Қазіргі ағылшын тілі терминологиялық жүйесін толықтырудағы неологизимдердің рөлі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Қазіргі ағылшын тілі терминологиялық жүйесін толықтырудағы неологизимдердің рөлі»
»
Орындаған: топ студенті
Ғылыми жетекші:
Астана 2014
ЖОСПАР
Кіріспе3
1 Қазіргі ағылшын тіліндегі «неологизм» түсінігі және терминологияның мәні5
1. 1 Терминология түсінігі5
1. 2 Тіл бірлігі ретіндегі неологизмнің ерекшеліктері12
1. 3 Неологизмдердің жасалу жолдары17
1. 4 Неологизмдердің жіктелуі мен функциялары25
2 Ағылшын тілінің терминологиялық жүйесінің толықтырылуындағы неологизимдердің рөлі30
2. 1 Қазіргі заманғы терминологиялық жүйенің толықтырылуының салалары30
2. 2 Терминологиялық жүйенің толықтырылуындағы неологизмдердің алатын орны34
Қорытынды43
Қолданылған әдебиеттер тізімі46
КіріспеҚоғам өміріндегі өзара қарым-қатынастың ең басты құралы болып саналатын тілді әлеумет әрдайым өте жоғары бағалап, оның өзгеріс, өрістеріг жіті қадағалап отырады. Тіл қоғамдық құбылыстың бірi ретінде сол қоғам тіршілігін айнаға түсіргендей өрнектейді.
Қоғам қашан да қозғалысқа, өзгеріске, дамуға бейім тұрады. Осыған орай тіл де дамиды. Бірақ тілдің даму деңгейі оның барлық қабатына бірдей тән емес. Оның белгілі бір қатпары өзгеріс, өріске онша көне бермейді (мәселен, тілдің грамматикалық категориялары, дыбысталу жүйесі т. т. ) . Ал оның қайсыбір қатпарлары жаңалықка, соны мағыналық ұғым, түсініктер әкелуге бейім тұрады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, дамыған, жетілген тілдің басты көрсеткіштерінің бірi оның терминдік жүйесінің саралануы болып табылады. Тілдің қоғамдық қызметі арта түсті, дамыды деп ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеге жетсек, осыны айтқызатын, алдымен, терминологиялық лексика.
Неологизмдер - бұл қазіргі тарихи кезеңге тән түгелімен жаңа лексикалық бірлік.
Неологизмнің ең басты белгісі көптеген тілдердегі сөздердің жаңа түрі. Сөздер неологизмдік қасиетін көп уақыт сақтай алмайды. Жаңа сөзіміз белсенді қолданысқа түсе бастағаннан өзінің жаңа қасиетінен айрыла бастайды, яғни бірте-бірте жаңалық кейпін жойып, жалпы тілдік сөз ретінде лексика жүйесіне енеді. Қазіргі уақытта ай бетіндегі жүруші, космодром, радар, ракета-тасушы, бағдарламалау сияқты сөздерді неологизмдер деуге болмайды. Өйткені бұл сөздер өзінің тарихи кезеңінде жаңа сөз деген атқа ие болғанымен, қазіргі уақытта тіл қолданысына еніп, қарапайым сөздер қатарына ауысқан. Көптеген ағылшын лексикографтары қазіргі уақытта «окказиональды» деп аталатын неологизмдерді қолданып жүр, яғни олардың мағынасы өзгеше немесе аяқ астынан айтылған немесе қолданылған сөздер дегенді білдіреді.
Неологизмдер мен жаңа сөздердің жасалуына қатысты уақытша белгілерді объективті түрде анықтауға болмайды, сондықтан да жоғарыда айтылғандардан ұғатынымыз - неологизм түсінігі уақытқа байланысты өзгергіш, сөздер қашан өзінің жаңалық кейпін жоғалтпайынша неологизм сөздер болып қала береді.
Қазіргі ағылшын тілінде жаңа сөздердің пайда болуының көптеген әдістері бар, олардың қатарына жаңа сөз өнімділігі, сөз құрау, конверсиялық (өзгерту), қысқарту, адьективизациялық, субстиантивтік (бір есімнің екінші есімге айналуы), кері сөз құрылымы, лексико-семантикалық тәсіл, дыбыстардың кезектесуі және сөздегі екпіннің ауыстырылуы (фонологиялық тәсіл) және т. б. Бірақ, аталған тәсілдердің барлығы да бірдей қолданыла бермейді және әрқайсысының өзіндік сөзқұрылым процесіндегі салмақтары бірдей емес. Жаңа сөз өнімділігі мен сөз құрылым сияқты тәсілдер жаңа сөз құраудың негізгісі болып табылады.
Осы орайда, зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазіргі ағылшын тілі терминологиялық жүйесін толықтырудағы неологизимдердің рөлін анықтау .
Курстық жұмыстың мақсаты: Неологизмдердің жалпы мәні мен жасалу жағдайларын талдай отырып, қазіргі ағылшын тілі терминологиялық жүйесінің неологизмдердің көмегімен толықтырылуының негіздерін талдау.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- қазіргі ағылшын тіліндегі «неологизм» түсінігінің мәнін ашу;
- тіл бірлігі ретіндегі неологизмнің ерекшеліктерін зерттеу;
- неологизмдердің жасалу жолдарын қарастыру;
- неологизмдердің жіктелуі мен функцияларын анықтау;
- қазіргі ағылшын тілі терминологиялық жүйесін толықтырудағы неологизимдердің рөлін айқындау.
Зерттеу нысаны қазіргі ағылшын тілі терминологиялық жүйесін толықтырушы неологизмдер болып табылады.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік басылымдардағы мақалалар қолданылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазіргі ағылшын тіліндегі «неологизм» түсінігі және терминологияның мәні 1. 1 Терминология түсінігіҚоғам өміріндегі өзара қарым-қатынастың ең басты құралы болып саналатын тілді әлеумет әрдайым өте жоғары бағалап, оның өзгеріс, өрістеріг жіті қадағалап отырады. Тіл қоғамдық құбылыстың бірi ретінде сол қоғам тіршілігін айнаға түсіргендей өрнектейді.
Қоғам қашан да қозғалысқа, өзгеріске, дамуға бейім тұрады. Осыған орай тіл де дамиды. Бірақ тілдің даму деңгейі оның барлық қабатына бірдей тән емес. Оның белгілі бір қатпары өзгеріс, өріске онша көне бермейді (мәселен, тілдің грамматикалық категориялары, дыбысталу жүйесі т. т. ) . Ал оның қайсыбір қатпарлары жаңалықка, соны мағыналық ұғым, түсініктер әкелуге бейім тұрады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, дамыған, жетілген тілдің басты көрсеткіштерінің бірi оның терминдік жүйесінің саралануы болып табылады. Тілдің қоғамдық қызметі арта түсті, дамыды деп ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеге жетсек, осыны айтқызатын, алдымен, терминологиялық лексика.
Термин ретінде мұны біліп қолданатындар да бар, термин екенін сезбей қолданатындар да бар. Тілдің медениетіне ойысатын мәселенің бұл жағы әлi зерттей тусуді тілейді. Сөйтіп, кім қалай қолданса да, термин сөздердің әлеумет өмірінің қатынас құралындай қажетін қамтамасыз етіп отырғаны даусыз. Яғни терминсіз қолданыс болмайды, терминсіз ғылыми ой-пікірді өрбітуге болмайды. Оның қанат жайғаны соншалық, қоғам өмірінің қандай саласында да қазір терминсіз күн кешу мүмкін емес. Ал арнайы лексиканың аумағын саралап, оның ғылыми анықтамасын беру оңай ic емес екені мәлім.
Ғылыми-техникалық, революция кезеңінде мәселенің бұлайша қарастырылмауы мүмкін де емес, өйткені терминологиялық, лексика, әсіресе қоғамдық табиғат және техника ғылымдары тіл бұл кезеңде өзгеше даму жолына түсіп, соған байланысты неше алуан күрделі проблемаларды алға тартады. Міне, сондықтан ұғымдар жүйесін тіл материалы арқылы жабдықтайтын терминология кез-келген ғылым саласының, қисындық мазмұнын жасайтын негіз деп аталуға хақысы бар. Ендеше, терминология дегеніміз ғылым тілi болып шығады.
Қоғам дамуын ілгерілете түсудің бірден-бір тиімді жолы ғылыми-техникалық прогресс болып отырған жағдайда, қоғамдық ғылымның үлесіне тиер шаруа аз емес. Іскерлік, жауапкершілік, білгірлік, білімдарлық„ шапшандық, қабілеттілік талабы күшейген қазіргі кезең, әсіресе, тілдің ең күрделі де бай қатпары - терминологиялық лексиканы реттеуді қажет етеді, өйткені ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне сүйену арқылы экономика мен әлеуметтік шаруаны жеделдете түcyi, бір есептен, сол жетістіктерді дұрыс өрнектеуге тиіс тілдің терминдер жүйесінде де тікелей байланысты деп түсіну керек [1, б. 89] .
Мәселенің бұл жағына келгенде, әрбір тілдің өзіне тән міндеттері айқын. Кеңес заманында өзгеше өpic алып, дамыған тілдер қатарына қосылған қазақ тілінің терминологиясы түбегейлі зерттеліп, оның барлық мәселесі жан-жақты қарастырылды, дәйекті шешімін тапты деп қазір айта кету киын. Рас, әдеби тілдің халықаралық сипатын танытатын терминдер жүйесін жасап, қалыптастыруда кезеңдік қажеттілікті өтеген, практикалық, рөл атқарған әрекеттер болды. Алайда оның ғылыми-теориялық мәселелері әлі түбірлі де терең зерттеуді керек етеді. Бүкіл қоғамдық өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістер болып жатқан қазіргі кезеңде сол өзгерістерге лайықты қызмет етуге, соны айна-қатесіз, нақпа-нақ білдіруге тиісті құрал - тіл десек, оның ішінде терминологиялық лексиканың жөні мүлде бөлек.
Термин қатарына қандай сөздер жатқызылатынынан жұртшылықтың жалпы мағлұматы болғанмен, бұл салада да түсінісер жайт көп. Оның анықтамасына келгенде, мәнін, құрамын анықтау, жасалу принципі туралы әр алуан түсінік бар. Енді әңгіменің осы жағына ойысалық. Ең алдымен, кеңес тіл білімпаздарының біразы бұл мәселе жөнінде сонау 20-30-жылдардың өзінде-ақ ой толғап, оның мән- мазмұны, ғылым, білім игеруде жасайтын септігі жайында еңбектер жазған. Алдымен соларды еске алалық.
Сонымен, термин және терминология дегеніміз не? Оны сөздік құрамның өзге қабатынан қалай ажыратуға болады? Негізгі белгілері қандай? Біз бұл жұмысымызда осы ұғымға байланысты туатын сұрактардың бәріне бірдей жауап береміз деп айта алмаймыз. Тек күні бүгінге дейін ғылыми әдебиетте орныға бастаған кейбір пікірлерді ғана саралап, салғастырып өтпекпіз. Терминологиялық лексиканы зерттеуде және оның қоғам үшін мәнін, маңызын анықтауда А. А. Реформатскийдің, В. В. Виноградовтың, А. Н. Баскаковтың, Г. В. Степановтың, С. Г. Бархударовтың, О. С. Ахманованың, И. Ф. Протченконың, В. И. Сифоровтың, Ю. А. Дешериевтің, К. М. Мусаевтың, Р. А. Будаговтың, Л. И. Скворцовтың, В. П. Даниленконың, Т. С. Коготкованың, Т. С. Канделакидің, АВ. Суперанскаяның, Б. З. Букчинаның, В. Ф. Журавлевтің, И. Н. Волковтың, Б. О. Орузбаеваның, М. Ш. Гасымовтың, Т. Бертагаевтың т. б. зерттеуші ғалымдардың рөлі ерекше болды.
Бұл жайында туркология ілімінде де біраз әңгіме қозғалды. Оның ішінде өзіндік пікір өрбіткендері де бар. Атап айтқанда, АБайтұрсынұлы, қазақ, турколог тілшілepi: Қ. Жұбанов, Н. Т. Сауранбаев, САманжолов, Э. Т. Қайдаров, М. Балақаев, Ш. Ш. Сарыбаев, А. Әбдірахманов, Р. Өркенова, С. Исаев т. т.
Термин жайында бүкіл туркология, оның ішінде қазақ тіл білімінде, сондай-ақ, орыс лингвистикасының өзінде де осыған тоқайық дейтін бәтуәлі пікір, тұжырым тізгінін ұстау қиын. Оның не екенін, лексиканың қай тобьша жататынын елдің бәрi білгенімен, негізгі, басты белгілерін ажыратып, тануда әркилы түсінік бар. Оған берілетін анықтаманың өзі де ала-құла.
Ал "термин" деген ұғымның өз басына келер болсақ, әлі күнге бұл жайында бірынғай пікір қалыптаса алмай келеді. Мына еңбекте қабылданған көзқарас бойынша, «Термин - бұл арнаулы қолданыс саласындағы ғылыми немесе өндірістік-технологиялық ұғымның атауы болып табылатын және дифинициясы (тиicтi ұғымның анықтамасы) бар сөз немесе сөздер тipкecі». Ұсынылып жүрген анықтамалар біріңғай емес. Принципінде кез келген сөз термин бола алады, бірақ, ол оның ерекше қызметіне (функциясына) байланысты. Өндіріс жағдайында терминдер белгілі бір адамдар (мамандар) тобының өзара қарым-қатынас құралы есебінде пайдаланылады. Яғни олар маман ортада, арнаулы әдебиетте қолданылады.
Кәсіби терминология әдетте белгілі практикалық, мұқтаждыққа, күнделікті қажеттілікке орай пайда болады. Әдеби тіл мен оның функционалдық стильдері пайда болмастан бұрын кәсіби лексика өзінше табиғи түрде жасалып отырады, кейде тіпті оның әрқилы жергілікті (терминологиялық) нұсқалары да қабаттаса жүреді. Арнаулы әдебиеттердің пайда болуы сөздік құрамның бұл саласының дамуына жаңа бір леп қосады, яғни дамудың басқаша арнасына түседі.
Термин жөнінде ғылыми және анықтағыш еңбектерде түрлі мәліметтер береді. Тиянақты түйін мен дәл анықтамалар беруге тырысатын энциклопедиялық сөздіктерге үңілгенде мынаны байқадық.
"Термин - рим мифологиясында шекара құдайы, Т. - терминалдар құрметіне арналған мейрам" дегенді меңзейді екен. Сонымен бірre термин - шекара, шек деген ұғымды білдіретін латын сөзі. Бұл - 1980 жылы Мәскеуде жарық көрген бір томдық, "Советский энциклопедический словарь" деген еңбекте берілген анықтама.
Терминология мәселесімен айналысқан ғалымдардың қай-қайсысы да, ең алдымен, оның мазмұны мен мәнін ашьш, анықтамасын айқындап беруге тырысьш отырған. Әcipece бұл проблеманы лингвистер тереңірек қарастырып келді. Мысалы, бұл жайында О. С. Ахманова енбегінен мынадай жолдарды оқуга болады: "Термин (ағыл. ) дегеніміз - арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды дәл белгілеу үшін жасалған (қабылданған, енген және т. б. ), тілдегі арнайы (ғылыми, техникалық т. т. ) сөздер мен сөз mipicecmepi".
Сонда бұл келтіріп отырған екі анықтаманың өзара аздаған ғана айырмасы болғанмен, негізінен, бір тектес екенін көреміз. Термин болатын сөздің шегі, шеті, шеқарасын анықтау керек дегенді меңзейді. Яғни оның өзге сөздерден айырмасы оның мағынасының шектеулі болатындығында дегенді білдіретін тәрізді.
Бұл екі сөздікте "терминология" ұғымына да анықгама берілген. Энциклопедияда берілген анықтамада терминологияның белгілі бір ғылым, техника салалары мен өнер түрлері терминдерінің жиынтығы екеніне мән береді. Ал О. С. Ахманованың сөздігінде осы айтылғандарға ұоса мұның реттеуге, жөндеуге мейлінше көнбіс лексиканың ерекше қабаты екенін баса айтылады. Шынында, лексиканың өзге үйірлеріне қарағанда, мұның саналы әрекет арқылы реттеуге мүмкіндігі мол екенін дәлелдейтін деректерді ғылымның кез-келген саласынан ойып алуға болады [2, б. 67] .
Ал Д. Э. Розенталь мен М. А. Теленкова терминнің жоғарыда айтылған белгілеріне қоса, бір мағыналылығына мән береді. Яғни тілдегі сөздердің біразы көп мағыналы болып келсе, термин болатын сөздердің олардан негізгі айырмашылығы - жалқы мағыналылығында деп түйеді. Әрине, бұл да термин сөздің табиғатын нақтылай, анықтай түсетін басты белгілердің бірi екені даусыз.
Термин мәселесімен тікелей айналысқан қазақ ғалымы, белгілі лингвист Қ. Жұбанов мемтерминком бюллетенінің 2-санында бұған былай орысша-қазақша анықтама береді:
"Термином называется специфический вид определенных словесных обозначений, передающих определенные понятия, установленные на данном этапе развития науки и революционной практики, причем передаваемое термином терминологическое понятие может не совпадать со словарным значением, которое присуще данной словесной величине в обыденной жизни ".
Бюллетеннің келесі санында (№3) дәл осы ойын ол былай деп қазақша түсіреді:
"Белгілі бір ұғымдарды білдіретін қарақшылы (qaraqcili) сөздер болады, сөздерді әлгіндей ұғымдарға - ғылым мен революция жағы қандай сатыда тұрса, міне, осы екеуі теліп отырады; сонымен қатар термин сөзінің терминдік ұғымы мен күнделікті тіршілікme қолданылатын жай сөздік мағынасы басқа болуы да мүмкін".
Проф. Қ. Жұбанов терминнің өзіндік өзгешелік сипатын дұрыс түсіпбеушіліктен кеткен қателерге назар аударады. Мысалы, ол аударуға болмайтын терминдердің (психология, коммунист, геометрия) аударылуын (жан жүйесі, ортакшыл, пішіндеме) қате санайды. Мұның негізі себебі терминдердің терминдік мағынасы емес, лексикалық, мағынасына мән беруден дейді. Яғни әңгіме бұл жерде бір тілден екінші тілге аударуда немесе қабылдауда, ең алдымен, көңіл қойылуга тиісті шарт - оның терминдік мәні болу керек екендігінде.
"Терминология" терминінің өзін жете түсінбей, оның нендей мағынаны білдіретінін дәл танымай тұрып, бұл туралы ғылымда жүйелі ойлар өрбіту қиын. Бұл ұғым, жалпы, ғылымда әр түрлі ыңғайда түсіндіріледі. Қалыптасқан пікір бойынша, жоғарыда әңгіме болғандай, "терминология ", ең алдымен, тілдің арнайы лексикасының даму заңдылықтарын тексертетін ғылым саласы, сонымен бірге ол ғылым мен техниканың жеке салалары терминдерінің жиынтығы.
Көптеген пікірлер ағынына қарағанда, терминология ғылымы шеңберінде мынадай мәселелер қарастырылып, шешім табуға тиісті:
- ғылыми-техникалық, ұғымдардың классификациясы, ұғымдар мен ұғымдар жүйесінің арасындағы байланысты анықтау;
- ұғымдар анықтамасын құру;
- терминдерді талдап, іріктеп түзу;
- терминдер жүйесін жасау.
Терминдердің қай сөз табынан жасалатынын анықтауда жекелеген фактілерге ғана сүйеніп, қорытынды жасау дұрыс емес. Мұны теориялық тұрғыдан қарастырған лазым [3, б. 98] .
Терминді екі түрлі құрылымдық типтерге, яғни олардың құрылымдық болмысын eкі ыңғайда бөліп қарауға болады: тілдік және тілдік емес деп. Бұлар белгілі бір терминологиялық жүйенің құрамына ене отырып, бір-бірмен ерекшеленетін де жері бар (әcipece сапалық ерекшелігі жағынан) .
Тілдік терминдер былайша жіктеледі.
I. Термин сөздер (терминдік мәндегі сөздер) .
Бұлардың өзін бірнеше топқа бөліп қарау керек:
а) Tүбір тұлғалы терминдер: бал, бас, газ, йод, бор, лак, өт, алтын т. б. ;
ә) туынды түбір терминдер: жазушы, бастауыш, баяндауыш, тракторшы, көрермен, қондыргы, ecipmкi, көрме т. б. ;
б) күрделі термин (сложные термины) : үшбұрыш, екітілділік, темір-бетон, радиоактивтілк т. б. ;
в) қысқарған күрделі терминдер. Мұның өзін бірнеше топқа бөлуге болады:
- буын қысқарту арқылы бірiктipin жасалған терминдер. Мұнда көбінесе екі сөздің басқы буындары біріктіріледі: колхоз, совхоз, обком т. б. ;
- аралас типті күрделі терминдер. Бұлар, әдетте, бір сөздің басқа буынын не сол сөзда тұтас басқа бір сөздердің басқа дыбыстарымен біріктipy арқылы жасалады: райпо - районное потребительское общество, сельпо - сельское потребительское общество, райфо - районный финансовый отдел т. б. ;
- қысқартылған сөздерден жасалған аббревиатуралар: ГЭС, ВЦСПС, СОКП, БЛКЖО, МТС т. б.
II. Сөз тipкeci түріндегі терминдер.
а) еркін тіркесті терминдер. Мұның құрамындағы әрбір компонент жеке тұрып термин бола алады. Ол басқа терминологиялық сөз тіркесінің қатарына eнyi де ықтимал. Мысалы, күкірmmi азот, азотты алюминий. Кеңес Одағы, Коммуниста партия, еңбекші бұқара, Жазушылар одағы т. б. ;
ә) еркін емес тіркecтi терминдер, яғни бұлайша тіркескен терминдер құрамындағы сөздердің бәpi бірдей жеке тұрып термин бола бермейді. Олар діл осы тіркесін түрінде ғана терминдік қызмет атқарады. Мысалы, қызыл бұрыш, ақ отау, қара топырақ, қызыл әскер, азат ел, сұрапыл соғыс т. б. ;
б) фразеологиялық терминдер: ежелгі заман, көне тіл, абсолют шама, абсолютті ақиқат, үлкен жол, сырт niшiн, азамат соғысы, қызу жұмыс, азаматтық құқық, балалар бақшасы, рухани тәрбие, замана тынысы, ерте дүние тарихы, рухани мәдениет, хайуанаттар дүниесі, табиғат заңы, даңғыл жол, алтын ғасыр, алтын қор, тарихи кезең, тарихи уақиға, құрмет тақтасы, ақыр заман; ipi басылым, қайта құру, қоғамдық құрылыс, қоғамдық даму, ортақ ic, ашық хат, бірінші орын, саяси күрес, саяси қайраткер, соңғы хабар, жұмыс күні, жұмыс столы, бақыт құсы, com iсі, салтанатты мәжіліс, оқу жылы, арнайы тапсырма, жомарт табиғат, айқын мысал [9, 58 б. ]
III. Тілдік емес терминдерге неше түрлі таңба белгілер, графикалық, символдар, математикалық, физикалық, химиялық, формулалар мен цифрлар жатады.
Әдетте, адамзат ойы табиғи тілдерсіз көрініс беруі мүмкін емес. Барлық саяси, идеологиялық, экономикалық, эстетикалық, мәдени жене ғылыми мұқтаждықтың бәрін өтейтін - осы табиғи тіл. Бұл - дамудың өзгеше сипатымен өлшенетін құбылыс. Тіл де дамуға тәуелді. Tiл дамуы лексика саласында айқынырақ аңғарылады. Ол тілдерде мәдени жене ғылыми байлықтар жасалып, қорлана түскен сайын, тілдердің лексика-фразеологиялық құрамының ішінде терминология қоры молая, байи түспек.
Біз оның әдеби тілдің функционаддық жүйесін құрайтынын көреміз. Бұл жайында В. П. Даниленко: "Ғылым тілі, бір жағынан, жалпы халықтық тілге қарағанда, шеңбері шектеулі ұғым, өйткені оған жалпыхалықтық, тілге катысты нәрсенің бәpi бірдей ене бермейді. Ғылым тіліне жалпыхалықтық тіл қасиетінің бәрі бірдей тән бола алмайтындықтан, ол бір жағынан, сол жалпыхалықтық тілге қарағанда, анағұрлым тар ұғымда беріледі. Екінші жағынан, әдеттегі кәсіби қатынастан тыс ғылыми ұғымдарды білдіретін арнайы терминологиясы бар ғылым тіл жалпы әдеби тілге қарағанда анағұрлым кең ұғымды білдіреді.
Терминология әдеби тілдің бір тармағы ретінде сол әдеби тіл нормасы мен ережесіне бағына отырып, сөзжасам (термин жасау) және сол норманы кодтау жағынан өзіне ғана тән өзіндік ерекшеліктерін де байқатады. Кейде өзінен-өзі жасалып жататын кәдімгі тілдік құбылыстардан ерекше саналы әрекет негізінде, яғни ұжым еркімен болатын да құбылыс. Ол сөзжасам процесінің қай-қайсынан болса да осынысымен ерекшеленеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz