелді актілердің дер кезінде қабылдануын қамтамасыз ететін тетіктерді жетілдірген жөн».
Елімізде 20-жылдан бері жүргізіліп жатқан реформалардың түпкі мақсаты - құқықтық мемлекет қалыптастырып, адам құқықтарын қамтамасыз ету. Бірақ, әртүрлі себептерге байланысты адам құқықтары саласындағы бұл реформалар әлі де тиісті нәтижесін бермей отыр және ресми жарияланған мақсаттар мен күнделікті өмірдегі қайшылықтар одан әрі күрделенуде. Мұндай жағдайды әйгілі отандық ғалым, академик М. Т. Баймаханов адам құқықтары саласында бір шектен екінші шекке ұрынып және бірде-бір ойын аяғына дейін жеткізе алмай келе жатқан биліктің айқын стратегиясының болмауымен түсіндіреді. Осы жәйттердің барлығы, әрине, адам құқықтары мен бостандықтарының, оның ішінде өмір сүру құқығына да қатысты сақталуына, өз кедергілерін тигізетіні сөзсіз.
Адамның өмір сүру құқығы өз қалауы бойынша қоғам назарының мүмкіншіліктерін басқаруды қарастырады. Ал бұл эвтаназия мен өзіне-өзі қол жұмсау мәселелерін көкейтесті етеді. Бұл мәселе биомедициналық әдептің шегінен шыққан деуге болады. Онымен заңгерлер де, философтар да, діни қызметкерлер де, социологтар да айналысуда. Бұл мәселелер медициналық құқық бойынша құрылтайларда да қарастырылған. Өмір сүру құқығын іске асыру мәселелері табиғи ғылымның, ең алдымен, медициналық білімнің және олардың адамға әсерінің күшеюінің жаһандануына байланысты айрықша маңыздылыққа ие болады.
Соңғы онжылдықта медициналық ғылым мен биологияда үлкен өзгерістер болды, ол құқықтық шешу мен реттеуді талап ететін медициналық және этикалық-құқықтық сипаттағы жаңа мәселелердің пайда болуына әкеп соқты. Жаңа биомедициналық технологиялар құқықтық реттеу мәселелерін тудырып, адамның ағзасына әсер етудің (жасанды ұрықтандыру, гендік инженерия, ағзаларды және мүшелерді трансплантациялау және т. б. ) жаңа деңгейіне жетті. Осыған орай медицина мен құқықтың өзара байланысы қоғамның назарын аударады. Диссертациялық жұмыстың өзектілігі Қазақстан Республикасында «Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау туралы», «Емделушінің құқығы туралы», «Медициналық көмектің мемлекеттік кепілдігі туралы» және т. б. жаңа заңдарды дайындаумен анықталады.
Диссертацияның ғылыми жаңалығы. Берілген жұмыста алғашқы рет адамның өмір сүру құқығының қазақстандық заңнама мен халықаралық-құқықтық актілерімен салыстырулар келтірілген. «Өмір сүру құқығы» түсінігіне жаңадан түсініктеме беріліп, оның негізгі элементтері анықталған. Сондай-ақ, мұнда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген өмірге қарсы қылмыстарға зерттеу жүргізіліп, шетелдегі қолданыстағы қылмыстық заңнамалар мен Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының айырмашылығына талдаулар жасалынған. Адамның өмір сүру құқығын қамтамасыз етудегі проблемалар, аборт, эвтаназия, аборт туралы кеңінен қарастырылған.
Теориялық және практикалық маңыздылығы. Бұл мәселе жұмыста қарастырылған мәселелер мен онда көрсетілген дәлелдеулердің деңгейінің, ұсыныстар мен қорытындылардың өзектілігімен анықталады. Автор арқылы өмір сүру құқығының концепциясы дайындалып, оның мазмұны ашылды, өмірден айырудың түрлері көрсетіліп, қазіргі қазақстандық заңдылықтарды жандандыру бойынша ұсыныстар ұсынылған.
Диссертациядан алынған нәтижелер құқық қолдану қызметінің тәжірибесін жақсарту үшін, сонымен қатар ғылыми және оқыту мақсаттарында қолдануға болады. Сонымен қатар диссертация материалдары «Мемлекет және құқық теориясы», «Азаматтық құқық» пәндері бойынша, арнайы курстар «Медициналық құқық», сонымен қатар саяси курстар «Әлеуметтік саясат», «Әлеуметтік саланы басқару» және т. б. пәндер бойынша оқыту материалдарын дайындау және жүргізуде қолданылуына болады.
Зерттеудің объектісі. Адамның өмір сүруге шынайы құқығын іске асыру кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастар.
Зерттеу пәні. Қазақстан Республикасында адамның өмір сүру құқығы түсінігін, құқықтық мазмұнын және соны құқықтық реттеуді анықтау мәселесі.
Тақырыптың ғылыми өңделу деңгейі. Адамның өмір сүру мен өмірден айыру құқығын іске асырудың жалпы теориялық мәселелері отандық құқықтық әдебиеттерде жеткілікті зерттелмеген. Адамның өмір сүруге құқықтарының тұжырымдамасының негізі Г. Гроций, Д. Локк (Ұлыбритания), И. Г. Фихте, И. Канта, А. Шопенгауэр, Т. Джефферсона и Т. Пэйна (АҚШ), Ф. М. Вольтера, Д. Дидро, Ж. Ж. Руссо (Франция) сынды ойшылдардың көптеген еңбектерінен бастау алады. Бұл ойшылдардың еңбектеріндегі ең басты ой адамның еркіндігінің, тәуелсіздігінің, еркін өмір сүруінің конституциялық-құқықтық ретте бекітілуіне негізделген.
Адамның өмір сүруге құқығының әр түрлі аспектілері А. Дайси, X. Крамер, С. Крэг, Р. Пруссар, И. Сабо, Д. Хариссон, Джонсон Р. Альбери Н. Сингер П. тәрізді шетел авторлардың ғылыми еңбектерінен көрініс тапқан.
Дэвид Кинли өзінің «Адамдардың құқығы бойынша конвенция: инкорпорациясыз сақтау» туралы еңбегінде жалпы адамдардың құқығын сақтау саласындағы әлемдік аренадағы адамдардың конституциялық құқықтарын зерттеуге аса зор мән берген.
Сондай-ақ, Доминик Макголдрик «Адамдардың құқығы бойынша Халықаралық комитеттің келісімшартының азаматтық және саяси құқықтардың дамуындағы рөлі», Лайфард Тон «Халықаралық адамның құқығы мен стандартарының негізінде балаларды бас бостандығынан айыру», Мойкли Даниэль «Адамдардың құқығы мен «терроризмге қарсы күрестегі» дискриминация», Фороуизк Магдалена «Адамдардың құқығы бойынша Еуропалық сотта халықаралық құқықтың қабылдануы», Лоренц Лангер «Діни қылмыстар мен адамдардың құқықтары: діндерді диффармациялау нәтижелері» атты еңбектері бүгінгі таңдағы адамдардың өмір сүру құқықтарын қорғау мен сақтауға бағытталған.
Шет елдің құқықтық әдебиеттерінде А. Камю мен А. Кестлердің жүргізген зерттеулері үлкен сұранысқа ие, яғни «Өлім жазасы туралы ойлар» еңбегі, сондай-ақ, Монреалдық университеттің (Квебек, Канада) професоры Уильям Шабастың - «Халықаралық құқықтағы өлім жазасының кейінге қалдырылуы» (Schabas W., The Abolition of the Death Penalty in International Law, Cambridge, Grotius Publications Limited, бірінші басылымы - 1993 ж., екінші басылымы - 1998 ж. ) мен «Өлім жазасы қатаң жаза және азап: халықаралық соттарда дауласуға болатын ең жоғарғы жаза» (Schabas W., The death penalty as cruel treatment and torture: capital punishment challenged on the worlds’ courts) сияқты еңбектері де көпшілік қауымның назарын жаулап алды.
Берілген тақырып бойынша келесідей шет елдер ғалымдарының еңбектері қызығушылық тудырады: Беккариа Ч., Боуэрса В, . Бредли Э., Дженис М., Канта И., Кракенбергер А., Курран В., Кэй Р., Радле М., Свандзе., Селлина Т., Уолкер Н., Фуко М., Ходкинсон П., Худ Р., Эрлих И. және т. б.
Бірақ бұл мәселелерді жинақтау адамның өмір сүру және өлу құқығын шынайы іске асыру тарапынан болмаған жағдай.
Зерттеудің мақсаты - өмір сүру құқығының заңды мазмұнын және оның шет елдер мен Қазақстан Республикасы заңдарында бекітілу әдістерін анықтап, оны реттеудің үйлесімді құқықтық моделін іздеп табу.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді орындау керек:
- «өмір сүрудің шынайы құқығы» түсінігінің пайда болуына тарихи-құқықтық талдау жасау;
- өмірге анықтама беріп, өмір сүру құқығының мазмұнын ашу;
- адамды лайықты өмір сүру құқықтарымен заңды түрде қамтамасыз ету жағдайын талдау;
- Қазақстан Республикасында адам ағзасын ауыстыру, репродуктивтік құқықтарын құқықтық реттеу мәселелерін зерттеп, өмір сүру құқығын іске асыру;
- өмірден айырудың түрлерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасында өмір сүру және оған шек қою құқықтарын іске асыруға арналған заңдылықтарды толықтыру және өзгертулер енгізуге ұсыныстар жасау.
Зерттеудің әдістемелік базасын танымның диалектикалық, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу принциптері, тарихи және объективтілік, сонымен қатар салыстырмалы-құқықтық, заңды және т. б. әдістері құрайды.
Салыстырмалы-құқықтық әдіс орталық орынды алады, себебі зерттеуде қойылған көптеген міндеттерді шешуге, саяси-құқықтық пікірдің дамуы қорытындысымен өмір сүру құқығы туралы қазіргі кездегі ілімнің өзара байланыс мүмкіншіліктерін ескертуге жол беретін қайталанатын құбылыстарды анықтауға мүмкіндік береді.
Өмір сүру құқығын талдау кезінде жүйелеу әдісі де қолданылды, оның артықшылығы саяси пікір тарихында әр түрлі концепцияларды бүтін ретінде анықтап, сонымен қатар өмір сүру құқығы туралы әдебиеттер мен теориялық тұжырымдары, қазіргі кездегі концепциялармен байланысын анықтауға негізделген.
Зерттеудің теориялық негізін отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектері, дүние жүзілік адамның өмір сүруіне қарсы жасалған қылмыстардың, эвтаназия, аборт әрекеттерінің статистикалық мәліметтері, шет елдердің және еліміздің адамның өмір сүру құқығына қатысты заңдары мен тұжырымдамалары құрайды. Диссертациялық жұмысты жазу кезінде классикалық саяси-құқықтық және философиялық ойшылдардың, сонымен қатар қазіргі кездегі авторлардың жұмыстары қолданылды: Г. Гроций, Дж. Локк, Ж-Ж. Руссо, Н. М. Әбдіров, М. М. Қадыров, К. Ш. Құрманов, Г. С. Мәуленов, Е. А. Оңғарбаев, А. С. Ибраева, Ч. К. Утегенов М. Орынбеков, Н. Байтенова және т. б. еңбектері құрайды.
Ғылыми зерттеудің нәтижесінде қорғауға ұсынылған келесідей теориялық жағдайлар анықталды:
1. Әр түрлі кезеңдерде шынайы құқықтың мазмұны өзгеріп отырған, бірақ бұл кезде позитивтік құқық әрқашанда шынайы құқыққа сәйкес келген жоқ. Шынайы құқықтың бастапқы орны әрбір адамның табиғи немесе Жаратушы берген ажырамас өмірі мен еркіндігі, сонымен қатар, ақыл-ойы, мақсаты мен құштарлығы болып табылады. Құқықтық мемлекетте шынайы құқық пен позитивтік құқық байланысып, айырылмай жүреді. Шынайы құқықты белгілеу позитивтік құқықтың күмәнсіз екенін дәлелдейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz