Айқындауыш мүшелер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Айқындауыш мүшелер»

Орындаған: топ студенті

Ғылыми жетекші:

Қарағанды 2013

ЖОСПАР

КІРІСПЕ3

1 Айқындауыш мүшенің мәні, түрлері, қолданылуы5

1. 1 Айқындауыш мүше - синтаксистік бірлік ретінде5

1. 2 Айқындауыш мүшелердің жіктелуі7

1. 3 Айқындауыш мүшенің қолданылу ерекшеліктері8

2 Айқындауыштық қосалқы сөйлемдер15

2. 1 Бастауышты айқындай қолданылған оңашаланған сөйлемдер15

2. 2 Баяндауышты айқындай қолданылған оңашаланған сөйлемдер18

2. 3 Толықтауышты айқындай қолданылған оңашаланған сөйлемдер19

2. 4 Анықтауышты айқындай қолданылған оңашаланған сөйлемдер20

2. 5 Пысықтауышты айқындай қолданылған оңашаланған сөйлемдер20

ҚОРЫТЫНДЫ24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ26

КІРІСПЕ

Айқындауыш мүше жөнінде ұғым басқа тілдердегі приложение, аппозисон деп аталып жүрген ұғымдарға сай туып, қазақ тіл білімінде орнықты. Осылай болғанмен қазақ тіл білімінде айқындауыш деп аталып жүрген грамматикалық ұғым олармен тепе-тең емес.

Айқындауыш деп аталып жүрген синтаксистік бірліктер қазақ тілінің өзінде де өзара бірдей емес. Айқындауыштар үш түрге бөлінеді: қосалқы айқындауыш, қосарлы айқындауыш, оңашаланған айқындауыш.

Қосалқы айқындауыштар зат есім сөзден кейін тұрып, заттың сынын, сапасын білдіреді: Қозы Көрпеш, Баян сұлу, Майқы би, Асқар қорқақ, сен бала т. т. Қосалқы айқындауыштар жалқы есімдер және мен, сен, ол дейтін есімдіктермен тіркесіп жұмсалады.

Айқындауыш мүше басым мүшемен (ол бастауыш, толықтауыш болуы мүмкін) тығыз грамматикалық байланыста болады. Соның көрінісі - басым мүшеге қатысты жалғауды осы айқындауыш қабылдайды: Оспан қартты, кісілер үйден шығып қарсы алды.

Осы тығыз байданыстың салдарынан көп айқындауыш мүшелер басым сөзбен, әсіресе жалқы есімдермен бірігіп келеді: Аязби, Асанқайғы, Қозыкөрпеш, Баянсұлу т. б.

Айқындауыш қызметінде зат есім, сын есім сөздер жұмсалады. Сын есімдердің ішінде осы синтаксистік қызметке арналып көптеп жұмсалатын сөздер бар. Ол -ғыр, -гір жұрнақты сын есімдер: Сол құрғыр жоқ боп шықты ғой. Сен түбің түскір бұл қалжыңыңды қой.

Бұлардан бөлек тек осы айқындауыш ретінде ғана жұмсалатын сөздер бар: неме, түскір.

Айқындауыш мүшелерді мағына жағынан былай саралауға болады:

1 Кісіні жас, мамандық, қызмет, әлеуметтік тіршілігі, орны тұрғысынан айқындау.

2 Затты саны жағынан айқындау, сөйлеушінің эмоциялық қатынасын білдіру.

Қосалқы айқындауыш мүше негізінен сөйлеу тіліне тән. Ол әсіресе эмоцияны білдіру тәсілі ретінде көп жұмсалады.

Айта кететін жайт, кейде газет тілінде осы тәрізді калькаға талғамсыз ұрынып, қазақ тілінің өз ережесінже айқындауыш-анықталушы қатынасы бойынша сыйысатын тіркестерді де дефиспен жазатын жағдайлар бар: хирург-дәрігерлердің съезі, студент-қазақтар, колхозшы-шопандар, мүше-корреспонденттер т. т.

Қосарлы айқындауыштар газет тілінде, сонымен қатар поэзия тілінде жиі ұшырайды.

Тағы едің-ау деп баста табаламан,

Тұлпар-уақыт, біз сені тағалаған.

Тани кеткен зергердей асыл тасты

Адамдар ғой сені алғаш бағалаған.

(Қ. Мырзалиев. «Уақыт пернесі»)

Оңашаланған айқындауыш деп сөйлемдегі бір мүшені саралап, айқындап қайта атайтын сөзді, сөздер тіркесін айтамыз.

Мұнда, Алматыда, барлық мәселелерді шешуге, оны қалай істеп, неден бастауға күні бұрын жұрттың жәрдемін алуым керек.

Осы орайда, зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазіргі кездегі қазақ тіл біліміндегі айқындауыштардың рөлі мен қолданылу жақтарын қарастыру.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ тілінің айқындауышының ерекшеліктерін, түрлерін, сөйлемде кездесу жағдайларын анықтау.

Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

  • айқындауыш мүшені синтаксистік бірлік ретінде талдау;
  • айқындауыш мүшелердің жіктелуін зерттеу;
  • айқындауыш мүшенің қолданылу ерекшеліктерін қарастыру;
  • бастауышты айқындай қолданылған оңашаланған сөйлемдерді зерттеу;
  • баяндауышты айқындай қолданылған оңашаланған сөйлемдерді қарастыру;
  • толықтауышты айқындай қолданылған оңашаланған сөйлемдерді айқындау;
  • анықтауышты айқындай қолданылған оңашаланған сөйлемдерді қарастыру;
  • пысықтауышты айқындай қолданылған оңашаланған сөйлемдерді талдау.

Зерттеу нысаны айқындауыш мүшелер болып табылады.

Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік басылымдардағы мақалалар қолданылды.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Айқындауыш мүшенің мәні, түрлері, қолданылуы 1. 1 Айқындауыш мүше - синтаксистік бірлік ретінде

Айқындауыш мүшелер дегеніміз - сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөйлем мүшесі. Айқындауыш бір мүшенің (сөздің) заттық, мекендік, мезгілдік т. б. жағын айқындап тұрады.

Тіліміздегі айқындауыш мүшелерді анықтауыштың бір түрі ретінде түсінгенде, оның бес сөйлем мүшенің қатарындағы анықтауыш болғандығынан емес, қайта, сөйлеуші жақтың өз ойын білдіру үстінде сол сөйлемді құрап тұрған бір мүшені нақтылай көрсетудегі қосымша сөздің қолданылуы ыңғайында тану керек. Мұндай сөздер қай сөйлем мүшесіне де қатысты болады және дәлі сондай мүшенің қызметін атқарады, соның өзінде негізгі мағына бастапқы сөздің (мүшенің) бойында қалады да, қосымша қолданылған сөз (мүше) - сөйлеушінің нақтылауы ғана. Синтаксистік талдау үстінде осы ұстаным сақталуы керек. Әйтпесе, тыныс белгісіндегі (оңашаланған) үтір мұндай сөздерді біріңғай мүше рітнде қарастыруға жетелейтіні бар. Сондықтан әуелі сөйлем мүшесін анықтап алу қажет. Сонан кейін айқындауыштың қайсы екенін білуге болады.

Айқындауыштарды қазіргі қазақ тілінде: оңашаланған айқындауыш, қосарлы айқындауыш, қосалқы айқындауыш ыңғайында тану тұрақталып жүр. Осылардың қай-қайсысы да тілімізде бар құбылыстар, бірақ нақты сөйлем мүшелеріндей шешуші қызмет атқара алмасы анық. Байқап отырсақ, қосалқы айқындауыштар да, қосарлы айқындауыштар да жиі қолданыла бермейді, дегенмен, тілде бар, бірақ санаулы ғана, грамматикалық талдау кезінде бұлардың айқындауыштық қызметін ұғымды мысалдармен түсіндірудің орны ерекше.

Айқындауыштардың жоғарыдағы үш түрін тануда мына сөйлемдердегі олардың айырмашылығын тануға болады.

1 Өзім ұшырған қыраныма, Нұрланыма, жұрт жапқан жалаға мен де сеніп жүр деп қалып па ең? (Ә. Ә. ) Осындағы (Нұрланыма) сөзі жанама толықтауышты (қыраныма) айқындап тұрғанын тануға болады. Ол (Нұрланыма) екі жағынан үтірмен бөлініп жазылады.

Байқап отырсақ, мұндай оңашаланған айқындауыш мүше септік жалғауының барлық түріне де сәйкес келеді.

2 Шора батыр Қазанды қорғап қалуға аттанған екен. Мұндағы қосалқы айқындауыш - батыр сөзі. Әдетте, адамның атақ-лауазымын білдіретін сөздер қосалқы айқындауыштар болады [1] .

Қосарлы айқындауыштар кейінірек қалыптасқан құрылымға жатады. Көбіне ғылым мен техникаға, өнеркәсіптің дамуына орай қолданылады. Осы күнгі телефон-автоматтар Швецияда бұдан көп жыл бұрын шыққанын білеміз.

Айқындауыш мүшелерді мағына жағынан былай саралауға болады:

1 Кісіні жас, мамандық, қызмет, әлеуметтік тіршілігі, орны тұрғысынан айқындау. Оспан бригадир, Санжар техник, Майқы би, Төле би т. т.

Діни аңыздарда, фольклорлық шығармаларда ұшырайтын Арыстан бап, Адам ата, Хауа ана, Зеңгі баба, Шопан ата, Ойсыл қара, Қамбар ата деген құрамында да айқындауыш бар.

2 Затты саны жағынан айқындау, сөйлеушінің эмоциялық қатынасын білдіру. Оспан қу, сен кеселді, ол шірік, сен ит, Сәлім жетпегір т. т.

Қосалқы айқындауыш мүше негізінен сөйлеу тіліне тән. Ол әсіресе эмоцияны білдіру тәсілі ретінде көп жұмсалады.

Қосарлы айқындауыш деп, негізгі сөзге қосарланып, онысы дефис арқылы жазылуынан көрінетін айқындауыштарды атаймыз. Бұл айқындауыштар қазақ тілінде орыс тілінің ықпалымен, сол тілдегі терминдік атауларды, сөздің құрылысын, графемалық көрінісін бұзбай, калька ретінде алу нәтижесінде пайда болды: Олимпиада-75, Москва-сортировочная, телефон-автомат, инженер-механизатор т. б.

Кейде газет тілінде осы тәрізді калькаға талғамсыз ұрынып, қазақ тілінің өз ережесінде айқындауыш-анықталушы қатынасы бойынша сыйысатын тіркестерді де дефиспен жазатын жағдайлар бар: хирург-дәрігерлердің съезі, студент-қазақтар, колхозшы-шопандар, мүше-корреспонденттер т. т.

Кейбір жерлерде комбайн-самоход, экскаватор-алып, цех-гигант дегендер де аталады.

Қосарлы айқындауыштар газет тілінде, сонымен қатар поэзия тілінде жиі ұшырайды.

Тағы едің-ау деп баста табаламан,

Тұлпар-уақыт, біз сені тағалаған.

Тани кеткен зергердей асыл тасты

Адамдар ғой сені алғаш бағалаған.

(Қ. Мырзалиев. «Уақыт пернесі») [2] .

Сонымен, айқындауыш мүшелер деп - сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөйлем мүшесін айтамыз. Айқындауыш бір мүшенің (сөздің) заттық, мекендік, мезгілдік т. б. жағын айқындап тұрады.

Тіліміздегі айқындауыш мүшелерді анықтауыштың бір түрі ретінде түсінгенде, оның бес сөйлем мүшенің қатарындағы анықтауыш болғандығынан емес, қайта, сөйлеуші жақтың өз ойын білдіру үстінде сол сөйлемді құрап тұрған бір мүшені нақтылай көрсетудегі қосымша сөздің қолданылуы ыңғайында тану керек.

1. 2 Айқындауыш мүшелердің жіктелуі

Сөйлемде кейде бір сөзді я сөздер тізбегін басқа бір сөз я сөздер тізбегі айқындап, дәлдеп, түсіндіріп тұрады. Мысалы: Өзі әнші, өзі сұлу Байтасқа екеуі де - бірі кәрі, бірі жас бала - қызғана да, тамашалай да қараған еді. (М. Әуезов) . Бұл сөйлемде екеуі деген сөзді (бастауышты) бірі кәрі, бірі жас бала деген сөздер тіркесі айқындап, нақтылап, яғни екеудің нақты кімдер екенін анықтап тұр. Сондықтан да бұл (екеуі) сөздің сөйлемде атқаратын қызметіне, грамматикалық байланысына айқындауыштың қатысы болып отырады: кім қараған еді?- екеуі де ягни бірі кәрі, бірі жас бала - бастауышты айқындап тұр және бастауыш мәнінде атау тұлғада қараған еді деген баяндауышпен байланысып тұр. Міне осындай белгілі бір мүшені (сөзді) заттық, мекендік, мезгілдік т. б. жағынан дәлдеп, айқындап, түсіндіріп тұратын сөз я сөздер тобы айқындауыш деп аталады. Кейде бұндай айқындауышты оңашаланған айқындауыш деп те атайды, өйткені ол өзі айқындайтын мүшені оңашалап, ерекшелеп тұрады және одан кейін тұрады. Оңашаланған айқындауыш бастауышты ғана емес, басқа да мүшелерді: пысықтауышты, толықтауышты, тіпті кейде анықтауышты да айқындай береді. Мысалы: Абай былтыр боқырауда, күзем үстінде, қалаға оқуға кеткенде, дәл осы қоныстан, Есембайдан, кеткен болатын (М. Әуезов) . Біздерге, қарттарға, жастар сиякты өмір сүруге тура келеді. (Н. Островский) . Оңашаланган айқындауыш әдетте сөйлемде екі жағынан үтірмен ажыратылады. Кейде оңашаланған айқындауыштың өз ішінде немесе айқындалатын сөздер тізбегінде үтір болса, екі жағынан сызыкшамен де ажыратылады [3] .

Айқындауыш мүшелер құрамы мен құрылымына қарай, мазмұнына байланысты үш түрлі болады:

1 оңашаланған айқындауыштар

2 қосалқы айқындауыштар

3 қосарлы айқындауыштар

1 Оңашаланған айқындауыш: өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөз. Оңашаланған айқындауыштың алдынан әсіресе, яғни, көбінесе, сияқты сөздердің қолданылуы мүмкін. Оңашаланған айқындауыш бастауышты ғана емес, басқа да мүшелерді: пысықтауышты, толықтауышты, кейде анықтауышты да айқындай береді. Үтір белгісі оңашаланған айқындауыштың екі жағынан қойылады. Бірнеше және бірыңғай мүше болып келсе, үтірдің орнына сызықша белгісі қойылады. Оңашаланған айқындауыш жалпылауыш мүшені де айқындауы мүмкін. Онда жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте, ал айқындауыштан кейін сызықша немесе үтір қойылады. Мысалы: Біздің мектептің оқушылары, әсіресе, 9 сынып және 10 сыныптары, әрдайым аудан сайыстарына қатысуда. Бұларсыз - жем-шөпсіз, қорасыз, жайылымсыз - малды қыстан күйлі шығарам деген бос сөз. Еуропаның теңіздері: Азов, Солтүстік және Баренц теңіздері - балыққа бай.

2 Қосалқы айқындауыш: көбіне зат есімдердің қосымша сыны ретінде жұмсалады. Қосалқы айқындауыштар анықтайтын сөздерінің алдында келсе де, соңында келсе де, ешбір тыныс белгісіз байланысады. Мысалы: Әнші Ермек Серкебаев түрік еліне танымалы тұлға. Алпамыс батыр, профессор Сабырбаев.

3 Қосарлы айқындауыш: айқындайтын мүшенің бір сыңары болып, мазмұнын дәлелдеп түратын сөз. Қосарлы айқындауыш кейде өзі анықтайтын сөзімен дефис арқылы байланысады. Мысалы: Т. Тоқтаров әлемге танымалы ұшқыш-ғарышкер. Телефон-автомат, инженер-механик [4] .

Қорыта келгенде, қазақ тілінде айқындауыш мүшелер үш түрге бөлінеді: оңашаланған айқындауыштар, қосалқы айқындауыштар, қосарлы айқындауыштар. Оңашаланған айқындауыш: өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөз. Оңашаланған айқындауыштың алдынан әсіресе, яғни, көбінесе, сияқты сөздердің қолданылуы мүмкін. Қосалқы айқындауыш: көбіне зат есімдердің қосымша сыны ретінде жұмсалады. Қосалқы айқындауыштар анықтайтын сөздерінің алдында келсе де, соңында келсе де, ешбір тыныс белгісіз байланысады. Қосарлы айқындауыш: айқындайтын мүшенің бір сыңары болып, мазмұнын дәлелдеп түратын сөз. Қосарлы айқындауыш кейде өзі анықтайтын сөзімен дефис арқылы байланысады.

1. 3 Айқындауыш мүшенің қолданылу ерекшеліктері

Қазіргі қазақ тілінде екі зат есім қатар келіп, анықтауыштық қатынаста жұмсалуы жиі кездесіп тұрады. Ондай синтаксистік топ тюркологияда изафет I деп аталып жүр. Қазақтың мерзімді баспасөз беттерінде осындай жаңа синтаксистік туркестер туа бастағынын көреміз.

. . . үндеуші жолдас асықбай толық қылыб түсіндіргеннен кейін. Бұл неліктен? Орындардағы партия комитеттерінің камунист қазақ азаматларының салақтығынан.

Мұндай тіркес құрамындағы сөздердің орын тәртібі қазақ тілінде біршама тұрақты: қатар тұрған екі зат есімнің алдыңғысы соңғысын анықтап, соған бағынып тұрады. Кеңес дәуірінің алғашқы жылдарындағы мерзімді баспасөз тілінде жиі кездесетін осындай құрылымның бірі - жолдас сөзінің адам аттары мен фамилияларын анықтап жұмсалуы.

Жолдас Красин Европаның хүкіметі бастықтары мен ауызша сөйдесуге ұшыб кетті. Бұл ретті де тәжірибеін жолдас Ленинмен алуымыз тиіс . . . жолдас Воровскийдің Шведсарияда өлтірілуі еді . . . жолдас Калинин өз қолынан бірінші және соңғы қамқорлық туын табсырған.

Бұл тәрізді тіркестер көбінесе сөйлемде түйдектеліп жұмсалады, сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады. Олар, негізінен, орыс тіліндегі үлгінің ізімен жасалған: товарищ Красин, товарищ Ленин, товарищ Воровский, товарищ Калинин т. б.

Бұлар қазақ тілі грамматикаларында айқындауыш мүше деп аталып жүр. Орта мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарда айқындауыш анықтауыштың ерекше бір түрі деп беріледі «айқындауыш анықтайтын сөзінен кейін тұрып, көбінесе оның лексикалық мағынасын, мүшелік қызметін басқа сөздермен дәлдеп, толықтырады немесе қосымша көлденең сапасын көрсетеді». Грамматикаларда айқындауыш мүшенің қатарына Алпамыс батыр, Әсет балуан, Жарас қарт сияқты тізбектер жатқызылған.

Міне, осы тұста әлі басы ашылмай тұрған даулы да күмәнді мәселе - жоғарыда берілген және сол типтес тізбектердің екінші сыңарлары шын мәнінде айқындауыш мүше бола ала ма? Яғни екінші компоненттері өзінің алдындағы сөзді анықтап тұр ма? Өйткені сөйлем мүшесінің бұл сияқты орын тәртібі қазақтың әдеби тіл нормасына сай емес деуге болады. Бұл жерде поэзиядағы сөздердің орын тәртібі немесе стильдік мақсатта қолданылған инферсиялар сөз болып отырған жоқ.

Қазақ тіліндегі қалыпты орын тәртібі - анықтауыштың анықтайтын сөзінің алдында тұратыны белгілі. Ал Алпамыс батыр, Әсет балуан, Жарас ақын, Баян сұлу, Әлім мерген, Әшім қарт сияқты тізбектердің екінші сыңарлары анықтауыш сөз (айқындауыш) деуге тиек болып отыған құбылыс - батыр, балуан, ақын, сұлу, мерген, мырза, қарт сөздерінің семантикасында сандық қасиеттің болуында. Бұлардың көбі, рас, сын есімдер, қайсыбірі субстантивтенген сөздер. Олар қашан да бір затты, құбылысты анықтауға, сөйтіп барып, сөйлемнің анықтауыш мүшесі болуға бейім тұрады. Бірақ осыған қарап бұл тәрізді сөздер сөйлемде тек қана анықтауыг болады деген пікір тумаса керек. Олар ретіне қарай анықталушы сөз болып та жұмсала береді. Жоғарыда берілген тіркестерде екінші сыңарлары анықтауыш емес, анықталушы сөз ретінде қолданылған.

Айталық, студент қазақ әдебиетінен естихан тапсырып отыр делік. Оқытушы: «Батырлар жырын айтып бер», - деді, студент; «Қай батырды айтайын?» - дейді. Оқытушы: «Батыр Алпамысты», - демейді, «Алпамыс батырды айт» -дейді. «Батыр Алпамысты айт», - десе, ол оқытушының қазақ әдеби тіл нормасын, тіл мәдениетін білместігі болар еді [5] .

Демек, қай? Деген сұрақ бұл жерде Алпамыс сөзіне қойылып отыр, яғни осы арада Алпамыс - анықтауыш. Егер тіркес батар Алпамыс түрінде келсе, анықтауыш батыр деген сөз болар еді. Бұл сөздердің осындай тәртіпте қолданылуының өзіндік заңдылығы бар. Мысалы, ауылда Алпамыс атты кісі бірнешеу делік. Халық оларды бір-бірімен шатастырмас үшін өздерінше қосалқы ат қойып алады: біреуін өз есімімен қоса батыр, екіншісіне шешен, үшіншісіне қара, төртіншісіне ұзын т. б. сияқты. Сол Алпамыстың бірі керек болып қалса, қасында тұрған кісіге: «Алпамысты шақыр», десе, ол міндетті түрде «қай Алпамысты» дер еді. Сонда шақыр деген кісі я «батыр Алпамысты», я «шешен Алпамысты» т. б. дейтіні сөзсіз.

Бұл поэзияда қай деген сұрақ батыр сөзіне қойылып отыр, бұл жерде батыр анықтауыш та, Алпамыс - анықталушы сөз. Сол сияқты Жарас ақын - қай ақын? Да, ақын Жарас - қай Жарас болар еді. Басқа да осы тәріздес тіркестерді осылай талдауға болады.

Әрине, берілген тіркестерге сұрақ қойып, бір-бірінен ажыратып, бірін анықтауыш, екіншісін анықталушы сөз деуіміз - осы сияқты тіркестердің мән-жайына, табиғатына толық түсіну үшін жасалған талдаулар. Болмаса мұндай тіркес құрамындағы сөздер бір-бірімен ұласып келіп, бір-бірімен бөлінбей, сөйлем ішінде сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады. Сондықтан жоғарыда берілген тәріздес тіркес құрамындағы сөздер әрдайым сөйлемнің жеке-жеке мүшесі бола алмайды. Сонымен бірге осы тақылеттес тізбектердің компоненттерін әрқашан да бір-бірімен ауыстырып қолдана беруге де болмайтынын ескеру қажет.

Демек, кейбір оқулықтардағы: «бұлардың орнын алмастырса, олардың мағынасы бұзылмай, яғни анықтауыш сөз анықталуыша сөзге айналады да, анықталушысы анықтауышқа айналады. Қосарлы анықтауыштың дағдылы анықтауыштан айырмасы орын талғамайды», деген пікірге қосылуға болмайды. Себебі сөз тіркесі құрамындағы компоненттердің бір-бірімен орын алмасуының нәтижесінде ол сөздердің синтаксистік қызметі ауысады. Сонымен бірге, мағыналық өзгеріске де ұшырайды. Мысалы: Алпамыс батыр, Әсет балуан, Жарас ақын, Баян сұлу сияқты тіркестермен батыр Алпамыс, балуан Әсет, ақын Жарас, сұлу Баян дегендер бір емес, олардың бір-бірінен айырмашылығы бар. Алғашқы топтағы тіркестерде басты мағына, негізгі ой батыр, балуан, ақын, сұлу жайында да, адам аттары солардың нақтылы кім екенін білдіреді, ал соңғы топтағы тізбектерде басты мағына Алпамыс, Әсет, Жарас, Баян жайында да, алдындағы сөздер - сол адамдардың сындық қасиеттері, белгілері [6] .

Екінші сыңарығ жеке талдап қарасақ, ешбір даусыз анықталушы сөз қызметінде болатын, ал анықталуышы жалқы есім болып келетін тіркестер де тілімізде баршылық. Мысалы: Арал теңізі, Балқаш көлі, Сырдария, Қара теңіз тәрізді атаулық тіркестердің алғашқы жалқы есім сыңарлары анықтауыш екеніне күмәндануға болмайды. Әрине, бұл сөз орамдарында бір-бірімен орын алмасуы байқалмайды. Оның себебі адам аттарындағыдай бұлар да басқа атаулармен қайталау жоқ және соңғы типтес тіркестер халық ұғымында сол қалпында ежелден бері айтыла келіп қалыптасқан, берік орналасқан.

Адам аттарымен келгенде анықтауыш пен анықталушы сөздің мағыналық салмағы тетелес келетіндіктен және ол екі сөз мағыналық жағынан жымдасып, тұтасып, бір бүтын іспеттес жұмсалатындықтан, олардың орнын алмастырғандағы мағыналық өзгеріспен қайсысы анықтауыш, қайсысы анықталушы сөз екендігі бірден аңғарыла қоймайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлемнің айқындауыш мүшесі
Жай сөйлемнің күрделену жолдары
Анықтауыш оның жасалу жолдары
Айқындауыш мүше, тыныс белгілері
Анықтауышты жайылма сөйлемдер
Тұрлаусыз мүшелер
Парцелляциялық құбылыстың көркем мәтін тіліндегі лексика-грамматикалық және стилистикалық қолданысы
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер емлесі
Қ. Қ. Жұбанов еңбегіндегі синтаксистік көзқарастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz