Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ2

І МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ4

1. 1 Сөйлеу қызметтерінің психологиялық сипаттары4

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу тілінің қалыптасуы7

ІІ ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ДАМЫМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ14

2. 1 Жалпы сөйлеу тілі кемістігі14

2. 2 Жалпы сөйлеу тілінің кемістігі бар балаларда лексикалық құрылымның қалыптасуының себептері17

2. 3 Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалардың сөздік қорын дамытудың кейбір жолдары21

ҚОРЫТЫНДЫ27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ29

ҚОСЫМША А31

ҚОСЫМША Б32

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың мақсаты: жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

Зерттеудің міндеттері:

- жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың лексикалық дамуының ерекшеліктерін шетел және отандық әдебиеттерден қарастыру;

- жалпы сөйлеу тілінің кемістігін қарастыру;

- жалпы сөйлеу тілінің кемістігі бар балаларда лексикалық құрылымның қалыптасуының себептерін анықтау;

- сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалардың сөздік қорын дамытудың кейбір жолдарын қарастыру;

Зерттеу нысаны: жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың лексикалық дамуының ерекшеліктері.

3ерттеу пәні: сөйлеу тілі.

Мектепке дейінгі жаста сөйлеу тілі дұрыс дамып келе жатқан балалар мектепке барарда қажетті сөз қоры мен грамматикалық түрлерді меңгереді. Бірақ сөйлеу тілінің түрлі патологияларда, әсіресе жалпы сөйлеу тілі дамымағанда бұл үрдістер тежеліп, сапа жағынан басқа көрініс алады.

Сөйлеу тілінің қызметі баланың психикалық дамуында маңызды рөл атқарады, бұл үрдіс кезінде баланың танымдық қызметі, ойлау қабілеті дамиды. Толық тілдік даму қалыпты қоғамдық қарым-қатынастардың орнауының негізгі жағдайы, ал бұл өз кезегінде баланың қоршаған орта туралы көзқарасын кеңейтеді. Тілді белгілі дәрежеде меңгеру баланың тәрбиесінің қалыптасуына және ұжымда жұмыс істеу әрекетіне жағымды әсер етеді.

Жалпы сөйлеу тілінің кемістігі бұл - қалыпты есту қабілеті мен интеллектісі бар балалардың сөйлеу жүйесінде барлық тілдік компоненттері ауытқыған күрделі тілдік бұзылыстар.

Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде.

Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. Сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады. Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің міндеттері:

  • балалардың сөздік қорларын дамыту;
  • жаңа сөздерді меңгерту;
  • үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет болып табылады.

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде, ойын - баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала ешнәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Әдістемелік және теориялық негіздер.

Біздің зерттеуіміз келесі теориялық базаға негізделген: онтогезде сөйлеу қалыптасудың заңдылықтары ( А. Н. Гвоздев, В. А. Сохин, Д. Б. Слобин, А. М. Шахнарович, Б, Баймұратова, Т. Т. Аяпова) жалпы сөйлеу дамымаудың ерекшеліктері (Р. Е. Левина, Т. Б. Филичева, Г. В. Чиркина, Л. Ф. Спирова, М. С. Жукова, Р. И. Лалаева, В. Г. Петрова), танымдық әрекетінің дамуында сөйлеудің маңызын (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, В. И. Лубовский, А. Р. Лурия) .

І МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 1. 1 Сөйлеу қызметтерінің психологиялық сипаттары

Сөйлеу тілінің қызметі баланың психикалық дамуында маңызды рөл атқарады, бұл үрдіс кезінде баланың танымдық қызметі, ойлау қабілеті дамиды. Толық тілдік даму қалыпты қоғамдық қарым-қатынастардың орнауының негізгі жағдайы, ал бұл өз кезегінде баланың қоршаған орта туралы көзқарасын кеңейтеді. Тілді белгілі дәрежеде меңгеру баланың тәрбиесінің қалыптасуына және ұжымда жұмыс істеу әрекетіне жағымды әсер етеді.

Тіл - ойлау қабілетінің негізінде жүзеге асырылатын және онымен тікелей байланысты жоғарғы психикалық функция.

Сөйлеу тілі екі формаға ажыратылады: сыртқы және ішкі.

Сыртқы сөйлеу тіліне келесі түрлер кіреді: ауызша (диалогтік және монологтік) және жазбаша .

Диалогтік тіл - сөйлеу тілінің ең қарапайым және ең таза түрі - екі немесе бірнеше адамдардың араласуы кезінде пайда болады және сөздермен алмасудан тұрады.

Монологтік тіл - белгілі білімдер мен жағдайларды бір адамның жеткізуі. Монологтік тілге бірізділік пен дәлділік тән, ол ойлаудың байланысын, грамматикалық дұрыс рәсімделуін, айқындылығын қамтамасыз етеді. Монологтік тіл диалогтік тілге қарағанда мазмұны мен тілдік рәсімделуі бойынша күрделі болып келеді және үнемі сөйлеушінің тілдік дамуының жоғарғы дәрежесін көрсетеді. Монологтік тілдің мәселелерімен Глухов В. П. айналысқан болатын.

Монологтік тілдің негізгі үш түрін атап айтуға болады: хабарлау (әңгіме, хабарлама), сипаттау мен пайымдау, олар өз кезегінде композициялық және интонациялық ерекшеліктерге ие түрлерге бөлінеді.

Тілдік ауытқулар кезінде монологтік тіл диалогтік тілге қарағанда үлкен дәрежеде өзгеріске ұшырайды [1] .

Жазбаша сөйлеу тілі - әріптік таңбалар негізінде ұйымдастырылған графикалық рәсімделген сөйлеу тілі. Ол оқырмандардың үлкен шеңберіне қатысты айтылады, жағдайлылығы жоқ және дауыстық-әріптік анализдің тереңдетілген дағдыларын, логикалық және грамматикалық өз ойын дұрыс жеткізуді, жазылғанға сараптама жүргізуді және қарым-қатынас формасын жетілдіруді болжайды.

Жазбаша сөйлеу тілін толық меңгеру ауызша сөйлеу тілінің дамуымен тікелей байланысты. Мектеп жасына дейінгі балада ауызша сөйлеу тілінің даму кезеңінде тілдік материалдың санаға салынбаған өңделуі, дыбыстық және морфологиялық қорлардың жинақталуы жүргізіледі, ал ол мектепке дейінгі жазбаша тілді меңгеруге септігін тигізеді (Р. Е. Левина, 1961ж. ) .

Сөйлеу тілінің ішкі формасы («адамның өз ішінен сөйлеуі») - бұл дыбысы жоқ сөйлеу тілі, бұл адам бір зат туралы ойлап, өзінің ойын жеткізудің жоспарын жасағанда пайда болады. Ішкі сөйлеу тілі құрылымы бойынша предиктивтілігімен, қысқартылғандығымен, сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің болмауымен, яғни фонетикалық рәсімделуі болмаған кезде ерекше синтаксистік құрылымының болуымен ерекшелінеді [2] .

Баланың вербальді дамуының негізінде тілдің коммуникативті функциясы жатыр. Бұл функцияның өз уақытында пайда болуынан баланың жоғарғы дәрежедегі танымы мен тәрбиесінің дамуы тәуелді болып келеді.

Екінші функция ретінде тіл ойлау құралы ретінде көрінеді. Осылайша, тілдің психологиялық бірлігі ретінде тек қарым-қатынас ұстаудың құралы ғана емес, сонымен қатар, ойды жинақтаудың құралы. Заттарды жалпылау арқылы ол абстракцияның қаруына айналады.

Тілдің коммуникативті және жинақтаушы функциясы мыналармен тығыз байланыста қалыптасады: тіл арқылы бала тек қана жаңа мәлімет алып қана қоймайды, оған қоса оны меңгереді. Мұнымен қоса, тіл жоғарғы психикалық қызметтерді басқарудың құралы. Осылайша, қабылдау үрдісіне қосыла отырып, ол оны барынша жалпыланған және дифференциялаған ете түседі; есте сақтайтын материалдың вербализациясы есте сақтағанды саналы түрде ой елегінен өткізуге ықпал етеді және т. б. Қалыпты жағдайда басқарушы функция мектеп жасына дейін толық қалыптасады және баланың мектептегі оқуға ауысуында үлкен мәнге ие.

Л. С. Выготский көрсеткендей, алдын ала жоспарланатын тіл формасы бойынша сыртқы болып табылады, ал одан кейін ішкі сөйлеу тіліне ауысады.

Тілдің басқарушы функциясы дамымаған жағдайда бала ырықсыздығымен ерекшеленеді, ересек адамның нұсқауы оның әрекетін аз бақылайды, бала қандай да болмасын интелектуалдық операцияларды орындауда қиындыққа тап болады, өз қателіктерін байқамайды, алдындағы міндетті жоғалтады, тез көңілі ауытқиды, кері әсерлерді тоқтата алмайды [3] .

Баланың сөздік қорының дамуы бір жағынан оның ойлау жүйесінің және басқа да психикалық үрдістерінің, тілдің барлық компоненттерінің дамуымен тығыз байланысты: тілдің фонетико-фонематикалық және грамматикалық құрылымымен.

Сөйлеу тілі арқылы бала өз түсінігіне жететін заттарды ғана көрсете алады. Осыған орай, баланың сөздік қорында нақты мәні бар сөздер ерте пайда болады, кейінірек - мінезін қалыптастырушы сөздер пайда болады.

Онтогенездегі лексиканың дамуы баланың қоршаған ортаны түсінуімен байланысты. Нақты объектілер мен жағдайлармен, оған қоса ересек адамдармен қарым-қатынас ұстау кезінде баланың қоршаған ортаны тануы тілдік және тілдік емес қызметтердің негізінде пайда болады.

Л. С. Выготский көрсеткендей, баланың тілінің алғашқы функциясы қоршаған ортамен қарым-қатынас орнатуы, хабарлама функциясы. Ерте жастағы балының қызметі ересек адаммен бірге жүзеге асырылады және осымен байланысты қарым-қатынас ұстау жағдайлық сипатқа ие.

Қазіргі кезде психологиялық және психолингвистикалық әдебиеттерде сөйлеу тілі дамуының алғышарттары екі үрдіспен анықталатыны көрсетілген. Мұндай процестердің бірі - баланың тілдік емес заттық қызметі болып табылады, яғни қоршаған ортамен байланысты нақты, сезімдік қабылдаулар арқылы жүзеге асырылады [4] .

Сөйлеу тілінің дамуының екінші маңызды факторы, соның ішінде сөздік қордың байытылуы ересек адамдардың сөйлеу тілі мен олардың баламен қарым-қатынасы болып табылады.

Бала өмірінің бірінші жылының соңы мен екінші жылының басында балаға ауызша қоздыру әсер ете бастайды. Алайда дамудың бұл кезңінде, М. М. Кольцовойдың бақылауынша, сөздер бір-бірінен ерекшеленбейді.

Алғашқы сатыда баланың ауызша қоздыруға әсері бағыттаушы рефлекс күйінде көрінеді (бастың бұрылуы, көзбен тікке қарау) .

Кейіннен бағыттаушы рефлекс негізінде ауызша қоздыруға екінгі реттегі рефлекс пайда болады.

Алдымен баланың жаңа сөздері нақты сөздер мен соған сәйкес келуші сөздер арасындағы тікелей байланыс арқылы пайда болады.

Бала сөздерінің дамуының бірінші сатысы шартты рефлекстер түрінде жүреді. Жаңа сөзді қабылдай отырып (шартты қоздырғыш), бала оны затпен байланыстырады, ал кейіннен оны істе қолданады.

Осылайша, басында бала оны қоршаған адамдардан белгілер алса, ал одан кейін оларды түсінеді, белгілер функциясын ашады.

Әдебиеттерде тілдің қалыпты дамуындағы оның сатылай қалыптасуына ерекше мән беріледі. А. П. Гвоздевтің монографиясында, Г. Л. Розенгард-Пупко, Д. Б. Эльконина, А. А. Леонтьева, Н. Х. Швачкина, В. И. Бельтюкова және т. б. жұмыстарында ерте жастағы балалардан бастап тілдің қалыптасуы нақты жазылған.

Бұл авторлар әр түрлі позициялардан тілдік дамудың сатыларын қарастырады. Мысалы, А. Н. Гвоздев баланың сөз таптарын меңгеру реттілігін, олардың грамматикалық рәсімделуін, сөйлемдердің құрылымын зерттейді. Осыған байланысты ол өзінің даму кезеңдерін ұсынады.

I кезең - аморфты түбір-сөздерден тұратын кезең:

1) бір сөздік сөйлемді жасау мезгілі (1ж. 3 ай. - 1ж. 8 ай. )

2) бірнеше сөз-түбірлерден тұратын сөйлемдердің кезеңі (1ж. 8 ай. - 1ж. 10 ай. ) - бала бір рет ойын білдіруге алдымен 2 сөзді кейін 3 сөзді біріктіреді, яғни баланың тілінде сөйлем пайда болады. Сөздер бір-бірімен интонацяимен байланысады.

II кезең - сөздердің грамматикалық құрылымын меңгеру:

1) сөздердің алғашқы формаларының пайда болу мезгілі (1ж. 10 ай. - 2ж. 1 ай. ) - бала бір сөздің бірнеше нұсқаларын қолдана бастайды (кисаны, қуыршақты, киса жоқ) .

2) сөздердің синтаксистік байланысын білдіру үшін тілдің флексиялық жүйесін қолдану мезгілі (2ж. 1 ай. - 2ж. 6 ай. ) - алдымен түбір мен флексияның қосылысы көрінеді, бұл реттілік, дауысты дыбыстардың шапшаңдығы, супплетивизм болмаған жағдайда көрінеді, кейіннен бала кейбір ережелерді меңгереді.

3) синтаксистік қатынасты білдіру үшін қызметтік сөздерді меңгеру мезгілі (2ж. 6 ай. - 3ж. ) - бала қарапайым көмекші сөздер мен жалғаулықтарды меңгереді, дегенмен көптеген көмекші сөздері қолдану кезінде аграмматизма байқалады.

III кезең - морфологиялық жүйені меңгерудің кейінгі мезгілі (3-7 жас аралығы) - бала грамматикалық формаларды септелуі мен жіктелуіне қарай жүйелейді [5] .

Г. Л. Розенгард-Пупко сөйлеу тілінің қалыптасуының 2 сатысын қарастырады: 2 жасқа дейін - дайындық кезеңі; 2 жас және одан жоғары - сөйлеу тілінің өз бетінше қалыптасу кезеңі [6] .

Қорыта келгенде, сөйлеу тілінің қызметі баланың психикалық дамуында маңызды рөл атқарады, бұл үрдіс кезінде баланың танымдық қызметі, ойлау қабілеті дамиды. Тіл - ойлау қабілетінің негізінде жүзеге асырылатын және онымен тікелей байланысты жоғарғы психикалық функция.

Сөйлеу тілі екі формаға ажыратылады: сыртқы және ішкі.

Баланың вербальді дамуының негізінде тілдің коммуникативті функциясы жатыр. Бұл функцияның өз уақытында пайда болуынан баланың жоғарғы дәрежедегі танымы мен тәрбиесінің дамуы тәуелді болып келеді.

Тілдің басқарушы функциясы дамымаған жағдайда бала ырықсыздығымен ерекшеленеді, ересек адамның нұсқауы оның әрекетін аз бақылайды, бала қандай да болмасын интелектуалдық операцияларды орындауда қиындыққа тап болады, өз қателіктерін байқамайды, алдындағы міндетті жоғалтады, тез көңілі ауытқиды, кері әсерлерді тоқтата алмайды.

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу тілінің қалыптасуы

Бала тілі ересек адамдардың сөйлеуі әсерінен қалыптасады және үлкен дәрежеде бала өмірінің алғашқы күнінен бастап сөйлеу тәжірибесінің жеткілікті болуына, қоршағандардың қалыпты сөйлеуіне және тәрбиелеу мен оқытуға тәуелді.

Сөйлеу туа пайда болған қабілет болып табылмайды, ол онтогенез үрдісінде баланың физикалық және ақыл-ой дамуымен қатар дамиды және оның жалпы дамуының көрсеткіші қызметін атқарады. Баламен ана тілін меңгеруі қатал заңдылықтармен өтеді және барлық балаларға жалпы бірқатар белгілермен сипатталады. Сөйлеу тілі патологиясын түсіну үшін қалыпты балаларда сөйлеу тілі дамуының барлық реттік жолын нақты елестету керек, осы үрдістің заңдылықтарын және шарттарын білу қажет, осыдан оның жақсы дамуы тәуелді.

Бұдан басқа, осы үрдісте бұл немесе басқа ауытқушылықтарды уақытында байқау үшін бала тілі дамуының әр кезеңін нақты елестету керек. Мысалы, 1 жыл 4 айдағы бала әлі сөйлемейді. Бұл қалыпты жағдай ма, жоқ па екенін шешу үшін педагог қалыпты дамыған кезде бірінші сөздер қай уақытта пайда болу керек екенін білу қажет.

Балалардың сөйлеу тілі дамуының заңдылықтарын білу сөйлеу тілі бұзылыстарын дұрыс тексеру үшін қажет. Осылайша, кейбір мамандар 3 жастағы балаларды дыбыстарды айту кезіндегі ауытқушылықтарды жою үшін логопедке жібереді. Ол дұрыс па? Жоқ. Өйткені сөйлеу тілінің қалыпты дамуында да осы жастағы балаларға кейбір дыбыстарды дұрыс емес айтуы тиісті болады. Физиологиялық тіл мүкістігі деп аталатын бұл көрініс толығымен заңға сыйымды және артикуляциялық аппараттың әлі толығымен қалыптаспауымен шартталады.

Онтогенез үрдісінде балалардың сөйлеу тілі дамуының заңдарын білу сөйлеу патологиясын алдын-алу бойынша барлық түзете-тәрбиелеу жұмысты дұрыс құру үшін қажет. Мысалы, сөйлемейтін балаларды (алалиясы бар балалар) оқыту кезінде осыны білу жөн: ең алдымен әр бір балада сөйлеуді түсінуі дамиды, содан кейін ғана ол белсенді сөйлеуді меңгереді. Осыдан, егер мұндай жағдайда белсенді сөйлеуді дамыта бастасақ, онда бұл жұмыс күткен нәтижені бермейді.

Зерттеушілер балалардың сөйлеу тілі даму кезеңдерінің әр түрлі санын бөледі, оларды әр қилы атайды, олардың әр алуан жас шекараларын көрсетеді. Мысалы, А. Н. Гвоздев баланың сөйлеу тілінде әр түрлі сөйлем мүшелерінің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің сан алуан түрлерінің пайда болу реттілігін бақылайды және осының негізінде бірқатар кезеңдерді бөледі [5] .

Г. Л. Розенгард-Пупко бала тілінің дамуында 2 кезең ғана бөлді: дайындық (2 жасқа дейін) және сөйлеу тілінің өзіндік даму кезеңі [6] .

А. Н. Леонтьев бала тілінің дамуында 4 кезеңді белгіледі:

І кезең - дайындық - 1 жасқа дейін;

ІІ кезең - тілді бастапқы меңгеру мектепке дейінгінің алдыңғы кезеңі - 3 жасқа дейін;

ІІІ кезең - мектепке дейінгі кезең - 7 жасқа дейін;

ІV кезең - мектептік - 17 жасқа дейін.

Осы кезеңдердің сипатталуына тоқталайық.

Осымен, І кезең - дайындық (туғаннан бастап 1 жасқа дейін) кезеңі.

Бұл кезең неге осылай аталады? Өйткені осы уақытта сөйлеу тілін меңгеруге дайындығы болады.

Балада туғаннан бастапдауыс реакциялары пайда болады: айқай және жылау. Олар адам сөйлеуіндегі дыбыстардан өте алыс екені рас. Бірақ айқай да, жылау да сөйлеу аппаратының үш бөліміндегі жіңішке және түрлі қозғалыстардың дамуына көмектеседі.

2 жұмадан кейін баланың сөйлеп тұрған адамның дауысына назар аудара бастауын байқауға болады. Ол жылауын қояды, оған қарап сөйлегенде тыңдап жатады. Бірінші айдың аяғында баланы әуенді әнмен (бесік жырымен) тыныштандыруға болады. Әрі қарай ол сөйлеп тұрған адамның жағына қарай қарауға немесе сол адамды көзбен бақылай бастайды. Жақында сәби интонацияға назар аудара бастайды: нәзік дауысқа мәз болады, ал қатты дауысқа жылайды.

2 айға қарай гуілдеу және 3 айдың басына қарай былдырлау пайда болады. Былдырлау - бұл белгілі бір артикуляциясы бар дыбыстардың бірігуі.

Бала 5 айдан бастап дыбыстарды естиді, қоршаған адамдардағы еріннің артикуляциялық қозғалыстарын көріп, еліктеуге тырысады. Белгілі бір қимылдардың көп рет қайталануы қозғалыс дағдысының бекітілуіне әкеледі.

6 айдан бастап бала жеке буындарды еліктеу арқылы айтады (ма-ма-ма, па-па-па және т. б. ) .

Әрі қарай бала еліктеу арқылы сөйлеу тілінің барлық элементтерін ақырындап иеленеді: фонемдерді ғана емес, үнді, қарқынды, ырғақты, әуенді интонацияны.

Екінші жарты жылдықта бала белгілі бір дыбыс тіркестерін қабылдап, оларды затпен немесе әрекетпен байланыстырады. Бірақ осы уақытта ол әлі де әсер етудің барлық кешеніне назар аударады: жағдайға, интонацияға, сөзге. Осының барлығы уақытша байланыстың пайда болуына көмектеседі (сөздерді есте сақтау және оларға реакция) .

7-9 айдағы бала әр түрлі дыбыстардың бірлесулерін ересектердің артынан қайталай бастайды.

10-11 айда сөздердің өзіне реакция пайда болады (жағдайға немесе сөйлеушінің интонациясына тәуелді емес) [7] .

Осы уақытта аса үлкен мағынаны баланың тілі қалыптасып жатқан орта иеленеді (қоршағандардың дұрыс сөйлеуі, ересектерге еліктеу және т. б. ) .

1 жасқа қарай алғашқы сөздер пайда болады.

ІІ кезең - мектепке дейінгінің алдыңғы (1 жылдан 3 жасқа дейін) кезеңі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөздік қорын дамыту мәселелері
Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуі
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорының даму деңгейін анықтау
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу ерекшеліктері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары
Есту қабілеті бұзылған балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Жалпы сөйлеу қабілетінің дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ертегілерді пайдалану жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz