Ағылшын тілі дыбыстарының артикуляциясын оқытудың тиімді әдістері
Кіріспе 3
1 Aғылшын тілі дыбыстарының артикуляциясын оқытуды теория жүзінде негіздеу 3
1.1 Aғылшын тілі дыбыстарына сипаттама 3
1.2 Сөйлеу дыбыстарын зерттеудегі артикуляциялық бағыттар 3
1.3 Артикуляцияларға үйретуді теориялық тұрғыдан сипаттау 3
2 Aғылшын тілі дыбыстарының артикуляциясына үйретудің әдістемесі 3
2.1 Aғылшын тілі дыбыстарын үйретуде фонетикалық ойындардың алатын орны 3
2.2 Cөйлеу дыбыстарын зерттеуде артикуляциялық бағыттарды практика жүзінде пайдалана алудың тиімді жолдары 3
2.3 Ағылшын тілі дыбыстарының артикуляциясына үйретудің нәтижелері 3
Қорытынды 3
Қолданылған әдебиеттер тізімі 3

Фонетика (гректің фоне - дыбыс деген мағынаны білдіретін сөзінен алынған) - тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, әр түрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу зандылықтарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Дыбыстың сипаты әр қилы. Айналадағы заттардың әр түрлі қозғалысынан, қақтығысынан шығып, құлаққа естілетін үннің бәрі де дыбыс деп аталады. Мысалы, желдің уілі, күннің күркіреуі ағаштың шарт сынуы, бір заттың екінші бір затқа тарс етіп тиюі т. б. әр түрлі үннің барлығы дыбыс болып саналады. Бірақ бүі сияқты дыбыстардан тіл дыбыстарының өзіндік ерекшеліктері бар. Тіл дыбыстары, біріншіден, адамның дыбыстау мүшелері арқылы пайда болып шығатын дыбыстар; екіншіден, белгілі жүйелік сипаты бар, саны шектеулі ғана дыбыстар, үшіншіден, белгілі үғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып табылады. Сөйтіп, тіл дыбыстары жеке тұрғанда ешбір мағына білдірмей, мәні болмаса да, белгілі бір жүйемен, тәртіппен тіркесуі арқылы бір ұғымның атауы болып табылатын, мағынасы бар сөзді құрайды.
Әр түрлі тілдердің дыбыстық жүйесі, дыбыстарының сипаты мен саны бірдей, біркелкі емес, ол әр басқа. Тілдің өзіндік ерекшеліктеріне, дыбыстау мүшелерінің қызметінің әр түрлілігіне байланысты болып отырады. Тіл дыбыстарын жасауда (шығаруда) дыбыстау (сөйлеу) мүшелерінін қызметін артикуляция деп атайды. Ал белгілі халықтың дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы қалыптаскан дыбыс шығару дағдысын сол тілдің артикуляциялық базасы дейді.

Дыбыстау мүшелеріне тыныс жолы (мүшелері), ауыз және мұрын қуысы мен иек, жақ жатады. Тыныс жолына өкпе мен көмей, желбезек (дауыс шымылдығы), ауыз қуысына тіл, ерін езу, тіс, таңдай, кішкене тіл жатады. Тіл дыбыстары осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне карай дыбыстардың сипаты анықталады.
Сондықтан да тілдің дыбыстық жағын зерттеу тіл білімінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Тілдік дыбысты шығаруға бағытталған сөйлеу органдарының жұмысы артикуляция деп аталады. Артикуляция үш бөліктен құралады: дыбыстың экскурсиясы, бұл кезде орталық бөліктің жұмысынан шығады, органдар берілген артикуляцияға орныққан кезде және рекурсиядан, органдар өзінің жұмыс орнына қайтып келеді.

1. Бондаренкова Л.П., В.Л.Завьялова «Основы фонетики английского языка: Учебное пособие» Изд. Флинта-Наука, 2008. – 340 с.
2. Бурая Е.А. «Фонетика современного английского языка. Теоретический курс. Учебник для студентов лингвистических вузов и факультетов». Изд. Гриф УМО МО РФ, 2009. – 298 с.
3. Бурая Е.А., Галочкина И.Е., Шевченко Т.И., «Фонетика современного английского языка: Теоретический курс: Учебник для студентов вузов Изд. 2-е, испр.» Изд. – Академия, 2008. – 366 с.
4. Веренинова Ж.Б. «Фонетическая база английского языка в сопоставлении с фонетической базой русского языка: Учебное пособие». Изд. – Росто, 2007. – 278 с.
5. Гуревич В.В. «Теоретическая грамматика английского языка. Сравнительная типология английского и русского языков». – М.: Флинта: Наука, 2003. - С. 116-125.
6. Ладефогед П. «Курс по фонетике». Ladefoged P. «A course of phonetics». Los Angeles, 1999.- 105 с.
7. Ривлина А.А. «Сравнительная типология английского и русского языков: Учебное пособие для вузов: Просвещение, 2007». – 162 с.
8. Розенталь Д.Э. Голуб И.Б., Теленкова М.А. «Современный русский язык». – М.: Рольф, 2001. – С. 139-156.
9. Соколова М. А. «Практическая фонетика английского языка: Учебник для вузов». Изд. – М: Владос, 2003. – 384 с.
10. Шевченко Т.И. «Теоретическая фонетика английского языка: Учебник для вузов». Изд. Высшая школа, 2006. – 191 с.
11. Бондаренко Л.П. Основы фонетики английского языка. Флинта, 2009 - 152 с.
12. Галатенко Н.А. Английская транскрипция, Ось - 89, 2009 - 160 с.
13. Гинтер К.П., Кантер Л., Соколова М.А. Практическая фонетика английского языка, ВЛАДОС, 2008 - 382 с.
14. Демина Т.С. Английский с удовольствием: Давайте говорить правильно. ГИС, 2002 - 144 с.
15. Колыхалова О.А. Учитесь говорить по-английски. Феникс +, 2008 - 254 с.
16. Бим И.Л., Методика обучения иностранным языкам как наука и проблемы школьного учебника. - М., 1977. - 288 с.
17. Буряк Р.А., Галочкина И.Е., Шевченко Т.И., Фонетика современного английского языка. Теоретический курс. - М., Академия, 2008. - 272 с.
18. Васильев В.А. Фонетика английского языка. - М.: Высшая школа, 1980. - 240 с.
19. Веренинова Ж.Б. Обучение английскому произношению с опорой на специфику фонетических баз изучаемого и родного языков. // Иностранные языки в школе. - 1994. - №5.
20. Гальскова, Н.Д. Теория и практика обучения иностранным языкам. Начальная школа [Текст]: методическое пособие / Н.Д. Гальскова, З.Н. Никитенко. - М.: Айрис-пресс, 2004. - 240 с.
21. Литвинов П.П., Англо-русский фонетический словарь (English-Russian Phonetic Dictionary). - М.: Айрис-Пресс, 2005. - 256.
22. Лукина Н.Д. Фонетический вводно - коррективный курс английского языка. - М.: Высшая школа, 1985. - 315 с.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ағылшын тілі дыбыстарының артикуляциясын оқытудың тиімді әдістері
Орындаған: ________ топ студенті
Ғылыми жетекші:
____________________________
Қарағанды 2013
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1 Aғылшын тілі дыбыстарының артикуляциясын оқытуды теория жүзінде негіздеу 5
1.1 Aғылшын тілі дыбыстарына сипаттама 5
1.2 Сөйлеу дыбыстарын зерттеудегі артикуляциялық бағыттар 10
1.3 Артикуляцияларға үйретуді теориялық тұрғыдан сипаттау 15
2 Aғылшын тілі дыбыстарының артикуляциясына үйретудің әдістемесі 21
2.1 Aғылшын тілі дыбыстарын үйретуде фонетикалық ойындардың алатын орны 21
2.2 Cөйлеу дыбыстарын зерттеуде артикуляциялық бағыттарды практика жүзінде пайдалана алудың тиімді жолдары 22
2.3 Ағылшын тілі дыбыстарының артикуляциясына үйретудің нәтижелері 25
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі 30
Кіріспе
Фонетика (гректің фоне - дыбыс деген мағынаны білдіретін сөзінен алынған) - тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, әр түрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу зандылықтарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Дыбыстың сипаты әр қилы. Айналадағы заттардың әр түрлі қозғалысынан, қақтығысынан шығып, құлаққа естілетін үннің бәрі де дыбыс деп аталады. Мысалы, желдің уілі, күннің күркіреуі ағаштың шарт сынуы, бір заттың екінші бір затқа тарс етіп тиюі т. б. әр түрлі үннің барлығы дыбыс болып саналады. Бірақ бүі сияқты дыбыстардан тіл дыбыстарының өзіндік ерекшеліктері бар. Тіл дыбыстары, біріншіден, адамның дыбыстау мүшелері арқылы пайда болып шығатын дыбыстар; екіншіден, белгілі жүйелік сипаты бар, саны шектеулі ғана дыбыстар, үшіншіден, белгілі үғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып табылады. Сөйтіп, тіл дыбыстары жеке тұрғанда ешбір мағына білдірмей, мәні болмаса да, белгілі бір жүйемен, тәртіппен тіркесуі арқылы бір ұғымның атауы болып табылатын, мағынасы бар сөзді құрайды.
Әр түрлі тілдердің дыбыстық жүйесі, дыбыстарының сипаты мен саны бірдей, біркелкі емес, ол әр басқа. Тілдің өзіндік ерекшеліктеріне, дыбыстау мүшелерінің қызметінің әр түрлілігіне байланысты болып отырады. Тіл дыбыстарын жасауда (шығаруда) дыбыстау (сөйлеу) мүшелерінін қызметін артикуляция деп атайды. Ал белгілі халықтың дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы қалыптаскан дыбыс шығару дағдысын сол тілдің артикуляциялық базасы дейді.
Әр түрлі тілдердің дыбыстық жүйесі, дыбыстарының сипаты мен саны бірдей, біркелкі емес, ол әр басқа. Тілдің өзіндік ерекшеліктеріне, дыбыстау мүшелерінің қызметінің әр түрлілігіне байланысты болып отырады. Тіл дыбыстарын жасауда (шығаруда) дыбыстау (сөйлеу) мүшелерінін қызметін артикуляция деп атайды. Ал белгілі халықтың дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы қалыптаскан дыбыс шығару дағдысын сол тілдің артикуляциялық базасы дейді.
Дыбыстау мүшелеріне тыныс жолы (мүшелері), ауыз және мұрын қуысы мен иек, жақ жатады. Тыныс жолына өкпе мен көмей, желбезек (дауыс шымылдығы), ауыз қуысына тіл, ерін езу, тіс, таңдай, кішкене тіл жатады. Тіл дыбыстары осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне карай дыбыстардың сипаты анықталады.
Сондықтан да тілдің дыбыстық жағын зерттеу тіл білімінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Тілдік дыбысты шығаруға бағытталған сөйлеу органдарының жұмысы артикуляция деп аталады. Артикуляция үш бөліктен құралады: дыбыстың экскурсиясы, бұл кезде орталық бөліктің жұмысынан шығады, органдар берілген артикуляцияға орныққан кезде және рекурсиядан, органдар өзінің жұмыс орнына қайтып келеді.
Қазіргі кезде артикуляция мен акустикалық сөйлеу тілінің арасындағы байланысқа ерекше мән беріліп жатыр. Бұл тақырып өте қызықты және танымды болып келеді.
Осы орайда, зерттеу тақырыбының өзектілігі: Ағылшын тілі дыбыстарының артикуляциясын зерттей отырып, оларды оқытудың тиімді әдістерін қарастыру.
Курстық жұмыстың мақсаты: Артикуляция жүйесімен толықтай танысып, ағылшын тіліндегі дыбыстардың артикуляциясын зерттеп, оларды мектеп оқушыларына оқытудың тиімді және жақсы жолдарын қарастыру.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
oo ағылшын тілі дыбыстарының артикуляциясын оқытуды теория жүзінде негіздеу;
oo сөйлеу дыбыстарын зерттеудегі артикуляциялық бағыттарды қарастыру;
oo ағылшын тілі дыбыстарының артикуляциясына үйретудің әдістемесін талдау;
oo ағылшын тілі дыбыстарын үйретуде фонетикалық ойындардың алатын орнын айқындау;
oo сөйлеу дыбыстарын зерттеуде артикуляциялық бағыттарды практика жүзінде пайдалана алудың тиімді жолдарын қарастыру;
Зерттеу нысаны ағылшын тілі дыбыстарының артикуляциясы болып табылады.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік басылымдардағы мақалалар қолданылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Aғылшын тілі дыбыстарының артикуляциясын оқытуды теория жүзінде негіздеу
1.1 Aғылшын тілі дыбыстарына сипаттама
Ағылшын тілінің фонетикалық құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан оны үйренушілер тілдің дыбыстық және интонациялық құрылымын оқып меңгергенде көптеген қиындықтарды кездестіреді. Шетел тілін үйренушілердің басты мақсаты - тілдің дыбыстық құрамын меңгеру, дыбыстарды дұрыс айту және сол тілге тән интонациямен сөйлей білу.
Кез-келген тілдің дыбыстық құрылысының негізіне дыбыстар (фонемалар) жүйесі жатады. Фонема - тілдің ең кіші дыбыстық бірлігі. Ағылшын тілінде сөзді құрайтын дыбыстар мен әріптердің саны сәйкес келе бермейді. Бұл ағылшын тілі орфографиясын меңгерудегі басты қиындықтардың бірі. Мысалы: daughter - қыз деген сөзде 8 әріп болса, 4 дыбыс қана айтылады. Ағылшын тілінде 44 дыбыс, 26 әріп бар.
Ағылшын тілінің дыбыстарын айтуды меңгеру үшін әуелі сөйлеу мүшелері мен олардың жұмысымен танысу керек.
Сөйлеу мүшелері - тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелері. Дыбысты айту мүшелеріне ауыз, мұрын, тамақ және жұтқыншақ қатысады. Сөйлеу дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция деп атайды [1, б. 69].
Дыбысты айтқан кезде ауа ағыны әуелі тамақ қуысынан өтеді, онда дауыс шымылдығы орналасқан.
Дыбысты айтқан кезде үн шығатын болса, ондай дыбыстар дауысты дыбыстар деп атаалды. Дауысты дыбысты айтқанда дауыс шымылдығы бір-біріне жақындайды, бірақ қосылмайды, ауа ағыны дыбыс шымылдығын қозғалысқа келтіреді.
Дауыссыз дыбыстарды айтқан кезде ауа ағыны толық кедергіге ұшырайды. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда үн мен шу қатар шығады. Тамақ қуысынан шыққан ауа ағыны көмекейге барады, содан кейін ауыз қуысына барады. Ауыз бен мұрын қусы таңдай мен кішкентай тілше арқылы бөлініп тұрады.
Ауыз қуысындағы маңызды сөйлеу органдарының бірі - тіл. Тілдің негізгі бөлігі тілдің арқасы деп аталады. Дыбыстардың айтылуын дұрыс суреттеу үшін тілді шартты түрде мынадай бөліктерге бөлеміз: алдыңғы бөлік, тілдің ұшы, ортаңғы және артқы бөлік.
Тілдің жоғарғы шекарасы - қатты және жұмсақ таңдай, ол кішкене тілшемен аяқталады. Жоғары тістер мен қтты таңдайдың арасында альвеола деп аталатын төмпешіктер орналасқан. Сөйлеу мүшелеріне ерін және тістер де жатады.
Жалпы сөйлеу мүшелеріне дыбыстауға қатысатын мүшелерді жатқызамыз. Олар: дауыс шымылдығы, таңдай, ерін, тіл.
Белсенді емес дауыс мүшелері дыбыс жасауға тікелей қатыспайды, тек қана көмектеседі. Олар: тістер, алвеола, қатты таңдай.
Әр тілдің дыбыстық құрамы белгілі бір дыбыстардың көлемінен тұрады [2, б. 45].
Фонема - тілдің ең кіші, әрі қарай бөлінбейтін дыбыс бөлшегі. Фонема дыбыстың барлық қасиеттерін біріктіретін абстрактілі ұғым. Фонема сөздердің дыбыстық құрамынанықтайды, сөздерді айыруға көмектеседі. Мысалы: таң-таң, sit-pit.
Фонема туралы айтқанда біз оны жеке дыбыс ретінде қарастырамыз. Бірақ, сөз аяғында белгілі дыбыс бірдей айтылмайды. Дыбыстың өзгеруі сөздегі орнына, қасындағы дыбыстарға және екпінге байланысты болады. Сондықтан дыбыс аллофондар түрінде қолданылады. Фллофон - дыбыстың нұсқалары. Мысалы: ma-mo. Бірінші сөзде [m] дыбысы бейтарап, одан кейін [a] дыбысы тұр, сондықтан [m] дыбысынан кейн еріндік [o] дыбысы тұр, сондықтан [m] дыбысын айтқанда ерін де қатысады.
Дыбыстар
Дауыстылар
Дауыссыздар
Екпінді
Екпінсіз
Қатаң
Ұяң
Жуан
Жіңішке
Сурет 1 - Ағылшын тіліндегі дыбыстардың жіктелуі
Тілдің дыбыстары дауысты және дауыссыз болып бөлінеді. Дыбыстағанда шығатын ауа ағыны өзінің жолында бір-біріне жақын тұрған дауыс шымылдығын қозғалысқа келтіреді. Осыдан келіп дауыс немесе музыкалық әуен шығады. Ауа ағыны өз жолында кедергіге кездеспесе, дауысты дыбыстар айтылады. Дауысты дыбыстарды айтқанда үн шығады. Ал дауыссыз дыбысты айтқанда шу мен үн шығады.
Дауысты длыбыстардың жіктелуі мынадай қағидаларға негізделген:
1. тілдің орналасу ерекшеліктері;
2. еріннің орналасу ерекшеліктері,
Тілдің түрлі бөлігінің таңдайға көтерілуіне байланысты дауысты дыбыстарды былай бөледі:
oo алдыңғы қатардың дауыстылары, бұларды айтқанда тілдің ортаңғы бөлігі көтеріледі (мысалы: [i],[e]).
oo Ортаңғы қатардың дауыстылары, бұларды айтқанда тілдің ортаңғы және артқы бөлігі көтеріледі (мысалы: [a]).
I. Тілдің түрлі бөліктерінің көтерілу деңгейіне байланысты дауысты дыбыстар төмендегідей топтарға бөлінеді:
1. Жоғары көтерілу деңгейі бар дауыстылар, бұларды айтқанда тіл таңдайға жоғары көтеріледі. Олар мыга дыбыстар: [i:],[u:],[i],[u].
2. Орташа көтерілу деңгейі бар дауыстылар, онда тіл таңдаймен екі ортада тұрады. Ол мына дыбыс: [e].
3. Төменгі көтерілу деңгейі, бұларды айтқанда төменгі жақ төмен түседі. Мысалы: [a]
Кесте 1 - Халықаралық транскрипциялық жүйедегі ағылшын тілінің дауыссыз дыбыстары
I. Еріннің орналасу жағдайына байланысты дауыстылар еріндік және еріндік емес болып бөлінеді. Еріндік дауысты дыбыстарды айтқанда ерін дөңгеленеді. Еріндік емес дауысты дыбыстарды айтқанда ерін бейтарап күйде қалады. Олар мынадай дауыстылар: [a], [з:] [3, б. 53].
II. Жасалу тұрақтылығына байланысты дауысты дыбыстар үш топқа бөлінеді:
1. Монофтонгтар. Монофтонгтарды айтқан кезде дыбыстың айтылуы өзгермейді, яғни бір ғана дыбыс айтылады. Мысалы: [i].
2. Дифтонгтар. Дифтонгтар екі әр түрлі элементтен құралады: негізгі және күшпен айтылатын - ядро және жай айтылатын екінші элемент. Мысалы: [au]-a-ядро, u-екінші элемент.
3. Дифтонгоидтар. Дифтонгоидтарды айтқанда, артикуляция дыбыстың басында және аяғында р түрлі болады. Дифтонгоидтар мыналар: [i:, u:].
Қазақ тілінің дифтонгоидтары - [и, у].
Ағылшын тілінің дауыссыз дыбыстары мынадай қағидалар бойынша топталады:
1. Кедергінің қалыптасу әдісіне қарай;
2. Сөйлеу мүшелерінің жұмысы мен кедергінің қалыптасу орнына қарай;
3. Дауыс шымылдығы жұмысына байланысты [4, б. 39].
Ағылшын тілінде дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына байланысты ұяң және қатаң дауыссыздар болып бөлінеді. Ұяң дауыссыздарды айтқан кезде үннен гөрі салдыр басым болады. Ал қатаң дауыссыздар шудан, салдырдан тұрады.
Сурет 2 - Ағылшындық сөйлеу мәнері (Альвеольды-апикальды дауыссыздар)
Кедергінің қалыптасу әдісіне байланысты дауыссыздар төрт топқа бөлінеді:
1. Айқасатын;
2. Қуыстық;
3. Аффрикаттар;
4. Діріл дауыссыздар
Айқасатын дыбыстарды айтқанда дауыс мүшелері бір-біріне толықтай тиеді және ауа жолында толық кедергі жасайды. Кедергі жойылған кезде ауа ағыны жарылыс жасайтын болса, ондай дауыссыздар жарылысты дауыссыздар деп аталады, олар тек ағылшын тілінде болады. Олар: [k], [g], [p], [b].
Егер ауа ағыны мұрын қуысы арқылы өтсе, онда айтылатын дыбыстар мұрындық дауыссыздар деп аталады. Олар - [m], [n]. Қуыстық дауыссыздарды айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне тимейді. Жай ғана жақындайды. Егер қуыс өте кең болмаса, онда дыбыс ызыңмен шығады, мұндай дыбыстарды ызың дауыссыздар деп атайды. Олар мыналар: [f], [v], [h], қазақ тілінде - [ж], [һ], [х], [ш] т.б.
Діріл дауыссыз [r] тілдің дірілдеген ұшымен айтылады.
Дыбыстау мүшелерінің жұмысы мен кедергінің орнына байланысты дауыссыз дыбыстар былай бөлінеді: еріндік және тілдік.
Еріндік дауыссыздар мынадай топтарға бөлінеді:
1. Еріндік-еріндік;
2. Еріндік-тістік.
Еріндік-еріндік дыбыстарды айтқанда жоғары және төменгі еріннің бір-біріне тиюі арқылы кедергі жасалады. Бұл топқа ағылшын тілінде [p], [b], [m], [w] дыбыстары, ал қазақ тілінде (п,м,б) дыбыстары жатады [5, б. 92].
Еріндік-тістік дауыссыздар. Бұларды айтқанда жоғарғы тістер мен төменгі еріннің жақындасуы арқылы кедергі жасалады. Олар - [f], [v].
Тілдік дауыссыздар мынадай үш топқа бөлінеді:
1. Тіл алды
2. Тіл ортасы
3. Тіл арты арқылы айтылатын дауыссыздар
Тіл алды дыбыстарын айтқанда кедергі тілдің ұшы арқылы жасалады. Бұл дыбыстардың өздері:
a. Дорсалды
b. Апикалды
c. Какуминалды болып бөлінеді [6, б. 30].
Сонымен, фонема деп - тілдің ең кіші дыбыстық бірлігін айтады. Ағылшын тілінде сөзді құрайтын дыбыстар мен әріптердің саны сәйкес келе бермейді. Ағылшын тілінің фонетикалық құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан оны үйренушілер тілдің дыбыстық және интонациялық құрылымын оқып меңгергенде көптеген қиындықтарды кездестіреді. Шетел тілін үйренушілердің басты мақсаты - тілдің дыбыстық құрамын меңгеру, дыбыстарды дұрыс айту және сол тілге тән интонациямен сөйлей білу.
1.2 Сөйлеу дыбыстарын зерттеудегі артикуляциялық бағыттар
Сөйлеу (сөз) дыбыстары - адамнынң күрделі артикуляциялық қызметінің нәтижесінде пайда болатын сөйлеу (сөз) тізбегінің ең шағын бірлікгері. Сөйлеу дыбыстары тілдің ең шағын бірлігі - фонемаға қатысты болғандықтан, сегменттік (сөйлеу тізбегінің жіктелетін элементтері, бөлшектері) құралдарға жатады. Дыбыстық құралдардын тон, екпін, интонация сияқты түрлері буын, сөз, синтагма тәрізді неғұрлым көлемді тіл бірліктеріне қатысты болып келеді. Сөйлеу дыбыстарын сипаттауда олардың артикуляциялық, акустикалық, перцептивтік (қабылдау) қызметі жан-жақты ескеріледі.
Сөйлеу дыбыстары артикуляциясы жағынан 2 топка - дауысты, дауыссызға бөлінеді. Бұл екеуінің ен маңызды айырмасы дауыстылардың буын жасай алатындығында, буынның ең жоғарғы сатысы - дауысты дыбыс. Сөйлеу дыбыстарының артикуляциясы 3 фазадан не күйден тұрады:
Экскурсия (1-фаза, сөйлеу органдарының дыбысты айтуға ауысқан, бейімделген кезі),
Тоқталыс (2-фаза, выдержка, сөйлеу органдарының дыбысты айтуға дайын кезі),
Рекурсия (3-фаза, сөйлеу органдарының бастапқы қалыпка келіп, келесі дыбысты айтуға ауыскан кезі).
Сөйлеу дыбыстары акустика жағынан дыбыстардың ерекше түрі болып табылады, оған дауыс, әртүрлі шуыл, шу қатысады. Сөйлеу дыбыстары қабылдау тұрғысында - есту жүйесінің күрделі қызметімен байланысты. Сөйлеу элементтері ретінде Сөйлеу дыбыстарының айтылуы олардың артикуляциялық, акустикалық, перцептивтік қасиеттерімен бірге, тілге тән фонологиялық құрылымға негізделеді.
Тілдің дыбыстық құбылыстарын әр түрлі мақсаттармен зерттеуге болады, мысалы әр түрлі елдердің тілдерінің дыбыстарын салыстыру мақсатында немесе шет тілін оқыту мақсатында. Тілдің дыбыстық жақтары туралы мәліметтер тілдік сигнаолардың синтезін және танылуына арналған компьютерлік бағдарламаларды жасағанда өте маңызды болып келеді. Әр берілген міндеттерді табысты шешу үшін фонетистерге ең алдымен тілдің дыбыстары қалай жасалатынын және оларды қалай сипаттау керек екендігін білу керек, мұны білімсіз орындау мүмкін емес, кем дегенде жалпы сипаттарында. Айта кететін жайт, адамның ағзасында тек қана дыбыстарды шығаруға арналған жеке органдар жоқ. Олардың бәрі, тілдің органдары бола тұра, сонымен қатар қандай да бір физикалық рөлді де атқарады.
Алдында айтылғандай, қандай да бір органдардың көзқарасымен тілдік дыбыстарды сипаттаумен артикуляциялық фонетика айналысады.
Тілдік тракті бірнеше қуыстардан тұрады: 1) көмей (ларинкс), 2) жұтқыншақ қуысы (фаринкс), 3) ауыз қуысы, 4) мұрын қуысы.
Көмекей, көмей (лат. larynx ) - тыныс алу түтікше мүшелерінің бастама бөлігі. Көмекей - жұтқыншақтың тыныс жолын (аңқа) кеңірдекпен жалғастырып, қақпақ ретінде азықтың жұтқыншақтан кеңірдекке түспеуін қамтамасыз етеді. Көмекей қабырғасының негізін сақинаша, қалқанша, бөбешік және жұп ожауша шеміршектер құрайды. Шеміршектер бір-бірімен және тіласты сүйегімен буындар мен байламдар арқьлы қозғалмалы байланысып, оның ішкі қуысы арнасының өзгеріп отыруын қамтамасыз етеді. Түтікше мүше ретінде көмекейдің қабырғасы ішкі - кілегейлі қабықтан, ортаңғы - шеміршекті-талшықты қабықтан және сыртқы - адвентиция қабығынан түрады. Оның ішкі бетінің екі бүйірінде екі дыбыс қатпары, олардың аралығында дыбыс саңьлауы орналасады. Дыбыс қатпарының негізін дыбыс байламы мен дыбыс бұлшықеті құрайды. Демді сыртқа шығару кезінде, дыбыс байламының тербелуі нәтижесінде дыбыс шығады. Көмекей - екі бағытта (сыртқы ортаға және ішке өкпеге) ауа өткізетін тыныс жолы және дыбыс мүшесі. Құйрықсыз қосмекенділердің, кейбір бауырымен жорғалаушылардың, көптеген сүтқоректілердің және адам Көмейінің ішкі бетінде бір-бірімен бұрыштасып орналасқан қатпарланған - дыбыс сіңірі болады. Ол фиброзды эластик. тіннен тұрады және кілегейлі қабықпен қапталған. Көптеген сүтқоректілерде (мыс., кит тәрізділерде) дыбыс сіңірі болмайды, ал кейбір маймылдарда ол шала дамыған [7, б. 28].
Дыбыс сіңірінің бір-біріне тиіп, аралары тарылып және тербелуінен дыбыс пайда болады. Дыбыстың биіктігі ауа тербелісінің жиілігіне және дыбыс сіңірінің керілуіне байланысты. Адамның және өкпесімен тыныс алатын жануарлардың Көмейінде, әдетте, дыбыс сіңірінің тербелуінен дыбыс түзетін - дыбыс шығару аппараты болады. Көмей қуысының алдыңғы жағы тыныс алу саңылауы арқылы жұтқыншаққа, артқы бөлімі кеңірдек қуысына жалғасады. Көмей жұтқыншақтан дамыған, ал оның шеміршегі - түрі өзгерген желбезек доғалары. Құйрықты қосмекенділердің көбінде, барлық құйрықсыз қосмекенділердің Көмейінде ожау және оймақ тәрізді шеміршек болады. Бауырымен жорғалаушылар мен құстардың Көмейінің құрылысы ұқсас. Сүтқоректілердің Көмейінде жоғарыда айтылған шеміршектерден басқа қалқан тәрізді және бөбешік, т.б. ұсақ қосымша шеміршектер болады. Сүтқоректілердің көбінде болатын дыбыс сіңірлері ожау тәрізді және оймақ тәрізді шеміршектер арасында керіліп тұрады. Көмейдің құрылысы қоректену және тыныс алу ерекшелігіне байланысты. Мыс., кит тәрізділер мен жаңа туған қалталысүтқоректілердегі ожау және оймақ тәрізді шеміршектер түтікше ұзарып, Көмей қуысына еніп тұрады. Көмейдің мұндай құрылысы арқасында қалталылар бір мезгілде сүт еме алады әрі тыныс ала алады, ал кит тәрізділер қорегін жұтқанда оның Көмейіне су құйылмайды. Адамның Көмейінен дыбыс органына және кеңірдекке ауа өтеді, сондай-ақ, бұларға қатты не сұйық зат түсіп кетуден қорғайды.
Сонымен қатар көмейде ағылшындық [h] дыбысы пайда болады, сондықтан ол өзінің пайда болаты жеріне байланысты глоттальды дыбысы деп аталады (грек. glottis - дыбыс саңылауы) [8, б. 93].
Жұтқыншақ (pharynx) - бір жағынан мұрын мен ауыз қуысы, екінші жағынан өңеш пен көмейдің арасындағы байланыстырушы мүше. Адамда Жұтқыншақ ас қорыту және тыныс алу процесіне қатысады. Жұту кезінде ас жентегі ауыз қуысынан аңқа арқылы Жұтқыншаққа, одан өңешке өтеді. Ал ауа мұрын немесе ауыз қуыстарынан Жұтқыншаққа, одан көмейге кетеді. Адамда Жұтқыншақ омыртқа бағанасының мойындық бөлігінің алдында - бассүйектің астыңғы жағынан, 6 - 7 мойын омыртқалары аралығында орналасып, одан төмен өңешке жалғасады. Оның ұзындығы 12 - 14 сантиметр, ені 5 сантиметрдей. Қабырғасы шырышты, ал шырыш асты негізгі, бұлшықетті, дәнекер тінді қабықтардан түзілген. Жұтқыншақтың мұрындық, ауыздық және көмейлік бөліктері болады. Жұту кезінде Жұтқыншақтың мұрындық бөлігі жұмсақ таңдай арқылы ауыздық бөліктен бөлінеді, көмей қақпашығы көмейді жабады да, ас жентегі мұрын мен көмейге өтпей өңешке бағытталады. Ас ішкен уақытта, асты жұтпай тұрып, не шайыр шайнау кезінде қатты сөйлеу (күлу, тағы да басқа) өте қауіпті, себебі, ауа ағынымен бірге ас жентектері көмейге өтіп кетіп, оны бітеп қалуы ықтимал. Бұл жағдай адам өліміне әкеліп соқтыруы да мүмкін. Жұтқыншақтың жоғарғы күмбезінің және артқы қабырғаларының шекарасында Жұтқыншақ бадамшасы (аденоид - балаларда жақсы дамыған) орналасқан. Мұрындық бөліктің екі бүйір қабырғаларында - есту түтігінің Жұтқыншақтық тесігі орналасқан. Есту түтігі Жұтқыншақты ортаңғы құлақ қуысымен жалғастырып, ондағы ауа қысымын сыртқы ауа қысымымен теңестіру қызметін атқарады. Есту түтігінің айналасындағы шырышты қабықта лимфоидты тіннің жиынтығы - түтік бадамшасы болады. Төменгі сатыдағы хордалыларда Жұтқыншақтың төменгі жағында сумен келген қорегін сүзіп алатын аппараты - эндостилі болады. Жұтқыншақ омыртқалы жануарларда көлденең жолақты бұлшық еттен тұрады. Барлық құрлық жануарларының ұрықтық дамуы кезінде Жұтқыншақта желбезек қапшықтары пайда болады. Мұның соңғы жұбынан өкпе дамиды. Жұтқыншаққа жалғас өңеш, көмей және евстахий түтігі, ал сүтқоректілерде таңдай пайда болғандықтан, бұған қоса ішкі танау, ал қосмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда және құстарда ішкі танау тесігі ауыз қуысына ашылады. Жан-жағынан таңдай доғаларымен жалғасып, ішінде бадамшалар орналасқан ауыз қуысының Жұтқыншақпен жалғасқан жерін сүтқоректілерде аңқа (іsthmus faucіum) деп атайды. Омыртқасыз жануарларда Жұтқыншақ - алдыңғы ішектің жекеленген бұлшық етті бөлігі.
Фаринкстің тілдегі ең негізгі қызметі - дауысты дыбыстардың пайда болуы үшін резонатор ретінде қызмет ету, оның формасы мен өлшемі оған бейімделетін тілдің жағдайына байланысты: тілді алдыға қарай жылжыту резонатордың кеңеюіне әкеледі, ал артқа қарай - оның тартылуына әкеледі [9, б. 33].
Ауыз қуысы (cavum oris; лат. cavum - қуыс; or - ауыз; грек, stoma - ауыз қуысы) - ас (азық) корыту жүйесі бас бөлімінің аддыңғы бөлігі. Ауыз қуысының сүйектік негізін: тұмсық сүйек, жоғарғы жақ сүйек, тандай сүйек, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек құрайды. Ауыз қуысының жоғарғы және төменгі еріндер аралығындағы кіреберіс тесігін - ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ таңдай аралығындағы жұтқыншаққа шығатын тесігін - есін деп атайды. Ауыз қуысының алдыңғы сыртқы қабырғасын - жоғарғы және төменгі ерін, ішкі қабырғасын - күрек тіс пен қызыл иек, екі бүйірінің сыртқы қабырғасын - оң және сол ұрт, ішкі қабырғасын - оң және сол жақтағы азу тістер мен қызыл иек, төбесін - қатгы және жұмсақ тандай, ал төменгі жақаралық кеңістікте орналасқан ауыз қуысының түбін тіл құрайды. Ауыз қуысы ағзаларына аталған мүшелерден басқа қабырғалық (интрамуральды) майда сілекей бездері (ерін, тіл, таңдай, ұрт сілекей бездері) және ауыз қуысы қабырғасынан тыс жатқан ірі (экстрамуральды) сілекей бездері (қүлақ түбі, төменгі жақ және тіласты жүп сілекей бездері) жатады. Ауыз қуысы екі бөліктен: ауыз қуысының кіре берісінен және негізгі ауыз қуысынан тұрады. Ауыз куысында ас (азық) механикалық өңдеуден өтеді: ол шайналады, ұсақталады, сілекеймен араласып жібиді, жүтуға дайындалады. Сілекей құрамындағы ферментгердің әсерінен ас (азық) құрамындағы крахмал қорытыла бастайды (глюкозаға ыдырайды).
Тілдің қозғалмалы органдарының арқасында, ауыз қуысы өзінің формасын, көлемін өзгерте алады, дауысты дыбыстардың пайда болуындағы тағы бір резонатор болып табылады. Сонымен қатар сөйлеу органдары ауаның қозғалысы кезінде кедергілер жасай алады, соның нәтижесінде біз дауыссыз дыбыстар ретінде қабылдайтын әр түрлі дыбыстар пайда болады.
Мұрын қуысы ауыз қуысының үстінде орналасқан және егер одан ауа ағыны өтетін болса ғана, резонацияланады. Мұрын қуысы формасы бойынша өзгермейтін резонатор болып табылады [10, б. 36].
Көмейалдыңғы қуыстар біріңғай резонаторлы жүйені құрайды, бұл жерде қандай да бір қозғалмалы бөліктерінен айрылған мұрын резонаторы дыбыс шығару үрдісіне қатыса алады.
Дыбыстардың қалыптасуы әдетте демді шығару кезінде әр түрлі сөйлеу органдарының немесе артикуляторлардың қатысуымен жүреді.
Еріндер дыбыстардың пайда болуында маңызды рөл атқарады. [р], [b] дыбыстарын жасағанда қатты қысылады. Мұндай дыбыстар еріндік деп аталады. Астыңғы ерін үстіңгі тістермен [f], [v] дыбыстары жасалғанда жанаса алады. Мұндай дыбыстар еріндік-тістік деп аталады. Еріндер дөңгелене алады, мысалы [u:], [ɔ:] дауысты дыбыстары артикуляцияланғанында. Мұндай дыбыстар лабализацияланған деп аталады. Еріндер [i:], [I] дыбыстарын жасағанда тартыла алады. Мұндай дыбыстар лабализацияланбаған дыбыстар деп аталады.
Ағлшын тілінде алдыңғы үстіңгі тістер [Ɵ], [р] дыбыстарын жасағанда қатыса алады, мұндай дыбыстарды тістік деп атаймыз.
Алдыңғы үстіңгі тістердің түбірлері мен қатты таңдайдың арасында альвеолалар орналасады - кішкентай бүгіршіктер, оларға тілдің ұшы арқылы жетуге болады. Альвеолалардың көмегімен пайда болған дыбыстар, мысалы ағылшындық [t], [d] дыбыстары альвеолярлы деп аталады.
Қатты таңдай (palatum durum, лат. palatum -- тандай, durum -- қатты) -- ауыз қуысының төбесін түзеді. Оның сүйектік негізін тұмсық және жоғарғы жақ сүйектерінің тандай өсінділері мен тандай сүйегінің горизонтальды тақташасы құрайды. Қатты таңдайдың кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Кілегейлі қабығында әртүрлі жануарларда түрлі пішінді көлденеңінен жатқан білеуліктер болады. Қатты таңдайдың орталығымен таңдай жігі өтеді [11, б. 59].
Қатты таңдай арқылы пайда болған дыбыстар, мысалы [j], палатальдық (лат. раlаtum - таңдай) деп аталады.
Қатты таңдай жұмсақ таңдайға ауысады. Жұмсақ таңдайдың күйі ауа ағынының қозғалысын жүйелейді. Егер жұмсақ таңдай көтеріңкі болып тұрса, бұл әдетте сөйлеу кезінде болады, мұрын қуысына жүріс жабық болғандықтан, ауа ағыны ауыз арқылы шығады. Егер жұмсақ таңдай түсіп тұрса, одан ауа ағыны тек ауыз қуысына ғана түспейді, мұрын қуысына да түседі, дыбыстарды мұрындық тембрмен толықтыра түседі. Төмендетілген жұмсақ таңдаймен [m], [n], [ŋ] дыбыстары айтылады. Олар мұрындық дауыссыздар деп аталады. Мұрындық дауыссыз дыбыстармен айтылатын дауыстылар төмендетілген жұмсақ таңдаймен айтылады, демек, мұрындық боямаға ие. Бұл сипат әсіресе ағылшын тілінде жақсы көрінеді. Сонымен қатар, жұмсақ таңдай көтеріңкі тұрғанда, кейбір басқа дауыссыз дыбыстардың жасалуына қатысады. Мысалы [k], [g] дыбыстарын шығарғанда тілдің артқы бөлігі көтеріліп, жұмсақ таңдайлы дыбыс шығарады. Мұндай дыбыстар велярлы (лат. velит - жұмсақ таңдай) деп аталады. Ең маңызды, барынша эластикалық және қозғалмалы артикулятор тіл болып табылады.
Тіл көптеген бұлшық еттерден тұрады, олар әр түрлі бағыттарда әрекет етеді. Соның нәтижесінде ол алдына, артына, үстіне, астына еркін қозғала алады, тек қана барлық денесімен емес, сондай-ақ жеке бөліктерімен де.
Артикуляциялық фонетикада шартты түрде тілді жеке зоналарға бөлу қабылданған: а) тілдің ұшы (tiр) және оның конус тәрізді бөлігін қыса түсетін бөлігі (the blade of the tongue), олар қалыпты жағдайда альвеолаларға қарама-қарсы тұрады. Ұшы мен күрекшесі тілдің ең қозғалмалы бөліктері болып табылады; б) қатты таңдайға қарама-қарсы орналасқан тілдің алдыңғы бөлігі (front); в) жұмсақ таңдайға қарама-қарсы орналасқан тілдің артқы бөлігі (back); г) фаринкстің артқы қабырғасына қарама-қарсы орналасқан тілдің түбірі (root) [12, б. 60].
Сөйлеу кезінде артикуляторлар үнемі бір-бірімен әсерлеседі және осылайша тікелей дыбыстардың жасалуына қатысады. Осылайша тілдің артқы бөлігі мен жұмсақ таңдайдың контактісінде [k], [g], сондай-ақ [ŋ] дыбыстары пайда болады, ал тілдің ұшы мен альвеоланың толық емес контактісінде [s], [z] дыбысы пайда болады.
Дыбысты шығару мүмкін емес болатын тағы да үш органды атап өтейік. Бұл өкпе, астыңғы жақ және дауыс желбезегі.
Өкпе дыбысты шығаруға қажетті ауаны итеріп шығарушы орган ретінде қызмет етеді. Астыңғы жақ өз бетінше басқа артикуляторлармен контактіге түспейді, алайда оны астына-үстіне қозғалту ауыз қуысының формасы мен көлемін өзгертеді, бұл дауысты дыбыстардың тембрін анықтайды. Дауыс желбезектері дыбыстардың жасалуында маңызды рөл атқарады. Олар көмейге жабысқан бұлшық еттердің екі кішкене жиынтықтары ретінде көрінеді. Дауыс желбезектері бір-біріне қатысты сәйкестендіріле алады, немесе бөліне алады. Олардың арасындағы арақашықтық дауыс саңылауы деп аталады. Егер дауыс желбезектері бөлінген болса, онда дауыс саңылауы ашық болады; егер олар қосылса, онда дауыс саңылауы жабық болады. Дауыс желбезектерінің жағдайына байланысты, ауа саңылау арқылы өткенде дауыстың және шудың пайда болуына әсер етеді.
Барлық айтылған артикуляторларды екі топқа бөліп қарастырамыз: активті және пассивті - бұл олардың дыбысты жасаудағы рөліне байланысты.
Активті артикуляторлар қозғалмалы, олар дыбыстардың жасалуына белсенді қатысады. Оларға мыналар жатады: 1) сөйлеудің ең мобильді органы болып табылатын тіл; 2) еріндер, олардың жағдайына қарай ауыз қуысының формасы мен көлемі өзгеріп отырады, демек дауысты дыбыстардың жасалуы да осыған байланысты; 3) жұмсақ таңдай, мұның рөлі ол ауа ағынын не ауыз қуысына немесе мұрын қуысына бағыттайды; 4) өкпе, ол дыбысты шығаруға қажетті ауаны жібереді; 5) дауыс желбезектері, ауа ағынының әсерімен вибрацияланады; дауысты және ұяң дауыссыз дыбыстар осы вибрацияның нәтижесінде пайда болады; 6) астыңғы жақ, тістердің арасындағы арақашықтықты басқарады, ол ауыз қуысының формасы мен көлеміне әсер етеді; 7) фаринкс, тілдің қозғалысына байланысты тарылады немесе кеңейеді [13, б. 90].
Пассивті артикуляторлар дыбыстарды жасау кезінде қозғалыссыз қалады және олармен активті актикуляторлар кедергіні жасайды. Олар: 1) тістер, 2) альвеолалар, 3) қаттың таңдай.
Жеке дыбыстарды шығарғанда тілдің қозғалмалы бөліктегі пассивті рөлді де атқара алады.
1.3 Артикуляцияларға үйретуді теориялық тұрғыдан сипаттау
Сөйлеу тілдің материалдық негізі болып табылады. Дұрыс сөйлеудің дәрежесі тілдік қабілеттердің сапалық қасиеттерін айқындайды: оқу, сөйлеу, түсіну және т.б. Дұрыс сөйлеудің деңгейінен оқудың, сөйлеудің қарқыны, көлемі және басқа да ауызша тілдік қабілеттер тәуелді болып табылады. Дұрыс сөйлеудің стандарты ретінде британдық нұсқа алынады. Бұл таңдау мынаған негізделеді: британдық стандарт бұрыннан бастап жалпыұлттық оқу формасына айналған, жеткілікті түрде зерттелген және көптеген сөйлеу, екі тілдік және түсіндірмелі сөздіктерде орнықтырылған; британдық сөйлеудің көп бөлігі ағылшын тілінің басқа барлық сөйлеу тілінің стандарттарына өткен: американдық, австралиялық, жаңазеландиялық және т.б., бұл олардың қай-қайсысында болсын сөйлеуді түсінудің негізі болып табылады. Сөйлеумен жұмыс істеу кезінде жеке дыбыстардың өңделуіне, сөйлеу ағынындағы дыбыстардың ассимиляциясына, ритмикаға, фразалық екпінге, коммуникативті интонацияға назар аударылады. Сөйлеу ағынындағы ағылшын тілінің фонетикалық қиындықтарын өңдеу ауызша сөйлеу тілінің қабілеттерімен бірге жүреді. Пәнді меңгеру барысында негізгі жұмыс ағылшындық интонацияның ерекшеліктерімен жүреді. Сөйлеу қабілеттерін ақыр соңында өңдеу және сөйлеудің субъективті-модальдық аспектісін ұйымдастыру параллельді түрде және Ағылшын тілінің фонетикасының курсымен бірге жүреді. Осы мақсатта қиын дыбыс үйлесімлерін өңдеуге, ауызша және фразалық екпіндермен, сонымен қатар мәтіннің интонациялануына, транскрипцияны, тонограмманы жазуға арналған жаттығулар жүреді, фонетикалық курстардан диалогтық және монологтық мәтіндерді жаттау жұмыстары жүргізіледі.
Ағылшын тілінің артикуляциясына үйретуді келесіде қарастырып өтелік.
[ı] - қысаң, езулік, қысқа дауысты дыбыс. Бұл дыбысты тіл алға қарай жылжып, тілдің ұшы астыңғы тіске тиіп тұрады, алдыңғы бөлігі жоғары көтеріліп, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz