Фирманың жұмыс атқару микроорталығының негізгі факторлары


Фирманың жұмыс атқару микроорталығының
негізгі факторлары
Әрбір фирманың негізгі мақсаты - табыс табу. Маркетинг басқару жүйесінің негізгі мақсаты - мақсатты нарықтарды қызықтыратын тауарлар шығаруды қамтамасыз ету. Дегенімен, маркетингілік басқарудың табысты болуы фир - маның басқа бөлімдерінің жұмыстарын және делдалдардың, бәсекелестердің және әртүрлі контактылы аудиториялардың әрекеттеріне де байланысты. Фирманың микроорталық шегінде әрекет жасайтын күштер мына сурретте көрсетілген. Фирма микроорталығында әрекет жасайтын негізгі күштер.
1 сурет. Фирма микроорталыµында ґрекет жасайтын негiзгi кѕштер
Маркетинг басшыларына өз жұмыстарын мақсатты нарықтың мұқтаждығымен шектеуге болмайды. Олар микроорталықтың барлық факторларын есепкеалуы керек.
2 сурет. Фирманың микроорталығы
Фирмаға сипаттама беретін болсақ. Фирманың маркетинг қызметінің басшы- лары маркетингілік жоспарды дайындағанда, фирма ішіндегі басқа топтардың, демек, фирма басшыларының, қаржы қызметінің, ҒЗБ қызметінің, мтериалды- техникалық жабдықтау қызметінің, өндіріс және бухгалтерия бөлімдерінің ұсыныстарын ескеруі керек. Маркетингілік жоспарды дайындаушыларға осы аталған топтар фирманың микроорталығы болып саналады.
Фирмада жоғары сатылы басшыларға өнімді өндіру бөлімінің басқарушысы, атқару комитетінің мүшелері, реттеуші - директор, директорлар кеңесінің бастығы және мүшелері жатады.
Осы басқарушылардың жоғарғы эшелоны фирманың нысанасын, оның жалпы стратегиялық мақсатын және күнделікті саясатын анықтайды. Маркетинг басқарушыларының шешімдері басқарушы жоғарғы эшелонының жоспарларына қайшы келмеулері керек. Оның үстіне, маркетингілік, жоспарларды бекітетін осы басшылар.
Маркетинг басшылары өз жұмыстарын фирманың басқа бөлімдерімен ынтымақты, байланысты түрде атқаруы керек. Қаржы қызметі маркетингілік жоспар- ды іске асыруға қажетті қаржының қазіргі кездегі мөлшері, оның жұмсалу проблемаларымен айналысады. ҒЗБ қызметі әрі әдемі, әрі қауіпсіз бұйымдар техникалық - конструкциялық проблемалары және оларды шығарудың тиімді әдістерімен айналысады. Материалды - техникалық жабдықтау қызметі қажетті бөлшектермен, топтардың жеткілікті қорының болуымен айналысады. Өндіріс жоспарланған өнімдерді шығаруға жауап береді. Бухгалтерия қызметі күнделікті кіріс пен шығынды бақылай отырып, алға қойылған мақсаттың қалай орындалып келе жатқаны туралы маркетинг қызметін хабардар етіп отырады. Осы аталған бөлімдердің іс-әрекеттері маркетинг қызметінің жұмысына және жоспардың орындалуына тікелей әсерін тигізеді.
Жабдықтаушылар - компанияны және оның бәсекелестерін нақтылы тауар- лар шығару өндірістеріне қажетті материялдық ресурстармен жабдықтаушы іскер фирмалар мен жеке адамдар. Жабдықтаушылар орталығында болатын кездей соқ уакиғалар фирманың маркетингілік әрекеттеріне үлкен әсерін тигізуі мүмкін.
Маркетинг басшылары жабдықталатын заттардың бағаларын ұқыпты түрде бақылап отыруы керек. Өйткені сатып алатын материалдардың бағасының өсуі шығарлатын өнімнің құнын өсіруге мәжбүр етеді. Кейбір материалдардың жетіспеуі немесе жабдықтаушыларының ереуілдері, т. б. уақиғалар жабдықтау- дың жүйелігін бұзып, дайын өнімді тапсырыс берушілерге жеткізу графигін бұзуға соқтырады. Ал бұл жағдай өткізу дәрежесін төмендетумен қатар, фирма- ның клиенттері алдындағы беделінің төмендеуінің тәтижесінде, оған деген көз- қарастың өзгеруінің себебі болуы мүмкін.
Маркетингілік делдалдар - компания тауарларын жеткізуге, өткізуге және оларды клиенттер арасында таратуға көмектесетін фирмалар. Оларға сауда делдалдары, тауар қозғалысын ұйымдастыруға маманданған фирмалар, маркетингілік қызметтерді атқаратын агенстволар және несие қаржы мекеме- лерәі жатады.
Сауда делдалдары - компанияға клиенттер іздестіретін немесе оларға тауар - ларды сатуға көмектесетін фирмалар. Фирмаға сауда делдалдары не үшін қажет? Оған жауап: сауда делдалдары фирманың өзіне қарағанда заказчиктерге тауарды ыңғайлы жерде, ыңғайлы уақытта, ыңғайлы түрде, мүмкіншілігіне аз шығынданып сатып алуға көмектеседі. Ыңғайлы орын
ол клиенттердің орналасқан жерлерінде делдалдардың ұйымдастыруы арқылы орындалады. Ыңғайлы уақыт тұтынушылардың сатып алу кезеңдеріне велосипедтнрдің көрмесін және сол уақытта жеткілікті түрде жеткізіп беру арқылы үйымдастырлады. Сатып алу процедурасының ыңғайлылығы тауарды сатумен бірге оның иелену құқығын беру болып табылады. Егер жоғарыда аталған ыңғайлықтарды өзі ұйымдастырғысы келетін болса, онда оған бүкіл ел масштабындағы ірі сауда нүктелерін қаржылауға және жұмысын ұйымдастыруға тура келер еді. Сондықтан фирма тәуелсіз сауда делдалдарын ұстағанды дұрыс деп санайды.
Дегенімен, сауда делдалдарын таңдау және олардың жұмыстарын ұйымдастыру оңай шаруа емес. Бүгінде өндіруші көптеген майда тәуелсіз делдалдармен емес, ылғи өсу үстіндегі ірі делдалдармен іскерлік байланыс жасайды. Тауарлардыº көпшілігі ірі фирмалық жүйелердің сауда кәсіпорындары ірі көтерме саудашылар, бөлшек саудашылар және сауда жеңілдіктерін иеленуші мекемелер арқылы сатылуда. Бұл бірлестіктер үлкен қуатты болғандықтан, өз айтқандарының бәрін орындата алады, тіпті қажетті жағдайда өндірушіні кейбір сиымды, көлемі нарықтарға жібермеуіде мүмкін. Өз тауарлары " дүкен сатыларынан орын алу " үшін өндірушілерге көптеген жұмыстар атқаруға тура келеді. Оның үстіне, сауда делдалдарын таңдауға өте сақтықпен қарауы керек, өйткені тауар қозғалысының бір арнасын ұйымдастырам деп жүріп, басқа арналарды пайдаланудан айырылуға болады.
Тауар қозғалысын ұйымдастыруға маманданған фирмалар компания шығаратын бұйымдардың қорын ұйымдастырып, оларды өндіру орындарынан белгіленген жерге жеткізеді. Қоймалар - тауар қозғалысының белгіленген жеріне дейінгі аралықта тауарларды жинақтап, сақтауды қамтам - тамасыз етуге арналған кәсіпорындар. Тасымал фирмаларына темір жолдар, автокөлік тасмалдарын ұйымдастырушылар, әуе жерлері, су жүк тасмал көлігі және басқа бір жерден екінші жерге тауар қозғалысын ұйымдастырушылар жатады. Фирма, тасымал құны, көлемі, жеткізуі жылдамдығы және жүк сақтал- ымы факторларын байланысты түрде қарай отырып, тиеп- жөнелтудің ең тиімді өдістерін таңдап алуы керек.
Маркетингтік қызметтер атқаратын агенстволарға - маркетингілік зерттеулер фирмалары, жарнама агенстволары, жарнама құрал- дары мекемелері және маркетингілік консультация фирмалары жатады. Олар компанияларға өз тауарларын қажетті нарықтарға дәлдеп жеткізуге көмектеседі
Компания осы аталған мекемелердің қызметтерін пайдаланатынын не осы жұмыстарды өзі орындайтындығын шешуі керек. Егер осы қызметтерді басқаларға тапсыруды шешкен болса. өз қызметін ұсынушыларды дұрыс таңдай білу керек. Себебі, осы қызметтерді орындайтын мамандандырылған фирмалар творчествалақ мүмкіншіліктері, жұмыс сапасы, атқаратын қызмет көлемі және олардың бағасы бойынша бір - біріне айырмашылықта болады. Компания бұл фирмалардың іс - әрекеттеріне кезеңді түрде баға беріп, өз талаптарын алмастыру варианттарын ойластыруы керек.
Несие - қаржы мекемелері қатарына банкілер, несие компаниялары, қамсыздандыру компаниялары және фирманың келісімдерін қаржыландыруға немесе сату, сатып алу қауіп - қатерлерін қамсыздандыруға көмектесетін т. б. мекемелер жатады. Компнияның маркетингілік әрекеттерінің тиімділігіне несиелеудің құны немесе несиелеу мүмкіншілігінің қысқаруы қатаң әсерін тигізеді. Сондықтан компания негізгі несие - қаржы мекемелерімен арадағы қарым қатынасты нығайтуға түсуі керек.
Клиенттер. Фирма өз клиенттерін ұқыпты түрде зерттеуге тиісті. Фирма клиенттердің бес түрлі нарқында қызмет атқара алады. Олардың бәрі төмендегі суретте көрсет - тілген. Төменде олардың қысқаша анықтамалары беріледі.
1. Тұтыныс нарқы- тауар мен қызметті жеке өздеріне тұтыну үшін алатын жеке адамдар және ұй шаруашылықтары.
2. Өндірушілер нарқы- тауар мен қызметтерді өндіріс процесінде пайдалану үшін алатын мекемелер.
3. Сауда делдалдар нарқы- тауар және қызметтердің өзі табыс табу үшін сатып алып сатушылар нарқы.
4. Мемлекеттік мекемелер нарқы- тауар және қызметтерді сатып алып, оларды кейін коммунальды қызметтері өндірісінде пайдаланатын немесе оларды мұқтаж адамдарға таратушы мемлекеттік мекемелер нарқы.
5. Халықаралық нарық- шетел тұтынушыларынан, өндірушілерінен, сауда делдалдарынан және мемлекеттік мекемелерден құралатын шетел сатып алушылары.
3 ñóðåò. Êëèåíòòåð íàðûµûíûº íåãiçãi ò¾ðëåði
Өндірістік фирма өз өнімдерін осы нарықтардың барлығында сатады. Өнімдердің қайсы бір бөлігін тұтынушыларға тікелей зауыт арқылы не бөлшек сауда нүктелері арқылы сатады. Ол өз тауарларын жеткізіп беру не кәсіпорын териториясында пайдаланатын өндірушілерге де сатады. Фирма тұтыныс нарықтарында және өндірушілер нарықтарында қайтара сатушы көтерме және бөлшек саудашыларға да сатады. Оның өз өнімдерін үкіметтік мекемелерге де сату мүмкіншілігі бар. Әрине, ол өнімдерін шетел тұтынушыларына, өндірушілеріне де, делдалдарына да және мемлекет органдарына да сатады. Әр нарық түріне өзіндік ерекшелікке тән болғандықтан, оны сатушы ұқыпты түрі жөнінде шешімді қабылдайтынын зерттеу болады.
Бәсекелестер . Кез келген фирманың әртүрлі көптеген бәсекелестері болады. Зерттеуші бірдеңе сатып алуға ақша жинап жүрген тұтынушымен сұқбаттасуы мүмкін. Төмендегі (4 суретте) көрсетілген. Тұтынушы сатып алуға керекті заттардың бірнеше варианттарын ойластыруда. Оның ішінде тұтынушыға қажетті тұтыну тауарлары, жиhаздар немесе киім-кешектер сатып алу варианттары бар. Бұлар бәсеке - тілектер, демек, тұтынушының мүмкіншілікке байланысты жүзеге асырғысы келетін тілектері. Осы тілекрерінің ішінде тұтынушы тұтыну тауарларын өтегісі келеді деп саналық. Оның ұн сатып алуы, макарон атып алу немесе нан сатып алу варианттары шығады. Бұл тауар түрі бәсекесі, демек, бір тілекті қанағаттандырудың түрлі тсілдері болып саналады. Егер осы альтернативті варианттардың ішінде ұн таңдалған болса, тұтынушы оның қай түрін алу керек деген мәселе туады. Бұл тауар кескін бәсекесі, демек, бір түрлі тауардың көп кескінділерінің ішінен сатып алушының нақтылы тілегіне сай таңдау. Осы жағдай екі, бес және қырық килограммдық түрлері бар делік. Тұтынушы екі килограммдыққа тоқталуы мүмкін және ол бірнеше осындай бәсекелес - маркаларментанысқысы келуі де ықтимал. Бұл оның тілегін орындауға арналған бір түрлі тауардың әртүрлі маркалары. Аталған жағдайда бұлар: «Алтын-Дән» ЖШС, «Көктерек» АҚ, «Дани нан» ЖШС, «Арай» ЖШС, «Цесна» АҚ.
Тұтынушылардың шешім қабылдау жолын дұрыс түсіну өндіру фирмасының маркетинг бойынша вице-президетіне өз велосипеттерін көбірек сатуға кедергі жасап отырған барлық бәсекелестерін табуды жеңілдеттеді. Маркетинг басшысы бәсекелестердің барлық түрлерімен, оның ішінде фирманың өткізу әрекетіне зиян көбірек тигізіп отырған маркалар бәсекелестігіне көбірек назар аударады.
Контакт аудиториялары . Маркетингілік орталық құрамына фирманың әртүрлі контакт аудиториялары да кіреді Контакт аудиториясына біз былай анықтама береміз:
Контакт аудиториясы - мекемеге нақтылы және потенциялды түрде назар аударатын және оның мақсатына жету қабілетіне әсерін тигізетін кезкелген топ.
Контакт аудиториясы фирманың нарықтағы қызметіне демеуші немесе қарама- қарсы күш реттінде де болуы мүмкін. Қайрымды аудитория - фирмаға деген назары қайрымды сипаттамалы топ. Іздеудегі аудитория - фирмаға назар аударған қажет, бірақ өнебойы табыла қоймайтын аудитория. Сүйкімсіз аудитория - іс- әрекеттерімен санасуға тура келетін, бірақ фирмаға назар аударуынан аулақ ұстауға қажетті топ.
Фирма барлық өзінің негізгі контакт аудитотиялары және барлық клиенттер нарықтары үшін маркетингілік жоспарлар дайындауы мүмкін. Фирма нақтылы контакт аудиторияның өзіне жылы шырайлы реакция, мақұлдау пікір түрлерінде назар аударғысы келеді немесе оның фирмаға қажетті уақыт бөлігінен, әлде сыйлық жасағанын қалады делік. Ол үшін тек осы контакт аудиториясына ұнайтын тауар шығару керек.
Қалаған фирма жеті түрлі контакт аудитория ортасында әрекет жасайды. Оны төмендегі суреттен көруімізге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz