Балабақшадағы дене шынықтыру - сауықтыру, спорттық мерекелердің ұйымдастыру маңыздылығы
Кіріспе 3
1 Бала бақшадағы дене шынықтыру . сауықтыру, спорттық мерекелердің ұйымдастырудың маңыздылығы 3
1.1 Балабақшадағы «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұнының ерекшеліктері 3
1.2 Балабақшадағы дене шынықтыру . сауықтыру жұмыстарының әдістемесі 3
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің дамуын ұйымдастыру жұмыстарының түрлері 3
2.1 Сабақтың тиімділігін хронометриялық әдіспен анықтаудың жолдары 3
2.2 Күн тәртібіндегі дене жаттығулары 3
2.3 Таңғы гимнастика 3
2.4 Күндізгі ұйқыдан кейінгі дене жаттығулары 3
2.5 Физкультминуткалар 3
Қорытынды 3
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 3

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі – дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады. Дене тәрбиесі – жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады. Дене тәрбиесі білімі – дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.
Дене тәрбиесі - валеология ғылымдарының бір саласы. Дене тәрбиесі көне заманда Грецияда, Римде және басқадай еддерде дамыған. Ол туралы ғылыми тұрғыдан жиналған деректер бар. Дене тәрбиесінің маңызы - адамның денсаулығын нығайтып, күш-жігерін, ақыл-ойын арттырады. Осыған байланысты Францияда Ф.Рабле, М.Мантель, дене тәрбиесін ақыл-ой, біліммен бірге қарау керек екенін насихаттаған.
Чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский «Ұлы дидактика», «Ана мектебі» атты классикалық еңбектерінде балалар гигиенасы, денсаулығы, тамақ режимі проблемаларына, ойындары мен дене шынықтыру жаттығуларына ерекше мән беріп, дене тәрбиесін балалардың жас кезінен-ақ басталуы қажет екенін дәлелдеп, оны педагогикалық үрдістің аса маңызды бөлігі деп есептеді.
Орыс халқының алдыңғы қатардағы педагогтары мен қоғам қайраткерлері В.Н.Белинский, Н.А.Добролюбов, Н.Г.Чернышев-ский балалардың дене тәрбиесіне үлкен мән берген болатьш. Ұлы педагог К.Д.Упшнский дене тәрбиесін еңбекпен байланыстыра зерттеді. Ол адамның ақыл-ой мен көзқарасының, күш-жігерінің қалыптасып дамуына еңбектің маңызын жан-жақты көрсетті. Орыстың атақты анатом-педагогы П.Ф.Лесгафт дене тәрбиесінің ғылыми жүйесін құрды. Ол балалардың түсінігі мен ойлау қабілетін дамытуда дене тәрбиесінің маңызы бар деп көрсетті.
ХІХ-ХХ ғасырларда көптеген елде спорт түрлері дене тәрбиесі ретінде кеңінен өріс алып, дами түсті. Дене тәрбиесінің ғылыми негізде бірнеше ғылыми әдістемесі жасалынды. Ол валеологиялық тәрбиенің ең негізгі бағыттарының біріне айналды.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы – коммунистік қоғамның болашақ құрылысшысы – баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір бөлігі болып табылады.

1. Аммарин Б. А. «Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі» М. 1999.
2. Ашмарин Б.А. Дене тәрбиесіндегі педагогикалық ізденістің ілімі мен әдістемесі. - М., ФиС, 1978
3. Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қамтамасыз етудегі дене тәрбиесі Республикалық ғылыми әдістемелік түтас жинақ бағдарламасы 2001-2005 жыддарға. Алматы 2001.
4. Дене тәрбиесі іліміне кіріспе дене тәрбиесі институттарына арналған оқу құралы. Матвеев А. Т. редакциясы М. ФИС. 1993.
5. Дене тәрбиесі жэне спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.
6. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы Президснтінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.
7. Ұ.Б. Мұхамеджанова «Дене тәрбиесі пәнінің әдістемесі» Астана 2004ж
8. Ж. Қабланов «Спорт теминдерінің сөздігі мен тарихы» Алматы 2002ж
9. Ұ. Ж. Мұхаммеджанова «Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесінің методиксын пайдалану жолдары» Астана 2007.
10. Т. Таймбетов «Дене тәрбиесі жаттығулары сабағындағы жалпы дамыту жаттығулар және терминология». 2009ж.
11. Тілеулов «Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі» Шымкент 2003ж
12. Ж. Тілеулов «Спорт құрлымдары» Шымкент 2004.
13. Лескова Г.П., Ноткина Н.А. Влияние физкультминутки на физическое состояние и умственную работоспособность детей. М.: "ФиС". 1983 – 120 с.
14. Осокина Т.И. Балабақшадағы дене тәрбиесі. -М.,1973
15. Хухлева Д.В. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесІ. М., 1976
16. 20. И.Фомин И.А.,Филин В.П. Дене тәрбиесінің жас ерекшелік негізі.
17. Аракелян О.Г., Карманова Л.В. Ежедневные физические упражнения в старшей группе детского сада. Армянская ССР, 1980 – 145 с., ил.
18. Вавилова Е.Н. Учите прыгать, бегать, лазить, метать. М.: "Просвещение". 1983 – 174 с., ил.
19. Губерт К.Д., Рысс М.Г. Гимнастика и массаж в раннем возрасте / Пособие для воспитателя. М.: "Просвещение". 1981 – 230 с., ил.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Балабақшадағы дене шынықтыру - сауықтыру, спорттық мерекелердің ұйымдастыру маңыздылығы
Орындаған: ________ топ студенті
Ғылыми жетекші:
____________________________
Қарағанды 2013
Жоспар
Кіріспе 3
1 Бала бақшадағы дене шынықтыру - сауықтыру, спорттық мерекелердің ұйымдастырудың маңыздылығы 5
1.1 Балабақшадағы Денсаулық білім беру саласының базалық мазмұнының ерекшеліктері 5
1.2 Балабақшадағы дене шынықтыру - сауықтыру жұмыстарының әдістемесі 11
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің дамуын ұйымдастыру жұмыстарының түрлері 14
2.1 Сабақтың тиімділігін хронометриялық әдіспен анықтаудың жолдары 14
2.2 Күн тәртібіндегі дене жаттығулары 18
2.3 Таңғы гимнастика 22
2.4 Күндізгі ұйқыдан кейінгі дене жаттығулары 26
2.5 Физкультминуткалар 27
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 33
Кіріспе
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі - дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады. Дене тәрбиесі - жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері - адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады. Дене тәрбиесі білімі - дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.
Дене тәрбиесі - валеология ғылымдарының бір саласы. Дене тәрбиесі көне заманда Грецияда, Римде және басқадай еддерде дамыған. Ол туралы ғылыми тұрғыдан жиналған деректер бар. Дене тәрбиесінің маңызы - адамның денсаулығын нығайтып, күш-жігерін, ақыл-ойын арттырады. Осыған байланысты Францияда Ф.Рабле, М.Мантель, дене тәрбиесін ақыл-ой, біліммен бірге қарау керек екенін насихаттаған.
Чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский Ұлы дидактика, Ана мектебі атты классикалық еңбектерінде балалар гигиенасы, денсаулығы, тамақ режимі проблемаларына, ойындары мен дене шынықтыру жаттығуларына ерекше мән беріп, дене тәрбиесін балалардың жас кезінен-ақ басталуы қажет екенін дәлелдеп, оны педагогикалық үрдістің аса маңызды бөлігі деп есептеді.
Орыс халқының алдыңғы қатардағы педагогтары мен қоғам қайраткерлері В.Н.Белинский, Н.А.Добролюбов, Н.Г.Чернышев-ский балалардың дене тәрбиесіне үлкен мән берген болатьш. Ұлы педагог К.Д.Упшнский дене тәрбиесін еңбекпен байланыстыра зерттеді. Ол адамның ақыл-ой мен көзқарасының, күш-жігерінің қалыптасып дамуына еңбектің маңызын жан-жақты көрсетті. Орыстың атақты анатом-педагогы П.Ф.Лесгафт дене тәрбиесінің ғылыми жүйесін құрды. Ол балалардың түсінігі мен ойлау қабілетін дамытуда дене тәрбиесінің маңызы бар деп көрсетті.
ХІХ-ХХ ғасырларда көптеген елде спорт түрлері дене тәрбиесі ретінде кеңінен өріс алып, дами түсті. Дене тәрбиесінің ғылыми негізде бірнеше ғылыми әдістемесі жасалынды. Ол валеологиялық тәрбиенің ең негізгі бағыттарының біріне айналды.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы - коммунистік қоғамның болашақ құрылысшысы - баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір бөлігі болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы тәрбиелеу және оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып біледі.
Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті - өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың орғанизмін шынықтыру болып табылады.
Ал, жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының қазіргі кездегі проблемаларын одан әрі дамыту қоғамдық өмір талаптарымен байланысты.
Өмірдің шапшаң қарқыны, ғылыми - техникалық прогресс, еңбектің алуан саласындағы сан түрлі шығармашылық іс-әрекет қабылдау, еске сақтау, ойлау процестерінің активтілігін, дәл және тез бағдарлауға және түсіп жатқан информация тудыратын реакцияға деген қабілетті талап етеді.
Осыған байланысты сәби жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде даярлаудыжүзеге асыру маңызды болып табылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Балабақшадағы дене шынықтыру - сауықтыру, спорттық мерекелердің ұйымдастыру маңыздылығын анықтау.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бүгінгі замандағы мектеп жасына дейінгі балалардың, яғни балабақшадағы балалардың дене шынықтыру сабағына дайындық деңгейлерін айқындап, олармен өткізілетін сауықтыру, спорттық мерекелердің ұйымдастыру маңыздылығын зерттеу.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
oo бала бақшадағы дене шынықтыру - сауықтыру, спорттық мерекелердің ұйымдастырудың маңыздылығын зерттеу;
oo балабақшадағы Денсаулық білім беру саласының базалық мазмұнының ерекшеліктерін анықтау;
oo балабақшадағы дене шынықтыру - сауықтыру жұмыстарының әдістемесін қарастыру;
oo мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің дамуын ұйымдастыру жұмыстарының түрлерін айқындау;
oo сабақтың тиімділігін хронометриялық әдіспен анықтаудың жолдарын іздестіру;
oo күн тәртібіндегі дене жаттығуларын, таңғы гимнастиканы, күндізгі ұйқыдан кейінгі дене жаттығуларын, физкульминуткаларды қарастыру.
Зерттеу нысаны балабақшадағы дене шынықтыру болып табылады.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік басылымдардағы мақалалар қолданылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Бала бақшадағы дене шынықтыру - сауықтыру, спорттық мерекелердің ұйымдастырудың маңыздылығы
1.1 Балабақшадағы Денсаулық білім беру саласының базалық мазмұнының ерекшеліктері
Денсаулық білім беру саласының базалық мазмұны.
Мақсаты: баланың дене күшінің сапасы мен қозғалыс белсенділігін арттыру. Денсаулық сақтау құзіреттілігін меңгерген, өз денсаулығын жете түсініп қарайтын және салауатты өмір салтын сақтайтын тұлғаны қалыптастыру.
Денсаулық білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асады:
- дене шынықтыру;
Мақсаты: баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру.
Міндеттері:
- жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, лақтырып тосып алу, еңбектеу және өрмелеудегі негізгі қимыл түрлерін орындау іскерліктерін жетілдіру;
- ұйымшылдыққа, дербестікке, шығармашылыққа, құрдастарымен өзара достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу, икемділікке, шапшаңдыққа, шыдамдылыққа үйрету, тепе-теңдік қалпын сақтау іскерліктерін меңгерту;
- барлығы бірге, бірдей қарқынмен әрекет етуге үйрету;
- денесін дұрыс ұстауға, жеке бас гигиенасын сақтау дағдысы мен денсаулық сақтау негіздерін қалыптастыру;
- спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру;
- белсенді қимыл-қозғалыс (қимылдың қосымша түрлерін соның ішінде емдік-сауықтыру бағытындағы қимыл әрекеттерін енгізу, өз еркімен қимыл-қозғалыс жасау үшін күн тәртібінен уақыт бөліп, мүмкіншілік жасау) уақытын ұлғайту;
- әр халықтың қимылды ойындарына, сабақтағы спорттық құрал-жабдықтарды қолдануға қызығушылықтарын арттыру;
- түрлі спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған, әр түрлі қимыл әрекеттерін дамытуға жағдай жасайтын қозғалыс ортасын құру [1].
Мазмұны:
Негізгі қимыл түрлерін дамытуға арналған жаттығулар.
1. Жүру. Жүру табиғи қолданбалы жаттығу. Жүру механизмі қозғалысты тікелей реттеуші гөрі, бұлшық ет түйсіктеріне белгі беретін тітіркендіргіштер болып табылады. Жүрудің дұрыс дағдысын қалыптастыратын жаттығудың міндеті баланың тұлғасының біркелкі өсуіне, аяғын ілгері қарай икемділікпен басуға, қолдары мен аяқтарын үйлесімді ұстауға тәрбиелеу болып табылады. Жүру кезінде бұлшық ет топтары қызметке түсіп, тыныс алу, қан айналымы жүйесінің қызметін күшейтеді. Жүрудің түрлері
- аяқ ұшымен, өкшемен, табанның ішкі жағымен;
- қолды әртүрлі жағдайда қойып адымдап және тыпырлап жүру;
- аяқтың ұшын бір-біріне жалғау арқылы (алға, артқа, оңға, солға);
- сапта қарқынды өзгертіп шеңбер бойымен, бағытпен;
- басқа қимылдармен алмастырып жүру.
2. Жүгіру. Балабақшадағы балаларды тәрбиелеуде жүгіру жаттығуларының орны ерекше. Жүгіру табиғи қолданбалы жаттығулар. Жүгіру ішкі ағзаларға жүрек, өкпе, буындарға айтарлықтай күш түсіреді,зат алмасу жүйесінің қызметін күшейтеді. Жүгіру арқылы жылдамдық, төзімділік, табандылық, қасиеттері тәрбиеленеді. Жүгіру жаттығуларының дұрыс орындалу техникасының негізі: жүгірушінің денесі сәл алға шығыңқы, бас пен дененің бір сызықтың бойында, иық көтерілмейді, итерілетін аяқ аяқтың ұшына қойылады, итерілу кезінде толық түзіледі, сермейтін аяқ, тіземен бүгіліп, бөксе алға жоғары көтеріледі, қолдың шынтағы бүгіледі, аяқ пен қол қайшыланған әдісте бір екпінде қозғалады, саусақтар жартылай бүгілген. Жүгірудің түрлері:
- жұптасып және бір қатармен;
- аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, адымдап, тыпырлап;
- бағытты өзгерте отырып;
- сызық арасы арқылы жіңішке жолмен;
- бір қатарға қойылған заттардың арасынан жыланша ирелеңдеп жүгіру;
- ұстап алу арқылы;
- жылдам, тоқтамай баяу қарқынмен (1-1,5 мин);
- орташа жылдамдықпен (арақашықтығы 40-50 метр);
- оралып жүгіру 3 рет 10-20 метрден (жылдың соңында 5,5-6 секунд);
- жүрумен алмастыра (40-60 метр) жүгіру.
3. Секіру. Секіру табиғи, қолданбалы маңызы бар қимыл. Секіру жаттығулары құрсақ бөлігі, аяқ, арқа, қол бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, батылдыққа, сенімділікке тәрбиелейді, жылдамдық, икемділік қасиеттерін дамытады. Секіру жаттығулары техникасын меңгеру үшін алдын ала дайындық жаттығулары қолданылады: бір орында секіру, бөренеге немес гимнастикалық қабырғаға тіреліп секіру, аяқты жартылай бүгіп жеңіл секіру, отырып секіру, бір-біріне қарсы тұрып секіру, қолдарын ұстап секіру. Секірудің түрлері:
- аяқты бірге, алшақ қойып, біреуін - алға, екіншісі - артқа қойып, бір орында тұрып жоғары;
- бір орында тұрып оңға, солға бұрылып;
- айналып;
- бір орында тұрып 20 рет, қос аяқтап (тоқтап және жүрумен алмастырып 2-3 рет қайталау);
- арақашықтығы 2-3 метрге дейін алға қарай жылжып қос аяқтап секіру;
- 4-6 сызықтан (арақашықтығы 40-50 см) бір орында тұрып ұзындыққа секіру;
- шеңберден шеңберге секіру;
- биіктігі 20-30 см болатын тереңдікке;
- биіктігі 5-10 см болатын 2-3 заттар арқылы тізбектеліп секіру;
- бір орында оң және сол аяқпен кезектестіріп;
- 70 см-ден кем емес бір орында тұрып ұзындыққа;
- қысқа секіртпемен.
4. Лақтыру жаттығулары иық белдеуі, қол бұлшық еттерінің қызметін күшейте отырып, кеңістікті бағдарлай білу, дәлдік қабілеттерін дамытады. Лақтыру жаттығуларына доптар, ағаш гранаталар, құрсаулар қолданылады. Лақтыру бір орында тұрып адым жасап, жүгіріп, әр түрлі қалыпта, бірте-бірте ара қашықтықты ұлғайта отырып оң және сол қолмен орындалады. Лақтыру, қағып алу, домалатудың түрлері:
- допты, шарды бір-біріне таяқшалар, жіптер, сызықтар арасынан бір затқа тигізе отырып лақтыру;
- еркін бағытқа құрсауды домалату;
- допты жоғары лақтырып, қағып алу;
- допты еденге ұрып, қағып алу (қатарынан 3-4 рет);
- допты кеудеден қос қолмен бір-біріне лақтыру;
- отырып және тұрып допты төменнен, басынан асыра бір-біріне лақтыру;
- допты қос қолмен еденге ұру;
- допты оң және сол қолмен еденге ұру;
- затты тігінен және көлденеңінен дәлдеп 1,5-2 м арақашықтықта оң, сол қолмен лақтыру;
- допты қабырғаға ұрып, қағып алу.
4. Еңбектеу және өрмелеу. Бұл жаттығулар шыдамдылықты, күш-қуатты, икемділікті дамытады, жаттығуды гимнастикалық қабырғада, гимнастикалық отырғышта орындау, дене қозғалысы үйлесімділігін, тұлғаның дұрыс қалыптасуын дамытады. Еңбектеу және өрмелеудің түрлері:
- 6-8 метр арақашықтыққа төрт тағандап еңбектеу;
- биіктігі 40 см арқанның, доғаның, таяқтың астынан еңбектеу;
- заттар арасынан алақан мен табанға сүйене отырып еңбектеу;
- тіке және қырынан еңбектеу;
- орындық астынан ішпен еңбектеу;
- көлденең, еңкіш тақтай және орындық үстімен қолымен тартылу арқылы еңбектеу;
- бөрене үстімен еңбектеу;
- көлбеу сатының жиегінен ұстап өрмелеу;
- еденде бір қырымен тұрған сатының тақтайшаларының арасымен өрмелеу;
- гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеп, төмен қарай қадаммен түсу;
- аяқтың ұшын бір-біріне жалғау арқылы оңға, солға;
- бір орыннан екінші орынға оңға, солға адымдау.
5. Тепе-теңдікті сақтау. Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары кез-келген қозғалыстың, кез-келген дененің тұру қалпын сақтаудың қажетті тұрақтылығы. Тепе-теңдік сезімінің дамуы адамның ми қыртысының қызметін жақсартады, қоздыру мен тежеу процестерін теңестіреді, адамның тұрған қалпындағы кез-келген өзгерістері мен өз дене бөліктері жағдайының ауысуларын бағалауға көмектеседі, сезім мүшелері аппараттарының, бұлшық ет сезімінің дамуын жетілдірумен байланысты біртіндеп жүзеге асады. Тепе-теңдікті сақтаудың түрлері:
- жүгіру барысында тоқтап, бағытты өзгертіп, ары қарай жүгіруді жалғастыру;
- тура және шеңбер бойымен, иректеліп қойылған жіптің бойымен жүру;
- басына қапшық (салмағы 400 грамм) қойып жіптің бойымен жүру;
- қабырғалы тақтай бойымен жүру;
- гимнастикалық орындық үстіне қойылған кубиктерді аттап, сатының тақтайшалары арқылы жүру;
- көлбеу қойылған тақтайдың үстімен қолды түрлі жағдайда қойып жоғары-төмен түсу;
- көлденең және еңкіш бөрене бойымен тура және қырынан жүру;
- алдымен бір жаққа, содан соң екінші жаққа айналу (қол белде) [2].
6. Сапқа тұру. Сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру жаттығулары балалардың дұрыс тұлғасын қалыптастырады, жинақтылыққа, тәртіптілкке, мұғалімнің бұйрығын орындауға, іс-әрекет барысында ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру:
- өз еріктерімен сапқа бір қатармен тұру;
- көп емес топпен, екеуден, үшеуден және барлық топпен шеңбер болып, сап түзеп тұру;
- сап түзеу және шашырау;
-бағытқа қарап түзеліп, тізбектеліп тұру;
- оңға, солға, айнала бұрылу.
7. Музыкалық-ырғақтық жаттығулар.
Музыка әуеніне қарай әртүрлі қимылдарды, түрлі ырғақпен орындау: ырғақты жүру, жеңіл жүгіру, тез және ырғақпен секіру, шыр айналу.
oo Жәй, ырғақты отырып-тұру жаттығуларын жасау.
oo Ұлттық би элементтерін орындау, аяқтың ұшымен тұру.
oo Бір аяқпен жеңіл, әдемі қозғалыс жасап секіру.
oo Жалпы дамыту жаттығулары
8. Қолға және иыққа арналған жаттығулар
Қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру және бір-бірлеп кезекпен түсіру.
Қолды алма-кезек алға - жоғары қарай тез көтеру және және түсіру, артқа жіберу (жұлқып). Қол екі жақта, алда болғанда саусақтарды бүгу және жазу, қолдың басын айналдыру, саусақтарды біріктіру, ажырату, созу. Екі қолды кеуде тұсына қою, желкеге салу және иықты түзулеу. Қолды шынтақтан бүгіп, айналмалы қимыл жасау. Орындықтың арқасына, қабырғаға тығыз сүйене отырып, қолды екі жақтан жоғары көтеру. Таяқты, құрсауды жоғары көтеру, иықтан кейін түсіру. Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау [3].
9. Аяққа арналған жаттығулар
Аяқтың ұшымен көтерілу және тұру. Екі аяқты кезекпен алға өкшемен, сонан кейін ұшымен қою, 3 рет тапылдату. Қатарынан 4-5 рет жартылай отыру. Екі қол белде, екі қолды алдыңғы жақпен екі тұсқа жіберіп, отыру. Бір аяқты тізеден бүгу, алдыға жазу, қайтадан бүгу және жерге түсіру. Аяқтың ұшын созу, табанды бүгу. Аяқ саусақтарымен арқанды жинау, құм салынған дорбаларды бір орыннан екінші орынға қою. Өкшемен таяқтың, арқанның үстіне, аяқтың ұшымен еденге сүйене отырып, қырындап жүру. Тұрған күйі аяқ саусақтарымен орамал, тағы басқа ұсақ-түйек заттарды іліп алып, басқа орынға ауыстыру. Аяқ ұшын айналдыру.
10. Кеудеге арналған жаттығулар
Екі қол белде, кезекпен екі жаққа бұрылғанда екі қолды екі жаққа жіберу (жұлқып және бір қалыпты).
Оңға, солға иілу, еңкею, шалқаю. Тұрған күйі екі аяқ бірге (алшақ), алға еңкею, қолдың ұшын аяқтың ұшына жеткізу, заттарды қою және көтеру. Екі қол белде, екі жаққа иілу. Отырған және тізерлеп тұрған күйі допты өз айналасында домалату. Бір аяқты алға түзулеп көтерген күйі астынан затты бір қолдан екінші қолға беру. Отырған күйі арт жаққа қолмен сүйене отырып, екі аяқты жоғары көтеріп, бүгу және жазу, төмен түсіру. Екі аяқты айқастырып, отыру және тұру. Жүрелеп тұрып, арқаны төмен қарай иіп және бүгу, кезекпен түзу аяқты бүге және жаза отырып, көтеру және түсіру. Зат ұстаған қолдарын созған қалыппен шалқасынан жатқан күйі етпетіне бұрылып жату. Етпетінен жатқан қалпы иығын, басын, қолдарын алға созып көтеру.
11. Спорттық жаттығулар
Шанамен сырғанау. Төбешіктен сырғанау, бірін-бірі сырғанату, шанамен төбешікке көтеру, төмен түсіп келе жатып тежеу.
Сырғанау. Өз еркімен мұз айдынында сырғанау.
Шаңғы. Бірінің артынан бірі сырғанап алға жылжу. Қиылысқан бос жерлермен жүру. Оңға және солға қарай жүріп бұрылу. Алға қарай, жартылай шырша (тура және қиғаш) сияқты аттап төбешікке шығу.
Велосипед. Шеңбер бойымен және тура жолмен екі және үш дөңгелекті велосипедпен жүру. Оңға және солға бұрылыс жасау.
Жүзуге дайындық. Суға түсу және бату, судың ішінде ойнау. Судың ішінде отырып аяқты жоғары көтеріп, төмен түсіріп қимылдар жасау. Судың түбінде (аяқты көлденең жіберіп) қолды тіреп, алға, артқа жылжу. Иекке, көзге дейін суға батырып отыру. Судан секіру. Суға бетін батыру. Суға басын батырып отыру. Өз еркімен жүзуге талпыну.
Ұзақтығы 20 минут болатын дене шынықтыру ойын-сауығын 2 айда 1 рет;
Ұзақтығы 45 минут болатын дене шынықтыру мерекелерін жылына 2 рет;
Ұзақтығы 30 минут болатын денсаулық күнін 2 айда 1 рет ұйымдастыру.
Мақсаты: балабақшаға дейінгі кіші жастағы балалардың валеологиялық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, салауатты өмір салтының құндылықтарын меңгеруге бейімдеу.
Міндеттері:
- өзінің денесі мен денсаулығына, ағзасына ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыру;
- мәдени-гигиеналық дағдылары мен салауатты өмір салты дағдыларын жетілдіру;
- қоршаған ортада өзін-өзі ұстау қауіпсіздік ережелерін үйрету.
Мазмұны:
Салауатты өмір салты
Өз-өзіне қарау дағдыларын (ауа райына байланысты киіну, жуыну, тарану, бет орамал қолдану, киіміндегі кемшіліктерді жөндеу), дұрыс тамақтану, аурудың алдын алу дағдыларын, еңбек пен демалысты кезектестіре білу дағдыларын қалыптастыру және дамыту. Өз еріктерімен гигиеналық шараларды орындау дағдыларын бекіту.
Бала ағзасын шынықтыру мақсатында іс-шаралар өткізу, әр түрлі шынықтыру шараларын (беті, қолын, мойнын салқын сумен жуу, жалаң аяқ жүру, салқын сумен аузын шаю, аяқ-қолына су құю) жүзеге асыру.
Күн тәртібіне байланысты күнделікті балалардың таза ауада болуын қамтамасыз ету. Ауа райына байланысты киінуге, үнемі серуендеуге, жаттығулармен айналысуға, күн тәртібін бұзбауға үйрету.
Гимнастика мен сылау (массаж) шараларын (таңтаңғы, тыныс алу, артикуляциялық гимнастика, көзге, тіске арналған гимнастика және тіс жиегіне, қол мен табанға арналған сылау, нүктелі сылау) жүргізу.
Табиғат жағдайында адамдардың әрекеттерімен байланысты (көзге бөгде заттардың түсуінен қорғану, құлап қалу, жарақаттанудан сақтану, таныс емес адамдармен кездескенде сақтық жасау, өзіне таныс емес саңырауқұлақ пен жемістерді жемеу, таныс емес жануарлармен байланысқа түспеу, таныс емес сұйықтықтың дәмін татып көрмеу) өзін-өзі ұстау қауіпсіздік дағдыларымен таныстыру.
Қиын жағдайларда бір-біріне көмек көрсету тәсілдерімен таныстыру.
Бағдаршаммен, көшедегі жол белгілерімен (жолаушы бөлігі мен жаяу жүргіншілер жолы), жолда жүру ережелерімен (жолдан қай жерден және қалай өту) таныстыру.
Мәдени-гигиеналық шаралар
Жеке басының тазалығы мен салауатты өмір салты туралы жалпы білімдері мен ұғымдарын кеңейтіп, балалардың дағдыларын жетілдіру.
Дене тазалығын сақтау (көшеден келгеннен соң, дәретханадан кейін, тамақ ішер алдында қолын жуу, күнделікті жуыну, тісін тазалау, ұқыпты киіну, тарану), өз еркімен киіміндегі, шашындағы кемшіліктерді жөндеу және сабақ өтетін, ойнайтын, серуендейтін жерлерді таза ұстау сияқты пайдалы дағдыларын жетілдіру [4].
Балаларды үстел басында ыңғайлы, дұрыс қалыпты сақтап, асхана құралдарын, орамалды қолдануға үйрету.
Тамақтанудың мәдени дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ өтетін, ойнайтын, серуендейтін жерлердің тазалығын қадағалау, киімдері мен ойыншықтарын, кітаптарын өз орындарына жинау сияқты пайдалы дағдыларын жетілдіру.
Өзінің және өзгенің заттарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Қорыта келгенде, бұл Денсаулық білім беру саласының базасының негізгі міндеті балаларды өнеге тәрбиеге баулып, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, адамның көркемдік-әсемдік танымына әсер ету. Дене күшін жан-жақты дамытуға арналған жаттығулар дене шынықтыру үрдісі кезінде спортшылардың қимыл шеберлігін, дағыдысын жетік игеруіне көмектесуі керек. Дене шынықтыру қағидасының еңбек еті және Отан қорғауға бейімдейтін қолданбалы ерекшелігін көрсетеді. Дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу адамның денсаулығын нығайтып, қиымл ептілігі мен дағдысын меңгеруге көмектеседі. Жұмыс істеуге ынтасын арттырады.
1.2 Балабақшадағы дене шынықтыру - сауықтыру жұмыстарының әдістемесі
Дене тәрбиесі адамның жас ерекшелігіне қарай жүргізіледі. 1-3 жастағы балаларға арналған дене тербиесінің міндеті - балаларды гигиеналық күтімге алу, олардың дұрыс, уақытымен тамақтануын қадағалау, жас сәбилерді тазалыққа т.б. дағдыландыру. Мектеп жасына дейінгі (3-7 жас) балалардың дене тәрбиесі төзімділігін, қозғалғыштығьш, ептілігін қалыптастыруға бағытталған. Балалар бақшасында аптасына бір рет 20-30 минут арнайы жаттығулар, күн сайын таңертең 4-5 минут гимнастика өткізілгені дұрыс. Дене тәрбиесінің негізгі саласы - гимнастика, ол спорт және мектептен тыс жұмыс ретінде де жүргізіледі.
Дене тәрбиесі - адамның дене мүшелерін шынықтырып, бала психикасының дамуына әсер ететін, адам ағзасының барлық жағынан жетілуіне, қимыл әрекеті мен дағдысының, білімінің қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы педагогикалық процесс. Дененің дамуы - тәрбиенің және бізді қоршаған ішкі, сыртқы ортаның әсерінен ағзаның биологиялық функцияларының және адам денесіндегі бұлшық ет тарамдары мен түрлерінің өзгеруі мен өсуі. Дене жетілуі - еңбекке қабілеттілігі, дене дамуының ең жоғарғы дәрежесіне жетуі. Ағзаның өсуі (сандық өзгеріс) оның құрылымы мен функциясының (сапалық өзгеріс) өзгеруімен байланысты. Ағзада сандық және сапалық өзгерістердің жинақталуы жаст шамасына қарай дамудың бір баспалдағынан екінші баспалдағына ауысуы болып табылады [5].
Дене тәрбиесінің мақсаты - балалардың денсаулығын нығайту, дененің дұрыс дамуын қамтамасыз ету, қолайлы жағдай жасау.
Міндеттері:
1 Баланың денсаулығын сақтау және нығайтыу.
2 Мәдени-гигиеналық дағдылар мен әдеттерді қалыптастыру
3 Бала денесін шынықтыру
4 Балалардың жүру, жүгіру, серіру, өрмелеу, лақтыру сияқты негізгі қимыл әрекеттерін дамыту
Дене тәрбиесіне қажетті жағдайлар: балалардың күтімі мен өсуіне қолайлы мәдени-гигиеналық жағдай жасау, дұрыс жасалған күн тәртібі, тамақтандыру, дененің тазалығы, баланың жасына және ауа райына жылы-жайлы киіну, гимнастика және қимылды ойындар ойнату, ұйқысын ұйымдастыру, серуенге шығару, күнді, ауаны, суды тиімді пайдалану. Шынықтыру құралдары: ауа, су, күн. Күнделікті өмірде тәрбиеші бұларды сауықтыратын процедура трінде ауа және күн ваннасын, шомылу, сулы шүберекпен ысқылану, үстіне суық су құйыну түрінде пайдаланады.
Басқа тәрбие салалары сияқты балабақшада дене тәрбиесін ұйымдастыру барсына да балабақша меңгерушісі жауапты. Ол балалар өмірінің күн тәртібін жасауға, оның орындалуын бақылауға, тәрбиешілердің жұмыстраын тексеруге тиіс. Балалармен жұмысты тікелей тәрбиеші жүргізеді және олардың өміріне, денсаулығына, дамуына дербес жауап береді. Меңгеруші мен тәрбиеші балалармен жұмысты медбикемен тығыз бірлікте жүргізеді. Тәрбиеші үнемі балалар арасында болып, оларды бақылайды, іс-әрекет барысына басшылық жасайды, байқағандары жайында дәрігермен кеңесе отырып, сауықтыру шараларын жасайды. Олар келісе отырып күн тәртібін түзеді. Күн тәртібі дегеніміз - баланың күнделікті қайталанып отыратын іс-әрекетінің, тынығатын кезеңдерінің нақты, белгілі бір жүйемен ауысып келуін көздейтін, тиімділігі ғылыми негізделген, үйреншікті өмір тәртібі. Бұл баланың дұрыс өсуіне жағдай жасау үшін жас шамасына, психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, денсаулығына, ата-аналарлың жұмыс істеу уақытына байланысты құрылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібін ұйымдастыруда үлкендлердің рөлі ерекше. Балалар күн тәртібін үлкендердің басшылығымен орындайды. Оны ұйымдастыратын тәрбиеші. Ол алғашқы күннен бастап жүйлеі түрде балаларды күн тәртәбән орынлдауға үйретеді, қдағалайды, әр баланың өзі орындайтындай деңгейге жеткізеді.
Қазақтан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы атты Қазақстан - 2030 даму стратегиясын жүзеге асыру барысында Қазастан Республикасы Үкіметінің №1678 бұйрығымен 1997 жылдың 3 желтоқсанында салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі құрылды. Сол уақыттан бері салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі бойынша аурудың алдын алу мен халықтың денсаулығын нығайтуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік [6]. Әрі Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі төмендегідей мәселелердің шешімін тапты:
oo Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымымен байланыстары жасалып, материалдық-техникалық ресурстары қамтамасыз етілді;
oo Құқықтық-нормативтік базасы жасалды;
oo Гигиеналық тәрбие процесіне жаңа технологиялар енгізілді;
oo Денсаулықты сақтау мен білім беруді ұйымдастыру үшін СӨС қалыптастыратын мамандар даярлау қолға алынуда;
oo СӨС-ын қалыптастырудың ұлттық саясаты анықталды, оның тұжырымдамалық негізі ретінде Салауатты өмір салты атты кешенді бағдарлама жасалған.
Балабақшадағы дене тәрбиесінің мазмұнына талдау жасай келе, оның мақсат-міндеттерін сипаттап айтқыза отырып, оны ұйымдастырудың жолдарын тәжірибе түрінде көрсету ұсынылады. Бағдарлама бойынша күн тәртібі кезеңдеріне сәйкес дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдарын қарастыру.
Сонымен, мектепке дейінгі жастағы дене тәрбиесі және оның мақсат-міндеттері нақтыланады. Дене тәрбиесіне қажетті жағдайлар және дене тәрбиесін балабақшада ұйымдастырудың жолдарымен танысады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларын түсініп, тәжірибеде пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады.
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің дамуын ұйымдастыру жұмыстарының түрлері
2.1 Сабақтың тиімділігін хронометриялық әдіспен анықтаудың жолдары
Сабақтың жалпы және моторлық тығыздығын анықтау мақсатында хронометриялық әдіс қолданылады. Бұл әдістің тиімділігі сабақтың бөлімдеріне уақытты дұрыс бөлу, оның педагогикалық көзқараста тереңдетіп және дұрыс талдау.
Сабақты хронометриялауға қажетті материалдар :
- хронометриялаудың мәжіліс хаты;
- жалпы және моторлық тығыздықты анықтау есебі процент бойынша;
-сабақ тығыздығының тақырыптық талдауы.
Сабақтық алдында ол жайында мәлімет береді. Мәжіліс хатта сабақтың барысы жазылады.
Сабақты хронометриялау екі графаға жазылады: бірінші графада сабақтың мазмұны, ал екінші графада секундомер көрсеткіштері жазылады. Барлық көрсеткіштер сабақтың соңында есептелінеді.
Дене тәрбиесі сабағының хронометрияландыруының мәжілісхаты.
Сабақтың N топ балабақшаның N өтетін
уақыты өтетін орыны сабақты өткізген
тәрбиешінің аты, жөні _ _______
Сабақтың мақсаты:
бала, қатысып отырғаны
бақылауға алынған балалардың аты, жөні.
Хронометрияны өткізген адамның аты, жөні
Әрекет түрлері графасында сабақ мазмұны жазылады графада әрбір қимыл-әрекет түрінің аяқталу уақыты секундомер бойынша белгіленеді. Хаттамада жаттығушыларды барлық әрекеттері (жаттығуларды орындау, бақылау т.б.) олардың нәтижелілігіне байланысты, мақсатқа сәйкес (+белгіс бар графада) және мақсатқа сәйкес емес (-белгісі бар графада) деп белгіленеді. Әрбір әрекетке жұмсаған уақыт секундомер бойынша 2-графада белгіленген алдыңғы көрсеткіштің уақытынан кейінгі уақытты алу жолы арқылы анықталады. Сабақ аяқталғаннан кейінгі барлық графадағы уақыт қосылады да, сол арқылы сабақтың жалпы және қозғалушы тығыздығы анықталады Сабақ тығыздығы барлық әрекет түріне, мақсатқа сәйкес жұмсалынған.
Қан қысымын өлшеу арқылы сабақтың тығыздығын, балалардың жүктемесін және дем алу сәттерін, уақытты сабақтың бөлімдерінде дұрыс бөліну реттері анықталады.
Мақсаты: баланың қан қысымын анықтау.
Көрсеткіші: дәрігердің тағайындауы, баланың бас ауыруына, бас айналуына шағымдануы.
Кері көрсеткіші: жоқ.
Ескерту:
манжеткалар баланың жасына сай болуы керек
1жасқа дейінгібалаларға 3,5-4,5см
2жасқа дейінгі 4,5+9см
4жасқа дейінгі 5,5+11см
7жасқа дейінгі 6,5+13см
10жасқа дейінгі 8,5+15см
10 ж.соң стандарт
Іс-әрекеталгоритмі:
1. Балаға ыңғайлы жағдай жасаңыз(отырғызыңызнемесежатқызыңыз )
2. Баланың алақанын жоғары қаратып жатқызыңыз
3. Манжетканы шынтақтан 2см жоғары салыңыз
4. Шынтақ артериясына фонендоскопты салыңыз
5. Резіңке балонның клапанын жабыңыз
6. Резіңке балонмен манжеткаға ауа айдаңыз
7. Манжеткадан жайлап ауаны жіберіңіз
8. Алғашқы және соңғы тондардың пайда болу деңгейінбелгілеңіз
Нәтижесін бағалау: Қалыпты жағдайдағы қан қысымды формуламен есептеу:
1жасқа дейінгібалада АД mах. 70+2п(п өмірсүруайы)
1жастан жоғары баллада АД mах 80+2п(п өмірсүружасы)
АД min- (12)-23 АД mах
Қан қысымын өлшеу арқылы талдау, балалардың жүктемесін және сабақтың тығыздығын дұрыс анықтау мақсатында жүргізіледі.
Жаттығуларды орындау кезінде қан қысымының өзгеруіне қарай балалардың бұлшық етеріне түскен күш анықталып, бағаланады.
Сабақтың дұрыс ұйымдастырылу қарқыны және жүктеменің дұрыс бөлінуін анықтау үшін бір немесе екі баланың қан Қысымын өлшеу керек.
Қан қысымы сабақтың алдында, 10 сек. Соғуы "Х" 1 мин. Нәтижесі дайындық бөлімінен, жалпы дамыту жаттығуларынан, негізгі қозғалыстардан, қозғалмалы ойындардан кейін және сабақтың соңында көрсеткіштері жазылынып алынады [7].
Жүктеменің динамикалық көлемін анықтайтын қан тамыр соғуынын графикалық кескіні-физиологиялық қисық деп аталады.
Даладағы 2-3 мин, жүгірістен кейін жүректің соғу қысымы 40-150 ретке дейін көтеріледі, бұл көрсеткіш бастапқы 90-100 рет соғудың 40-60 ретке тең.
Сабақтың негізгі бөлімінде, орташа жылдамдықтағы жүгірісте және қозғалмалы ойындар кезінде жүректің соғуы 140-180 ретке дейін көтерілсе, жүректің соғуы жалпы дамыту жаттығулар мен негізгі қозғалыстар кезінде 135-150 рет шамасында болады.
Сабақтың қорытынды бөлімінде жүректің соғуы 130-120 ретке дейін түседі.
Сөйтіп жалпы дамыту жаттығуларын орындаған кезде жүрек соғуы 35-45 % болса, негізгі жаттығуларды орындағанда 50-60% дейін көтсріледі, ал сабақтың қорытынды бөлімінде 20-30 % дейін төмендейді.
Сөйтіп сабақта жүректің соғуы орта есеппен 140-160 рет шамасында болуы керек.
Жүрек соғуы балалардың жас ерекшелігіне байланысты 5 мин, уақытта бастапқы қалыпқа келеді.
Дене тәрбиесі тәрбиешісіне қажетті құжаттар: -бұйрықтар журналы;
І-ХІ топ балаларының дене тәрбиесі сабағының бағдарламасы;
- арнайы дәрігерлік топтағы балалардың бағдарламасы;
- балабақшабалалары дене тәрбиесінің ережесі; -әдістемелік оқу құралдары;
- дене тәрбиесі пәніне қажетті күнделікті шығатын баспа материалдары - -оқыту жоспары мен жылдық сабақ кестесі; -спорт үйірме жұмыстарының журналы ; -уақытша дене тәрбиесі сабағынан босагылған және денсаулығына байланысты арнайы дәрігерлік топтағы балалардың тізімі;
-БЖСМ де спортпен шұғылданатын балалардың тізімі;
-қауіпсіздікті сақтау туралы;
-балаларды қауіпсіздікгі сақтау ережесін өткендігі туралы қол қойған журналы;
-балабақшаспартакиадасының ережесі;
-спорт шараларын ұйымдастыратын белсенді балалардын тізімі;
-3 жылға статистикалық есеп баяндамасы ;
-денсаулық күнін өткізудің жоспары .
Дененің даму деңгейін анықтау
Тест ағылшын тілінде "Анықтау, бақылау, зерттеу"- деген береді.
Балалардың даму деңгейін анықтау үшін және дене тәрбиесі сабағының тиімділігін арттыру мақсатында олардың "даму деңгейін анықтау тест жұмыстары жүргізіледі. Балалардың шынығуы деңгейін анықтау үшін жылына 2 рет 30-30 м жүгіру, орында тұрып ұзындыққа және биіктікке секіру, кермеде тартылу ұлдар, доп лақтыру, арқанға өрмелеу, шалқадан жатып денені көтеру қыздар, т.б. бақылау мөлшерінің нәтижесін қабылдау жұмысы жүргізіліп, арнайы дәптерге жазылады. Бұл нәтижелер жыл сайын ісінің қаншалықты өскені немесе кемігені анықталып, ата-аналар жиналысында және тәрбиешілер кеңесінде талқыланады [8].
Балабақшада әскерге дейінгі жасөспірімдерге дене шынығу дайындығына, көп көңіл аударылады. Бұл жұмыстың ойдағыдай жүргізілуіне барлық балабақша қызметкерлері, ата-аналар және әскери комиссиариаттар бірлесіп қадағалайды.
Арнайы дәрілерлік топ.
Балабақшабалалары жылына 2 рет дәрігерлік бақылаудан етеді, жыл басында қыркүйек-қазан және жыл аяғъшда көкек-мамыр өткізіледі
Жыл аяғындағы дәрігерлік бақылаудан кейін, балалар негізгі , дайындық және арнайы топтарға бөлініп, жаңа оқу жылынан бастап дене тәрбиесі сабағымен айналысады. Дәрігердің анықтамасы бойынша балабақшадиректоры әр баланың дәрігерлік тобына қарай жазып, бұйрық шығарады. Бұйрықта дәрігер анықтаған аурудың түрі, сабақтың өтетін орыны, уақыты, сабақты өткізетін тәрбиеші көрсетіледі. Балалардың бір дәрігерлік топтан басқа дәрігерлік топқа ауыстырылуы дәрігерлік бақылаудан соң шешіледі, ол балабақша директорыының бұйрығымен бекітіледі.
Арнайы дәрігерлік топқа жататын балалар жыл бойы дәрігерлік бақылаудан өткізіледі. Арнайы дәрігерлік топтағыларға дене тәрбиесі сабағы балабақшада ұйымдастырылып өткізіледі. Бүндай сабақтар балабақша кестесінде жетісіне 25 минуттен 2 рет немесе 30 минуттен 3 рет сабақтың алдында немесе соқында өткізіледі. Дене тәрбиесімен айналысу үшін топтар 12-15 баладан құрылады. Мүмкіншілігіне қарай дәрігерлік топтар балаларды ауруына, топтарына қарай құрылады. Мысалы : 1-2, 3-4 , 5-8 , 9-11 . Егер топқа балалар саны толмай қалса онда 1-4, 5-8, 9-11- біріктіріп, топтарды құруға болады. Бұл топтарда дене тәрбиесі сабақтары балаларды жеке түлғаның денсаулығын қарай үқыпты түрде еткізіледі. Бала санына байланысты бірнеше жақын орналасқан балабақшабалаларын топтастыруға болады. Арнайы дәрігерлік топтарындағы оқущылармен дене тәрбиесі сабағы міндетті түрде өткізіледі, оған жауапты адамдар дене тәрбиесінің тәрбиеші, топ жеткешілері, ата-аналар қатысады.
2.2 Күн тәртібіндегі дене жаттығулары
Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары балалардың сан алуын іс-әрекетінің тәрбие-білім ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz