Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірбиелері
КІРІСПЕ 3
1 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚҰРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 3
1.1 Шағын кәсіпкерліктің түсінігі және оның эволюциясы 3
1.2 Шағын кәсіпкерліктің қызметтері мен түрлері 3
1.3 Шағын кәсіпкерлікті құру ерекшеліктері 3
2 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚҰРУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРБИЕЛЕРІН ТАЛДАУ 3
2.1 АҚШ.тағы шағын кәсіпкерлік 3
2.2 Германиядағы шағын кәсіпкерлікті құру және қолдау тетіктері 3
2.3 Түркиядағы шағын кәсіпкерлікті құру ерекшеліктері 3
3 ЕЛІМІЗДЕГІ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚҰРУМЕН ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРБИЕНІ ҚОЛДАНУ 3
3.1 Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті құру ерекшеліктері 3
3.2 Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік шетелдік тәжірбиесін Қазақстанда қолдану 3
ҚОРЫТЫНДЫ 3
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 3

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңдағы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – шағын кәсіпкерлікті дамыту. Өйткені, ол әлеуметтік-экономикалық мәселелерді дамыту бағдарламасын шешу барысындағы қуатты тұтқалардың бірі болып табылады. Шағын кәсіпкерлік немесе бизнес бүгінгі дүниежүзілік елдердің экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып табылады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Осы орайда дамыған шет мемлекеттердің тәжірибелеріне сүйене отырып, шағын кәсіпкерлікті құрудың маңыздылығы көрінеді. Қарап, отырсақ шет мемлекеттер осы шағын кәсіпкерліктің арқасында экономикасын көтеріп, елінің әлеуметтік жағдайларын да жақсартып жатыр. Бұл сол кәсіпкерлікке мемлекеттің қарамағынан көрсететін қолдаудың арқасында. Осы шет елдің шағын кәсіпкерлікке байланысты озық үлгілерін мен өз курстық жұмысымда қарастыра отырып, бүгінгі таңдағы еліміздің бұл саладағы жай-күйін бағалап, кәсіпкерлікті дамытудың жолдарын ұсынамын. Ал бұл менің курстық жұмысымның өзектілігін баянды етеді.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі: Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірбиелерінің ғылыми негізіне тереңнен қалам тартқан батыс елдерінің осы салада зерттеулер жүргізген маман-ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды. Атап айтқанда, Лян Е.Е., Разумнова И., Кабушкин Н.И., Мамыров Н. К., Меирбеков А. Қ., Ниязбекова Р.Қ., Попова М., Шумпетер Й.А., Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С., Рыбалкина В.С., Булатова А.С., Шишкин А.Ф., Шишкина Н.В., Фалькович Е.Б сияқты ғалымдардың және көптеген басқа да отандық экономистердің еңбектері кеңінен пайдаланылды.
Дегенмен, аталған еңбектерде Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірибелері бүгінгі күннің талабына сай жан-жақты қарастырылған деп айту мүмкін емес. Жалпы шағын бизнесті құруға көптеген мәселелер көтеріліп жатқанымен, нақты шағын бизнестің шетелдік тәжірибелеріне сай жұмыстар ғылыми тұрғыда әлі де болса негіздеуді талап етеді.
Қазақстанның нарықтық экономикасы жағдайында экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі тұтас экономиканы дамудың кәсіпкерлік моделі тұтас экономиканы сауықтандырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадамы болып табылады.

1. Қаржы-экономика сөздігі. Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС. 2007ж.
2. Ұлттық экономика. Оқулық. Алматы. 2010 ж. 528 бет.
3. Лян Е.Е. «Республика Казахстан – Европейский союз: перспективы экономического сотрудничества». Материалы конференции.
4. Разумнова И. Мелкое предпринимательство в промышленности США // Проблемы теории и практики управления. – 2007.
5. www.ukimet.kz
6. Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi жеделдетiлген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы. 1. Бағдарламаның паспорты
7. Ұлттық экономика. Оқулық. Алматы 2010 ж. 528 бет.
8. www.damu.kz
9. www.zakon.kz
10. Кабушкин Н.И. Основы менеджмена: Учебник. — 11-е изд., испр. - М.: Новое знание, 2009. — 336 с.
11. Мамыров Н. К. «Менеджмент и рынок» Алматы 2008 ж.
12. Меирбеков А. Қ. «Кәсіпорын экономикасы» Алматы 2008 ж.
13. Ниязбекова Р.Қ. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы / Р. Қ. Ниязбекова. - Алматы : Экономика, 2008
14. Попова М. «Как вывести предприятие из финансового кризиса» Финансовый директор.2008
15. Шумпетер Й.А. Теория экономического развития. Научная монография. «Директмедиа». –Москва.-2008. -401 стр.
16. Ілиясов Қ.Қ. Құлпыбаев С. Қаржы. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. – Алматы: 2008
17. Қазақстан Республикасының Заңы «Жеке кәсіпкерлік туралы» (2011.06.01. берілген )
18. Кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама “Бизнестің жол картасы-2020”// www.damu.kz
19. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (2010.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
20. Шағын және орта кәсіпкерлік. Статистикалық жинақ 2010-2013 // http://www.stat.kz/
21. Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның қызметтері мен даму кезеңдері // http://www.damu.kz/
22. Международные экономические отношения / под ред. В.С. Рыбалкина. – М.: ЮНИТИ, 2009.
23. Мировая экономика / под ред. А.С. Булатова. М.: Экономистъ.
Шишкин А.Ф., Шишкина Н.В., Фалькович Е.Б. Мировая экономика: Учебник для вузов. – М.: Академический проект, 2008

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірбиелері
Пәні:Экономика
Орындаған: ________ топ студенті
Шаудирова Нургуль Тулегенкызы
Ғылыми жетекші:
____________________________
Астана 2013
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚҰРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 5
1.1 Шағын кәсіпкерліктің түсінігі және оның эволюциясы 5
1.2 Шағын кәсіпкерліктің қызметтері мен түрлері 6
1.3 Шағын кәсіпкерлікті құру ерекшеліктері 10
2 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚҰРУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРБИЕЛЕРІН ТАЛДАУ 13
2.1 АҚШ-тағы шағын кәсіпкерлік 13
2.2 Германиядағы шағын кәсіпкерлікті құру және қолдау тетіктері 16
2.3 Түркиядағы шағын кәсіпкерлікті құру ерекшеліктері 19
3 ЕЛІМІЗДЕГІ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚҰРУМЕН ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРБИЕНІ ҚОЛДАНУ 22
3.1 Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті құру ерекшеліктері 22
3.2 Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік шетелдік тәжірбиесін Қазақстанда қолдану 31
ҚОРЫТЫНДЫ 38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 40
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңдағы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі - шағын кәсіпкерлікті дамыту. Өйткені, ол әлеуметтік-экономикалық мәселелерді дамыту бағдарламасын шешу барысындағы қуатты тұтқалардың бірі болып табылады. Шағын кәсіпкерлік немесе бизнес бүгінгі дүниежүзілік елдердің экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып табылады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Осы орайда дамыған шет мемлекеттердің тәжірибелеріне сүйене отырып, шағын кәсіпкерлікті құрудың маңыздылығы көрінеді. Қарап, отырсақ шет мемлекеттер осы шағын кәсіпкерліктің арқасында экономикасын көтеріп, елінің әлеуметтік жағдайларын да жақсартып жатыр. Бұл сол кәсіпкерлікке мемлекеттің қарамағынан көрсететін қолдаудың арқасында. Осы шет елдің шағын кәсіпкерлікке байланысты озық үлгілерін мен өз курстық жұмысымда қарастыра отырып, бүгінгі таңдағы еліміздің бұл саладағы жай-күйін бағалап, кәсіпкерлікті дамытудың жолдарын ұсынамын. Ал бұл менің курстық жұмысымның өзектілігін баянды етеді.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі: Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірбиелерінің ғылыми негізіне тереңнен қалам тартқан батыс елдерінің осы салада зерттеулер жүргізген маман-ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды. Атап айтқанда, Лян Е.Е., Разумнова И., Кабушкин Н.И., Мамыров Н. К., Меирбеков А. Қ., Ниязбекова Р.Қ., Попова М., Шумпетер Й.А., Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С., Рыбалкина В.С., Булатова А.С., Шишкин А.Ф., Шишкина Н.В., Фалькович Е.Б сияқты ғалымдардың және көптеген басқа да отандық экономистердің еңбектері кеңінен пайдаланылды.
Дегенмен, аталған еңбектерде Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірибелері бүгінгі күннің талабына сай жан-жақты қарастырылған деп айту мүмкін емес. Жалпы шағын бизнесті құруға көптеген мәселелер көтеріліп жатқанымен, нақты шағын бизнестің шетелдік тәжірибелеріне сай жұмыстар ғылыми тұрғыда әлі де болса негіздеуді талап етеді.
Қазақстанның нарықтық экономикасы жағдайында экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі тұтас экономиканы дамудың кәсіпкерлік моделі тұтас экономиканы сауықтандырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадамы болып табылады.
Бүгінде кезек күттірмейтін іс-шаралар қатарында кәсіпкерлік қызметті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту маңызды орын алып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды нығайту және белсендіру жөніндегі іс-шаралар туралы Жарлығында шағын бизнес субьектілеріне жан-жақты қолдау көрсету, орта класты қалыптастыру қажеттілігіне көп көңіл бөлгендігі кездейсоқтық емес.
Соңғы жылдары шағын бизнестің Қазақстан Республикасының экономикасындағы рөлі артып келе жатыр. Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай-ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әр алуан аспектілі қиындықтарына байланысты.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында Жеке бизнес әрқашан және барлық жерде мемлекеттен гөрі тиімдірек әрекет етеді. Сондықтан біз стратегиялық емес сипаттағы кәсіпорындар мен қызметтерді жеке қолға беруге тиіспіз. Бұл - отандық кәсіпкерлікті нығайту үшін аса маңызды қадам делінген. Ал мемлекетіміз бүгінгі күнде осы мәселені шешуде мынадай шараларды қолдануда:
oo Шағын және орта бизнестің бірлестіктер мен кооперацияларға ұмтылысын көтермелеу, оларды қолдау мен көтермелеудің жүйесін жасау.
oo Жергілікті бизнес-бастамаларды көтермелеу және мейлінше аз, бірақ қатаң реттеу есебінен ішкі нарықты дамыту.
oo Бизнеске жасанды бөгеттер тудыратын мемлекеттік шенеуніктер үшін жаңа, әлдеқайда қатаң жауапкершілік жүйесін енгізуді қарастыру.
oo Жаңа жағдайларды, соның ішінде біздің Еуразиялық экономикалық кеңістікке қатысуымызды, алда Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіретінімізді ескере отырып, отандық кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру және олардың мүдделерін қорғау мен ілгерілету үшін қажетті барлық шараны қабылдау.
Халықаралық сыртқы ортаға қатысты бүкіл потенциялды қиындық қазіргі кезде өте белсенді талқылануының себебі, шағын және орта бизнестің тек қана ішкі рынокқа бағдарлануына байланысты бәсекелік қабілеттің төмендігінде.
Курстық жұмыстың мақсаты: шет мемлекеттердің шағын кәсіпкерлікке қатысты стратегияларын зерттей келе, шағын бизнестің дамуында кедергі болып тұрған мәселелерді қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту жолдан зерттеу болып табылады.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері және оны құру ерекшеліктерін қарастыру;
- шағын кәсіпкерліктің қызметтері мен түрлерін анықтау;
- шағын кәсіпкерлікті құру ерекшеліктерін талдау;
- шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірбиелерін зерттеу;
- Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті құру ерекшеліктерін анықтау;
- шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірбиесін Қазақстанда қолдануды қарастыру.
Зерттеу нысаны шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірбиелері болып табылады.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық және нормативтік актілері, Қазақстан Республикасы сатистика Агенттігінің материалдары қолданылды.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде шағын кәсіпкерліктің түсінігі және оның эволюциясы, шағын кәсіпкерліктің қызметтері мен түрлері, шағын кәсіпкерлікті құру жолдары туралы мәліметтер келтірілген.
Екінші бөлімінде АҚШ-тағы шағын кәсіпкерлік, Германиядағы шағын кәсіпкерлікті құру және қолдау тетіктері, Түркиядағы шағын кәсіпкерлікті құру ерекшеліктеріне талдау жұмыстары жүргізіледі.
Үшінші бөлімінде Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті құру ерекшеліктері, шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік шетелдік тәжірбиесін Қазақстанда қолдану мәселелері қарастырылады.
1 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚҰРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Шағын кәсіпкерліктің түсінігі және оның эволюциясы
Кәсіпкерлік ұғымының тарихы орта ғасырдан басталады. Тіпті сол кезеңдерде саудагерлер, қолөнершілер, үгіттеушілер бастаушы кәсіпкерлер ретінде болған. Орта ғасырларда кәсіпкер деген термин одан да бұрынғы антрепренер, яғни француз сөзі делдалдық екі мағынада қолданылды: 1) түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы; 2) өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Ал кәсіпкерлік ұғымын ең алғаш ХVIII ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1680-1734жж) енгізген.
Осы Кәсіпкерлік терминіне байланысты шетел ғалымдарының әртүрлі көзқарастарына тоқтала кетсек:
1723ж.: Парижде басылып шыққан коммерцияның жалпылай сөздігінде ең алғаш Кәсіпкер ұғымы, яғни обьектіні өндіру немесе құруда өзіне міндеттеме алатын адам пайда болған;
1725ж.: Р. Кантильон: кәсіпкер - ол нарық жағдайында тәуекел етуімен байланысты іс-әрекеттер жиынтығын жүзеге асыратын адам;
1776ж.: Адам Смит, кәсіпкерлік - кәсіпорынның меншік иесі;
1797ж.: К. Бодо, кәсіпкер - ол белгілі бір жүзеге асырылатын іске жауапкершілігі бар адам;
1803ж.: Ж.Б.Сэй, кәсіпкерлік - екі өндіріс факторлары еңбек пен капиталдың тәуекел жағдайындағы шығармашылық үйлесуі;
1876ж.: Ф. Уокер, кәсіпкер - ол өзін ұйымдастырушылық қабілеттілігі мен пайда табатын адам;
1934ж.: Й. Шумпетер, кәсіпкер - ол инновациялардың көзі және дамудың қозғаушы күші, новаторлар;
1964ж.: П. Друкер, кәсіпкер - белгілі бір мүмкіндіктерден мейлінше көп пайда түсіретін адам;
1975ж.: А. Шапиро, кәсіпкер - ол әлеуметтік экономикалық механизмдерді ұйымдастырушы. Осылайша шетел ғалымдары анықтама беріп кеткен.
Қазіргі кездегі кәсіпкер деп - пайда табуға бағытталған және тауарларға (қызмет, өнім) сұранысты қанағаттандыру арқылы өз атынан жүзеге асыратын жауапкершілікті, инициативті қызметті атқарушы азаматтар [1].
Бұл тұрасында ҚР-дың Азаматтық Кодексінің 10-ші бабында: меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған ынталы қызмет және ол кәсіпкердің өз атынан, оның тәуекелдері мен мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады делінген.
Кәсіпкерліктің бірнеше анықтамаларын қарастыру негізінде бұл ұғымның негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады:
- жауапкершілік, тәуекел, инициатива;
- жоспарлау, ұйымдастыру,бақылау;
- құралдарды іске асыру еркіндігі;
- жаңа шешімдерді,идеалдарды іздеу.
Жоғарыдағы кәсіпкерліктің құрамдас бөліктері менеджмент функцияларымен байланысты еркіндігін көтеруге болады [2].
Сонымен, Шағын кәсіпкерлік бұл - қаржы ресурстарының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін, қауіптің және белгісіздіктің жоғарғы үлесімен жанасатын, толық экономикалық жауапкершілікке негізделген табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншек иесінің өндіріс пен басқару процесіне жеке қатысуын талап ететін, шаруашылық жүргізуші субьектілердің ынталы, инновациялық қызметі.
Берілген анықтама шағын кәсіпкерлік процесін толық көлемде сипаттайды, оның мәнін инновация ретінде анықтайды, кәсіпкерлер қызметінде қауіп және белгісіздік элементтерінің болуын білдіреді, өндіріс және басқару процесінде меншік иесінің рөлін анықтайды, және ең бастысы- кәсіпкерлік қызметтің ынталандырушысы болып алынатын табыс келеді. Шағын кәсіпкерліктің тұжырымдалған анықтамасы шағын бизнестен түбегейлі ерекшеленеді. Берілген анықтамаға сәйкес шағын кәсіпкерлікке өндірілетін өніммен қызметтердің, өндірісті ұйымдастырудың қолданылатын әдістерінің үнемі жаңартылуы, жоғары өнімді жабдықтар мен жаңа технологияларды енгізу, пайданы ғана емес, сонымен қатар үстеме пайданы алу тән. Ал шағын бизнеске репродуктивтік қызметтерді атқару және жоспарланған пайданы алу тән.
Соңғы он жылда көптеген мемлекеттер шағын кәсіпкерлікті орталықтандырылған қолдаудың жеке обьектісі ретінде сыртқы экономикалық қызметті анықтады. Көптеген өнеркәсібі дамыған елдердің шағын кәсіпкерлігі сыртқы нарықта өзін жақсы көрсетті. Қолдаудың берілген түрін көрсетудің шетелдік тәжірбиесінен бізге өнімді экспортқа шығарумен айналысатын ШКС несиелеудің және салық салудың жеңілдетілген түрлерінен үлгі алу қажет.
Осыған орай, келесі бөлімде шағын бизнестің қызметтері мен түрлері толығымен ашылып, талқыланады. Кәсіпкерлік түсінігінің мәні қарастырылады.
1.2 Шағын кәсіпкерліктің қызметтері мен түрлері
Экономикалық және заңдық категория ретінде ғылыми тұрғыдан талдау жасау кәсіпкерлікті рыноктық шаруашылықтың ажырамас элементі екендігін дәлелдеп отыр.
Әлемдік тәжірбиде көрсеткендей, кәсіпкерлік қызметте жан-жақты дамуына құқылық түрдегі базасы жеткіліксіз, оған сай әлеуметтік-экономикалық шарт қолдану қажет. Олай дейтініміз, рынок пен кәсіпкерлік қызмет кенеттен пайда болып, тез дамымайтыны кімге болса да түсінікті. Олар бұйрықпен, үкімет шешімдерімен, міндеттеу жолымен іске қосылады. Өйткені, ақшасыз, тауарсыз, капиталсыз ең бастысы реттеуші құн заңынсыз қозғаушы күшінің бәсекесінсіз олар дами алмайды.
Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қалыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік береді [10].
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.
Осылайша, кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.
Ірі кәсіпорындар - нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар - эконамика қаңқасы, экономикалық тұрақтылықтың базисі.
Шағын кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассортиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикізатты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ-түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек [2].
Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.
Қазақстанда шағын бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласында, басқару саласында жұмысшылардың өзара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде кәсіпкерлік және бизнес ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсіпорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын (тек заңмен тыйым салынбаған ) еркін шаруашылықты білдіреді.
Бірақ кәсіпкерлік және бизнес түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. Бизнес түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес - бұл нарықтық қатынастар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес (жалпы бөлім): кәсіпкерлік - азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Соған қарамастан, тәжірибеде кәсіпкерлік пен бизнес терминдері бірін-бірі алмастыруда. Нақтылап кететін жағдай, кәсіпкерлік және шағын бизнес бір-біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалық және материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мативі ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмтылу [7].
Қазақстан Республикасының жеке кəсіпкерлік субъектілерін 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124-ші Жеке кəсіпкерлер туралы Заңы үлкен үш топқа бөледі :
1. шағын кəсіпкерлік субъектілері - бұл жеке кəсіпкерлер жəне заңды тұлғалар, олардың 50 адамнан көп емес жұмысшылары бар жəне орташа актив құны (баланста көрсетілген жеке кəсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүліктері) жылына 60 000 минималдық есеп көрсеткішінен аспайтын, 2010 жылы 84 780 000 теңгені құрады (активтердің максималды құнын есептеу оңай - 60 000 əрбір жылға республикалық бюджеттен заңда бекітілген айлық есептік көрсеткішке көбейту керек, мысалы 2010 жылы ол 1 413 теңгені құрайды);
2. орташа кəсіпкерлік субъектілері - заңды тұлғалық білімі жоқ жеке кəсіпкерлер, жұмысшыларының орташа жылдық саны елу адамнан кем емес жəне жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, жұмысшыларының орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан көп емес немесе орташа жылдық активтерінің құны 459.225.000 теңгеден артық емес (325 000 х əрбір жылға республикалық бюджеттен заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін тиісті қаржылық жылға көбейту).
3. ірі кəсіпкерлік субъектілері - жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, жұмысшыларының орташа жылдық саны елу адамнан жоғары немесе орташа жылдық активтерінің құны 459.225.000 теңгеден артық (325 000 артық х əрбір жылға республикалық бюд- жеттен заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін тиісті қаржылық жылға көбейту) [6].
Кәсіпкерлік қызмет - бұл коммерциялық табысқа қол жеткізуді көздейтін іс-әрекет, ал кәсіпкер кәсіпорынды (фирманы) иемденетін адам немесе иемденушінің атынан кәсіпорынның жұмыстарын атқатарын өкілетті менеджер.
Кәсіпкер шаруашылығы - іс-әрекеттің белгілі типінен тұрады. Жаңашылдық, ресурстарды пайдалану, тәуекелге бел байлаушылық, технологиялық процестерді қолдап пайдаланудағы икемділік пен тапқырлық осы және тағы басқалар. Кәсіпкерлікті өндірістік, коммерциялық-делдалдық, сауда-саттық инновациялық консультативтік іс-әрекеттерді және құнды қағаздар мен жүргізілетін операцияларды қамтиды.
Кәсіпкерлік қабілеті - адам капиталының ерекше түрі. Бұл игіліктер мен қызметтерді жасауға қоданатын, өндірістің барлық факторларының бір-бірімен келісімді, сәйкес түрде қызмет етуін көздейтін іс-әрекет. Адам ресурстарының осы түрінің ерекшелігі мынада: Олар қауіп-қатерлілікті, шығынға ұшырау мүмкіндіктерінің болуына тәуекелдік етіп, өндіріс процесіне, коммерциялық негізге сүйене отырып, өндірілетін өнімнің жаңа түрін, алдыңғы қатарлы технологияларды, бизнесті ұйымдастырудың тиімді формаларын кіргізу болып табылады. Кәсіпкерік қызмет - шама жағынан және нәтижелік жағынан квалификациясы өте жоғары сипаттағы еңбек күшін жұмсаумен пара-пар келеді.
Кәсіпкерік қызмет - бұл өндірістің ерекше факторы. Осы факторт өндірісті ұйымдастырып жүргізуде белсенділікті, іскерлікті, саналылықты, жауапкершілікті, тәуекелшілікті кең пайдалануды талап етеді.
Қазіргі жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзара әрекеттестігінің анағұрлым өзекті түрлері - шаруашылық қызметпен оны басқару құрылымдары интеграцияланған әр түрлі корпоративті бірлестік формалары. Сонымен қатар дамушы кәсіпкерлікті көпшілігі өз бетінше қолайсыз оқиғалардың алдын-алуын жөн көреді.
Қазақстанның көптеген кәсіпкерлері шаруашылық жүргізу үлгісі орталықтан басқару кезеңінің өндірістік-технологиялық негіздері мен шетелдік тәжірбиеден алынған нарықтық-құқықтық ұйымдастыру мен институционалдық элементтерден құрылған. Жалпы алғанда, бүгінгі күні шын мәсінісінде тиімді іс-әрекет, дайын кәсіптік қаржылық құрылымдар жоқтың қасы деуге болады.
Сонымен, кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.

Ал келесі бөлімде шағын бизнестің құру ерекшеліктері, қазіргі қалыптасқан күрделі жағдайда ауыл шаруашылығындағы шағын бизнестің қарқынды дамуына тұсау болып отырған факторлар қарастырылады.
1.3 Шағын кәсіпкерлікті құру ерекшеліктері
Шағын кәсіпкерлік - нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, базардың тауармен толуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының көрсеткіші есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен карау мүмкіндігін арттыру жатады. Шағын және орта кәсіпкерлік агроөнеркәсіптік өндіріс саласында мықтап дамуға тиіс. Өткен жылдарды еске алсақ, ауыл шаруашылық; шикізатының басым бөлігі республикадан тыс жерлерге тасымалданып, сол жерлерде өңделіп, дайын өнім жоғары бағамен қайта әкелінеді. Мұның үстіне, тасымалдау кезінде өнім сапасы төмендеді, шығынға жол берілді. Бірқатар жаңа өнім алуға болатын қалдықтар өңделген жерлерде қалды.
Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кipiгy жүйесіндегі шағын кәсіпорындардың осы мәселені шешу үшін жақсы мүмкіндіктері бар. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені мен ауыл-елді мекендерді дамытудың басты бағыттары туралы заңда: Агроөнеркәсіптік кешен құрамына шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар, өндірістік және тұтынушылар кооперативтері, ұйымдар, сондай-aқ, ауыл шаруашылығы үшін өндіріске тиісті каржы жұмсайтын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен шұғылданатын, шикізаттарды өңдеп, олардан алынған өнімдерді сақтауды және өткізуді қамтамасыз ететін шаруашылық нысандары кіреді деп көрсетілген. Агроөнеркәсіптік кешен - экономиканың ipi де әлеуметтік маңызы зор бөлігі. Жалпы ішкі өнімнің алтыдан бір бөлігі ауыл шаруашылығының, сондай-ақ, ұқсату кәсіпорындарының үлесіне тиеді. Еліміздің тұтыну базарының 70%-дан астамы ауылшаруашылық шикізаттарынан дайындалған азык.-тулік пен тауарлар есебінен толығады. Аграрлық сала кызмет көрсетудің және кептеген өнеркәсіптік саланың дамуына жағдай жасайды. Сол себепті де агроөнеркәсіп өндірісіне баса назар аударылып, оған мемлекеттік қолдау көрсетілуі керек. Ауылдың, елді-мекеннің қайта түлеп, өркендеуі үшін ұлттық саясат, біртұтас нормативтік-құкыктық база және базар кеңістігі ауадай қажет. Экономиканың ауыл шаруашылығы бөлігіндегі көп қырлы еркін және дербес тауар өндірушілер болуға тиісті, меншіктің түрлі түріндегі ipi, орта және шағын кәсіпорындардың оңтайлы ұштастырылуын талап етеді. Олар бесекелестік негізінде, базарды өркендетіп, оның дамуына қолайлы жағдай жасайды, сонымен 6ipre, дамудың болашағымен тиімділігін айқындайтын ыкпалдастықта болады. Шағын кәсіпорындардың материал және қаржы ресурстарын ұтымды пайдаланып, ғылым мен техника жетістіктерін ескере отырып, өндірісті тұтынушы мүддесіне қарай неғұрлым тез бейімдейтіндігін байкауға болады. Аграрлық кесіпорындардың көлемі, көбінесе өндіріс технологиясы мен басқаруға жұмсайтын шырынға байланысты болады. АҚШ-тың агроөнеркәсіп кешені әлемдегі ең ipi ғана емес, осы аса бай елдегі экономиканың тиiмдiлiгi неғұрлым жоғары бөлігі ретінде көрініп отыр. Бұл мемлекеттегі агроөнеркәсіптік сала өте кең: онда 23 млн. адам еңбек етеді, яғни елдегі жұмыспен дамтылған барлық, адамдардың 18%-ға жуығын құрайды.
Қазіргі қалыптасқан күрделі жағдайда ауыл шаруашылығындағы шағын бизнестің қарқынды дамуына тұсау болып отырған eкi факторды бөліп көрсету керек. Бұл - техникалық мүмкіндіктің әлсіздігі және каржы ресурстарының тапшылығы. Ауылда техникамен камтамасыз ету мәселесін шешпей бұл қиыншылықтан құтылу қиын. Мұның екі жолы бар: ең алдымен, техниканың пайдалану мерзімін ұзарту және машина-трактор паркін біртіндеп жаңғырту. Ол үшін агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдауға арналған қаржы ресурстарының бip бөлігін ауыл шаруашылық техникасын жөндеуді ұйымдастыруға, мақсатты несиелік қаражат бөлуге, техниканы қалпына келтіріп, күрделі жөндеу жүйесін қалыптастыруға, лизингтік компанияларды құру үшін жағдай жасауға, барлық аймақта жеңілдік беретін МТС-тер құруға бағытталуы керек. Атқарған жұмысы үшін олардан мемлекеттің астық алу кепілдігі болғаны дұрыс. Екінші бағыт жөнінде айтатын болсақ, ауыл экономикасын к,аражаттың сауықтыру тіпті күрделі. Ол халық шаруашылығы экономикасынан оқшау қалғандықтан емес, басқа салалар шығындарының ауылга тікелей болмаса жанама тиетін әсерінің салдарынан болып отыр. Аталған мәселе ауылдағы тауар өндірушілердің тең жағдайда болмауынан туындаған. Республикада шағын бизнесті дамыту жолындағы көптеген кедергілер бүгінгі күні жойылып жатқандығын атай кеткен жөн. Алайда, шағын бизнестің дамуына тежеу болатын күрделі проблемалар әлі де баршылық. Бүгінгі негізгі мәселелер: несие алу мүмкіндігінің шектеулігі; шағын бизнесті қолдау, қорғау жөніндегі заңдық базаның сапасыздығы; шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау инфрақұрылымның әлсіздігі; несиенің қысқа мерзімге ғана берілуі және несиені өтеу пайызының жоғары болуы (30%-дан астам) несие беру құжаттарын толтырудың тым қиындығы; білікті кадрлардың жетіспеуі, т.б. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Баңдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін нығайту, жаңа жұмыс орындарының санын арттыру, айқын бәсекелестікт ортаны құру, қоғамның тобы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын құрастыру көзделген. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілуге тиіс: ұтымды нарықтық инфрақұрылымды қалыптастырып дамыту; салалық министрліктің өндірісте, инновацияда және басқа салада шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсетуі; несие беру iciнe жеке салалардың араласуы; шағын кәсіпкерлікті қолдау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру; сақтандыру жүйесін ұйымдастыру [5].
Қорыта келгенде, шағын кәсіпкерлік - нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, базардың тауармен толуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының көрсеткіші есепті орта тапты жасақтайды.
Ал келесі бөлімде шағын кәсіпкерлік құрудың шетелдік тәжірибелері талданады. Соның ішінде АҚШ, Германия, Түркия мемлекеттеріндегі шағын кәсіпкерлік, оны мемлекеттік қолдау бағдарламалары, шет елдердегі шағын бизнес құрудың озық үлгілері назарға алынады.
2 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚҰРУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРБИЕЛЕРІН ТАЛДАУ
2.1 АҚШ-тағы шағын кәсіпкерлік
Бүгін де АҚШ экономикасында алып корпорациялардың ешқандай да шешуші жағдайға ие емес екендігі көптеген сырттан келушілерді таң қалдыруда. Елдегі тәуелсіз кәсіпорындардың 99 пайызында 500 адамнан кем жұмыскер қызмет істейді. АҚШ-тың Шағын кәсіпкерлік жөніндегі әкімшілігінің мәліметтеріне сәйкес барлық қызмет етушілердің 52 пайызы осы шағын кәсіпорындарда еңбек етеді. Шамамен 19,6 миллион американдық жиырмадан кем жұмыс орны бар компанияларда, 18,4 миллион адам 20 - 99 аралығында кісіге жұмыс бере алатын фирмаларда, ал 14,6 миллион адам 400 - 499-ға дейін жұмыс орны бар кәсіпорындарда қызмет етеді. Ал, керісінше американдықтардың 47,7 миллионы 500-ден жоғары жұмыс орнын ұсына алатын фирмаларда қызмет етеді.
Шағын бизнес кәсіпорындары Америка экономикасы үшін тұрақты динамизмнің түп негізгі болып табылады. 1990-1995 жылдар аралығында олар экономикадағы (34) жаңа жұмыс орнын ашты, бұл 1980-ші жылдарға қарағанда жұмыспен қамтамасыз етудің өсуіне қосқан үлкен үлес болып табылады. Сонымен қатар бұл экономикаға жаңа топтардың кіруіне жол ашылғанын көрсетеді. Мысалы: әйелдер кіші бизнеске белсене қатысады. Әйелдердің жеке меншігіндегі кәсіпорындар саны 1987-1999 жылдар аралығында 89 пайызға, яғни 8.1 миллионға дейін өскен, ал 2000 жылы кәсіпорынның сол секілді түрлерінде әйелдер жеке меншігіндегі жеке иеленушілер саны 35 пайызға жетеді деп күтілген болатын. Кіші фирмалардың қызметінен жасы ұлғайғандар мен жарым-жартылай жалданып істеуді қалайтындарды жұмысқа көптеп тартуға ұмтылыс барын байқауға болады [4].
Шағын бизнес кәсіпорындарының ерекше күші олардың экономикалық жағдайдың өзгеруіне жылдам бейімделе алатындығында. Олар көбінесе өз клиенттерін жақсы біледі және олардың қажеттіліктерін қолма-қол қанағаттандыруға қашан да әзір тұрады. Шағын кәсіпорындар, мысалы, Калифорния штатындағы компьютермен байланысты Силикон аңғарындағы кәсіпорындар, тағы да басқа жоғары технологияларды негізделген техникалық жаңартулардың көзі болып табылады. Компьютер өнеркәсібіндегі көптеген жаңашыл фирмалар өз гараждарында механизмдерді қолмен құрастырушы "бесаспап шеберхана" ретінде бастап тез арада үлкен, қуатты корпорацияларға айналды. Аз ғана уақытта ұлттық және халқаралық экономиканың негізгі ойыншыларына айналған шағын компаниялар тобына бағдарламалармен қамтамасыз етумен шұғылданатын Microsoft компаниясы, тасымал қызметін атқаратын Federal Express; спорт киімдерін өндіруші Nike компаниясы, компьютерлік тораптар ұйымдастыратын America Online компаниясы; балмұздық дайындайтын Ben & Jerry's компаниялары жатады.
Әрине, көптеген шағын кәсіпорындар сәтсіздікке ұшырады. Дегенмен Құрама Штаттар басқа елдер секілді емес, онда бизнестегі сәтсіздіктің әлеуметтік таңбасы болмайды. Сәтсіздік кәсіпкер үшін құнды тәжірибе ретінде қарастырылады. Себебі, бұл сәтсіз алдағы әркеттеріне сабақ болады. Экономистер былай дейді: нарықтық күштер үлкен тиімділікке мүмкіндік туғызып, сәтсіздік ретінде көрініс табады.
Адамдар тарапатынан шағын бизнеске көрсетілетін үлкен құрмет штаттардың мемлекттік органдары мен АҚШ Конгресінде шағын фирмалар пайдасына көрсетілген қолдау мен ылайықты шешімдер қабылдауға ұласып жатады. Шағын компаниялар көтеген федералдық реттеуші ережелерден, мысалы қауіпсіздік пен денсаулық сақтау ережелерін сақтаудан босатылған. 1953 жылы Конгресс Шағын кәсіпкерлік жөніндегі әкімшілік (SBA) құрған болатын, ол кәсіби сарап пен кіші бизнесті ашып немесе басқарғысы келетін адамдарды қаржылық көмекпен қамтамасыз ету үшін керек (келісім төлеміне пайдалануға берілген федералдық қаржының 35 пайызы шағын кәсіпорындарға бөлінеді). Әдетте әр жылы шағын кәсіпорындарға айналым капиталына мекеме мен машина және құрал-жабдық алу мақсатында несиеге 10 миллиард доллар алуға SBA кепілдік береді. SBA шеңберінде қаржы салатын компаниялар кәсіпорындардың капиталы ретінде тағы да 2 миллиард доллар бөледі [11].
SBA азшылық топтарды, әсіресе, шығу тегі африкалық, азиялық және испандық американдықтарға арналған бағдармаларды қолдауға тырысады. Ол экспорттық қабілеті бар шағын кәсіпорындарының бірігіп жұмыс істеу мүмкіндіктері мен нарықты таразылай алатын нақты пәрменді бағдармалардың іске асуына басшылық жасайды. Сонымен қатар агенттік зейнетке шыққан кәсіпкерлердің жаңа және толқымалы кәсіпорындарды басқаруда көмек ұсынған бағдарламаларға демеушілік көрсетеді. Жекеменшік, мемлекеттік агенттіктермен және университеттермен жұмыс істей отырып, SBA сонымен қатар техникалық және басқару көмегін көрсететін 900 жуық Шағын бизнесті дамыту орталықтарын басқарады.
Сонымен қатар SBA үй иеленушілерге, жалдаушыларға және су тасқынынан, желден, торнадодан және тағы басқа апаттардан шығынданған кәсіпорындарға барлық мөлшерде төмен-пайыздық несие беру арқылы 26 миллиард доллар пайда тапты.
Кәсіпорындардың көпшілігі бір ғана меншік иесінікі болып табылады, яғни олар жалғыз адамдікі және өзінің басқаруында. Жеке меншік кәсіпорынға иеленуші бизнестің жетістігі мен сәтсіздігіне толығымен өзі жауап береді. Ол кез-келген түскен пайдаға ие. Бірақ кәсіпорын ақшаны жоғалтып, бизнес шығындарын өтей алмаса, онда меншік иесі қолда барының барлығын салса да, шығынды, төлемді өтеп шығуға тиіс.
Меншікке жеке құқық іскерлікті ұйымдастырудың басқа формалары алдында кейбір артықшылықтарға ие. Жеке иемденушілер өздерінің жеке инициативаларын жүзеге асырып, өздеріне тапсырыс жасаған адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырады. Олар икемді болады, билеуші жеке иемденуші басқалармен ақылдаспай жедел шешім қабылдай алады. Заңға сәйкес жеке кәсіпкерлер корпорацияларға қарағанда аз салық төлейді. Клиенттер бір ғана меншік иесіне баса назар аударып, оның жақсы жұмыс жасайтынына сенім білдіреді.
Бизнес ұйымдастырудың бұл түрінің кейбір қолайсыз жағдайлары да болып тұрады. Жеке меншікті иеленушінің басқаруы заңды түрде егер басшы қайтыс болса немесе істі дұрыс басқара алмаса аяқталады. Әдетте кәсіпорынның ірі деңгейде дамуы үшін ресурстар жетіспеушілігінен басшылар оны үнемден, немесе қарызға алатын болғандықтан, жалпы алғанда жеке иеленушілер ақша мөлшеріне тәуелді болады.
Кәсіпорындардың іс-әрекетін басқарудың немесе кеңейтудің бір әдісі - екі немесе одан деп көп иелік етушілердің бірігуімен серіктестік құру болып табылады. Серіктестік кәсіпкерлердің қабілет-мүмкіндіктерін біріктіреді; мысалы, бір әріптестің өнеркәсіпте біліктілігі артық болса, екіншісі оларды маркетинг жағынан басып озуы мүмкін. Серіктестік үкімет тарапынан корпорацияларға қойылатын талаптардың көбінен босатылған және олармен салыстырғанда салық төлеуде де артылықшылықтарға ие болады. Әріптестер өздеріне тиісті табыс үлесінен салық төлейді; бірақ олардың кәсіпорыны салық төлемейді. Серіктестіктердің құқығы мен міндеттерін штаттардың өздері реттейді. Иелік етушілер әрбір партнердің міндетін анықтайтын заңды түрдегі келісімге қол қояды. Келісімде "үндемес әріптестер" қарастырылады, олар ақшаларын бизнеске қосады, бірақ оның басқарылуына қатыспайды [12].
Серіктестіктің басты кемістігі мынада. Оның әрбір мүшесі серіктестіктің барлық қарызына жауапты болып табылады және кез-келген партнердің әрекетіне заң тұрғысынан басқалары да жауапты. Мысалы, егер бір әріптес кәсіпорынның ақшасын жұмсаса, басқалары қарызда бөліп төлейді. Тағы бір негізгі қолайсыздық әріптестер арасында қарама-қайшылық туғанда пайда болады. Табысты шағын кәсіпорындар кейде франчайзинг секілді тәжірибе арқылы дамиды. Франчайзинг түріндегі келіссөздерде өркендеуші компания жеке адамға немесе кәсіпкерлердің шағын тобына сатудан түскен табыстың белгілі бір пайызына айырбас есебінде оның атын пайдалануға немесе өнімдерін айырбастауға мүмкіндіктер береді. Негіздеуші компания нарықта өзінің маркетинг саласындағы экспорттық білімі мен атақ-даңқын базарға шығарады. Кәсіпорынды бос жерде бастағаннан гөрі франчайзинг бизнесіне кіру едәуір күрделі екеніне қарамастан, франчайздар басқаруда арзанға түседі және сәтсіздікке ұрынбай мүмкіндігі айтарлықтай жоғарылайды. Оның бір себебі франчайздар жарнамалауда, таратуда және қызмет етушілерді оқытуда үнемділік артықшылығын қолданады. Франчайзингтің ауқымдылығы мен күрделілігі соншалық, ешбір адам оның мүмкіндіктеріне қатысты пікір айта алмайды.
Келесі бөлімде Германиядағы шағын кәсіпкерлікті құру мен қолдау тетіктері, ондағы кәсіпкерліктің жалпы ситаттамасы, шағын кәсіпкерліктің түрлері мен мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.
2.2 Германиядағы шағын кәсіпкерлікті құру және қолдау тетіктері
Германияда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы - ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады. Екінші сипаттама - кәсіпорын қызметінің айшықтылығы, оның көлемінің шектеулілігі, қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделілігін, ынталығын тудырады. Үшіншіден, кәсіпорын өмірінде басқарушы рөлдің ерекше маңыздылығы: ол шарушылықтың нәтижелігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге оның озінің де өндіріспен тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді. Төртіншіден, істі жанұялық негізде жүргізу, яғни кәсіпорын қызметін нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан балаға мұра ретінде машықтану. Бесіншіден, шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға болады. Егер алыптар қажетті ресурстарды негізінен капитал нарығы (қор биржалары) арқылы алатын болса, ал шағын және орта кәсіпорындар банктердің аздаған несиелеріне арқа сүйейді, сондықтан да олар үшін қаржыландыру мәселесі басты проблема болып табылады.
Шағын кәсіпкерліктің жоғарыда аталғандай сапалық жақтарымен бірге сандық жағынан да сипаттамалары бар. Олар екі көрсеткішке негізделеді: жылдық айналым соммасы мен еңбекпен қамтылғандар саны. Германияда қабылданған есептеу әдістемесіне сәйкес халық шаруашылығының бұл секторына мыналар жатқызылады:
1) белгілі бір жағдайда өзіндік фирма түріндегі барлық жеке еркін мамандық иелері (дәрәгерлер, нотариустар, салық пен жарнама бойынша консультанттар, аудиторлар, өз бетінше дербес әрекет ететін инженерлер, педогогтар, баспасөз, өнер қызметкерлері және т.б.);
2) жұмыс істейтіндер саны 1ден 49 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 млн. маркаға дейінгі ұсақ кәсіпорындар;
3) жұмыс істейтіндер саны 50 ден 499 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 млн.-нан 100 млн.-ға дейінгі марка болатын орта кәсіпорындар [12].
Германияда жоғарыда көрсетілген статистикалық есептеу тәртібіне байланысты 1,9 млн. шағын және орта кәсіпорын жұмыс істеп, олар халық шаруашылығының салалары бойынша мынандай негізде бөлінеді: қол өнерінде -537 мың, саудада -255 мың, өнеркәсіпте-108 мың, қызмет көрсету саласында - 665000 мың, еркін мамандық секторы - 360 мың .
Елдегі шағын және орта бизнестің экономикалық маңызы - біріншіден, барлық еңбекке жарамды адамның 23 - бөлігін қамтып отырған; екіншіден, елдің ЖІӨ-нің жартысына жуығын берген; үшіншіден, барлық инвестициялар мен тіркелген патенттердің жартысынан артығын өндіріске енгізуге септігін тигізген; төртіншіден, Германиядағы барлық өндірісті оқу орындарының 85 % -ын қамтитын кадрларды даярлау көзі ретіндегі рөлмен анықталады.
Шағын кәсіпкерліктің барлық кешенді ішкі және сыртқы проблемалары олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес. Қазіргі кезде Германияда бірқатар жағдайлар шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау жүйесінің қажеттігін көрсетіп отыр. Олардың ішінде:
- Еуропалық қауымдастық шеңберінде 1993 жылдың басынан бастап бәсеке жағдайын шегіне жеткізе шиеленістіретін тауарлар, қызметтер, жұмысшы күші және капитал қозғалысы жолындағы барлық кедергілерді алып тастау;
- технология мен табиғатты қорғау шараларына байланысты заңдық нормалардың қатаңдатылуы, оларға жұмсалатын күрделе қаржыны одан әрі қысқарту және оны пайдаланудың тиімділігін арттыру [3].
Германияда шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты қағида - өздігінен, мүмкіндігінше өз бетінше дамуды барынша ынталандыратын көмек беру болып табылады. Бағдарламаның мақсты - шағын және орта бизнестің тиімділігі мен бәсеке қабілеттілігін арттыру. Осыған байланысты мынандай шараларды атап өтуге болды:
Германияның федералды үкіметі құрылымдық-саяси шараларды іс жүзіне асырып отыр. Олар шағын фирмалар үшін қалыпты бәсеке жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жердегі басты бағыт - 1957 жылы заңды түрде бекітілген, шағын және орта фирмалардың ұстанымдарын нығайтуға бірнеше рет қайта қаралған - картельді құқық. Картель қызметін қадағалаушы ведомство, біріншіден, ірі фирманың бір - біріне қосылып кетуін қатаң бақылап отырады; екіншіден, орынсыз тыйым салуларды алып тастап, шағын және орта кәсіпорындардың кооперациялануына жеңілдік жасайды [24].
Шағын кәсіпорынға қолдау жасаудағы құрылымдық-саяси шаралардың екінші бір құрамды бөлігі - мемлекеттік тапсырмаларды бөлуге қатысудағы олардың құқықтық жағынан олардың теңдігін қамтамасыз ету. 1976 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыстарды бөлуге шағын және орта фирмалардың да міндетті түрде қатысуын реттейтін ерекше ереже бар. Егер белгілі бір жағдайларға байланысты өздеріне қысым көрсетілген болса, онда шағын фирмалар осындай мәселелерді заңды түрде ретке келтіру үшін тиісті орындарға шағым жасауына болады [13].
Салық салудағы жеңілдіктер.
Германияның жаңа аймақтарында қазіргі кезде кеңінен пайдаланып жүрген жұмыстың үш түрі бар:
1) амортизациалық аударымдардың арнайы нормалары;
2) пайданың салық салынбайтын резервтерін жасау;
3) салық ведомстволары төлейтін инвестициялық үстемелер;
Амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары балық инвестицияларға қолданылып, жаңа жұмыс орнын ашуға, қоршаған ортаны қорғауға, техникалық жағынан алдыңғы қатарлы өнім өндіруге, сыртқа тауар шығаруға бағытталады. Жұмсалған қаражаттар үш жыл ішінде есептен шығарылады, бірінші жылы жұмсалған капиталдың 50 % амортизацияланады, екінші жылы 30 % және үшінші жылы 20%.
Салықтан босатылған пайда резервтерін жасауға қолөнері өндірісінде, саудада, өнеркәсіпте, еркін мамандық секторында, сондай-ақ мүліктерді жалдау мен жалға беру қызметі саласында қолдануға рұқсат етілген. Резерв 1 жыл ішінде түскен пайданың 20 %-ға дейінгі мөлшерін құрауы мүмкін.
Қаржы жағынан қолдау. Федералды үкімет тарапынан берілетін салыстырмалы түрде пайыз ставкасы төмен және жағдайын пайдалана отырып, ақшаны қайтаруға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz