Қ.Бітібаева техгологиясы бойынша көркем шығармаларды талдау
КІРІСПЕ 3
1 Қ. БІТІБАЕВАНЫҢ АТАУЛЫ МЕКТЕБІ . ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ОРТАЛЫҒЫ 5
1.1 Өр шығыстың шыңға шыққан шынары 5
1.2 Қазақ әдебиетіндегі Қ.Бітібаеваның атаулы мектебі 9
2 ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ . ҒЫЛЫМИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚҰБЫЛЫС 14
2.1 Оқыту тәсілдері 14
2.2 Көркем мәтінді талдау жолдары 23
3 КӨРКЕМ ТУЫНДЫНЫ ОҚУ ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ ЕҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕСІ 27
3.1 Көркем шығармалармен жұмыстың қорытынды кезеңдері 27
3.2 Әдеби шығармаларды, көркем мәтінді оқыту, талдау жолдары 30
ҚОРЫТЫНДЫ 35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 37

Ұрпақтардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына қазақ сөз өнерін оқытатын ұстаздардың қызметі айрықша бағалылығымен ерекшеленеді. Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық сөз өнерін оқыту мен жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарын тұтастыра жүргізудің үздігі атанған Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның ұлағаты қазіргі республика ұстаздарына өнеге-үлгі мектебі болып отыр.
Қанипа ұстаз ұлттық сөз өнері ұлағатын орта мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудағы оқу-әдістемелік шеберлігімен жүзеге асырды. Оның пәндері бойынша тек ғана озық үлгірім көрсеткіштерімен білім алған шәкірттері фольклор мұралары мен әдебиет туындыларының көркемдік-эстетикалық дүниетанымды тереңдететін тағылымын меңгерді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда – өзіндік жаңашыл ізденістерімен, шәкірттердің қабылдау психологиясына айрықша ықпал жасаған инновациялық-әдістемелік жаңашылдығымен оқыту мен тәрбиелеуде үздік нәтижелерге қол жеткізді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің өткен 20 жылы ішінде де қазақ сөз өнерін оқытудың, сол арқылы жас ұрпақты тәрбиелеудің үздігі Қанипа Омарғалиқызының іс-тәжірибесімен республикамыздың аймақтарынан орта мектептің, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары тәжірибе алмасу үшін арнайы келіп дидарласады. Алыс-жақын шетелдерден (Ресей, Қытай, Түркия, т.б.), Астанадан, Алматыдан келген қоғам қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың, ғалымдардың – бәрінің де ғалым-ұстаз еңбек ететін Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы арнайы облыстық мектеп-гимназия интернатындағы Қанипа Омарғалиқызының зертханасына келуі дәстүр боп қалыптасқан.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүкіл саналы ғұмырын білім беру саласына арнап келе жатқан Қанипа Өмірғализының өмірімен, еңбек жолымен танысу арқылы оның оқушыларды оқытуға арналған үздік технологиясының қыр-сырын меңгеру.Өз сөзінде: «...данышпан Абай мен ұлы Мұхтар Әуезов шығармаларын оқыту жөніндегі кітаптар жазу барысында ұлтымның асыл қасиеттеріне, қажыр-қайратына ешкімге ұқсамайтын қадіріне, салт-дәстүріне, бай тіліне тәнті болып келемін» деген сөздерінен ол кісінің ұлтын бар жан-тәнімен сүйе отырып, ұлт болашағы үшін қызмет еткенін байқауға болады. Келешек ұрпаққа үлгі боларлықтай мұндай адамдарды ұлт жадына бекіту.
Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Әдіс-тәсілдер деген не? Мұның бәрі Қ.Бітібаева технологиясында жете жазылған. Қазіргі күнде елімізде осы технологияны ұстаздар қауымы кеңінен қолдануда. Ал мен осы әдістердің өзектілігін ашуға барынша тырыстым.

1 Әбішева С., Құдайбергенова Г. Қазақтың Қанипасы: Ұстаз портреті.- Астана: Б.ж., 2004.- 316 б.
2 Әбиев Ж. Педагогика тарихы [Мәтін] / Ж. Әбиев.- Алматы, 2006.- 480 б.
3 Ғабдуллаұлы С. Алтай асу: Өлеңдер мен толғаулар. - Алматы: Қазақпарат, 2002.- 140 б.
4 Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені=Кто есть Кто=Who is Who 2004-2006 [Мәтін]: анықтамалық. Т. 2 / құраст. А. Асылбеков.- Алматы: Золотой теленок, 2006. - 996 б.
5 Қарасаев Ғ. Ұстаздықтың хан-апасы [Мәтін]: Тарихи-педагогикалық шолу.- Өскемен: Медиа-Альянс, 2005. - 216 б
6 Құдайбергенева К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы - педагогикалық технология көзі: Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған оқу құралы.- Алматы, 2003.- 66 б.
7 Сарыбаев Ш., Қалиев Ғ. Қазақ диалектологиясы: оқулық.- 3-ші басылымы.- Алматы: Атамұра, 1991.- 200 б.:
8 Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары (тарих, мәдениет, білім) [Мәтін] / Шығыс Қазақстан облысының Мәдениет басқармасы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.- Өскемен: ШҚМУ, 2006.- 432 б.
9 Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту: ХІХ ғасырдың ІІ жартысы, ХХ ғасыр: Оқу құралы, бағдарлама: Х,ХІ сыныптар.- Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы ҚР білім акад. Респ. баспа кабинеті, 2000.- 274 б.
10 Бітібаева Қ. М.Әуезов туындыларын мектепте оқыту: Әдістемелік құрал.- Алматы: Мектеп, 2002.- 120 б.
11 Бітібаева Қ. Мектепте Абай шығармаларын оқыту. - Өскемен: Б.ж., 1994.- 180б.
12 Бітібаева Қ. О. Абай және толық адам тәрбиесі/ Бітібаева Қ. О.// Абай және XXI ғасыр : халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференциясының материалдары 21-22 қазан 2005 жыл, Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы . - Өскемен: ШҚТУ, 2005.- Б. 50-53
13 Бітібаева Қ.О. Әдебиетті оқыту әдістемесі: Педагогикалық оқу орындарына арн.оқулық.- Алматы: Рауан, 1997.- 288б.
14 Бітібаева Қ.О. М.Әуезов шығармашылығын оқыту: Әдістемелік нұсқау.- Алматы, 1994.- 94б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Қ.Бітібаева техгологиясы бойынша көркем шығармаларды талдау
Студент: Қ-10 тобының оқушысы
Шаймұрат Г.О.
Жетекшісі: Қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің оқытушысы
Искакова Ғ.С.
2013 – 2014 оқу жылы
Жоспар
КІРІСПЕ 3
1 Қ. БІТІБАЕВАНЫҢ АТАУЛЫ МЕКТЕБІ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ОРТАЛЫҒЫ 5
1.1 Өр шығыстың шыңға шыққан шынары 5
1.2 Қазақ әдебиетіндегі Қ.Бітібаеваның атаулы мектебі 9
2 ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ – ҒЫЛЫМИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚҰБЫЛЫС 14
2.1 Оқыту тәсілдері 14
2.2 Көркем мәтінді талдау жолдары 23
3 КӨРКЕМ ТУЫНДЫНЫ ОҚУ ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ ЕҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕСІ 27
3.1 Көркем шығармалармен жұмыстың қорытынды кезеңдері 27
3.2 Әдеби шығармаларды, көркем мәтінді оқыту, талдау жолдары 30
ҚОРЫТЫНДЫ 35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 37
КІРІСПЕ
Ұрпақтардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына қазақ сөз өнерін
оқытатын ұстаздардың қызметі айрықша бағалылығымен ерекшеленеді. Тәуелсіз
Қазақстандағы ұлттық сөз өнерін оқыту мен жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарын
тұтастыра жүргізудің үздігі атанған Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның
ұлағаты қазіргі республика ұстаздарына өнеге-үлгі мектебі болып отыр.
Қанипа ұстаз ұлттық сөз өнері ұлағатын орта мектептегі қазақ тілі мен
әдебиеті пәндерін оқытудағы оқу-әдістемелік шеберлігімен жүзеге асырды.
Оның пәндері бойынша тек ғана озық үлгірім көрсеткіштерімен білім алған
шәкірттері фольклор мұралары мен әдебиет туындыларының көркемдік-
эстетикалық дүниетанымды тереңдететін тағылымын меңгерді. Қазақ тілі мен
әдебиеті пәндерін оқытуда – өзіндік жаңашыл ізденістерімен, шәкірттердің
қабылдау психологиясына айрықша ықпал жасаған инновациялық-әдістемелік
жаңашылдығымен оқыту мен тәрбиелеуде үздік нәтижелерге қол жеткізді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің өткен 20 жылы ішінде де қазақ
сөз өнерін оқытудың, сол арқылы жас ұрпақты тәрбиелеудің үздігі Қанипа
Омарғалиқызының іс-тәжірибесімен республикамыздың аймақтарынан орта
мектептің, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары тәжірибе алмасу
үшін арнайы келіп дидарласады. Алыс-жақын шетелдерден (Ресей, Қытай,
Түркия, т.б.), Астанадан, Алматыдан келген қоғам қайраткерлерінің, ақын-
жазушылардың, ғалымдардың – бәрінің де ғалым-ұстаз еңбек ететін Өскемен
қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы арнайы облыстық
мектеп-гимназия интернатындағы Қанипа Омарғалиқызының зертханасына келуі
дәстүр боп қалыптасқан.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүкіл саналы ғұмырын білім беру саласына
арнап келе жатқан Қанипа Өмірғализының өмірімен, еңбек жолымен танысу
арқылы оның оқушыларды оқытуға арналған үздік технологиясының қыр-сырын
меңгеру.Өз сөзінде: ...данышпан Абай мен ұлы Мұхтар Әуезов шығармаларын
оқыту жөніндегі кітаптар жазу барысында ұлтымның асыл қасиеттеріне, қажыр-
қайратына ешкімге ұқсамайтын қадіріне, салт-дәстүріне, бай тіліне тәнті
болып келемін деген сөздерінен ол кісінің ұлтын бар жан-тәнімен сүйе
отырып, ұлт болашағы үшін қызмет еткенін байқауға болады. Келешек ұрпаққа
үлгі боларлықтай мұндай адамдарды ұлт жадына бекіту.
Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне,
шеберлігіне де байланысты болады. Әдіс-тәсілдер деген не? Мұның бәрі
Қ.Бітібаева технологиясында жете жазылған. Қазіргі күнде елімізде осы
технологияны ұстаздар қауымы кеңінен қолдануда. Ал мен осы әдістердің
өзектілігін ашуға барынша тырыстым.
Зерттеу нысаны. Қанипа Өмірғалиқызының оқушыларды әдебиет сабағына
қызықтыру мақсатында ұсынған әдісімен танысу.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Мұнда келешек ұрпақты өткен тарихы
мен болашағына үңілуді жақсарта түсу үшін, оның ұлттың рухани дүниесімен,
яғни әдебиетімен танысуы қажет. Ал осы курстық жұмыста осы оқушылардың
рухани дүниесін қазақ әдебиетіне үңілу арқылы байытудың әдіс-тәсілдері
ұсынылған. Жұмысымның негізгі міндеттері:
– өр шығыстың шыңға шыққан шынары Қ.Бітібаеваның өмірімен
таныстыру;
– қазақ әдебиетіндегі Қ.Бітібаеваның атаулы мектебіне баға беру;
– әдебиетті Қ.Бітібаеваның технологиясы бойынга оқыту тәсілдерін
қарастыру;
– көркем шығармаларды оқып-үйренудің әдістерін меңгеру;
– көркем әдебиетті оқып-үйрену және талдауды саралау;
– көркем шығармалармен жұмыстың қорытынды кезеңдерін анықтау.
Жұмыстың дереккөздері. Қанипа Өмірғалиқызының шыққан кітаптары, ол
туралы жазылған пікірлер, мерзімді баспасөзден алынған деректер.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, үш тарау, бірнеше
тараушадан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қ. БІТІБАЕВАНЫҢ АТАУЛЫ МЕКТЕБІ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ОРТАЛЫҒЫ
1.1 Өр шығыстың шыңға шыққан шынары

1945 жылы Шығыс Қазақстан облысы , Тарбағатай ауданы, Жетіарал
ауылында дүниеге келген. Жаңашыл ұстаз, профессор. 1968 жылы Семей
педагогикалық институтын бітірген. Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі.
КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
1968-1980 жылға дейін Ласты ауылында мұғалім болды. 1980 жылы Өскемен
қаласындағы Жамбыл атындағы облыстық мектеп-интернатында ұстаздық қызметі
жалғасады. Осы кезеңдерде еліміздегі ұстазға берілетін атақ, дәреже мен
құрметтің барлығын алды. Ұстаздардың ұстазы, халық мұғалімі аталды.
Авторлық мектептің жетекшісіне айналды. Қ. Бітібаеваның есімі, атағы
Республика жұртшылығынан асып, ТМД елдеріне дейін жайылды.
1980 жылы Тарбағатай аудандық Ленин туы газетінде оқу-тәрбие жұмысын
ұйымдастырудағы қалыптасқан тәжірибесінен Оқу министірлігі , Шығыс
Қазақстан облыстық оқу бөлімі мен облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру
институтының ұйымдастыруымен арнайы бет плакат шығарылып, аудан
мектептеріне таратылды. Оқу министірлігі мен орталық білімін жетілдіру
институтының негізінде республика теледидарының Шапағат хабарында
Әдебиеттегі оқытудың тиімді жолдары атты хабар беріліп, іс-тәжірибесі
талқыланды. 1983 жылы Қазақ ССР Оқу министірлігі мен республикалық
мұғалімдер білімін жетілдіру институты тарапынан оның Қазақ тілі мен
әдебиетін оқытудың тиімді жолдары атты тақырыппен тәжірибесі арнайы бет
плакат арқылы шығарылып, республика ұстаздарына таратылды. Әуезов
шығармашылығын оқытудың өзекті мәсәлелері атты тәжірибесі сараланды. Осы
уақыттардан бастап Қанипа Омарғалиқызының Мұхтар Әуезов шығармаларын, Абай
ілімін оқытудағы өзіндік жолы, шығармашылығы қалыптаса бастады [1, 12 бет].
Көлемді де құнды, еліміз бойынша барша оқу орындарындағы қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мамандары арасында қолданылып келе жатқан 15
монографиялық еңбек туды. Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары, М. Әуезов
шығармашылығын оқыту, Абай шығармашылығын мектепте оқыту, Абай және
Әуезов үндестігін оқыту, Абайды таныту, М. Әуезов мектепте, Әуезовті
оқыту әдістемесі шығармалары республика мұғалімдер қауымынан қызу қолдау
тапқан. Сонымен қатар 6 оқу курсының авторы болып табылады. Олардың
қатарында Абай мектепте, 10-11 сыныптарда қазақ әдебиетін тереңдетіп
оқыту, М. Әуезовты оқыту атты кітаптары бар. Аталған кітаптар облыстағы
қазақ тіліндегі орта мектептерінде негізгі оқулық ретінде тұрақты түрде
оқытылып келеді. Республикалық ғылыми-педагогикалық журналдарда жарияланған
50-ден астам ғылыми-әдістемелік мақалалардың да авторы болып табылады.
1991 жылдан Өскемен қаласында Қ. Бітібаеваның республикалық атаулы
мектебі жұмыс істейді. Ұстаздың іс-тәжірибесі туралы бірнеше оқу фильмдері
түсірілген.
Қанипа Омарғалиқызының педагогикалық еңбек өтілі – ХХ ғасырдың 1968-90
жылдары мен қазіргі ХХІ ғасырдың осы өзіміз өмір сүріп отырған кезеңді
қамтиды. 1968 жылы Семей қаласындағы Н.К.Крупская атындағы педагогикалық
институттың Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бөлімін үздік дипломмен
бітіріп, өмір бойы ұлтымыздың тілі мен әдебиетін оқытумен айналысты.
Қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның әлем өркениеті деңгейіндегі үздік ұстазы боп
танылған оның еңбек көрсеткіштері педагогикалық мамандық иелері үшін озық
инновациялық-технологиялық үздік бағдарлы сипатымен маңызды болып отыр. Ол
– республикалық ғылыми-әдістемелік Бітібаеваның атаулы мектебінің және
зертханасының жетекшісі.

жаңашылдығымен оқыту мен тәрбиелеуде үздік нәтижелерге қол жеткізді. 1968-
1980 жылдары туған өңірі Тарбағатайдағы ауылында мектепте мұғалім,
директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары болып еңбек жолын
бастаған ол қазіргі уақытқа дейін мұғалім мамандығының шығармашылық
ізденіспен ғана жемісті болатынын дәлелдеді. Педагогикалық еңбек жолының
1980 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы мектеп-интернатына ұстаздық
қызметке шақырылуына жалғасқанына дейін де, одан қазіргі уақытқа ұласқан
жылдар белестерінде де – бәрінде де ол сапалы еңбегімен жас ұрпақты оқыту
мен тәрбиелеудің алдыңғы сапында келеді. Сонау алғашқы еңбек жолын бастаған
ауылындағы мектепте ұйымдастырған Жас қалам әдеби-драмалық үйірмесі
негізінде кіші театр ашқан еді, осылайша пән сабақтары мен сыныптан тыс
эстетикалық тәлім-тәрбие ұштасуының озық үлгісін әлі күнге дейін
жалғастыруда [2, 205 бет].
Сол алғашқы еңбек жылдарында туған ауданында тұңғыш рет өзі
жабдықтаған Орта мектептер үшін әдістемелік кабинеті бүкіл аудан
мұғалімдеріне зертханалық ғылыми-зерттеу орталығы болған-ды. Аудандық,
облыстық, республикалық педагогикалық оқуларда оқу-әдістемелік жұмыстарымен
танымал болған Қанипа Омарғалиқызы Кеңес Одағына және шетелдерге танымал
көрнекті ғалымдар, академик Ю.К.Бабанскиймен, КСРО Халық мұғалімі
Қ.Нұрғалиевпен ғылыми-әдістемелік іс-тәжірибелер бойынша тығыз байланысты
болды. Озат ұстаздың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту мен оны
адамгершілік-имандылық тәлім-тәрбиесімен ұштастырған іс-тәжірибесі лайықты
бағаланды. Педагогикалық үздік еңбек нәтижелері үшін КСРО оқу ісінің
үздігі, Шығыс Қазақстан атырабындағы тұңғыш бүкілодақтық Н.К.Крупская
медалінің иегері, ал 1990 жылы оған КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
атағы берілді. Мұғалімдер арасынан Кеңес Одағы бойынша 5-інші, ал
Қазақстандағы 1-інші лауреат атанды... Осындай атақтарды иеленген үздік ұстаз
туралы Халықтық білім (Народное образование) журналының тілшісі
Л.Красновский, Мұғалім газетінің (Учительская газета) тілшісі
С.Синицкая Қанипа Омарғалиқызының сабақтарына қатысып, ол дайындаған
дидактикалық, көрнекті және оқу-әдістемелік құралдардың мәтіндерді
меңгерудегі ықпалын, мұғалімнің теориялық білімінің тереңдігін, шәкірттер
білімінің нәтижелерін өздерінің мақалаларында кеңінен қамтып жазып
жариялады.

Әдіскер ғалым-ұстаздың 100-ге тарта ғылыми-әдістемелік мақалалары, 32
кітабы жарық көрген. Солардың ішінде қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірінен
қазіргі кезеңге дейінгі пәндік тақырыптарды оқытудың ғылыми-әдістемелік
жүйесіне арналған оқу бағдарламасы, Әдебиетті тереңдетіп оқыту атты үш
кітаптан тұратын оқу құралдары да уақыт зәрулігіне жауап бере білді. Жоғары
оқу орындарындағы педагог мамандарды оқыту үдерісіне арналған Әдебиетті
оқыту әдістемесі, технологиясы атты екі оқулығы да жоғары және орта білім
беру жүйесі сабақтастығын дамытуда аса маңызды қызмет атқаруда. Озат
ұстаздың Қазақ әдебиетін әлем әдебиетімен байланыстыра оқыту атты
бағдарламасы бойынша ашылған авторлық сыныптары да Тәуелсіз Қазақстандағы
білім беру жүйесінің әлемдік деңгейге көтерілуінде елеулі орын алуда.
Авторлық сыныптарын бітірген шәкірттерінің қатарында 17 филология ғылымының
кандидаты, 5-еуі – филология, педагогика ғылымдарының докторы, 70-тейі –
облыстық пән олимпиадаларының бас жүлдегерлері, 18-і – республикалық
олимпиадалардың жүлдегерлері. Қанипа апайдың ақын шәкірттері –
республикалық, халықаралық мүшәйралардың, Шабыт фестивальдерінің
жеңімпаздары [3, 106-101 бет].
Қанипа Омарғалиқызының мектебіндегі ұстаздар Қазақстан мектептері
үшін оқу құралдарын, оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар жазып, пайдалануға
ұсынып келеді. Алматы, Ақтөбе, Жезқазған, Өскемен қалаларында хакім Абай,
Мұхтар Әуезов шығармашылығын оқыту әдістемесіне арналған халықаралық форум,
республикалық, облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция (1994-1995жж),
Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы (Тараз, 2003), Қазақ тілі
мен әдебиетін оқытуды технологияландыру (Өскемен, 2004) атты ғылыми-
тәжірибелік конференциялар да оқу-ағарту жүйемізге пайдалы әсерін тигізді.
АҚШ-тың Аризона штатының Тусон қаласында болған іссапары (1991)
қорытындылары, шетелдердегі (Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан,
Ресей қазақтары) қазақтар мектептерінде пайдаланып жүрген оқулықтары, оқу
құралдары – саналы өмірін халыққа қызмет етуге арнаған абзал жанның
қайраткерлік тұлғасын даралай түседі. Отанымыздың үздік ұстазының Моңғол
Халық Республикасындағы Баян-Өлгий өлкесі Білім департаментінің ең жоғарғы
мадақтауларының бірі Даңқты ұстаз төсбелгісімен марапатталғаны да
еліміздің мерейі болып саналады.
Даңқты ұстаз Қанипа Омарғалиқызы туралы Қазақтың Қанипасы
(Авторлары – Р.Құдайбергенова, С.Әбішева, Б.Баймұқанова) атты кітабы екі
рет (2004,2005) басылып шықты. Сонымен бірге, Ұстаздың Хан анасы (Авторы
– Е.Қарасаев, 2004) атты тарихи-танымдық кітабы жарық көрді. Ол туралы
Дәуірдің дара ұстазы кино-очерк (2004) жарыққа шықты. Үздік ұстаз-ғалым
туралы осы кезге дейін жазылып жарық көрген 100-ден аса мақалалар,
очерктер, ғалымдардың (академиктер З.Ахметов, Т.Кәкішев, педагог-ғалым
Ж.Наурызбай, т.б.), ақындардың (Ф.Оңғарсынова, т.б.), әріптестерінің
лебіздері – бәрі де ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеуде тынымсыз еңбек ету мен
мағыналы өмір сүру ұлағатын танытқан халық перзентінің өнегелі келбетін
даралай таныта түседі. Қанипа Омарғалиқызы С.Аманжолов атындағы Шығыс
Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында
да еңбек етті. Ғалым-ұстаздың жетекшілігімен 50-ге жуық магистрлік
диссертациялар, бітіру дипломдық жұмыстары да жазылып – бәрі де сәтті
қорғалды [4, 25-32 бет].
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің арнайы бұйрығымен
2009 жылы Ең үздік ұстаз атағы, атаулы ғылыми-әдістемелік зертханасы
мәртебесі берілген Қанипа Омарғалиқызының еңбек ететін ұжым – қазіргі кезде
республикамыз бен алыс-жақын шетелдер үшін танымал орталық. Зертхананың
филиалдары облыстың Тарбағатай ауданы Абай атындағы орта мектепте, Ақсуат
ауданындағы №2 мектепте де жұмыс жүргізуде. Қазіргі кезде Қанипа
Омарғалиқызының республикалық ғылыми-әдістемелік атаулы зертханасында 8
мыңдай дидактикалық, оқу-әдістемелік, көрнекті материалдар жинақталған.
Жылына төрт рет осы зертханаға жиналып, ғылыми-әдістемелік семинарлар
өткізу дәстүрі – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін тереңдете, жаңашыл
тәсілдермен оқыту ісінде тірек-орталық қызметін атқаруда.
Қ Бітібаева бүкіл саналы ғұмырымын білім беру саласына арнап келе
жатқан адам. Ол өз сөзінде: Әсіресе, данышпан Абай мен ұлы Мұхтар Әуезов
шығармаларын оқыту жөніндегі кітаптар жазу барысында ұлтымның асыл
қасиеттеріне, қажыр-қайратына ешкімге ұқсамайтын қадіріне, салт-дәстүріне,
бай тіліне тәнті болып келемін. Содан да болу керек, қазақ десе, қазақ
жұрты десе, оның абыройы десе, орнымнан тік тұрып, бетіне иненің жасуындай
шаң-тозаң қондырмауға ант етіп жүретінім. Төрткүл дүниенің мықты деген
талай елінде болдым. АҚШ-қа да барып, олардың мұғалімдеріне дәріс оқыдым.
Сөйтіп, қазақты таныттым. Сонда көріп- білгенім, кім болсаң да олардың
заңына, тәртібіне бағынады екенсің. Қия тартуға, еркіндік деп еркелік
жасауға, өзім білемін деп бұлтақтауға жол жоқ.
Қорыта айтқанда, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа толқын шәкірттерін
Отанымыздың өсіп-өркендеу мұраттары қызметіне лайықты етіп дайындауда
Қанипа Бітібаеваның үлесі қомақты деуге болады.
1.2 Қазақ әдебиетіндегі Қ.Бітібаеваның атаулы мектебі
Қанипа Омарғалиқызының еңбек жолыдағы ерекше бір құбылыстардың бірі
Қазақстан Республикасына ғана тән қызмет жасап жатқан атаулы мекгеп
қызметі. Атаулы мектеп қызметін өз дәрежесінде атына затын сай сомдай
білген Қанипа Омарғалиқызының бастауы сонау 60-70 жылдардағы шығармашыл
педагоггармен ұштасып жатыр.
50-70 жылдары мұғалімдердің, шығармашыл күшін белсендіруде
Педагогикалық оқулардың, ғылыми-эксперименттердің маңызы практик
мұғалімдер үшін жебеу болып, ғылым мен практиканың тоғысуын олардың
арасындағы зандылықтарды шешу мүмкіндіктерін арттыра түсті. Өз
шығармашылығына тойлатқан Ресей ғалымдарымен үзеңгілес болған Қанипа
Омарғалиқызының бүгінде өзіндік эмпирикалық-ілімдік оқыту жүйесі
қалыптасып, педагогика ғылымының зерттеу объектісіне айналып отыр. Ұстаздың
әдіснамасы, әдістемесі, технологиясы, атаулы мектебін басқару жүйесі
бүгінде терең талдаулардан өтіп, педагогика ғылымының, біріншіден,
әдіснамалық және ілімдік позицияларын анықтауда, екіншіден, педагогика
ғылымының әдіснамалық-ілімдік әлеуетінің нығаюындағы әсері орасан зор.
Бүгінгі танда, ғылыми педагогика нақты сұрақтарға жауапты белгілі
жағдайда ғана алуға болатындығын, яғни новаторлар педагогикасымен қатар
даму қажеттігін толық мойындап отыр [5, 76 бет].
А.С.Макаренко, В.С.Сухомлинскийдің тарихи ілімдері бірлестік
педагогикасының фундаменті, ілімдік, әдіснамалық негізі екені толық
мойындалып отыр. Сол секілді Ш.А.Амоношвилидің дәстүрлі оқытуды
гумандандыру, оқытуды қуаныш ортасына айналдыру, Ю.К.Бабанскидің
оқушылардың нақты мүмкіндіктеріне сай оқу-тәрбие үрдісін тиімдендіру,
Бітібаеваның оқушыларға ой салу, ойланту, ойландыру секідді пәлсафалық
қағидалары бүгінгі күннің өзекті мәселелері бірі болып отыр.
Бірлестік педагогикасыңдағы, классик педагоктарымыздың еңбектеріндегі
гумандық, табиғатқа сәйкестік ілімдерінің уақыты пісіп жетіліп шындыққа
айналғандығы ақиқат. Мұны педагогикалық үрдістің барлық компоненттері:
бағдарлама, оқулық, сабақ, әдіс, мұғалім тұлғасы, класс бөлмесі баланың
даму мүмкіндігіне сай жасалуын, баламен ұстаз арасындағы қарым-қатынастың
демократиялық ұстанымда қалыптасу талаптарынан аңғаруға болады. Қанипа
Омарғалиқызының өмірінің мәні мен сәнін құрайтын, келесі ұрпаққа үлгі
боларлық еңбектеріне,соның ішінде атаулы мектебінің қызметтеріне,
жүргізілген 6-7 жылдық зертгеулер, адам бақыты да баяны өзін-өзі бұл өмірде
жүзеге асыра білуінде, өз мүмкіндігін барынша орынымен пайдалана білуі
керек екендігіне толық көзімізді жеткізеді.
Қанипа Омарғалиқызының атаулы мектебінің педогогикалық-психологиялық
негіздемесі балада адам болу, тұлға болу, шындыққа ұмтылыс қажеттіліктері
қалыптасқан ба? - деген сұрақтар айналасында қарастырылып, адам болуға
ұмтылыстары қандай, саналы түрдегі адам болу мүмкіндіктері жеткілікті ме
деген пәлсафалық кағидалар негізінде жасалынады.
Мүмкіндік пәлсафалық категория ретінде 8 түрлі қасиетті көрсете
алды. Аристотельдің айтуынша, мүмкіндік дегеннің өзі қозғалыс, қозғалыс өз
кезегінде қызмет. Психологтар пікірінде, мүмкіндік шексіз. Одақтағы ірі
психолог Л.С.Выготскийдің Бала таза тақта емес, ол бұл өмірге құр алақан
келген жоқ. Оның тұңғиығында терең бойлап жатқан өскін бар, ол белгілі бір
жағдай жасалғанда ашылады. Бала тумысындағы табиғаттың берген байлығы,
байлық оған, немесе, ол арқылы басқа адамдарға, мүмкін, бүкіл адамзат
атауына беріледі деген тұжырымдамасын өз ұстанымы ретінде оңтайлаған
Қанипа оқушы ертеңгі күнге бағыттаудың қажеттілігін, баланың бүгінгі күні
ертеңімен өлшенетіндігіне көзін әбден жеткізе білген. Баланың бүгінгісін
дәл анықтау, болашагына болжам жасау, мүмкіндік пен шындық арасындағы
қатынасты - өткені, бүгіні, болашағын бағдарлай білу, жалаң ғылыми
педагогикадан да балаға жақын, оқушы-мұғалім арасындағы тығыз байланыста
дамып келе жатқандығын Қанипа мен оқушыларының арасындағы ұстаздың
педагогикалық қызметінен айқын көреміз [1, 35 бет].
1986 жылғы саяси көтеріліс Қазақстандық шығармашыл ұстаздардың жаппай
қозғалысына демеу болып, педагог қауымдастарынан үлкен мәселелердің басын
ашуды талап етті. Еліміздің егемендік жалауымен бірге көтерілген қазақ
тілі, әдебиеті, мөдениеті, елі, суы, нуы мәселелері ұстаз қауымын тығырыққа
тіреп, дағдарысқа әкелгені рас. Мұндай дағдарыстан шығу Қанипаға шығармашыл
педагогтардың басын қосуға, бір бағытта мәселе басын ашуға жұмылдыра түсті.
Республикамыздағы белсеңді, ізденіс үстіндегі ұстаздар өз қолдаушысы,
демеушісі бола білген Қанипа апайларымен бір ұйым болып, бірлестік
педагогикасының бір бұтағы атаулы мектептер аясында қызмет етуге ынта
біддірді. Жаңалыққа мойын ұсынған атаулы мектеп, жоғарыдан берілген
бұйрықпен ашылып, жоғарыдан түскен тапсырманы орындаушы, бағынышты мектеп
болып қалған жоқ, ол әлеуметтік сұранысқа байланысты, шығармашыл
педагогтардың қажеттілігінен туындаған, педагогтардың өз мүмкіндіктерін
толық жүзеге асырушы ашық жүйе ретінде қызмет атқарып, 1991 жылы Қанипа
Омарғалиқызы Бітібаеваның қазақ әдебиетінен Республикалық атаулы мектебі
деген ерекше статусқа ие болды.
Бітібаеваның атаулы мектебі республика көлеміндегі инновациялық
мектептерден ерекше Республикалық атаулы мекгеп статусына ие болған,
өзіңдік мәні, қызметі, құрылымы мен құрамы, басқару стилі жағынан ерекше,
өзіндік құңдылықтары мен ұстанымдары новаторлар педагогикасы негізінде
қалыптасқан қазақ әдебиеті пәнін терендетіп оқытатын мектеп.
Қанипа апайдың атаулы мектебінің басты ерекшелігі авторитарлық
басқарудан озық демократиялық бағыттағы, практика мен ғылым арасындағы
байланыстың, оқушы мен ұстаз арасындағы қарым-қатынастың пәлсафалық негізін
жаңғыртушы топ болып жұмыс істеуінде.
Жалпы атаулы мектептерге тән ерекшеліктерді:
– біріншіден, олардың бір мекеме құқықтары мен міндеттеріне бағынышты
ұжымнан ерекше, еркін, өз бетімен жасанды ұжым болып қалыптасу
белгілерін қайталамайтын Республикалық атаулы мектеп статусына ие
болған, тәуелсіз, кешенді зертхана еңбектерінен;
– екіншіден, жаңашылдық жолыңдағы авторлық курстар мен ғылыми-
әдістемелік семинар, конференциялар арқылы оқу мазмүнын терендетумен
айналысатын даму деңгейі жоғары дәрежедегі өзін-өзі толық басқара
алатын мобильді топтың бір ауыздылығынан;
– үшіншіден, шығармашылық белгіде өзін-өзі жетілдіруші, дамытушы
басқарушы инновациялық тұтас жүйе болып қальштасуынан; -
төртіншіден, әр аймақтан ерікті түрде жиналған инноватор - ұстаз
ілімін қолдаушы, сыннан өткізуші, таратушы шығармашыл ұстаздар тобы
инновациялық үрдісті толық іске асырушы инновациялық топ болып
қалыптасуынан көреміз [3, 89 бет].
Бұл мектептің басқа мектептерден басты айырмасы (авторлық,
инновациялық, жалпы мектептерден), атаулы мектеп бір пән айналасындағы
шығармашыл ұстаздардың бірлескен бірізділік қызметімен ерекшеленіп,
инновациялық үрдісті іске асырушы шығармашылық зертхана қызметін атқарады.
Қанипаның шығармашылық зертханаларында Ю.Л.Львованың, В.Ф.Шаталовтың,
Лысенкованың шығармашылық зертханаларындағы секілді тек сабақ қана емес,
кейіннен жаңалыққа айналатын идеялар және олардың жүзеге асырылу
технологиясы туындап, тексеріліп, меңгеріліп, таратылып жалпы педагогикалық
деңгей қызметі толық қамтылады .
Қазақ әдебиетінен Бітібаеваның Республикалық атаулы мектебі
шығармашылық жолындағы ұстаз дамуына сай еркіңдік пен жауапкершілікті
теңестіре отырып, өз пәлсафасы ретінде ұлы педагог Ушинскийдің Өз
тамырыңды бойлата біл!, - деген қағидасын берік ұстана білген [7, 100
бет].
Сонымен бірге, атаулы мектеп инновациялық топ ретінде әлеуметтік және
психологиялық кіші, үлкен топ қасиеттерін біріктіріп, сіңіре білген өзіндік
құрылымы әкімшіліктің нұсқауымен ойластырылып, қызметі алдын-ала
белгіленбеген, керісінше, қызметті өз беттерінше ұйымдастырушы (жасаушы),
инновациялық қозғалыстағы, формальді емес, даму деңгейі жоғары дәрежедегі
ерекше топ. Даму деңгейі жоғары дөрежедегі бұл топ — топтың ұжым ретіндегі
сатылы қалыптасу тұжырымына мүлдем сәйкес емес.
Ұжымдағы тұлға аралық қатынастың қызметтік байланыс іліміне сай
классикалық ұжым қалыптасу үрдісінде жоғарыдан белгіленген маңызды қызмет,
оның мақсаты, қүндылығы біріншіден, топтың өзіндік қызметіне айналады,
содан кейін, ол қызметтің ұжымдық субъектісіне айналып, осы субъектіде
қызмет толық ашылады. Инновациялық топ дамуы ұжымның классикалық қалыптасу
механизмін қайталамайды, бұл топ басынан даму деңгейі жоғары дәрежедегі
ұжым ретінде қызметтік байланыс сипатын көрсетеді.
Осыған орай, эмпирикалық деңгейдегі топ қальштасу механизмінің жолдары
төмендегідей сипатталады:
– Педагог - новатор шығармашылығының дамуы, жаңа идеяның пайда болуы;
– Педагог-новатор іс-тәжірибесінің әр түрлі формада таратылуы;
– Іс-тәжірибедегі ілімді қолдаушылардың пайда болуы;
– Қолдаушылар қызметінің өріс алуы;
– Тұлғааралық қатынастағы қызметтік байланыстың нығаюы;
Шығармашыл новатор - педагогтің инновациялық қызметі оның субьектіге
бағытталған қозғалысымен сипатталуында ғана емес, сол секілді, субьектінің
өздік қозғалысында және өздік дамуында. Мұндағы басты меселені атаулы
мектеп мүшелері мен жеке түлға(Қанипаның) арасындағы делдалдық қасиетінен
көруге болады. Яғни, әлеуметгік ортаның бір бөлігі бола отырып,
инновациялық үрдістің коммуникатифті қатысушысын құрайды. Атаулы мектеп
мүшелерінің шығармашылық еркіндігі - ұжым кіндігі бола білген Қанипаның
әлеуметтік белсенділігіне байланысты болса, жеке тұлға абыройы осы мектеп
мүшелерінің белсенділігі мен өз-өзіне сенімділігіне тікелей байланысты.
Осындай екі жақты байланыс атаулы мектептің бірізділік қалыптасуын, дамуын,
тұтастығын бейнелейді.
Тұлға мен мектеп мүшелерінің арасындағы байланыста әрбір жеке адам
атаулы мектепті сыртқы обьективті, әлеуметгік шарттар жиынтығы ретінде
қабылдайды, мұндай құбылыс, социологтардың пікірінше, өмір сүру тәсілі.
Олай болса, атаулы мектеп осы мектеп мүшелері үшін өмір үлгісі болып
табылады.
Белгілі психолог А.Н.Леонтьевтің айтуынша, туа тұлға жоқ, тұлға болып
қалыптасады, тұлға үнемі қалыптасу сатысындағы үрдіс. Тұлғаның қалыптасу
және дамуы күрделі де шығармашыл еркіндік қозғалысымен сипатталады. Тұлға
неғұрлым еркін болса, ол соғұрлым өзінің шығармашылық және танымдық,
коммуникативтік және басқа да потенциалдарын толығырақ жүзеге асыра алады.
Сонымен, өзінің жеке адам болып даму үрдісінде тұлға еркіндік пен
жауапкершілікке ие бола алады. Бүл орайда, әлеуметтік пәлсафа Еркіндік -
бұл тұлға атрибуты, бірақ еркіндік жауапкершіліксіз – босандық, деген
тұжырымдамасы Қанипаның атаулы мектебі пәлсафасының қаншалықты терең
екендігін аңғартады.
Сонымен, атаулы мектеп пәлсафасы шығармашылық еркіндік таңдау
жауапкершілік қағидаларына толық жүгінетін өзіндік ойы, ұшқыр қиялы,
бейнесі қалыптасқан адам тәрбиелеу [8, 102-112 бет].
Атаулы мектеп — өз қажеттілігіне қарай тандау мүмкіндігіне қолы
жеткен, өз деңгейінде еркін қызмет жасау мүмкіндігі бар, белсенділік,
өзіндік, сенімділік қасиеттерімен сипатталатын, өзін осы жағдайға сай ұстай
білетін және өз ойын іске асыра алатын еркін адам тәрбиелеу құндылығына
бағытталған. Еркін адам біздің көзқарасымызда, заңға бағына, өмір ағымына
қосыла білетін, жауапкершілік және борыштық сезімін жоғары бағалай білетін
адам. Алайда атаулы мектеп стратегиясын айқындайтын негізгі мақсат - әр
педагогтың шығармашылық әлеуетін дамыту. Шығармашылық әлеуеттің өзін-өзі
анықтау, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі басқару құндылығына
бағытталуы жеке тұлғаның инновациялық қызметке қатынасын айқындайды.
Атаулы мектеп миссиясы оның пәлсафасын сай мектептің жалпы даму
бағытын, жаңалық сипатын (жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың
ұлттық намысын оятуда қазақ әдебиетшілерінің мұраларын, табиғатын қорғау,
ел, жер аймағын, оның атадан-балаға, келешек ұрпаққа мұра қалдыру тарихын
терең оқу, талдау), алдын-ала айқындау. Қазақстан көлеміндегі зерттеулер
мен бақылаулар атаулы мектеп қүрылымындағы ерекшеліктерді, республика
көлеміңдегі бір пән негізінде шығармашылыққа, инновацияға бейім ұстаздардың
бірігуінен, өз ортасындағы белсенділігінен, профессионалдық еркіндігінен
көре білуге мүмкіндік берді.
Атаулы мектеп деген ерекше атаудың өзі де осы ерекшеліктерге
байланысты пайда болып отыр.
Атаулы мектеп мәні бір адам атымен аталатын, яғни аты затына сай іс-
әрекеті бар дүние феномен деп түсінеміз. (Мысалы, Бітібаеваның қазақ
әдебиетінен Республикалық атаулы мектебі, Есназарованың географиядан
Республикалық атаулы мектебі, Очкурдың биологиядан Республикалық атаулы
мектебі т.б). Атаулы мектеп жетекшілерінің профессионалдық еркіндігі, ішкі
қажеттілік арқылы өзін-өзі басқаруы жергілікті білім беру салалары аймақ
Республика деңгейіндегі басқару мекемелерінің тарапынан қолдау тауып
отырады [9, 90 бет].
Атаулы мектеп қызметіне тән ерекшелік: ақпараттың ауыл, қала, аудан,
облыс орталықтарында жинақталып, сұрыпталып Республикалық атаулы мектеп
деңгейінде ғылыми - әдістемелік талқылаулардан өтуінде.
2 ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ – ҒЫЛЫМИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚҰБЫЛЫС
2.1 Оқыту тәсілдері

шеберлігіне де байланысты болады. Әдіс-тәсілдер деген не? Оқыту процесінде
мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе – оқушының оқуы.
Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту
әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі – әңгіме әдісі немесе
кітаппен жұмыс әдісі немесе кітаппен жүргізетін жұмыс түрлері – кітаппен
жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады.
Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты
әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту процестері арқылы
жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін
танытып, арттыратын тәсідердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау
оқушының тәжірибелік жұмысын бақылыаудың бір тәсілі, жолы болып келеді.
Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, итүсіндірмелі-
иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық (ішінара
іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау
әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.
Академик Ю.Н.Бабанский өзінің Оқу-тәрбие процесін оптималдандыру
деген еңбегінде (1982 ж., Просвещение, 177 бет) әдістерді мынадай үлкен
үш топқа жинақтайды.
1 Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері (методы
организации учебно-позновательной деятельности).
2 Оқушылардың оқу-таным қызметін көтермелеу әдістері (методы
стимулирования учебно-позновательной деятельности)
3 Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері (методы контроля
за эффективностью учебно-позновательной деятельности) [14, 77 бет].
Әр топ бірнеше оқыту әдістерінен тұрады. Мысалы, 1-топтағы оқыту
әдістеріне: сөздік (әңгіме, лекция, пікірлесу), көрнекілік (портрет,
суреттеу, мүсіндер), практикалық этикалық талдау, көркем мәтінмен жұмыстар,
әдістер жатады. Сондай-ақ репродуктивтік, эвристикалық әдістерді де осы
топқа жатқызуға болады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, әр топтағы
әдістемелердің өз мүмкіндігі, ерекшелігі болады. Төмендегі кесте арқылы кей
әдістерді қай мәнде пайдалану тиімді болады, соған тоқталайық.
1 кесте – Шығарманы зерттеуде қолданылатын әдістер
Сөздік әдіс Көрнекілік әдіс Практикалық Зерттеу әдістері
әдістері
Берілетін білім Берілетін білім Оқушылардың Берілетін
ақпараттық мазмұны теориялық білімніңғылымилығын
сипаттау көрнекілікті білімін арттыру, қосымша
болғанда, тілеп тұрғанда, практикада материалдармен байыту
білімді уақыт үнемдеуде, пайдалана білу оқушыларды іздендіру,
қалыптастыру, әсіресе, оқушы дәрежелерін өз беттерімен проблема
соның ішінде психологиясына жетілдіреді. Бұлшештіру мәселелерінде
теориялық білім әсер теу әдіс кітаппен тиімді. Оқушылардың
беру, жаңа мақсаттарында өтежұмыс түрлері өздігінен ойлануы мен
ұғымдарды тиімді болады. кезінде жазушы іскерлігін, өз
оқушыға Сондай-ақ оқушынытілі, стилін беттерінше қорытынды
жеткізуде бұл сабаққа анықтауда өте шығару дағдыларын
әдіс өте тиімді.қызықытыру, тиімді. жетілдіруде өте
Сөздік әдіс, ынталандыру пайдалы.
әсіресе, әдебиетмәселелерінде де
пәнінің күре маңызды.
тамыры деуге де
болатындай.
Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем
туындыны қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім-болмысымен
түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы
мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай
отырып, пайдалануы керек. Көркемдеп оқу әдісі әдебиетті оқытуда үлкен рөл
атқарады. Ол оқушының көркем шығарманы өқаюбылдау белсенділігін, әсерлі
сезімін дамытуда өте тиімді болып келеді. Әдебиетті өнер деп танытуда,
көркем туындыны өнер туындычы деп қабылдауда, сз қасиеті мен құдыретіне,
оның эстетикалық нәзік нәріне тұшындыруда бұл әдіс алғашқы баспалдақ, яғни
көркем шығарманы оқушы жүрегіне бастайтын алғашқы сезім көпірі ретінде
ежелден-ақ тиімді әдіс болып, мұғалімдер ьәжірибесінен кең орын алуда. Бұл
әдістің негізгі тәсілдері мұғалімнің мәнерлеп оқуы, көркем сөз шеберлерінің
оқуы, күйтабақты, үнтаспаны тыңдауы т.с.с. болып табылады. Мұғалімнің
мәтінді әрі мәнрелей, әрі түсінік бере оқуы, оқушыларды осы жұмысқа баулуы,
мәтінге жуық әңгімелету, жоспар жасату, негізгі оқиғаларға ат қойғызу,
жинақтау және т.б. шығармашылық жұмыстар да осы әдістің негізгі тәсілдері.
Сондай-ақ көркем мәтінді оқу барысында иллюстрация, суреттер пайдалану
(қабілетіне қарай өнерін шығару), сценарий жасату, оқыған шығармаларға,
көркем суреттер бойынша пікір айтқыза білу (көркем киноны, пьесаларды т.б.)
тиімді тәсіл ретінде оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру түрлеріне де
жатады. Мұғалім осы жұмыстың басы-қасында, оны ойластырушы да, орындаушы,
орындатушы да болып қызмет атқарады.
Ұтқырлық мұраты, мұғалімдерден сабақтың мақсатын жинақты түрде
айқындап, белгілеп алғаннан кейін, сол мақсатты жүзеге асырудың әдіс-
тәсілдерін де таңдап ала білуді талап етеді. Ол үшін әр мұғалім оқыту
әдістемесін жете біліп, әрі оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер
пайдалануы керек. Бұл аса маңызды, мұғалімнен шығармашылық ізденісті,
жүйелі, тиянақты жұмысты талап ететін мәселе болып табылады. Мұғалім әр
әдіс-тәсілдің өзіндік ерекшелігін, мүмкіндіктерін де жете білуі қажет.
Көпшілік жағдайда мұғалімнің өзінің төселген, дағдыланған әдіс-тәсілі
болады. Мұндай мұғалімдер қай тақырып болмасын, оны қай сыныпта өткізбесін,
сабақтың негізгі мақсатын еске алмастан, дағдыға айналған әдіс-тәсілмен
сабақ жүргізе береді. Бұндай сабақтар тиімді өтеді, ол оқушыларға өз
дәрежесінде білім бере алады деп айту қиын-ақ. Оқу-тәрбие жұмыстарының
барлық саласын бір өзі шешіп тастайтын әдіс-тәсіл жоқ. Сол себептен де
мұғалім әдіс-тәсілдерді жете меңгеріп қоймай, оларды қай жағдайда, қалай
пайдалануға болады, - соны да ерекше ойлануы керек. Мысалы, тәжірибе
көрсетіп жүргендей, бір жағдайда тиімді болған, пайдалы деп танылған әдіс-
тәсілдер екінші жағдайда кейде тиімді, пайдалы бола бермейді. Неге олай,
себебі не? Оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қызметін дамытуда,
жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білу де маңызды.
Оқытудың бұл түрі арқылы мұғалім оқушы алдында проблемалық жағдаят
тудыратын танымдық-іздендірушішығармашылық сипаттағы зерттеу әдісіне
бағытталған тапсырмалар береді және оны орындата алады. Дегенмен де, осы
проблемалық оқыту әдіс-тәсілдерінің мүмкіншіліктері шексіз емес. Оқу
материалының барлығы, барлық тақырыптар проблемалық жағдаяттарды талап
етпейді. Сондай-ақ белсенділігі, білім дәрежесі орташа, не ортадан төмен
сынып ұжымына проблемалық оқыту әр уақытта да жемісті болады деуге
болмайды. Бұл әдіс-тәсілдер оның үстіне уақытты да көп талап етеді. Өтетін
тақырып аса күрделі емес, әрі оқушылар дербес, өздері шеше алмайтындай
тапсырмаларға төселген жағдайда ғана проблемалық оқытуды басшылыққа алу
тиімді болады. Түсіндірмелі-репродуктивтік әдістің де өзіндік ерекшелігі,
мүмкіншілігі бар. Бұл әдіс-тәсілдің ең тиімді жағы мұғалім білімді қысқа
мерзім ішінде, барлық оқушыларды қамти отырып береді. Оқу материалын
ақпараттық сипатта, әңгімелеу, түсіндіру сипатында жеткізеді. Оқушылар да
өз мүмкіндіктерінше ол білімді қабылдап алады. Бірақ репродуктивтік-
түсіндірмелі әдісте оқушының дербес ойлауы арқылы жүргізетін өзіндік жұмыс
түрлері әлсіз болып келеді. Сондай-ақ әдебиетті оқытуда тиімділігі ерекше,
көрнекілік әдісінің де мүмкіндіктері әр түрлі. Көрнекілік оқушылардың пәнге
қызығушылығын, таным белсенділігін арттырады. Дегенмен, оны үнемі пайдалану
оқушылардың дерексіз түрде ойлауын тежейді, көркем тілінің дамуына кедергі
жасайды [13, 54-61 бет].
Міне, сондықтан тиімділік идеялары да сабақта мұғалімнің өзі төселген
бір әдіс-тәсілмен жұмыс істеуін немесе өзі білетін барлық әдісті бір
сабаққа үйіп төгуін жоққа шығарады, әрі бір сүрлеу, бір ізбен жұмыс
істеудің тиімсіздігін дәлелдейді. Тиімділік идеялары оқыту әдістерін
үйлесімді түрде сол сабақтағы оқу-тәрбие мақсаты, тақырып ерекшелігі, сабақ
өткелі отырған сыныптың жеке-даралық, жағдайларын ескере отырып, таңдап,
сұрыптап ала білуді талап етеді. Белгілі, нақтылы жағдайға байланысты
тиімді, пайдалы деп сұрыпталынып алынған әдіс-тәсілдер екінші жағдайда
тиімді болуы да мүмкін. Сол себепті әдіс-тәсілдерді үнемі бірлікте,
үйлестіре пайдаланған дұрыс болады.
Әдеби талдаудың негізгі тәсілдері, бағыттары:
1 Көркем туындыдағы жазушы ойы, идеясына көз жүгірту. Тарихи,
әлеуметтік жағдайлар, болған оқиғалардың қоғамдық, саяси сипаттары туралы
түсінік беру (көркем туындыда сөз етілген). Әдеби талдау үшін, ең алдымен,
сол көркем туындыда жазылған, баяндалған оқиғалардың тарихи негізіне ерекше
назар аудару керек. Сондай-ақ суреттер осы шығармасын не себепті, қандай
жағдайларға байланысты жазған, оны жазуға не итермелеген, сол туралы балаға
мол мағлұмат беруді мақсат ету керек. Мысалы, Абайдың көп өлеңдерін, соның
ішіндегі қалың елім, қазағым өлеңін жазуға әсер еткен, мәжбүр еткен XIX
ғасырдың II жартысындағы қазақ қауымының, қоғамының әлеуметтік жайы болған.
Немесе Бұқар жырау толғауларының бәрі өз заманының тарихи айнасындай. Оның
толғауларын сол өз заманындағы тарихи-әлеуметтік оқиғалар туғызған. Ел
бірлігі, достық, Отан қорғау тақырыбы Бұқарға аспаннан түспеген. Шығарманың
жазылу тарихы, оның негізінде жатқан тарихи-қоғамдық мәселелерді түсіндіру
сол шығарма, туынды астарында жатқан суреткер ойын, мақсатын ашуға бастар
бірден-бір жол болады. Тағы бір тәсіл – сол туынды туралы ғылыми еңбектер,
мақалалардан үзінділер оқып, түсінік беру болып табылады. Мысалы, Махамбет
Өтемісұлы шығармаларын, не оның Исатай туралы өлеңдерін талдау алдында сол
кездегі тарихи жағдайдар, көтерілістің шығу себебі, оның ұлт-азаттық
сипаты, Исатай туралы тарихи деректерден тұжырымды түрде түсінік беріп,
Махамбеттің осы өлеңдері туралы әдебиетшілер пікірін (мысалы, Жұмалиев Қ.
Және т.б.) айта кетудің маңызы зор. Бұл – тиімді тәсілдердің бірі. Кейінгі
кезде интеграциялық сабақтар тәжірибеде көп қолданылуда. Мысалы, осы
мәселелерді тарих пәні мұғалімімен сабақ дуэт өткізуге болады.
2 Көркем туынды композициясын талдау тәсіліне бас кейіпкерлердің іс-
әрекеттерін салыстыру; негізгі оқиғаларды сұрыптау; портрет, суреттеулердің
көркем туындыдағы орнына тоқталу жатады. Мысалы, Қорғансыздың күні
(М.Әуезов) әңгімесінің басында жолаушылар суреттеледі. Әсіресе, Ақан
портреті оның нәпсіқұмар жан екенін аңғартады, әңгімедегі негізгі сұмдық
оқиғаларды осы портреттеу алдын ала болып жатқандай болады. Табиғаттың
дүлей бораны мен адам жауыздығы қатар қойылады. Боран ызғары оқырманға бір
сұмдықтың болатынын алдын ала сездіреді.
3 Жазушы стиліне талдау жасаудың маңызы сол, ол туынды негізінде
жатқан авторлық көзқарас, идеяны ашуға көмек жасайды. Жазушы стилі дегенде,
ең алдымен, оның көркем тілі, поэтикалық бейнелер жасауы (кәрі құда
немесе сұр бұлт және т.б.) жалпы халық түрін меңгеруі, сол арқылы әдеби
тіл жасауын айтуға болады. Мысалы, Абай Аттың сынында халықтың күнделікті
сөйлеу тілінде бар шоқпар сөзімен шоқпардай деген теңеу жасаған, әрі
бұл теңеу жүйрік ат сынын суреттеуде өзіндік орын алып тұр. Немесе қысты
кәрі құда деп алып, тамаша метафора жасаған. Ашулы қысты кәрі құдаға
балап суреттеу өлеңдегі ақын ойын айшықтап көрсетіп тұр. Болыс болдым,
мінеки өлеңінде Абай бұрқырап, тарқылдап, аңқылдап, шапқылап деген
көсемшелерді ерекше көп пайдаланды. Бұлар арқылы болыстың жексұрын бейнесін
суреттейді. Солар арқылы көз алдымызға қорқақ, мақтаншақ, екі жүзді, аяр
болысты келтіреміз. Жазушы стиліне талдау жолдары әр алуан. Төменгі
сыныптарда оны ойын элементі бар сабақтар арқылы өткізуге болады. Мысалы,
Күз сипатындағы эпитеттердің синонимн табуға әрекеттендіру, т.б. ал
жоғарғы сыныптарда салыстыру, іздендіру бағытындағы тапсырмалар арқылы
жүзеге асыру тиімді. Айталық, Ілияс Жансүгіровтың поэтикалық тілін талдау
барысында Құлагердегі Көкше суреті мен Сәкендегі Көкше суретін, Қасым
Аманжолов Көкшесін салыстыру арқылы бірнеше жұмыстар атқаруға болады.
Сондай-ақ, кейіпкер тілін, авторлық баяндаулар ерекшелігін, жалпы
суреткердің жазу мәнерін талдау әдеби талдаудың маңызды бір жағы екенін
естен шығармаған жөн. Мысалы, С.Көбеевтің Қалың мал романы бойынша мына
үлгідегі жұмыстар жүргізуге болады.
2 кесте - Кейіпкер тілін талдау үлгісі
Тұрлығұл, оның Қай оқиғада айталады? Жазушы стилі, шығарманың
айналасындағылардың идеясын ашудағы рөлі
сөйлеу тілі
Кедейдің қатыны өлсе, Тұрлығұлдың бәйбішесі Жазушы халық
басы қаңғырар, байдың Ғайша қайтыс болғанда, мақал-мәтелдерін көп
қатыны өлсе, төсегі айтқандары. Әрі байға пайдаланады. Әр
жаңғырар. әйел ал деп, үгіттеу кейіпкердің іс-әрекетіне
үшін айтылады. сай оларды сұрыптап
беріп отырады. Бұл
мақал-мәтелдер Тұрлығұл
сияқты жуандардың әйел
теңсіздігін аяққа
таптағанын, мал арқылы
төсектерін жаңғырта
беретінін білдіреді.
Роман негізіндегі идея
да әйел теңсіздігі. Бұл
мақал соны аңғартуға
көмек болып тұр.
Ескерту: бағандарды оқушы толтырады, мұғалім тек көмек-нұсқау береді.
4 Көркем туындыны оның негізінде жатқан тарихи шындықтармен салыстыра
қарастыру, кейіпкерлер прототипі туралы мәліметтерден хабардар ету автор
ойы, щығарма идеясын ашудың негізгі жолдары, тәсілдері болып табылады [10,
43-65 бет].
М.Әуезовтың Еңлік-Кебек трагедиясы өмір шындығынан алынған. Ондағы
бас кейіпкерлердің барлығы да өмірде болған, тағдырлары да, трагедияда
берілгендей, солай аяқталған. Дегенм ен, Нысан, абыз, Жапал бейнелері
жазушының өз қиялы, мақсатынан туған. Абыз арқылы жазушы халық данлығын,
махаббат, достық қорғаушысын, даланың Кеңгірбай сияқты жауыздарына қарсы
мейірбандық жаршысын бейнелеген. Әзілдік деп, халық деп, оның өрімдей жас
ұрпақтары деп соққан ұлы жүректі мадақтаған. Жапал күші-тәні малайға
айналып кетсе де, жүрегі, пиғылы, жан дүниесі, рухы малайлыққа айналмаған
қарапайым кедей ұлы бейнесінде алынады. Трагедияның соңғы көрінісіне назар
аударайықшы. Бөрілер далаға тастап кеткен күнәсіз сәбиді алдына алып
тұрған Абыз Кеңгірбайларға қарғыс айтса, Жапалға аманат айтады, кінәсіз
сәбиді тапсырады. Трагедияның осы бөлімі оқушылардың да, көрермендердің де
үміт отын жағады. Махаббат мәңгі, оны ешкім өлтіре алмайды, замананы
заманаға жалғастыратын – ұрпақ. Ұрпақ өлмейді. Шығарманың осы тарихи негізі
кейіпкерлер прототипі туралы сөз қозғай отырып, мұғалім әр көркем шығармада
үлкен проблема жататынын, суреткер ойы, идеясы жататынын аңғартады. Әрі осы
проблема, шығарма идеясын ашуда кейіпкердер көтеретін жүктің ауқымы, маңызы
туралы оқушыға хабар береді. Сондай-ақ қандай тарихи шығарма болсын, ол
өмірдің көшірмесі, фотосуреті емес, онда ең алдымен автор мақсаты, ойы
жататынын, сол мақсат биігінен көріну үшін, жазушының өз қиялы, ойына, яғни
көркем шабытына да жол беретіндігін көрсетеді.
Жапал (айналып көріп, баланы көрсетіп). Көрші, көрші міне, қамкөңіл
ата! Мынаны өлсін деп, шибөріге тастаған. Осы ма еді ел деген? Көріп пе
едің аямасты, ататай?
Абыз. Ата... Атамын, мен аңыраған! Мен ата, сен немере! Бауырындағы
шаранасы кеппестен шырылдап қалған шөбере. Бауырып өрт, үнім зар! Бауырым
өрт, бетім жас! Ата, немере, шөбереміз – үш зарлық! Ел олар емес, ел
бізбіз, ұлым, жан балам! Қара тастай қатал күндер ішінде туар, келер біздей
толқып-толқып қатал күндер ішінде туар, ата, бала, немесе...алып кетсін,
жазықсыздар аттарын сақтап өтсін... ақтап өтсін, арыстарым, арманым...
Жадыңда тұт, жасыма! Жадыңда тұт жасыма де, ес кіргенде (баланы
нұсқап) бауырыңа... Бүгін мен өсиет еткендей, өсиет ет сен оған, шағың
жетіп өлерде! Жадыңда тұт, жасыма десін арғыларға, ұрпаққа. Жадыңда тұт,
жасыма десін арғыларға, ұрпаққа. Жадыңда тұт, жасыма, ұлым, елім,
шермендем!
Жазушы қиялынан туған Абыз бен Жапал бейнелері – трагедияның негізгі
ойы, мақсаты осылай беріледі.
Мысалы, М.Әуезовтың Оқыған азамат, Қорғансыздың күні, Қараш-қарай
оқиғасы, Көксерек әңгімелері тарихи шындықтан, яғни өмірде болған
жағдайлардан алынған.
Оқыған азаматтағы Жұмағұл – Смағұл Әмзеұлы, Ақтай –Ахмет Әуезов,
Мейірхан – Мұхтар Әуезовтың өзі, ал Абай жолындағы барлық оқиға,
кейіпкерлер өмірде болған. Бұл мәселелер туралы сөз қозғау, ең алдымен,
оқушыға көркем туынды – өмір шындығының айнасы екенін дәлелдесе, екінші
өмір шындығын, көркем шындық деген не, суреткер оны қалай табыстыра білген,
осы жайында да танымдарын арттырады, жалпы көркем шығармалар жөніндегі
түсініктерін кеңейтеді. Мысалы, Абай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz