Баланың логикалық ойын дамыту



1 Кіріспе 3
1.1 Жобаның қысқаша сипаттамасы 3
1.2 Жобаның мақсаты және міндеттері 4
1.3 Күтілетін нәтижелер 4
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау жүйесінің даму сатылары 5
2.1 Ерте жастағы балалардың ойлау жүйесінің ерекшелігі 5
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау жүйесінің қалыптасуы 7
3 Балалардың логикалық ойлау жүйесін дамытудың ерекшеліктері 10
3.1 Баланың логикалық ойлау қабілетін дамытудың негіздері 10
3.2 Баланың логикалық ойлау қабілетін дамытудың жолдары 12
4 Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау жүйесін дамытудағы ойындарды қолданылудың маңызы 16
4.1 Баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық ойындардың түрлері 16
4.2 Баланың логикалық ойлау қабілетін анықтау 23
5 Глоссарий 25
6 Қорытынды 26
7 Әдебиет 28
8 Қосымша 29
8.1 Балалардың логикалық ойын дамытушы дидактикалық материалдар 29
8.2 Баланың логикалық ойлау жүйесін дамытушы «Түс пен форма» ойыны 30
8.3 «Мультфильмдердің кейіпкерлері» домино ойыны 31
8.4 «Суретші нені шатастырып алды?» дидактикалық ойыны 32
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне жетуі, қазақ тілінің Мемлекеттік тіл құқығына ие болуы және «Білім беру Заңының» қабылдануы жастар тәрбиесі мәселесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді.
Баланы оқыту мен тәрбиелеуде мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш буынның алар орны ерекше. Оқыту мен оқу әрекетінің тығыз байланыста болып, баланың ақыл ойының дамуында зор рол атқаратындығы белгілі. Ал оқыту барысында ақыл – ойдың дамуы, бүгінгі күннің басты талабы. Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту оқу материалының мазмұны арқылы, балалардың оқу іс - әрекетін ұйымдастыру құралы мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.
Логикалық ойлау – ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Логикалық ойлау дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ұғымдарды ой – пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.
Мектеп жасына дейінгі жастардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда оқу материалдарын талдау көрнекі құрал әсер ету жоспарында басым болады. Мұнда балалар нақты заттарға немесе оның дәл баламаларын бейнелеуге сүйенеді.
Ойлауды дамытудың кейінгі кезеңінде мұғалім балаларға игерілетін мәліметтердің жекелеген элементтері арасындағы болатын байланысты көрсету үшін ерекше қам жасайды. Жыл өткен сайын осындай байланысты күрделі тапсырмалар көлемі ұлғая береді.
Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере үйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауға тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
Педагогикалық үрдісте балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыстың алар орны ерекше. Балаларға өз бетінше жасаған ой операцияларының дұрыс бұрыстығын тексеркізу, бір мәселенің өзін түрлі жолдарымен шешуге үнемі бағыттап отыру, логикалық ойлауды қажет ететін мысалдар құрастыру, есептер шығарту, шығармалар жаздырту – баланың логикалық ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолы.
Жобаның жаңалығы: баланың логикалық ойлау қабілетінің даму ерекшеліктері қарастырылып, оны дамыту жолындағы ойындар мен әдіс-тәсілдер құрастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау дәрежесін арттыруға арналған жаттығулар, ойындар жүйесін құрастыру.
1. Айтмамбетова Б.Р., Керимов Л.К. Оқыту әдістері. Алматы, 1992.
2. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.
3. Крутецкий А.В. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1979.
4. Қыдыршаев А. Балалардық жас ерекшеліктерін ескеру. «Ұлағат», 2000, 1.
5. Махмутов М.И. Развивающее обучение. М., 1976.
6. Мухина В.С. Детская психология. М., 1990.
7. Психологические методы. Под ред. А.А.Бодалева. Ленинград, 1997.
8. Әбенбаев С.Тәрбие теориясы мен әдістемесі.- Алматы:Дарын, 2004.
9. Выготский Л.С. Психология. – М., 2000.
10. Қоянбаев Ж.Б. «Педагогика» Алматы, 2000
11. Керімбаева Р. Дидактикалық ойындардың түрлері Бастауыш мектеп, 2005, №9 .-Б.134
12. Қаженбаева А.Е. Бала танымын ойынмен дамыту Отбасы және балабақша, 2002, №1.-Б. 149
13. Қоянбекова.С. Ойын мақсатын талдау және оның мәні  Қазақстан мектебі, 2002, №1-2.-Б. 294
14. Қазақстан мектебі №9. 2002 130 б.
15. Беженова М. Математическая азбука. Формирование элементарных математических представлений. – М.: Эксмо, СКИФ, 2005.
16. Белошистая А.В. Готовимся к математике. Методические рекомендации для организации занятий с детьми 5-6 лет. – М.: Ювента, 2006.
17. Волчкова В.Н., Степанова Н.В. Конспекты занятий в старшей группе детского сада. Математика. Практическое пособие для воспитателей и методистов ДОУ. – М.: ТЦ "Учитель", 2007.
18. Денисова Д., Дорожин Ю. Математика для дошкольников. Старшая группа 5+. – М.: Мозаика-Синтез, 2007.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Өрлеу біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы акционерлік қоғамының филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

Кафедра ___________________________________

ЖОБА

Баланың логикалық ойын дамыту

Тыңдаушы: __________________________
Фамилиясы, аты, әкесінің аты

_________________________________ _______
Жұмыс орны, қызметі

Жетекші: _______________________________
( оқытушының аты-жөні, қызметі)

Жұмысты өткізу мерзімі:________________

Қарағанды - 2014
Мазмұны

1 Кіріспе 3
1.1 Жобаның қысқаша сипаттамасы 3
1.2 Жобаның мақсаты және міндеттері 4
1.3 Күтілетін нәтижелер 4
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау жүйесінің даму сатылары 5
2.1 Ерте жастағы балалардың ойлау жүйесінің ерекшелігі 5
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау жүйесінің қалыптасуы 7
3 Балалардың логикалық ойлау жүйесін дамытудың ерекшеліктері 10
3.1 Баланың логикалық ойлау қабілетін дамытудың негіздері 10
3.2 Баланың логикалық ойлау қабілетін дамытудың жолдары 12
4 Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау жүйесін дамытудағы ойындарды қолданылудың маңызы 16
4.1 Баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық ойындардың түрлері 16
4.2 Баланың логикалық ойлау қабілетін анықтау 23
5 Глоссарий 25
6 Қорытынды 26
7 Әдебиет 28
8 Қосымша 29
8.1 Балалардың логикалық ойын дамытушы дидактикалық материалдар 29
8.2 Баланың логикалық ойлау жүйесін дамытушы Түс пен форма ойыны 30
8.3 Мультфильмдердің кейіпкерлері домино ойыны 31
8.4 Суретші нені шатастырып алды? дидактикалық ойыны 32

1 Кіріспе

1.1 Жобаның қысқаша сипаттамасы

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне жетуі, қазақ тілінің Мемлекеттік тіл құқығына ие болуы және Білім беру Заңының қабылдануы жастар тәрбиесі мәселесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді.
Баланы оқыту мен тәрбиелеуде мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш буынның алар орны ерекше. Оқыту мен оқу әрекетінің тығыз байланыста болып, баланың ақыл ойының дамуында зор рол атқаратындығы белгілі. Ал оқыту барысында ақыл - ойдың дамуы, бүгінгі күннің басты талабы. Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту оқу материалының мазмұны арқылы, балалардың оқу іс - әрекетін ұйымдастыру құралы мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.
Логикалық ойлау - ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Логикалық ойлау дегеніміз - логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ұғымдарды ой - пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.
Мектеп жасына дейінгі жастардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда оқу материалдарын талдау көрнекі құрал әсер ету жоспарында басым болады. Мұнда балалар нақты заттарға немесе оның дәл баламаларын бейнелеуге сүйенеді.
Ойлауды дамытудың кейінгі кезеңінде мұғалім балаларға игерілетін мәліметтердің жекелеген элементтері арасындағы болатын байланысты көрсету үшін ерекше қам жасайды. Жыл өткен сайын осындай байланысты күрделі тапсырмалар көлемі ұлғая береді.
Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере үйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауға тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
Педагогикалық үрдісте балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыстың алар орны ерекше. Балаларға өз бетінше жасаған ой операцияларының дұрыс бұрыстығын тексеркізу, бір мәселенің өзін түрлі жолдарымен шешуге үнемі бағыттап отыру, логикалық ойлауды қажет ететін мысалдар құрастыру, есептер шығарту, шығармалар жаздырту - баланың логикалық ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолы.
Жобаның жаңалығы: баланың логикалық ойлау қабілетінің даму ерекшеліктері қарастырылып, оны дамыту жолындағы ойындар мен әдіс-тәсілдер құрастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау дәрежесін арттыруға арналған жаттығулар, ойындар жүйесін құрастыру.

1.2 Жобаның мақсаты және міндеттері

Жобаның мақсаты: Баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану барысында баланың логикалық шығармашылық потенциалын арттыру жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайына өмір сүруіне дайындау.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
oo балаларды логикалық ойлауды дамытудың ерекшеліктерін қарастыру;
oo балаларды логикалық ойлауды дамыту әдістемелерін зерттеу;
oo баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдарын анықтау;
oo баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық ойындардың түрлерін қарастыру;
oo баланың логикалық ойлау қабілетін анықтау мен дамыту әдістемелерін зерттеу.
Зерттеу нысаны мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілетін дамыту болып табылады.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік басылымдардағы мақалалар қолданылды.
Жоба жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан, глоссарийден тұрады.

1.3 Күтілетін нәтижелер

Жобада көзделген мақсат пен міндеттерге сүйене отырып, мынадай нәтижелерге қол жеткізуді көздедік:
- Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау жүйесіне әсер ететін, оларды дамытатын әдіс-тәсілдер ойластырылды. Соның негізіндегі ойындардың көмегімен ерте жастағы балаларды мектепке дейін логикалық ойлау жүйесін дамытуды көздедік. Себебі бүгінгі күнде мектеп бағдарламасында күрделенген тапсырмаларға бала дайын болып баруы керек.
- Баланың қоршаған ортаға тез бейімделі қабілеттерін жетілдіру. Бала осы ойындардың арқасында құрбы-құрдастарымен дұрыс араласуды, қоршаған ортасында болып жатқан құбылыстар мен оқиғаларды жетік меңгеріп, оларды бір-бірінен ажырата алады.
- Бала салыстыру, талдау, нәтижеге қол жеткізуге ұмтылады.
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау жүйесінің даму сатылары

2.1 Ерте жастағы балалардың ойлау жүйесінің ерекшелігі

Мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарын баламызға не үйретеміз? Қалай үйретеміз? деген сұрақ мазалайды. Олар ең жетілдірілген әдіс-тәсілдерді таңдап, балаларын әр түрлі үйірмелерге жазып, көптеген дамыту ойындарын өткізіп, баланы өте кішкентай кезінен бастап жазу-сызуға, санауға, оқытуға үйреткісі келеді. Мектеп жасындағы баланың ойлау жүйесі қалай дамитыны мен оған ол кезде нені үйреткен дұрыс болатынын біз келесі бөлімдерде қарастыратын боламыз.
Тұлғаның кез-келген даму сатысы сияқты, баланың ойлау жүйесі де қалыптасудың бірнеше сатыларын өтеді. Психологияда ойлау жүйесі дамуының үш сатысын бөліп көрсетуге болады: көрнекілік-әрекеттік, көрнекілік-бейнелік, сөз-логикалық.
Барлық сезім мүшелері арқылы әлемді танитын бала үшін ақпаратты алудың негізі қозғалыс пен сезім қабылдау каналдары болып табылады. Кішкентай бала ерте жасында дәл айтсақ қолымен ойлайды. Осы каналдардың рецепторларының жұмысы тек қана олардың өзіндік ақпараттары ғана тәуелді емес, сондай-ақ басқа қабылдау мен сезім мүшелерінің белсендігіне де тәуелді болады. Бұл нені білдіреді? Мысалы, баланың көру жүйесі ересек адамдікімен салыстырғанда біршама шектеулі. Бала көріністерді түсінбейді - оның ойынша, егер үй алыстан кішкентай болып көрінсе, онда ол шындығында да сондай кішкентай. Ол әлі заттардың үш өлшемділігін түсінбейді.
Бала көру иллюзиясын түсіне қоймайды - мысалы, ол көкжиекке дейін жеткісі немесе кемпірқосақты қолымен ұстап көргісі келеді. Сурет ол үшін - заттың ерекше бір күйі, ол сурет шындығында өмірде жоқтығына сенбейді. Мұнысымен баланың қабылдау жүйесі алғашқы адамның ойлау жүйесін еске түсіреді. Ертегілер кітабында зұлым адамды көргенде, ол қолымен одан жақсы адамды жасырады және осы сияқты. Бала көргенінің бәрін қолымен ұстағысы, сол затпен әрекеттескісі, оны сынап көргісі келеді. Ол затпен қанша әрекетке түсетін болса, ол соншалықты заттың қасиеттерін түсіне бастайды. Оның қозғалыс, сезім, көру каналдары да жақсы жұмыс істей бастайды [1, 35 б.].
Көрнекілік-қызметтік ойлау - бұл сынақтар мен қателердің әдісі. Жаңа затты ала отырып, бала бірінші кезекте онымен әрекеттесуге тырысады - тістеп көреді, сілкиді, еденге ұрады, барлық жаққа айналдырады. М.Кольцова өзінің Бала сөйлеуге үйренеді кітабында мысалға қызықты тәжірибені келтіреді: бірінші сөздерді айта бастаған балалардың екі тобына жаңа сөздерді есінде сақтау үшін кейбір заттарды көрсетеді. Бірінші топқа заттармен ойнауға береді, ал екінші топқа тек қана атауын атап, көрсетеді. Бірінші топтағы балалар өздері үшін жаңа заттардың аттарын тезірек, әрі жақсырақ есінде сақтап, айта алатын.
Бала үшін әр көрсетілген объекті - бөлектерге бөліп, қайта құрастыру керек болатын жаңа бас қатырғыш. Ерте жастағы баланы мазалайтын жалғыз нәрсе ол - мұнымен не істеуге болады? Сондықтан болар ерте жастағы балаларға арналған өте жаңа әдістерді, балалардың логикасын немесе аналитикалық ойлау жүйесін дамытушы әдістемелерді қолдану қауіпті. Баламен не істеуге болады? Көбірек оны кез-келген тұрмыстық қызметке кірістіру керек, анасының барлық істеріне көмектескені дұрыс - ыдыс жусын, еденді, шаңды сүртсін, сыпырсын. Әрине, мұндай көмектен кейін анасы оның артынан көп жағдайларда жинап жүреді, алайда кез-келген үйрену қателер мен сынақтар арқылы жүреді! Дәл осы кезде бала қоршаған әлемді өскен кезіне қарағанда барынша белсенді түрде тани алады. Кеңістікті тану, заттардың арасындағы байланысты білу үшін ол нағыз өмірлік әрекеттерді жасауы керек. Сондай-ақ, әр түрлі субстанцияларда ойнағаны да пайдалы - топырақпен, сумен, қармен. Былайша айтқанда, көптеген фактураларды үй жағдайында да жасауға болады - әр түрлі жарма, шүберектердің қиындылары, ыдыс пен барлық мүмкін тұрмыстық заттар. Шығармашылық дамуының негізінде бала материалдармен танысу кезеңінен өтеді, онда оған толық еркіндік беріп, жақсы нәтижелерді күтпеу де керек.
Дамудың екінші даму кезеңі жуықтап алғанда баланың 3-4 жасына келеді де, оның 6-7 жасына дейін жалғасады. Ендігіде баланың ойлау жүйесі көрнекілік-бейнелік. Ол алдындағы тәжірибесіне сүйенеді - алыстағы таулар оғанжалпақ болып көрінбейді, ол тастың ауыр, әрі қатты екендігін білуі үшін міндетті түрде оны қолымен ұстауы керек емес, оның қабылдау мен сезім жүйелерінде ол туралы ақпарат жеткілікті жинақталған. Балалар біртіндеп заттармен әрекеттерден, олардың бейнелерімен жұмыс істеуге өтеді. Ойнау кезінде баланың алмастырушы затты қолдануы міндетті емес, ол көз алдына кез-келген ойнау материалын елестете алады - мысалы, жеуді елестетін тәрелкесінен, елестетуші қасық арқылы жүзеге асыра алады. Алдыңғы сатысына қарағанда, ойлау үшін бала затты қолымен ұстау керек болса, ал енді ол оны көз алдына елестетуі жеткілікті [2, 56 б.].
Бұл кезеңде бала бейнелерін белсенді түрде қолдана бастайды - тек қана ойнау кезінде ғана емес, шығармашылықта да. Осы жаста баланы дайын сызбаларға, өз материалдарын қолдануға үйретпеген дұрыс. Бұл жастағы балада фантазиясы мен өз бейнелерін дамытудың маңызы зор, өйткені бала өзінің бейнелерін қаншалықты дамытса, соншалықты оның миы жақсы жұмыс істейтін болады. Көбісінің ойынша, фантазия бұл - бос уақыт кетіру. Алайда оның бейнелік ойлау жүйесі қаншалықты дамыса, соншалықты оның келесі сатыдағы логикалық ойлау жүйесі дамиды. Сондықтан да бала 5 жасында оқып, санай алмаса уайымдаудың қажеті жоқ. Ең жаманы егер бала ойыншықтарсыз ойнай алмаса және шығармашылықпен айналыспаса! Шығармашылық қызметте бала өзінің ойлап тапқан бейнелерін елестетуге тырысады, танымал заттарымен ассоциациясын іздейді. Бұл жасында баланы дайын заттарға үйретпеу керек, мысалы үлгі бойынша сурет салуға және т.б. Бұл оның ойлауының дамуына кедергі жасайды.
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау жүйесінің қалыптасуы

Логикалық амалдарының қалыптасуы баланың ойлау жүйесінің дамуына әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Көптеген психологиялық зерттеулер баланың логикалық ойлау жүйесінің дамуының шарттары мен амалдарын зерттеуге бағытталған және олар бұл үрдіске әдістеме жасау мүмкін ғана емес, сондай-ақ жоғары тиімділікке ие деген ойды ұстанады, яғни логикалық ойлау жүйесін қалыптастырудың арнайы жұмыстарын ұйымдастыруда баланың алғашқы ойлау жүйесіне қарамастан нәтиженің жоғарылағаны байқалады.
Мектеп жасына дейінгі баланың математикалық даму процесіне математикалық материал негізіндегі әр түрлі әдіс-тәсілдерді енгізуді қарастырайық.
Сериация - өсу ретімен немесе кему ретімен қатарларды орналастыру. Сериацияның классикалық үлгілері: матрешкалар, пирамидалар, алмалы-салмалы ыдыстар және т.б.
Сериацияны өлшемі бойынша орналастыруға болады: ұзындығы бойынша, биіктігі бойынша, ені бойынша - егер заттар бір типті болса (қуыршақтар, таяқтар, ленталар, тастар және т.б.) және жай ғана өлшемі бойынша болса (нені өлшем ретінде санау керектігі көрсетілсе) - егер заттар әр түрлі болса (ойыншықтарды бойы бойынша орналастыру). Сериацияны түсі бойынша орналастыруға болады: бояудың қарқындылық деңгейі бойынша [3, 37 б.].
Талдау - объектінің қасиеттерін, топтың ішінен объектіні немесе белгісі бойынша объектілердің тобын бөліп көрсету.
Мысалы, белгі берілген: қышқыл. Алдымен барлық объектілерде бұл белгінің болуы тексеріледі, кейін белгіленіп, қышқыл белгісімен топтастырылады.
Синтез - бір жүйеге әр түрлі элементтерді біріктіру (белгілері, қасиеттері бойынша). Психологияда талдау мен синтез бір-бірін толықтырушы процестер ретінде қарастырылады (талдау синтез арқылы жүзеге асырылады, ал синтез - талдау арқылы).
Қандай да бір объектінің элементтерін белгілеуге арналған тапсырмаларды, сондай-ақ оларды бір жүйеге біріктіру бойынша тапсырмаларды баланың математикалық дамуының алғашқы кезеңдерінен бастап ұсынуға болады.
Мысалы:
A. Топтың ішінен кез-келген белгісі бойынша бір затты таңдауға арналған тапсырма (2-4 жас):
Қызыл допты ал. Қызылды ал, бірақ допты емес. Допты ал, бірақ қызылын емес.
Б. Көрсетілген белгісі бойынша бірнеше заттарды таңдауға арналған тапсырма (2-4 жас): Барлық доптарды таңда. Домалақтарды таңда, бірақ доптарды емес.
B. Бірнеше көрсетілген белгілері бойынша бір немесе бірнеше заттарды таңдауға арналған тапсырма (2-4 жас):
Кішкентай көк допты таңда. Үлкен қызыл допты таңда.
Соңғы тапсырма екі белгі бойынша бір заттың таңдауды білдіреді.
Балада өнімді аналитикалық-синтетикалық ойлау қызметін дамыту үшін әдістемеде әр түрлі көзқараспен қарастыратын тапсырмалар ұсынылады. Мұндай жан-жақты амалдарды қарастырудың амалына бір математикалық объектіге тапсырмаларды ұйымдастыру болып табылады.
Салыстыру - объектінің белгілері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуға арналған логикалық амал (зат, құбылыс, заттардың тобы).
Салыстыру объектінің бір белгісін көрсетіп, оны басқаларынан абстракциялауды білдіреді. Объектінің әр түрлі белгілерін көрсету үшін Мынаны тап ойынын қолдануға болады:
Мына заттардың қайсысы үлкен, әрі сары? (Доп пен аю.)
Не сары, әрі үлкен? (Доп.) және т.б.
Бала жауап берушінің рөлімен қатар, жетекшінің рөлін де қолданыла алуы керек, бұл оны келесі сатыға - сұрақтарға жауап беру сатысына дайындайды:
Сен бұл зат туралы не айта аласың? (Қарбыз - үлкен, домалақ, жасыл. Күн - үлкен, сары, ыстық)
Үлгі. Кім бұл туралы көп айтады? (Лента ұзын, көк, жылтыр, жібек.)
Үлгі. Бұл не: ақ, суық, үгілгіш? және т.б.
Методикалық тұрғыдан алдымен баланы екі объектіні салыстыруға, кейіннен объектілердің тобын салыстыру ұсынылады. Балаға алдымен объектілердің айырмашылық белгілерін тауып, кейін ұқсастықтарын тапқан оңай.
Объектілерді қандай да бір белгісі бойынша бөлу тапсырмасы салыстыруды қажет етеді (үлкен және кішкентай, қызыл және көк және т.б.).
Осындайды тап сынды ойындардың барлығы балалардың салыстыру қабілеттерін дамытуға бағытталған. 2-4 жастағы балалар үшін ұқсастықтары ізделінетін белгілері жақсы меңгерілуі қажет. Үлкенірек жастағы балалар үшін ұқсастықтардың белгілері мен сандары кеңінен өзгертіле алады [4, 19 б.].
Жіктеу - көп заттарды белгілі бір белгісі бойынша бөлу, оны жіктеудің негізі деп атайды. Жіктеудің негізі берілуі мүмкін, көрсетілмеуі де мүмкін (бұл нұсқаны үлкен жастағы балаларда қолданылады, өйткені талдау, салыстыру, жалпылау қабілеттерін талап етеді). Ескере кететін жайт, көпшілікті жіктегенде алынған жіктеулер жұптарымен қиылыспауы керек және жіктелгендерді құрастырғанда алдыңқы көпшілік шығуы керек. Басқаша сөзбен айтқанда, әр объект тек бір жіктеуге кіруі керек.
Мектеп жасына дейінгі балалармен мынадай жіктеулерді өткізуге болады:
- заттардың аттары бойынша (кеселер мен тәрелкелер, ракушкалар мен тастар, кегель мен доптар және т.б.);
- өлшемі бойынша (бір топқа үлкен доптар, екіншісіне - кішкентай доптар; бір қорапқа ұзын қарындаштар, ал басқасына - қысқа және т.б.);
- түсі бойынша (бір қорапқа қызыл жіптерді, екіншісіне - жасыл);
- формасы бойынша (бір қорапқа квадраттарды, ал екіншісіне - саптыаяқтарды; бір қорапқа - кубиктерді, ал екіншісіне - кірпіштерді және т.б.);
- басқа белгілері бойынша (жеуге болатындар мен жеуге болмайтындар, жүзетін және ұшатын жануарлар, орман мен бақша өсімдіктері, жыртқыш және үй жануарлары және т.б.).
Жоғарыда аталған мысалдардың барлығы - бұл берілген негізі бойынша жіктеу: педагог балаларға оны өзі жеткізеді. Басқа жағдайда балалардың өзі негізді өз бетімен анықтайды. Педагог тек көптеген заттарды бөлу керек топтардың санын айтады (объектілер). Бұл кезде негіз жалғыз жолмен анықтала алады.
Тапсырмаға арналған материалды таңдауда педагог балалардың объектілердің болымсыз белгілеріне бағыттайтын жиынтығы шықпауын бақылауы керек, бұл дұрыс емес жалпылауларға алып келеді. Есте сақтайтын жайт, эмпирикалық жалпылауларда балалар объектілердің сыртқы, көрінетін белгілеріне сүйенеді, бұл әрдайым олардың болмысын ашу мен түсінігін анықтауға көмектесе бермейді.
Балаларда өз бетінше жалпылауларды жасауын қалыптастыру жалпы дамыту көзқарасымен қарағанда өте маңызды болып келеді. Математикаға үйретудегі өзгерістерге орай балабақшада балалардың заттық, сызбалық және белгілік көрнекіліктері арқылы логикалық ойлауын дамытуға жұмыстар өткізуге болады, баланы салыстыруға, жіктеуге және өз қызметінің нәтижелерін біріктіруге үйрету керек.

3 Балалардың логикалық ойлау жүйесін дамытудың ерекшеліктері

3.1 Баланың логикалық ойлау қабілетін дамытудың негіздері

Логикалық ойлау - ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Логикалық ойлау дегеніміз - логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ұғымдарды ой - пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестеріне талдау беруге көшелік.
Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі таным процестері (қабылдау, зейін, жат пен ес, қиял, ойлану) өсе келе едәуір өзгерістерге ұшырайды. Мектеп жасына дейінгі баланың ойлау процесіне келсек, осының қаншалықты дамығаны туралы әр түрлі пікірлер бар. Л.С.Выготскийдің пікірі, бойынша оқымай жүрген ойын баласы оқуға кіргеннен соң ойымен интеллектысы үлкен өзгеріске ұшырайды: яғни натуральдық ойдан, мәдени, немесе ұғым арқылы ойлануға көшеді.
Ой операцияларының түрлері мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетінде әр түрлі тереңдікте кездеседі. Алғашқыда балалар нақты затқа, не солардың көшірмесіне (үлгісіне, суретіне т.б.) негізделе отырып, тапсырманы орындайды. Сол затқа не оның көшірмесін көз алдынан алып кетсе, тапсырманы орындау қиынға түседі. 5-6 жастағылар бірте-бірте заттың жеке қасиеттеріне, әсіресе негізгі белгілерін есінде қалдырып, соларды мүмкіндікше топтастыруға үйренеді. Осының өзі сол заттың не оның көшірмесі жоқ кезінде жабайы тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді [5, 13 б.].
Ал аталған операциялар - өзінше динамикалық болып тұратын процессуалдық құбылыстар. Осы құбылыстар, яғни операциялар жүзеге асу үшін тиісті бейнелерге елестету бейнесіне, не ұғымға негізделуі тиіс.
Баланың бірте-бірте ой өрісінің қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқыза алуына қалай өзінің ойын құрбылары арасында дәлелдеуге үйрене бастайды. Ол не болса, соған көнбейді, өзгелерден дәлел келтіруді талап етеді. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйелерге (логиканың негіздеріне) сүйенеді. Сонымен қатар өзінің пікіріне, не берген жауабына сынмен қарап: пікіріне не ісіне өзгерісінің бағыты тұрғысына қарай алуға үйренеді. Әркім өзінің пікіріне не ісіне талдау жасап сынмен қарауды рефлексиялық қарапайым түрі деп аталады. Рефлексияға не болу ойланудың шарты және оның жемісі бола тұрып, оқу үстінде 6-7 жастағыларда қалыптаса бастайды деу, бұл жастағылардың ақыл-ойының недәуір қалыптасып қалғанына дәлел бола алады.
Ойлау процесі бірнеше кезеңдерден өтеді. Ол қажеттіліктен немесе бірдемелерді түсіну, түсіндіру керектігінен басталады. Бұл, ойлау әрекетінің бірінші кезеңі.
Ойлау процесінің пайда болуы үшін екі шарт қажет:
1) жаңа әдеттен тыс нәрсені белгілі нәрседен айыра білу;
2) бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға: түсінуге, сырын ашуға ұмтылу.
Ойлау процесінің пайда болуында адамның қоршаған дүниеден байқаған жаңа, белгісіз нәрселерге қызығуының да елеулі маңызы бар.
Күтпеген, бейтаныс жағдайлармен кездескенде адам алдына міндет қоя білуі керек. Ойы жоғары дәрежеде дамыған, жеткілікті мөлшерде мол өмір тәжірибесі бар ересек адамдар әдетте өздері-ақ міндетті аңғарады және мәселе қоя біледі. Сөйтіп, олар үшін нені танып білу керектігі, яғни ой нысанасы мен ой процесінің бағыты айқын болады. Ой әрекетінің міндетті атқару және қоя білу сияқты бірінші кезеңі осылай аяқталады.
Ойлау процесінің келесі кезеңі қойылған мәселені шешу.
Анализ-синтез формасы әр түрлі формада болады, әр дәрежеде өтеді, бірақ адам қандай ой міндетін атқарса да ол ылғи анализ-синтезді қолдайды.
Анализ - бүтінді бөлшектеп майдалау, мүшелеу, қайсыбір жақтардан, жеке бөлшектерден, белгілерден бөліп қарау, ажырату, абстракиялау. Синтез - бөлшектерді, жақтарды, белгілерді біріктіру, жалпылау, топтау, бүтін құрау [6, 20 б.].
Анализ бен синтез ешуақытта бір-бірінен оқшау тұрмайды, біртұтас ой процесінің екі жағын құрайды. Атап айтқанда, анализ бен синтездің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі ой процесінің мәнін, ядросын құрайды.
Анализ бен синтездің өзара қатынасы мынандай тәуелділіктерден көрінеді:
1. Анализ бүтіннің бөлшектерін, жақтарын, белгілерін ажыратуға ғана емес, сонымен бірге бүтіннің осы бөлшектері арасында болатын байланыстарды, тәуелділіктерді қатынастарды ашуға бағытталатындықтан бүтінді талдаудық өзі әрі синтездеу болады.
2. Анализдік - синтездік процестің тұтастығы талдауға түпкі негіз бағыт беретіндігінен және жасалынған жұмыс нәтижесінде тереңірек және толығырақ танылатын сол негізді танудың құралы, жолы, тәсілі болатындығынан көрінеді.
3. Ой процесінің сәтті болуы яғни қойылған мәселені шешуге әкелуі оның осы үш буыны бір-біріне сайма-сай болған жағдайда жүзеге асады.
4. Ойлау процесі, яғни талдау-синтездеу әр дәрежеде өтеді - ол не заттарды қолға ұстап әрекет ету, оларды практика жүзінде мүшелеу және біріктіру түріне жүзеге асады, немесе міндет көрнекі түрде қойылады.
Талдау - синтездеу ой процесінің негізі бола отырып, жеке сипатқа не әр түрлі операцияларында көрініс береді. Ол операциялар мыналар:
Салыстыру - бұл қаншада салыстырылатын заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.
Салыстыру жолымен балалар әр түрліліктің жалпылығы және ұқсастықтың әр түрлілігін оңай табады.
Салыстыру - зат, құбылыс, оқиғаларды ойша топтаудың негізі.
Топтау - бұл салыстырудан барып шығатын күрделірек операция. Басты және қосалқы ұқсас белгілер негізінде заттар класс, тек, түр сияқты топтарға бөлінеді [7, 23 б.].
Жүйелеу - заттар мен құбылыстарды топтастыру, осы топтың ішінен одан кіші топтар мен бөліктерді саралайды. Бұл - кішкене топтар да ортақ белгілер негізінде құрылады, бірақ ол белгілер бұл түр, класс өкілдерінің бәрінде кездесе бермейтін жеке белгілер болып келеді.
Жалпылау жалпылардың ең қарапайым түрі ұқсас заттарды олардың кездейсоқ ортақ белгісіне қарай біріктіру болып табылады.
Нақтылау дегеніміз - жалпыланған білімді нақтылы жеке жағдайда қолдану, бұл үшін осы жеке жағдайды тағыда талап, оның белгілі ереже, ұғым, заңға сай келетін белгілерін айрықшалау керек.

3.2 Баланың логикалық ойлау қабілетін дамытудың жолдары

Бүгінгі күн талабы - баланың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы - ойын әрекеті, яғни, ойын - баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.
Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. Ойы саяздың, тілі саяз деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады [8, 123 б.].
Белгілі психолог Л.С. Выготский: Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары, не төмен талапты ауытқу, яғни тым ерте, не болмаса тым кеш оқыту мерзімдері баланың ақыл-ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді деген. Осы орайда, Балаларды мектепке дайындау - оларды оқытып, санатып, әйтеуір білім беріп шығару - деп, білімдік, тәрбиелік үрдістердің дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізу ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі сөзсіз.
А.С.Выготскийдің, Ф.Н.Леонтьевтің, С.Л.Рубенштейннің теориялық және тәжірибелік жұмыстары қандай да болмасын ерекше қасиеттер - логикалық ойлау, шығармашылық қиял, саналы ес балада туа біте тәрбиесіз дами алмайтындығына дәлел болады. Олар балалық шағында, тәрбиелеу кезеңінде дамиды, Л.С. Выготский айтқандай: баланың психикалық дамуында маңызды рөл атқарады [9, 54 б.].
Баланың ойлау қабілетін дамыту қажет. Оны салыстыруға, жалпылауға, талдауға, тілін дамытуға, жазуға үйрету керек. Өйткені әр түрлі ақпараттарды ойланбай жаттап алу, үлкен адамдардың ойларын қайталау баланың ойлау жүйесінің дамуына ешқандай пайда әкелмейді.
В.А. Сухомлинский былай деп жазған: "...Балаға бірден көп білімді беруге тырыспаңдар...- ондай кезде баланың қызығушылығы мен тырысу қабілеттері жоғалып кетеді. Баланың қоршаған ортасында бір ғана затты танытыңыздар, бірақ оны оның алдында барлық әлем түрлі-түсті бояулармен көрінетіндей ашыңдар. Балаға үнемі қызығушылығын арттыратын әлемді ашып отырыңдар, одан кейін баланың өзі ол затты білуге құлшына түседі ".
Сондықтан баланы үйрету мен дамыту мәжбүрлеусіз, нақты бір жас ерекшелігіне қарай педагогикалық құралдармен жүзеге асырылуы тиіс. Осындай мектеп жасына дейінгі балаларда олардың логикалық ойлау жүйесін дамытушы құрал - ойын болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалар өсе бастағанда ойын олардың қызметінің негізгі түрі болмаса да, ойын өзінің дамытушы қасиеттерін жоғалтпайды.
Я.А. Коменский ойынды баланың қызметіне қажетті құрал деа қарастырады.
А.С.Макаренко ата-аналарының назарын мынаған аударады "болашақ тұлғаны дамытуда ойын алынып тасталынбай, керісінше ойынды болашақ тұлғаны, азаматты дамытатындай ұйымдастыру керек".
Ойынның сюжеттік-рөлдік, шығармашылық түрлерінде балалардың оларды қоршаған таным, болып жатқан құбылыстар мен жағдайлар туралы түсініктері көрінеді. Ережелері бар көптеген ойындарда балалар білуі қажет әр түрлі білім, ақыл-ой операциялары, қызметтер көрінеді. Мұндай меңгеру баланың жалпы ақыл-ойының дамуына қарай, сонымен қатар ойында бұл даму жүзеге асырылады.
Баланың ақыл-ойының дамуы шығармашылық ойындармен қатар, дидактикалық ойындарда да жүргізуледі. Дидактикалық деген сөздің өзі балалардың ақыл-ойының дамуының көрінісі болып табылады, демек, баланың логикалық дамуының құралы ретінде пайдалына алады.
Дидактикалық ойында танымдық тапсырмалар мен ойын формаларының біріктірілуі, дайын мазмұн мен ережелердің болуы педагогқа баланың логикалық дамуына дидактикалық ойындарды жоспарлы түрде қолдануға мүмкіндік береді [10, 43 б.].
Ойын - бұл тек оқытудың түрі ғана емес, сондай ақ ол бала үшін қуаныш пен рақат. Барлық балалар ойнағанды ұнатады, ойынның қалай ұйымдастырылатыны, оның пайдалылығы ересек адамдарға байланысты. Ойнау арқылы бала өзінің алдында алынған білімдерін бекіте қоймайды, сондай-ақ жаңа қабілеттерін, ақыл-ой қабілеттерін дамытады. Бұл жағдайларда баланың ақыл-ойының дамытылуына арналған, логикалық мазмұны бар ойындар қолданылады. А.С.Макаренко жалғыз ойынның өзі баланы тәрбиелеуде табысты бола алмайтындығын жақсы түсінген. Сондықтан да ол ойындардың кешенін жасауға ұмтылды, ол оны баланың дамуындағы маңызды міндет деп түсінді.
Қазіргі заманғы педагогикада дидактикалық ойын баланың дамуына, ықылас, есте сақтау, ойлау, қиял сынды интелектуалдық психикалық процестерінің дамуына арналған тиімді құрал болып табылады.
Дидактикалық ойындардың құралдардың көмегімен балаларды өз бетінше ойлауға, алынған білімдерін қойылған міндеттерге байланысты қолдануға үйретеді. Көптеген ойындар балалардың алдында ойлау операцияларында алған білімдерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың логикалық танымы үдерісін ойын әрекеті арқылы дамыту.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Логикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету
Ойындар арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларының логикалық ойлауын дамыту
Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілеттерінің даму ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауының даму ерекшеліктері
Пәндер