Мультимедиалық технологиялар арқылы оқушылардың креативтігін дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Мультимедиалық технологиялар арқылы оқушылардың креативтігін дамыту»

Орындаған: топ студенті

Ғылыми жетекші:

Астана 2014

ЖОСПАР

Кіріспе3

1 Мультимедиалық технологиялардың педагогикалық мүмкіндіктері және оқушылардың креативтілігі5

1. 1 Ғылыми теориялық тұрғыдан мультимедиалық ұғымдарға анықтамалар беру5

1. 2 Білім берудегі мультимедиалық технологиялардың маңызы7

1. 3 Мультимедиалық технологияларды оқыту жүйесінің принциптері16

2 Мультимедиалық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың креативтілігін дамытудың жолдары22

2. 1 Оқушылардың креативтілігі22

2. 2 Мультимедиалық технологиялардың оқушы креативтігін дамытудағы мүмкіндіктері24

2. 3 Мультимедиалық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың креативтігін дамыту моделі27

Қорытынды37

Глоссарий39

Қолданылған әдебиеттер тізімі40

Қосымша42


Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Қоғам ілгері дамыған сайын білім беру жүйесінің алдына қойған мақсаты білім беруді ақпараттандыру, пәндерді ғылыми - технологиялық негізде оқыту болып табылады.

Сондықтан да мультимедиалық технологиялардың зерттелуі уақыт талабы, себебі мұғалім жаңа технологияларды, алға қойылған педагогикалық мәселелерді сапалы және тиімді пайдалануы қажет.

Компьютерлік технологиялардың ішіндегі оқу үрдісінің қолайлысы - мультимедиалық технологиялар. Бұл дегеніміз ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Ол өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыс істей білуінің бірден бір себебі.

Бүгінде ауыл мектептерінде де компьютер, интерактивті тақта секілді игіліктер жете бастады. Мультимедианы қолдану оқушылардың оқуға деген ынтасын, белсенділігін, қызығушылығын арттырады.

Мультимедиалық технологияларды қазіргі білім беру саласында дер кезінде игеру және тиімді пайдалану өз дәрежесінде жүргізілмеуде. Мұның себептері: 1. Мультимедиалық технологияларды педагогикалық іс - әрекетінде тиімді пайдалана алатын мұғалімдердің аз болуы; 2. Оқу орындарының материалдық - техникалық базасын үнемі жаңа технологиялармен жабдықтап отыру қажеттілігінің ескерілмеуі; 3. Оқу әдістемелік жұмыстардың жаңаша сипатта жүргізілмеуі т. б. жағдайлар себеп болып отыр.

Елімізде орта мектептерді ақпаратты - коммуникациялық тұрғыдан жабдықтау мақсаты іске асырылып келе жатқанымен, сол мақсат - мүдденің қандай қажеттіліктен туындағанына мән берілмей келеді.

Зерттеудің мақсаты: Мультимедиалық технологияларды қолдана отырып оқушылардың креативтігін дамыту жолдарын анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

- Әдебиеттермен танысу;

- Ғылыми - теориялық тұрғыдан мультимедиалық ұғымдарға анықтама беру;

- Білім берудегі мультимедиалық технологиялардың маңызын анықтау;

- Мультимедиалық технологиялардың әдістемелік, педагогикалық мүмкіндіктерін талдау;

- Мультимедиялық технологияларды қолдана отырып оқушылардың креативтігін дамыту жолдарын қарастыру;

- Мультимедиалық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың креативтігін дамытудың моделін жасау.

Зерттеу нысаны: Жалпы білім беретін мекемелерде, оқу тәрбие процесінде мультимедиалық технологияларды пайдалану процесі.

Зерттеу пәні: Бастауыш және орта сыныптарда мультимедиалық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың креативтігін дамытудың жолдары.

Зерттеу болжамы: Егер мультимедиалық технологияларды қолдана отырып оқушылардың креативтігін дамыту жолдары анықталса, онда оқушылардың мультимедиалық сауаттылықтары артады.

Зерттудің ғылыми жаңалығы: - Мультимедиалық технологиялардың әдістемелік, ұйымдастырушылық, техникалық, психо-педагогикалық ерекшеліктері талданады.

- Мултимедиалық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың креативтігін тиімді дамыту жолдарының теориялық және практикалық негіздемесі жасалынады.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Техникалық және кәсіптік орта білім беру оқу орындарының студенттері, мектеп мұғалімдеріне ұсынылады.

1 Мультимедиалық технологиялардың педагогикалық мүмкіндіктері және оқушылардың креативтілігі 1. 1 Ғылыми теориялық тұрғыдан мультимедиалық ұғымдарға анықтамалар беру

Мәтіндік ақпаратпен, графикалы бейнемен, дыбыспен, анимациялы компьютерлік графикамен бір кешенде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы техникалы орталар мультимедия ортасы деп аталады.

Мультимедия (multimedia - көп орталы) - бұл әр түрлі физикалық көрсетілімі бар (мәтін, графика, сурет, дыбыс, анимация, видео) және әр түрлі тасушыларда орналасқан (магниттік және оптикалық дискілер, аудио және видеоленталар) ақпаратты өңдеумен байланысқан компьютерлік технологиялар ауданы.

Мультимедия құралдары - бұл әр түрлі орталарды қолданып (дыбысты, видео, графиканы, мәтінді, анимацияны) адамға компьютермен араласуына мүмкіндік беретін ақпаратты және программалы құралдар комплексі.

Мультимедия жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең қолданылады. Мультимедия технологияларының қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауда және басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиялық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологияларын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.

Мультимедия технологияларын қолдану үйретілетін бағдарламалық қамтамассыздандыру мүмкіндіктерін көрнекті көрсетуіне мүмкіндігін береді, соның ішінде, слайд-презентациялармен көрсету оқытудың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Сонымен, мультимедиялық технологияларды оқу үрдісінде қолдану оқу ақпаратын көрнекті етеді, оны оңай және тез қабылдап меңгерілуіне жол береді.

Интерактивті - inter (бірлесу), act (әрекет жасау) мағынасын білдіреді. Білім берудегі интерактивті технология - сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы Интерактивті тақта - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше интерактивті тақта түрлері бар. Солардың бірі - ACTIVboard (Promethean компаниясы), ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады [1, б. 93] .

Осы техникалық оқыту кешеніне кіретін интерактивті құралдарға тоқтала кетсек. ACTIVstudio-ның көптеген құралдары бар, атап айтқанда, объектілер құратын, арнайы эффектілер енгізетін презентацияда интерактивті элементтерді қолданатын. Бұл құралдарды пайдалану үшін нақты презентацияларда құралдар панелінің көмегі қажет.

ActinPen - бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы. Активті қалам мен «тышқан» құрылғысының арасында өзара байланыстар бар, яғни активті қалам «тышқан» құрылғысының қызметін атқара алады.

Сурет 1 - Мультимедиялық құрылғылар

ACTIVwand. Электронды ACTIVwand нұсқауышының ұзындығы 54 см, тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады.

ACTIVwand нұсқауышы web-бетте жұмыс жасағанда «rollover» және «hover» функцияларын атқаруға өте қолайлы. ACTIVboard интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол", сонымен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал.

ACTIVpanelpro. ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз-ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді.

ACTIVpanelpro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады - бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады. ACTIVslate. Радиопортты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.

ACTIVtablet. ACTIVtablet планшеті қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегінсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік беретін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.

ACTIVote. ACTIVote2 тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпаратты ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote2 қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote2 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.

ACTIVote қолдана отырып, «Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түрінде компьютердің жадында сақтайды. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады.

ACTIVstudio программалық жабдығы Интерактивтік тақта ХХІ ғасырдың сыныптарындағы жұмысты жеңілдетіп, сабақтар, тұсаукесерлер, конференциялар, көрмелер және т. б. құру үшін арнайы құралдарды игеруге мүмкіндік береді.

Интерактивтік оқыту - ақпаратпен алмасуды, оқытуды ұйымдастыруды, әр сабақта оқыту сапасын бағалауды ұйымдастыруға көмектеседі. Интерактивтік тақтаны құрастырушы ағылшын «PROMETHEAN» компаниясы. “Activ studio Professional Edition” оқытушыларға “Activ” - тақтаны пайдаланып, тамаша интерактивтік сабақтарды құруға көмек үшін қолайлы аспап ретінде шығарылған болатын. Егер мониторда өзіңіз көріп тұрғаныңызбен және осы басшылықтағы бейнелер арасында кішкене айырмашылықтар болса, мазаланбаңыз, осында сипатталған негізгі ерекшеліктер, өзгеріссіз қалады [2, б. 49] .

Интерактивті тақтамен жұмысқа кіріспес бұрын, ең алдымен мыналарға көз жеткізу керек:

- компьютеріңіздің қосылып тұрғанына;

- жұмыс панелінде иконканы көрінгеніне, егер ол пайдаланылса, онда интерактивті тақта калибрленген.

1. 2 Білім берудегі мультимедиалық технологиялардың маңызы

Мультимедиялық құралдар білім беруді қазіргі заман талаптарына сай оқушының қажеттіліктері мен оқып-үйрену ерекшеліктерін ескере отырып икемдеп түрлендіруге зор мүмкіндік береді. Сапалы жасалып, дұрыс қолданылған мультимедиялық оқу құралдары оқушының пән мазмұнын игеруін әлдеқайда жеңілдететіні сөзсіз.

Бүгінгі мектеп оқушылары алдыңғы буын түлектеріне ұқсамайтыны сөзсіз. Оның бір себебі олар - “сандық дәуірдің перзенттері”. Аталған ұғымды ең бірінші болып футурист Марк Пренски сандық технологияларға есейе келе бейімделген буын мен өмірге сол технологиялармен бірге келген жас буын арасындағы айырмашылықты түсіндіру үшін қолданған болатын.

Қазіргі кезде дүниежүзінде ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланушылар арасында мектеп жасындағы балалардың саны тез өсіп келеді. Сондықтан да технологияларға негізделген құралдардың қазіргі мектеп оқушыларының күнделікті өмірінің ажырамас бір бөлігі болып отырғанын атап айтуға болады. Бұл кей кезде балалар сөйлеу тілінен бұрын технологиялардың тілі мен табиғатын ерте меңгеретінін де көрсетеді. Сондықтан да болар оқушылар мектепте де өздеріне жақсы таныс технологиялардың қолжетімді болғанын қалайды. Бұл үрдістің Қазақстандағы көрінісіне тоқталмай-ақ, еліміздегі мектептердің компьютерлермен жабдықталуы және интернетке қосылу мәселесі жалпы шешімін тапқанын атап өтейік.

Сонымен қатар жалпы еліміздегі интернеттің таралуы да қарқынды жүріп келеді. Байланыс және ақпарат министрлігінің жоспары бойынша, 2015 жылы Қазақстан тұрғындарының 100 пайызы кең жолақты инернетке қосылу мүмкіндігіне ие болады . Компьютерден басқа да интернетке кіру мүмкіндігі бар құралдар қатары көбейген сайын, мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің интернетке деген қызығушылығы ерекше тез өсіп келеді. Қазіргі кезде кез келген оқушының қалтасынан табылатын ұялы телефондар интернетке жол ашатын негізгі құралға айналып отыр. Әлемдегі интернетті ең белсенді пайдаланушылардың басым бөлігі 5-18 жас аралығындағы жеткіншектерден құралған. Алайда, өкінішке орай, қоғам өмірін тез өзгертіп келе жатқан осындай жаңалықтар білім беру саласы мамандарының назарынан тыс қалып келеді.

Уақыт өткен сайын технологиялар ықпалының артуы мен адам миының ақпаратты қабылдап, сақтау ерекшеліктерін ескере отырып жасалған оқыту әдістемелері жаңа замандағы білім берудің негізгі қозғаушы күшіне айналмақ.

Адам миын зерттеушілердің сөзіне қарағанда, біз ақпартты екі бағытта - көру және есту арқылы қабылдаймыз. Мағлұмат осы екі бағытта қатар берілген жағдайда адам миы көбірек мәлімет қабылдап, оны тез қорыта алады. Оқушыға арналған ақпаратты осындай күйге келтірудің ең ыңғайлы жолы - қазіргі технологияға негізделген мультимедия болмақ.

Зерттеушілердің айтуынша, адам миының мүмкіншіліктері шексіз, бірақ оның сыры әлі де ашыла қоймаған. Десек те, мидың ақпаратты қалай қабылдап, қалай қорытатыны, жалпы алғанда, мамандарға мәлім. Ғалымдардың айтуынша, жаңа ақпараттың мидағы мәліметтер қорына енуі бірнеше сатыдан тұратын күрделі үдеріс. Атап айтқанда, бұл процесс мәліметтерді қабылдау, оларға зейін қою, іріктеу, жүйелеу және өзара байланыстыру кезеңдерінен тұрады.

Осы сатылардан өткен ақпарат ұзақ мерзімді жадыға орнығып, біртұтас жүйе құрайды. Мидың осындай жүйе құра білу қабілеті адамның есту, көру және оқу арқылы жинақтаған ақпараттарын өзара байланыстырып, білім қорына айналуына мүмкіндік береді.

Қабылданған ақпарат ұзақ мерзімді жадыға жетіп орнықпаса, ол көп ұзамай жойылуға бейім болады. Сондықтан білім алу дегеніміз адамның ұзақ мерзімді жадындағы өзгерістер, яғни оның толығуы деп сипаттауға болады.

Ақпарат жоғарыда аталған сатылардын өтіп, ұзақ мерзімді жадыға орнықпас бұрын, қорыту жадына түседі. Қорыту жадының мүмкіндіктері шектеулі, ол шағын көлемдегі мәліметті аз ғана уақыт бойы сақтай алады. Джорд Миллердің осы тақырыпқа арналған зерттеуіне сүйенсек, адам миы бір мезетте жеті түрлі мәліметті ғана қабылдап өңдеуге қауқарлы екен. Сондықтан 20 секунд ішінде өңделіп, ұзақ мерзімді жадыға түспеген мәліметтің есте (ұзақ уақытқа) сақталуы екіталай.

Қорыту жадының өзі ақпаратты бірнеше арна арқылы қабылдап, өңдейді. Зерттеушілер пікірінше, ақпарат негізінен есту және көру мүшелері арқылы қабылданады. Есту мүшесі құлақпен қабылдаған ақпаратты, ал көру мүшесі көзбен көрген ақпаратты өңдейді. Ал мәтін түрінде қабылданатын ақпарат мида өзгеше жолмен өңделеді. Мәтіндер әуелі көру мүшесі арқылы қабылданып, кейін есту арқылы іштей дыбысталып өңделеді.

Зерттеушілердің пайымдауынша, адам миы көру арқылы келген ақпаратқа қарағанда, есту арқылы келген ақпаратты жеңіл қортады. Десек те, есту және көру мүшелерін қатар пайдалану - мидың қабылдап өңдей алатын ақпарат көлемін едәуір арттыра алады. Адам миына тән мұндай ерекшеліктердің (көп мағлұматты тез арада қорыту) білім беру саласында ескерілуі аса маңызды. Сондықтан, мидың табиғаты мен мүмкіндіктерін ескермей дайындалған әдістемелердің тиімділігінің төмен болуы да әбден түсінікті.

Сатылай өтетін күрделі үдерістерден (сызба) соң ақпарат қорыту жадынан ұзақ мерзімді жадыға енгізіледі. Егер келген ақпаратты жүйелейтін жоғарыда аталған сызба мида біріздендірілмеген болса, ақпаратты қорыту кідіріске ұшырап, қорыту жадында ақпаратты қорыту үшін жаңа сызба жүйесі жасалады [3, б. 74] .

Егер ақпарат нашар жүйеленсе немесе түскен ақпарат әртүрлі болып, сызбаға сәйкес келмесе, қорыту жады ақпараттың бір бөлігін (шамалы бөлігін) ғана өңдей алады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін игерілуге тиіс ақпарат пен түскен ақпаратты бірлікте қатар жүйелендіру ұсынылады.

Ақпаратты өңдеу және мультимедиялық оқыту құралдары

Сонымен біздің мультимедиялық оқыту құралдары арқылы қабылданатын ақпараттың мида өңделуіне қатысты қорытындымыз төмендегідей болмақ:

1. Тиімді мультимедиялық құралдар қорыту жадының ақпаратты өңдеу мүмкіндігінің шектеулі екендігін көрсетеді.

2. Тиімді мультимедиялық презентациялар (көрсетілімдер) мазмұнды жеткізу үшін қорыту жадындағы есту және көру арналарының артықшылықтарын пайдаланады.

3. Тиімді мультимедиялық құралдар көру және есту арқылы қабылданған мәтінді өңдеу белгілі бір қиындықтарға соқтыратындығын көрсетеді.

4. Мультимедиялық құралдармен берілген тиімді презентациялар ұзақ мерзімді жадыға орнығар алдында ақпаратты ыңғайлы сызба арқылы жүйелейді. Қолданыстағы сызбаны пайдалану арқылы немесе оқушылардың жүйелендіруіне тиімді әдіспен берілген ақпарат оқушылардың ұзақ мерзімді жадына орнығуына оңтайлы болады.

Тиімділігі жоғары, үздік мультимедиялық оқыту құралдары мидың ақпаратты өңдеу қабілетінің мүмкіндіктерін ескере отырып жасалатынын атап өтуге болады.

Қазіргі кезде мультимедиялық құралдардың тиімділігі неде екендігін түсіндіретін зерттеулер саны артуда. Төменде мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы оқытудың ең маңызды қағидалары анықталып, олардың оқушыларды тиімді оқытуға қаншалықты ықпал ететіні туралы зерттеулерде айтылып жүрген кейбір мәселелер беріледі.

Сөзбен ғана берілген мәтінге қарағанда, сөз және суреттермен берілген мәтін әлдеқайда тиімді

Мультимедиялық құралдарды оқытуда пайдаланудың маңызды қағидаларын толық және жан-жақты сипаттаған зерттеуші, осы саланың жетекші мамандардың бірі - Ричард Майер: «Тек сөзді ғана пайдаланумен салыстырғанда, адамдар сөздер мен суреттерді пайдаланған кезде тиімдірек үйренеді» - деп дәйектеп, сөздерге жазбаша және ауызша мәтінді, ал суреттерге статикалық графикалық суреттерді, анимацияны және видеоны қосады. Осыған дейінгі зерттеу еңбектерінің тұжырымдары сөздерді де, суреттерді де пайдалану мидың қорыту жадында ақпараттың көбірек өңделуіне мүмкіндік беретіндігін дәйектейді.

Осы негіздемені кеңейткен Майер мен оның әріптестері сипаттау мен видеоның сипаттау мен мәтінге қарағанда тиімдірек екендігін айтады. Сол сияқты сипаттау, видео және мәтінге қарағанда, сипаттау мен видеоның тиімділігі жоғары. Сипаттау мен мәтін ақпаратты өңдеудің бір ғана бағытына негізделген. Мультимедиялық құралдарды пайдаланған мәтіндік презентациялардың сипаттамаға негізделген презентациялармен салыстырғанда тиімділігі төмен болуы мүмкін.

Естеріңізде болса, оқыту үдерісі үшін ақпарат қорыту жадынан табысты түрде ұзақ мерзімді жадқа ауыстырылуы керек. Мультимедиялық мазмұнды ақпарат қорыту жадының түрлі арналары арқылы тиімді түрде ұзақ мерзімді жадыға енгізіліп, жоғалмау ықтималдығын арттыруы мүмкін. Мысалы, анимация мен сипаттама арасындағы теңдікті сақтай отырып (мүмкіндігінше мәтінді аз қолдану арқылы) жасалған презентация тиімді болмақ.

Оқушылардың назары бөлшектерге бөлінбей бір жерге жинақталған кезде мультимедиялық құралды пайдаланып оқыту тиімді

Оқушылардың назары бөлшектерге бөлінбеген кезде ғана мультимедиялық оқыту құралдары тиімді болып саналады. Оқушылар экранда бір-бірінен алыс тұрған ақпараттарға қараған кезде, олардың назары бөлшектерге бөлінеді. Мысалы, мазмұнды сипаттайтын суретті бейне мен мазмұнның өзі экранда бір-бірінен алыс тұрса немесе кезең-кезеңмен екі жеке нүктеде ұсынылатын болса.

Қысқаша айтқанда, суретті бейне мазмұнымен бірге ұсынылса, оқушының қабылдауына жеңіл тиіп, оқыту тиімдірек болады (Майер, 2005) . Мазмұн суретті бейнесімен бірге ұсынылмаған болса, оқушының назары бөлшектерге бөлінеді. (Алдыңғы абзацта айтылған ой тағы қайталанған) Мұндай жағдайда кезең-кезеңмен қабылданған ақпаратты үйлестіру үшін миға салмақ түседі.

Сурет пен оның мазмұнының бір мезгілде бірге ұсынылуы дәл осы сурет пен мазмұнның кезектестіре берілуіне қарағанда әлдеқайда оң әсерін тигізеді. Мысалы, оқушыларды оқыту барысында әуелі сипаттаманы, кейін анимацияны (немесе анимация, содан кейін сипаттаманы) беру тәртібімен салыстырғанда бірге ұсынылған сипаттама мен анимация дұрыс нәтиже көрсетеді [4, б. 93] .

Экранда бір-біріне жақын орналасқан (немесе бір-біріне ілескен) мәтінді суреттері бар мультимедиялық қосымшалар бір-бірінен алыс орналасқан мәтіні бар суретті қосымшалармен салыстырғанда тиімдірек болып табылады.

Мәтінге қосылған видео немесе графикалық ақпараттар суреттерге жақын берілуі тиіс. Біртұтас, жинақы тұрған ақпаратты оқитын оқушылар осы ақпараттың бөлшектерге бөлінген нұсқасын оқитын оқушылармен салыстырғанда ақпаратты жеңіл қабылдап, тез түсініп, игеріп алады. Біріктірілген күрделі үлгілер (мысалы, ақпаратты бір экранда ұсыну) жеке мультимедиялық үлгіге қарағанда ұтымды болмақ (мысалы, ақпаратты экранда және жеке парақ қағазда ұсыну) .

Мультимедиялық мазмұнды ұсынуда артық және сәйкес емес ақпараттың болмауы маңызды.

Зерттеулер қорытындысы бойынша, мультимедиялық құралдар арқылы оқыту барысында маңызды және оқу мақсаттарына сәйкес мазмұн берілген жағдайда ғана оқыту сәтті маңызды болмақ. Калюга, Чандлер және Свеллер сияқты зерттеушілер мультимедиялық құралдарды пайдаланған презентацияға артық және тақырыпқа қатысы жоқ ақпарат берілмеген кезде оқушылардың көп материалды игергендіктерін жазады.

Мидың ақпаратты өңдеу мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, тақырыпқа қатысы жоқ ақпаратты азайту арқылы үйрену үдерісін тиімді етуге болады. Мидың мүмкіндіктерін бөтен ақпаратқа «жұмсау» оқытуға зиянын тигізеді, сондықтан оны оқу мақсаттарына сәйкес келетін нақты ақпараттарға жұмсау керек. Мультимедиялық құралдарды дайындаушылар мен пайдаланушылар осы негіздемені басшылыққа алса, оқыту құралының тиімділігі арта түсер еді.

Мультимедиялық презентацияда мәтінмен бірге, ақпарат мазмұнының алдында және соңында ұсынылатын, оқыту барысында мультимедиялық мазмұнды дайындау, күшейту немесе кеңейту мақсаттарында берілетін қосымша ақпараттар үлкен маңызға ие.

Мультимедиялық оқыту интерактивті және оқушы тарапынан қадағаланса, оның тиімділігі де жоғары болады.

Әр оқушының ақпаратты қабылдау жылдамдығы әртүрлі. Зерттеулер қорытындысы презентация барысын қадағалап, ілесіп жүре алатын оқушылардың әлдеқайда көп ақпаратты игеретіндігін көрсетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Corel Draw графиктік редакторында құжатпен жұмыс
Кіші жас оқушыларының креативтігін дамытудағы педагогикалық қолдау
Математиканы оқытудағы жаңа технология
Ағылшын тілін оқытудағы модульдік оқыту әдісі
Қашықтықтан оқыту тәсілі
Медиатехнологиялар арқылы оқушылардың құзыреттіліктерін дамыту тәжірибесі
Жаңа педагогикалық технологияларды география сабағында қолдану
Модульдік оқыту технологиясының құрылымын анықтау
Бастауыш сынып математикасын оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдану
Модульдік технология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz