Шетел тілін оқытудағы лингвомәдени құзіреттілікті қолданудың теориялық сипаттамасы



КІРІСПЕ 3
1 Шетел тілін оқытудағы лингвомәдени құзіреттілікті қолданудың теориялық сипаттамасы 5
1.1 Лингвомәдени құзіреттіліктің сипаттамасы 5
Лингвомәдени құзіреттіліктің білім негіздері 6
Когнитивті . коммуникативті әрекет түрлері 6
1.2 Шет тілін оқытудағы лингвомәдени құзіреттілікті пайдаланудың ұстанымдары 8
1.3 Лингомәдени құзіреттілікті пайдаланудың әдістеріне теориялық шолу 12
2 Шетел тілін оқытуда лингвомәдени құзіреттілікті қолданудың әдістемесі 15
2.1 Ағылшын тілін үйретуде лингвомәдени құзіреттілік негізгі әдіс ретінде 15
2.2 Оқушылардың бойында лингвомәдени құзіреттілікті қалыптастыруда жаңа технологиялардың қолданылуы 18
2.3 Шетел тілін оқытуда лингвомәдени құзіреттілікті қолдануды эксперимент жүзінде дәлелдеу 21
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28
Қосымшалар 30
Қоғамдағы жаңарулар, ел дамуындағы тың стратегиялық бағдарлар мен қағидаттар, қоғамның ақпараттануы және ғылым мен техниканың қарыштай дамуы білім беру жүйесінде де түбегейлі өзгерістер жасауға себеп болды. Өйткені жаңа уақыт талабы рухы биік, болашаққа зор сеніммен қарайтын, оның дамуына өзіндік үлес қосатын, халықаралық стандартқа сай, бәсекеге қабілетті, танымдық деңгейі жоғары, білімді де білікті маманды қажет етеді.
Педагогикалық қауымдастық пен педагогика ғылымының алдына білім беруді жаңаша құру міндеті қойылды. Қоғамдық мүдде мен жеке бас мүддесін ұштастыра алатын, әлеуметтік сұранысқа жауап беретін маман дайындауға басымдылық беріле бастады. Бұл орайда педагогикамен өзектес басқа да ғылым салаларындағы іргелі жетістіктер мен нәтижелер негізінде білім беру үрдісін жаңа қырынан қарастырудың өзектілігі арта түсті. Әлемнің өркениетті елдерінің білім беру жүйесіндегі жетекші қағидаттар негізінде отандық білім беру саласын дамытудың жаңа бағыттары айқындалды. Бұл білім беруді болашақ маманның өмірлік дағдыларымен өзара бірлікте қарастыруды қажет етті.
Адамзат жинаған ілім мен білімнің құралы болып саналатын тілдің рөлі өзінің қоғам мен жеке тұлғаның дамуындағы атқаратын қызметіне сай жаңаша бағамдалды. Тілді субъективті құрылым ретінде бағалайтын антропоцентристік парадигманың енуі оны оқыту жүйесінде де жаңа бағыттардың тууына әкелді. Зерттеушілер тіл арқылы субъектінің танымдық қабілеті, тұлғалық мәдениеті, ұлттық психологиясы, өмірлік дағдылары т.б. қалыптасатынына айрықша назар аудара бастады. Тілдік қатынас пен танымның сабақтастығы әлемдік тіл білімінде арнайы зерттеу нысанына алынды. Бұл тіл білімі салаларын қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту мәселесін алға шығарды.
Лингвомәдени құзыреттілік дегеніміз студенттің тілдік және мәдени бірліктерді контексте орынды қолдануы, мәдени-тарихи және ерекше ұлттық ақпараттарды тілдік қарым-қатынаста пайдалануы, лингвоелтанушылық білімдер жүйесін меңгеруі, ұлт тарихы, дәстүрі, мәдениеті туралы білімін сөйлеуде ұтымды пайдалануы, сөйлеу мәдениетін игеруі.
Бұл орайда зерттеудің көкейкестілігі: шетел тілін оқытудағы лингвомәдени құзыреттілікті қолданудың ерекшеліктерін анықтау және оны теориялық және практикалық тұрғыдан зерттеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Лингвомәдени құзыреттілік түсінігінің мәнін аша отырып, оны шетел тілін оқытудағы мәні мен мағынасын ашу, практикалық тұрғыдан қарастыру.
Зерттеу жұмысының нысанасы: Шет тіліне оқытудағы лингвомәдени құзыреттілікті қолдануды зерттеу.
1. В.В.Воробьев «Лингвокультурология(теория и методы)»,Москва: Из-во РУНД,1977-178с.
2. Кунанбаев С.С. «Современное иноязычное образование: Методология и теория»,- Алматы: Эдельвейс, - 2005- 176с.
3. Прохоров Ю.Е. Когнитивная лингвистика и теория перевода,2009-96с.
4. Воробьев В.В. Лингвокульторология (теория и методы), М.,1997-181с.
5. Городецкая Л. А. Лингвокультурная компетентность и лингвокультурные коммуникативные компетенции: разграничение понятий / Л. А. Городецкая // Вопросы культурологии. – 2009. – № 1. – С. 48-51.
6. Маслова В. А. Лингвокультурология / В. А. Маслова. – М.: Академия, 2004. – 202 с.
7. Орлова Э. А. Культурная (социальная) антропология / Э. А. Орлова. – М.: Академический проект, 2004. – 408 с.
8. Постовалова В. И. Лингвокультурология в свете антропологической парадигмы (к проблеме оснований и границ современной фразеологии) / В. И. Постовалова // Фразеология в контексте культуры. – М.: Языки русской культуры, 1999. – 288 с.
9. Стернин И. А. Введение в речевое воздействие / И. А. Стернин. – Воронеж: Полиграф, 2001. – 252 с.
10. Флиер А. Я. Культурология для культурологов / А. Я. Флиер. – М.: Академический проект, 2000. – 496 с.
11. Подгорбунских, А.А. Формирование лингвокультурной компетентности:теоретические и прикладные аспекты / А.А. Подгорбунских // Педагогические исследования: сотрудничество школы и ВУЗа: Сборник научно-методических трудов преподавателей ВУЗа и школы / Под общ. ред. Т.Н. Карасевой – Вып. 3.
12. Астапова Н.О. Лингвистические аспекты межкультурной коммуникации. - Барнаул, 2007. – 256 с.
13. Вежбицкая А. Язык. Культура. Познание: Пер. с англ. - М.: Рус. словари, 1996. - 411 с.
14. Гальскова, Н. Д. Современная методика обучения иностранным языкам: пособие для учителя / Н. Д. Гальскова. - М.: АРКТИ, 2003. -192 с.
15. Елизарова, Г. В. Формирование межкультурной компетенции у студентов в процессе обучения иностранным языкам: автореф. / Г. Р. Елизарова. - С-П, 2001. - 16 с.
16. Казарцева О.М. Культура речевого общения: теория и практика обучения: Учеб.пособие / О.М. Казарцева, - М., 2005. – 210 с.
17. Литвинов М. В. Методика преподавания иностранных языков: учеб. Пособие / М. В. Литвинов. - М.: Высшая школа, 2006. – 235 с.
18. Нарымбетова Ж. С. Формирование лингвокультурологической компетенции будущего учителя иностранных языков в контексте его подготовки к межкультурной коммуникации (английский язык, языковой вуз): Каз. ун-т международных отношений и мировых языков. - Алматы: 2009 - 23 с.
19. Разумова Е. В. Методика обучения иностранным языкам в высших учебных заведениях - М.: Просвещение, 2006. - 287 с.
20. Соловьева, И.С. Межкультурная коммуникация: ее роль и место в преподавании иностранных языков / И.С. Соловьева // 75-летие Чурапчинского улуса: материалы научно-практической конференции. – Якутск, 2005. – С. 219-222.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: _______________________

Орындаған: ________ топ студенті

Ғылыми жетекші:
____________________________

Қарағанды 2013
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3
1 Шетел тілін оқытудағы лингвомәдени құзіреттілікті қолданудың теориялық сипаттамасы 5
1.1 Лингвомәдени құзіреттіліктің сипаттамасы 5
Лингвомәдени құзіреттіліктің білім негіздері 6
Когнитивті - коммуникативті әрекет түрлері 6
1.2 Шет тілін оқытудағы лингвомәдени құзіреттілікті пайдаланудың ұстанымдары 8
1.3 Лингомәдени құзіреттілікті пайдаланудың әдістеріне теориялық шолу 12
2 Шетел тілін оқытуда лингвомәдени құзіреттілікті қолданудың әдістемесі 15
2.1 Ағылшын тілін үйретуде лингвомәдени құзіреттілік негізгі әдіс ретінде 15
2.2 Оқушылардың бойында лингвомәдени құзіреттілікті қалыптастыруда жаңа технологиялардың қолданылуы 18
2.3 Шетел тілін оқытуда лингвомәдени құзіреттілікті қолдануды эксперимент жүзінде дәлелдеу 21
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28
Қосымшалар 30

КІРІСПЕ

Қоғамдағы жаңарулар, ел дамуындағы тың стратегиялық бағдарлар мен қағидаттар, қоғамның ақпараттануы және ғылым мен техниканың қарыштай дамуы білім беру жүйесінде де түбегейлі өзгерістер жасауға себеп болды. Өйткені жаңа уақыт талабы рухы биік, болашаққа зор сеніммен қарайтын, оның дамуына өзіндік үлес қосатын, халықаралық стандартқа сай, бәсекеге қабілетті, танымдық деңгейі жоғары, білімді де білікті маманды қажет етеді.
Педагогикалық қауымдастық пен педагогика ғылымының алдына білім беруді жаңаша құру міндеті қойылды. Қоғамдық мүдде мен жеке бас мүддесін ұштастыра алатын, әлеуметтік сұранысқа жауап беретін маман дайындауға басымдылық беріле бастады. Бұл орайда педагогикамен өзектес басқа да ғылым салаларындағы іргелі жетістіктер мен нәтижелер негізінде білім беру үрдісін жаңа қырынан қарастырудың өзектілігі арта түсті. Әлемнің өркениетті елдерінің білім беру жүйесіндегі жетекші қағидаттар негізінде отандық білім беру саласын дамытудың жаңа бағыттары айқындалды. Бұл білім беруді болашақ маманның өмірлік дағдыларымен өзара бірлікте қарастыруды қажет етті.
Адамзат жинаған ілім мен білімнің құралы болып саналатын тілдің рөлі өзінің қоғам мен жеке тұлғаның дамуындағы атқаратын қызметіне сай жаңаша бағамдалды. Тілді субъективті құрылым ретінде бағалайтын антропоцентристік парадигманың енуі оны оқыту жүйесінде де жаңа бағыттардың тууына әкелді. Зерттеушілер тіл арқылы субъектінің танымдық қабілеті, тұлғалық мәдениеті, ұлттық психологиясы, өмірлік дағдылары т.б. қалыптасатынына айрықша назар аудара бастады. Тілдік қатынас пен танымның сабақтастығы әлемдік тіл білімінде арнайы зерттеу нысанына алынды. Бұл тіл білімі салаларын қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту мәселесін алға шығарды.
Лингвомәдени құзыреттілік дегеніміз студенттің тілдік және мәдени бірліктерді контексте орынды қолдануы, мәдени-тарихи және ерекше ұлттық ақпараттарды тілдік қарым-қатынаста пайдалануы, лингвоелтанушылық білімдер жүйесін меңгеруі, ұлт тарихы, дәстүрі, мәдениеті туралы білімін сөйлеуде ұтымды пайдалануы, сөйлеу мәдениетін игеруі.
Бұл орайда зерттеудің көкейкестілігі: шетел тілін оқытудағы лингвомәдени құзыреттілікті қолданудың ерекшеліктерін анықтау және оны теориялық және практикалық тұрғыдан зерттеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Лингвомәдени құзыреттілік түсінігінің мәнін аша отырып, оны шетел тілін оқытудағы мәні мен мағынасын ашу, практикалық тұрғыдан қарастыру.
Зерттеу жұмысының нысанасы: Шет тіліне оқытудағы лингвомәдени құзыреттілікті қолдануды зерттеу.
Зерттеу жұмысының пәні: Шет тілін оқытудағы лингвомәдени құзыреттілік.
Зерттеу жұмысының болжамы: Шет тілін лингвомәдени құзыреттілікті қолдану арқылы оқытудың жаңа әдісін жасау, соның негізінде оқушылардың бойындағы шетел мәдениетін құрметтеуді қалыптастыра отырып, олардың санасында шетел мәдениеті туралы мәліметтерді тіл арқылы жеткізу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Лингвомәдени құзіреттіліктің мәнін ашу;
- Шет тілін оқытудағы лингвомәдени құзіреттілікті пайдаланудың ұстанымдарын қарастыру;
- Лингомәдени құзіреттілікті пайдаланудың әдістеріне теориялық шолу;
- Ағылшын тілін үйретуде лингвомәдени құзіреттілік негізгі әдіс ретінде қарастыру;
- Оқушылардың бойында лингвомәдени құзіреттілікті қалыптастыруда жаңа технологиялардың қолданылуын зерттеу;
- Шетел тілін оқытуда лингвомәдени құзіреттілікті қолдануды эксперимент жүзінде дәлелдеу.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Зерттеу жұмысының негізінде шет тілін оқытудағы лингвомәдени құзыреттілік түсінігі жан-жақты қарастырылып, оқушылардың бойында лингвомәдени құзыреттілікті қалыптастырудың жаңа технологиялық әдісі ұсынылды. Бұл зерттеу жұмысының нәтижелерін алдағы уақытта шет тілі мен шетел мәдениетін оқыту сабақтарында қолдануға болады. Осының нәтижесінде оқушылардың бойындағы шетел мәдениетіне деген қызығушылығының артқандығы аңғарылды.
Зерттеу көздері ретінде В.В.Воробьевтің, Л. А.Городецкаяның, В.А.Маслованың, Н.О. Астапованың лингвомәдени құзыреттілікке, лингвомәдениетке бағытталған ғылыми жұмыстары алынды.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 Шетел тілін оқытудағы лингвомәдени құзіреттілікті қолданудың теориялық сипаттамасы

1.1 Лингвомәдени құзіреттіліктің сипаттамасы

Лингвомәдени құзыреттілік терминін Ю.Е.Прохоров енгізген болатын. Онымен индивидь меңгерген мәдениеттің негізі және оның оны теориялық және практикалық тұрғыда өмірде қолданылуын түсіндіріледі.
Тұлғаның лингвомәдени құзыреттілігі сол зерттелетін ұлттың мәдениеттің негізгі параметрлерімен (құндылықтар, түсініктер, принциптер) сәйкес келуі керек. Егер ол болмаса, тұлғаның қоршаған ортамен конфликтісі пайда болады. Егер қондырғылардың сәйкес келмеуі субмәдениет пен ұлттық мәдениеттің арасында болса, онда қоғамдағы жеке адам топтарының оқшаулануы туындайды. Оқшаулағыштық ең нашар көрсеткіштерге дейін әкеле алады, мысалы экстремизм.
Лингвомәдени құзыреттілік мазмұны бойынша ұлттыққа жатса, ал мәні бойынша мультимәдениеттілікке жатады, өйткені бүгінгі таңдағы адам ғаламдық әлемде өмір сүреді және оның мәдени танымдары басқа ұлттартың мәдениеті туралы ақпараттардан тұруы керек, бұл оған білімге, ғылымға және басқа да кәсіби қызмет түрлеріне жол ашады [1, б. 83].
Лингвомәдени құзыреттілік сол мәдениеттің өкілдерімен әр түрлі салаларда қолданыла алады: саясат, ғылым, әдебиет, шығармашылықтың барлық мүмкін түрлерінде, соның ішінде музыка, көркем өнер, сурет, би және т.б. және оның жеке аспектілері жеке индивидтер мен адамдардың топтары үшін өлшене алады.
Сонымен қатар, лингвомәдени құзыреттіліктің маңызды бір бөлігі әлеуметтің қарым-қатынасын көрсетеді, оларға белгілі бір шектеулерді, ережелерді, салт-дәстүрлерді насихаттайды.
Адам өркениетінің дамуы үшін әр түрлі қарым-қатынас формаларының болуынан мәдени құзыреттіліктің бұл түрін жеке бір аспекті ретінде бөліп көрсетуге болады, оны белгілеу үшін бұл жұмыста лингвомәдени құзыреттілік түсінігі қолданылады. Мәдени құзыреттілік пен лингвомәдени құзыреттіліктің айырмашылығы - бұл бір кішкене бөлік пен бүтіндіктің айырмашылығы, ол берілген лингвомәдениеттің шеңберіндегі коммуникативті мінез-құлыққа жауапты. Бұл кезде коммуникативті мінез-құлықтың стратегиялары тіл мен дискурс түсініктерінен ауқымырақ болып келеді, яғни оның құрамына мәдени негізделген вербалды және вербалды емес әрекеттер кіреді, олар өз кезегінде әр түрлі белгілерден тұрады, сондықтан да лингвистикамен зерттелінетін тілдік құбылыстардың шегінен шығады. Лингвистиканың шегінен мәдениеттің облысына жататын және коммуникативті стратегиялардың таңдалуын анықтайтын құндылықтар түсінігі, нормалар, ережелер де шығады. Бұдан шығатыны, лингвомәдени құзыреттілік бұл тілдің феномені емес, мәдениеттің феномені [2, б. 94].
Лингвомәдени құзыреттілік ұлттық мәдениеттің ішіндегі әр түрлі субмәдениеттердің (әлеуметтік, жас ерекшелік, ұлттық) мүшелеріне тән бола алады, алайда көбінесе ұлттық лингвомәдени құзыреттілік түсінігімен көбірек кездесеміз.
Лингвомәдени құзіреттілік
Лингвомәдени құзіреттіліктің білім негіздері

Лингво- мәдени
мета- когнитивті
әлеуметтік мәдени
коммуника ативті
метатілді

Сурет 1. Лингвомәдени кұзіреттіліктің құрылымдық - функционалдық үлгісі

Лингвомәдени құзірет термині әлі тұрақталған жоқ, әдістемелік баспаларда осы құзіреттің этномәдени, әлеуметтік мәдениет, мәдениеттану тәрізді түрлі мағыналарын кездестіруге болады.
Когнитивті - коммуникативті әрекет түрлері

когнитивті- концептуалды
түсіндірме топтамасы
лингво- мәдени
коммуникативті топтамасы
креативті үлгілеу өзгеріс

Сурет 2. Когнитивті - коммуникативті әрекет түрлері

Лингвомәдени құзірет, индивидтің мәдениаралық байланысын:
1) мәдениаралық қарым-қатынас жағдайында қолдана алатын лексикалық бірліктің ұлттық - мәдени семантикасының білімінде;
2) әлеуметтік мәдени жағдайларға иелену мен осы этномәдениетте қабылданған ұлттық - ерекшелік моделінің коммуникативті байланыстармен қолдануымен;
3) фондық білімді, тіл бастаушысы арасындағы мәдениаралық өзара түсіністікке жету үшін қолдану қабілеттілігін білдіреді.
Лингвомәдени құзірет ұғымын қарастыра отырып, зерттеушілер көркем сөз және сөздік емес тәртіп біліміне (Э.И.Соловцова, Н.Д.Гальскова) бағыттайды. Берілген құзірет түріне ие болуы: 1) шет тілін сапалы түрде үйренуін; 2) дүниетанымдық пен жалпымәдени білімнің айқындылығын; 3) оқушының білім құмарлығын, ой өрісін, ұстамдылығын, шет тіл мәдениет өкілдерімен тілдесу қабілеті мен өз мәдени сана сезімін дамытуымен; 4) болашақ педагогтардың өз ойларын өз және шет тілінде жеткізуі дамыту мен ауызша және жазбаша сөйлесу мәдениетін үйренуін қамтамасыз етеді.
Лингвомәдени құзіреттің қалыптасуы түрлі ұлттық-мәдени бірліктерімен жұмыс жасауда болады [3, б. 104].
ХХ ғасырдың соңынан бастасақ, аудармада лингвомәдениеттану бірте бірте елтануды дидактикалық мағынада ысыруда. Бұл туралы, орыс тілін шет тілі ретінде беру әдістемесінде В.В.Воробьева, Ю.Е.Прохоров, В.М.Шаклеинның, И.Б.Игнатованың, Д.И.Башуринның және Т.Ф.Новиков, Л.П.Сычугованың орыс тілі өз тілі ретінде үйрету әдістемесі баспасында беріледі.
Соңғы ХХ ғасырдың екі он жылдығында лингвомәдениеттану термині жиі лингвоелтану терминімен байланысады. Д.И.Башуринның ескеруінше, дидактикалық координаттарының түрлі өзгерістерін талап етеді және оған: тілді үйрету - мәдениетпен таныстыру жүйесінің орнына, басты нысан болып, байланыс құзірет арасындағы өзара байланыс, лингвомәдениеттану мен лингвоелтану жүйесіндегі тілді мәдениетпен таныстыру үшін үйрету - тілді үйрету болып табылады. Осындай дидактикалық әрекетте, Ю.Е.Прохоровтың пікірінше: Ел мәдениеті, оқушылардың байланыс қалауларының құрамдас бөлшегі, сөздік жағдайдағы қосымша лингвистикалық негізі және ондағы интенцияның іске асуы ретінде қарастырылады делінеді. Басқа сөзбен айтқанда, мәдениет, бұл жерде, тек оқу пәні ретінде түсіндірлмейді, ол Орыс тілі пәнінің құрамдас бөлшегі ретінде, оқушылардың байланыс құзіретімен қамтамасыз ету болып табылатын үйрету мақсаты болып келеді.
Лингвоелтану тәрізді, лингвомәдениет аудармада тіл мен мәдениет қатынасын қарастырады, бірақ, лингвоелтанудан бөлек, басты назар лингвистикалық аспектісіне аударылады. Лингвомәдениеттану, лингвоелтанумен жалпы білім беру мен гуманистикалық тапсырмаларды шешудегі жетекші ұстанымдар жүйесімен байланысқан, бірақ, онымен қоса, лингвомәдениеттану бірқатар ерекше себептерге ие:
1. Ол, филология мен мәдениетті қарастыратын ғылым арасындағы шекарашылық жағдайға ие болатын пәннің синтезді түрі болып табылады.
2. Лингвомәдениеттанудың басты нысаны ретінде тіл мен мәдениеттің өзара байланысы және осы байланыстың өзара түсіндірілуі болып келеді.
3. Лингвомәдениеттануды зерттеу пәні, материалды және рухани мәдениет, әлемнің тілдік бейнесін құрайтын ауызекі артефактілері болып табылады.
4. Лингвомәдениеттану, елдегі мәдениет өмірі туралы объективті ақпаратқа, қоғамның заманауи өмірімен алға шыққан мәдениет құндылықтарының жаңа жүйесіне бағытталады [4, б. 89].
Лингвистикалық мәдениеттанудың пәні ретінде, адами рухтың творчествалық бастамасын іске асырушысы тіл болып табылады, ол этникалық қоғамдастықтың мәдени құндылық бейнесі ретінде, ал басты мәселесі болып - әрбір тілдік ұжымдастыққа ерекшеленетін әлемнің тілдік бейнесінің мәселесін қарастыру болып табылады.В.В.Воробьевтың растауынша, семантиканың пәндік синтагматикаға дейін тереңдеуі, мәдениеттің ауызекі объектісін, тілдік және тілдік емес негізінің бірлігі ретінде сараптамалау қабілетін қамтамасыз етеді. Сәйкесінше, лингвомәдениеттану мәдениеттің тілдік емес мазмұнына сараптамалауға және тіл мен мәдениеттің өзара байланысына лингводидиактикалық сипаттама жасауға бағытталған.

1.2 Шет тілін оқытудағы лингвомәдени құзіреттілікті пайдаланудың ұстанымдары

Бүгінгі күнгі білім жүйесі келесідей концепцияларды шешуге бағытталған: тұлғалық бағытталғандық (Д.А. Белухин, И.А. Зимняя, В.В. Серикова, И.С. Якиманская және т.б.), білім үрдісінің мазмұнына, фонмасына және ұйымдастырылуына контекстік әдіс (А.А. Вербицкий), оқу-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруға бүтіндік әдісі (Ю.К. Бабанский); технологиялық амал (В.Д. Шадриков), шығармашылық әдіс (В.А.Кан-Калик).
Жоғарыда келтірілген әдістер өзара байланысты және бір-біріне негізделген. Оқушылардың лингвистикалық дайындығын ескере отырып, тағы да мынадай әдістерді бөліп көрсетуге болады: компетенттік (Н.И. Гез, А.Г. Крупко, D. Baakke, A. Palmer), мәдени (Ж.Л. Витлин), лингвоелтанулық (Е.М. Верещагин, В.Г. Костомаров), лингвистикалық (И.Л. Бим, Н.Д. Гальскова, М.Д. Городникова, А.А. Миролюбов, К.И. Саломатов,); коммуникативті (И.А. Зимняя, Е.А. Маслыко, С.Ф. Шатилов); әлеуметтік мәдени әдіс (В.В. Сафонова).
Ал лингвомәдени құзыреттілікті іске асыру кезінде тұлғаның бойында мынадай қасиеттері дами түседі:
1) әлемге деген эмоциялық-бағалық қарым-қатынасы, сезімдері, эмоциялары өзгереді;
2) оқушылардың жеке тұлғалық және әлеуметтік бейімделуі байқалады;
3) мәдениет аралық субъект ретіндегі оқушының белсенді коммуникативті ұстанымы қалыптасады;
4) жан-жақтылық, мәдени қарым-қатынас, мақсатқа ұмтылушылық, бірлесіп жұмыс істеу, жауапкершілік, шығармашылық белсенділік сынды қабілеттері дамиды;
5) зияткерлік және танымдық қасиеттері дамиды, соның ішінде өз бетінше шет тілін меңгеруге деген қызығушылығы артады;
6) өнімді жұмыс істеу шығармашылық қабілеті жетіледі, зерттелетін тілді қолдану арқылы ғылыми-зерттеу тәжірибесі пайда болады;
Лингвистиканың қазіргі заманғы даму кезеңінде бұрындары ғалымдар талқысының ортасында көбіне тілдің шығу тегі мен тілдер туыстық байланысын анықтау мәселесі (салыстырмалы - тарихи парадигма) және де тілдің өзінің құрылым мәселесі (жүйелік - құрылыстық парадигма) болғанын айтпай кетуге болмайды, ал қазіргі кезде алдыңғы қатарға тілдің адам әлемімен қандай байланыста екені мен адам тілге қаншалықты тәуелді екені (антропоцентрикалық парадигма) туралы мәселелер шығып отыр.
Тілдегі мәдени фактор мен адамдағы тілдік факторы бағытталған (В.Н. Телия), антропоцентрикалық парадигма "адам - тіл - мәдениет" үш тағаның бірінші орынға шығарады .
Үш тағанның өзара әрекеттестігі туралы мәселенің шешуі гуманитарлық бағдар пәндерінің бәріне қандайда бір қатысы бар. XX ғасырдың аяғы - ХXI ғасырдың басында аталмыш мәселе шет тілі ретінде тілді оқыту әдістемесінде маңызды болып шықты,өйткені тек лингвистикалық мәліметтерді берудің жеткіліксіздігі сезілді .
Лингвоәлеуметтік - мәдени құзырлық тілді мәдениет микроскобымен қарастыру қабілеттілігі - мамандарды кәсіптік дайындаудың негізгі құрамдас бөлігі .
Әлеуметтік және мәдени орта сияқты компонентке жүгінетін лингвистикалық әлеуметтік - мәдени әдіс лингводидактика дамуының қазіргі заманғы кезеңінде шет тілін оқытудың ең маңызды әрі толық қамтушы әдістің бірі [5, б. 92].
Шет тілін оқытудың өзекті мәселелерінің бірі бүгінгі таңда тіл иесі әлемін анағұрлым тереңірек зерттеу қажеттілігі есептеледі. Қатынасқа түсетін адамдардың ойлау қалпын қалыптастырған тарихи және мәдени дәстүрлерді зерттемей, әлеуметтік және саяси мәдениетті білмей, әлеуметтік - экономикалық жүйені талдамай қатынас құралы ретінде тілді зерттеу мүмкін емес.
Тілін үйреніп жатқан елдің әлеуметтік - мәдени ерекшеліктері туралы білімсіз халықаралық қатынас құралы ретінде өзге тілді меңгеру мүмкін емес.Тіл стильдерін пайдалану шеберлігісіз, тілдік айтылымдардың этикеттігін ұғынусыз тіл мәдениетінің болуы мүмкін емес. Өзара тығыз байланыстағы әр түрлі тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктерін түсіну коммуникацияның тиімділігіне септігін тигізеді.
Әлеуметтік - мәдени құзырлық үш блок білімнен тұрады: лингвоелтанымдық білім, әлеуметтік-психологиялық білім, мәдениет танымдық білім. Лингвоелтанымдық білімдер ұлттық-мәдени семантикалық лексикалық бірліктер білімі және оларды мәдениетаралық қатынас жағдайларында пайдалана білу дағдылары. Тілін үйреніп жатқан ел халқының менталитетінің көрінісі ұлттық мақал-мәтелдер [6, б. 93].
Мәдени танымдық білімдер әлеуметтік - мәдени, тарихи-мәдени, этномәдени ортаның білім және сол мәдениет иелерімен өзара түсіністікке жету үшін оларды қолдану шеберлігі. Тұлғалық бағдарлы білім пікірлерін жүзеге асырудың бір әдісі болатын мәдени танымдық тәсіл білім беру үрдісін қалыптастыруға, оқыту әдістемесіне үлкен әсерін тигізіп қоймай, тең құқылы тұлғалар - мәдениеттердің диалогтың қарым-қатынастағы мұғалім-студент, студент-топ қатынасының жаңа стилін нығайтады. Мәдениетаралық оқыту теориясына сәйкес шет тілін меңгеру өзге халықтың жеке ұжымдық менталитеті мен мәдениетіне кірігуді білдіреді және әр ұлттық тілдің артында тұрған осы халыққа тән және маңызды құбылыстар мен әлеуметтерден тұратын әлем бейнесінің ұлттық-мәдени өзгешелікпен танысуды да көздейді. Әлеуметтік - мәдени тілдік құзырлық деп мәдениетаралық коммункацияда барабар қолданылатын әлеуметтік-мәдени тілдік білімді айтамыз. Әлеуметтік - мәдени құзырлық дағдыларының болмауы коммуникацияны едәуір қиындатады.
Әлеуметтік-лингвистикалық құзырлық тілдің әлеуметтік -мәдени жағдай шарттарын пайдалануды көрсетеді (әртүрлі ұрпақ, жыныс, класстар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастың әлеуметтік нормаларға бағдарлау, салт жораларды рәсімдеуге). Бұл құзырлық әр алуан мәдениет өкілдері арасындағы тілдік қатынасқа әсер етеді.Әлеуметтік лингвистикалық құзырлық жағдайға сәйкес тілдік формаларды түрлендіру мен пайдалану қабілеттілік болып табылады.
Бұл жерде қатынас сипаты мен стиліне байланысты сөздер; идиоматикалық нақысты сөздердің ерекшеліктері мен симантикасын және олардың әңгімелесушіге тигізетін әсерін білу өте маңызды. Диалект пен акцентке қатысты әлеуметтік лингвисикалық құзырлыққа әлеуметтік топтардың тілдік ерекшеліктерін, өмір сүру орындарын, шығу тегін, қызмет түрін анықтау қабілеттілігі жатады. Мұндай ерекшеліктер лексика, грамматика, фонетика (сөйлеу мәнері, паралингвистика) деңгейінде, сөйлеу мәнерінде, паралингвистикада, дене қимылы тілінде кездеседі. Әлеуметтік лингвистикалық құзырлық аймағына педагогикалық қатынас ұйымдастыру мен нақты педагогикалық жағдайды ескеру шеберлігі кіреді, тілін үйреніп жатқан елге тән болмыстар, ерекше сөз тіркестер, тілдік қатынастың өзгеше ережелері пайдалану шеберлігі кіреді,яғни мәдениет, дәстүрлердің әсерін куәлендіретін тілдегі өзгешеліктер. Әлеуметтік ережелерге (әртүрлі жыныс, ұрпақ, әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қатынас ережелері, жақсы әдеп ережелері, аталмыш қоғамда қабылданған арнайы салт жоралардың тілдік бекітілімдер) байланысты әлеуметтік лингвистикалық компонент әртүрлі мәдениет өкілдері арасындағы қатынасты тілдік дайындауға зор ықпал жасайды [7, б. 94].
Әлеуметтік - мәдени және әлеуметтік лингвистикалық құзырлықты қалыптастыру үшін Интернетті қолдану .
Шетел тілін оқытудың ең басты міндеті - оқушылардың (үйренушілердің) мәдениетаралық және кәсіби коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру. Оны тануға бағытталған шетел тілін оқыту- лингвистикалық (тілдік), дискурсивтік (сөйлеу), әлеуметтік-мәдени және басқа компоненттерден тұратын күрделі интергративтік тұтастыққа негізделген. Атап айтқанда, лингвистикалық компонент -- оқып үйренетін тілдің фонетикалық, лексикалық, граматикалық құбылыстары мен сол тілдің қалыптасқан заңдылықтарын оқушылардың өз-ара қарым-қатынаста қолдана білуге үйретеді.
Көрсетілген құзырлықтарды қалыптастыру үшін шет тілін оқып үйренушіге тілін үйреніп жатқан ел туралы (географиясы, тарихы, мәдениеті, экономикасы және т.б.) белгілі бір білім және де шет тілі иелерінің өмір сүру үлгісі, салт - дәстүрлері жайлы қандай да бір мағлұматтарға ие болуы керек.
Ел туралы білімді тиісті әдебиет оқып алуға болса, халықтың өмір сүру салты, дәстүр, ғұрыптарымен танысу үшін тілін үйреніп жатқан елдегі қатынастың нақты жағдайларында олардың мінез - құлығымен танысу қажет. Мұндай мүмкіндікті Интернет ұсына алады. Интернет технологиялар тілдік ортаны барынша тез жасауға және оған кіруге мүмкіндік береді, яғни тілдің функционалдық принципін жүзеге асыра отырып өзге мәдениетке енуге мүмкіндік жасайды .
Міне сондықтан да интеракция құралы ретінде де, білім алудың құралы және ажырамас жабдығы ретіндегі интернет арқылы жаңа технологиялар ұсынып отырған бар мүмкіншіліктерді толыққанды пайдалану қажет .
2. Басқа ғаламтор - ресурстары мен веб - сайттарымен жұмыс, ғаламтордағы ақпараттарды қабылдау ерекшелігі бойынша :
oo Ғаламтор - ресурстарымен, веб-сайттарымен жұмыс істеу іскерлігін дамытудағы бағытталған тапсырмалар;
oo Әртүрлі оқу түрлерін дамытуға бағытталған тапсырмалар ;
oo Электронды мәтіндерді соның ішінде тез оқуды қабылдауға бағытталған тапсырмалар;
oo Ақпаратты қабылдау құрылымына бағытталған тапсырмалар ;
Ақпараттың мазмұнын (алдын - ала білу, алдын - ала болжау) антиципацияға бағытталған тапсырмалар;Әлеуметтік - мәдени ақпараттарды сәйкестендірілуге бағытталған тапсырмалар, В.В.Сафонованың келелі мәдениеттанымдық тапсырмалары классификациясын негізге алды С. Пустовалованың мәдениеттанымдық оқу тапсырмалардың типологиясы, Е.И.Федотовтың сыни ойлау іскерлігінің интеллектуалды қалыптасуы үшін тапсырмалар типологиясы [8, б. 30].
Осы типологиядағы тапсырмалар АКТ заманауи тәсілдерін қолдану мен аутентикалық шет тілдік материалдарда құрылған ақпаратты сыни қабылдау, ақпараттар ағымының қарқынды өсуіне тез үйрену істерін дамытуға бағытталған. Ұсынылған типология негізінде екі оқу құралы басылып шықты "British Web - papers in Intercultural Communication", "The System of Education in Britain, the USA and Russia . Studying at Home or Abroad ?" Тіл әрекетінің барлық түрлеріне оқыту барысында тіл іскерлігін дамытумен сыни ойлау әлеуметтік - мәдени құзыреттілікті дамыту және берік байланысты , немесе оқу барысы мынадай түрде ұйымдастырылуы қажет; үйренушілерге тілдік ойлау әрекетінің мүмкіндігін ұсыну керек яғни,оларда өзінің пікірін, өзінің көзқарасын айту, әрдайым ойындағысын айту тілегін қолдау керек . Тілдік ойлау барысына қатысуда уәждің негізгі қайнар келелі жағдай немесе қарама - қайшылық болып табылады, сондықтан оқу материалы проблемалық мінезі болу қажет . Бұл мазмұнды ұғынуға ерекше көңіл бөлуге, яғни жұмыс істеуде ой жай ғана білімді алуды ғана емес, сонымен қатар өз еркімен тәуелсіз зерттеу мен шешім іздеу барысында білім мен іскерлікке тәуелсіз жетуге мәжбүрлейді . Мектеп оқушыларына шет тілін оқытуда сыни ойлау мен әлеуметтік - мәдени құзыреттілікті дамыту жеке үйрену тәсілі әртүрлі оқу түрлерінің әрекеттесуі қалпында өзара байланысу барысында тиімді ұжымдық жұмыс істеу түрі жағдайды сараптауда, келелі бағыттағы рольдік ойындар, шет тілдік мәдениеттанымдық - бағдарлау дискуссиялар, мәселелерді талқылау барысында қолданады. Шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындауда шағын топтарда қызмет істеу жұмыстары ұйымдастырылады [9, б. 67].
Тапсырмалар немесе рецептивті тапсырмалары орындау кезінде, қайта дайындықты қажет ететін оқушылардың жеке жұмыс істеуі маңызды роль ойнайды.Ғаламтор - ресурстарының ерекшелігін ескере отырып жиі таңбалы мәтіндерді мақсатқа сай қолдану, оқу кезінде ақпаратпен жұмыс істеу іскерлігі, ақпараттың өзгеруі мен тез жаңаруы жеткілікті . Сонымен қатар, веб- сайттарда және БАҚ таңбалы сияқты мәселелерге авторлардың әртүрлі ұстанымдарын салыстыру, баға беру, синтез жасау, жинақтау, әріқарай сараптауда икемділігі мен ақпаратты деректемелермен шығару іскерлігі яғни, мәтіннің мазмұнын түсінумен байланысты іскерлік пен бірақ, тілдік деңгейде ақпаратты өңдеуді қамтамасыз ететін, тілдік материалдарды түсінумен байланысты іскерліктермен ғана анықтайды сонымен бірге мәтінді түсіну арқылы анықталатыны белгілі.
Нәтижесінде оқушылар баспасөз материалдарына жақсырақ және тез үйренетін болады, кейін олардың әрі қарай дамуы үшін, бірақ ғаламтор материалдары негізінде құрылады .
1.3 Лингомәдени құзіреттілікті пайдаланудың әдістеріне теориялық шолу

Лингвомәдениеттанымдық әдіс. Әлеуметтік-мәдени құзіреттілікті қалыптастыру үшін ең тиімді әдіс. Себебі, бұл әдіс арқылы оқытылатын екінші тілдің ұлттық-мәдени болмысын терең тануға болады және аударуға келмейтін төл ұлттық тіл бірліктеріне ұқсас баламаны оңтайлы пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, қазақ тіліндегі Абылайдың асындай, Асан қайғыға салыну сияқты прецедентті тұрақты тіркестерге балама табу үшін тура аударымайды, мағынасына қарай, молшылық, қайғыға түсу, мұңдану ұғымдарының мәнін қолдануға тура келеді. Сондай-ақ ағылшын тілінде қыз бала мен бойжеткен сөздерін сипаттайтын, яғни жас ерекшелігіндегі өзгешелігіне қарай таңбаланған тіл бірліктері жоқ. Тек жалпы қыз ұғымын білдіретін girl сөзі ғана кездеседі. Ал орыс тілінде девочка және девушка сөздерінің қазақ тіліндегі (қыз бала-бойжеткен) балама аударма атаулары бар. Сондай-ақ ағылшын тіліндегі bank' - өзен жиегі мен shore - теңіз жағалауын білдіретін екі сөз орыс тілінде бір ғана берег сөзімен ғана таңбаланады. Ал қазақ тілінде өзен жиегі, теңіз жағалауы немесе өзен жағалауы, теңіз жиегі деген тіркестер жарыспалы қолданыла береді. Осындай ерекшеліктер лингвомәдениеттанымдық әдіс арқылы жүзеге асырылады.
Лингвомәдени құзыреттілік деп бір-бірімен байланысты және белгілі бір адамдардың (этикалық, әлеуметтік, гендерлік, кәсіби, жас ерекшелікті және т.б.) санасында көрініс тапқан, тіл мен мәдениеттің әр түрлі құбылыстарын кешенді түрде зерттеудің әдісі болып түсіндіріледі. Бұдан біз лингвомәдени құзыреттілік тілдік және мәдени құзыреттіліктің шегінен шығатынын білуімізге болады. Біздің түсінігімізде лингвомәдени құзыреттілік бұл кең ауқымды сөз.
Тіл мен мәдениетке қатысты лингвистикаға тән көзқарас мәдениет туралы кейбір түсініктерді қолдана отырып, лингвистикалық міндеттерді шешуге бағытталады. Алайда көптеген ғалымдар лингвомәдениет бұл тілдегі халықтың мәдениеті туралы мәліметтерді толықтыру емес, ал керісінше тілде көрініс тапқан мәдениетті зерттеу болып табылады деп есептейді.
Лингвомәдениет лингвистиканың бір бөлігі болып табылмайды, өйткені тіл мәдениет үшін зерттеудің нысаны емес. Лингвомәдениет көп бөлігінде тілдегі мәдениеттің көрінісі бар, лингвистикалық әдістер мен лингвистикалық құбылыстарды мәдениетті зерттеу үшін қолданылады.
В. И. Постовалованың ойынша, лингвомәдениет мәдениеттану мен лингвистиканың негізінде жатқан өзінің басқа ғылымдардан ерекшелігін көрсетеді. Лингвомәдениет этнография, лингвистика, психология мен әлеуметтану әдістерінің көмегімен халықтың мәдениетінің элементтерін қарастырумен лингвомәдениет анықталады [10, б. 83].
Берілген проблеманың төңірегінде екі аралық түсінікті қарастыру керек:
- мәдени және лингвомәдени құзыреттілік. А. Я. Флиер лингвомәдени құзыреттілікті берілген ортадағы адамның адамның жалпы әлеуметтік эрудициясының, ережелердің, салт-дәстүрлердің, заңдардың, тыйым салулардың, этикеттердің және басқа да мінез-құлықтардың регулыторларының, коммуницирлеудің вербалды және вербалды емес жүйесінің, көпшілікпен қабылданған символдардың жүйесінің, ориентациялардың идеологияларының және құндылықтарының нормасы ретінде анықтайды.
Өркениеттің дамуы үшін әр түрлі байланыстың формаларының болуына орай, қарым-қатынасқа жауапты мәдени құзыреттіліктің бөлігін көрсеткен дұрыс, оның жеке аспектісі ретінде лингвомәдени құзыреттілікті бөліп көрсетуге болады. Лингвомәдени және мәдени құзыретіліктің айырмашылығы - бір бөлік пен толықтықтың айырмашылығы, соның ішінде: лингвомәдени құзыреттілік бұл - берілген мәдениетте байланыстық қарым-қатынасты орнатушы мәдени құзыреттіліктің бір бөлігі.
Оқытушының лингвомәдени құзыреттілігі екі құрамнан тұрады:
1) интрамәдени құзыреттілік - өзінің лингвомәдени нормаларын, ережелерін және салт-дәстүрлерін білу;
2) мәдениетаралық (немесе интермәдени) құзыреттілік - басқа лингвомәдени қауымның жалпы лингвомәдени нормаларын, ережелерін және салт-дәстүрлерін білу.
Нақты бір лингвомәдениетті ұстанушыда лингвомәдени құзыреттіліктің қандай да бір бөлігі көп немесе аз бір деңгейде беріле алады, оқу процесінде тұлғаның мәдени, әлеуметтік, лингвистикалық дамуында олардың құрамы мен қатынастары өзгеруі мүмкін.
Лингвомәдени құзыреттілік өзінің құрамы бойынша біркелкі емес. А. Я. Флиер айтып көрсеткендей, лингвомәдени құзыреттілік олардың коммуникативтік жүзеге асырылуында меңгерілген компоненттерді зерттейді:
- институционалдық құзыреттілікті (қоғамның саяси және құқықтық институттары туралы білім);
- конвенционалдық құзыреттілікті (этикеттің ережелерін, салт-дәстүрлерді, нормаларды білу);
- семиотикалық құзыреттілік (берілген мәдениетке тән әр түрлі белгілерді, соның ішіндегі әлеуметтік абыройдың символдарын білу);
- лингвистикалық құзыреттілік (оның бірнеше әлеуметтік нұсқаларындағы тілді меңгеру: ауызша немесе жазбаша, ресми және ауызекі) [11, б. 58].
Осындай барлық құрамдарды білу мен меңгеру мектеп оқушысының лингвомәдени құзыреттілігін айқындайды.
Егер лингвомәдени құзыретіліктің құрамын мәдениеттердің өзара араласуына жобалайтын болсақ, онда институционалдық, конвенциялық, семиотикалық және лингвистикалық құзыреттілік мәдениет аралық құзыреттілікті құрайды, алайда олар бір мәдениеттің шектерінен шығу және талдаудың танымдық механизмдерін қосу, екі немесе одан да көп мәдениеттердің көрінісінің формаларын салыстырудың есебінен өз аясын кеңейтеді.
Шартты түрде лингвомәдени құзыреттілікті білудің төменгі, орташа және жоғарғы деңгейлерін бөліп көрсетуге болады.

2 Шетел тілін оқытуда лингвомәдени құзіреттілікті қолданудың әдістемесі

2.1 Ағылшын тілін үйретуде лингвомәдени құзіреттілік негізгі әдіс ретінде

Лингвомәдени құзыреттілік мәдениет аралық құзыреттіліктің негізгі құрам бөліктерінің бірі болып табылады, оның қалыптастыру қазіргі кезде шет тілдеріне үйретудің негізгі мақсаты болып табылады. Бұл проблеманы зерттеушілер шет тілін меңгерудің ең соңғы сатысы лингвомәдени құзыреттіліктің қалыптасу деңгейімен анықталады деп айтады.
Лингвомәдени құзыреттіліктің моделін жасау үшін ең алдымен оның пәндік-мазмұндық және процессуалдық толықтырылуын анықтау керек.
Лингвомәдени құзыреттілік құрамының толықтырылуының мәселесін, яғни модельдеудің объектісін қарастыра отырып, дәстүрлі түрде көптеген ғалымдардың мазмұндық аспектіні білім, әдет терминдерімен қарастыратынын айта кеткен жөн.
Лингвомәдени құзыреттіліктің құрамы бикомпонентті құрылым тәріздес, оның құрамына когнитивті-түсіндірмелік және коммуникативті-қызметтік компоненттер кіреді. Мұндай құрылымдық-функционалдық компоненттердің жиынтығы модельдің пәндік-мазмұндық, процессуалдық-қызметтік аспектілерімен қамтамасыз етеді, олар соңғы нәтиженің - субъектіге мәдениетаралық деңгейде белсенді әсерлесуге мүмкіндік беретін құзыреттілік деңгейінің қалыптасуына, бағдарламалануына бағытталған.
Модельдеу сатысының соңғы өнімі ретіндегі лингвомәдени құзыреттілік өзінің құрамында бір-бірімен байланысты, соңғы нәтижеге жетуге бағытталған компоненттерден тұрады, олар когнитивті-коммуникативті лингвомәдени бірлік деп аталады, соның ішінде:
oo когнитивті-концептуалдық (ККБ),
oo мағыналық-жинақтаушы (МЖБ),
oo лингвомәдени-интеграторлық (ЛИБ),
oo коммуникативті-актуальдандырушы,
oo креативті-модельдеуші.
Белгіленген бес құрылымдық-функционалдық бірліктер өзінің жиынтығында негізгі пәндік-мазмұндық және процессуалдық болмысындағы үлгі-түпнұсқаны көрсетеді [12, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лингвомәдени құзыреттілікті қалыптастыру компоненттері
Шетел тілі сабақтарында проблемалық әдісті қолдану
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Әдеби мәтінді талдаудың бағыттары
Мәдениетаралық қарым - қатынас біліктілігін қалыптастырудың әдістемелік алғышарттары
Оқушылардың мәдениетарлық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕНІ ҚОЛДАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘНІ
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі
Құзіреттілік тұрғысында білім беру
ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЕРТЕГІЛЕР МЕН ЖҰМБАҚТАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ
Пәндер