Сын есімнің семантикалық және граматиқалық сипаты


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Сын есімнің семантикалық және граматиқалық сипаты»

Пәні: Қазақ тілі

Орындаған: топ студенті

Ғылыми жетекші:

Қарағанды 2013

ЖОСПАР

КІРІСПЕ3

1 СЫН ЕСІМНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ5

1. 1 Сын есімнің зерттелуі5

1. 2 Сын есімнің шырыай категориясы12

2 СЫН ЕСІМНІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАРЫ22

2. 1 Сапалық сын есімдердің семантикасы. 22

2. 2 Қатыстық сын есімдердің семантикасы29

ҚОРЫТЫНДЫ33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 35

КІРІСПЕ

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуымен байланысты қоғамдық өмірдің көптеген саласында өрісінің кеңейіп, жан-жақты атқарар қызметінің өсе түскені белгілі. Осы ретте тілдің дамып, өркендеу барысында сөз мағынасы мен оның даму заңдылықтарын арнайы қарастырудың мәні зор. Өйткені тілді адамдар арасында қарым-қатынас жасаудың құралы деп танысақ, сөздер сөйлем құрамында өзара семантикалық, синтаксистік үйлесімде айтылғанда ғана белгілі бір ақпаратты жеткізе алады. Сөз мағынасы өзге сөздермен тіркескенде әр қырынан көрінеді. Қазақ тілінің сөздік байлығынан ерекше орын алатын заттың сын, сапа, белгі қасиеттерін білдіретін сын есім сөздердің қолданылу аясы кең.

Сын есімдер дамуының ерекшелігі − түбірдің мағынасының кеңеюі, жіктеліп саралануы, сөйтіп бір түбірдің бірнеше мағыналық мәндерге ие болуы.

Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы сын есім.

Семантикалық жағынан зат есім әр алуан ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы болса, сын есім неше алуан сыр сипатымен алуан байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы ретінде бөлінеді. Сөйтіп, сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматиакалық сөз тобын айтамыз.

Сын есімнің семантикалық мағынасы оның морфологиялық ерекшеліктері де, синтаксистік қызметтеріне де сараланып айқын көрініп отырады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ тіл білімінде заттың әр түрлі сынын, сапасы мен белгілерін білдіріп, зат есімдермен тіркесіп, есімді сөз тіркестерінің арнаулы бағыныңқы сыңарын құрайтын сын есім сөз табы зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Осы уақытқа дейін қазақ тілінде сын есімдердің сөз табы ретінде алатын орны, сапалық сын есімдердің шырай категориясы, сын есімдердің семантикалық топтары, субстантивтенуі, синтаксистік қызметі мен тіркесімдік қасиеті бірнеше зерттеу жұмыстарына арқау болғандығы, сондай-ақ соңғы кездері сын есім сөзжасамдық тұрғыдан қарастырыла бастағандығы белгілі. Бұл орайда қазақ тіл білімінде Ғ. Мұсабаев, Ә. Қайдар, А. Ысқақов, М. Томанов, Ә. Төлеуов, С. Исаев, Е. Жанпейісов, Т. Сайрамбаев, Ж. Шәкенов, Ф. Оразбаева, Е. Ағманов, Ж. Сарбалаев, М. Жолшаева, Б. Омар зерттеулерін атап өтуге болады. Дегенмен сын есімдерге қатысты әлі де жүйелі зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі - олардың семантикасы. Әрбір сөз табының, оның ішінде сын есімнің де грамматикалық сипатымен қатар семантикасын жан-жақты қарастыру сөз таптарының табиғатын айқын тануға мүмкіндік береді. Тіл байлығы сөз санымен емес, сөз мағынасымен де айқындалады. Сын есім мағынасының құрылымдық элементтерінің көрсетілуі, сапалық сынесімдерге қатысты сигнификаттық мағына, эмоциялық мағына мәселелеріне тоқталу, сын есімдерді сапалық және қатыстық сын есімдер деп саралауда негізге алынатын өлшемдерді айқындау, сапалық, қатыстық сын мағыналардың дамуына әсер ететін факторларды жан-жақты қарастыру зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды.

Зерттеу жұмысының нысаны: қазақ тіліндегі сын есімнің семантикалық және граматиқалық сипаты болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: қазақ тіліндегі сын есімдердің семантикалық топтарының қызметін, грамматикалық сипатын айқындап, оның құрылымдық элементтерін көрсету.

Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

  • Сын есімдердің зерттелу тарихиына шолу жасау;
  • Сын есімдерді сапалық және қатыстық сын есім деп ажырату жолдары мен оларды саралауда ұстанатын принциптерді көрсету;
  • Сын есімдердің лексика-семантикалық топтары және оларды саралауда ұсталынатын негізгі принциптерді айқындау;
  • Сапалық және қатыстық сын есімдердің мағыналық құрылымын көрсету;
  • Сындық мағынаның дамуы мен қалыптасу жолдарын анықтау.

3ерттеу пәні: қазақ тілі.

Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық ғалымдардың еңбектері қолданылды.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 СЫН ЕСІМНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 1. 1 Сын есімнің зерттелуі

Бірсыпыра зерттеушілер сөз таптарының шығуын сөйлем мүшелерімен байланыстырады. Мысалы, академик И. И. Мещанинов өзінің «Сөйлем мүшелері мен сөз таптары» атты еңбегінде былай деді: «Сөйлемде зат есім - бастауыш немесе толықтауыш, сын есім - анықтауыш, үстеулер - пысықтауыш, етістіктер - баяндауыш ретінде жұмсалады. Олай болса, сын есім сөйлем мүшесі болу арқылы бөлініп шықты, жасалынды». Сын есім сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалу барысында біртіндеп жасалып қалыптасты. Бұл ойды тіл білімінің өкілдері А. А. Потебня мен В. М. Жирмунскийлер де жан-жақты қарастырған. Мәселен, А. А. Потебня: «Сын есімдер зат есімдерден бөлініп шықты. Зат есімнен сын есімнің бөлініп шығуы дегеніміз зат есімнің атрибутивті мүше (анықтауыш) ретінде қолданылуы» - деп жазды өзінің 1899 жылы шыққан «Из записок по русской грамматике» деген еңбегінде. Көне дәуірде зат есімдер мен сын есімдердің жігі ажырамаған. Мысалы, жас, көк әрі зат есім, әрі сын есім болуы сол көне құбылыстың ізі екенідігін көрсетеді [1, б. 59] .

«Құдадғу билиг» пен «Һибат-ул хакайиқ» тіліндегі сын есімдер. Ж. Баласағұнның «Құдадғу билиг» («Бақытқа бастайтын білім») дастаны мен А. Йүгінекидің «Һибат-ул хакайиқ» («Ақиқат сыйы») дастандарының көптеген ғалымдар тарапынан зерттеу тарихын жасаған. Аталған ескерткіштерде сын есімдердің шығу тегіне, мағыналық арақатынасына, олардың қалай қолданылатындығына назар аударған. Олардың есептеуі бойынша, екі ескерткіштегі сын есімнің жалпы саны - 284. Бөліп айтсақ «Құдадғу билигте» - 176, «Һибат-ул хакайиқта» - 96 сын есім бар. Екі ескерткішке ортақ сын есімдер сыны - 12. Ортақ сөздердің мағыналарынан алшақтық байқалмайды, қазіргі тілдегі мағыналарымен көпшілігі сәйкес келеді. «Құдадғу билиг» және «Һибат-ул хакайиқ» ескерткіштері тілінің сөздік қоры - жалпы түркі тілдеріне ортақ сөздер. Ескерткіштердегі сын есімдерді қазіргі қазақ тіліндегі баламаларымен салыстырғанда, мағыналық жағынан басым бөлігі болып келеді. Олар сондай-ақ, қазіргі туыстас түркі тілдерінде де осылайша өз мағынасын сақтап қалған [2, б. 11] .

Академик В. В. Виноградов сөз табын морфологияның нысаны, сонымен тығыз байланысты, оған тікелей қатысы бар екендігін айтады. Олай болса, сын есімнің грамматикалық белгілерінің сырын ашпай, сын есімнің өз алдына сөз табы екендігін дәлелдеу мүмкін емес. Сөз таптарын бір-бірінен ажыратуда керекті бір белгі - сөздердің формалық белгісі. Бірақ тіл фактісінде бұл барлық тілдерде бірдей дәрежеде бола бермейді. Қазақ тіліндегі сын есімдердің аффикстерін шолғанда, назар аударатын бір ерекшелік − есім түбірден сын есім жасайтын қосымшалардың қазіргі тілімізде түгелге жақын өнімді тәсіл есебінде сақталуы.

Түрік тілдеріндегі сын есім категориясының зерттелу тарихы

Түрік тіліндегі сын есім категориясының зерттелуі ХІХ ғасырдан басталады, соның өзінде сын есім категориясы дербес зерттелген емес, онымен байланысты мәліметтер жеке грамматикаларда болмаса, басқа әдебиеттерде кездеспейді. Түрік тілдерінде сын есімді алғаш сөз еткен профессор − Казем-Бек. Бұл жөніндегі кейбір мәлімет профессор А. Казем-Бектің «Түрік-татар тілінің грамматикасында» беріледі. Мұнда автор -рақ, -рек арқылы жасалған салыстырмалы шырайды түрік тілдерінің өзіндік бір ерекшеліктері деп көрсетеді. А. Казем-Бектің шырай туралы айтқандарынан түрік-татар тілдерінде үш шырай бар екендігі аңғарылады: жай шырай, салыстырмалы шырай. Жай шырай сын есімнің бастапқы қалпы есебінде беріледі. Салыстырмалы шырай -рақ, -рек жұрнағы арқылы (мысалы, эски - старый, эскирек - старее т. б. ) айтылады. Бұдан басқа, сын есімге шырай жұрнақтарын қоспай-ақ оған салыстырмалы шырай мағынасын беруге болатынын айтады (мысалы, андан бюк - тоже что, андан бюк - рек - больше его) .

Таңдаулы шырайдың түрік тілдерінде кейбір үстеу сөздер арқылы (мысалы, ең күшті т. б. ) жасалатынын кейде таңдамалы екі заттың алғашқысын атауға, кейінгісін ілікке қойып, сын есімге ІІІ жақ тәуелдік жалғауын жалғап та таңдаулы шырай жасауға болатынын тұжырымдайды. А. Казем-Бектің сын есім категориясымен байланыстары осы. Сын есімді ол зат есім бөлімінде сөз етеді, соған қарағанда, автор сын есімді зат есіммен бір қараған, ал оның шеңберіне сыймаған шырай болғандықтан, сын есім шырайларын жеке сөз еткен деп те жорамалдауға болады [4, б. 6] .

Алтай тілінің грамматикасында сын есім туралы бірқатар мағлұмат айтады. Мәселен, әрбір сапалық сөз түбір күйінде әрі сын есім, әрі үстеу сөз болатыны, жақсы (хороший, хорошо), сол сияқты кейбір сөздер әрі зат есім, әрі сын есім орнына жұмсалатыны, мысалы, жарық (светлый, свет), қарт (старый, старик) келтіріледі. Алтай тілі грамматикасының авторлары сөздердің екі түрлі жолмен түрленетінін келтіреді. Сөздер не септеледі, не жіктеледі. Осымен байланысты сөздерді олар есім етістік тобы етіп етіп екіге бөледі де, сын есімді есім тобына жатқызады. Одан әрі сөздерді сөз таптарына қарай жүйелеу жоқ. Сын есімнің жұрнақтарын да сан есім тобында түсіндіреді.

И. А. Батманов «Қырғыз тіліндегі сөз таптары» деген еңбегінде автор сын есімді басқа сөз таптарынан ажыратарлық белгінің жеткіліксіздігіне тоқтала келіп, оны зат есімнен, сондай-ақ үстеуден ажырату тіпті қиын. Мәселен, сөйлемде көк бірде зат есім мағынасын білдірсе, бірде сын есім мағынасын білдіреді. Сол сияқты жақсы бірде атрибутивтік қызмет атқарса, бірде пысықтауыштық қызмет атқарады, бірақ бұл сын есімнің өз алдына сөз табы екендігін жоққа шығармайды.

Сын есім тудыратын жұрнақтардың болуы, оның сөйлемде белгілі сөйлем мүшелерінің қызметін атқаруы грамматикалық жағынан қалыптасқан сын есімнің барлығын білдіретіндігін сөз еткен. Сонымен, И. А. Батманов қырғыз тіліндегі сын есімді өз алдына сөз табы бола алады деп қарайды.

Осындай еңбектердің бірі − Н. П. Дыренкованың «Шор тілінің грамматикасы» атты еңбегі. Автор сын есімді басқа сөз таптарынан ажырататынын белгілерге тоқталады. Ол белгілер:

Біріншіден, сын есімнің күшейткіш буынға ие болуы.

Екіншіден, шырай жасауы.

Үшіншіден, сын есімнен болған анықтауыштың атау формада анықтайтын сөзімен байланысуы. Бұл әрине, Н. П. Дыренкованың пікіріндегі бір көңіл аударатын мәселе деп қарау керек. Сын есім туралы бірқатар материал А. Н. Кононов еңбектерінде де беріледі. Ол өзінің «Өзбек тілінің грамматикасы» деген еңбегінде сын есімнің өз алдына сөз табы болатындығын айтып, оның басты мәселелерін негізінен дұрыс баяндайды. Тұлғасына қарай сын есімді негізгі, туынды деп екіге бөліп, оның жасалу жолдарына тоқталады. Есім түбірлесін бір бөлек, етістік түбірлесін бір бөлек түсіндіреді; сын есімдерді мағынасына қарай да жіктейді. Өзбек тіліндегі сын есімді өз алдына сөз табы деп тануда автор негізгі үш нәрсені межелік белгі етіп ұстайды.

Бірінші - сөздің семантикасы.

Екінші - морфологиялық белгісі.

Үшінші - синтаксистік қызметі.

Сын есім туралы құнды пікірлер А. Н. Кононовтың «Қазіргі түрік әдеби тілінің грамматикасы» деген еңбегінде беріледі. Мұнда автор түрік тіліндегі сын есімді өз алдына сөз табы деп қарайды. Зат есім сын есімнің өзіндік ерекшелік жақтарын көрсетуге тырысады. Зат есімге тән грамматикалық категориялардың бірде-бірінің (сандық, септік, тәуелдік т. б. ) түрік тіліндегі сын есімдерге ешбір қатысы жоқтығын, заттардың тегін білдіретін күміс (күміс қасық), ағаш (ағаш үй тәрізді сөз тіркесіндегі) деген сөздердің затты да, қимылды да атайтынын, ал сын есім болса, ол затты да қимылды да анықтайтынын айтады. Ақырында сын есімді басқа сөз таптарынан ажырататын белгілерді түйіндеп қараудың қажет екендігін көрсете келіп, межелік белгі есебінде:

а) Сөздің морфологиялық белгісі;

ә) Семантикалық мағынасы қай мағынада жиі қолданылады;

б) Сөйлемдегі қызметін (анықтауыш болғанда изофеттік формада ма, жоқ изофетсіз бе) ұсынады.

Қазақ тіл білімінде Ғ. Мұсабаев, Ж. Шәкенов, Ә. Төлеуов, М. Томановтардың еңбектері сын есімнің тарихына қосылған елеулі үлес болып табылады. Мысалы, Ж. Шәкеновтің «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы» атты монографиялық жұмысында сын есімдерге қатысты пікірлер қамтылып, сын есімдер лексика-грамматикалық тұрғыдан сөз болады. Онда сын есімдердің сөз табы ретінде тұлғасы, олардың мағыналық топтары, субстантивтенуі, синтаксистік қызметінің өрісі, сөзжасамдық және сөзөзгерімдік қасиеттері ғылыми тұрғыда жеке-жеке қарастырылады. Сонымен бірге Ф. Мұсабекова, Ф. Оразбаева, С. Сарбалаев, Г. Мамаевалардың сын есім категориясын әр түрлі қырынан зерттеген еңбектерінде сын есімді сөз табы ретіндегі жекелеген ерекшеліктері, өзге сөз таптарымен арақатынасы, сын есім сөзжасамдағы негізгі сөз тудырушы тәсілдері мен заңдылықтары қарастырылады. Сын есімдерді құрамына қарай түбір және туынды деп екіге бөліп қарастырумен бірге олардың синтаксистік қызметі де көрсетіледі [7, б. 19] .

Сын есімнің қалыптасуындағы адъективтену құбылысы

Конверциялық процестің тілімізде жаңа сөздер қалыптастырудағы маңызы зор. Оның тек жекелеген сөздердің ғана емес, барлық сөз таптарының пайда болуы, қалыптасуында алатын орны ерекше. Конверциялық тәсілдің әр түрлі сөз тудыру формалары арқылы жаңа сөздер қалыптасады. Сондай құбылыстардың бірі − адъективтену, яғни басқа да сөз таптары бірліктерінің сын есімге ауысуы. «Адъективация - тілдің дамуы барысында басқа сөз таптарының сын есімге ауысуын білдіретін лингвистикалық процесс. Тілдегі сын есімдер тобы өз дамуында сөз тудырудың лингвистикада әбден орныққан лексика-семантикалық, синтетикалық тәсілдермен ғана толығып қоймайды, ол сонымен бірге басқа сөз таптарынан сөз қабылдап алуы арқылы да көбейіп, өз өрісін үздіксіз кеңейтіп отырады. Соңғы кездегі кейбір ғалымдар сын есімді сөз табы ретінде қалыптасуын зерттей отырып, адъективтену құбылысының алатын орны үлкен екенін айтып, зерттеу нысанасына ала бастады. Мысалы, М. Томанов алғаш рет сын есімнің қалыптасуындағы адъективтену процесінің зор рөлін айта келіп, «басқа сөз таптарының сын есімге айналу процесі (адъективация) тілдің кемеліне келген, сөздердің қолданылу сферасының кеңейген дәуірінде ғана емес, ескі кезеңнен басталған» деп көрсетеді. Ж. Сарбалаевтың адъективтену құбылысы жөнінде зерттеу еңбегінде тек қазақ тілі аясында ғана емес, түркітану ғылымында алғаш рет жан-жақты, тереңірек қарастырып, анықтамалық түсініктер береді. Көптеген түркітанушы ғалымдардың көзқарастарын салыстырып, нақты тұжырымдар келтіреді. «Адъективтену басқа сөз таптарының сын есімге ауысуын білдіретін конверциялық процесс. Қазіргі түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде де сын есімнің өз алдына бөлек, дербес лексика-грамматикалық категория болып қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі орасан зор» екенін айтады. Әр сөз табының өзіндік қалыптасу, даму тарихы болады.

Сол сияқты сын есімнің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес қалыптасу тарихы бар. Сын есімнің тарихи қалыптасу тұлғалары адъективтену құбылысымен тікелей байланысты. Адъективтену құбылысы − сын есімнің қасиетін танытантын процесс.

Грамматикалық жағына да, семантикалық жағынан да сөз таптарының бай бөлігі − сын есімдер. Алғашқы зат есімнен етістік сөз табы пайда болды десек, олардың түрленуінен, яғни қосымша жалғануынан, көнеруінен сын есімдер қатары қалыптасты. Мысалы, көнеден келе жатқан, негіз түбір сын есім деп жүрген қызыл, жасыл, ұзын, арық, суық т. б. сөздер түбірінің этимологиялық жағынан қарасақ, олардың зат есім, етістік түбірден пайда болғанын көреміз.

П. М. Мелиоранский сын есімді зат есімнен бөліп қарастырмағанымен, бұл екі сөз табы бірдей дегенді айтады. Сын есімді түбір және туынды түрлерге бөлінеді. Туынды түбірлер жұрнақтар арқылы жасалады деп, оларға тоқталады. Ал, М. Трентьев болса сын есімді өз алдына сөз табы деп алып, оның ерекшеліктеріне тоқталады. Сын есім зат есімнен бұрын тұрады, түрленбейді. Егер ол зат есімсіз қолданғанда септеледі, салыстырмалы шырай -рақ жұрнағы арқылы және ең, тым деген сөздерден жасалады деп түсіндіреді. Автор сын есімге жалпы тоқталмағанымен, оның табиғатын ашуда дұрыс пікірлер береді [10, б. 194] .

М. Томановтың «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» атты еңбегінде сын есімнің тарихына үлес қосқан.

Сын, сапаны білдірудің лексикалық грамматикалық тәсілдерінің қалыптасуы

Сын есімдердің грамматикалық класс ретінде қалыптасуы зат есімдермен байланысты құбылыс. Зат есімдер зат жайлы ұғыммен бірге сын, сапа ұғымдарын да бойына жинаған грамматикалық класс болды. Бүгінгі тіл білімі тұрғысынан синкретикалық ұғым мен қызметтегі бұл зат есімдер сөз, сөйлем құрамында субъективті мен объектіні ғана білдірмей, атрибуттық та мән туғызып, сондай қызмет атқарады. Анықтауыш деп аталатын синтаксистік категория осылай, зат есімдердің сөйлем, сөз құрамындағы қызметінің бір түрі ретінде қалыптасты. Ал анықтауыш қызметінде зат есімдердің қолданылуы, сөйтіп анықтауыш категорияның қалыптасу бір затты екінші зат арқылы ұғынуға негізделді. Екінші сөзбен, заттарды өзара салыстыру жолымен, бір-бірінен айырым белгілері мен салыстырма артық-кемдігін байқау арқылы жүрді. Сонда тіл құрамында алғаш рет сын сапаны білдіргендер зат мағыналы сөздер. Түркі тілдерінің үлкен ерекшелігі − сын, сапа категориясын білдіретін арнаулы морфологиялық тұлғалар жүйесі болмаған, тілдің даму барысында да ондай жүйе қалыптасқан жоқ. Түркі тілдері сөздердің ондай грамматикалық класын басқа жолмен қалыптастырды: есім, етістік туынды түбірлер қолданыстың барысында сын, сапаны білдіретін тобы болып тұрақталды. Сын есімдердің арғы негізі ең алдымен есім синкретизмінен басталды, етістіктің есім тұлғаларымен толықты. Соның барысында сын есім жасайтын біршама аффикцация жүйесі қалыптасты.

Негізгі сын есімдер

Қазақ тілінде, жалпы түркі тілдеріндегі сияқты, байырғы түбір қалпындағы сын есімдер көп емес. Байырғы сын есімдерді салыстыра қарағанда, олардың дамуында екі түрлі ерекшелікті байқауға болады. Біріншіден, кейбір сын есім сөздер әрі тура мәнде (сын есімдік), әрі заттық мән береді. Қазіргі тіліміздегі көк, қара сөздері сондай. Мұндай сөздердің көне дәуір ескерткіштерінде де осындай екі қилы қолданысы бар. Тіл білімнің зат пен оның сын-сипаты жайындағы ұғым бір дейтін тезисі осындай фактілерге негізделеді. Бұл тезис қазіргі тіліміздің фактірлерімен де дәлелденеді. Кейбір сын есімдердің сын есім тобына ауысып отыруы − о бастағы осындай генезистік бірліктің заңды жалғасы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зат есімнің мағыналық топтары
Ескерткіштер тіліндегі сапалық сын есімдер
Бастауыш пен баяндауыш сөйлемдегі предикаттық қатынастың негізі
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және олардың грамматикалық тұлғасы
Лексикалық болымдылық пен лексикалық болымсыздық
Есімдіктер туралы
Модификациялық етістіктер
Бастауыштың грамматикалық тұлғалары
Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту
Етістіктің жақ категориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz