Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыстың тақырыбы:

Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалы

Мазмұны

Кіріспе3

1 Оқу-тәрбие үрдісіндегі мұғалімнің тұлғасы5

1. 1 Мұғалімдік қызметтің сипаттамасы5

1. 2 Оқытушының оқу мен тәрбие қызметінің сәйкестілігі10

1. 3 Мұғалімнің кәсіби және тұлғалық сипаттамалары12

1. 4 Мұғалімнің кәсіптік этикасы, педагогтік әдептілігі14

2 Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне әсерін анықтау19

2. 1 Мұғалімнің оқушылардың сабақтағы белсенділігін анықтау ерекшеліктері19

2. 2 Мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттерінің оқушының тұлға болып қалыптасуына әсерін зерттеу23

Қорытынды27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі31

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш - адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі» делінген. Олай болса, алға қойылған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі оқушы жастарымыздың шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстанның орта білім жүйесінің алдына бүкіладамзаттық құндылықтар, ұлттық рухани мұралар, адамгершілік пен ізгілік, елжандылық тұғырнамасында қалыптасқан, тәні және жаны сұлу, өзіне өзі сенімді, ғылыми-теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарында тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.

Әрбір оқушының еркін дамып, оның ішкі даралық және дарындылық мүмкіндіктерінің ашылуын және педагогтарының шығармашылықпен нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мектепті басқару жүйесінің демократиялық пен ізгілік негізде құрылуының маңызы зор.

Білім беру жүйесінде мектептің оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамаларын бұрынғыдай «адамның күні адаммен»емес, «адамның күні адамзатпен және табиғатпен»деген анықтамаға лайықтап құрып, оны төмендегідей бағыттарын анықтадық:

- оқушыларды бүкіладамзаттық даму үрдісінің, білім мен ғылымның, технологияның даму бағыттарына бағдарлап, соларға лайықталуына;

- нарықтық экономиканың жағдайында интеллектуалдық, экономикалық және әлеуметтік бәсекеде қажетті іскерлік қабілеттері мен қасиеттерін қалыптастыру, ақпараттық технология, халықаралық экономикалық, құқықтық қатынастар және әртүрлі білім-ғылым салалары бойынша энциклопедиялық білім мен тәжірибелік қабілеттер қалыптастыруға;

- жаһандану дәуірінде ұлттық рухани қазыналарымызды, қасиеттерімізді, тіліміз бен ділімізді сақтай білуге тәрбиелеу.

Қазіргі кезеңде көптеген рухани құндылықтар теріске шығарылып, оқушылардың сана-сезімі мен моральдық бейнесіне, жан-дүниесіне қатыгездік пен азғындаушылық көріністерін насихаттаушы ақпараттық қысым көрсетіліп отырған жағдайда оқушылардың санасында, ой-өрісінде жалпы азаматтық, адамзаттық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оқушы тұлғасының даму барысын психологиялық жан-жақты және үздіксіз зерттеу, оның даралық ерекшеліктерін таңдап дұрыс бағытта дамыту, әртүрлі әлеуметтік және моральдық психологиялық жағдайларда қолдау көрсету көкейкесті мәселеге айналып отыр.

Курстық жұмыстың мақсаты:

- Оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруда мұғалімнің қызметі мен маңызы;

- Оқытушының оқу мен тәрбие процесіндегі рөлін анықтау;

- Оқушылардың сабақтағы белсенділігін анықтау ерекшеліктерін қарастыру;

- Оқушылардың сабақтағы белсенділігін қалыптастыру жолдарын зерттеу.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: педагогикалық процесте оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтауды ұйымдастырылу жүйесі.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтаудағы мұғалім қызметтері мен мақсаттары.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- оқу-тәрбие үрдісіндегі мұғалімнің тұлғасын анықтау;

- оқытушының оқу мен тәрбие қызметінің сәйкестілігін зерттеу;

- мұғалімнің кәсіби және тұлғалық сипаттамаларын анықтау;

- мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне әсерін зерттеу;

- мұғалімнің оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтау ерекшеліктерін анықтау;

- мұғалімнің оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруының әдістерін талдау.

Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері қолданылды.

1 Оқу-тәрбие үрдісіндегі мұғалімнің тұлғасы 1. 1 Мұғалімдік қызметтің сипаттамасы

Еуропада, Ұлыбританияда, АҚШ-та кеңінен таралған education термині (образование дегенді білдіреді) «образ» деген түбірі жоқ, алайда білім беру процесіне қатысушылардың өзара әрекеттесуінің барлық аспектілерін қамтып, мазмұны бойынша кең ұғым болып табылады. Сол себепті білім беру оның мәдени сәйкестілігіне байланысты қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарын интернационалдандыру ретінде оқыту мен тәрбие беруді өзара қосады. Сонымен бірге, оқыту мен тәрбие берудің өзара байланысы бұл процесте ажыратылмайды. «Тәрбие беру де, білім беру де ажыратылмайды, - деп Л. Н. Толстой ерекше атап өткен. Білім бермей тәрбие беруге болмайды, ал кез-келген білімнің тәрбиелеуші әсері бар». Бұл ойды ХҮІІІ ғ. аяғында И. И. Бец ерекше атап өткен. Соған сәйкес, білім беру шын мәнінде сырттан басқарылатын өзін-өзі оқыту болып табылып, яғни мәдениет бейнесі және оны ұдайы өндіру бойынша «МЕН» бейнесін жасау үш өзара байланысты тұрғыдан алынады: білім беру жүйесі; «қазіргі заманда жастарға білім беру» немесе нақты адамға білім беру, оның біліктілігін назарға ала отырып, осы процестің жеке немесе ұжымдық нәтижесі ретінде қарастырылады.

Білім беру нәтижесі екі тұрғыдан қарастырылады. Біріншісі - бұл нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын және білім беру стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі. Қазіргі замандағы білім беру стандарттары оқытудың белгілі бір курсын өту үстіндегі адамның тұлғалық сапасына, оның білімі мен икемділігіне қойылатын талаптарды қамтиды. Стандарттың мазмұны, әлеуметтік мәдени тәжірибенің идеалды формада сақталатынына әлбетте қол жететін көрнісі екені мәлім.

Екінші тұрғыдан білім берудің нәтижесі бұл белгілі бір білім беруші жүйеде оқытудан өткен адамның өзі. Интеллектуалды, тұлғалық, мінез-құлықтық қасиеттерінің қалыптасқан жиынтығы ретіндегі оның тәжірибесі оған кез-келген жағдайда адекватты әрекет жасауға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыдан білім берудің нәтижесі білімділік болып табылады, ол жалпы және кәсіптік-мазмұнды бола алады. Осылайша, мектеп түлектерінің жалпы білімділігін қалыптастырады. Кез-келген жоғары оқу орнының түлегі осы негізде арнайы кәсіптік білімімен сипатталады. Адамды білімді ететін терең және жүйелі білім беру өмір ағымының ауыспалы кезеңдерінде сенімділік, бәсекеге қабілеттілік және өзінің ар-намыс сезімінің негіздерін салады [1, 58 б. ] .

Педагог іс-әрекеті білім саласында кәсіби міндеттерді шешуге бағдарланады. Шешім мақсатты айқындаудан, іс-әрекет мотивіне түрткі болудан басталады. Мақсаттылық - іс-әрекеттің алғашқы кезеңі, екінші кезең іс-әрекет бағдарламасын жоспарлау, жобалау. Іс-әрекет бағдарламасын құру үшін, қандай әрекеттер және қандай оқыту процесінің афференттік синтезінен өткізу қажет. Нәтижесінде әрекет бағдарламасы - педагог іс-әрекетінің моделі пайда болады. Іс-әрекетін бағдарлау педагогтың интеллектуалдық қабілетіне байланысты, қандай білім мен іскерліктерді игерген, педагогтың кәсіби міндеттерін эвристикалық жолмен шеше алуы, оқыту технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзыреттілігінен шешіледі.

Құзырет - өкілетті қызмет адамы, сол салада оның сәйкес білімі, танымы болуы қажет және жауапты шешімдерді қабылдауға құқылы.

Құзыреттілік - жұмыскердің өз білімі, біліктілігі және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті.

Біліктілік - адамның қандай да бір кәсіби- еңбек қызметін орындауға деген дайындық деңгейі немесе біліктілік - кәсіпті меңгеру деңгейі. Біліктілік мінездемесі - қандай да бір біліктілік деңгейі бар нақты бір кәсіп маманы оны игеруге қажет білім, білік және дағдыларға қойылған талаптар тізімі белгіленген мемлекеттік құжат.

Кәсіби оқытушы педагогының құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім, Педагог мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың (студенттердің) психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада - педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және оқушыларға (студенттерге) өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды.

Кәсіби оқытушы педагогтың іскерлігінің негізгі бағыты болашақ мамандардың кәсіби білімін (теориялық және тәжірибелік) жетілдіру болып табылады. Кәсіби білім педагогы педагогикалық іскерлікке даярлықтан басқа кәсіби оқыту мекемесінде кадрларды дайындауға арналған халық шаруашылығының маманы болып табылады.

Кәсіби оқыту педагогының кәсіби іскерлігінің мазмұны оның еңбегінің педагогикалық және инженерлік интегралмен анықталады.

Оқушылардың кәсіби дайындығының мақсаты - ғылыми-педагогикалық тапсырмаларды орындауға және кәсіби оқыту педагогы мен еңбек технологиялары мұғалімінің кәсіптік қызметінің қажетті функциялары мен түрлерін орындауға бейім маманды қалыптастыру болып табылады. маман оқыту үрдісінің білім беру саласы, мәні, мағынасы және құрылымы туралы білім жүйесін білуі керек. Сондықтан осы бағытта педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсетілуімен тұлғалық сапалары қарастырылады.

Алғаш рет педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсетуге әрекет жасаушының бірі П. Ф. Каптерев деп санауға болады. Ол объективті және субъективті қасиеттерді, факторларды бөліп, олардың жоғарыдан төмен дамуын (иерархиясын) ұйғарды (Кесте 1) . Жалпы алғанда, келесі түрде көрсетілуі мүмкін:

Кесте 1-Педагогтың жалпы қасиеттері

Арнайы
Объективтік (мұғалімнің ғылыми дайындығы)
Субъективтік (жеке мұғалімдік талант)
Арнайы: Тұлғалық
Объективтік (мұғалімнің ғылыми дайындығы): (адамгершілік - еріктік қасиеттер)

Н. В. Кузьмина бойынша, субъектілік факторлар құрылымы: табиғаттылық типін, қабілеттер деңгейі мен құзырлықты қамтиды, оларға арнайы-педагогикалық, әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық, диференциалды-психологиялық, аутопсихологиялық құзырлық жатады. Осы факторлық құрылымның үш негізгі құрастырушысы айқын: тұлғалық, даралық (немесе даралық-педагогикалық) және кәсіби-педагогикалық. А. К. Маркова бойынша, субъектілік қасиеттер құрылымы келесі сипаттама блоктарымен көрсетілуі мүмкін:

Кесте 2 - Субъектілік қасиеттер құрылымы

Объективтік сипаттамалар
Кәсіби, психологиялық, педагогикалық білімдер
Кәсіби іскерліктер
Объективтік сипаттамалар: Субъективтік сипаттамалар
Кәсіби, психологиялық, педагогикалық білімдер: Кәсіби психологиялық позициялар, ұстанымдар
Объективтік сипаттамалар: Тұлғалық ерекшеліктер

Н. В. Кузьмина ұсынған, осы құрылымды педагогтың субъективтік қасиеттер құрылымымен салыстырудан көрініп отырғандай, онда қабілеттер блогы арнайы бөлінбеген және құзырлылық түсінігінің өзі біршама бөлек түсіндіріледі.

Мысалға, егер Н. В. Кузьмина тұжырымдамасында құзырлылық педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің басқа факторларымен қатар қойылған фактор болса, онда А. К. Маркованың тұжырымдамасында кәсіби құзырлылық тектік түсінік болып табылады. Ол іс-әрекетте көрінетін және оның тиімділігін қамтамасыз ететін барлық факторларды қамтиды.

А. К. Маркова бойынша, «педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық қарым-қатынас жеткілікті жоғары деңгейде іске асырылатын, мұғалім тұлғасы жүзеге асырылатын, мұнда мектеп оқушыларының оқуылуы мен тәрбиеленуінің жақсы нәтижелеріне жететін, педагог еңбегі (осы жақтар кәсіби құзырлылықтың бес блогын құрайды) » кәсіби құзырлы [2, 47 б. ] .

Осы келістің үлкен жетістігі, кәсіби құзырлылықтың барлық сипаттамалары мұғалім еңбегінің үш жақтарымен ара қатынаста болуы: оның технологиясымен - өзіндік педагогикалық іс-әрекетпен, педагогикалық қарым-қатынас және мұғалім тұлғасымен. Бұл А. К. Маркова бойынша, біріншіден, педагогикалық еңбек субъекті, мұғалімнің өзін, көрнекі елестетуге мүмкінді береді:

МҰҒАЛІМ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕҢБЕК СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

Мұғалім тұлғасы

Мұғалім педагогикалық Мұғалім педагогикалық қарым-

іс-әрекет субъектісі ретінде қатынас субъектісі ретінде

Екіншіден, ұсынылған түсініктеме іс-әрекет пен қарым-қатынасты кейбір шектеулермен педагогикалық субъектілік қасиеттерді, оларды модульді көрсету көмегімен қарастыруды операционалдандыруға мүмкіндік береді (кестені қараңыз) .

Кесте 3 - Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы модулі (А. К. Маркова бойынша)

Мұғалім еңбегінің жақтары
Еңбектің әрбір жағы үшін психологиялық модуль
Мұғалім еңбегі үшін объективті қажеттілер
Мұғалім еңбегінің психологиялық сипаттамасы
Кәсіби білімдер
Кәсіби-педагогикалық іскерліктер
Кәсіби ұстанымдар

Кәсіби-психо-логиялық ерекшеліктер

(сапалар)

Мұғалім еңбегінің жақтары: Еңбек процесі
Еңбектің әрбір жағы үшін психологиялық модуль: Мұғалімнің педа-гогикалық іс-әрекеті
Мұғалім еңбегінің жақтары:
Еңбектің әрбір жағы үшін психологиялық модуль: Мұғалімнің педагогикалық іскерліктері
Мұғалім еңбегінің жақтары:
Еңбектің әрбір жағы үшін психологиялық модуль: Мұғалім тұлғасы
Мұғалім еңбегінің жақтары: Еңбек нәтижесі
Еңбектің әрбір жағы үшін психологиялық модуль: Мектеп оқушыларының білімділігі
Мұғалім еңбегінің жақтары:
Еңбектің әрбір жағы үшін психологиялық модуль: Мектеп оқушыларының тәрбиелілігі

Үшіншіден, А. К. Маркованың кәсіби құзырлылықты, оның өзіндік іс-әрекеттік компоненті - іскерліктерді түсіндіру келісі, авторға іскерліктердің он бір тобын бөліп қана қоймай, сондай-ақ оларды мұғалім еңбегінің барлық жақтары үшін «жарып өткіш» қылуға мүмкіндік берді.

А. К. Маркова көрсеткендей, «кәсіп - бұл адам белгілі бір білім мен дағдыны меңгеруін және оған сәйкес қабілеттер мен кәсіби маңызды қасиеттер болуын қамтамасыз ету үшін қоғамға қажетті іс-әрекеттің тарихи пайда болу формасы деген».

Л. М. Митина өңдеп, дамытып отырған, «іс-әрекет- қарым-қатынас - тұлға» схемасының контексіндегі мұғалім тұлғасының моделі бес кәсіби маңызды сапаларға бөлінеді, олар педагогикалық қабілеттердің екі тобын айқындайды

Кесте 4 -Мұғалім тұлғасының моделі

ЖОРАМАЛДАУШЫ- ГНОСТИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕР
Педагогикалық мақсатты ұйғару
Педагогикалық ойлау
ЖОРАМАЛДАУШЫ- ГНОСТИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕР: РЕФЛЕКСИВТІ-ПЕРЦЕПТИВТІ ҚАБІЛЕТТЕР
Педагогикалық мақсатты ұйғару: Педагогикалық рефлексия
ЖОРАМАЛДАУШЫ- ГНОСТИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕР: Педагогикалық әдеп
ЖОРАМАЛДАУШЫ- ГНОСТИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕР: Педагогикалық бағыттылық

Өзіне назар аудартатын жағдай, біріншіден, қабілеттердің өздері де тікелей іс-әрекет тиімділігін анықтаушы субъектілік факторлар ретінде бола алмайды, екіншіден, бағыттылық басқа да тұлғалық сапалармен қатар қойылған.

П. Ф. Каптерев көрсеткендей, педагогикалық іс-әрекеттің табысты болуының маңызды факторларының бірі мұғалімнің «тұлғалық сапалары» болып табылады. Мақсатқа ұмтылу, табандылық, еңбек сүйгіштік, қарапайымдылық, бақылампаздық сияқты сапалардың міндетті болуы аталынып өтіледі. Әсіресе, эмпатияға әзір болу маңызды, яғни оқушылардың психикалық күйлерін түсінуге, көңіл-күйге ортақтасуға әзір болу және әлеуметтік өзара әрекеттесуге қажеттілік маңызды.

Сондықтан, кәсіптік парыздылықты меңгерген педагог қана оқушылардың психикалық күйлерін жете түсініп, жәрдем көрсете алады. Осыған байланысты зерттеушілер тарапынан педагогикалық деонтологияға үлкен мән беріледі, оның көрінісінен мұғалімнің жалпы мәдениеті мен іс-әрекетінен жоғары кәсіпқойлығы байқалады.

Сонымен, деонтология сөзі грек тілінде Deon, deontos - парыз, парыздылық және logos - ілім, сөз деген ұғымды білдіреді. Деонтология - парыз бен парыздылықты қарастыратын этикалық теорияның тарауы. Бұл терминді Бентам (1834) адамгершілік теориясын тұтас ілім ретінде көрсету үшін енгізген. Педагогикалық деонтология - ұстаздық парыз туралы ғылым. Бұл ұстаздың іс-әрекетінің саналы, адамгершілік компоненті болып табылады.

Біздің пайымдауымыз бойынша мұғалімге қойылатын барлық деонтологиялық талаптар төмендегідей 4 негізгі ұстанымдар аясына саяды.

  1. Оқушының (тәрбиеленушінің) ден саулығына, жан саулығына зиян келтірмей әсер ету;
  2. Барлық жүріс-тұрысымен, ой-өріс, іс-әрекеттерімен (әрекеттестікте, мәліметтеу, насихаттау т. с . с. ) осы ұстанымның кең тарауына және оқушы санасына өзіндік бақылау дағдыларын қалыптастыруына жол ашу, қарайласу, соған себепкер болу:
  3. Оқушының табиғатына үйлесімді дамуына жәрдемдесу;
  4. Бүкіл жан дүниесімен, сана-сезімімен осы ұстанымдарды бұзуына зиян келтіретін салдарды жоюға ынталану.

Яғни, педагогикалық деонтология ғылымы бойынша ұстаздық әсердің ең негізгі мақсаттары: оқушының ден саулығын, жан саулығын сақтауды, нығайтуды көздей отырып, оқушы тұлғасының табиғатына сай дамуына жағдай жасау.

Қорыта келгенде, кәсіби оқытушы педагог үшін ең маңыздысы оқушының (студенттің) іс-әрекеттерін, тұлғалық өзін-өзі ұйымдастыруын, басқара алуы және қоғамда болып жатқан жағдайды дұрыс түсіне біліп, сол бағытқа сәйкес қызмет ету.

Кәсіби оқытушы педагогтың міндеті - оқушыны (студентті) өз бетімен білім алуға бағыттау, тұлғалық қасеттерін өз бетінше дамытуына жағдай жасап, көмек көрсету.

1. 2 Оқытушының оқу мен тәрбие қызметінің сәйкестілігі

Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, шығармашылығы мол, еңбекшіл парасатты азаматы болуы керек. Өйткені, баланы өзіне тарта алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие бола алады. Сондықтан қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді ғана болып қоймай, тарихи танымы мол, саяси-экономикалық және педагогикалық-психологиялық сауатты болуы тиіс. Сонымен бірге балаға ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, сана-сезімдік дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбиені сіңіруші адам болуы шарт.

Жаңа заманның тарихын жазатын, кезінде бұрмаланған тұстарына әділ баға беретін, оның кемшілік тұстарын толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жастарды тәрбиелеп жатқан мына біздерге, мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді.

Білім беру - тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі заңды нәрсе. Бұл үрдістегі басты тұлға - мұғалім. Ұлы ғұламамыз А. Байтұрсынұлы жиырма бірінші ғасырдың басында «Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика мен әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім» деген екен. Өткен ғасырдың басында айтылған бұл сөз бүгінгі күні де маңызын жойған жоө. Әсіресе, ол қазіргідей білім реформасы жүріп жатқан, өркениеттілік көшіне ұмтылып жатқан уақытта тіпті маңыздырақ болып отыр. Олай дейтініміз, өз білімін көтеріп, өз бетінше жетілдіріп отырмаса, тынбай ізденбесе, мұғалімнің балаға берер білім дәрежесі жеткіліксіз болары күмәнсіз [3, 49 б. ] .

Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда тек күнделікті күнкөріс үшін жүретін ұстаздар жа арамызда жоқ емес. Атақты педагог В. Сухомлинский «Оқытушы жұмысының жемісті болуы - балаға жүрек жылуын ұсына отырып, оқыту мәселесін бірінші орынға қойғаны» деген сөзінің ұстаз еңбегінде орындалған деп түсінеміз.

Оқушыларды отанды сүюге, адалдыққа, адами тазалыққа, ізгілікке, имандылық пен инабаттылыққа, салт-дәстүрді құрметтеуге үйретіп баулу - әрбір ұстаздың абыройлы парызы һәм қарызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманған лайық өзінің білімін беру ісінде рухани, этно-мәдени дәстүрлерді сақтап, дамыта отырып, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технология мен техниканы меңгермей, білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы тиіс.

Мұғалім беделі, жеке басының ерекшелігі мектеп ісінде, жас ұрпақ тәрбиесінде айрықша орын алады. Мұғалім беделінің артуына алдымен мұғалімнің өзі, сонан соң мектеп жауапты. Егер мұғалім белсенді, өз пәнін жетік меңгерген болса, әрине, оның беделі өз ортасында - әріптестері, шәкірттері арасында арта түсері даусыз.

Ұстаз - жеке тұлға. Ол - үлкен ақыл, парасат иесі, тәлімді тәрбиеші, өмір тәжірибесі мол, мейірім-қайырымы көп ұлағатты жан. Алайда, жас ұрпақ алдындағы мұғалім беделін қайтсек көтереміз, абыройын қайтсек асырамыз дейтін мәселені әркім тікелей шеше алмайды. Мұғалімнің беделі тек өзіне ғана байланысты. Мұғалімнің неге сыйламайсың? деп ешқандай шәкіртті зорлап мойындата алмайсың. Қоғам, уақыт өзгертеді.

1. 3 Мұғалімнің кәсіби және тұлғалық сипаттамалары

Мұғалім еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Сондықтан мұғалімнің жеке басына, мамандық деңгейіне арнайы талаптар қойылады. Оның әрекетінің сипаты алдымен бағытына яғни қоғамға, өз мамандығының бағалы жақтарына сенімді болуына байланысты. Мұғалімнің басты бағыты дүниенің шындығын тану, идеялық тұрақтылық, қоғамдық-саяси белсенділік, азаматтық жауапкершілік, халық ісіне берілуі, оған әділдік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалын анықтау
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушы тәрбиесіне ықпалы
Ата ананың тұлғасын сипаттау
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері
Оқушыларды тәрбиелеудегі мұғалімнің жеке тұлғасының ықпалы
Мұғалімнің жеке және кәсіби сапалары
Мұғалім мен оқушының тығыз қарым - қатынасқа түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсері
Сынып жетекшісі
МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАР ТӘРБИЕСІНЕ ЫҚПАЛЫ
Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz