«Е-learning» – электронды оқыту жүйесіне болашақ информатика мамандарын даярлау әдістемесі
КІРІСПЕ
1 БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ «E.LEARNING» . ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗУ
1.1 Елімізде және шетелдерде «e.learning» . электронды оқыту жүйесінің білім саласына енгізілуінің қазіргі жағдайына теориялық және практикалық тұрғыдан талдау жасау
1.2 Елімізде «e.learning» . электронды оқыту жүйесі бойынша болашақ информатика мамандарын даярлаудың ғылыми.әдістемелік және педагогикалық.тәжірибелік негіздерін айқындау
1.3 Болашақ информатика мамандарын «E.Learning» . электронды оқыту жүйесіне негізделген педагогикалық.программалық құралдар кешенін құруға даярлау

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде Қазақстанда қоғамды ақпараттандыруға баса назар аударылуда. Қоғам талаптарына байланысты жаңа бағдарламалар тасқыны адамдарға ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде білу қажеттігін туғызып отыр.
Қоғам өзінің эволюциялық дамуының жаңа фазасына – ақпараттық қоғам фазасына ауысты, ол ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың адамның барлық өмір саласына енуімен сипатталады. Ал ақпараттық ресурстардың рөлі заттық және энергетикалық ресурстармен бірдей дәрежеде болып келеді. Ақпараттық қоғам құру мәселелерін шешуге бағытталған әлемдік саммит АКТ ұлттық мақсатта қолдануға бағыт алды, соның ішінде білім саласында да, өйткені бұл білімнің жоғары сапасына әкеледі. XXI ғасырдың алдыңғы қатарлы қағидалары ретінде ЮНЕСКО «барлығына арналған білім» және «барлық өмір бойына білім» - «Life Long Learning (LLL)» деп жариялады. Бұл әлемдегі адамдарды саналы түрде ойлауға, жаңа бағытта жаңалықтар ашуға, әлемді жаңа қырларынан тануға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейінгі дамытудың стратегиялық жоспарының 136-тармағында: «Орта, техникалық, кәсіптік және жоғарғы оқу орындарында электрондық оқыту жүйесі (е-learning) енгізілетін болады», - деп қарастырылған [1]. Және Елбасының 2010 жылғы 7 желтоқсанда № 1118 Өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі оқу үдерісін автоматтандыруды енгізудегі «білім беру ұйымдарының 90%-ы электрондық оқыту жүйесін қолданылады» мақсаттық индикаторына негіздеп электронды оқыту жүйесін 2011-2012 оқу жылынан бастап жүзеге асырылып отыр [2].
Қазіргі ақпараттану заманында «Е-learning» – электронды оқыту жүйесіне болашақ информатика мамандарын даярлаудың жаңа әдістері мен технологиялардың пайда болуы педагогика саласында үлкен өзгерістер әкеледі. Бұл педагогикалық оқыту үрдісі мен жаңа технологияларды біріктіруді талап етеді. Соның ішінде, болашақта қоғамды дұрыс қалыптастыратын, жан-жақты дамыған, ақпараттық білімі мол болашақ информатика мамандарын даярлаудың заманауи әдістерін жасау зерттеу жұмысының тақырыбын өзекті етеді.
Жұмыстың жалпы сипаты: Білім беру жүйесін басқаруды қолдаудағы басты құрал болуы себепті электрондық оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті мәліметтерді сақтауы тиіс. Сондай-ақ, ол – білімді дамытудың ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралы, екіншіден, электрондық оқыту жүйесінің кез-келген түйінінен мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы, үшіншіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде әрекет етуі тиіс.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Электронды оқыту жүйесін қолданудың кең тараған тиімді себептері ретінде мыналарды айтуға болады:

1 Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы // Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы
2 Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
3 Н.А. Жапбаров. Білім беру жүйесін ақпараттандыруда электронды оқыту кешенін пайдалану тиімділігі // Білім образование. -2009. - Т.43. – № 1. С. 14-17.
4 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы.
5 А.Б. Сарсекенова. Ақпараттық - телекоммуникациялық технологиялардағы қашықтықтан оқытудың рөлі // Білім берудегі менеджмент. – 2010. – Т. - №1. С. 128-131.
6 Нұрғалиева Г.Қ. Электронды оқу жүйесі немесе жаңаша білім алу көзінің артықшылықтары қандай? / Нұрғалиева Г.Қ // Ұлан. – (http://zhasorken.kz).
7 К.А. Жамангозов. Электронное обучение – инновационное решение в реализации стратегии успешного преподавания // Открытая школа. – 2011. – Т.105. - №4. С. 198.
8 Электронное обучение в общеобразовательной школе. Монография. – Алматы, 2010. – 212 с.
9 е-Learning in Kazakhstan // eLearning practices. Cases on Challenges Facing eLearhihg and National Development: Institutional Stadies and Practices / ed. U. Demiray. V.1 – Eskisehir-Turkey, Anadolu University, 2010 – Р. 354. – http://www.midasebook.com/ (co-authors Nurgalieva G., Tazhigulova A.).
10 Цифровые образовательные ресурсы в учебном процессе // Мат. межд. научн.-практ. конф. «Проблемы перспективы инновационного развития системы непрерывного профессионального образования на современном этапе». 1 том. – Алматы: АГТУ, 2009. – С.113.
11 О зарубежном опыте информатизации образования. // Сб.: XII Вишняковские чтения «Социально-экономическая концепция вузовской науки в регионе»: мат. междунар. науч. конф. / под общ.ред. проф. В.Н. Скворцова. – СПб.: ЛГУ им. А.С.Пушкина, 2009. – С. 174.
12 Создание цифровых образовательных ресурсов: начало большого пути // Вестник Академии педагогических наук РК. – 2009. – № 1(28). – С. 113.
13 Зарубежный опыт использования информационно-коммуникационных технологий в образовании // Сб. научн. статей межд. научн.-практ. конф. «Инновации в образовании на основе информационно-коммуникационных технологий». – Алматы, АО НЦИ, 2009. – С.238.
14 The project UNESCO «Expansion of Open and Distance Education delivery in Kazakhstan». – Almaty, JSC NCI, 2008. – 30 p. (co-authors Nurgalieva G. and others).
15 Цифровые образовательные ресурсы – вопросы методологии // Профессионал Казахстана. – 2008. – № 12 (87). – С.154.
16 Информатизация образования: зарубежный и отечественный опыт // Вестник Университета «Кайнар». – 2008. – № 4/2. – С.163.
17 Использование цифровых образовательных ресурсов – необходимое условие современного процесса обучения // Менеджмент в образовании. – 2008. – № 4 (51). – С.164.
18 Внедрение информационно-коммуникационных технологий в систему общего среднего образования Республики Казахстан. – Алматы: РЦИО, 2007. – 116 с. (в соавторстве Нургалиева Г.К., Тажигулова А.И.).
19 Учебно-методическое пособие по обучению населения компьютерной грамотности по Программе снижения информационного неравенства в РК. – Алматы, АО НЦИ, 2007. – 136 с. (в соавторстве Есекеев К.Б., Нургалиева Г.К., Тюлеев Т.К., Шарипов Б.Ж.)
20 Захарова И.Г. Информационные технологии в образовании. М.: «Академия», 2003. - 192с.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан университеті
КАКАРОВА ТАМАРА ЕНДИБАЕВНА
Е-learning - электронды оқыту жүйесіне болашақ информатика мамандарын даярлау әдістемесі
6М011100-Информатика
Информатика магистр акадамиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшісі:
Ғылыми кеңесшісі (бар болса):
Шымкент - 2014 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ E-LEARNING - ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗУ
1.1 Елімізде және шетелдерде e-learning - электронды оқыту жүйесінің білім саласына енгізілуінің қазіргі жағдайына теориялық және практикалық тұрғыдан талдау жасау
1.2 Елімізде e-learning - электронды оқыту жүйесі бойынша болашақ информатика мамандарын даярлаудың ғылыми-әдістемелік және педагогикалық-тәжірибелік негіздерін айқындау
1.3 Болашақ информатика мамандарын E-Learning - электронды оқыту жүйесіне негізделген педагогикалық-программалық құралдар кешенін құруға даярлау
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде Қазақстанда қоғамды ақпараттандыруға баса назар аударылуда. Қоғам талаптарына байланысты жаңа бағдарламалар тасқыны адамдарға ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде білу қажеттігін туғызып отыр.
Қоғам өзінің эволюциялық дамуының жаңа фазасына - ақпараттық қоғам фазасына ауысты, ол ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың адамның барлық өмір саласына енуімен сипатталады. Ал ақпараттық ресурстардың рөлі заттық және энергетикалық ресурстармен бірдей дәрежеде болып келеді. Ақпараттық қоғам құру мәселелерін шешуге бағытталған әлемдік саммит АКТ ұлттық мақсатта қолдануға бағыт алды, соның ішінде білім саласында да, өйткені бұл білімнің жоғары сапасына әкеледі. XXI ғасырдың алдыңғы қатарлы қағидалары ретінде ЮНЕСКО барлығына арналған білім және барлық өмір бойына білім - Life Long Learning (LLL) деп жариялады. Бұл әлемдегі адамдарды саналы түрде ойлауға, жаңа бағытта жаңалықтар ашуға, әлемді жаңа қырларынан тануға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейінгі дамытудың стратегиялық жоспарының 136-тармағында: Орта, техникалық, кәсіптік және жоғарғы оқу орындарында электрондық оқыту жүйесі (е-learning) енгізілетін болады, - деп қарастырылған [1]. Және Елбасының 2010 жылғы 7 желтоқсанда № 1118 Өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі оқу үдерісін автоматтандыруды енгізудегі білім беру ұйымдарының 90%-ы электрондық оқыту жүйесін қолданылады мақсаттық индикаторына негіздеп электронды оқыту жүйесін 2011-2012 оқу жылынан бастап жүзеге асырылып отыр [2].
Қазіргі ақпараттану заманында Е-learning - электронды оқыту жүйесіне болашақ информатика мамандарын даярлаудың жаңа әдістері мен технологиялардың пайда болуы педагогика саласында үлкен өзгерістер әкеледі. Бұл педагогикалық оқыту үрдісі мен жаңа технологияларды біріктіруді талап етеді. Соның ішінде, болашақта қоғамды дұрыс қалыптастыратын, жан-жақты дамыған, ақпараттық білімі мол болашақ информатика мамандарын даярлаудың заманауи әдістерін жасау зерттеу жұмысының тақырыбын өзекті етеді.
Жұмыстың жалпы сипаты: Білім беру жүйесін басқаруды қолдаудағы басты құрал болуы себепті электрондық оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті мәліметтерді сақтауы тиіс. Сондай-ақ, ол - білімді дамытудың ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралы, екіншіден, электрондық оқыту жүйесінің кез-келген түйінінен мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы, үшіншіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде әрекет етуі тиіс.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі - тек біліммен қаруландырып қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Электронды оқыту жүйесін қолданудың кең тараған тиімді себептері ретінде мыналарды айтуға болады:
oo экономикалық әсерлігі. Тікелей оқытуға байланысты жанама шығындарды қысқарту мақсатында (іссапар төлемдері, уақытша тұру, ғимарат жалдау т.с.с.);
oo икемділігі. Клиент, серіктес немесе кез-келген оқытылатын адамдардың географиялық орнына байланысты мәселелерді шешу мақсатында;
oo оқытушыға тәуелсіз кез-келген уақытта оқытуды жабдықтау мүмкіндігі;
oo модульдігі, яғни оқыту бағдарламасы негізін модульдік принцип құрайды;
oo оқытушының алатын рөлінің жаңашылдығы, яғни оқу жобаларына жетекшілік ету, жеке оқу жоспарын құруда көмек беру, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдайлар туғызу және т.б;
oo сапаны бақылаудың арнайы түрлері: емтихандар, практикалық, курстық, жоба жұмыстары, компьютерлік интеллектуалдық тестілеу жүйелері;
oo арнайы мамандандырылған технологиялар мен оқу құралдарын қолдану.
Білім жүйесінің ақпараттануының дамуының объективті үрдістері бұл саланың әдістемелік негіздері мен технологияларын қайта ойластыруға бағытталған ғылыми-педагогикалық зерттеулердің үлкен өзгерісіне алып келді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Ақпараттық қоғамның сұранысына сәйкес келетін оқытудың жаңа парадигмасының өзектілігі А.А. Ахаянның, З.И. Васильеваның, Я.А.Вагроменконың, Б.С. Гершунскийдің, А.П. Ершованың, А.А. Кузнецовтың, В.Г. Кинелевтың, В.С. Меськованың, В.М. Монахованың, В.В. Лукинаның, Е.С. Полаттың, И.В. Роберттің, Л.Г. Сандакованың, А.Л.Семеновтың, А.Н. Тихоновтың, В.П. Тихомеровтің, И.И. Трубиннің, А.П. Тряпицыннің, Н.В. Чекалевтің және т.б. еңбектерінде көрініс табады.
Орта жалпы білім ақпараттануының әр түрлі аспектілері, оқу орындарындағы оқыту үрдісінде АКТ қолдануға педагогикалық кадрларды дайындау, оқушылар мен оқытушылардың ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы туралы Н.С. Анисимова, С.А. Бешенков, Н.И. Гендин, И.А. Зимин, Н.Б. Зиновьева, В.А. Каймин, С.Д. Каракозов, А.Ю. Кравцова, Т.А. Лавин, М.П.Лапчик, М.Л. Лапчик, М.Б. Лебедева, Е.А. Медведева, В.Э. Меламуд, Т.М. Петрова, Т.А. Поляков, И.И.Раскина, З.В. Семенова, С.Л. Степанов, С.Р. Удалов, А.Ю. Уваров, А.В. Хуторский және т.б. зерттеулер жүргізген.
Қазақстанда әр түрлі педагогикалық мамандықтар аясындағы білім жүйесінің ақпараттануының тұжырымдамалық негіздері Е.Ы.Бидайбековтің, Б.Б.Баймухановтің, Д.М. Джусубалиеванің, В.В. Егоровтің, А.А. Завалконың, С.С. Кунанбаеваның, Е.У.Медеуовтің, Г.К. Нургалиевтің, С.Е. Чакликованың және т.б. ғылыми мектептерінен нәр алады.
Осыған орай, қазақстандық ғалымдардың зерттеу пәндері әр түрлі болды, соның ішінде: Ж.А. Караев АКТ негізіндегі оқушылардың таным қызметінің белсенді қолданылуын; С.М. Кенесбаев болашақ мамандарды АКТ қолдануға дайындауды; Е.М. Есбосынов болашақ информатика пәні мұғалімдерін оқушылардың білімдеріне бақылау жүргізу мен бағалауға дайындауды; Г.К. Бигаришева, А.А. Жолдасбеков, Г.И. Муратова, Л.В. Нефедова, Б.К. Тульбасова білім жүйесінің ақпараттану жағдайларында мұғалімдердің жеке дидактикалық қабілеттері мен қасиеттерінің қалыптасуын қарастырған.
Қазақстанда тікелей электрондық оқытуға тек бір жұмыс қана бар, ол А.К. Альжановтікі, онда мектеп курсындағы математикада оның қолданылуының дидактикалық негіздері зерттелген, алайда бұл жұмыста электрондық оқытудың мәні толығымен ашылмаған.
Педагогикалық ғылыммен бір уақытта электрондық оқулықтарды жасау тәжірибесі де жүзеге асырылуда. Сұранысты ұсынысты туындатады деген танымал экономикалық формула бойынша, көптеген компаниялар мектептерге арналған жаппай сандық контентті өңдеуге бет алды. Егер де осыдан тек 5 жыл бұрын ондай ұйымдар Қазақстанда 5-ге жуық, ал Ресейде - 10-ға жуықтау болса, ал олардың саны қазіргі кезде біршама өсті.
Зерттеу объектісі: Е-learning - электронды оқыту жүйесіне болашақ информатика мамандарын даярлауда қолдану әдістері.
Зерттеу пәні: болашақ информатика мамандарын электрондық оқытуға даярлау.
Зерттеудің мақсаты: қоғамның барлық саласы ақпараттанған жаңа заманда болашақ информатика мамандарын электронды оқыту әдістерін қолдана білуге дайындығын арттыру.
Диссертациялық жұмыстың алдына қойған мақсатына сәйкес келесі міндеттер айқындалды:
oo білім беру жүйесінде e-learning - электронды оқыту жүйесі бойынша зерттеулер жүргізу;
oo елімізде және шетелдерде e-learning - электронды оқыту жүйесінің білім саласына енгізілуінің қазіргі жағдайына теориялық және практикалық тұрғыдан талдау жасау;
oo елімізде e-learning - электронды оқыту жүйесі бойынша болашақ информатика мамандарын даярлаудың ғылыми-әдістемелік және педагогикалық-тәжірибелік негіздерін айқындау;
oo болашақ информатика мамандарын E-Learning - электронды оқыту жүйесіне негізделген педагогикалық-программалық құралдар кешенін құруға даярлау;
oo е-learning - электронды оқыту жүйесіне болашақ информатика мамандарын даярлаудың психологиялық-педагогикалық негіздерін айқындау;
oo болашақ информатика мамандарын e-learning" - электронды оқыту жүйесіне даярлаудың мәнi мен мазмұнын зерттеу;
oo болашақ информатика мамандарын e-learning" - электронды оқыту жүйесіне негізделген педагогикалық-программалық құралдар кешенін құруға даярлау.
Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша келесі жаңа нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз: қазіргі заманғы мектептерде информатика сабағында жаңа электрондық оқыту әдістерін қолдану тиімді болады, егер де:
oo соңғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктеріне негізделген заманауи оқыту әдісі ретінде электрондық оқытудың тұжырымдамасы жасалынса және оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға ортақ болып келетін пәндік ақпараттық-білім ортасын жасаумен қамтамасыз етуші олар педагогикалық технологиялармен біріктірілсе;
oo оқыту инфокоммуникациялық сауаттылығы, біліктілігі, мәдениеті мен менталитеті бар тұлғаны қалыптастыруға бағытталса;
oo оқытудың мазмұны Мемлекеттік жалпыға ортақ білім стандартына сәйкес ақпараттық-білім ортасы ретінде жасалған, қолданбалы бағдарламалық өнімдерге негізделсе;
oo оқыту оқу үрдісі субъектілерінің бір-бірімен және ақпараттық-білім ортасымен оқу-танымдық қызметінің әр түрлі болуының арқасында және тез кері байланыстың арқасында интерактивті қарым-қатынасы ретінде жүзеге асырылса;
oo оқушылардың жетістіктері нақты бағаланып, оқушылардың өздерін бағалауы қалыптасып, ақпараттық-білім ортасында ата-аналарының жағынан бақылаудың мүмкіндіктері кеңейсе.
Зеттеудің негізгі дерек көздері: шетелдік, ресей және отандық ғалымдардың еңбектері, ақпарат құралдарының деректері, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық саяси ұйымдардың бағдарламалық құжаттары, әлеуметтік сұрақ жүргізу деректері құрайды.
Диссертацияда қолданған деректердің айтарлықтай бөлігін ғылыми әдебиет, халықаралық конференциялардың материалдары, болашақ информатика мамандарды даярлаудағы электрондық оқытудың әдістері туралы мақалалар құрады.
Зерттеу базасы: Бұл зерттеуде Оңтүстік Қазақстан облысындағы 150 мұғалімдер мен 9 жалпы білім беретін оқу орындары қатысты, соның ішінде: № 1 А.С.Пушкин атындағы мектеп гимназия, №2 А.Бөкейханов атындағы жалпы орта мектеп, №7 Қ.Сыпатаев атындағы мектеп лицей, Саттар Ерубаев атындағы № 24 жалпы орта мектеп, № 25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп гимназия, А.Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта мектеп, № 38 Н.Оңдасынов атындағы мектеп- гимназия, № 44 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектеп, № 45 мектеп гимназиясы.
Оңтүстік Қазақстан облысының мектептерінде электронды оқыту жүйесін енгізудің жеке автордың жүргізілген тәжірибесі сынақтың амалдарын, электронды оқытудың тұжырымдамасын, информатика пәні мұғалімдеріне тренингтік курстардың бағдарламасы мен мазмұнын, оқу үрдісінде электрондық оқулықтарды қолдануға, алынған мәліметтерді талдау мен өңдеуден тұрды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
oo болашақ информатика мамандарын даярлауда шет елдер мен отандық тәжірибедегі электронды оқытудың дамуының заманауи әдістері анықталды;
oo жеке оқу әдісі ретіндегі электронды оқытудың тұжырымдамасы жасалды;
oo білімдік қолданбалы бағдарламалық өнімдерді жасаудағы орталық амал теориялық тұрғыдан негізделді және практикада қолданылды;
oo заманауи педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды біріктірудің трансферті тәрізді электронды оқытудың педагогикалық технологиясы жасалынды;
oo Электрондық оқулықтар оқу қолданбалы бағдарламалық өнімдердің стандарты жасалынды, онда ақпараттық-білім ортасын жасау жағдайы ретіндегі психологиялық-педагогикалық талаптар көрінеді.
Диссертацияның әдістемелік және теоретикалық негізі ретінде институционалды, жүйелік, әлеуметтік және статистикалық әдістер, мәліметтердің контент-анализі, сонымен қатар заманауи қоғамдық-саяси ойдың қорытындылары қолданылды.
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:
1. Оқытудың жаңа парадигмасы инфокоммуникациялық тұлғадағы ақпараттық қоғамның қажеттілігіне негізделген, бұл өз кезегінде, педагогикалық мақсаттарды, білімнің мазмұны мен бағыттарын, оқу үрдісі субъектілерінің интерактивті қарым-қатынасын және оқушылардың оқу-танымдық қызметінің жетістіктерін талдауды өзгертеді.
2. Инфокоммуникациялық тұлғаны тәрбиелеп шығару қазіргі заманғы мектептердің мақсаты, шарттары, нәтижелері ретінде көрінеді және инфокоммуникациялық менталитетпен, мәдениетпен, сауаттылықпен сипатталады. Бұл ақпараттық және коммуникациялық технологиялар аласындағы оқу үрдісі субъектілерінің саналы, дәлелді қарым-қатынастарында көрінеді.
3. Электронды оқыту жеке бір оқыту әдісі болып табылады. Ол педагогнкалық және инфокоммуникациялық технологиялардың бірігуіне негізделген, оның мәні ақпараттық-білім ортасындағы оқу үрдісі субъектілерінің интерактивті қашықтықтық қарым-қатынасында жатыр. Ол білімнің мобильді құрамының негізінде инфокоммуникациялық тұлғаны қалыптастырады.
4. Жасалған электронды оқытудың педагогикалық технологиясы ғылыми техникалық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білімдердің жиынтығын құрайды.
5. Электронды оқытудың материалдық негіздеріне қолданбалы бағдарламалық өнімдер жатады. Олар оқу үрдісіндегі субъектілердің интерактивті қашықтық қарым-қатынасына жағдай жасайды. Жалпы орта білім үшін қолданбалы бағдарламалық өнімнің негізгі формасы электрондық оқулықтар болып табылады.
6. Ақпараттық-білім ортасындағы электронды оқыту әдістеріне оқытудың интерактивті, аксиологиялық формалары мен әдістері жатады. Олар олардың саналы түрде қабылдаған бір-бірімен, оқытушымен және ортамен қарым-қатынасының өз бетінше дамуына бағытталған.
7. Электронды оқытудың қолданбалы бағдарламалық өнімдерінің стандартталуы педагогикалық ғылымдар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардағы жетістіктердің ескерілуімен эргономикалық, техникалық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік талаптардың ұйымдастырылу жүйесін көрсетеді.
Жұмыстың сыннан өтуі: Диссертация М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан университетінде орындалды. Магистрлік диссертацияның нәтижелері осы ұжымдағы _________________кафедрасының _________№ _ мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды. Зерттеу жұмысының басты тұжырымдамалары мен өзекті мәселелері әр түрлі республикалық және халықаралық ғылыми теориялық және ғылыми тәжірибелік конференцияларында жарық көрді.
Диссертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі алға қойылған мақсаттар мен мен міндеттерге байланысты анықталды.

Электрондық оқыту- кешенді емес біртұтас, дидактикалық, әдістемелік, интерактивті бағдарламалық жүйе және ол оқу материалынан кездесетін қиындықтарды артта қалдырады, әрі мультимедианың соңғы мүмкіндіктерін қолданып, ғылыми зерттеу әдістерін толықтырады. Бұл жерде оқытудың түсінікті, кең көлемде қарастырылған материалы қолданылады. Дидактикалық заңдастырылған жалпы білім әдістемелік аспектілер, арнайылап оқыту, негізгі пән немесе пәндер тобы және электрондық оқытудың бағдарламалық нақтылығымен өзара тығыз байланысты болады. Электрондық оқыту - бағдарламалық-әдістемелік кешен, өзіндік немесе мұғалімнің көмегімен білім курсындағы бөлімнің мүмкіндігін электрондық түрде қамтиды.
Электрондық оқыту, негізінен үш бөліктен құрастырылады: негізгі ақпараттық курс бөлімінен тұратын презентациялық бөлім, алған білімдері бойынша бекітілген жаттығулар, оқушының білімін көлемді түрде бағалау үшін тестер. Компьютерлік оқыту негізгі оқулықты, анықтаманы, есептеуішті, зертханалық жұмыстарды бір-бірімен байланыстырады.
Электрондық оқыту - таныстыратын теориялық материал, білімнің көрсеткішіне қарай біліммен жаттықтыруды қамтамасыз ететін, оқу үрдісін үзіліссіз дидактикалық материалдармен қамтамасыздандыратын, сонымен қатар ақпараттық іздеу, математикалық және компьютерлік визуалдаумен имитациялық моделдеу интерактивті кері байланыстармен шарт бойынша функцияларды үйренуге арналған бағдарламалық кешенді жүйе. Электронды оқыту барлық негізгі функцияларды, теориялық материалдарды көрсету, бірінші білімді алып қабылдауды көрсету, өзіндік білім алудың жаттығулары мен бақылау көрсеткіштерін қамтамасыз етеді. Дидактикалық цикл үрдісін біріңғай компьютердің көмегімен оқу үрдісін ұйымдастырып, оқушылардың білім алуда уақыттарын үнемдеп, автоматты түрде дидактикалық циклді бір ғана жұмыспен - электрондық оқулықпен орындау керек. Оқыту үрдісін жаңаша түрде орындау үшін компьютермен диалогтық қатынасты дұрыс орынға қою керек. Мультимедианың әдістемелік күші оқушыны дыбыспен, көрермендік бейнемен тез қызықтырып, ақпараттық және көңіл күйіне де көмек береді [4].
Қазіргі заманда білім кеңістігінің жоғары қызығушылықпен дамып келе жатқан саласы - электронды жүйемен оқыту. Осындай электронды оқыту жүйелерінің бірі E-learning. E-learning Қазақстандық білім жүйесінің дамуының жаңа бағытына айналды. Қазақстан Республикасы Президенті өзінің 2011 жылғы Қазақстан халқына жолдауында: 2015 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50 пайызы электронды оқытуды пайдаланып, 2020 жылға қарай оның саны 90 пайызға дейін артады дегенді айтқан болатын. Электронды оқыту жаңа технология болып табылатынына қарамастан, тарихи деректер E-learning электронды оқыту жүйесінің алғашқы қадамы ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында Стэндфорд университетінің қабырғасында орын алғанын көрсетеді. Бұл жоба аясында сол кезде компьютерлер математика пәнін оқыту үшін қолданылған және бүкіл әлем бойынша оқушыларды оқыту үшін осындай мультимедиялық курстардан әлемнің 35 мемлекетінен елу мыңнан астам оқушылар мен студенттер өткен. E-learning Финляндияда, Ирландияда және Оңтүстік Кореяда білімді жетілдіру мен экономикалық өсудің негізгі құралы болып есептеледі. Электронды оқыту бойынша арнайы ұлттық бағдарламалар жасалды. АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінде электронды оқыту күнделікті өмірдің практикалық тәжірибесіне айналған. Білім кеңістігінде электронды оқыту жүйесін қолданудың мақсаты бұл оқу үрдісінде сапалы білім беру қызметтерін енгізу және оған қолжеткізу үшін ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдана отырып ұйымдастыру. Ақпараттық технологиялардың дамуы қоғамның интеллектуалдық потенциалы мен мемлекеттегі білім дамуының деңгейіне байланысты. Білім мазмұны мен сапасы қоғамда әрқашан басымдық маңызға ие. Осының салдарынан білім сапасын көтеру мақсатында жалпы оқыту жүйесіне әртүрлі жаңа ақпараттық коммуникативтік технологияларды енгізу жоспарлы жұмыстары қарастырылуда. Әлемдік тәжірибеде ақпараттық телекоммуникациялық технологияларды білім саласында жетістікке қол жеткізе қолданудың бірнеше мысалдары бар, сонымен қатар оқытуда оң нәтижелер беретін іс жүзіндегі бағдарламалар мен жобалар да бар. Электронды оқыту жүйелеріне кіріктірілген заманауи компьютерлік технологиялар білімді жеткізу мен әртүрлі оқу ақпараттарына өтуде дәстүрлі оқыту құралдарына қарағанда анағұрлым әсерлі әрі нәтижелі. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі - тек біліммен қаруландырып қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру [3].
Осы тұрғыда мемлекетімізде үстіміздегі жылы Қарағанды облысы, Алматы мен Астана қалаларының 44 мектебіне енгізу жоспарланған. Қазақстанда E-learning жүйесінің электронды оқыту нарығында алатын орны да ерекше. Бұған дәлел қазіргі буын білімгерлер үшін ақпаратты электронды тәсілмен қабылдау қалыпты жағдай болып табылады. Көптеген Қазақстандық компаниялар тек жақсы оқытылған қызметкер ғана мекемеге табыс әкеле алады деген тұжырымды ұстанады. Осы орайда басшылар өзінің басқаратын мекемесінде қызмет жасайтын адамдар үшін бірлескен тренингтік бағдарламаларды дамыту бойынша ұтымды шешім қабылдауларына мәжбүр. Ал бұл тұрғыда жаңа білім алу үшін электронды оқыту E-learning талапқа сай келеді. Электронды оқытуда мұғалімнің автоматтандырылған жұмыс орны болады. Оған электронды журналдар, күнделіктер, жоспарлар, электронды оқытушылар бөлмесі, ата-аналарды SMS-хабарламалары кіреді. Әрбір оқушы мен оқытушының кез келген уақытта әлемдік ең жақсы білім ресурстарына онлайн өту мүмкіндігі болады. Сонымен қатар цифрлық білім ресурстары, яғни электронды оқулықтар, ойындар, виртуалды тренажерлар, зертханалар болу керек. Жалпы E-learning электронды оқыту жүйесіне берілетін анықтамалық түсініктер өте көп. Солардың бірі E-learning - оқу үрдісін сапалы ұйымдастыру үшін компьютерлік технологияларды құрылымдас мақсатты бағытпен қолдану. Электронды оқытуды қолдану аясында қандай бір шектеулер болмайды. E-learning - күндізгі семинарлардың инновациялық баламасы, сонымен қатар қызметкерді оқыту құралы, кез келген адамның жеке және кәсіби өсуіне тиімді, өз бетімен және жан-жақты дамуына бағытталған құрал ретінде. Қазір Қазақстанда электронды оқытудың синонимі қашықтықтан оқыту жүйелерін (ҚОЖ) өндірістік ірі компаниялар мен банктік секторлар да енгізуде. Себебі, электронды білім беру жүйесі - болашақта жаппай ағарту саласын қамтитын жаңа үрдісті шығармашылық еңбек. Үшінші мыңжылдықта қолға алынып жатқан инновациялық жалпыадамзаттық үрдіс десе де болады. Е-learning электронды оқыту жүйесі білім берудің барлық сатысын технологияландыруымен ерекше. Электронды оқыту түрін қолданудың әсерлігі мен нәтижелігі туындайтын жағдаяттардың нақты факторларына тәуелді болуында.
Е-learning электронды оқыту жүйесін қолдануға қойылатын талаптарда жоқ емес себебі, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталу жағдайлары толығымен өзгертіледі, яғғни әр оқытылатын пәнге арналған жаңаша кабинеттер жасақталады. Бұған дейін тек информатика немесе физика кабинеттерінде тұратын компьютерлік аппараттық жасақтамалар интерактивті тақта, ноутбук, сондай-ақ жаңа құрылғы - электронды планшетниктер, тағы басқа қажетті құралдар барлық пән кабинеттерге толықтырылады. Бұл жүйемен оқыту білімгерлердің бұрынғы ұстап жүрген портфельдерінен бастап күнделіктеріне дейін электронды түрге ауыстырады. Электронды оқыту жүйесінің ерекшелігінің бірден-бір негізгі ұғымы білімгерлер үшін ол - планшетник. Бұл өте қолайлы, бүгінгі заман талабына сай, жан-жақты білім беруге лайық құрал. Бұл планшетник білім мекемесіндегі компьютерлік торапқа байланыстырылады да білімгерлер өзіне қажетті ақпараттың барлығына қол жеткізіп отырады, яғни мектеп күнделігі, электронды сабақ кестесі, оқулықтар тіпті алған бағаларына дейін ата-аналарымен көрулеріне жағдай жасалады. Бұл ақпарат беру жүйесі мен кері байланыс еш кедергісіз, мұғалімсіз-ақ жүзеге асырылады деген сөз. Білім мекемесіндегі кітапхана, медицина қызметкерлері кабинеті, мұғалімдер бөлмесі де интернетке қосылған компьютерлерге жалғану арқылы жұмыс істейді. Мұндай оқыту педагогтардың жұмысын мәселен, жоспарлау, сабақ кестесін жасау, кабинеттерді бөлу, журналға баға қою, статистикалық мәліметтер жинау, тағы басқа ұсақ-түйек қол байлайтын шаруаның бәрі автоматты түрде жүзеге асады [5].
Электронды оқыту жүйесі одан бөлек ата-аналар үшін де өте тиімді деуге болады. Жұмыстан қолы босамайтын ата-аналар үшін бұл электронды жүйе бірден-бір шешім сияқты десе де болады, алайда балаларының сабағын тексеру сияқты жұмыстарды ата-аналардың орындауы үшін интернет байланысының қажеттігін түсінгендері жөн. Тіпті қалаған уақытта сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен де сөйлесу мүмкіндігі мол, ол үшін электронды оқыту жүйесінде sms хабарлама ұйымдастырылған.
Біздің қоғамымызда виртуалды оқыту - виртуалды білім деген көзқарас қалыптасқан. Меніңше, біз білімді қандай тәсілмен алсақ та ол виртуалды болады. Себебі ақпаратты қабылдау мен беру арасында уақытша сияқты кеңістіктік қашықтық қалыптасқан. Осы көзқараспен қарасақ күндізгі оқыту үрдісінің қашықтықтан оқыту үрдісінен ерекшелігі мүлдем аз. Бұл үрдіс білімгерлер тарапына да тәуелді. Бұл қашықтықтан оқитын студенттерде өте жоғары, олар өздерінің қашықтықтан оқу нәтижелері олардың өздеріне байланысты екендігін күндізгі бөлім студенттеріне қарағанда түсінеді әрі мойындайды. Ақыр соңында әрбір студент электронды оқу түрі - қашықтықтан оқуды сырттай оқуды сияқты өзі таңдайды. Оның үстіне қашықтықтан оқыту бағдарламасының көбінде байланыс фазасы болады, яғни оқытушы мен білімгердің кездесіп пікіралмасулары.
Дәстүрлі оқыту жүйелері насихаттығына E-learning әсері болады. Алайда сапа туралы мәселе қозғалса, онда дәстүрлі оқыту түрлері мен E-learning электронды оқыту жүйесін біріктіру тиімді болар еді. Күндізгі және қашықтықтан оқыту технологиялары бар аралас оқытуды қолдану кемшіліктерді жойып, оқытудың екі формасының да жағымды тұстарын қабылдауға мүмкіндік береді. Ұстаз - мектептегі басты тұлға, солай болып қала береді. Электронды оқыту дәстүрлі білім берумен астасып жатыр. Бұл ретте оқытушының сабақ беру шығармашылығын алып тастау деген сөз емес. Керісінше, оқытушы тақырыпты түсіндіру барысында небір қызықты дерек-дәйектерді қосымша пайдалануына мүмкіндіктер жасалған. Электронды оқыту жүйесін мектептерге енгізудің нәтижелі болуы ең әуелі ұстаздардың біліктілігіне тікелей байланысты.Сол себепті де заманауи ұстаз жаңа техникалық әрі педагогикалық жаңашылдықтарды өзара шебер үйлестіре алатын маман болуы тиіс. Өз сабағының ре-жиссурасын, сценарийін өзі жасап, қай жерінде, қалай электронды оқытуды пайдалану керектігін шебер меңгерген болуы тиіс. Яғни, заманауи педагог - үздіксіз жетілу, біліктілігін жоғарылату үстінде жүрген маман. Педагогика саласындағы жаңа-шылдықтарды игерген тұлға деген сөз [19].
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды, сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Осы ретте оқу үрдісін заман талабына сай жүргізу үшін электронды оқулықты электронды оқыту кешеніне айналдыру электронды оқулық пен ақпараттық-коммуникациялық мүмкіндіктердің барлығын дерлік қамти алады. Оқыту мақсаттары мен міндеттеріне білім беру, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру, тәжірибе алмасу, алынған білім, біліктілік пен дағдыны тексеруді жалпылай жатқызамыз. Электронды оқыту жағдайында осы мақсат - міндеттерге жету келесі электронды оқыту түрлері мен жабдықтарының көмегімен іске асырылады. Оқыту мазмұнының құрамына әрдайым теория, білімді тәжірибелік тұрғыдан бекіту және білімді тексеру кіреді.
Электронды оқытудың әдістемелік оқыту моделінде оқыту құралдарының орын алуы өзгереді. Олар оқыту құрылымы мен мазмұнын, әдістерін және оқытудың формаларын анықтайды. Енді бүгінгі күнде электронды оқыту әдістері мен формаларына тоқтала кетейік. Электронды оқытудың әдістеріне топтық әдіс және жеке-дара оқыту әдісі жатады. Бұлар кеңінен тараған оқыту формалары.
Электронды оқыту құралдарына оқытуды ұйымдастыру және жүргізу үшін арналған бағдарламалық өнімдерді жатқызамыз. Электронды оқыту жағдайында әртүрлі оқыту формалары мен әдістерін, мазмұнын қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау үшін оқыту құралдарын салыстыру және оларды бағалаудың негізгі бағыттарын ескеру қажет. Олар жасау және қолдану технологиясы, ұсынылатын аспаптар жиынтығы, ұсынылатын қызметтің іске асырылу деңгейі.
Нақты бағдарламалық өнімді жасау мен қолдану технологиясы жеке-дара және топтық оқыту сияқты әртүрлі әдістерді қолдана отырып, оқытуды іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар электронды оқыту шеңберінде оқытудың басқа да формаларын ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады [6].
Ұсынылатын аспаптар жиынтығы оқыту мазмұнының құрылымын қандай да бір тәсілмен қалыптастырып, әртүрлі типті сабақтарды ұйымдастыруға жол ашады. Электронды оқыту шеңберінде оқыту үрдісіне нақты бағдарламалық өнімді ендіру мен қолданудың тиімділік деңгейін, әдістемелік толықтығын өнімнің аспаптар жиынтығы анықтайды.
Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әр түрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттандыру ісі Қазақстанның білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде. Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына сәйкес электрондық оқыту деп аталатын оқытудың жаңа технологиясы қалыптасып, нығая түсуде. Сондықтан педагогика ғылымының алдында электрондық оқытудың формасына және құрамына қойылатын кешен талаптарды анықтау қажеттігінен электрондық оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру мақсаты туындап отыр.
Әдістемелік жүйенің бөліктерін электрондық оқытуға сәйкес толығырақ қарастырсақ, оны мына 1-суреттен көруге болады. Оқыту мақсаттары мен міндеттеріне білім беру, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру, тәжірибе алмасу, алынған білім, біліктілік пен дағдыны тексеруді жалпылай жатқызамыз. Электрондық оқыту жағдайында осы мақсат-міндеттерге жету келесі электрондық оқыту түрлері мен жабдықтарының көмегімен іске асырылады.
Оқыту мазмұнының құрамына әрдайым теория, білімді тәжірибелік бекіту және білімді тексеру кіреді. Электрондық оқытудың әдістмелік оқыту моделінде оқыту құралдарының орын алуы өзгерді.
Сурет Оқытудың мақсаты
Оқыту формасы: автономдық, қашықтан оқыту
Оқыту мазмұны: теориялық білімді тәжірибелік бекіту, білімді тексеру
Оқыту әдістері: топтық әдіс, жеке-дара оқыту әдісі
Оқыту мақсаты: бағдарламалық өнімдер
1.Электрондық оқытудың мазмұны, формасы, әдістерінің байланысы
Олар оқыту құрылымы мен мазмұнының әдістерін және оқытудың формаларын анықтайды. Енді бүгінгі күнде электрондық оқыту шеңберінде жиі қолданылатын оқыту әдістері мен формаларына тоқтала кетейік, электрондық оқытудың әдістеріне топтық әдіс және жеке дара оқыту әдісі жатады. Бұларды кеңінен тараған оқыту формаларына жатқызуға болады.
Электрондық оқыту құралдарына оқытуды ұйымдастыру және жүргізу үшін арналған бағдарламалық өнімдерді жатқызамыз. Электрондық оқыту жағдайында әр түрлі оқыту формалары мен әдістеріне мазмұнын қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау үшін оқыту құралдарын салыстыру және оларды бағалаудың негізгі бағыттарын ескеру қажет. Яғни, жасау және қолдану технологиясы, ұсынылатын аспаптар жиынтығы, ұсынылатын қызметтің іске асырылу деңгейі.
Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу үрдісінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, мектеп оқушыларының өз бетімен ісденісі пәнге деген қызығуын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.
Сонымен қатар, электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карта және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады [7].
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс, музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі.
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет - деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Көрнекілік, сурет, сызбалар компьютермен іске асырылады
Алған білімін, өзін тексереді
Түрлі ақпараттық анықтамалар
Сарамандық тапсырмалар орындайды
Электрондық оқыту
Тест тапсырмаларын орындайды
Пәнге қызығуы артады
Ойлау қабілетін дамыта алады
Сурет 2. Электрондық оқытудың тиімділігі
Бұл жүйені ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етуді Білім және Ғылым минстрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық Ақпараттық Технологиялар акционерлік қоғамы жүзеге асыратын болады. Электронды оқыту жүйесі Электронды Үкіметтің бір бөлігі болып есептеледі. ҰАТ АҚ (АО НИТ) жергілікті жердегі бөлімшесі Астана қаласындағы оқу орындарының электронды оқыту жүйесін бақылап, жол сілтейтін болады.
Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейінгі дамытудың стратегиялық жоспарының 136-тармағында: Орта, техникалық, кәсіптік және жоғарғы оқу орындарында электрондық оқыту жүйесі (е-learning) енгізілетін болады, - деп қарастырылған. Және Елбасының 2010 жылғы 7 желтоқсанда № 1118 Өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі оқу үдерісін автоматтандыруды енгізудегі білім беру ұйымдарының 90%-ы электрондық оқыту жүйесін қолданылады мақсаттық индикаторына негіздеп электронды оқыту жүйесін 2011-2012 оқу жылынан бастап жүзеге асырылып отыр.
Білім беру жүйесін басқаруды қолдаудағы басты құрал болуы себепті электрондық оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті мәліметтерді сақтауы тиіс. Сондай-ақ, ол - білімді дамытудың ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралы, екіншіден, электрондық оқыту жүйесінің кез-келген түйінінен мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы, үшіншіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде әрекет етуі тиіс.
Электрондық оқыту жүйесі барлық білім беру мекемелері, мұғалім, оқушы және олардың білім беру ортасында ауысып отыруы туралы мәліметтерді сақтайды.
Электронды оқыту жүйесі төмендегідей ішкі жүйелерден тұрады:
- Ұлттық білімдік мәліметтер қоры;
- Мектептерді басқарудың ішкі жүйесі (мектеп іс қағаздарын жүргізу, т.с.с)
- Электрондық оқулықтар ішкі жүйесі-e-Book;
- Оқыту үрдісін басқару ішкі жүйесі - LMS;
- Оқу мазмұнын басқару ішкі жүйесі - LCMS;
- Тестіні басқарудың ішкі жүйесі - TMS;
- Дамытуды басқару ішкі жүйесі - DM;
- Мониторинг және талдау ішкі жүйесі,
- Сыртқы ақпараттық жүйелермен біріктіру модулі.
Жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі - электрондық оқыту жүйесін іске асыру мол мүмкіндіктер береді.
Дәлірек айтсақ, электрондық оқыту жүйесінде әкімшілік, директордың орынбасары, мұғалім, оқушы, медициналық қызметкер, кітапханашы үшін функционалдар әзірленген және бұл жүйені ата-аналар сырттай бақылай алатын болады.
Оқушы автоматтандырылған жүйеде өзінің жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Ал мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептелік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Ата-аналар қауымы тәрбие мәселелері бойынша кеңестер алу, сондай-ақ қашықтықтан баласының сапалы орта білім алуы мен жетістіктері туралы ақпараттық хабарлама алу мүмкіндігіне ие болады [8].
Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі жергілікті және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады.
Міне, жоғарыда атап көрсетілгендей, біздің алдымызда осындай келелі міндеттер тұр. Мемлекет өз кезегінде ақпараттық технологиялардың дамуына, білім беру мекемелерінің компьютерлік, интерактивті техникамен, мультимедиалық кабинеттермен жабдықталуына жағдай жасап отыр.
2020 жылы әрбір оқушы мен мұғалімде дербес компьютер болады деп көрсетілсе, кең жолақты Интернет желісіне қосылу қазіргі кезде 36%, Бағдарлама аясында ол көрсеткіш 100%-ға жетеді деп жоспарлануда.
Электронды оқыту жүйесіне 2012-2013 оқу жылында енетін республика көлеміндегі 537, Астана бойынша 10 мектептің қатарына кіріп, қазіргі кезде компьютерлік, интерактивті техникамен және мультимедиалық кабинеттермен жабдықталып, кең жолақты интернет қосу жұмыстары жүргізіліп, ҰАТ АҚ-ның мамандарына мектебіміз туралы барлық мәліметтер ҰБДҚ(НОБД)-ға енгізуге берілу сияқты жұмыстар атқарылып жатыр.
Алдағы уақытта да қомақты жұмыстар атқаратын болады.
Қорыта келгенде, заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электронды оқу жүйесінің маңызы зор және оқытудың жаңа ақпараттық- телекоммуникативтік технологиясының бір түрі деп қарастыруға болады. Сондай-ақ ұстаздар қауымы да өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан алуға қол жеткізе алады. Сонымен қатар, E-Learning электронды оқыту жүйесінің тек ұстаздар мен білімгерлермен бірге ата-аналар үшін де тиімді тұстары мол.

ЭО оқытудың жолын түбегейлі өзгертті. 2000 мен 2001 жж екі үлкен алдыға қозғалыс болды: жаңа компьютерлік платформа ретінде интернет пайда болды және АҚШ рецессия басталды. Бұл екі фактор бірге оқытушы бағдарламалар мен материалдардың оқыту үрдісінде қуатты фокус жасады, яғни нұсқаушының жетекшілігімен деген санаттан онлайн деген санатқа өтуге мүмкіндік берді.
Бүгінгі күнде ЭО жоғарғы даму сатысында тұр, сондықтан нарықта онлайн оқытудың және онлайн білім берудің көптеген түрлері бар. Тез онлайн оқыту (PowerPoint пен Flash технологиялардың көмегімен), қосымшалармен жұмысты модельдеу, анимацияланған кейіпкерлерді қолдану, бизнес-үрдістерді модельдеу, интерактивті оқыту үрдістерінің аудио, видео және т.б. көптеген элементтері бар.
Көптеген орта білім беретін мектептерде информатика сабағын оқыту барысында Интернет сабаққа арналған материалдарды тарату үшін, нұсқаушылар мен оқушылардың араласуы үшін, сондай-ақ жаттығулық құралдарды тарату үшін қолданылады.
Информатика сабағында электрондық оқытуға сәйкес, бұл оқыту үрдісі компьютерлер мен компьютерлік желілерді қолданып оқыту болып табылады. Сабақты қашықтықтан оқытуға (мысалы, материалдарды пошта арқылы жіберу) қарағанда ЭО заманауи үстелдік ЖК артығырақ болып келеді: графика, дыбыс, үш өлшемді сценалар мен анимациялар, виртуалды жаттығулар және т.б. Информатика пәнін компьютерлік оқытуға (CBT, computer-based training, пайдаланушы ЖК өзі ғана жұмыс істегенде) қарағанда электрондық оқытуда желілік мүмкіндіктер қолданылады: оқытудың нәтижелерінің жетекшіге берілуі, бірге жұмыс істеудің нәтижелері, кеңестер мен талқыланулар, тәжірибе алмасу, ұстазды қолдау және т.б.
Информатика сабағындағы электрондық оқыту мынадай терминдермен байланысты: компьютерді қолданып оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялардың көмегімен оқыту [10].
Болашақтың білімі компьютерлік технологиялардың дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, болашақ информатика мамандарын дайындауда электронды оқытудың технологияларын пайдалану заманауи оқытудың өзекті мәселесі болып табылады.
Зерттеу барысында біз on-line оқытудың Интернеттегі көптеген түрлерімен кездестік:
oo i-мектеп (Оқыту технологиясының МОО оқыту орталығы).
oo АБИТУРИЕНТТІ сырттай оқыту мектебі.
oo Эйдос қашықтықтан оқыту орталығы
Осылайша, информатика сабағын ЭО технологиялары бойынша оқыту танымал болып келеді, сондай-ақ оның даму мүмкіндігі мол, өйткені ЭО технологияларын қолданудағы телекоммуникациялық технологиялар күннен-күнге дамып келеді.
Информатика пәнi бойынша электрондық оқулықты құрудың кейбiр принциптерi.
Кванттық принциптерi: көлем бойынша минимальды, бiрақ мазмұны көрiнбей тұратын материалдарды тарауға бөлу.
Толықтыру принципi: кез-келген модульды келесi компоненттерге бөлу керек.
1. Теоретикалық негiз;
2. Теория бойынша бақылау жұмысы;
Мысалдар, өзiндiк жұмыс үшiн тапсырма мен жаттығулар, барлық модульге арналған бақылау сұрақтары мен жауаптары, бақылау жұмысы, қосымша анықтамалар (HELP) тарихи пiкiрлер.
Көзқарас принциптерi: мұнда әр модуль аз мәтiн мен визуализация арқылы құрылуы керек, ол жаңа түсiнiктер, қағидаларды, әдiстердi оңай есте ақтау керек.
Тармақталған принциптерi кез келген модульге еркiн енетiндей етiп, әр модуль келесi модулге гипермәтiндiк сiлтеме арқылы байланысу керек.
Сәйкестендiру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz