Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары»

Орындаған: топ студенті

Ғылыми жетекші:

Қарағанды 2013

ЖОСПАР

Кіріспе3

1 Фразеологизмдер5

1. 1 Фразеологизмдер түсінігі және олардың мәні5

1. 2 Фразеологизмдердің жіктелінуі7

1. 3 Фразеологизмдердің зерттелуі9

2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерттеу12

2. 1 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің қолданылу ерекшеліктері12

2. 2 Ағылшын тіліндегі фразеологиялық бірліктердің олардың қазақ тіліндегі эквиваленттерімен салыстыру16

Қорытынды26

Қолданылған әдебиеттер тізімі28

Кіріспе

Бүгінгі таңда ұлттық құндылықтарымызды қайта қалыптастыру, жандандыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру - тіл саясатының маңызды бағыттарының бірі саналады.

Ұлтаралық қатынастар үйлесімділігін, халықтар достығы мен бірлігін нығайтуда егеменді еліміз бар күш жігерін салуда. Мұның өзі тілдерді дамытуға, сайып келгенде, мемлекеттік тілді өркендетуге келіп тіреледі.

Сонымен бірге, соңғы жылдары төл тілімізді генетикалық және типологиялық жағынан мүлдем алшақ тілдермен салыстыра-салғастыра зерттеу мәселесі де тіл білімінде кеңінен өркен жаюда. Фразеологизмдердің жаңа ұғым, түсініктермен көбейіп, қалыптасуы сол ұлт тілінің даму ерекшеліктерінің және ұлт мәдениетінің танымдық қасиетін көрсетеді. Бірі түркі, бірі герман тілдері тобына жататын қазақ және ағылшын тіддерінің ұлттық-мәдени ерекшеліктерін тауып, олардың бір-бәрінен ұқсастық немесе бір-бірінен айырмашылық дәрежесін анықтауға, ұлттық нақыштарын тереңірек түсінуге болады.

Фразеологизмдер ұлттық мәдениетті мынадай жағдайларда сипаттауы мүмкін:

1 Кешенді, яғни тұрақты тіркесер компоненттері тұтасып келіп, идиомалық мағынаға ие болғанда.

2 Ұлттық-мәдени ерекшеліктер фразеологизмдерді құраушы компоненттер қатарынан көрінеді.

3 Фразеологизмдердегі ұлттық мәдениет өзінің прототипі - еркін тіркестер арқылы да берілуі мүмкін.

Тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйінге сыйғыза отырып, халықтың сана-сезім, салт-дәстүр, мәдени-тұрмыс тарихын бейнелейтін фразеологизмдерді оқып-танымайынша, тіл байлығын, тіл ерекшелігін толық түсіну мүмкін емес.

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдер ауызша және жазба тілде стильдік мақсатта қолданылады. Тіларалық фразеологиялық сәйкестіктерді зерттеу ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің қалыптасуы мен сипатын, лексика-семантикалық ерекшеліктерін анықтап, мағыналарына байланысты тақырыптық топтарға топтастыру, яғни олардың лексика-семантикалық сипатын айқындау - бүгінгі күн талабы.

Фразеологизмдер шыққан тегі еркін сөз тіркесінен өзгеше. Фразеологиялық тұрақтылық дегеніміз - тіркестің мағынасының астарлы, образды болуы, бүтін тұлғаға ғана тән болуы. Фразеологизмдердің туу себебі фразеологиялану процесі болып табылады. Нәтижесінде сөз тіркесі түгелдей жаңа, туынды мағынаға ие болады, дайын күйінде қолданылатын тілдік материалға айналады. Көптеген фразеологизмдер ағылшын-қазақ тіларалық фразеологиялық қорында семантикалық жолмен жасалынған. Ағылшын тіліндегі: Keep one’s nose to the grindstone - мұрнынан шаншылып жүру. Екі тілдеде мағынасы «жұмыстан қолы босамау» деген ұғымды білдіреді. Тағы да, Be in smb’s pulse - тамырын басу - «ақырын пікір, сыр тартып көңілін бөлмек болу» деген мағынада қолданылады. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмнің аспан денелеріне табынудан пайда болған түрлері кездеседі: Be born under a lucky star - бақытты жұлдыздың астында туу, believe in one’s star - өзінің тағдырына сену. Қазақ тіліндегі аспанға табыну дәстүріне байланысты пайда болып, қалыптасқан фразеологизмдер: «көк, аспан, тәңір, құдай» сөздері арқау болған: құдай жарылқады, тәңірі қолдады, жұлдызы оңынан туды, аспанымыз ашық болсын т. б.

Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің қалыптасуына әдеби тілмен қатар терминологиялық және кәсіби лексика негіз болған. Мысалы, ағылшын тіліндегі talk shop - «көпшілік жерде жұмыс жайлы сөйлеу» мағынасын білдіреді, яғни «shop» - «шеберхана» ұғымында қолданылады. to turn face about - «көзқарасын (мінезін) күрт өзгерту» мағынасын білдіреді. Әскери терминалогия бойынша «солға шыр айналу» деп аударылады екен. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің пайда болып, қалыптасуынан әрбір тілдің өзіндік ерекшеліктерін байқауға болады: Move heaven and earth (жер мен көкті жылжыту) қазақ тіліндегі баламасы «айды аспанға шығару», яғни таң қалдыру ұғымын береді. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің қалыптасуына ертегілер, аңыз-әңгімелер, эпостық жырлар негіз болған. Ағылшын тіліндегі тұрақты тіркестер, идиомалар көбінесе ертегілерде, жай және құрмалас сөйлемдерде көп қолданылады.

Осы орайда, зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазіргі қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің қолданылу ерекшеліктерін анықтау.

Курстық жұмыстың мақсаты: Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің мағыналық, жасалу жақтарынан зерттей отырып, қазақ тіліндегі фразеологизмдермен салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

  • фразеологизмдер түсінігі және олардың мәнін ашу;
  • фразеологизмдердің жіктелінуі мен зерттелуін қарастыру;
  • ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерттеу;
  • ағылшын тіліндегі фразеологиялық бірліктердің олардың қазақ тіліндегі эквиваленттерімен салыстыру

Зерттеу нысаны қазақ және ағылшын тіліндегі фразеологизмдер болып табылады.

Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік басылымдардағы мақалалар қолданылды.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Фразеологизмдер 1. 1 Фразеологизмдер түсінігі және олардың мәні

Фразеологизм - семантикалық (ішкі мағыналық) жағынан бір-бірімен байланысқан сөз тіркестерімен сөйлемдердің ортақ атауы. Өздеріне формасы жағынан ұқсас синтаксистік құрылымдардан ерекшелігі: сөздердің белгілі бір тұрақталған лексика грамматикалык құрылымдағана айтылатын ойта сәйкес болып, сол сөздің бастапқы жеке мағынасының жалпы заңдылыктарына бағынбауында. «Фразеологизм» термині әртүрлі типтегі бірнеше тіркестерді камтиды. Олар: атауыш қызметінде қолданылатын идиомалар (ізін суытпай, ақ қарга) ауыз әдебиетінде қалыптасқан мақалдар мен мәтелдер және жеке адамдардың авторлық немесе белгісіз әдеби шығармалардан алынған, немесе ауызша айтылған қысқа нұсқалы нақыл сөздер. Фразеологизмнің негізгі және әмбебаб қасиеттері сез мағынасының басқа мазмұнда қабылдануы немесе лексика грамматикалық транспозиция, сөз тіркесіндегі тұрақтылығымен қайталануы. Көпшілігі мақалдар мен мәтелдер және қанатты сөздерге жататын фразеологизмлық сөйлемдер мен тұрақты тіркестердің коммуникативтік қызметі диктум және модус (логикалық бағыт) деген мазмұндарға бөлінеді, сонымен бірге семантикалық екі жақтылык арқылы айқындалады.

Фразеологизм - фразеологиялық бірлік, фразеологиялық оралым, сөйлемде дайын күйінде қолданылатын мағынасы жағынан тұтас сөз тіркестер, құрамы мен құрылысы тұрақты, бөлшектеуге келмейтін лексикалық бірлік.

Семантикалық тұрақты байланыста болатын сөйлемдер мен сөздердің тіркесуі. Фразеология синтаксистік құрылымнан ерекше болады. Фразеологизмдер негізгі және универсалды қасиеттері - мағынаның болуы мен семантикалық транспозициясы тұрақтылығы және қайталануы.

Кесте 1. Фразеологизмдердің түрлері

Түрлері
Мысалы
Түрлері: Идиомалар
Мысалы: Ит арқасы қиянда, жабулы қазан жабулы
Түрлері: Мақал-мәтелдер
Мысалы: Жақсы бала ата-анасын төрге сүйрейді, жаман бала ата-анасын көрге сүйрейді
Түрлері: Фразалар
Мысалы: Ну орман, кең дала, асқар тау
Түрлері: Қанатты сөздер
Мысалы: Адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі (Абай Құнанбаев)
Түрлері: Штамптар
Мысалы: Айтуға келгенде, қал-қалай

Фразеология - phrasis - орам, logia - ұғым, ілім деген грек сөздерінен жасалған термин. Бұл атау негізінен екі түрлі мағынада қолданылады, яғни біріншіден, тілдегі тиянақты сөз тіркестерін қазіргі және тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімінің бір саласы дегенді, екіншіден, белгілі бір фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Сондықтан да болар фразеологизмдер көкейге қонымды, ықшам, ұтқыр да, ұтымды сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жатады. Сөз өрнектерінің басым көпшілігі халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына байланысты туындаған десек те болады. Олардың құрылымын, тілде қалыптасу кезеңдерін, тұрақтылау негіздерін зерттеу, этнос өмірімен астасып жатқан мызғымас тұтастығымен, этнолингвистикалық, экстралингвистикалық факторларымен қызықтырады [1, б. 52] .

Фразеологизмдерге образдылық, астарлық тән, сөз тіркесі өздерінің тура мағынасында жұмсалмайды, ауыспалы мағынасында қолданылады.

Тіл - тілдің өзіне лайық ұлттық қасиеті оның барлық ярустарынан байқалады. Сөз байлығын тексертетін тіл білімі саласы лексикология дейтін болсақ, сөз байлығын тексеретін тіл білімі саланы фразеология деп атауға болады.

Адам өз сөзінің арасында жеке сөздермен қатар, тұрақты тіркестерді де жиі қолданады. Ал тұрақты тіркестер - ғасырлар бойы қалыптасқан ана тіліміздің тілдік қазынамаларымыздың бір тобы. Тұрақты сөз тіркестері поэтикалық образды сөздер болып табылады.

Фразеологизмдердің бір сөздің орнына жүретінін, мағына тұтастығын, құрамының тұрақтылығын, сөйлеуге дайын қалпында кіретінін есте ұстау қажет. Фразеологизмдер тілдің бөлінбес бір бөлшегі. Өзінің көнеленуі жағынан да мағына тұрақтылығы мен стиль тұрғысынан да өздеріне тән ерекшеліктері бар.

Бір сөз етіп отырған фразеологизмдердің жалпы тіл жүйесіндегі ролі, сөйлеу процесіндегі атқарар қызметі көп жағдайда осы стильге ойысып отырады. Осының нәтижесінде сөз, сөз тіркестері, сөйлем өрісі кеңейіп отырады. Сөйлеушінің айтпақ болып отырған. Тыңдаушы мен оқырман қауымға жатық та түсінікті болу үшін фразеологизмді сөйлеуші не жазушы стиль жағынан әр саққа жүгіртіп, шебер қолдануға тырысады. Фразеологизмдердің сан салалы типтерін орынды қолданғанда ғана сөйлем сазына, тіл жүйесіне, сөйлеу практикасына нұқсан келтірмейтін болады. Стильдік тұрғыдан пайдаланудың бір қыры сөзді мәнерлеп сөйлеуге байланысып жатыр. Стиль өлгенді тірілтіп, өшкенді жандыратын дүние.

Фразеологизмдердің өзіне тән қасиеттері:

1 Дайын тілдік бірлік ретінде жұмсалады;

2 Жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады;

3 Мағына бірлігі сақталады;

4 Екі сөзден кем болмайды.

Фразеологизмдердің қай-қайсысы болмасын бәрі ең алғаш халықтық сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан.

Тіл тілдің өзіне лайық ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан байқалатыны белгілі. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық көрінеді. Сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын лексикология дейтін болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін саланы фразеология деп атауға болады.

Әр тілдің заңдары, өзіне лайық ерекшеліктері бар: оларды зерттейтін фонетика, морфология, синтаксис, лексика, семасиология тәрізді ярустары, яғни тараулары бар. Фразеологизмдер бұрынды-соңды еңбектерде, көбіне, осы лексика тұрғысынан зерттеліп келгенін жоғарыда айттық.

Фразеологизмдер - тіл ішінде өз заңдылықтарына сәйкес өмір сүретін айрықша категория. Олардың әр алуан ірілі-ұсақты ерекшеліктері мен айырым белгілерін саралай зерттейтін дербес пән - фразеология.

Фразеологизмдердің семантикалық жүйесі жайында мынаны айтуға болады. Тіл иесі - халықтың басынан өткен, өмір шындығына сай туған сан-салалы фразеологиялық бірліктер әлеуметтік, шаруашылық, діни т. б. факторлар ағынымен пайда болған. Олардың құрылым жағынан қалыптасуында, компоненттерінің тіркесу амалдарында нақтылы бір заңдылығы болатыны тәрізді фразеологизмдердің мағына тұрғысынан саралануында да тиянақты тәртіп, жүйе бар. Бұлай болудың себептері өзінен-өзі түсінікті. Өйткені олар әлеуметтік жағдайға жанасып, өз заманының талабына лайық туып жатады. Бұл талай дәуірден елес беретін фразеологизмдер тіл қорынан мықтап орын теуіп, әрдайым жұртшылық кәдесін өтеп отырады [2, б. 95] .

Сонымен, фразеологизм деп - фразеологиялық бірлік, фразеологиялық оралым, сөйлемде дайын күйінде қолданылатын мағынасы жағынан тұтас сөз тіркестер, құрамы мен құрылысы тұрақты, бөлшектеуге келмейтін лексикалық бірлікті айтамыз.

Семантикалық тұрақты байланыста болатын сөйлемдер мен сөздердің тіркесуі. Фразеология синтаксистік құрылымнан ерекше болады. Фразеологизмдер негізгі және универсалды қасиеттері - мағынаның болуы мен семантикалық транспозициясы тұрақтылығы және қайталануы.

1. 2 Фразеологизмдердің жіктелінуі

Шарль Балли (1865 - 1947) фразеология ғылымының негізін салушы болып табылады, өйткені ол өзінің «Француз стилистикасы» еңбегінде сөз тіркестерінің жүйеленін келтірді. Ол өз еңбектерінде сөз тіркестерінің төрт типін көрсетеді: 1. Еркін сөз тіркестері (les groupements libres) ; 2. Жай тікрестер (les groupments usuels) ; 3. Фразеологиялық қатар (les series phraseologiques) . Бұл тіркестер компоненттердің қайта топталуына мүмкіндік береді; 4. Фразеологиялық бірліктер (les unites phraseologiques) деп - сөздер жеке тұрып мағынасын жоғалтса да, бірігіп қолданылысында бір мағынанын білдіретін сөздер.

Кейіннен тіл маманы жай тіркестер мен фразеологиялық тіркестерді қайта қарастырып, олар жалпы тіркестердің негізі деген тұжырымға келді. Осылайша, Ш. Балли тіркестердің екі түріне келіп тоқтады: 1. Еркін тіркестер мен 2. Фразеологиялық бірліктер. Жалпы алғанда барлық тіркестер жаңа мәнге ие, оны ғалым химиялық қосылыстармен салыстырады, яғни жеке қолданысында аз мәнге ие болып, ал бірге қолданысында бұл фразеологиялық бірліктер көркем сөздің сипатына ие [12] .

Академик В. В. Виноградов фразеологизмдерді семантикалық сәйкестігі көзқарасымен топтастырады. Белгілі болғандай, фразеологизмдер еркін сөз тіркестерінің үйлесуінен пайда болады, олар ауыспалы мағынасында қолданылады. Біртіндеп, олардың жеке мағыналары жойылып, күнделікті қолданыста олардың тұрақты тіркестер күйіндегі түрі қолданылады. Фразеологизмдердің мағыналарының қаншалықты ауыспалы болуына байланысты акад. В. В. Виноградов оларды үш түрге бөледі: «фразеологиялық тұтастықтар, фразеологиялық бірліктер және фразеологиялық тізбектер».

Фразеологиялық тұтастықтар мүлдем бөлінбейтін тұрақты тіркестер, олардың жалпы мағынасы құрамындағы жеке сөздердің мағынасына тәуелсіз: to kick the bucket (разг. ) - иілу, өлі; to rain cats and dogs - жауын жауу (жаңбыр) ; to be all thumbs - қолағай болу. Фразеологиялық тұтастықтар олардың компоненттерінің ауыспалы мәндерінің негізінде пайда болды, кейіннен бұл бұл ауыспалы мағыналар қазіргі ағылшын тілінде түсініксіз болып кетті. Фразеологиялық тұтастықтартың әр түрліліге тарихи жағынан ғана ашылады. Мысалы, to be all thumbs түсінігі one’s fingers are all thumbs дегенді білдіреді, ол тарихи өзгерістерге ұшыраған. Фразеологизм Kilkenny cats көрініп тұрғандай, Kilkenny мен Irishtown қалалары арасындағы XVII ғасырдағы соғыстар туралы сөзден қалған.

Фразеологизмге тән үш түрлі ортақ белгі болғанымен, бұлар бір-бірімен әрдайым ашық ажыратыла бермейді. Бұл белгілер, әсіресе мағына тұтастығы, біреуінен ап-айқын көрінсе, екіншісінен көмескі, үшіншісінен өте солғындау болып кездеседі. Сондықтан фразеологизмдерді түр-түрге бөліп топтастыру тіл біліміндегі ең күрделі де қиын мәселелердің бірінен саналады.

Зерттеушілердің бір тобы тұрақты тіркестердің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың ара қатынасына қарай жіктеп бөлсе, екіншілері құрылым-құрылысы жағынан, үшіншілері атқаратын қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады.

Сонымен, қазақ тілі фразеологизмдеріне терең, әрі жан-жақты сипаттама жасаған және болашақ зерттеулерге бағыт-бағдар берген І. Кеңсебаев фразеологизмдердің үш басты белгісіне (тұлға тұрақтылығы, мағына тұтастығы, қолдану тиянақтылығы) сүйене отырып ең негізгі үлкен екі топқа бөледі:

1. фразеологиялық тұтастық;

2. фразеологиялық тіркес.

Бұл еңбектерде фразеологизмдердің негізі белгілері анықталып, оларды семантикалық және грамматикалық тұрғыдан талдап топтастыру қаралады.

К. Аханов қазақ тілі фразеологизмдерін В. В. Виноградов классификациясына сүйене отырып, семантикалық тұрғыдан:

1. фразеологиялық тұтастық;

2. фразеологиялық бірлік;

3. фразеологиялық тізбек;

4. фразеологиялық сөйлемше деп топтастырады [3, б. 89] .

Орыс тілі білімінде В. В. Виноградовтың классификациясын негізге алып бөледі. Қазақ және ағылшын тіл білімінде де осы классификацияны бірден -бір етіп келе жатырмыз және олар:

1. фразеологиялық тұтастық (phraseological fusions) ;

2. фразеологиялық бірлік (phraseological unities) ;

3. фраеологиялық тізбек (phraseological collocations) болып, негізінен үш топқа бөлінеді.

К. Аханов: Фразеологиялық тұтастық деп бөлініп ажыратылмайтын, беретін мағынасы жағынан құрамындағы сынарладың мағынасымен мүлдем байланыспайтын, әбден бітісіп, тұтысып кеткен томаға тұйық тіркестерді айтамыз - дейді. Мәселен, мұрнынан шаншылып жүр, мұрнына су жетпеді дегеннен қолы тимеді, бұрылуға мұршасы болмады дегенді немесе ағылшын тілінде: to let the cat out of the bag дегеннен сыр шашу, немесе аңдамай сөйлеу дегенді түсінеміз.

Бұл мағына осындағы үш сөздің тұтас жиынтығынан келіп шығады. Түйдек ішіндегі жекелеген талдау жасап, бірін екіншісінен бөліп алуға көнбейді. Фразеологиялық тұтастық жеке сөздердің тұтас жиынтығынан пайда болғанымен, олар іштей түрлі бөлшектерге бөлінбей, іс-әрекетті, сапа мен белгіні, зат пен құбылысты бір бүтін атау ретінде көрсетіп бере алады.

Фразеологиялық бірлікке Л. Аханов мынандай анықтама береді: «Мағынасы жағынан ажыратылмай, тұтасымен бір бүтін мағынаны білдіретін, бірақ сөз тіркестерінің бір бүтін мағынасы лексикалық сыңарлардың мағыналарының бірігіп тұтасуынан тұрақты фразеологиялық сөз тіркестері». Бұлардың лексикалық мағынасы толық сақталған сөздерден бірігіп, тіркестің бүтін мағынасы сөз тізбегінің мағынасымен астарлас, образды, астарлы болады. Мәселен, ескі жараның аузын ашты дегеннен өткенді қайта қозғады, ұмытып кеткенді еске салды дегенді түсінеміз. Ал ағылшын тілінде: to give a person a blacklook - ашулы немесе ала көзбен қарау. Бұл фразеологиялық мағынаның жасалуына, сөз жоқ, ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағынасы негіз болған [4, б. 72] . Кейде фразеологиялық тұтастық пен арасында айырмашылық байқалмай тұратын фразеологизмдер бар. Мұндағы ескертетін нәрсе тұрақты тіркес мағынаның тек көнелуіне байланысты түсіну керек. Мысалы: ит басына іркіт төгілу - «ағыл-тегіл, молшылық». Сырт тұлғасы жағынан фразеологиялық бірлікке ұқсас, мағынасының тым көмескіленуінен фразеологиялық тұтастыққа да ұқсас. Жалпы алғанда фразеологиялық тұтастықтар мен фразеологиялық бірліктер сөздерге жанамалық қатыста жұмсалуына орай, көбіне бір топқа біріге береді. Мәселен, орыс тіл білімінде мұндай құбылысты Н. Шанский идиомалар немесе орамдар деп атайды. Қазақ тілінде де фразеологияның бұл екі тобы бір-біріне өте жуық тұрақты сөз тіркесі деп қарастырады. Фразеологиялық тұтастық пен фразеологиялық бірліктер фразеологиялық тізбектерден семантикалық табиғаты мен құрылымы жағынан өзгелешеленеді.

Фразеологиялық тізбектер дегенімізге тоқталатын болсақ. «Мағынасы жағынан құрамындағы сөздердің мағынасымен байланысып, тіркесу тұрғысынан орнығып тұйықталған сөз тіркестері». Тілде сөздердің тіркесу қабілеті бірдей десем, қайсы бірі кез келген сөзбен тіркесіп, белгілі бір ұғымды білдіруге бейім болса, енді бірі аз ғана сөздермен одақтасып, сонымен ғана тіркеседі. Тұрақты сөз тіркестерін сөздер тобы ғана жасайды. Кез келген сөз тұрақты сөз тіркестерін жасай алмайды. Мысалы: бота көз, қоян жүрек, тоң мойын, жел аяқ т. б. Ағылшын тілінде: white crow, a bosom friend т. б [5, б. 89] .

Фразеологиялық тізбектің құрамындағы ерікті мағынадағы сөз сан алуан сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілеті болса, фразеологиялық туында мағынадағы сөз бірді екілі сөзбен ғана шектеліп қолданылады. Мысалы: көк бет, қысыр көз деген фразеологиялық тізбектің құрамындағы бет (жалпы бет, сопақ бет) сөз (аз сөз, бұрыс сөз, көп сөз) деген қыруар сөздермен тіркесіп қолданыла берсе, фразеологиялық мағынадағы көк сөзі бет сөзімен, сөз қысыр сөзімен ғана тіркеседі.

Фразеологиялық тізбектің сыңарларының бастапқы мағынасы онша ашық та айқын болғанымен, солғын тартып сезіліп тұрады. Мысалы: көз ұшында, көз жеткісіз, көзін тырнап ашқалы, көзі тірісінде т. б.

1. 3 Фразеологизмдердің зерттелуі

Соңғы жылдары халықаралық, тіларалық қатынастың дамуына байланысты құрылымы жағынан да мүлдем алшақ тілдерді салғастыра зерттеу тіл ғылымында дәстүрге айналып келе жатыр. Салғастыра зерттеу барысында екі тілдің өзіндік құрылымдық және жүйелік ерекшеліктері мен ұқсастықтары айқындалады. Сондай-ақ тіл табиғатында осы уақытқа шейін зерттеушілер назарынан шет қалған кейбір құбылыстардың сыры ашылып, осы кезеңге дейін қалыптасқан тұжырымдар басқа қырынан зерделенуі, тілдің өзіндік сипаты айшықталуы да әбден мүмкін. Ал сайып келгенде, әртиптес тілдердегі фразеологизмдерді салғастыра зерттеу де өзіндік тұңғиық сыры бар қиындығы да мол күрделі жұмыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдер
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктер (салғастырмалы талдау)
Тұрақты сөз тіркестері
Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің тілде қалыптасуы және қолданылуы
Фразеологиялық бірліктердің топтастырылуы
Мақал - мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі
Қазақ тіліндегі жылқы ұғымының ағылшын тіліне аудармадағы сипаты
Жылқы концепциясының көркем аудармаларда берілу жолдары
Ағылшын-қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің лингвомәдени аспектісі
Ағылшын тілінен орыс тіліне мақал-мәтелдерді аударудағы лексикалық мәселелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz