Хабар-ошарсыз кету және азаматты өлді деп жариялау
Кіріспе 3
1 Тұлға . азаматтық құқықтардың субъектісі 3
1.1 Жеке тұлға . азаматтық құқықтың субъектісі 3
1.2 Азаматтық құқық қабілеттілігі 3
1.3 Азаматтардың әрекет қабілеттілігі 3
1.4 Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері 3
2 Қазіргі заманғы соттың тәжірибесінде адамды хабар.ошарсыз кетті деп немесе азаматты өлді деп жариялау үрдісі 3
2.1 Азаматтың есімі мен тұрғылықты жері 3
2.2 Адамдардың хабар.ошарсыз кетуінің себептері 3
2.3 Азаматты хабар.ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы 3
Қорытынды 3
Қолданылған әдебиеттер тізімі 3

Азаматтық кодекстің 28-бабына сәйкес [1], егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы бір жыл бойы деректер болмаса, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тануы мүмкін. Жылдық мерзім азаматтың хабар-ошарсыз кеткені жөнінде хабар түскен күннен басталады. Ондай азамат туралы соңғы деректер алынған күнді анықтау мүмкін болмаған жағдайда жоқ адам туралы соңғы деректер алынған айдан кейінгі айдың бірінші күні, ал бұл айды анықтау мүмкін болмаған жағдайда келесі жылғы 1-қаңтар хабар-ошарсыз кетудің бірінші күні деп есептеледі.
Сот шешім шығарған кезде барлық қолда бар мәліметгерді еске алады. Арыз берушіден немесе басқа адамдардан жоғалған адамның қайда болуы мүмкін деген жерлер анықталады, ата-аналарының, туған-туысқандарының, бұрынғы отбасының мекен жайына сұрау салынады, әрі одан келген жауаптарды саралайды. Алайда жасырынып, өзінің мекен-жайын айтудан жалтарып жүрген адамдарды хабар-ошарсыз кетгі деп тануға болмайды. Сондықтан да азаматтың жасырынып жүргені белгілі болса, мәселен, құқықты бұзып, жауапкершіліктен жалтарып бой тасалап кетсе, онда оны жоғалған деп санамайды.
Хабар-ошарсыз кетті деп саналған адамның мүлкіне сот шешімінің негізінде қорғаншылық белгіленеді. Осы мүліктен хабар-ошарсыз кеткен адам асырауға міндетті адамдарды асырауға қаражат беріледі және хабар-ошарсыз кеткен адамның, салықтар мен басқа да міндеттемелер бойынша берешегі өтеледі.
Мүлікке қорғаншылық белгілеу, азаматты хабар-ошарсыз кетті деп танудан басқа да жағдайлар заңға сәйкес шешімін табады. Мысалы, жоғалып кеткен адамның жұбайы онымен жеңілдетілген тәртіппен некесін бұза алады.
Азаматгық кодекстің 29-бабы 2-тармағына сәйкес [1], мүдделі адамрдың арызы бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органы мүлікті сақтау және басқару үшін хабар-ошарсыз кеткен адамның тұрған жері туралы соңғы деректер алынған күннен бастап бір жыл өткенге дейін де қорғаншы тағайындай алады. Қорғаншыны осылайша шұғыл белгілеу кезінде сот азаматты хабар-ошарсыз кетті деп танымайынша мүліктен ешқандай төлем төлемейтіндігі ескерілген.
Хабар-ошарсыз кетті деп танылған адам келген немесе оның тұрған жері белгілі болған жағдайда сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы оның мүлкіне қорғаншылық белгілеу туралы шешімнің күшін жойды (АК-тің 30-бабы) [1].
Осы орайда, курстық жұмысымның тақырыбының өзектілігі: ҚР азаматтарын хабар-ошарсыз кету және өлді деп жариялаудың мәселелерін қарастыру.

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) (2011.22.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген)
2. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Заңы 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен мазмұны өзгертілді
3. Қазақстан Республикасының Кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы (2013.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған. Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 2 ақпандағы Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 411 Заңы
6. ҚР Жоғарғы Сотының 25.09.1968 ж. «Хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» Нормативтік қаулысы (ҚР Жоғарғы Сотының 18.06.2004ж. нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
7. Ғ.И.Төлеуғалиев. Азаматтық құқық. Оқулық. І том 1998ж.
8. Б.З.Ашитов. Егемен Қазақстан құқығы. Алматы. Жеті Жарғы. 1997ж.
9. Ю.К.Толстой., А.П.Сергеева. Учебник. Гражданское право РК. 1999г.
10. Е.А.Суханов. Азаматтық құқық. 1-том. 1999 ж.
11. Е.А.Суханов. Лекции о праве собственности. М. юридическая литература
12. Преступление против собственности, нормативные акты и справочные материалы.
13. Комментарий к Гражданскому кодексу РК. 1,2,3,4-выпуск. Алматы 1998г.
14. Комментарий к Гражданскому кодексу РСФСР. Братусь С.Н., Садиков
15. Гражданское право. Учебник. В 2 т. / Отв. Ред. Е.А. Суханов. – М.: Изд-во БЕК. Т.1, 2008. – 383 с.
16. Гражданское право: Курс лекций. Учебное пособие. / Отв. Ред. О.Н. Садиков. – М.: Изд-во БЕК. Т.1, 2009. – 687 с.
17. Гражданское право. Учебник. / Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого. 3-е изд., перераб. и доп. – М.: ПРОСПЕКТ. Ч.1., 2010. – 631 с.
18. Ихсанов Р.В. Рассмотрение судами дел о признании безвестно отсутствующими или объявлении умершими сотрудников органов внутренних дел. СПб., 2009.
19. Михайлова И.А. Теоретические и практические проблемы признания гражданина безвестно отсутствующим и объявления умершим // Наследственное право. 2006. N 2.
20. Михеева Л.Ю. Доверительное управление имуществом в деятельности органов опеки и попечительства // Государство и право. 2009. N 4
21. Попова Ю.А. Признание граждан безвестно отсутствующими. М., 2010.
22. Портянкина С.П. О признании гражданина безвестно отсутствующим или объявление умершим // Адвокат. 2008. N 2.
23. Майоров В.А. Доказывание при рассмотрении дел о признании граждан безвестно отсутствующими и объявлении их умершими. Москва, 2001, изд.3.
24. Попова Ю. А. Признание граждан безвестно отсутствующими. Москва, 2005 г.
25. Сендюкаева Н.Х., Шустикова И.Н. Гражданское право. Учебное пособие для вузов. – М.: Юристъ, 2004.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Хабар-ошарсыз кету және азаматты өлді деп жариялау
Пәні:Азаматтық құқық
Орындаған: ________ топ студенті
_____________________________
Ғылыми жетекші:
_____________________________
Қарағанды 2013
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Тұлға - азаматтық құқықтардың субъектісі 5
1.1 Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі 5
1.2 Азаматтық құқық қабілеттілігі 7
1.3 Азаматтардың әрекет қабілеттілігі 9
1.4 Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері 11
2 Қазіргі заманғы соттың тәжірибесінде адамды хабар-ошарсыз кетті деп немесе азаматты өлді деп жариялау үрдісі 15
2.1 Азаматтың есімі мен тұрғылықты жері 15
2.2 Адамдардың хабар-ошарсыз кетуінің себептері 16
2.3 Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы 18
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25
Кіріспе
Азаматтық кодекстің 28-бабына сәйкес [1], егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы бір жыл бойы деректер болмаса, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тануы мүмкін. Жылдық мерзім азаматтың хабар-ошарсыз кеткені жөнінде хабар түскен күннен басталады. Ондай азамат туралы соңғы деректер алынған күнді анықтау мүмкін болмаған жағдайда жоқ адам туралы соңғы деректер алынған айдан кейінгі айдың бірінші күні, ал бұл айды анықтау мүмкін болмаған жағдайда келесі жылғы 1-қаңтар хабар-ошарсыз кетудің бірінші күні деп есептеледі.
Сот шешім шығарған кезде барлық қолда бар мәліметгерді еске алады. Арыз берушіден немесе басқа адамдардан жоғалған адамның қайда болуы мүмкін деген жерлер анықталады, ата-аналарының, туған-туысқандарының, бұрынғы отбасының мекен жайына сұрау салынады, әрі одан келген жауаптарды саралайды. Алайда жасырынып, өзінің мекен-жайын айтудан жалтарып жүрген адамдарды хабар-ошарсыз кетгі деп тануға болмайды. Сондықтан да азаматтың жасырынып жүргені белгілі болса, мәселен, құқықты бұзып, жауапкершіліктен жалтарып бой тасалап кетсе, онда оны жоғалған деп санамайды.
Хабар-ошарсыз кетті деп саналған адамның мүлкіне сот шешімінің негізінде қорғаншылық белгіленеді. Осы мүліктен хабар-ошарсыз кеткен адам асырауға міндетті адамдарды асырауға қаражат беріледі және хабар-ошарсыз кеткен адамның, салықтар мен басқа да міндеттемелер бойынша берешегі өтеледі.
Мүлікке қорғаншылық белгілеу, азаматты хабар-ошарсыз кетті деп танудан басқа да жағдайлар заңға сәйкес шешімін табады. Мысалы, жоғалып кеткен адамның жұбайы онымен жеңілдетілген тәртіппен некесін бұза алады.
Азаматгық кодекстің 29-бабы 2-тармағына сәйкес [1], мүдделі адамрдың арызы бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органы мүлікті сақтау және басқару үшін хабар-ошарсыз кеткен адамның тұрған жері туралы соңғы деректер алынған күннен бастап бір жыл өткенге дейін де қорғаншы тағайындай алады. Қорғаншыны осылайша шұғыл белгілеу кезінде сот азаматты хабар-ошарсыз кетті деп танымайынша мүліктен ешқандай төлем төлемейтіндігі ескерілген.
Хабар-ошарсыз кетті деп танылған адам келген немесе оның тұрған жері белгілі болған жағдайда сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы оның мүлкіне қорғаншылық белгілеу туралы шешімнің күшін жойды (АК-тің 30-бабы) [1].
Осы орайда, курстық жұмысымның тақырыбының өзектілігі: ҚР азаматтарын хабар-ошарсыз кету және өлді деп жариялаудың мәселелерін қарастыру.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бүгінгі күні елімізде әрекет етіп жатқан азаматтық құқықтың негізінде азаматтарды хабар-ошарсыз кету мен өлді деп жариялаудың мазмұнын талдау.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- тұлға - азаматтық құқықтардың субъектісін қарастыру;
- жеке тұлғалардыңт азаматтық құқық қабілеттілігін талдау;
- азаматтардың әрекет қабілеттілігін айқындау;
- азаматтың есімі мен тұрғылықты жері бойынша мәліметтерді зерделеу;
- азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялаудың мәнін ашу.
Зерттеу нысаны хабар-ошарсыз кету және азаматты өлді деп жариялау болып табылады.
Зерттеу пәні: азаматтық құқық.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Конституциясы қолданылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі туралы мәліметтер келтірілген.
Екінші бөлімінде қазіргі заманғы соттың тәжірибесінде адамды хабар-ошарсыз кетті деп немесе азаматты өлді деп жариялау үрдісі қарастырылады.
1 Тұлға - азаматтық құқықтардың субъектісі
1.1 Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі
Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің кайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз кайсыбір субъективтік құқық туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреудің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ, міндеттің де әлдебіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.
Заң Тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін құқық субъектілері деп немесе тұлға деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулынығ бәрін тұлға деп атауға болады. Бірақ, әр түрлі топтар мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз субъектілердің азаматтық құқыққа ие болып, міндетті орындау қабілеті деп түсіну керек.
Тұлғанын eкi категориясы бар. Құқық субъектілері - ең алдымен адамдар (жеке тұлға). Әpбір адам - құқық субъектісі. Бірақ, құқықта субъектілердің басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл - ұжымдар, толып жатқан ұйымдар, Кәсіпорындар, қоғамдар және т.б. да құқық пен міндеттердің иелері болып табылады [7; 71].
Жоғарыда айтылған eкi категориялы құқық субъектілерін (яғни адамдар мен ұйымдарды) бір-бірінен ажырату үшін заңгерлер бұларды жеке тұлғалар және заңды тұлғалар деп бөледі. Жеке тұлға дегеніміз - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Заңды тұлға деп мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды және т.с.с. атайды.
Азаматтық кодекстің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан Республикасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды атаймыз [1].
Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады. Сондықтан да азаматтық заңда жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі, ең алдымен, толық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі [8; 56].
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995-жылғы 19-маусымда қабылданған Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы заң күші бар. Жарлығының 2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар шетел азаматтары болып саналады. Қазақстан Республикасындағы олардың азаматтық құқық қабілеттілігі өзінің мемлекетінің заңымен емес, Қазақстан Республикасының заңымен айқындалады. Олар Қазақстан Республикасының заңында қаралмаған азаматтық құқыққа таласа алмайды және де егер заңда өзгеше көзделмесе, құқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды. Аталған Жарлықтың 2-бабы 11-бөлігіне сәйкес [2], Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі. Егер заң құжаттарында көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде азаматтық құқықты пайдаланады.
1.2 Азаматтық құқық қабілеттілігі
1. Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық касиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа не болып, міндет атқару қабілеті (азаматтың құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды [4].
Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және біріңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігінің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік тендікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез-келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол бермейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабы 1-тармағында былай деп жазылган: Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің шектеуге болмайды. Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін [1].
Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарга ғана шектеу қойылады. қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:
oo Белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға (жүргізуші, дәрігер және т.б.);
oo елдің аумағында eмін-еркін журіп-тұруға (жер аударумен шектелу).
Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақытша сипатта болады. Сонымен катар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз қандай да бір құқықты алу мүмкіндігінен айыру болып табылады [9; 87].
Субъективтік құқықтан айыру дегеніміз нақты, ic жузіндегі құқықтан айыру деп тусінген жөн. Мұндай субъективтік құқықтан айыру (тағы да заңды жауапкершілік негізінде) белгілі енген мерзімнің тағайындалуымен байланысты болмауы мүмкін. Мысалы, қылмыс жасаган адамның мүлкі тәркіленеді делік, яғни оның белгілі бір затқа, автомашинаға, үйге, аң аулау мен балық аулауға және т.б. меншіктік құқығы жойылады. Алайда, заңдық жауапкершіліктің мұндай шарасы онын жаңа автомашина алу, басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды [10; 58].
Егер белгілі бір қызметті жасауға байланысты құқықтан, мысалы, дәрігерліктен айырса, істеп жүрген жерінен жұмыстан шығарылған адам басқа мекемеге барып тап сондай мамандықта жұмыс icтeyгe рұқсат етілмейді. Дейтұрганмен, басқа жұмыспен айналысуына мүмкіндік беріледі.
Азаматтар құқық қабілеттілігінің меңгере отырып, әр түрлі құқықтарды ала алады, сол арқылы өзіне әр түрлі міндеттерді жүктейді де, құқық қабілеттілік мазмұнынын жиынтығын құрайды. Сонымен, азаматтық құқық қабілеттілігінің мазмұны азаматтардың қолданылып жүрген заңға сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттерінің жиынтығы болып табылады. Азаматтық кодекстің 14-бабында бұл мәселе былайша тұжырымдалған: Азаматтың Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүліктікті мұраға алып, мұраға қалдыруга; республика аумағында epкін жүріп-тұруға және тұрғылықты жерді таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайта оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез-келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез-келген қызмет жасасып, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады [1].
2. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады, яғни ана құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмipre келгеннен кейін жеке тұлға болып есептеледі. Мысалы, түсік тipi туа тұрса да, тұлға деп саналмайды, өйткені, ол адам бейнесше әлі келмеген. Бірақ, айтарлықтай дамыған шала туған бала тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тipi туып аз күн болса да өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін органдарында қай кезде шетінегеніне қарамастан туғаны жөнінде тіркеледі.
Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тipi кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тipi туған азаматтар мұрагер бола алады, ондайда сәби нeбәрi бірнеше минут өмip сүрсе де аталған құқықты иеленеді [11; 132].
Құқық қабілеттілігі адамның - құқық субъектісінің өлуімен бірre қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішіннара (жеке бастың, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінapa (мүліктік құқықтар) мұрагеріне көшеді. Өлім - бірқатap құқықтық салдар тудырып кететін факт. Сондықтан, адам туғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және психикалық жағдайы оның құқық қабілеттілігіне әсер етпейді.
1.3 Азаматтардың әрекет қабілеттілігі
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл дуниеден озғанынша біргe болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлкін иеленіп оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттігі оның жасы мен психикалык жағдайына қатысы келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен міндеттікті алу үшін қалыпты әpi толысқан психикада болуы тиic. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.
Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.
Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтық кодекстің 17-бабы 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат ететін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық келемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда Неке және отбасы туралы Заң бойынша некеге тұруга 18 жастан бастап рұқсат етіледі Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілеріне тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін (Неке және отбасы туралы Заң, 10-бап) [1].
Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қaбiлeттiлiгi бола тұрса да, өзi әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады [12; 25].
18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады (АК-тің 17-бабы, 1-тармағы). Осы жасқа толған соң адам азаматтық құқық айналымының толық құқылы қатысушысы болып кана қоймай, ол саяси құқықтар мен міндеттерге де ие болады.
Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің әрекеті арқылы кез-келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатары ғана ие.
Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарга тән, ал берілген әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды eкi топқа бөледі а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар; в) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әр түрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді eкi түрге бөлуге болады:
- өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушылардың, қорғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасаған мәмілелер;
- ата-анасының (асырап алушының, қамқоршысынын) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.
14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің келісімінсіз мыналарды icтeyгe:
өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірістеріне билік етуге;
интеллектуалдық меншік құқығы бар объектшеріне билік етуге;
ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
банкке салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіc (АК-тің 22-бабы, 1-тармағы).
Мәміленің аталған eкi түpi бойынша жауапкершіліктің заңды өкілдерінің келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өздері көтереді.
Жасы кәмелетке толмағандар (14 жастан 18 жасқа дейінгі) келтірілген зиянды өтеуге онын жеткілікті мүлкi немесе табысы болмаған реттерде зиянның тиісті бөлігін, онын ата-аналары (асырап алушы адамдар) немесе қамқоршысы етеуге тиісті Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.
14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заңда өзгеше кезделмесе, ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жасай береді (АК-тің 23-бабы). Сонымен қатар Азаматтық кодекс белгілі бір мәмілелерді жас өспірімдердің өзі-ақ жасай беретіндігін де жоққа шығармайды. AK-тің 23-бабы 2-тармағына сәйкес, олар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелердіөз бетінше жасауға құқылы. Мысалы, оған ойыншықтарды, балаларға арналған кітаптарды сатып алуды жатқызуга болады. Жас балалар аталған мәмілелерді жасағанымен, әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сондықтан да жеке жауапкершілікті мойнына алмайды, бұған келтірілген залал мәселесі де қатысты. Олардың әрекетіне ата-анасы, асырап алушылары мен қамқоршылары жауап береді [15;102].
Спирт ішімдіктеріне немесе ecipткi заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыраткан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық ic жүргізу Кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады (АК-тің 27-бабы) [13; 109].
Ал, азамат, айталық, жүйке ауруынан жазылып, арақты қойып, нашақорлықтан құтылса, заң осыны ескере отырып, сот арқылы онын әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады. Нәтижесінде сот оны әрекет қабілеттілігі бар деп таниды.
1.4 Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері
Бұл мәселе қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау жолымен шешіледі. Бұның мәні мынада: қорғаншы -- өзінің әрекеттерімен қорғауындағыға құқық және міндет еншілей отырып, әрекет қабілеттілігі жоқ адамның орнына өзі әрекет жасайды. Қамкоршылықтың мәні, қамқоршы адамдар -- ішінара әрекет қабілеттілігі бар адамдарға өздерінің міндеттерін орындағанда көмектесіп, бақылауына алатындығында сонымен қатар оларды үшінші жақтардан болатын қ иянаттардан корғап жүретіндігінде. Екінің бірінде, дене мүшесінің кемістігінен (мәселен, соқыр, мүгедек) өзінің құқықтарын жүзеге асыра алмайтын және қорғай алмайтын, бірақ, сонда да әрекет қабілеттілігі толық деп танылатындарға да, қамқоршы адам тағайындалады. Мұндай адамдар жөнінде қамқоршының қызметі сол мүгедек адамның құқыққа ие болуына, құқығын жұзеге асыруына қажетті әрекеттерін орындап отыру болып есептеледі. Кәмелетке толған әрекетке қабілеті бар адамның қамқоршысын қорғаншы және қамқорлық жасаушы орган сол адамның келісімі бойынша ғана тағайындауы мүмкін.
Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі мүлікке билік етуді, қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе мүлкін сенімді басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады.
Қамқоршылыққа алынушыны асырап алуға және оның тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық және өзге де мәмілелерді жасауды қамқорлыққа алынушының келісімімен қамқоршы жүзеге асырады (Неке және отбасы туралы заңның 113-бабы) [3].
Жергілікті атқарушы органдар қорғаншы және қамқоршы органдар болып табылады.
Аудандық және қалалық атқарушы органдар өздерінің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі міндеттерін халыққа білім беруге, оны әлеуметтік қорғауға және оның денсаулығын сақтауға уәкілеттік берілген органдары арқылы жүзеге асырады; ал поселкелік, селолық, ауылдық атқарушы органдар бұл қызметтерді дербес жүзеге асырады.
Қорғаншы немесе қамқоршы тек оның келісімімен ғана тағайындалуы мүмкін.
Егер бұл қорғаншылыққа алынушының, мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншының немесе қорғаншылыққа алынушыға жақын басқа да адамдардың басым құқығы болады.
Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерінің арасында қайшылық болмаса, бір қорғаншы немесе қамқоршыны бірнеше адамға тағайындауға жол беріледі.
Әрекетке қабілетті және ата-ана құқықтарынан айрылмаған, бірақ, балаларының тәрбиесін жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қорғаншы және қамқоршы тағайындалған кезде, қорғаншылар және қамқоршылар ата-аналардың тілегі ескеріле отырып тағайындалады.
Балаға қорғаншы (қамқоршы) тағайындау кезінде қорғаншының (қамқоршының) адамгерщілік және өзге де жеке қасиеттері, оның қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерді орындау қабілеті, қорғаншы (қамқоршы) мен баланың арасындағы қарым-қатынастар, қорғаншы (қамқоршы) отбасы мүшелерінің балаға деген көзқарасы, сондай-ақ егер бұл мүмкІн болса, баланың өз тілегі ескеріледі. Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы етіп тағайындалатын адам некеде тұрса, оның жүбайының келісімі талап етіледі.
Неке және отбасы туралы Заңының 108-бабында көрсетілгендей [3], қорғаншылар мен қамқоршылар бола алмайтындар мыналар сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілетгілігі шектеулі деп танылған адамдар;
oo сот бойынша ата-ана құқықтарынан айрылған немесе ата-ана құқықтарын сот шектеген адамдар;
oo өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шеттетілген адамдар;
oo егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойған болса, бұрын бала асырап алушылар;
oo денсаулығының жай-күйіне байланысты баланы тәрбиелеу жөніндегі мІндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар.
Қорғаншылық және қамқоршылық қамқорлыққа алынатын адамның тұрғылықты жері бойынша жасалады. Жекелеген жағдайда бұл қорғаншының (қамқоршының) тұрғылықты мекені бойынша белгіленуі мүмкін [14; 96].
Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, қорғаншылық және ғамқоршылық жөніндегі міндеттер тегін атқарылады.
Корғаншы (қамқоршы) қамқоршылығына алынғандарды өз есебінен асырап-бағуға міндетті емес. Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағу қамқоршылыққа алынушынын алатын жалақысы, алименті, зейнетақысы және басқа да әлеуметтік төлемдері есебінен, сондай-ақ оған тиесілі мүліктер есебінен жүзеге асырылады.
Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағуға жеткілікті қаражат болмаған кезде қорғаншы және қамқоршы органдар оны асырап-бағуға жәрдемақы тағайындайды.
Жасөспірім қорғаншылыққа алынушы 14 жасқа жеткен соң оған қорғаншылық тоқтатылады, ал қорғаншылық міндетін жүзеге асыратын адам бұл туралы қосымша шешімсіз кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы болады. Қамқоршылық кәмелетке жасы толғандарға тоқтатылады, ал ішкілікке салынып, нашақорлықпен айналысқандарға сот әрекет қабілеттілігі бар деп шешім шығарылған соң барып тоқтатылады.
Қорғаншылық пен қамқоршылық қамқорлыққа алынған адам қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.
Қорғаншы қарауындағы адамның мүлкіне билік етеді, оның әрекет қабілеті болғанда істей алатын мәмілелерінің бәрін де жасауға құқығы бар. Сонымен бірге қамқорлықтағы адамның мүддесін қорғау мақсатында заң бірталай ережелерді сақтауды міндеттейді. Мәселен, қамқоршылыққа алынушы адамның кірістерін, соның ішінде оның мүлкін басқарудан түсетін кірістерін, қамқоршылыққ алынушының өзі дербес билік ету құқығы бар кірістерін қоспағанда, тек қана қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне сай және қорғаншы мен қамқоршы органның алдын ала рұксатымен қорғаншы немесе қамқоршы жұмсайды.
Қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз, қамқоршылыққа алынушының оның кірісі ретіндегі тиесілі сомасы есебінен қорғаншы мен қамқоршы қамқоршылыққа алынушыны асырау үшін қажетті азын-аулақ шығындар жасауға құқылы [16; 43].
Қорғаншы мен қамқоршы органның алдьн ала берген рұқсатынсыз қорғаншының иеліктен алу жөніндегі мәмілелер жасауға, ал қамқоршының мәміле жасауға келісім беруге, соның ішінде қамқоршылыққа алынушының мүлкін айырбастауға немесе сыйға тартуға, немесе оның атынан кепіл шартын жасауға, оны жалға (жалдауға), тегін пайдалануға немесе кепілдікке беруге, қамкорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерліктен тиесілі құқықтарынан бас тартқызуға әкеліп соғатын мәмілелер жасауғ, оның мүлкін бөлуге немесе одан үлес бөлуге, сондай-ақ қамқоршылыққа алынушының мүлкін азайтуға әкеп соғатын басқа да кез келген мәмілелер жасауға құқығы жоқ, аталған мәмілелер нәтижесінде корғаншы алған қаражаттың қалай жұмсалуға тиіс екенін қорғаушы және қамқоршы орган белгілейді.
Мүлікті қамқоршылығына алушыға сый ретінде немесе тегін түрде пайдалануға беруді қоспағанда, қорғаншының (қамқоршының), олардың жұбайлары мен жақын туыстарының қамқоршылыққа алынушымен мәмілелер жасауға, сондай-ақ мәмілелер жасау кезінде немесе қамқоршылыққа алынушы мен қорғаншы немесе қамқоршының жұбайы және олардың жақын туыстары арасында жүргізілген сот ісінде қамқоршылыққа алынушының атынан өкілдік білдіруге құқығы жоқ (Неке және отбасы туралы Заңының 114-бабы) [3].
Қорғаншы немесе құқығы өзінің тиісті міндеттерін тиісінше атқармаған жағдайда, соның ішінде өзінің қорғаншылығын немесе қамқоршылығын жеке басының пайдасы мақсатында пайдаланған кезде немесе қамқоршылыққа алынушыны қадағалаусыз қамқоршы орган қорғаншыны немесе қамқоршыны осы міндетгерді атқарудан шеттетуі және кінәлі адамды заңмен белгіленген жауапқа тарту үшін қажетті шаралар қолдануы мүмкін.
2 Қазіргі заманғы соттың тәжірибесінде адамды хабар-ошарсыз кетті деп немесе азаматты өлді деп жариялау үрдісі
2.1 Азаматтың есімі мен тұрғылықты жері
1. Азаматтың құқығы мен міндеттерін алу мен жүзеге асыру тиісінше дербестікке ие болуы керек. Әpбір жеке азамат өзінің атымен аталады. АК-тің 15-бабы 1-тармағына сәйкес азамат өз фамилиясы мен өз атын, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын да қоса алады. Азаматқа туған кезде ат қояды. Ал ата-анасы болмаған жағдайда оны тәрбиелеп отырған адам жүзеге асырады. Әдетте балаға ата-анасының фамилиясы беріледі. Егер әр түрлі фамилияда болса, онда ата-аналары қайсысын беруді өздері келісіп шешеді [1].
Некесіз туған балаға әкеci жоқтығынан сот арқылы қажет болмаған жағдайда анасының фамилиясы беріледі.
Біздің елімізде 1992 жылдан бастап ата-анаға ұлттық дәстүрді ескере отырып, балаға әкесінің не атасынын атына жаздыруға мүмкіндік береді. Баланын әкесінің аты әкесінің атымен жазылады, ұлттық ерекшелистерді ескере отырып, айталық, қазақтар құжаттарда әкесінің атын көрсетпеуге болады. Әрине, оның өзі ата-аналарының келісімі арқылы жүзеге асады. Азамат тіркелу кезінде жазылған өз ecімін, фамилиясы және екесінің атын заң, құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша өзгертуге құқығы бар. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2-сәуірде қабылданған Қазақ ұлтының адамдарының, фамилиясы мен әкесінің атын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz