Әлеуметтік жұмыстың мектептегі негізгі мәселелері және оны шешу жолдары


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Әлеуметтік жұмыстың мектептегі негізгі мәселелері және оны шешу жолдары»
Орындаған: топ студенті
Ғылыми жетекші:
Қарағанды 2013
ЖОСПАР
КІРІСПЕ3
1 МЕКТЕПТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ОҚЫТУШЫ ҚЫЗМЕТІ5
1. 1 Қазіргі заманғы мектептердегі әлеуметтік педагог жұмысының көкейкестілігі5
1. 2. Біздің еліміздегі әлеуметтік-педагогикалық қызметтің дамуы8
1. 3 Оқу орындарындағы әлеуметтік оқытугы жұмысының мазмұны10
1. 4 Мектептегі әлеуметтік педагогтың міндеттері, құқықтары, қызметтері, жұмыс істеу әдістері12
1. 5 Әлеуметтік жұмыстардың шет елдік тәжірибелері19
1. 6 Отбасы мен балаларға әлеуметтік қорғау орталықтары23
2. ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ №2 МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ ЖҰМЫСЫНЫҢ АНАЛИЗІ33
2. 1 Мектептегі әлеуметтік оқытушының әлеуметтік-тәрбиелеу жұмыстарының бағыттары33
2. 2 Мектептегі әлеуметтік оқытушының нашар отбасылармен жұмысының анализі34
2. 3 Қарағанды қаласының №2 мектеп-интернатындағы әлеуметтік педагог жұмысының қызметі36
ҚОРЫТЫНДЫ38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ40
КІРІСПЕӘлеуметтік тәрбие - бұл адам- адам қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей адамаралық байланыстар және осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер (қайырымдылық қорлары, ұйымдар, бірлестіктер т. б тарапынан болатын істер. Қоғамдық тәрбие проблемаларын арнайы педагогика саласы зерттейді. Оның пәні- тұлға. Қалыптастырушы ықпал жасайтын қоршаған орта заңдылықтары. Дәлірек айтқанда, отбасы, ресми ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары. Әлеуметтік жұмыстар - адам мен адамның инабаттылық қатынастары қажеттігінен туындаған әлеуметтік іс-әрекет құбылысы. Қазіргі күнде әлеуметтік тәжірибе жұмыстары келесі салаларға бөлінген
Ортасы, балаларға жәрдем, денсаулық және салауатты өмір салты, білім көтеру, тәрбие түзету мәселелері. Әлеуметтік жұмыстың мамандық ретінде қалыптасуы және негізгі міндеті - бала мен жасөспірімдерге құзырлы көмек көрсету, әлеуметтік мәдени ортаны ізгілендіру, тұлғаның әлеуметтік қалыптасуына ықпал ету болып табылады.
Баланың әлеуметтік мәселелерін шешу және мұғалім мен оқушы арасындағы кикілжіңді реттеуге арналған әдістемелік нұсқаулар
Қала мен аудан бойынша оқушылар мен ата-аналарға арналған, олардың өзекті мәселелерін щешу жодарына көмектесетін анықтамалық ақпарат
Кіріс және шығыс құжаттары
Атқарылған жұмыстардың есебі
Әлеуметтік педагогтың негізгі міндеттері мен қызмет мазмұны
1. Әлеуметтік педагог өз қызметін үш бағытта жүргізеді
Балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп сараптайды және өңдейді.
Социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік- педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады.
Баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылу себептерін анықтап, алдын-ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуымен анықталады.
2. Әлеуметтік педагогтың міндеттері
Баланың жас ерекшелігінің әрбір кезеңіне байланысты жеке дамуына кешенді ықпал ету
Өзара қарым-қатынаста, оқу барысында қиындыққа ұшыраған оқушыларға әлеуметтік-педагогикалық көмек беруді қамтамасыз ету
Оқушы отбасының тәрбие жағдайын зерттеу
Баланың жеке дамуындағы ауытқушылықтың алдын-алу және болдырмау
Мектеп пен тұрғылықты мекен жайында тұлғаны қорғау, тәрбиелеу және оқу-ағартудың кешенді жүргізеді
Оқушылардың жеке психо-медициналық және педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді
Оқушының қызығушылығын, сұранысын, мінез ауытқышылығын, шиеленісті жағдайларын анықтап, мезгілінде көмек көрсетеді
Тәрбиеленушілердің өмірін қорғауды, қауіпсіздендіруді қамтамасыз етеді, оқушының қиындығы мен проблемаларына, тәртібіндегі ауытқулары кезеңінде тез арада әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді
Тұлғаның дамуы мен тәрбие проблемаларын шешуде отбасылармен серіктестік, әріптестік қарым-қатынастар орнатып, ынтымақтастықпен жұмыс жүргізеді
Әлеуметтік-педагогикалық диагностика әдістемесін анықтайды
Осы орайда, курстық жұмысымның тақырыбының өзектілігі: әлеуметтік жұмыстың мектептегі негізгі мәселелерін айқындау және оны шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп оқушыларымен жұмыс істей отырып, әлеуметтік жұмыстың мектептегі негізгі мәселелеріне нақтырау тоқталу және әлеуметтік жағдайы төмен балалармен жұмыс істеудің жолдарын іздестіру.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Мектептегі әлеуметтік оқытушы қызметіне нақтырақ тоқталу;
- Қазіргі заманғы мектептердегі әлеуметтік педагог жұмысының көкейкестілігін анықтау;
- Біздің еліміздегі әлеуметтік-педагогикалық қызметтің дамуы жолдарын талдау;
- Оқу орындарындағы әлеуметтік оқыту жұмысының мазмұнын айқындау;
- Мектептегі әлеуметтік педагогтың міндеттері, құқықтары, қызметтері, жұмыс істеу әдістерін саралау;
- Әлеуметтік жұмыстардың шет елдік тәжірибелерін қарастыру;
- Қарағанды қаласының №2 мектеп-интернатындағы әлеуметтік педагог жұмысының анализін жасау;
- Мектептегі әлеуметтік оқытушының әлеуметтік-тәрбиелеу жұмыстарының бағыттарын айқындау;
Зерттеу нысаны әлеуметтік жұмыс болып табылады.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік басылымдардағы мақалалар қолданылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 МЕКТЕПТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ОҚЫТУШЫ ҚЫЗМЕТІ 1. 1 Қазіргі заманғы мектептердегі әлеуметтік педагог жұмысының көкейкестілігіӘлеуметтік тәрбие - бұл адам- адам қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей адамаралық байланыстар және осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер ( қайырымдылық қорлары, ұйымдар, бірлестіктер т. б тарапынан болатын істер. Қоғамдық тәрбие проблемаларын арнайы педагогика саласы зерттейді. Оның пәні- тұлға. Қалыптастырушы ықпал жасайтын қоршаған орта заңдылықтары. Дәлірек айтқанда, отбасы, ресми ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары. Әлеуметтік жұмыстар - адам мен адамның инабаттылық қатынастары қажеттігінен туындаған әлеуметтік іс-әрекет құбылысы. Қазіргі күнде әлеуметтік тәжірибе жұмыстары келесі салаларға бөлінген
Ортасы, балаларға жәрдем, денсаулық және салауатты өмір салты, білім көтеру, тәрбие түзету мәселелері. Әлеуметтік жұмыстың мамандық ретінде қалыптасуы және негізгі міндеті - бала мен жасөспірімдерге құзырлы көмек көрсету, әлеуметтік мәдени ортаны ізгілендіру, тұлғаның әлеуметтік қалыптасуына ықпал ету болып табылады. Бүгінгі мектеп психологтары мен әлеметтік педагогтардың алдында үлкен де, күрделі міндеттер тұр. Әлеуметтік педагог мектепте төмендегідей негізгі бағыттарда жұмыс жасауы қажет:
1 Диагностикалық қызметі;
2 Өз қызметі шеңберінде көмекті қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау;
3 Кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру;
4 Ерекше назардағы оқушылармен жұмыс;
5. Сынып жетекшілігі, медициналық қызметкерлер, ата-аналар комитетімен т. б. өзара қарым-қатынасты үйлестіру. Өз қызметінде әлеуметтік педагог ҚР Конституциясын, бала құқығы туралы Конвенцияны, ҚР бала құқығын қорғау туралы заңын, Отбасы туралы заңын, ҚР басқа да нормативтік актілерін басшылыққа алуы қажет.
Адамға ықпал ету дегеніміз - педагогикалық және психолошиялық тұрғыдан әсер ету процесі.
Әлеуметтік педагог - «әлеуметтік тәрбие», «отбасы педагогикасы», «бала тұлғасы» деген ұғымдарды; сондай-ақ балаға ықпал етудің әдістерін, қиын мінезді жасөспірімдермен жұмыс жасау ерекшеліктерін білуітиіс.
Әлеуметтік педагогтың мектеп мұғалімінен, сынап жетекшісінен немесе мектеп-интернат тәрбиешісінен айырмашылығы - оның сыныппен немесе топпен емес, жеке баламен, топ болса, шағын топпен, отбасы болса, әрқайсысымен жеке-жеке жұмыс атқаратындығында [1, б. 56] .
Әлеуметтің педагогтың негізгі міндеті - бұл баланы, жасөспірімді әлеуметтік тұрғыдан қорғау, оған әлеуметтік, психологиялық немесе медициналық көмек көрсету, оның білім алуын ұйымдастыру, сондай-ақ оның қоғамдағы ақталуы (реабилитация) мен бейімделуін қамтамасыз ету.
Бұл міндеттерді шешу үшін әлеуметтік педагог баланы зерттейді, оның жағдайын, тығырыққа тірелу деңгейін анықтайды және одан шығу жолдарын іздестіреді, жоспарлайды. Қиын жағдайға тап болған баланы демеу оңай жұмыс емес. Мұндай жағдайда оны рухани тұрғыдан қолдап, өзіне деген сенімін ояту, өз күшіне сендіру, алдағы уақытта бәрі де жақсы болатындығына сенімін күшейту өте қажет.
Әлеуметтік жұмыспен айналысатын маман-педагог белгілі бір білім жиынтықтарымен: психологиямен, ұйымдастырушылық дағдларымен, адамдардың тіл табыса алу, балалар ұжымымен жұмыс жасай алу қабілеттіліктерімен, педагогикалық икемділікпен т. б. қаруланғаны дұрыс.
Сонымен қатар, әлеуметтік педагогтың адамгершілік, ізгілік және рухани қасиеттері де жоғары деңгейде болуы шарт. Сондай-ақ педагог балаға нақты көмек бере алатын әлеуметтік қорғау қызметтерімен, мамандармен байланыса түседі, олармен бірігіп жұмыс істейді. Ол үшін педагогтың өзінің кәсіби дярлығы мықты, оқу және тәрбие жұмысын жүргізуге қабілеті мол болуы шарт. Мұның бәрі педагогикалық шеберлікке жатады.
Педагогикалық шеберлік - көп жағдайда педагогтың жеке тұлғалық сапаларына, сондай-ақ, білімділігі мен икемдігініне де байланысты келеді.
Әрбір мұғалім - деке тұлға. Біз көбіне тәрбиеленушінің тұлғасын қалыптастыруды айтамыз да мұғалімнің өзін ұмытып кетіп жатымыз. Оқушыға мұғалім жеке тұлғасының ықпалы өте зор, оны ешзандай да педагогикалық технология немесе техника алмастыра алмайды. Мұғалімнің еңбегі интеллектуалдық, психологиялық, рухани, ақыл-ой және дене еңбегін, күшін талап ететін күнделікті ауыр жұмыс.
Әлеуметтік педагогтың кәсіби білімі көлеміне педагогика және психология, баланың даму физиологиясы, тәрбие жұмысының әдістемесі сияқты міндетті пәндер енеді. Бұл білімдер баланы, оның мінез-құлқы мен істерін, қарым-қатынас ерекшеліктері және өзге балалармен ұжымда сыйымдылығын анықтау үшін қажет.
Әлеуметтік педагог баланың қызметі мен өзара бірлескен әрекеттерін ұйымдастыра алуы ләзім. Әлеуметтік педагог педагогикалық технологияларды игеруі тиіс. Оған кейбір артистік әдіс-тәсілдер, сөйлеу алу, дауыс ырғағын өзгерте алу, мимика және ым-ишаралық белгілерді игеру; сұхбат кезінде маскүнеммен, нашақормен, жезөкшемен, кезбемен немесе қиын жағдайға тап болған баламен ортақ тіл таба алатындай әңгіме желісін құра білу сияқты икемділіктер жатады. Жай тіл тауып қана қоймай сендіре және ықпал ете білуі өте маңызды [2, б. 22] .
Педагогикалық қарым-қатынастың маңыздылығын ескере отырып, ғалымдар «Сыныпқа кіретін педагогқа арналған өсиеттерді» құрастырып шығарды:
- Баламен қарым-қатынасыңыз және оны қалай құру туралы үнемі ойланып отырыңыз;
- Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырған кезде тек педагогикалық мақсат-міндеттерді ғана емес, сонымен қатар баланың қызығушылықтарын, сұраныс-тілектерін ескеріңіз;
- Өз сөзіңізді белгілі бір балаға немесе балалар тобына нақтылап арнаңыз;
- Қарым-қатынаста көмектесетін балалар ұжымындағы психологиялық атмосфераны түсінуге тырысыңыз;
- Балаларды ести біліңіз;
- Олардың сізбен араласу кезіндегі көңіл-күйін сезінуге ұмтылыңыз;
- Баланың қателігін бетке айтуға тура келген кезде такт сақтауға тырысыңыз;
- Баланың қателігін бетке айтуға тура келген кезде такт сақтауға тырысыңыз;
- Өзіңізді тығырыққа тірейтін біркелкі жауап алмас үшін сұрақты «неге?», «не үшін?» деп бастаңыз;
- Қарым-қатынаста белсенді, жаңашыл болыңыз;
- Қарым-қатынаста қыз балалардың ерекшеліктеріне назар аударыңыз. Олар эмоциялық тұрғыдан тез әсерленгіш, тез жараланғыш келеді.
- Балалармен қарым-қатынаста біріңғай жоспар бойынша жұмыс істеуден, ылғи да қайталанып отыратын бірқалыпты дағдылар қалыптастырудан аулақ болыңыз;
- Кейбір балаларға жағымсыз көзқараста болудан арылуға тырысыңыз;
- Конструктивті ойы, ұсынысы жоқ жалаң сын айтудан сақ болыңыз;
- Балаларға неғұрлым көбірек күлімсіреуден шаршамаңыз;
- Мақтау, мадақтау, қолдау сөздерін жиі айтуға машықтаныңыз;
- Сіздің оларға деген шынайы көзқарасыңызды балалар білуі тиіс. Оларды өзгерту баланың жағымсыз мінез-құлқын, істерін арандатуы мүмкін;
- Баламен болатын әрбір әңгімеге жақсылап дайындалып, сұхбат стратегиясын алдын ала мұқият құрып алғаныңыз жөн;
- Балалардың үнемі өсіп, олардың сонымен бірге мінез-құлқының өзгеріп отыратынын да есте ұстаңыз;
- Мұғалім мен сынып ұжымы, тәрбиеші мен топ арасында түрлі кедергілер туындауы мүмкін.
Әлеуметтік педагог мектеп оқушыларының әлеуметтік картасын жүргізіп отыруы тиіс. Бұл карта әлеуметтік педагогпен қатар мектеп дирекорларының, оның оқу, тәрбие жөніндегі орынбасарларының, психологтың, сынып жетекшісінің жұмыс үстілінде болуы шарт.
Әлеуметтік картада:
- Жетім және жартылай жетім балалар;
- Көп балалы отбасылар;
- Әлеуметтік көмекке өте зәру оқушылар;
- Тәртібінде ауытқулары бар балалар жайлы мағлұматтар болуы тиіс.
Әлеуметтік педагог жұмысының әдістері де сан алуан. Ең көп тараған және табиғи түрі - бақылау әдісі. Дәл осы әдіс тәрбие жұмысында ең көп ақпарат береді. Баламен қарым-қатынаста жетістіктерге жету кез-келген педагогтың қолынан келе бермейді. Бірақ баламен тіл табу қасиетін дамытуға әбден болады. Жұмысын жаңа бастаған педагог өз байқағандарын жазып отыруы тиіс, ал қарым-қатынасты екі-үш баладан тұратын шағын-шағын топтардан бастағаны жөн. Мұндай әдіс неғұрлым енжар балаларды байқауға, топпен жұмыстарға көбірек көңіл аударуға мүмкіндік береді [3, б. 10] .
Әңгіме әдісі. Әңгімеге дайындық барсында әлеуметтік барсында әлеуметтік педагог ала сауалнама дайындап, анкета жүргізуі қажет. Сондай-ақ, баланың осы мекемеге түсуі кезінде жасалған комиссияның қорытындыларымен өмірбаянымен танысқан жөн.
Социометрия әдісі. Мұнда математикалық талдау жасау үшін анкета, әңгіме нәтижелері, баланың дағдарыс жағдайының қорытындылары жинақталып бір жүйеге келтіріледі.
1. 2. Біздің еліміздегі әлеуметтік-педагогикалық қызметтің дамуыXX-XXI ғасырда Қазақстанда білім берудің жүйесіндегі әлеуметтік педагогтың жұмыс теориясының қалыптасуы қазіргі жалпы әлеуметтік жұмыстың негізі болып табылады. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер осы негізгі теориялардың барысында реттеліп, өзінің оңтайлы шешімін тауып отырады. Әлеуметтік педагогикалық құбылыстарды, нақтылы оқушылардың әлеуметтік жағдайды талдап, бағалай білу, олардың әлеуметтік мәселелерді тиімді шешудің жолдары мен тәсілдерін білікті түрде анықтауда осы әлеуметтік- педагогикалық жұмыс теориясының алар орны орасан зор.
Қазақстан Републикасында әлеуметтік жұмыстың дамуы еліміз егемендігін алған жылдан басталып, жаңа жүйеге енуі нарықтық экономиканың орнауы, мемлекеттік реттеудің маңызды компоненті әлеуметтік жұмыстың анықталуына әкелді. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан дамуының басты 10 бағыты қарастырылған болатын. Адам капиталы ретінде білім беру саласында оқытудың жаңа әдістері мен технологиясын ендіру мен мамандардың сапалы дайындалуына көп көңіл бөлінді.
Осы ретте қазіргі кезде жаңа мамандық ретінде әлеуметтік педагог білім беру жүйесінде оқушылардың әлеуметтік -педагогикалық мәселелерін шешуде мектептегі педагогикалық үдерістің негізгі субъектісіне айналып отыр. Қазіргі кезде оқу орындарында шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа оқыту технологияларын жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан әлеуметтік педагог қажет. Сондықтан әлеуметтік педагогтың өз қызметі аясында жұмыс істеу әдістері мен технологиясының байланысын білуі қажет.
Әлеуметтік - педагогикалық жұмыс технологиясы әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешуге міндетті тиімді әдістері мен құралдары болып табылады. Бұл технологияда нақты іс-әрекетінің нысанына қатысты әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешудің нұсқаларын негіздеу мен талдауды сиппаттауда қолданылады.
Әлеуметтік - педагогикалық зерттеу технология - бұл технология әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды, олардың құрамды бөліктерін тануға (әдістермен құралдарды қолдануда реттілік пен өзара байланыс) ғылыми-негізделген әдістеме. Мұндай технологиялар те қана әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды ғана тану емес әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді зерттеуде қолданылады. Жалпы сипаттағы қолданбалы технология - нақты бір ортада адам немесе топпен жұмыста болжамдалған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін әдістер, әдістемелер, құралдардың өзара байланысын жетілдіру бойынша маманның әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетінің тиімді жүйелілігін жетілдіретін және алдын-ала жобалайтын мақсатты технология. Жеке сипаттағы қолданбалы технология - нақты бір ортада адам немесе тұлғамен жұмыс бойынша жобаланған мақсаттардың жетістіктерін инструменталды қамтамасыз ететін әрекеттердің, операциялармен процедуралардың жүйелі нақты анықталған жобаның реттілігі. Бұл типтегі әлеуметтік-педагогикалық технологияда әлеуметтік педагогиканың жеке міндеттерін шешуде қолданылады. Олар жалпы түрдегі әлеуметтік-педагогикалық технологияның құрамды бөлігі болуы мүмкін.
Оқу және ғылыми педагогикалық әдебиеттерде «технология», «әдіс» ұғымдары бір бірімен синоним ретінде кездеседі.
Әдіс (грек тілінен methodos - зерттеу жолы, теория, оқу) - бұл қандай да бір міндеттерді шешуде жетістіктерге жету жолы.
Қолдану аясына байланысты әдістің келесі жеке топтары бөлінеді: тәрбие әдісі, педагогикалық ақтау әдістері, педагогикалық түзету әдістері және т. б. Әрбір топ бойынша мәселені шешу жағдайына байдланысты өз әдістері дайындалады [4, б. 76] .
Әлеуметтік-педагогикалық технология саласы бойынша әдістер мәселені шешуде өзара байланысты қамтамасыз ететін құрамды бөлік болып табылады. Қандай да бір әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды шешуде олардың міндеттерін шешуде әдістердің жіктелуін қарастыру керек. Әлеуметтік педагогика әдістері - адам немесе топтың нақты мәселелерін шешу жолы. Яғни адамның мәселесін немесе жағдаяттан шығуды шешу адамның өзінің мүмкіншілігіне байланысты. Басқаша айтқанда, мәселенің шешілунің көзі адам өзі болып табылады. Әдістер өзінің мәселесін (проблемасын) шешуде анықталған іс-әрекет бойынша : дамуға бағытталған, меңгеру, түзелу, қандай да бір мүмкіндіктерді жетілдіру, білім, білік, дағдыны қалпына келтіру. Нақты жағдаяттарда әдістерді қолдану қандай да бір әлеуметтік-педагогикалық әрекет етуге бағытталуы және оны қандай түрде қолдану керектігін ескеру қажет. Әдістердің орны мен рөлін негіздейтін үш деңгейлі жіктелуін көрсетуге болады:
Субьектілі деңгей яғни субьект түрінде келесілер: маман (мамандар) . Олар қолданатын әдістерге сыртқы әдістер жатады (әрекет ету, өзара әрекет ету) ; адамның өзі (өзіндік басқарудағы топ) - бұл сыртқы әдістер (өзіндік әрекет жасау, адаммен өзіндік жұмыс) ; педагогикалық әрекет ететін маман. Мұнда адам немесе топтың маманмен өзара әрекетіне негізделеді.
Функционалды деңгей әдістерді таңдап алумен негізделеді. Олар негізгі (басты және жетекші) және қамтитын болып бөлінеді. Негізгі функционалды әдіс - жобаланған мақсаты жетілдіруді қамтамасыз ететін іс-әрекетті анықтайтын нысанды қамтиды (адам, топ) [5, б. 86] .
Пәндік деңгей әдістерді жетілдіру әдістерімен негізделеді. Әрбір әдіс әдістердің функционалды мүмкідіктерін жетілдіретін әрекетті көрсететін пәндік жағынан сипатталады. Оларға: әрекет етуші әдістер тобы - (практикалық әдістер), жаттығу әдістері, ойын әдістері, үйрену әдістері; іс-әрекетті ұйымдастыру әдістер тобы - басқару әдістері, іс-әрекетті басқару әдістері, жағдаятты ортаны құру әдістері; реттеу әдістерінің тобы: мадақтау әдістері, жарыс әдістері, бақылау әдістері, әрекетте белсенділікті реттеу жағдаяттын құру әдістері жатады. Жалпы жұмыс әдістері мен технологиясының арасында ұқсастық болуымен қатар ерекшеліктерін байқауға болады.
1. 3 Оқу орындарындағы әлеуметтік оқытугы жұмысының мазмұныЕлімізде заман талабына орай, әлеуметтік педагогты дайындау ісі Гумилев атындағы Еуразия университеті, Қарағанды педагогикалық институы, Қызылорда педагогикалық институттарында 1991 жылдан басталады.
Қазіргі кезде бұл мамандар 5 жоғары, 3 орта мемлекеттік оқу орнында дайындалыд.
Әлеуметтік педагогтың жұмысы өте ауқымды. Негізгі 3 бағытта жұмыс істеуі абзал:
- Мектептегі жұмыс.
- Мемлекеттік, қоғамдық, қоғамдық емес ұйымдармен жұмыс.
- Оқушының тұрғылықты жеріне байланысты жұмыстар.
Сондықтан бұл қызметке әлеуметтік білімі бар маман болмаса, оның орнына тәжірибесі мол, баланың жан дүниесун түсіне алатын, оның болашағына жауапкершілікпен қарайтын білікті маман жұмыс істеуі тиіс.
Өскелең ұрпақты тәрбиелейтін әлеуметтік тәрбиенің басты мақсаты жас ұрпақты қоғамдық өмірге қатыстыру, жеке тұлғалық қасиетін дамыту және оны қоғамда толық мәнді өмір сүруге дайындау. Үшінші мыңжылдықта тәрбиеге қойылатын талаптардың бірі - басқа адамдарды қолдауға дайын тұтатын, қарым-қатынасты бағалай алатын яғни, коммуникативтік қабілеті дамыған тұлғаны қалыптастыру болса, бұл жұмысқа әлеуметтік педагог та өз үлесін қоса алады деп тұжырымдауға болады.
Әлеуметтік тәрбие баланың біліммен, ағартушылығымен, оқыту және өзін-өзі білімдендіруімен тығыз байланысты.
Әлеуметтік тәрбиені қалай ұымдастыруға бодады? Бірінші міндетотбасыда, мектептегі дағдарыстық жағдайларда тұлғаға индивидуалды көмек баланың физикалық, психикалық және әлеуметтік жағдайын, денсаулығын қалыпна келтіру т. б. міндеттерді қажет етеді.
Баланың қоғамда лайықты өмір сүруіне қажет құқықтарын қорғауды ұйымдастыру дегеніміздің өзі:
- Оның денсаулығын қорғауды ұйымдастыру, сондай-ақ әлеуметтік, физикалық, танымдық және шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру:
- Өз өмірін ұйымдастыруда жасөспірімді өз бетімен шешім қабылдай алуға бағыттау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz